Орта ғасырдағы қазақстан қалалары. 2
Кіріспе
Берілген курстық жобада орта ғасырдағы Қазақстан қалалары жайлы сөз етіледі. Ең алдымен орта ғасырдағы Қазақстан қалаларына қысқаша тоқталайық.
VI – XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым – қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб ( қазіргі сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл – Макдиси берген. « Исфиджаб ірі қала, – деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Мединада төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, ір қақпаның жанында рабады бар ». Исфиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб пен Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
VI – XII ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару – жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалалардың бірі – Отырар. Араб – парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған.
Отырар аймағында болған бірнеше қоныстар мен қалалардың бірі – Кедер ІХ – Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х – ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі орта ғасырлық қалалардың бірі – Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. VII ғасырда Тараз « Ұлы Жібек жолындағы » ірі мекенге айналды.
Х – ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша – бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпіштен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою – өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жерінің орта ғасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші – Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай қираған күмбез ХХ ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері бұзылып кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі Барысхан , Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн қалалары мен қоныстары бір – біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай–ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі–оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.
ХІ ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы шауғар округінің орталығы саналған мұнда ХІІ ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала – Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол ХІІ ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ – ата жұрты бар.
X-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Асанас, Баршанкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба дерекетемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI-X ғасырлардағы халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. [1, 81-84 бет]
Орта ғасырлардағы Қазақстанның Х-ХІІ ғасырларда шырқау шегіне жеткен қалалық мәдениеттің өркендеуін монғол-татар жаулаушылығы быт-шыт қылды. Жаулаушылық салдарынан қалалар мен дала көшпелілері арасындағы дәстүрлі байланыстар да үзілді.
Тек ХІІІ ғасырдың орта кезінде қала тіршілігі қайта жандана бастады, алайда бұрынғыдан анағұрлым аз мөлшерде болды. Қалалар қайта салынып, аудандардың экономикалық байланыстары жолға қойылды, қалалар халықаралық сауда және елшілік қатынастарын қалпына келтірді.
ХІІІ ғасырдың ортасында Оңтүстік Қазақстандық қалалардың өмір сүргендігіне Отырарда теңге сарайының жұмыс істей бастағандығы дәлел бола алады. Әуелі алтын динарлар, сосын күміс жалатылған дирхемдер, сондай-ақ мыс теңгелер соғыла бастады. Отырар Қазақстан мен Орта Азияда осы кезде ақшаның дәстүрлі үш түрін де шығарып тұрған жалғыз қала болды. Отырардың күміс жалатылған дирхемдері жергілікті ақша айналымында ғана емес, халықаралық саудаға да қызмет етті. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Отырармен қатар Кенжид пен Жент қалалары да ақша шығара бастады.
ХІІІ ғасырдың сапарнамаларында Отырар, Зернук, Сайрам, Йасы, Сығанақ, Барукент, Саудакент, Құмкент, Созақ қалалары аталады. Халықаралық керуен жолында, мысалы Орал өзені бойында пайда болған Сарайшық сияқты жаңа қалалар салынып, дамытылып жатты. Сарайшық ХІІІ ғасырдың екінші жартысында салынды. Ол Шығыс пен Батыстың, Шығыс Түркістан, Қазақстан мен Орта Азиядан Еділ бойына, Қырым мен Еуропаға баратын басты сауда жолының бойында орналасқан.
ХІІІ ғ. аяғы – XIV ғ. басында Отырар қамал – қабырғаларымен қоршалды. Осы кезде тұрғын үй құрылысына өзгерістер енгізілді: сәкі енді бүкіл тұрғын үй көлемінде орнатылды, ошақтың жаңа түрі – түтін шығатын мойыны бар тандыр пеш пайда болды. Ол өте қолайлы ошақ түріне айналды. Үйдің төбесінің салмағы ортасындағы діңгек ағашқа немесе қабырғаларына түсіріліп жабылды. Үйлерде дән сақтайтын қыш ыдыстары бар кілеттер жасалды.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысындағы
қалаларда басты көшелер
Жетісудағы қалалық мәдениет
жағдайы монғолдар
Жетісудағы отырықшылық монғол шапқыншылығынан кейін-ақ құлдырай бастаған. Қалалар ХІІІ ғасырдың ортасында әлі де сауда және қолөнер орталығы ретінде сырттай қарағанда еш өзгеріссіз тұрғандай көрінгенімен, оны асыраушы егіншілік мәдениет жойылып бара жатқан еді. Осыдан кейін қалалар да опат болды.
Талас аңғарында он шақты
қалалар мен елді мекендер өмір сүре
берді. Олардың көпшілігі қорғасын-
Іле аңғарындағы археологиялық зерттеулер Алмалы, Талғар, Шілік, Дүнгене, Антонов, Сүмбе, Көктұма қалалары ХІІІ ғасырдың аяғына қарай мүлде үйіндіге айналғандығын дәлелдейді. XIV – XV ғасырлар деректерінде Ілебалық өңірінде «ешқандай қала, құрылыс жоқтығы, тұрғындары тек қана көшпелілер» екендігі айтылады.[4, 130-133 бет]
1. Отырар – қалалық мәдениеттің ескерткіші
Кейінгі ортағасырлық Қазақстан
қалалары бұған дейінгі қалалар
үлгісінде салынды. Қабырғалармен
қоршалған қаланың орталық
Қаланың көшелер торы күрделі болып келеді. Отырарда, мысалы, қаланың оңтүстік және солтүстік қақпаларын жалғастыратын орталық көшеден басқа, көлденең бағытта өтетін алты түзу көшесі болған. Шеткі көше қаланы қабырғаның сыртынан бүкіл ұзына бойына белдеудей орап жатыр. Оның бойында қала сыртына шығатын қақпалар болған.
Отырардың жобасы әрқайсысы 6-12 үйлерден тұратын махаллаларға бөлінген. Махалланың орташа ауданы 1500 шаршы метрден аспайды, ал махалладағы орташа үй саны -11. Махалла ішіндегі көшелердің ені 2 м-ге дейін, орталық көшеден басталып, махалладағы барлық тұрғын үйлерді бір-бірімен қосып тұрады. Олар әдетте тас төселмеген, беткі қабаты нашар нығыздалған болып келеді. Кейбір үйлердің алдынан жолға дейін кірпіш төселген. Көшелер кейбір жерде кеңейіп, мал қамауға арналған « қалталар» жасалған. Кейде махаллаішілік көше кең аулаға айналып, ішінен шаруашылық мақсатқа арналған шұңқырлар табылады, мұндай аула бүкіл махалла тұрғындарының малын қамауға орын болса керек.
Әр махаллада 2-3 көп бөлмелі үлкен үйлер, 1-2-ден үш бөлмелі, екі бөлмелі, қалғандары бірдей көлемді шағын үйлер кездеседі. Бұған қарағанда жеке «байлар» мен «кедейлер» махаллалары болмаған, байлар мен кедейлер әр махаллада аралас тұрған. Атақты және бай отбасылар үшін бұл қолайлы болған, өйткені олар қызметшіні алыстан іздемей, көршілерін пайдаланған.
Археологтар Отырардан тек
бір ғана махалланы «қышшылар
махалласын» бөліп көрсетеді. Оның
тұрғындарының мамандығы – қыш
ыдыс жасау дәстүр бойынша атадан
балаға қалып отырған. Ал басқа махаллаларда
айналысатын ісі бойынша
Отырар алқабы ескерткіштеріне жататын Көк-Мардан қаласы Арыс өзенінің сол жағалауындағы шағын аумақтағы орналасқан ең ірі дөңестердің немесе төбелердің бірі. Әртүрлі өлшемдегі ондаған дөнестер бұрынғы заманда осы жерде тіршілік еткен ата-бабаларымыздың ізіндей үнсіз жатыр. Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейтмантөбе, Ахайтөбе, Шөлтөбе... Бұның бәрі бір кездері арнасы суға толған, бүгінде кеуіп қалған Арыстың ежелгі бір сағасына географиялық жағынан байланысты.[2,51-52 беттер]
Көк-Марданның барлық құрылысы тікбұрышты шикі кірпіштен қаланған. Қабырғалары іргетассыз өрілген: олардың негізі бірден жердің топырағына қойылған. Іш жағынан бірнеше мәрте саз балшықпен сыланған. Төбесі тегіс, ол тірек бағаналарына ұстатылған ағаш бөренелермен жабылған. Әдетте мұнда бағаналар саны төртеу, оны үйдің еденінде сақталған ағаш бағаналарының тікбұрышты ұялары дәлелдейді. Төбеге бөрененің үстіңгі жағына қалың етіп қамыс салынған,бет жағы күл араластырылған саз балшықпен сыланған. [2,56 бет]
Көк-Мардан мекенінің ескерткіштерін археологтар отырар-қаратау мәдениетінің ескрткішіне жатқызады, бұл мәдениет жетіасар және қауыншымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысы мен Ташкент алқабындағы көне қалалардың мәдениетіне тән келеді, қытайдың жазба деректеріне сәйкес бұл Қаңлы мемлекеттік бірлестігіне сәйкестендіріледі.[2, 67 бет]
Пұшық – Марданның орталық бөлігінде негізі 70*100 м болатын, шығыс жақ беті тіке жар және батыс жағы жайпақ екі қабаттан тұратын биіктігі 12 м болатын дөң бар. Дөңнің төрт бұрышты сұлбасы солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Оның жан – жағынан ежелгі Арыспен жалғастырылатын ор қазылған. Өзінің топографиялық белгілері бойынша бұл дөң Оңтүстік Қазақстанда «алаңы бар төбе» деген атаумен кеңінен мәлім ескерткіштер түріне жатады.
Орталық Пұшық – Марданды, батыс жағын айтпағанда, жан-жағынан тұрғынжай құрылыстарын жауып жатқан төрт метрлік тегіс дөңдер орналасқан, бұл рабадтың қалдықтары болып табылады. Сол дөңнің айналасында ор бар, ол көзге ойпаттанып білінеді, онда жыңғыл және басқа шөптер өсіп кеткен. [2, 57 бет]
Кемел Ақышевтің басшылығымен жүргізілген қазбалар Отырардың әр кезеңге тән қабаттарын анықтап берді. Отырардағы тіршіліктің соңғы кезеңі археологиялық зерттеулерде І және ІІ құрылыс қабаттары деп белгіленген үстіңгі қабаттарға сай келеді. ІІ құрылыс қабатына жататын тұрғын үйлердің бір жобамен жасалғандай ұқсастығы, екі көрші үйдің ортақ қабырғасында бір пеш кенінің болуы осы қабат үйлердің бір мезгілде тұрғызылғанын көрсетеді және осы қабатқа бүкіл қалалық өрттің бір уақытта болып, бір мезгілде бұзылу іздері тән. Осы қабатта көптеген үйлерді қамтыған өрт іздері байқалады. Қабаттағы өрт жалпы қалалық сипатта болған.
Осы ІІ құрылыс қабатынан үш күміс және төрт мыс көмбе табылған. 1- күміс көмбе І қазба орнында табылып, оның уақыт жағынан ең кейінгі теңгесі 1645 жылы соғылған. 2-күміс көмбе ІІ қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгесі 1649 жылы соғылған. 3-күміс көмбе ІІІ қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгесі 1640-1642 ж.ж. жатады. 1-мыс көмбе VI қазба орнында табылған және оның уақыт жағынан ең соңғы теңгелері 1655-1663 ж.ж. соғылған. Қалған мыс көмбелердің дәл уақытын көрсететін теңгелер жоқ. Алайда олардың құрамы бір-біріне жақын. Күміс теңгелердің бір-біріне жақындығы күмән туғызбайды. [6, 13 бет]
Отырардың өмірінің соңғы кезеңі археологиялық тұрғыдан алып қарағанда ең үстіңгі қалдықтармен белгіленеді. Атап айтқанда бұлар І, ІІІ, ІV қазба орындарындағы қабырға іздері, күйдірілген кірпіштен төселген орындар, тандырлардың төменгі бөліктері, қалашықты түгел қамтыған негізгі құрылыс қабатын тесіп өткен шұңқырлар. Осымен бірге 20-30 см қалыңдығы бар, жел үйген, сумен аққан бас топырақ қабатынан соң екінші қайтара тіршілік іздері бар үйлер мен тұрғын жайлар жатады. Кейінгі құрылыстар тобы 1974 жылы IV қазба орнындағы 1 нысанада байқалды. Бұл солтүстік жақтан «Р» орамы көшесімен шектелген, ал шығыстан – «Г» үлгісіндегі бұрыш көшемен шектелетін екі оншақты бөлмеден тұратын құрылыстар. Жеке дара үй кешені анықталмаса да бөлмелер арасында шаруашылық пен тұрғын жайларды ажыратуға болады. Кейінгі бөлмелердің бір тұрғын үй орамы аумағында шағын тобы І қазбадан 1971 жылы табылған. Сонымен, ең жоғарғы қабат (Л.Б.Ерзакович 1-қабат деп белгілеген) аз ғана аумақта І және IV қазба орындарында жеке дара тұрғын үйлер деңгейі мен І, ІІІ, IV қазба орындарында біршама уақыт иесіз қалып, кейін қайта пайдаланған үйлер жатады. Қорыта айтқанда, таза археологиялық деректерді талдау осы қабат жөнінде мынадай қорытынды жасауға негіз берді: «ХVІІ ғ. аяғы – ХVІІІ ғ. бірінші жартысының қабаты. ХVІІ ғ. 80-жылдарынан кейін кейбір өртенген және тастап кеткен үйлер жөнделді, аса шектеулі аудандарда үйлер салынды. Бұл кезеңде қаладағы тіршілік құлдырауда. ХVІІІ ғ. ортасында тіршілік тоқтап, қала орны қаңырап қалумен аяқталады». [6, 15-16 бет]
2.Отырар алқабының басқа да ортағасырлық қалалары
Қазақстанның өткен тарихын зерттеген ғалымдар күні кешеге дейін мұнда монғол шапқыншылығынан кейін қалалық тіршілік үзіліп, тек бірнеше қалалар ғана қалды деп тұжырымдап келді, бұл орайда олар кезінде гүлденген отырықшы өмір мен қала мәдениеті туралы тамсана жазды. Расында да, монғол шапқыншылығы Жетісудағы – Іле мен Талас өңіріндегі қалалардың дамуына алапат зиянын тигізді. Бірақ Сырдария мен Қаратау бойындағы қалалардың тағдыры бұған қарағанда өзгеше сипат алды. ХІІІ ғасырдың басында өртенген, тоналған бұл қалалар ХІІІ ғасырдың аяғында және XIV ғасырда қайта қалпына келтіріліп, қолөнер мен сауданың маңызды орталығына айналды, ал XVІ- XVІІ ғасырларда қазақ хандарының ордасы болды. XVІ ғасырдан бастап бұл қалалар Орта Азиядан Сырдария алқабы мен Қаратау асуы арқылы Ресейге өтетін керуен жолының бойында зор маңызға ие болды, өйткені Ресей ол кезде ортаазиялық мен қазақ хандықтарының басты сауда серіктесіне айналған еді. Жалпы алғанда, Қазақстанда XVІІ- XVІІІ ғасырлар аралығында қала тыныс-тіршілігінің салтанат құруына сауданың өзіндік орны ерекше болатын.
Археологтардың барлау жасаған сапарларының арқасында Сырдарияның сол және оң жағалауынан, Бөген және Арыс жазықтарынан, Түркістан алқабынан, Қаратаудың солтүстік және оңтүстік қыраттарынан кейінгі ортағасырлық ондаған қалалар мен коныстарды табуға қол жеткізілді. [2,119 бет]
XV ғасырдың жазба мәліметтеріне қарағанда, Отырардан онша қашық емес жерде Шілік қонысы орналасқан. Бұл барлық белгілері бойынша, Отырардан бес фарсах қашықтықтағы қоныс. Шілікпен қатар Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі Бұзықтөбенің үйіндісі орналасқан: тек оның орталық үйіндісі биік жазық дөң түрінде көзге шалынады. Дөңнің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 м және шығыстан батысқа қарай 300 м болып созылып жатыр. Бекініс қабырғаларының шөгінділері мен қаланың аумағында жиналған керамиканың сынықтарына қарағанда, Бұзықтың іргесінің қалануы бірінші ғасырдан бастау алады. XV ғ. Қала өзінің өмір сүруін тоқтатқан, бұл фактіні XVІ- XVІІ ғ.ғ. жазба деректерде Шілік атауының бұдан әрі кездеспеуін дәлелдейді.
Деректер кейінгі ортағасырлық Түркістанды ірі экономикалық округтің орталығы болды деп атайды. Сондай-ақ оның айналасында көптеген қоныстардың болғанын еске салады, оның ішінде неғұрлым белгілі Қарашық, Қарнақ, Йунка және Сура тәрізді атаулар бар. Қарнақ Ахмет Йассауи кесенесіне арналған тайқазан құйылған орын екені белгілі. Түркістанның солтүстік жағындағы 25 шақырым жердегі Атабай селосына қаланың болған жері сәйкес келеді. Бұл село жақын кезеңге дейін өзінің ежелгі қала атауын сақтап, Қарнақ деп аталып келді. Қала Ишкан (ескі қала) деп аталады. Бұл дөң қазіргі жүргізілген құрылыстармен қатты бүлінген, бірақ ортағасырлық қаланың топографиясы сақталып қалған.
Қарашық, Сура және Йунка Хафиз Таныштың шығармаларында Ишкан қаласынан күндізгі өту кезінде кездескен қалалар ретінде суреттеледі, оның орналасқан жері жақсы белгілі, өйткені онымен аттас елдімекен сақталып қалған. Қарашық сонымен қатар XVІІ ғ. Орыс жазба деректерінде келтіріледі. Оған сүйенсек, ол Түркістаннан 5 шақырым жерде, Сібірден Орта Азияға баратын керуен жолының бойында орналасқан.
Қарашық атауы аймақтың гидронимикасында сақталған: осындай атты өзен Түркістан маңында бар, оның жағасынан бірнеше ежелгі егін шаруашылығымен айналысқан қоныстар және ортағасырлық қалалар табылды. Оның бірі ІІ Төрткөл деп аталады. Оған кейінгі ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшелігі бар топографиясы тән. Сондай-ақ одан XV- XVІІІ ғ.ғ. керамикалары көп кездесті. Қала Қарашық өзенінің сол жағалауында, Түркістанның солтүстігіне таман 8 шақырым жерде орналасқан. Бұл тікбұрышты екі дөңнен тұрады, оның топографиясына қарағанда, көшелердің, қала орамдарының, бекініс қабырғалары мен ондағы мұнаралардың іздері байқалады. Көптеген керамикалық шлактар, жарамсыз ыдыстардың сынықтары, сайып келгенде ежелгі қыш-құмыра жасаушылардың орамдары қай жерде орналасқанын айқындауға мүмкіндік береді: олар өзен жағасында, суға жақын жерде орналасқан Қарашықтың ІІ Төрткөл қаласы екендігіне күмән туғызбайды.
Қарашыққа жақын маңда
Йунка қонысы бар. Оған
Қазақстанның кейінгі ортағасырлық тарихында Сырдарияның сол жағалауындағы қалалардың маңызы зор. Жазба деректерде Сүткент, Құджан, Аркөк, Аққорған және Өзкент қалаларының атауы келтіріледі.
Құджан (Қуған) орнына Балтакөл поселкесінің оңтүстік шетіндегі Қуған ата қалашығы сәйкес келеді. Бұл дөңгеленген жобадағы биіктігі 8-10 м, диаметрі 170 м, периметрі бойынша мұнаралары бар қоршалған қабырғалы төбе. Бір шақырымға дейінгі радиус шамасында жекелеген үй жайлар мен шағын елді мекендер болғаны байқалады. Табылған керамикаға қарағанда, қаланың жоғарғы қабаты XVІ- XVІІІ ғ.ғ. кезеңіне жатады. Бұл кезең Йасы мен Бұхар шығарған теңгелері табылған қалалардың жоғарғы қабатына сәйкес келеді.
Аркөк XV- XVІІ ғ.ғ. тарихшылары мейлінше мұқият сипаттаған қоныс ретінде бұрыннан белгілі. Ол Сырдариядан фарсах қашықтықта орналасқан, оның аумағы онша үлкен болмаған әрі күшті бекінісі бар, егін шаруашылығымен айналысатын бай қоныс атанған, сондықтан оны «басқа бекіністерді алуға қажетті кілт» деп атаған. Аркөктің Мұхаммед – Шейбани билік еткен кезінде атағы шықты. 1509 жылы осы ханның қазақ әскерлеріне жасаған жорығы тығырыққа тірелді, яғни азық-түліктері мен жем-шөбі таусылды. Жолда Аркөк кездесіп, оның тұрғындары әскерді қажетті барлық нәрсемен толық қамтамасыз етті. Бұл қоныстың байлығы Шейбаниді таңғалдырды. Шежіреші осы бір көріністі былай деп сипаттаған: «Бұл өзі мейлінше таңғаларлық іс болды, өйткені, егер мұндай әскер Мәуереннахр, Қорасан, Ирак және Әзірбайжан жерлерінің үлкен бөлігі арқылы өткен болса және ол бір айға азық-түлік қамтамасыз етсе, ол астықты іздеп табу кезінде жазалар мен қорлаудан халықтың көбі жапа шегіп, кедейленіп, қырылуы мүмкін еді. Әскер өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмас еді. Ал ондай қоныстар өзінің дамып, өркендеуінен жұрдай болар еді, тіпті арада ұзақ уақыт өтсе де бірде-бір округінде ешкім де егін сала алмас еді...». Шейбани Аркөк туралы мынадай сөздерді бекер айтпаса керек: «Бұл Аркөк бекінісі, пайғамбар үшін Мединаның орны қандай болса, біз үшін бұл қаланың орны сондай.
Аққорған және Өзкент қалалары күні бұгінге дейінгі сақталған топонимдері арқылы анықталды: Сырдарияның солтүстік жағалауындағы екі қала осылай деп аталады. Масуд бек Усман Кухистани «Әбілхайыр хан тарихы» шығармасында Аққорғанды Әбілхайыр ханға Сығанақ, Созақ, Аркөк тәрізді өз еркімен берілген қалалардың қатарына жатқызады. Бұл қала XVІІ ғ.ғ. орыс деректері бойынша белгілі. «Үлкен сызба кітабында» Аққорған Жанақорғаннан 70 шақырым және Сайрамнан 110 шақырым жерде орналасқан.
Аққорған қаласы Сырдариядан 4 шақырым жерде орналасқан. Бұл трапеция пішінді екі үлкен қабаттан тұратын дөң, жан-жағы әлемнің төрт жағына қаратылған. Қаланың ең биік бөлігінің мөлшері 150*110 м, жалпы үйіндінің бетінен 6 м биіктікке орналасқан. Қаланың бұл бөлігі мұнаралары бар қабырғалармен қоршалған. Биіктетілген бөліктің айналасында тегіс дөң түріндегі үйінділер жатыр. Оның жақтарының мөлшері: шығысы -210, батысы-240 және оңтүстігі -230 м. Қаланың айналасына ор қазылған. Бұл ескерткіш табылған материалдарға қарағанда ХІІІ - XVІІІ ғ.ғ. кезеңіне жатады. [2,120-124 бет]
Күлтөбе шахристанның төртінші бөлігін ашқан қазба жұмыстары нәтижесінде көше орамдары, олардың арасындағы көшелер, тұрғын үйлер табылды. Қаратаудың тасы Қарақұрын құрылысшыларына үй қыбырғаларын тастан немесе тас қосылған шикі кірпіштен қалауға мүмкіндік берген. Бұл үйлер отырарлық үйлерге ұқсас екендігі анықталды: онда міндетті түрде тандыры бар бөлмежай болады, тандырдан сәкі ішімен түтін жолы жүреді. Ол қабырғадағы тіке мұржаға барып қосылады. Тандырдың қасында ташнау бар, оның бет жағы қалың – қалың тас тақталармен қаланған. Үйде тандыры бар бөлмежайдан басқа шаруашылыққа арналған бөлме бар.
Бұл қала бір қарағанда Отырардың провинциялық үлгісі болып табылады. Отырар қала болса, ал Қарақұрын Қаратаудың түкпіріндегі егін шаруашылығымен айналысатын қоныс. Қазба жұмыстары кезінде қолдан жасалған ыдыстардың көптеген түрлері табылды. Бұл – көшпелі тұрмысқа тән қазандар, қыш құмыралар. Ал Отырарда мұндай ыдыстардың аз кездесетіні таңғаларлық. [2,125 бет]
3. Баласағұн қаласының құрылымы
Баласағұн – Шу өзені бойында болған, мәдениет пен өнердің көптеген оқымысты өкілдерін өрбіткен жер. Баласағұнда «Диуани лұғат-ат-түрік» авторы Махмут Қашғари еңбек еткен. Ұлы Омар Һайям тұстасы, ХІ ғасырдың ғажайып ақыны, дүние жүзіне белгілі «Құдатғу білік» авторы Хас Хажип Жүсіп Баласағұнда туған. [5,29 бет]
Баласағұн қаласы туралы азды-көпті тарихи деректер ортағасырлық ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. VII ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың басында өмір сүрген Хорезм жерінде дүниеге келген Мұхаммед Ибн-Мұса әл-Хорезми (ІХ) өзінің дүниежүзілік географиялық картасында Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түркі қалалары туралы сөз қозғаған және де оларды картаға түсіріп, координаттарын белгілеген. Солардың ішінде Баласағұнды да дәл көрсеткен. Х ғасыр аяғы мен ХІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, Хорезм елінің ұлы ғалымы Әбу – Райхан Бируни жасаған дүние жүзінің географиялық картасында Баласағұнды 91º 30′ бойлықта, 44º 40′ ендікте орналастырған, Таластың 89º 50′ бойлықта, 43º 5′ ендікте жатқанын көрсеткен. [3,40-41 бет]
Махмұд Қашқари өзінің
дөңгелек картасында Баласағұн қаласы
жетінші климатта орналасқанын көрсетіп,
Талас қаласының шығыс-
М. Қашқари «Түрік сөздігінде» Ұлы жібек жолының солтүстік желісінің бойындағы қалалар мен елді мекендер, асулар сияқты орындарға сондай-ақ Баласағұн туралы мәлімет бере келіп: «Арғу: екі таудың арасы.Тараз бен Баласағұн арасындағы шаһарларды «Арғу» дейді. Өйткені ол жерлер екі тау арасында жатыр», - дейді. Қазірдің өзінде де, Ақтөбе (Баласағұн) қаласының орны екі таудың арасында орналасқаны байқалып тұр. Оның солтүстік шығысында Жайсан тауы, оңтүстігінде Қырғыз Алатауы жайласқан.[3,43 бет]
Баласағұн қаласының этимологиясы мен оның келіп шағуына М. Қашқари құнды деректерді береді. Қаланың аты екі сөзден құрылғанын былайша түсіндіреді: Бала+сағұн. Бірінші сөз «жас» дегенді білдірсе, екінші сөз жоғарғы дәрежелі адамдарға беретін құрметті атақ, лақап екені айтылған. Ғұламаның сөзі: «Сағұн: Қарлұқ жұртының мықтыларына берілген ат. Түркі тәуіптеріне: «Ата сағұн» дейді. Осыдан Баласағұн қаласының этимологиясы «Жас хақан», яғни Баласағұн деген атамадан шыққан. [3, 44 бет]
Махмұд Ибн-Валидің айтуынша, “Баласағұнда діни адамдардың жұма намазын оқитын 40 мешіті, күнделікті намаз оқитын 200-ден астам мешіті, 20 ханқа және 10 медресе болған». Махмұд Ибн-Валидің айтқаны шындыққа келіп, Баласағұн қаласының үлкен мәдени орталық екенін айқындай түседі. Махмұд Қашқаридің айтуынша, Шу, Талас өңірінің тұрғындары ІХ ғасырдың бірінші жартысында ислам дінін қабылдаған, Баласағұнды билеушілердің ішінде бірінші ислам дініне енген, 955-956 жылдар шамасында қайтыс болған Сатух Бограхан Абдал-Карим. Махмұд Қашқари өзінің жұртшылыққа белгілі «Диуани лұғат ат-түрік» деген еңбегінде: баласағұнның тұрғындары соғдыларша және түркілерше сөйлейді...Испиджаб пен Баласағұн арасындағы қала Харгудың тұрғындарының тілдері жұмсaқ келеді» деген. [3,52 бет]
Баласағұн қаласы туралы деректерді ХІІ ғасыр авторы Наджий Хамадийдің «Аджа иб ал махлукат ва Тара Ибал-Мавджудат» атты шығармасынан кездестіреміз. Бұл шығармада Баласағұн атты екі қала барын айта келіп, олар туралы: «Баласагун распаложен в пределах Туркестана. Это большой город, так же называемой Баласагуном, он в руках мусульман и оттуда доставляют меха, клей, сабли и другие товары». Баласағұн атты екі қалалардың орналасқан жері туралы деректе нақты айтылмаған, дегенмен, авторлардың бұл хабары зерттеушілерді қызықтыра түсетіні рас.

- Орта ғасырдағы қазақстан қалалары
- Орта ғасырдағы шіркеулер курстық жұмыс
- Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері
- Орта және шағын бизнес
- Ортақ меншік құқығы
- Орталық банктер
- Орталық банктің ақша – несие саясаты
- Орошение культур в овощном севообороте ирригационным комплектом КИ-50 «Радуга»
- Орошение сельскохозяйственных культур в хозяйстве «Мирный» Шатковского района Нижегородской области
- Орошение сельскохозяйственных культур дождевальными машинами
- Орошение сельскохозяйственных культур дождевальными машинами
- Орошение сельскохозяйственных культур дождевальными машинами
- Орошения сельскохозяйственных культур
- Орс-технологии