Орта және шағын бизнес
Жоспар
Кіріспе.......................
І. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ
МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы орны мен маңызы..............5
1.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің
классификацияцы...............
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі.........10
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ...................
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын
және орта бизнес және оны несиелендірудің
заңдылық негіздері.....................
2.2 Шағын және орта бизнесті несиелендіруді
ұйымдастыру тәртібі.......................
2.3 2009 – 2011 жылдар арасындағы Қ.Р –
ғы шағын және орта бизнесті несиелендіруді
талдау........................
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ
МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Шағын және орта бизнесті несиелендірудегі негізгі мәселелер.............22
3.2 Қазақстан Республикасындағы шағын
және орта бизнесті несиелендірудің
жетілдіру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Кәсіпкерліктің
пайда болуы мен дамуы
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру жолында.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын және орта бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің классификациясы;
- шағын және орта бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес және оны несиелендірудің заңдылық негіздерін қарастыру;
- шағын және орта бизнесті несиелендіруді уйымдастыру тәртібі;
- 2009 - 2011жылдар арасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау ;
- шағын және орта бизнесті несиелендірудің негізгі мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің жетілдіру жолдарын ашу.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Зерттеу пәні: қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Қазіргі таңдағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын және орта кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
І. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Шағын және орта бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін
қалыптасыру әлі жүріп жатыр.
1990-жылдардың басында
Бизнеске қатысына қарай, «шағын»
деген анықтама жұмысшылардың саны,
жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым
ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды
көлемі бойынша топтастыру кезінде
негізінен бірінші белгі
Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді
болып табылатын өндіріс
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.
А.Маршал бойынша оның негізілігі шығамашылық процесс функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал, И.Шумпетердің айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің «адамдық» факторы болып табылады. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.
Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада
шағын кәсіпкерлік рөлінің
Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға
шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі
жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің
төмендеуі және ТМД елдерімен
экономикалық қатынастардың үзілуінен
болып отыр. Сонымен бірге, шағын
кәсіпорынға мемлекеттік қолдау
орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға
жан - жақты қолдау болмаған жағдайда
олар өз бетімен жұмыс істеп кете
алмайды. Дүние жүзіндегі барлық
елдерде шағын кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы,
Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар
бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан
жағдайында мемлекеттік қолдау тек
қана пайдаға салынатын салық
жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің
басты проблемасы - ол несие беру
саясаты. Несие тек қана кепілдеме
ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке
жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың
қасы, сондықтан шағын
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы несиелендірудің классификациясы.
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық
тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың
жетіспеушілігінен өзінің даму жолында
қиыншылықтарға кездеседі, олардың
алдын - алу барысында жаңа технологиялар
енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын
жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар
тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау
жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады.
Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін
белгі бір активтер санын басқаруы
керек. Олар тез пайдаға түспейді,
яғни белгілі бір уақыт арасында
ретке келіп отырады. Осы активтерге
кеткен жиынтық шығындар капиталдағы
кумулятивті қажеттілікпен
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.
Қазақстанда меншікті құралдар шағын
кәсіпкерлік субъектілерін
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында, мысалы, «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.
Халықтық Жинақ Банкі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді. Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады. Несиелендіру мерзімі 6-15 айға дейін беріледі.
Ал Тұран Әлем Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 % шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде.
Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және
Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды
тікелей қаржыландырады, орта және
шағын кәсіпкерлікпен айналысатын
кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру
негізінен несие түрінде
- micro (10000 АҚШ долларына дейін) 12 айға дейін теңгеде және шетел валютасында жүргізіледі;
- largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ долларына дейін) 12 айға теңге бірлігінде, шетел және теңге бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі;
- small (30000-нан 125000 АҚШ долларына дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел және теңге бірлігінде 30 айға дейін жүргізіледі.
Осы бағдарлама бойынша, сондай-ақ «Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран Әлем банкі» АҚ, «Центркредит банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның Халық банкі», «Цесна банкі» және «Темір банкі» де жүргізеді.
Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі.
Қазіргі таңда экономикасы дамыған
елдерде шағын кәсіпкерлікті
дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде.
Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері
бойынша шағын кәсіпкерлік
АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ал, Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.
Жапониядағы шағын кәсіпорындарды
несиелендіру орталықтары ірі қаржы
- несие орталықтары негізінде
іске асырылады. Жапониядағы шағын
кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау
жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті
билік органдары, ірі бизнес, шағын
бизнестің бірігу мекемелері жатады.
Дамыған шағын фирмалардың
Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:
- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);
- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);
- мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен 500 млрд. иен несие береді.
Экономикасы дамыған елдердегі
шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі
маңызды әрі негізгі
АҚШ-тағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
АҚШ-та шағын бизнес проблемалары екі комитетке бөлінеді: барлық мемлекеттік құрылымдар, бұған: 4-5 мың қызметкерлер кіреді. Оларға:
- шағын бизнес әкімшілігі - ведомостволар, шағын және орта кәсіпорындардың проблемаларын шешу;
- шағын бизнес ісі бойынша конгресс комитеті.
Шағын бизнес әкімшілігінің негізгі міндеттемелеріне: шағын кәсіпорындарды қаржылық қолдаумен қамтамасыз ету; басқару бойынша техникалық және консультативтік қызметтер көрсету. Шағын бизнес әкімшілігі тек қана жеке кәсіпкерлікті дамытуға емес, сонымен қатар әртүрлі топтағы қаржылық институттарға да қолдау көрсетеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету тікелей займдар беру келісімдері жүргізіледі. Бұл жағдайлар 80-ші жылдардан бері жүргізіліп келеді. 1958 жылы шағын бизнес инвестициялық компанияларын құру басталды. Қазіргі кезде АҚШ-та 450-ден астам шағын бизнес инвестициялық компаниялары жұмыс жасайды. Қаржылық қолдау көрсету формалары келесілерден тұрады:
- шағын кәсіпорындарға шағын бизнес әкімшілігінің меншіктік бюджетінен үлестік саудалар бекіту;
- несиелер бойынша кепілдер;
- арнайы бағдарламаларды қаржыландыру (экспортты бір жүйеге келтіру, өңдеу және зерттеулер, кадрлар дайындау, нашар дамыған территорияларды дамыту);
- шағын бизнеске инвестициялық компаниялардың капиталдарының қатысуы, өндірістік компаниялардың дамуы және бағалы қағаздардың кепілдігі.
Осындай мақсатпен шағын және кішігірім бизнесті дамыту реттеліп отырады.
Жапониядағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау.
Жапония мемлекеті өзінің экономикалық деңгейі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленеді. Әлемдік әйгілі экономикалық айсберг болып айтылатын шағын және орта кәсіпорындар осында орналасқан. Олардың ішінде 55 %-ті өндіріс өнімдерін шығару, ал 60 %-і өндіріс көлемі болып табылады. Елде 6,5 млн. шағын кәсіпорындар бар (жалпы өнімнің 90 пайызы). Жапониядағы шағын кәсіпорындардың құқықтық жағдайы арнайы заңдар мен жеңілдіктер арқылы жүргізіліп отырады. Үкімет аппаратында шағын бизнес істері бойынша өндірістік және ішкі сауда Министрлігі, құқықтық әкімшіліктік органдар, кішігірім кәсіпорындарды басқарумен айналысады. Жапондық заңнамалар тек қана меншік иелерін басқарумен шектелмейді, сондай-ақ, келісімдік қарым - қатынастарды орнатады. Елде шағын бизнесті бір бағытқа жүргізу саясатын орнатудың төрт орталығы бар:
- орталық үкімет;
- жергілікті билік органдары;
- ірі бизнес;
- кішігірім кәсіпорындардың өзіндік бірігуі.
Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі. Бұл үшін экономикалық рычагтардың жаңа түрлі жүйелері қолданылады: несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар дайындау және басқалар. Олардың барлығы жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде ұсынылады, соның ішінде:
- өндірістің техникалық деңгейінің көтерілуі (жергілікті және орталық билік органдарына жүктеледі);
- өнеркәсіптегі өндірістік технологияларды жаңарту (орталық үкіметке жүктеледі);
- мемлекеттік зерттеу институттарымен бірігіп жаңа ғылыми техника және технологияны жетілдіру (жергілікті билік органдарымен қаржыланады).
Жеңілдіктер пайызындағы займдар келесі жобаларды ұсынады:
- жаңа өнім түрлерін және жаңа технологияларды өңдеу (жергілікті билік органдары);
- жаңа өндіріс түрлерін өңдеу (орталық үкімет);
- аймақтар экономикасын дамытуда шағын кәсіпорындар құру (орталық үкімет);
- кішігірім бизнес кәсіпорындар арасында өндірістік және техникалық корпорация құру (орталық үкімет).

- Ортақ меншік құқығы
- Орталық банктер
- Орталық банктің ақша – несие саясаты
- Орталық банктің қызметтері мен операциялары
- Орталық Қазақстан
- Орталық қазақстан экономикалық ауданы
- Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру
- Орошение сельскохозяйственных культур дождевальными машинами
- Орошения сельскохозяйственных культур
- Орс-технологии
- Орта ғасырдағы қазақстан қалалары
- Орта ғасырдағы қазақстан қалалары
- Орта ғасырдағы шіркеулер курстық жұмыс
- Ортағасырлық Франция құқығының негізгі қайнар көздері