Орталық банктің қызметтері мен операциялары

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1    БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

1.1 Орталық банктің қызметтері мен операциялары............................................4

1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары...........................7

1.3 Банктік емес қаржы-несие мекемелері..........................................................11

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы және кезеңдері....................15

2.2 Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлемдік дағдарыстың әсері.........................................................................................................................22

2.3 Қазақстандағы коммерциялық  банктердің негізгі операциялары..............24

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

3.1 Банк жүйесінің дамуына тосқауыл болатын кейбір мәселелер..................28

3.2 ҚР Банктік жүйені  дамыту жолдары............................................................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы соңғы 20 жыл шамасында  көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп ілгерлеушіліктерге артқа басып әлде қайда ұзап алға шықты, дегенмен еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешу ең басты да өзектіліктерге жатады. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алып қарайтын болсақ олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында әрдайым үстемдікке шығып тек рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның артында елдегі экономикалық жағдайлардың ушығуына алып келуде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қиын жағдайда болуына әкелді.  Банк (екінші деңгейдегі банк) – коммерцялық ұйымдар «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқық өкілеттігі бар акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық ұйым саналатын заңды тұлға болып табылады. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банктік операцияларды жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (әрі қарай – уәкілетті орган) берген лицензиясының болуымен айқындалады. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі заңнамамен және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.

Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі -Қазақстан Республикасындағы банктік жүйе және оның экономикалық ролдерін қарастыру.

Курстық жұмыстың мақсаты - еліміздегі банктік жүйенің даму кезеңдері мен олардың даму болашағына сипаттама бере отырып, қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Курстық жұмыстың негізгі  міндеттері: 

-Орталық банктің қызметтері мен операцияларын қарастыру;

-Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларына тоқталу;

-Банктік емес қаржы-несие мекемелерінің қызметіне тоқталу;

-Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу;

-Қазақстандағы банктік жүйенің жағдайы және әлеуметтік дағдарыстың әсерін анықтау;

-Қазақстандағы коммерциялық банктердің негізгі операцияларын қарастыру;

-ҚР Банктік жүйені  жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.

1    БАНКТІК  ЖҮЙЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Орталық  банктің қызметтері мен операциялары

 

Қазақстан Республикасында  қазіргі кезде банк жүйесі екі  деңгейде: бірінші жоғарғы деңгейдегі  банк – Орталық банк, – екінші деңгейдегі банктер - коммерциялық банктер деп аталады. 

Барлық мемлекеттерде  «Орталық банк» ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін қадағалайды  және ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасында орталық бір ғана банк  бар. Оны  «Ұлттық банк» деп атайды.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» заңы бойынша  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі - Қазақстан Республикасының  Орталық банкі және республикамыздағы  банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. «Ұлттық банкті» орталық эмиссиялық банк немесе «банктердің банкі».

«Ұлтық банк» ақша айналымының құрылымын және көлемін  екінші деңгейлі банктердің операцияларын  басқару арқылы реттейді.

«Ұлттық  банк» ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды. Сонымен бірге «Ұлттық банк» халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды. Шет мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің істерін үйлестіреді.

-Ұлттық банктің негізінен  классикалық орталық банктерге  тән валюталық және ақшалай-несиелік  реттеулердің барлық құралдар  жиынтығын енгізуді аяқтау және  оны пайдалану. Бұл өз кезегінде  Ұлттық банкке тиімді ақшалай  несиелік саясатын жүргізуге  және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттері толығымен орындалуына мүмкіндік береді;

-экономикалық ынталандыруды  дұрыс қолдану мен нормативтік  реттеуді жетілдіру және Ұлттық  банк тарапынан бақылауды күшейту  есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;

-банкаралық несиелік  және валюталық нарықтарды дамыту  және тереңдету жолдарымен оларда  қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;

-республикалық бюджеттің  тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан  тікелей несиелеуден бас тартып, оның  ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;

-шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында төлемдердің  қауіпсіз, уақтылы және тиімді  жүзеге асыру мақсатында еліміздің  төлем жүйесінің сапалы қызмет  ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;

-орта және ұзақ  мерзімді инвестициялық жобаларды  инфляциялық емес несиелеу жүйесінің  негізін қалау.

Бағдарламаның өткірлігіне  қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды.

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны  ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекеттік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясының қабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі  деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі  қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.

Қайта қаржыландырудын  ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық болжауларға қарай белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі  ақша-несие саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтық ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақының ставкасын белгілейді.

Резервтік талаптар нормативі  банктер алдындағы міндеттемелерді  кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы  сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі  айырықша жағдайларда міндеттемелердің өсуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгізілмейді.

Ең төменгі резервтік  талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының  заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл  салынып, өндіріліп алынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі  тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда  ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандық шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенің нақты түрлерін реттеу болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі  тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялық процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық  Банкінің қысқа мерзімді ноталарын  шығару;

5) Мемлекеттік және  басқа да бағалы кағаздарды  сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;

6) коммерциялык вексельдерді  қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық  Банкі Басқармасынын шешімі бойынша  басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкі  ақша-несие саясатының қабылданған  бағдарларына сәйкес банктердін карыз  алуының жалпы көлемін реттейді.

Банктерге берілетін  карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін  және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі  айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі  қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде  көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.

Депозиттерді тарту  мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін  және тарту лимиттерін Қазақстан  Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан  Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкі  ақша-несие саясаты мақсатында қысқа  мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.

 

1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

 

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар  – бұл несие беруші мен қарыз  алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

Коммерциялық банктің  несиелік операцияларын әртүрлі  белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.

Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің  өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.

Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға  беру.

Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір  уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған  қаражатсыз өзіне керекті мүлікті  пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:

1. Жедел лизинг анағұрлым  қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.

2.Қаржылық лизинг анағұрлым  ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім  машиналар мен құрал – жабдықтардың  амортизациялық тозу мерзімімен  сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле  аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген. 

Қалдық құны бойынша  лизинг пайдалануда болған құрал  жабдықтарды жалға беру. Сондықтан  лизинг объектісі бастапқы құнымен  емес, қалдық құны бойынша бағаланады.

Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.

Халықаралық факторинг  туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей  төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.

- қарыздық талаптарды  алдын ала төлеу формасында  несиелеудің болуында;

- жабдықтаушымен бухгалтерлік  есеп жүргізу мен өткізу есебінен;

- жабдықтаушы қарызын  инкассалау;

- несиелік тәуекелден  жабдықтаушыны сақтандыру;

Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.

Регистік құқы бар  толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды  көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары  төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.

Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді  тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің  жеке және корпаративті  клиенттері үшін әр түрлі  қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.

Коммерциялық банктер  трасталық операциялармен қасымша  табыс алу үшін айналысады. Сол  сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың  ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі  клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

Трасталық қызметтер  үшін комиссиондық төлемақыны әрбір  операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді  түрде, басқаларына заңмен немесе сот  шешімімен қойылады. 

Инвестиция дегеніміз  – бұл халық шаруашылығына  мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты -  қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі  қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар).

Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық  анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

Бағалы қағаздармен  операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен  кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым  дамыған бөлігі, оған ақша және капитал  нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен  қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.

Коммерциялық банктер  пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне  байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу  және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер   банктер тарапынан  пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере  отырып, банктер жеткілікті түрде  коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен  қатар, банктер клиенттерге әр түрлі  қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

Уақытша бос ақшалай  қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.

Басқа кәсіпорындармен  салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

Коммерциялық банктер  негізінен өз  клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

 «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді  тарату;

-клиенттер мен банк  корреспонденттердің шоттарын жүргізу  және оларға кассалық қызмет  көрсету;

-қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

-инвестицияланатын қаражаттар  иелерінің немесе иемденушілердің  тапсырмалары бойынша капиталдық  жұмсалымдарды қаржыландыру; 

-заңда көрсетілген тәртіппен  өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

-төлем құжаттарын сатып алу,  сату және сақтандыру, олармен  басқа да операцияларды жүргізу;

-банктік операциялар бойынша  брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;

-клиенттердің тапсырмалары бойынша  сенімдік операцияларды (қаражаттарды  қарау және орналастыру, бағалы  қағаздарды басқару);

- банктік қызметпен байланысты  кеңес беру қызметін көрсету;

- лизинтік операцияларды жүзеге  асыру.

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік  қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен  операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай  салымдарын қарау. 

 

1.3 Банктік емес қаржы-несие мекемелері

 

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке  қол жеткізеді. Қаржы нарығының  және осыған сәйкес мекемелердің жақсы  жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі  жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің  ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды  мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың қордың формасы болып саналады.

Бұл қорлар қаржы нарығының  қатысушы ретінде және инвесторы  болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік  бюджеттен тыс қорларға мыналар  жатады:

-Зейнетақы қоры;

-Халықты жұмыспен  қамтудың мемлекеттік қоры;

-Әлеуметтік сақтандыру  қоры;

-Міндетті медициналық  сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетақы қоры. Олардың  негізгі міндеті:

-Балаларға жәрдемақы  мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты  алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;

-Халықты әлеуметтік  қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға  келісімшарт негізінде республикалық  тұрғыда қаржыландыруға қатысу;

-Өзін-өзі қаржыландыру  негізінде ұдайы өндіру қаржы  қорын кеңейту.

1993 жылдан бастап ол  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.

Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар  кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын – Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.

Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министр-лігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.

Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық дәл осындай, осы  салалық тұрғыда бөлінетін жалпы  мемлекеттік ресурстардың орталық  қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  тұлғалар мен меншіктің түрлі  формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының  қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебіне қалыптасады. 1993-1995 жж аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 50%-ы түсті. 1996 ж 1 қаңтарынан бастап, бұл сан 5% төмендеді. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді.

Орталық банктің қызметтері мен операциялары