Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Кіріспе
1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің ролі
1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы.
2-тарау. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру жолдары.
2.1. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
2.2. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие берудің құралдары, жолдары, әдістері, формалары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе
Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айырықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моральдық және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп түрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен кызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулыкты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, кастерлей білетін боладьі.
Ұлы сыншы В.Г.Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну -адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін, тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін қүрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды. Мүнсыз, бүл сезімсіз, даналық жоқ, талант жоқ, ақыл-парасат жоқ, өмірдің үй ішіндегі қамына өзімшіліктің ұсақ-түйек есептеріне қажетті құнсыз "акылгөйсу" ғана қалады. Кімде-кім би музыкасына ғана елең етсе, елең еткенде жүрегімен емес, аяғымен елең етсе, музыка оның жан жүйесін елжіретіп, жүрегіне от салмаса, кімде-кім көркем суретті бөлменің ішін безендіруге ғана жарамды галантереялық бүйым деп қараса, оның тек бояуына ғана таңданса, кімде-кім өлеңге жастайынан құмартпаса, кімде-кім драманы тек театр пьесасы деп, ал романды еріккенге ермек ертегі деп білсе - ол адам емес ... эстетикалық сезім - жақсылықтьң негізі, адамгершіліктің негізі" / 1, 120-б /
Мектеп балаларының эстетикалық мәдениетінің даму деңгейі біркелкі емес. Мектеп балалары табиғаттағы, өнердегі, білімдегі және еңбектегі әсемдікті көре де біршама терең толғана алады. Олар барлық асқақ ойлар мен ерлікке құштар. Алайда олардың өнер мен көркемдік творчество жөнінде білімдері аз. Олардың эстетикалық мәдениетінің дамуындағы жас ерекшеліктері де байқалады: кіші мектеп балалары табиғаттағы әсемдікке, жеткіншектер өнерге аса қызықса, ересек мектеп балаларын мінез-құлық қарым қатынасы эстетикасы, адамның сыртқы келбеті және оның ішкі дүниесі көбірек қызықтырады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің даму деңгейңндегі теңсіздікті мақсатты бағытталған эстетикалық қабылдау жолымен шешуге болады. Қазіргі педагогика бұл мәселені шешуде адамның бірдей, тұтас мәнін түсінуден, оның өмірінің барлы; ақыл-ой, идеялық, адамгершілік және эстетикалық жағынан өзара байланыстылығын негізге алады. Осы барлық жақтардың үндестіпен дамуы – жеке адамның өркендеп өсуінің маңызды шарты. Білім және бейнелі ықпал жасау жүйесі арқылы өсіп келе жатқан адамдарға, Отанға, мәдениеттің өмірде қайталанбас бағалы заттарына деген дұрыс көзқарасты қабылдайды, өз бойына сіңіреді, жетілдіреді. Жеке адамның дамуының тұтас процесінде қандай да бір бастаманы жете бағаламаушылық, немесе керіснше, асыра бағалаушылық бірдей, зиянды.
Эстетикалық сезімдерді, мұраттарды, талғамдарды, бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады, жеке адамды идеологиялық күреске белсенді қатысу үшін шыңдайды.
Жеке адамды жан-жақты дамытудаңы эстетикалық тәрбиенің мәнін, рролін және алатын орнын кеңінен түсіну педагогикада көптен бері келе жатқан дәстүр. Мұндай түсініктің негіздерін А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий қалаған болатын . Біртұтас еңбек мектебі туралы декларацияда - педагогиканың бұл манифестінде - эстетикалық білім алу деп оңайлатылған бірдеңені, балар өнерін оқыту емес, сезім мүшелері мен творчестволық қабілетті үнемі дамыту, әсемдікке рахаттану мүмкіндіктерін ұлғайтып, оны өздері жасай білу деп түсінген. Бұл элементі жоқ еңбек пен ғылыми білім алу бұл документте «жансыздандырылған» нәрсе деп көрсетілді.
Эстетикалық тәрбиенің алғашқы жетістіктерін пайдалана отырып, А.С.Макаренко талай тәжірибелер жасады, олар оған эстетикалық тәрбиенің шеңберін ұлғайтып, оны өнер құралы ретінде ғана емес, сондай ақ еңбекте, ойында, тұрмыста, тәрбиеленушілер коллектівтерінің қарым-қатынасында қолдануға мүмкіншілік берді.
1-тарау. Бастауыш мектепте эстетикалық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты-жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, мамандық таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген.
Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани – эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім - тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «ата жұрт», «атамекен», «елім-жерім», «туған өлке» ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ой, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезім, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д:Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зертттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин, Қ.Ижанов, Ұ.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.
Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызыметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін…, тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, …эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі ». Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу- ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық сезім- адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев «Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, …сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері … адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. … Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылуына тиісті…» деп адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңглік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Эстетикалвқ белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнер бұйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға талпындырады.
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоционалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойы мен адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.
Бүгінде жеке тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімін жетілдіруде қазақ қолданбалы өнері негізінде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігі ерекше.
1.Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
2.Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.
Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалық мұраттарды қалыптастырады, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды және жасауды бойға сіңіруге, нағыз көркем шығармаларды өнердегі әр түрлі жасанды боямадан ажырата білуге, айналаны қоршаған өмірдегі сорақы құбылыстарға, жағымсыз қылықтарға төзбестікпен қарауды дамытуға көмектеседі.
1.1. Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбиенің принципі мен жүйесі
Өмір мен өнердегі тамаша өсімдікті көру, сезіну, түсіну жәнен жасай білу өзінен-өзі келе қалмайды. Бұл қабілеттіліке мақсат көздей отырып тәрбиелеу керек. Радио, кино, әсіресе теледидар сияқты бұқаралық құралдарының дамуына байланысты – мектеп эстетикалық тәрбие берудегі өзінің мәнін жойды деген пікір оын ала бастады. Алайда соңғы жылдардағы зерттеулер мұның олай емес екенін дәлелдеп берді.
Педагогикалық дұрыс ұйымдастырылған хабарлар, оқушылардың көркемдік талғамы мен баға бере білуінің қалыптасуын анықтайды. Бастауыш мектеп оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты мақсат ете отырып, олардың оқуының ақырғы күніне дейін жүргізу тиіс. Бұл жұмысты тоқтатып тастау талғай білудің тұрақсыздануына әкеліп соғады да, оқушылардың өнер шығармаларына дұрыс баға беру қабілетін төмендетеді.
Алайда, егер эстетикалық тәрбие белгілі бір жүйеден жүргізілген болса, ондай жағдайда мектеп өз фунциясын орындайды. Эстетикалық тәрбие жүйесі деген түсінікке жеке адамның қалыптасуын қамтамасыз ететін мақсат бірлігі, мазмұны, принциптері, ұйымдасқан түрлері, әдістері енеді.
Педагогикалық коллектив және әрбір мұғалім қандай мақсаттарға жетуге ұмтылуға тиісті екенін, мектептегі білім берудің әрбір кезеңдерінде қандай міндеттер жетекші болуға тиісті екенін айдан анық көру тиіс.
«Мектеп балаларын тәрбиелеудің үлгі мазмұны» бастауыш класс оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің кең шеңберлі міндеттерін белгілейді. Оқушылардың көркем шығармалардың формалары мен мазмұндарын эстетикалық түсінікті, балалардың өнер шығармаларындағы әсемдікке деген сезімталдық көзқарасын туғызу қажет. Балалардың көргендерін сурет салғанда, сөйлегенде, заттар жасағанда түсіндіріп беру қабілеттерін дамыту маңызды міндет болып табылады. Мектеп балаларын қоршаған ортадағы сыртқы түрінің әсемділігіне, жақсы мінез – құлыққа, өмір мен өнердегі әсемдікті бұзуға деген жағымсыз көзқарасқа тәрбиелеудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбие жүйесін анықтауда педагогтық принциптері анық түсіну үлкен роль атқарады. Олардың ең маңыздысы эстетикалық тәрбиені жалпыға бірдейлігі болып табылады.
Эстетикалық тәрбие жүйесін құрған кезде жеке адамға ықпал жасауда ғылым мен өнердің өзара байланыс принціпі де ең негізгі болып табылады. Ғылым мен тығыз байланыстағы өнер оқытудың қандайда сатысында болсын, баланың ақыл – ойы күшін дамытады, дүние туралы ғылыми ұғым қалыптастырады.
Педагогикада өнер құбылыстарын оқушыларға тек ықпал етудің құралы ретінде, ал балалардың өздерін осы ықпал жасауды обьектісі санатында ғана қарамайды. Эстетикалық тәрбиеде мектеп баларының шығармашылық көркемөнерпаздығы принціпінің үлкен маңызы бар. Көркемөнер шығармасы процесінде оқушы өз күшін жаттықтырады, жеке адамның бір қатар бағалы сапасын дамытады.
Мектептегі эстетикалық тәрбие жүйесін құрғанда жұмыстың түрлері мен мазмұнының бай болуының үлкен мәні бар. Эстетикалық тәрбиенің қазіргі кездегі жүйесінің белгілі бір ерекшілігі жұмыстың көптеген түрлерінің өзіндік сипатында деп есептеу керек. Әдеби – көркем студиялар, мектеп театрлары, кештер мен концерттер – бұл жұмыс формаларының барлығының қайнаған ортасы, ұйымдастырушылар және қатысушылар оқушылардың өздері болып табылады. Еліміздің көптеген мектептерінде эстетикалық тәрбие жүйесі берік орын алуда.
1.2 . Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі табиғат пен өнердің рөлі.
Өнер адам сезіміне көркем бейне арқылы әсер етеді, оның жарқын толғанысын оятады, әр түрлі сезімдерді қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Біздің еліміздің табиғаты орасан бай, сан алуан. Көптеген әдемі де әсем жерлерді кез келген ауданнан табуға болады. Балалар табиғатқа аса ынтық. Бұл жаратылыстан бойға біткен ынтымақты олардың ой-өрістерін дамытуға, отаншылдыққа тәрбиелеуге, табиғаттың әсемдігі мен байлығын көбейте білуге деген ұмтылысына пайдалана білу керек.
Балалардың игілікті сезімдері мен ұмтылыстарын табиғатқа экскурсия жасап, серуендеген кезде, мектеп жанындағы учаскелердегі жұмыстар үстінде, туристік жорықтарда дамыта беруге болады.
Кіші мектеп балаларының бойында әсемдікті терең сезіну және толғану қабілеттері бар. Сондықтан оқушылармен жұмыс жүргізгенде, балаларға өмірдің әсемдігін ашып оларды рухани бейнелерін байыту үшін, қоғамдық белсенді қызметке адамның өмірдегі жақсы мұраттарын бекітуге бөгет болатындармен күрес жүргізу үшін, өнермен шұғылдану жолындағы әрбір мүмкіндікті пайдалану қажет.
1.3. «Ата – баба жолы» дәстүрінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін
қалыптастырудың маңыздылығы.
Эстетикалық сезім дегеніміз - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қымбат қасиеті. Маркс сөзімен айтсақ: "Адам табиғатының (еңбек адамының) тек кең өріс алған объективті байлығыньң молдыгы арқасында ғана адам сезімінің субъективті байлығы пайда болады, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім күлақ пен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдсрі жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады /10.627-б/. Баскаша айтқанда, адамның эстетикалык сезім-сезігі, қабілеті оның еңбегінің жемісі екенін және сол қабілет-касиеттерінің дамуы қоғам оөмірімен, тарихи жағдайларымен- байланыстылығын дәлелдейді. Сөйтіп, біз адамның ләззат алуға бейім эстетикалық деп аталган сезімдерін адам табиғаты дамуының объективті жағдайларына сай дамып, өрістейтінін көреміз. Адамның дамып жетілген эстетикалық сезімінің айқын көрінісі әдебиет пен өнер саласынан байкалады. Олай болса, жаңа қоғам орнату дәуіріндсгі адамның материалдық-рухани дамуының биік дәрежесі оның эстстикалық сезімінің де жан-жақты кемелденуін талап етсді. Сондыктан эстектикалық тәрбиенің белсенді ролі үнемі күшейе беруі қажет.
Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы кызығушылық пен сүйсінудің мөлшсрі адам баласынын борінде бірдей деңгейде дамыған ба? Әрине, олай емес. Өйткені әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі оларда әр түрлі. Олай болмаган жагдайда коғамдагы кейбір жастардьщ бүгінгі сүрықсыздыкка, талгамсыздыкқа бой алдыруы неліктсн? Мүның себебі неде? Ол оның алған тәрбиесінде болмақ.
Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанган әл-Фараби. озінің ғылыми еңбектерінде "адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі" десе, ұлы Абай кезінде "Атаның баласы болма, адамнын баласы бол! Әкенің баласы-дұшпаның, адамның баласы-бауырың" деген еді.
Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты. Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болады, адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді:"Әсемдіктің адамға ететін әсері сезімі -ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда білінетін жарқын қуаныш сезіміне парапар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз" (3,59).
Ұлы ақын, көрнекті ағартушы, ұлттык педагогика ғылымының ірге тасын қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы кезінде былай деген екен: "Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толкындаған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерекше сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки өнердң тылсымдай жанды билеп алып кететін оң, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай қоймайды. Архитектура, сұлу сурет (живопись) скульптура сықылды пластика искусствосы адамның көру сезімін сиқырлап барып жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа үмтылып жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбиеленуге тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбиелеу барысында әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреуінікі музыкадан, біреуінікі сұлу суреттен, біреуінікі поэзиядан. Өнердің әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасының сол түрді туғызатын сұлулық сезімдерін оркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бүлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін. Жымындаған жүлдыздар себелеген көк шатыр кекті, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бүлаңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сүлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сүлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара білу керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген еөзді қымбат деп үғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ - бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы - бәрі таза үстауға тиісті. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық болады.
Баланың маңайындағы сөйленетін сездер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөздерді естіп ескен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала шағаның алдында былық-былапыт сөздерді сапырып сөйлеуіңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады,
және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-түрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.
3) Баланы сүлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сүлу үндерді естісін. Неше- түрлі сүлу түрлерді, түстседі көрсін. Сүлу сөздер, өлендер жаттасын. Түрлі музыка қүралдарының әуендерін тындасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сүлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам - тірі өлік" (4,206-208).
Орыстың данышпан жазушысы А.П Чехов та адамның барлық жағынан көрікті болуын көкседі. Ол былай дейді: "Адам бойындағының бәрі де бет- пішіні де, киім-киісі де һам дуниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс" (5,12).
"Адамның сұлулығы неде?
Бұл сияқты қарапайым сұраққа қысқа әрі басты мәселелерді толық қамти жауап беру оңай нәрсе емес. Қандай сұлулыққа баса назар аудару керек: рухани сұлулыққа ма, жоқ, әлде тән сұлулығына ма? Соншалықты кымбат, бағалы қасиеті қандай өлшеммен өлшеуге болады сонда?. Олай болса, сұлулықтан ләззат алу өз алдына бір мәселе, оған құштар болып, оны сүю – ол өз алдына бір мәселе. Сол үшін де эстетикалық тәрбие өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс ұғынуға эстетикалық қабілеті бар, талғамды адамдар шыңнан шығуды мақсат етіп қояды.
Академик М.Қаратаев "Өнердің эстетикалық сипаты” атты сын зерттеулерінде: "Бұл бізде тың жатқан мәселе. Қазақстанның философиялық ғылымы болсын, филология ғылымы болсын эстетика проблемаларын әлі де жөнді қолға алған жоқ. Әсірсе эстетикалық әдебиет пен өнердің философиясы, ғылымы философиялық тұрғыдан өмір мен өнердің эстетикалық қасиет - сипаттарын анықтау әрекеті бізде мүлде жоқ"- деп бұл мәселенің маңыздылғын шынайы растайды. “Дүние тану және ғажайып дала”- атгы ғылыми және көркемдік тану еңбегінде "өзіміздің ғалым-мамандарымыз эстетика саласы бойынша арнаулы зсрттеулер жүргізбегенше, еш оқулық жазбағандарына қауымның назарын аударады (7,155).
Бұдан шығатын қортынды жастарымыздың эстетикалық мәдениетін көтеруде бұл мәселе қазақ педагогика ғылымының айрықша зерттеу нысанасына айналуы өте қажет. Бұлай айтуымыздың себебі соңғы жылдары ғана зерттеу нысанасына айналған “Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру" мәселесі, соның ішінде "Оқушы жастардың эстетикалық мәдениет дәрежесін қалыптастыруға" арналған ізденіс жұмыстары толыққанды түрде шешімін тапты деп кесіп айтуға болмайды. Бүгінгі еліміздің тәуелсіздік жағдайында жас ұрпаққа, студент жастарға ұлттық идеялар тәлім-тәрбие беру жолында, жалпы адамзаттық өркениеттіке кірігу барысында, бұл мәселені шешу қоғам алдында шешімін іздестіру жайында педагогика ғылымы да үлкен ізденістер танытуда. Осыған орай, жаңа қоғам адамның эстетикалық мәдениеті бейнесін қалыптастыру жөніндегі міндет біздің еліміздің оқу жүйесінің барлық буындарында үлкен қолдауга тиіс болуы кажет. Белгілі ғалым, философ С Ақатай: “Тәуелсілсіздікті алу, жариялау аз. Тәуелсіздікті жасау керек” - деп айтқандай, өркениетті елдердің қатарына кіру үрдісінде бұл мәселеге айрықша мән беруді қажет етеді.
Адамның эстетикалық мәдениеті - оның жалпы мәдениетінің жарқын бір көрсеткіші. Бұндағы туған, өскен ортаға, табиғат құбылыстарына, алған білімге, тәлім-тәрбиеге, қоғамда атқаратын қызметке, тұрмыс жағдайында және тағы басқа толып жатқан факторларға байланысты қалыптасады. Эстетикалық мәдениетке жұртшылықты тәрбиелеу жұмысында жағымды образдармен қатар жағымсыз образдар да белгілі қызмет атқаратыны мәлім. Жаман қылықтарды сықақ, келемеж арқылы әшкерелеу, өмірдегі, адамның мінезіндегі сорақылықтар мен сұрқиялықтарды мінеу, мазақ ету, егер мүның өзі шын өнер құралымен шебер берілсе, жақсы эстетикалық талғамды шыңдауға пайдасы тиетіні сөзсіз. Белинскийдің сөзімен айтсақ, "сықақ та әсемдікке қызмет етеді”
'Біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды инабаттылыкқа, мәдениеттілікке тәрбиелуді қазірден бастап дұрыс қолға алуымыз керек. Ал, ол тәрбиенің негізі – “ата-баба жолы”, ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық қасиеттері болуға тиіс. Осы талап, тілектерді орындаудың ең бір пәрменді құралы ретінде - оқу-тәрбие жұмыстарында халықтық қымбат рухани-мәдени қазынасын пайдалану, қаншама уақыт өтсе де тот баспайтын бабалар өсиетіне сүйену. Өйткені өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу мүмкін емес.
Казақ халқының революицядан бұрынғы тарихында эстетика ғылымы болды деп айтпасақ та, халықтың әсемдік жайлы түсініктері мол болды. "Әлеуметтік, шаруашьлық тіршілігіне сай қазақ руларының әр кезде өзіндік мәдениеті болған, бұл заңды да. Өйткені тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғам, ру - тайпалары мен халық болған емес. Тарих, археология ғылымдарының бүгінгі табыстары ертедегі қазақ рулары мекендеген жерлерде әр түрлі қалалар, кенттер және басқа да мәдениет ошақтары болғандығын дәлелдеп отыр" (8,5).

- Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру
- Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
- Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік
- Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын
- Оқыту процесі
- Оқыту процесін ұйымдастыру
- Оқыту үрдісінің психологиялық негіздері
- Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
- Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы
- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
- Оқушылардың танымдылық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері