ҚР инфляция

               Мазмұны 
           

  Кіріспе 3
1 Инфляция ұғымы  және мәні 5
1.1 Инфляция көпфакторлы  құбылыс ретінде 5
1.2 Инфляция механизмі  және инфляцияны өлшеу 6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдарлары 8
1.4 Инфляция және қаржы 12
2 Шетелдегі инфляция ерекшеліктері 19
2.1 2009ж Ресейдегі  инфляция қарқыны 19
2.2 Ресейдегі инфляциямен  күресу жолдары 21
3 Инфляцияға  қарсы саясатын жетілдіру жолдары  және антиинфляциялық саясат  
25
  Қорытынды 33
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     Инфляция  проблемасы экономикалық ғылымда маңызды  орын алады оның көрсеткіштері мен  әлеуметтік-экономикалық салдарлары елдің  және бүкіл әлемдік шаруашылықтың  экономикалық қауіпсіздігін бағалауда  күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.

     Дүниежүзінде  ХХ ғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9 %-дан 50-ші жылдары, 11 %-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.

     Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір - күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.

     Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.

     Екінші  бөлімінде Ресейдегі инфляцияның  ерекшеліктері мен онымен күресу мақсатынада жүргізілген шаралары көрсетілген.

     Ал  үшінші бөлімінде Қазақстандағы инфляция деңгейі келтірілген. Осы себептен қандай саясат жүргізіледі, қалай өтетіні туралы айтылады.

     Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының  ең өзекті мәселелердің бірі болып  отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2006-2007 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 55,27 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

     Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның  факторларын толығымен анықтап  және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

     - инфляцияның даму факторларын  анықтау;

     - Ресейдегі инфляциямен күресу шаралары;

     - ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

     - инфляция факторларын талдаудағы  перспективаларын қарастыру.

     Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен  салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты

     Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
  1. Инфляция  ұғымы және мәні
 
 
      
    1. Инфляция көп факторлы құбылыс ретінде
 

     Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция көп  уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865 жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 % - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция-бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі. Ал инфляцияның жалпы анықтамасы-бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама-бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасады. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен  көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.  Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық  шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция-қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде  инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

     Инфляциябұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс, ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.

     Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді. 
 
 
 

      
    1. Инфляция  механизмі және инфляцияны өлшеу
 

     Нарықтық  экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.

     Инфляция  тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады. Егер өткен жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және базалық кезеңдер бағалары индекстері айырмасының базалық кезең индексіне қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі: 

           (1)

     мұнда π – инфляция қарқыны;

     Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;

     Р0 базалық кезең бағаларының көрсеткіші. 

     Инфляция  қарқынының кіші мәндері үшін «70 санының ережесін» қолдануға болады. Инфляцияның кішігірім қарқыны кезінде                   (жылына 5  %-дан аз), егер 70-ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция қарқыны екі еселенетін шамамен алынған жыл саны:

           (2)

мұнда – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды;

   π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %. 

   «70 санының ережесі» көбіне-көп нақты  жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор  жинақтарының екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.

   Сандық  тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі  түрлерге бөлінеді: біркелкі – шамамен  жылына 5–10 %-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50 %-ға дейін және гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100 %-дан астам.

   Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының көптеген мысалдары бар.

  Инфляция  деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) дефляторының көрсеткішін қолдануды ұсынады. Осы жағдайда «таразы» ретінде ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі: 

           (3)

мұнда – Пааше бағалар индексі;

 – ағымдағы кезең бағаларында  берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;

 – базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі. 

   Инфляцияны  өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес  бағалар индексі болып табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін қолданады.

   Берілген  әдіс тұтыну және көтерме бағаларын  және т.б.өсімін өлшеу үшін кеңінен  пайдаланылады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы: 

           (4) 

мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;

 – ЖІӨ-нің ағымдағы кезең  бағаларымен есептелген базалық  көлемі;

 – базистік кезең бағаларымен есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі. 

     Тәжірибе  көрсеткендей, Ласпейрес бойынша  өлшенген бағалар көрсеткіші бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше бойынша  өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.

     Осындай жағдайда орташа мәндерді пайдаланған жөн. Олардың бірі орташа геометриялық көрсеткіш ретінде есептелетін Фишер индексі болып саналады: 

fy">          , (5)

мұнда – Фишер индексі.

     Ақшаның сандық теориясы айналым үшін қажетті ақша саны баға деңгейіне және нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей пропорционалды тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына кері тәуелділікте екенін көрсетеді: 

          , (6)

     мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;

     P – бағалардың орташа деңгейі;

     V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

     Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы. 

     Инфляция  бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан  және осы өсім пайыз түрінде болып  келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді.

     Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті  азаматтық салалардан бөліп әкету  орын алады, демек, инфляция – соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.

     Екіншіден, экономикадағы ақша санының артуы. Орталық банктің негізгі мақсаттарының бірі – айналымда басы артық ақша көлемінің көптеп жүруіне жол бермеу. Ақшаның қосымша эмиссиясы экономиканы реформалау және төңкерістермен үнемі қосақталып жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс – «екінші дәрежелі» іс, ал бастысы – өзгерістерді іске асыру (жерді қайта үлестіру, меншіктің басқа қолға өтуі және т.б.). Бірақ «судың да сұрауы бар», бәріне де, оның ішінде қайта құруға да ақша керек. Төңкерістер, соғыстар мен реформалар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы есеп айырысады.

     Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына тәуелді. Әдеттегі жағдайда бұл –  ақша айналымының едәуір дәрежедегі статикалық, баяу өзгеретін сипаты. Бірақ ол кейде тым қозғалмалы шамаға айналып кетеді. Әдетте, бұл дәл жоғары инфляция кезінде, «ыстық» ақшалардан қашу кезеңдерінде орын алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны арзандап кетпей тұрғанда жұмсауға, оларды нақты құндылықтарға алмастыруға асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды, сөйтіп ол инфляцияның келесі орамының әрі қарай тарқатылуының факторына айналады.

     Төртіншіден, инфляцияның факторы ақшамен  атқарылатын тауар массасының көлемі болып табылады. Дағдарыс кезеңінде  өндіріс көлемінің қысқаруы ақшаның  құнсыздануына алып келеді. Бұндайда кедейлену салдарынан халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеп, қысқаратыны ықтимал. Төңкерістер мен революциялық реформаларға да өндіріс көлемі ере жүрмейді, ол өспейді. Сонымен қатар, әдетте, негізгі революциялық өзгерістер инфляциялық салық, яғни ақша массасының өсуі есебінен іске асырылады.

     Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырған постсоциалистік елдер  үшін бастапқы кезеңде инфляцияның  жоғары қарқыны туындатқан төлемдер дағдарысы тән болды.  
 

      1.3 Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары 

     Инфляцияның салдары өте күрделі де көп  қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі  мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан  экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

     Инфляция  қоғамда ақшадан қашу белсенділігін  арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар  тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.

     Баға  деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада  «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.

     Экономиканың  интеграциялануы (ұлттық шеңберден  шығуы) инфляцияның бір елден  екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем  қатынастарын қиындатады.

     Инфляция  және жинақтар. Инфляция жинақтардың  иелеріне қатты нұсқан келтіруі мүмкін. Бағаның  өсуімен нақты құн немесе сатып алушылық қабілет қара күнге деп жинақталған жинақтар азаяды. Инфляция кезінде банктегі жедел есеп шоттардың, сақтандыру полистарының, жыл сайынғы түсімдердің және көзделген ауыр жағдайларды жеңіп шығу үшін бір кезде жетіп отырған басқа да қағаздай активтердің нақты құны. Әрине, жинақтардың барлық нысандары пайыз әкеледі, бірақ дегенмен егер инфляция деңгейі пайыздық мөлшерден асатын болса, онда жинақ құны түсетін болады.

     Инфляция  және несиелі  қарым-қатынастар. Инфляция сондай-ақ дебиторшы мен несиешінің арасындағы кірістерді бөледі. Әсіресе, көзделген инфляция несие берушілердің (қарыз берушілердің) есебінен дебиторшыларға (қарыз алушыларға) пайда әкеледі. Инфляция соңғы екі онжылдықта сатып алушыға күтпеген бақыт әкелді, мысалы, 60-шы жылдардың ортасында қойылған пайыздық мөлшермен үйлер кепілге қойылды. Бір жағынан, инфляция салынып тасталғандарға берешектің нақты ауыртпалығын едәуір жеңілдетті. Екінші жағынан, үйлердің номиналды құны бағаның жалпы деңгейінен жылдамырақ өсті. Номиналды ұлттық кіріс, демек, салық жиындары да  инфляция кезінде өседі, ал мемлекеттік қарыздың мөлшері өспейді. Бұл инфляцияның үкіметке мемлекеттік қарыздың ауыртпалығын жеңілдетеді. Инфляция осындай пайданы үкіметке әкелгендіктен, кейбір экономистер ашық түрде сұрақ қояды: қоғам үкіметтің ынта қоятындығына сене ала ма? Шынында да, Бразилия сияқты кейбір елдер бір кезде өздерінің қарыздарының нақты құнын төмендету үшін инфляцияны соншалықты кең қолданды, қазір несие берушілер қарызды өздерінің валютасында емес, америкалық доллармен немесе қандай да бір басқа тұрақты валютада алуына мәжбүрлейді. Бұл инфляцияның елдің ішінде қолдануын болдырмайды. Кез келген инфляция ел ішінде төлеуге қажетті қарыздың құнын емес, оның валютасының нақты құнын төмендетуге әкеліп соқтырады.

     Инфляция  және салықтар. Инфляциядан болатын  шығындардың тағы да бір маңызды элементі (дұрыс күткен жағдайларда, бірақ институттардың толық емес бейімділігі) салық  жүйесінің инфляциялық үрдістерге бейімделу тауқыметтерінен пайда болады. Мұнда екі ірі проблема бар. Біріншіден, баға деңгейінің өсуінен салық төлемдерінің үлесі нақты кірістердің жалпы көлемінде өседі, осылайша салықтардың прогрессивті өсімінің эффектісі туады. Егер салықтар кейінгісінің көлеміне қарамай-ақ номиналды кірістерге тұрақты пропорцияда тұрса, онда ешқандай жағдайда адамдар салық түрінде өздерінің кірістерінің бірдей бағаның деңгейінен байланысты болатын пайыздарын төлеуші еді. Салық салу нормасында оның прогрессивті нысанын қолданған кезде номиналды кірістердің деңгейімен бірге ұлғаю бет алысы болады, онда инфляция номиналды кірістердің өсіміне келе отырып, нақты кірістердегі салықтардың да үлесін өсіреді. Екінші меселе капиталдың салық салуымен байланысты. Капиталға салық салу кірістері жақсы кездерде де күрделі мәселе болып жүрді. Мұндай капиталдан түскен табысқа кіріс ретінде немесе арнайы, аса төмен мөлшерлеме ретінде салық салынуы керек пе, деген негізгі сұрақ туындайды. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді. Бірде бір елде капиталға салық  салуға инфляцияның әсерінен болатын салдарлардың бейтараптандыруында айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмады. Салықтар саласындағы кейбір мамандар инфляциядан болатын залалдардың көбі, оның нақты салық салу капиталын өсіруінде де санайды.

     Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша  салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

     Филлипс қисығы.

     Инфляция  жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал  жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.

     Филлипстің  анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3 %-тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар бағаларының өсу карқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. 

 

Сурет 1 - Филлипс қисығы 

     Қисық сызықтың жылжуы стагфляциялық жағдайды көрсетеді

     Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс кисығын  қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.

     Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру  саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.

     Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс  қисығы концепциясына сєйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.

     Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына   қосымша   сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны  инфляция  деңгейінен  артық көтеру талабы кєсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер косымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын   қысқартып,   жұмыссыздықты  арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударған еді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықтылған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.

     Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде тек  баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.

     Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

     Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерінен құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.

     Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге  арналған экономикалық саясат әрқашан  оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отыр.  Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4 %-ке тең болса,                             80-жылдардың екінші жартысында 6 – 7 %-ке дейін өскен екен.

     Инфляцияның экономикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы қарама-қайшылықты болып келеді. Жоғары инфляция  бизнеске қауіп төндіреді және инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз  (бюджет  сферасындағы кызметкерлерге, несие берушілерге және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай-ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық  салық  алады.

     Инфляциялық салықүкімет айналымға косымша ақша шығарудан алатын салық, яғни мемлекет баспа станогы арқылы өз табыстарын ұлғайтады. Инфляциялық салық басқа салықтарға ұқсамайды, оның іс-әрекеті бүркемелі түрде жүргізіледі. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға (жоюға) әкеледі. Сондықтан инфляциялық салық ақшасы бардың бәріне салынады. 
 

    1. Қаржы және инфляция  

                                                                                                                                   

     Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

ҚР инфляция