ҚР-ның Ұлттық қоры
ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Экономикалық факультеті
«Қаржы»
кафедрасы
Тақырыбы:ҚР-ның
Ұлттық қоры
Орындаған:
Нұрланов Н. Қ-23
Астана 2011
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
1. бөлім ҰЛТТЫҚ
ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ
1.1.Мемлекеттің
қаржы жүйесіндегі Ұлттық
1.2. Ұлттық қорды
қалыптастыру мен пайдалану
және бекіту...................
1.3. Ұлттық қордың
кіріс көздері мен пайдалану
бағыттары.....................
2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ................17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару......17-19
2.2.Қазақстан
Республикасының Ұлттық
2.3.Қазақстан
Республикасының Ұлттық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Тіпті
үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы
деңгейдегі қазақстандықтың өзі
еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі.
Алайда ол не үшін құрылды, кім және
қалай басқарылатынын аздаған адамдар
ғана біледі.
Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға
ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған
стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан,
«голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге
батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің
ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл
қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы
экономикалық реформа бойынша алда екендігін
тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны
ірі халықаралық қаржы институттары мысалы,
Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту
және даму банкі бірнеше рет атап өтті.
Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның
Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы
КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель
ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние
жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі
болып табылатын латинамерикалық Тринидад
және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ
қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған
Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес
берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының
Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың
көзқарастарына қарағанда, оның қызметі
табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің
Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын,
мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ
материалдық емес активтерді қоспағанда,
өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның
Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры
мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру,
сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың
конъюкторасына Республикалық және жергілікті
бюджеттердің тәуелділігін төмендету
мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын
қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің
және материалдық емес активтерді қоспағанда,
өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың
шикізат секторына тәуелділігін және
қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын
төмендетуге арналған.
Тақырыптың өзектілігі- Ұлттық қор болмаса жалпы осы Қазақстан Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму ахуалы жоғары болады.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып-Қазақстан Республика-сы Ұлттық қорының экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б.табылады. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Републикасының Ұлттық қорының қаншалықты қоғамдық өмірдежәне еліміздің дамуында манызды рөл атқаратыны туралы жазылған .
Осы жұмысты жазу барысында
басты назар келесі мән-
- Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың алатын ролі
- Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану
- Ұлттық қордың кірісі мен шығысын құқықтық реттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ұлттық қордың құрылуының негіздерін қарастыру
- Қазақстандағы Ұлттық қордың орнын анықтау
- Қазақстан Республикасындағы Ұллық қордың маңыздылығына тоқталу
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы ресурстары мен ақшалай қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қор – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Курстық
жұмыстың зерттеу пәні Ұлттық қордың
басты назарды ұстайтын нысандары:
табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік
бюджеттің кіріс-шығысы, олардың
тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен
және оның негізінде ақшалай қорларды
жасаумен, оларды қоғамдық дамудың
қажеттіліктерін
Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және тағы басқалар. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Бұл
курстық жұмыста Ұлттық қордың мәнін,
оның экономикадағы рөлін, құрылымы
мен құрамын және оның қоғам өміріндегі
маңыздылығын толықтай және де көбірек
қамтыдым.
1.бөлім Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі 1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні.
Елдің
бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті
және төтенше бюджеттермен қатар
Қазақстан Республикасының
Ұлттық
қор елдің тұрақты әлеуметті-
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономианың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары коньюктура-сының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін ресми трансферттер, сондай-ақ осы қорды басқарудан түсетін инвестициялық тбыстар қарастырылады. Республикалық бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей анықталады:
- шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың
бекітілген жылдық көлемдері
араларындағы айырмасы
- шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік
мүліктерді жекешелендіруден
- шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.
Жергілікті
бюджеттер бойынша ресми
Ұлттық
қорды тиімді басқару мақсатпен
Қазақстан Республикасының
Кеңсе келесі функцияларды атқарады:
- қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде
ұсыныстар жасайды және
- қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар
қарастырады және жасайды.
- қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да
мүліктер тізбесі жөнінде
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1.Есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға, есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп бекітеді;
2.Ұлттық
банкпен бірлесіп ақпараттық
материалдардың және қорды
3.Президентке
қордың қалыптастырылуы және
пайдаланылуы туралы есепті
4.Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;
5.Қорды
қалыптастыру мен пайдаланудың
бұхгалтерлік есебін
6.Қордың
қызметімен байланысты өзге
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:
1.Қорды
оның бір бөлігін сыртқы
2.Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;
3.Үкіметке
қорды сенімгерлік басқарудың
нәтижелері туралы есепті
4.Сенімгерлік
басқару туралы ережелер мен
шартта қарастырылған өзге
Қорды
тиімді сенімгерлік басқаруды
Қазақстан
Республикасының өкіметі мен
Ұлттық банк қорды басқару мәселелері
бойынша болжамды іс-әрекеттер мен
қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне
ақпарат беріп отыруға
1.2.Ұлттық
қорды қалыптастыру
мен пайдалану
жөніндегі есепті
құру, қарау және
бекіту.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану механизмі мемлекеттің және шетелдердің жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік пен ішкі тауар, сонымен қатар қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.
Ұлттық
қорды қалыптастыру мен пайдалану
есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне
кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық
банкпен бірге аудит
Белгіленген
формамен және бекітілген тіртіппен
жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру
мен пайдалану жөніндегі есеп
ҚР Президенті бекіткеннен кейін
ақпарат ретінде Қазақстан
Қордың
қалыптастырылуы мен
- Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
- Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 630 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы есеп бекітілді.
2007
жылғы 1 қаңтарға Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне
өзгерістер енгізуге байланысты («Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан
2007
жылы Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына мұнай
секторы кәсіпорындарынан түсетін
түсімдерде негізгі бөлікті (66,77%) заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтік
табыс салығы, одан соң үлесі түсімдер-дің
жалпы сомасының 16,5%-ін құрайтын роялти
алады. Үстеме пайдаға салынатын
салық түсімдердің жалпы
«Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан 2007
– 2009 жылдарға арналған кепілдендірілген
трансферт туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылы
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 1 317 396 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқарудың қорытындылары
бойынша 2007 жылы алынған ұлттық валютада
көрсетілген инвестициялық
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылға ауди-торлық тексеру жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік шынайы деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайы қаржы-лық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөніндегі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
кірістері мен шығыстары туралы
есеп .
| Баптардыңатауы | 2007 жылы | 2006 жылы |
| 1 | 2 | 3 |
| Кірістер | ||
| Сыйақытүріндегікірістер | 73 553 658 | 41 106 540 |
| Дивидендтертүріндегікірістер | 12 152 166 | 6 512 527 |
| Форвардтықвалюталықкелісімшарт |
28 886 584 | 17 738 988 |
| Форвардтықвалюталықкелісімшарт |
1 417 922 | (12 910 636) |
| Шетелдіквалюталардықайтабағала |
89 990 488 | 61 619 693 |
| Кірістердіңжиыны | 206 000 818 | 114 067 112 |
| Шығыстар | ||
| Активтердібасқарғаныүшін комиссия | 2 097 832 | 1 083 937 |
| Кастодиандыққызметтергеақытөле |
193 757 | 170 354 |
| Аудиторлыққызметтергеақытөлеуж |
14 820 | 13 000 |
| Кәсібиқызметтергеақытөлеужөнін |
999 | - |
| Бағдарламалықөнімдердіжәнеақпа |
16 142 | 20 136 |
| Шығыстардыңжиыны | 2 323 550 | 1 287 427 |
| Таза кіріс (шығын) | 203 677 268 | 112 779 685 |
1.3.Ұлттық
қордың кіріс көздері
мен пайдалану
бағыттары.
2001
жылдың ішінде Ұлттық қор
Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын – Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес арқылы басқарылады. Оның негізгі міндеті Ұлттық қорды пайдалану жөнінде Елбасыға тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Сонымен бірге Президентке және аталған Кеңеске, Үкімет пен Ұлттық Банкке Ұлттық қорды басқару жөніндегі қызметке бақылауды жүзеге асыру, өзге өкілеттіктер беру сияқты артықшылықтар ұсынылған. Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Ұлттық қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады. Соған сәйкес Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін басқаруға сыртқы басқарушылармен шарттар жасасты. Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Ұлттық қордың сыртқы аудиті жүргізіледі.
Ұлттық қорды пайдалану
Қазақстанда балама ретінде мұнайдан түсетін қаражатты халық арасында бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Алайда, бірқатар себептер бойынша бұл тетік қазіргі уақытта қолайлы емес. Біріншіден, елге мұнай долларының шамадан тыс ағыны ақша массасының артуына, инфляцияның өршуіне, ұлттық валютаны нығайтуға әкеп соқтырады. Бұл отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және арзан шетелдік өнімге деген сұранысты ұлғайтады. Екіншіден, мұнай бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығын тартады және әлеуметтік төлемдер бойынша тиісті деңгейде төлем жасау қабілеті әлсірейді. Ұлттық қордың құрылуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына ықпал етеді және Қорда қаражатты жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықтарды біртекті бөлу қағидатына сай келеді.
Әлемдегі нарықтық қатынастардың жаңа сапаға көшуі және ел экономикасының өркендеуі нәтижесінде бір-екі жыл бұрын Қор қызметін одан әрі жетілдіру шаралары қолға алынған болатын.
Экономикадағы өзгерістерді қаперге ала отырып, Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Президенттің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған Ұлттық қорды қалыптастыру және қаражатын пайдалану тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада жиынтықталған бюджет әдісіне көшу ұсынылды, онда мұнай секторынан түсетін кірістердің Ұлттық қорға бағытталуы қарастырылған. Бұл мемлекет келешекте мұнайдан алынатын кірістерсіз әрекет етуі тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде ұлттық экономика үшін өңдеуші саланың рөлі мен мәні артып отыр. Өйткені онсыз мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуі ұлғаймақ емес. Жиынтықталған бюджет әдісі бюджет шығыстарының тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді. Мұнай кірістері Ұлттық қорға аударылатындықтан, ал Ұлттық қордан бюджетке кепілдік берілген трансферт жіберілетіндіктен, бюджет шығыстары қысқа мерзімді және орта мерзімді кезең ішінде мұнайға және мұнай бағасының өсуі мен төмендеуіне тәуелді емес.
2005жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жиналымдарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды, ол шоғырландырылған бюджеттің бір бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Ұлттық қорға бекітілген тізбе бойынша 55 мұнай секторы кәсіпорнынан түсетін тікелей салықтың, республикалық меншіктегі және тау-кен әрі өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер аударылады. Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және Ұлттық қорды басқаруға және аудитке байланысты шығыстарды жабуға жұмсалуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнайға жатпайтын сектордан түсетін түсімдердің азаюы салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс. Ал ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың өсіп отырған шығыстары тиісті шектеулерге сәйкес қажетті қаражат қарыз алу есебінен ғана жабылуы мүмкін. Сондай-ақ, Ұлттық қордың міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге пайдаланылмайтын-дығын атап өту керек.

- ҚР-ның Ұлттық қоры
- ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелер
- ҚР-ң инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер
- ҚР орта мерзiмдiк фискалдық саясат
- ҚР салық жүйесі
- ҚР салық жүйесіндегі құқықтық принциптер
- ҚР салық салу ерекшеліктері
- ҚР-ның ақша айналысын реттеу
- Қ.Р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым
- ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары
- ҚР-ның салық жүйесі
- ҚР-ның сауда саясаты
- ҚР-ның сыртқы экономикалық саясаты
- ҚР-ның сыртқы экономикалық саясаты