ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3 
 

1     БЮДЖЕТТІҢ ЖАЛПЫ  ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ  МӘНІ…………………..........5 

1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы……………………………...........5

1.2 Бюджет жүйесінің түрлері және орындалуы……………………….............9

1.3 Бюджет тапшылығы…………………………………………………...........12 
 

2     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БЮДЖЕТ  ЖҮЙЕСІНІҢ   

       ОРЫНДАЛУЫНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІН АНЫҚТАУ……………....……..15 

2.1  ҚР бюджет жүйесінің орындалуы……......…………………………..........15

2.2 Республикалық бюджеттің  орындалуы есебі…………………….............16 
 

3    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

      БЮДЖЕТІН ЖАҚСАРТУ………………………………………………….21 

3.1 ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары..............................21 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...23 

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР……………….......…………………………25


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 
 

    Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі. Еліміздің  егемендік  алғаннан бергі  15 –  шақты  жылдың  ішінде  экономикамызбен әлеуметтік  өмірімізде болып жатқан  оңтайлы  өзгерістер мен қол  жеткен  табыстарды  сөз еткенде, ең  алдымен  мемлекеттік  бюджеттің  орталықтандырылған ақша қорын жасау, екіншіден   оны  ұдайы өндіріс  пен  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатына  пайдалану  мақсатымен  қоғамдық өнімнің  құнын бөлу  және  қайта  бөлу  процесінде  мемлекет пен қоғамдық  өндірістің  басқа  қатысушылары арасында пайда  болатын  ақша  қатынастары екені  көрсетуіміз керек

    Мемлекеттік бюджет жүйесі қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

      Мемлекеттік бюджет — ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

    Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

    Зерттеудің  мақсаты мен  міндеттері: Қазақстан Президенті Н.Назарбаев қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бюджетін жақсарту үшін бюджет процесін жетілдіру. Мәселе бюджетті құрастыру процедурасы туралы ғана емес, сондай-ақ бюджеттің қабылдануы мен нәтижелі атқарылуы тетігі туралы болып отыр. Іс жүзінде «қаржы технологизмінің» тұғырнамасын қолдану бюджет саласында келесідей маңызды қозғалыстар тудырады:

  • халық мүдделерін қаржыландыру көздеріне сәйкес тетіктерді құру;
  • барлығына түсінікті бюджет процедурасын қолдану арқылы елдің бюджет жүйесінің барлық деңгейінде бюджет процесінің айқындығын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік қаражатты мақсатсыз және тиімсіз жұмсауды төмендету;

            Зерттеудің  құрылымы. Зерттелгелі  отырған «ҚР бюджет жүйесі» атты  курстық  жұмыс  негізінен: кіріспеден, 3 бөлімнен,  қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1   БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ  ЖАЛПЫ  ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ  МӘНІ 

    1.1 Бюджет жүйесі және бюджет  құрылысы 
 

    Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруа-шылығын, әлеуметтік сферасын, өрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын үстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жүмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі қүрылады. Бюджеттердің же-келеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін үйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынаста-ры мен байланысының үйымдық нысандары, бюджет қүқықта-рының жиынтығы — бюджет қүрылысын құрайды.

    Дүниежүзінің  әр түрлі елдерінде бюджет қүрылысы мемелекеттің қүрылысына, аумақтық-өкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

    Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және қүқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюд-жет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің қүрылымы, бюджеттердің же-келеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, ейткені олардың аумақтық қүрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

    Бюджет  жүйесінің қүрамы елдің үлттық-мемлекеттік  қүры-лымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитар-лық қүрылымы болуы мүмкін.

    Федеративтік  мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

    мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері);жергілікті бюджеттер.

    Унитарлық (біркелкі) мемлекеггерде екі буынды бюджет жүйесі қодданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дөрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны жөне сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

    Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік  бюджетті қүрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай  бюджеттер жүмыс істейді (1-сызбаны қараңыз):

    республикалық бюджет;

    облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджеті;

    ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

    Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің  әзірленуі, бектілуі жөне атқарылуы мүмкін.

    1991 жылы Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге  үшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюд-жеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурс-тарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республи-калардың республикалық бюджеттерінің жөне 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

    Бюджет  кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет—араларындағы  өзара етелетін операцияларды есепке алмағанда, республи-калық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, таддамалық ақпа-рат ретінде пайдаланылатын жөне бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

    Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табыла-ды. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты жөне оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекетгік жене муниципалдық қүрылымдарының ақша қорлары қүрылады, бүл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

    Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз етуге жөне мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры./2, 257 б./

    Жергілікті  бюджет (екімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала-ның, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

    Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қар-жымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырыл-ған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

    Бюджет  заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (об-лыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала-дағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтан-дырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

    Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Қазақстан Республикасының  заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

    Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

    Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді жөне ол Қазақстан Республикасының заңцарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

    Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге жөне оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып та-былады.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының  Парламенті дереу хабардар етіледі.

    Тетенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мөслихаттар шешімдерінің қолда-нылуы тоқтатыла түрады.

    Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

    Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылған-нан бастап республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқа-рылуы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте  төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдай-дың зардабы үлттық мүдделерге және республиканың экономи-калық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

    Бюджет  жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара  байланысына негізделеді және оларды жос-парлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік  бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

    Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуы-мен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бүл қағвдат біршама әлсіреді. Бюд-жет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қоддауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

    Бюджеттердің  бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолда-нумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сы-ныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалык саясат арқылы іске асырылады. Бюджет жүйесінің жүмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жос-парлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

    Алайда  бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін  құрудың маңызды қағидаты болып  отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жүмсаудың бағыттарын анықтайды.

    1.2 Бюджет жүйесінің түрлері және  атқарылуы 
 

    Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурс тарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет құрылысын құрайды.

    Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік  бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне  және нақтылы мемлекеттің басқа  айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

    Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

    Әр  түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

    Бюджет  жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

    Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

    мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық тілімен  анықталады, өйткені Қазақстан —  федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

    Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі  бюджеттерді қамтиды.

    Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен  жергілікті бюджеттер дербес жұмыс  істейді (2 сызбаны қараңыз).

    

   2 сурет. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы 

    1991 жылы Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюд-жетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

   Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған./2, 12 б./

   Республикалық бюджет — бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

     Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) — облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық, маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.

   Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы және жариялығы қағидаттарына негізделеді.

     Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.         

        Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.

    Биліктің  әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері  мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құкықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мөселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады.

    Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың — зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, жол халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының қаражаттары енгізілген.

    Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық  бағалау есепке алынуы қажет.

    Бюджеттердің  жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

    Жариялылық  елдегі адам құқығын, демократиялық  өзгерістерді сақтаудың маңызды  шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ре-сурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін салады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқа-рылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады.  
 

    1.3. Бюджет тапшылығы 
 

    Әр  бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін  тендестірген, яғни баланстандырған  дұрыс. Баланс — бұл  тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды асып түсуі бюджет артығын құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың  едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

    Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің  жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3 % мөлшері  саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік  қарыздар шығарудың немесе кағаз  ақшалар эмиссиясының көмегімен  біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары