ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.
Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлшемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.
Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі.Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.
Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.
Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.
Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.
Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес.
Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.
Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.
Өлшеу арқылы
толық және шынайы мәліметтерді алу
болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты
игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар
жасау облысында, барлық салалардағы
бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз
етуде жетістіктерге қол
Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.
Неғұрлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.
Курстық жұмыстың
негізгі мақсаты Қазақстан
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1.Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді. Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.
Өндіріс пен тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран), бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут) қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.
Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі жүйесі ретінде көне египеттік өлшем бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.
Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ (локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин пайда болған кезде пядь (1/4 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. «Табиғи» өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан айналу орташа периодының 1/86400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды. Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар. Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) «алтын белбеуі» ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі Всеволодтың (1136 ж.) жарлығында «торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий взвешивать ...» деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550 ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың – осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар,олардың «заморскелік» өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ ұйымдастыруды талап етті.
1 Петр жүргізген
қайта құрулар нәтижесінде,
XVIII ғасырдың аяғында Еуропада өлшемдердің біртұтас халықаралық жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы Францияда өлшемдердің ондық метрлік жүйесін дайындау мен қабылдауға әкелді. Ұзындық пен салмақтың өлшемдерінің платиналық протатиптері – метр мен килограмм дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен енгізілді, отандық метрологияға көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады. 1899 жылдан бастап ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты [1,35б.].
«Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу туралы» Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды. Декретті шығару отандық метрологияның дамуындағы нормативтік сатының басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған болатын.
Фундаментальді және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық метрологияның құрылуы жүзеге асты [1,45б.].
Заңнамалық метрология – бұл өлшемдердің біртұтастығын және өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағыттылған, өзіне өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау жатады.
Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары сәйкес халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен біріктірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер етеді[2,83].
Қазақстандағы
өлшеу техникасы мен өлшемнің
даму тарихы Ресейдегі метрологияның
қалыптасуымен тығыз
1929 жылы 1 қазанда
Семипалатинсктін өлшем және
таразы палатасының аты
Қазақстандағы
өндіріс пен мәдени-
1972 жылы Қапчағай
қаласында радиоциондық
1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.Республикадағы өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы бойынша Алматының стандартизация және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды.Барлық Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [1,135б.].
Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың 700-ден астамымен қамтамасыз етілді [5,25б.].
1992 жылы Қазақстан
Республикасы өзінің
Қазақстандағы
өлшеу техникасы мен өлшемнің
даму тарихы Ресейдегі метрологияның
қалыптасуымен тығыз
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі
Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.
Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүйесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.
Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.
Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.Практикалық жұмыста өлшемді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру циклі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады [5,94б.].
Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады.Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді.Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады.
Н.И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазған, яғни өлшем мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталады.Міне осы өлшеу негізіне алынған.Егер де біз өлшем туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру мүмкін емес болушы еді.
Көп жағдайларда
қиын мәселелерді, әр түрлі жердегі,
әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу
құралдарының қолдануымен алынған
өлшемдердің көп болуы
Метрологияны қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық, материалдық және т.б. ресурстардың үнемдеу мәселесін иеленеді, себебі өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады.
Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады.Мұнай, газ, жанар майдың көп мөлшері ескерілмейді. Егер электрлік энергия счетчигінің қателігі – 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды.Егер дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны есептеледі.Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету шартының бұзылуы өнім сапасын бақылау кезіндегі техналогиялық процесстерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика кезіндегі және т.б. өлшеулер үлкен шығынға әкеледі.Өнімді өндіру кезінде тек қана дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау құралының көмегімен, техналогиялық процесстердің өзінде сапа көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу күйін де ескеру керек.Жаңа бұйымды жасамас бұрын,техналогиялық процесстегі өндірістің метрологиялық жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау және аттестациялау әдістерін қолдану қажет.Медицинадағы метрологияның мәні өте үлкен.Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада, терапия және диагностика кезінде өткізіледі.Биалогиялық объект параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері бойынша адамның барлық және жеке мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады. Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек. Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды жасайды.Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) әсері зерттеледі, ол үшін көп өлшемдер жүргізіледі [7, 25б.].
Оператор
алынған өлшеу нәтижелерінде
күмәні болмауы керек. Ол үшін эксплуатация
кезінде үнемі слыстырып
1.3. Метрологиялық
қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік
негізі
Метрология метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.
Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік метрологиялық қызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын жүйелер:
-физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
-эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің көлемдерін үлгілі СИ көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге жіберу;
-өлшемдердің жұмыс құралдарының өндірісі мен айналымға шығару үшін дайындаулар мен бекітулер;
-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық аттестациясы;
-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;
-заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері;
-физикалық константтар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтер.
Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі – «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып табылады:
-өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану деңгейін көтеру;
-бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;
-ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;
-есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету және материалдық құндылықтарды және энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарлату;
-транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;
-байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;
-тұтынушыны қорғау [2,13б.].
Өндірістің қазіргі даму сатысында метрологиялық қамтамасыз ету, негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың, автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының белсенді құралына айналды.
Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік метрологиялық
Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология, сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.
Барлық өлшемдердің, яғни
экономиканың дамуының деңгейі физикалық
шамалар бірліктерінің
Сондықтан қабылданған
мемлекеттік бағдарламалармен дәл
өлшемдерді, жинақталған ғылыми-техникалық
потенциалды нығайту мен
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының алдында келесі міндеттер тұр: өлшемлердің деңгейін жоғарлату, ұлттық өлшем жүйесін жетілдіру, физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін жіберудің бірегей тәртібін бекіту.

- ҚР-ның ақша айналысын реттеу
- ҚР-ның ақша айналысын реттеу
- Қ.Р.-ның бюджеті және бюджеттік құрылым
- ҚР-ның мемлекеттік бюджетін жақсарту шаралары
- ҚР-ның салық жүйесі
- ҚР-ның сауда саясаты
- ҚР-ның сыртқы экономикалық саясаты
- ҚР қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- ҚР қаржылық кадагалау агент.кызмет.жетил.жолд.
- ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны
- ҚР лизинг бизнесі
- ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
- ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
- ҚР лизингтің сыртқы жағдайы