ҚР-ның ақша айналысын реттеу

                                                                МАЗМҰНЫ

 
Кіріспе ................................................................................................................ ....

 

I. Ақша және ақша жүйесі ұғымдары

1.1.Ақша ұғымы және оның пайда болуы, түрлері, қызметтері.................

1.2.Ақша  жүйесі және оның элементтері......................................................

 1.3.Ақша жүйесінің типтері:металл ақша айнылысы мен несие және қағаз ақша айналысы............................................................................................ 

 ІІ. ҚР-ның ақша жүйесі

 2.1. ҚР-да ақша жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы...........

 2.2. ҚР-ғы ақша айналымы және ақша агрегаттары..........................................

 2.3. ҚР-ғы ақша айналымының бұзылуы............................................................ 

  III. ҚР-ның ақша айналысын реттеу

  3.1. ҚР-ның ақша реформалары........................................................................

  3.2. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты................................ 

Қорытынды...................................................................................................... 

Қолданылған әдебиеттер............................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          І. Ақша және ақша жүйесі ұғымдары  

    1.1. Ақша ұғымы және оның пайда болуы, түрлері, қызметтері          

   Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет. Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы  және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамын келген экономикалық категория болып табылады.

     Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:

  • жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;
  • айырбас құнның дербес формасы;
  • еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.

  Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу  формасы ретіндегі қасиетті, ақшаның  кез келген материалдық бағалы затқа  тікелей айырбасталатынын  сипаттайды Кеңес үкіметі кезеңінде бұл  мүмкіндік тар көлемде, яғни тек  қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру  процесі басталғалы бері, ақшаның  бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама  кеңейе түскен.

  Ақшаның айырбас құнның дербес формасы ретінде  пайдалану  тауарларды сатумен тікелей  байланысты емес. Бұл формасында ақша, несие беру, қарыз өтеу, мемлекеттік  бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын  коммерциялық банктерге сатуы барысында  және т.б. жағдайларда қолданылады.

    Еңбектің сыртқы заттық өлшемі  тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің  ақша көмегімен өлшеуге болатын  құнын сипаттайды.

  Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар  ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін  орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама  немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға  бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін  атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай  демонетизациялануы жалғасуда  және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі  өзінің қасиеттерін сақтап қалды  дейді.

  Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ. Төлем, айналыс  және қорлану құралы болып, алтын  белгілері – қағаз және несие  ақшалар қызмет атқарады. Бірақта  алтын дүниежүзілік ақша болып қалып  отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

  Ақшаның түрлері.  Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.

  Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл  олардың соңғы формасы болып  табылады. Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.

  Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

        Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

     - алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

  - жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

    - алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

  Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

  Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды  білдіреді.

  Оған  мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның  қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз  ақшаларға және несиелік ақшаларға.

  Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта  олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары  ретінде пайда болған. Бұл қағаз  ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

  Металл  ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының  мынадай өзіндік себептері болған:

  металл  ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  металл  ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында  бүлінуі;

  бағалы  металлдарды өндірудің қағаз  ақшаларды шығаруға қарағанда өте  қымбатқа түсуі;

  эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның  қағаз ақщаларды шығаруы;

  қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

       Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ.  Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары  болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде  пайда болды. Бірініші дүние  жүзілік соғыс жылдары қағаз  ақшалар барлық елдерде шығарылды.  Қазіргі кезде қағаз ақшалар  қазыналық билеттер түрінде он  елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана  сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

  Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен  шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.

  Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің  қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың  құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

  Несиелік  ақшалар – тауар өндірісінің  дамуымен, яғни тауарларды сатып алу  және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы  ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын  икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына  мүмкіндік жасауымен сипатталады.

  Несиелік  ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

    Вексель – белгілі бір соманы  алдын ала келісілген мерзімде  және белгіленген жерде төлейтіндігі  туралы борышқордың жазбаша қарыздық  міндеттемесін білдіреді.

  Вексельдің  екі түрі бар: жай  және аудармалы  вексель.

  Вексельдің  түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

    Жай вексель (соло) – вексельдің  ұстаушыға вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта  немесе талап етуге байланысты  төлеу туралы вексель берушінің  еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін  сипаттайтын вексель.

  Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.

  Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін  бергеннен бастап, борышқор болып  табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге  аударып жазу) көмегімен айналыста  жүре берді. Аудару туралы қолдардың  көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант  вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

  Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

  Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің  вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

  Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір  ақша сомасын қарызға беруден  туындайтын қарыздық міндеттеме.

  Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын  оның міндеттемесі. Қазыналық вексель  бойынша мемлекет борышқор болып  саналады.

  Достық  вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

  Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген  қарыздық міндеттемені білдіреді.

  Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың  айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы  ақша бірліктері.

  Ол  вексельден және қағаз ақшалардан өзара  ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

  мерзімділігіне  қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз  қарыздық міндеттеме;

  кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі  кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

  Экономикалық  әдебиетте банкнотаны екі түрге  бөледі: классикалық және жай.

  Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы  пайда болған формасы ретінде  алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық  банктің билеті.

  Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік  айырмашылығы бар:

  жаратылысына  қарай – қағаз ақшалар ақшаның  айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем  құралы қызметінен пайда болған;

  эммисиалық  әдісі бойынша – қағаз ақшаларды  айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

  қайтарылуына  қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз  ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста  қала береді;

  ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар  банкке қайтуына байланысты алтынға  немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

  Банкноталардың  алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнот алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

  Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі  айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

  Олар  металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі  айналыста жүрген орталық банктен  шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың  белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.    

  Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын  бөліп көрсетуге болады:

  шаруашылық  несиелеу жолымен;

  мемлекетті  несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың  шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

  ұлттық  валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық  резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

  Чек вексель мен банкнотаға қарағанда  коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай  қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде  біршама кеш пайда болды.

  Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.

  Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай  соманы төлеу туралы немесе басқа  ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

  Чектің  мынадай түрлері бар:

  ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

  ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа  бір тұлғаға беруге құқық береді;

  мәлімдеуші  чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

  есеп  айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

  жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

  кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын  төлем құралы.

  Чектің  экономикалық жаратылысы мынадай:

  біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға  қызмет етеді;

  екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

  үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу  құралы.

  Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу  құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен  сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

  Электронды  ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

  Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық  қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер  үшін төлеуге арналған төлем құралы.

  Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка  иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен  қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

  Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік  карточкалардың отандық және халықаралық  түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.

  Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

  Несиелік  карточкалар бөлшек сауда айналымында  және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып  алуға арналған, туризм және ойын-сауық  шараларын төлеуге арналған. Біршама  кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын  жатқызуға болады.                   

     Ақшаның қызметтері.   Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.                                  Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.                                                      

     Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.   Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.  Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде  ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

     Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.

    Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағжайжа Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А – Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады. Нәтижесінде тауарларға қатысты  ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

     Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады. Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл  жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

     Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айырбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық  белгілері бойынша жүзеге асырылады. 

ҚР-ның ақша айналысын реттеу