ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы
Тақырыбы: ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ------------------------------
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны
------------------------------
1.2. ҚР-дағы меншіктің
түрлері және нысандары ------------------------------
1.3. Меншік құқығына
ие болу және оның тоқтатылуы ------------------------------
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке
меншік ұғымының құқықтық ара
қатынасы және меншік құқығын
қорғау әдістері ------------------------------
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының
маңызы ------------------------------
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың
меншік құқығының мазмұны -----
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------
КІРІСПЕ
Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік1 қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.
Ең маңыздысы мемлекет пен меншік қатынасы, өйткені нақ солар мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асырудың басым бағыттарын, қоғам мен мемлекеттің дамуын анықтайды. Осыған байланысты меншікті мемлекеттік қорғау мәселелерін мұқият шешкен маңызды деп ойлаймын.
Меншік қатынастары өзінің сипаты бойынша әртүрлі және әртүрлі құқық салаларымен: конституцияның, әкімшілік, азаматтық, жер, еңбектік, қылмыстық және т.б. реттеледі. Бұл жалпы теоретикалық қорытып таңдаудың және аталған институттың әртүрлі қоғамдарда атап айтқандай нарықтық қатынастар жағдайында дамуына тән жалпы заңдылықтарды атқарудың қажеттілігін ұсынады. Бұл меншік моделі енді ғана қалыптасып келе жатқан, нарықтық қатынас пен нарықтық экономика енді ғана дамып келе жатқан біздің мемлекетімізге қолданылуға жатады. Мұндай тектегі заңдылықтарды анықтау қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық аядағы жүргізіліп жатқан реформалардың, бағыттылығын дұрыс анықтауға, жекеленген қайта құрулардың негативтік салдарының алдын-алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан «Меншік құқығы»
тақырыбы азаматтың құқық жүйесіндегі өз
Атап өту керек, берілген тақырып әрқашанда көптеген авторлардың назарын аударуда. Бұл сұрақты тереңірек зерттеумен мынадай көрнекті ғалымдар К. Маркс, Ю.К. Толстой, А.П. Сергеев, А.Г. Жусупов, Е.А. Суханов айналысқан. Бұл авторлардың барлығы, бірінші кезекте, меншік құқығын экономикалық қатынас, экономикалық санат ретінде ашады, содан кейін құқықтық санат ретінде ашады.
Экономика мен құқықтық дамуының қазіргі жағдайларында берілген тақырып өзінің өзектілігі бойынша жаңа түрге ие болады. Атап айтқанда, берілген тақырыптың зерттеу пәні болып табылған заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты мәселелер.
Меншік құқығы материалдық
игіліктердің нақты тұлғаға
Меншік құқығы институты қоғамда негізгі үш функцияны орындайды:
Біріншіден, меншік
құқығының нормалары мүліктің
белгілі бір тұлғаларға
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану, билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және құқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленудің заң жүзінде қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу, тағы басқа өзге де нысандар да болуы мүмкін. Бұл құқықтар тек мүлікке ие болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Билік ету құқығы дегенімі – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық айтылған құқықтардың ішінде негізгісі болып оның бар болуы меншік иесін басқа титулдық иеліктерден ерекшелендіреді. Меншік иесінің осы үш құқығы, заңмен тарихи дамуынан туындап отырған заңды құрылымы болып табылады.
Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқықтарында ғана емес, сондай-ақ. Олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде.
Басқа заңдылық мүлік иесінің құқықтар меншік иесі өкілеттігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесі өкілеттігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болады. Меншік құқығының осы үш құқығының /триада/ дерексіз ұғымы.
Меншік және заңды тұлға ұғымдары өзара тығыз байланысты. ҚР заңдары бойынша коммерциялық заңды тұлғалар, олар өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда көздейді және коммерциялық емес заңды тұлғалар. Олардың мақсаты таза пайда табу емес және пайданы қатысушылар арасында бөлмейді. Бұл әртүрлі қарапайымдылық сипатындағы мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер.
Өзіне тиесілі мүліке меншік иесі ретінде қатысатын заңды тұлғалардың тобы орасан көп. Қазіргі нормативтік-құқықтық актілер бойынша келешекте мемлекеттік кәсіпорындардан, сондай-ақ меншік иесімен қаржыландырылатын мекемелерден басқа барлық заңды тұлғалар меншік иесі болуы керек. Бірақ жоғарыда аталған әлеуметтік құрылымдар оларды меншік иесі деп тануға әртүрлі жолмен келеді. Егер өндірістік және тұтыну кооперативтерінің қандай атауменен аталмасын, олардың құқықтары қалай болса да шектелмесін. Қазаннан кейінгі жылдардың барлық кезінде көруге болады, бұл бойынша шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар туралы, діни ұйымдар айтуға болмайды.
Шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктердің қызметі бастапқыда қойылған болатын. Ал кейін социализмнің барлық фронт бойынша «шабуылы» мүлдем тоқтатылды және елдің экономикасынан жеке капиталистік элемент ретінде аяқты түрде шығарылып тасталды. Олардың қайта жандануы 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында басталды және үлкен реформаның мақсаты болып «өркениетті капитализм құру» жарияланған кезде осы күндері айбынды мөлшерге жетеді.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының
түсінігі, мазмұны
Бізге белгілі адам қоғамдық ұдайы өндіріске қатыса отырып өзі үшін белгілі бір материалдық құндылықтар жасап шығарады. Сондықтан меншікті біріншіден экономикалық санат ретінде қарастыру қажет. Бірақ жасалған материалдық құндылықтарға индивидтердің қатынасы әртүрлі. Ұдайы өндірістің мәні материалдық құндылықтарды жасап шығаруда, жоғарыда атап өткендей олар меншіктеледі не меншікке айналдырылады. Кез келген материалдық құндылықтар оларды ары қарай меншіктену мақсатымен жасалады, бұл өз кезегінде меншік (меншіктену) қатынасының өзін өндірістік қатынастардың негізі, өзегі етеді.
Маркс ескергендей, меншік бұл белгілі бір тұлғалардың материалдық құндылықтарға өзінікі ретінде, өздеріне тиісті ретінде қатынасы сәйкесінше басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы, сәйкесінше басқа барлық тұлғалардың көрсетілген құндылықтарға өзге біреудікі оларға тиісті емес ретінде қатынасы1. Осыған сәйкес «меншік материалдық құндылықты меншіктену фактісінен немесе материалдық құндылықтардың басқа тұлғаларға (олардың ұжымына) тиістілігі фактісіне тұратын заттардың себебі бойынша адамдар арасындағы қатынастарды және сәйкесінше бұл құндылықтардан басқа барлық тұлғалардың оқшауланатындығын білдіреді»2.
Сонымен, меншік қатынастары:
Біріншіден, өндірістік процесте адамдар арасында қалыптасатын өндірістік қатынастар ретінде;
Екіншіден, өндірістің қаражаты түріндегі материалдық құндылықтардың тікелей меншіктену бойынша экономикалық қатынастар ретінде көрініс табады.
С.Н. Братусь және басқа ғалымдар азаматтың құқықтық пәнін зерттей отырып келесідей қорытындыға келген, меншік өндірістің қажетті алғы шарты бола тұрып және ол арқылы жүзеге аса отырып өндірілетін материалдық игіліктерді меншіктенудің негізіне айналады. Олар меншікті екі қалыпта қарастырған: статикалық-өндіріс құралдарының және оның өнімдерін белгілі бір тиістілігі, меншіктену жағдайы ретінде және динамикалық сызықша материалдық құндылықтарды пайдалану және көшу жағдайы ретінде1. Шындығында бұнымен келіспеуге болмайды, өйткені меншік иесі материалдық құндылықтарды пайдалана алады және ары қарайғы осы құқықтардың тағдырын анықтайды.
Осы күнге дейін меншіктің
айрықша экономикалық санат
Меншік құқығының ұғымы және мазмұны толық түрде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында және 9 сәуір 1993 жылғы «Меншік туралы» ҚР заңында ашылып көрсетілген.
Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Аталған құзіреттер бүтіндей алғанда субьективтік меншік құқығы ретінде өзімен бірге меншік иесінің заңы қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс мүмкіндігін көрсетеді, олар оған ол меншік иесі болып қалғанға дейін тиісті болады. Меншік иесі құзіреттерде нақты жүзеге асыра алмайтын жағдайларда (мысалы, борышы үшін оның мүлкіне арест салған кезде немесе мүлікті заңсыз басқа біреу иеленген кезде) ол құзіреттердің өзінен ғана емес, меншік құқығынан толығымен айырылмайды. Меншік құқығының мазмұнынын ашу үшін, меншік иесіне тиесілі әрбір құзыретке анықтама беру қажет.
Иелену құқығы1 – бұл мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Бұл жерде сөз затқа шаруашылық үстемдігін жүргізу туралы жүруде, ал меншік иесінің онымен тікелей жанасуда болуын тіпті талап етпейді. Мысалы меншік иесі ұзақ мерзімге іс сапарға бара отырып, оның пәтеріндегі заттарды иеленуші болып қала береді. Затты иелену заңды және заңсыз болуы мүмкін. Заңды иелену қандайда бір құқықтық негізге сүйенбеген, сондықтан титулсыз деп аталады. Заңсыз иеленушілер өз кезегінде адал және адал емес болып бөлінеді. Егер мүлік оны еріктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушыны білмесе және біреуге тиіс болмаса, онда иеленуші адал болып табылады. Егер бұл туралы білсе және білуге тиіс болса, онда иеленуші адал емес болып табылады. Иеленушілерді заңды және заңсыз деп бөлу меншік иесі виндикациялық талаптың көмегімен өзінің затын қайтаруды талап еткен кезде табыс және шығын бойынша меншік иесі иеленуші арасында есеп айырысқан кезде, сондай-ақ иеленуші иелену көмегі бойынша меншік құқығын ала алады ма немесе жоқпа деген сұрақты шешу кезінде мәнге ие болады. Заңды және заңсыз деп иеленушілерді бөлу иелену көмегінде маңызды орын алады. Атап айтсақ, заңды иеленуші меншік иесі жоқ жылжымайтын мүлікті заң бойынша 15 жыл иеленсе, аталған мүліктің толық меншік иесіне айналады.
Меншік құқығының келесі элементі пайдаланушының құқығы2. Бұл ҚР АК 188-бабынан сәйкес оның мүліктен пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану құқығы иелену құқығына сүйенеді. Бірақ кейбір кезде затты иеленбей-ақ оны пайдалануға болады.
Жєне меншік құқығының негізгі соңғы элементі – бұл билік ету құқығы – бұл мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК 188-баб 2, тармақ) .
Меншік иесі өзінің затын жалға, кепілге және т.б. берген кезде оның затқа билік етуді жүзеге асыратындығына күдік жоқ. Меншік иесі өзіне қажет болмай қалған затты жойған кезде немесе оны тастаған кезде немесе зат өзінің қасиеті бойынша өндіріс немесе тұтынудың бір реттік актісіне пайдалануға ғана есептелсе мұндай затқа қатысты меншік иесінің әрекеттерінің заңи саралау өте қиын.
Билік ету құқығын Суханов былай анықтаған, мысалы, «күшті» құқық ретінде, оның меншік иесінде болуы, меншік иесін басқа титулды иеленушілерінен (соңғылары кейбір кезде сол немесе басқа шектер осы мүмкіндіктерді иеленеді) жеңіл ажыратуға болады1.
Меншік иесінде бір мезгілде барлық үш аталған құқықтар жинақталады. Бірақ кейбір жағдайларда бұл тізімді оған, мысалы, меншік иесінің өзінің мүлкін басқару немесе бақылау бойынша айрықша құқықтарын енгізу арқылы ұлғайтуға әрекет жасау кездесуде. Бірақ біздің көзқарасымыз бойынша бұл көзқарас негізсіз, өйткені басқару мәні бойынша меншік құқығын жүзеге асырудың бір мысалы ратінде көрініс табады, ал бақылау меншік иесінде басқа бір тұлға жүзінде иеленген жағдайда ғана туындайды. Бірақ кейбір жағдайларда олар меншік иесіне емес, мүлікті басқа заңды иеленушілеріне (сол немесе басқа шектеулермен) тиіс болуы мүмкін, атап айтќанда, жалға алушы меншік иесімен жасалған шарт бойынша оның мүлкін иеленіп және пайдаланып қоймай, сондай-ақ соңғысының келісімімен мүлікті жалға беруге (яғни, үшінші жаққа жалға беруге), оның жағдайын немесе мақсатын жақсартатын өзгерістер енгізуге, яғни белгілі бір шекте оған билік етуге құқылы. Сондықтан көптеген ғалым цивилистер Венедиктов А.В., Генкин Д.М., Корнеев С.М, сондай-ақ Суханов Е.А. белгілі «триаданы» (үштікті) атаумен шектеледі, олар меншікті «өзінің билігімен және өзінің мүддесінде, өзінің қарауы бойынша және басқа тұлғалардан тәуелсіз» жүзеге асыруды көрсетті.
Жоғарыда аталған барлығынан келесідегі қорытынды жасауға болады, субьективтік меншік құқығы – бұл меншік иесіне бекітіліп берілген заң жүзінде қамтамасыз етіліп берілген өз қарауы бойынша және өзінің мүддесінде осы мүлікке қатысты заңға және басқа да құқықтық құжаттарға қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың заңменен қорғалатын құқықтарын бұзбайтын кез келген әрекеттер жасау мүмкіндігі, сондай-ақ оның шаруашылық үстемдігі аясына барлық үшінші жақтардың араласуын жоя алатын мүмкіндік1.
1.2. ҚР-дағы
меншіктің түрлері және
Енді біздің Республикалық заңдарда меншік құқығының қандай нысандары мен түрлері анықталған соны талдау қажет.
ҚР Конституциясының 6-бабында айтылған: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. ҚР АК сондай-ақ меншіктің екі нысанын қарастырған: жеке ол ҚР АК 191–ші бабында бекітілген және мемлекеттік, ол ҚР АК 192 -ші бабында бекітілген. Меншікті екі нысанға бөлу Конституцияда олардың мемлекетке, сондай-ақ меншік құқығы субьектісіне қатыстылығы белгілі бойынша жүргізілген1. Осыған байланысты жеке меншік мемлекеттік емес ретінде түсініледі. Егер меншік құқығы субьектісі ретінде мемлекет (мем. органдар арқылы) болса, онда сөз мемлекеттік жауапкершілік туралы жүреді. Ал мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе азаматтар субьектілер ретінде болса, жеке меншік туралы айту қажетті. Осылай, меншік жалғыз ғана, ал оған субъектілер: мемлекетте, әкімшілік – аумақтық бірлестіктерде, заңды тұлғаларда, азаматтарда болуы мүмкін. АК жеке меншікті мемлекеттік емес ретінде, оның мәнді белгілерін ашпай-ақ шығару тәсілі арқылы анықтайды. Осыдан туындайтын мемлекеттік емес обьектілердің меншігінің құқықтық режимі бірдей болады. Меншіктің нысанынан оның түрлері туындайды. Заңдар меншікті екі түрге бөлуге жол береді: мемлекеттік меншік АК сәйкес екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық. Бұл ереже ҚР АК 192-бабында бекітілген. Республикалық меншік өз кезегінде республикалық қазынадан және мелекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Ал коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тқлғаларға бекітіліп берілмеген өзга де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекеттік меншікті мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін1. Ал жеке меншікке келетін болсақ, АК 191 бабына сәйкес, ол азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Осылай, ұжымдық меншік және азаматтардың меншігі заң жүзінде «жеке меншік» ортақ терминімен біріктірілген.
Социалистік құрылыс кезінде біз білетініміздей жеке меншік жалдамалы еңбекті пайдаланушы меншік ретінде түсінілді. Кейінірек, «Қаз ССР–ғы меншік туралы» заңға сәйкес жеке меншік ретінде пайда табуға бағытталған азаматтардың меншігі түсінілді. Қазіргі түсінік бойынша мемлекттік меншік болып табылмайтын меншік жеке меншікке жатқызылады. De lege ferenda бөлу критериясы көпшілік және жеке меншік болуы керек2.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар оларға тиесілі мүліктің барлығына меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясына көпшілік саны мемлекетке тиісті болуы, бұл меншіктің мемлекеттік екендігін білдірмейді, меншік нысаны әрқашанда жеке болып қалады. Сонымен бірге жеке меншіктің жеке (тұтыну) және азаматтардың жеке меншігі болып ішкі бөлінуі қарастырылған.
Жеке меншіктің айрықша түрі ретінде кондоминиумдар меншігі көрінеді3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 31-бабының 1 тармағына сәйкес кондоминум ұжымдық меншік ретінде көрінгенімен, ұжымдық меншік ұғымы осы азаматтың заңдарға жоқ екендігін ескерген жөн. Азаматтық заңдармен ортақ меншік қарастырылған, ол екі түрге бөлінеді: үлестік және бірлескен меншік.
Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысаныда туындауы мүмкін, бұл кезде жылжымайтын мүліктің жеке-дара бөліктері азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке (бөлек) меншігінде болады да, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте болмайтын бөлектері меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығанда тиесілі болады. Ортақ мүліктегі әрбір меншік иесінің үлесінің мөлшері және оны күтіп ұстауға кеткен шығындарға қатысу дәрежесі егер заң құжаттарында немесе шарттарда өзгеше көзделмесе жеке-дара (бөлек) меншікте болатын мүліктің бөлігінің мөлшеріне байланысты болады.
АК 209-бабында сәйкес екі немесе бірнеше адамныњ меншігіндегі мүлік оларға артық меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы, заңды тұлғаның меншігіндегі мүлік оның құрылтайшыларына олардың заңды тұлғаның жарғылық капиталына салған белгілі бір үлестерде тиесілі болуы мүмкін. Осыдан «үлестік меншік» ұғымы туындайды. Ол заңды тұлғалардың және олардың құрылтайшыларымен тікелей байланысты (әрине бұл заңды тұлғалардың түріне және нысанына тәуелді). Ортақ бірлескен меншік АК-те екі түрде бекітілген – ерлі-зайыптылардың және шаруа (фермер) қожалығының мүшелері. Бірақ олар заңды тұлғалар болып табылмағандықтан сөз ары қарай ортақ үлестік меншік туралы жүретін болады. Сонымен, заңды тұлғалардың меншік құқығының нысандарымен түрлерін сипаттаған кезде мүліктің құқықтық режимінің мазмұнымен ерекшелігі мүлікті сол немесе өзге де нысандарымен түрлерге жатқызуға байланысты екендігін ескерген жөн.
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы
Енді меншік құқығына ие болу негіздері туралы айтып өту қажет. Заңды немесе жеке тұлға мүліктің меншік иесі болып қай кезден басталады?
Меншік құқығына азаматтық құқықтық субъектілері әртүрлі негіздер бойынша ие болады. ҚР АК 235 – бабы меншік құқығына ие болу негіздеріне арнайы арналған. Бірақ заңды бұл құқыққа ие болу негіздері толық көрсетілген.
Меншік құқығы белгілі бір оқиға және әрекетті негізде пайда болады және жойылады, олармен объективтік құқық нормаларын меншік құқығына ие болуды байланыстырады. Мұндай оқиға немесе әрекет заңи фактілер болып табылады және меншік құқығына ие болудың және тоқтатудың негізі немесе тәсілі ретінде қарастырылады.
Меншік құқығын алу тәсілдері бастапқы және туынды болып бөлінеді.
Бастапқы тәсіл кезінде меншік құқығы бұрын болмаған заттарға алғаш рет туындайды.
Туынды тәсілдерге алушының меншік құқығы алдыңғы меншік иесінің құқығына негізделуі тән. Жаңа меншік иесінің құқығы тоқтатылады1.
Меншік құқығының пайда болуының туынды тәсілдеріне шарттар (сатып алу-сату, сыйға қайта құру жатады. Бұл жерде меншік құқығы бастапқы меншік тарту, алмастыру және т.б.), мұраға беру (өсиет бойынша) және заңды тұлғаны қайта құру жатады. Бұл жерде меншік құқығы бастапқы меншік иесінің және иеленушінің еріктері бойынша жиі туындайды. Бірақ кейбір жағдайларда бастапќы меншік иесінің еркі ескерілмеуі керек. Мысалы, заң бойынша мұраға алу кезінде оның білдірілуі қажет емес.
Жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді. Бұл ереже ҚР АК 235-бабы 1 тар мағында бекітілген. Меншік құқығына ие болудың барлық тәсілдерінің ішінде адам қоғамының өмір сүруіне негіз және қажетті жағдай ретінде материалдық өндіріс анықтауышы мәнге ие (жеміс, өнім, табыс).
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, сыйға тарту, алмастыру немесе басқа да осы мүлікті оқшаулау туралы мәмілелер негізде ие болады. Меншік құқығына ие болудың келесі бір негізі: азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығын өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдар көшеді.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған реттерде оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшеді. Бұл да ҚР АК 46-бабында бекітілген.
Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінң мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.
Туынды негіздерге сондай-ақ мүлікті ұлт меншігіне алу (АК 249 бап. 4т), жекешелендіруді (АК 249бап, 3т), реквизициялау және тәркілеуді (АК 249 бап, 3,4 т), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыруды (АК 249 бап, 5т), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алуды (АК 249-бап, 6т) жатқызуға болады.
Меншік құқығына ие болудың бастапқы негіздерін қарастырайық.
Бұл күші бар заңдарға сәйкес:
- Дайындалған немесе жасалған затқа құқық (АК 235-бап, 1 тармақ);
- Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа (АК 235-бап, 1 тармақ);
- Өңдеу (АК 237-бап);
- Жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру (АК 241-бап);
- Иелену көнелігі (АК 240-бап);
- Иесіз заттарға меншік құқығы (АК 242-бап);
- Меншік иесі бас тартқан қозғалмалы заттар (АК 243-бап);
- Олжа (АК 245-бап);
- Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу (АК 278-бап);
- Көмбе (АК 247-бап);
- Меншік иесінен алынған мүлікті иелену (АК 278-бап);
Енді меншік құқығының тоқтатылу негіздерін қарастырайық.
Бұрынғы заңдардан қазіргі заң күші бар АК айырмашылығы АК меншік құқығын өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуына жеке 14 тарауды «Меншік құқығын мен өзге де заттық құқықтардың тоқталуы» арнаған.
АК 249-бабында меншік құқығының тоқталу негіздері қарастырылған.
Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қараған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады1.
Меншік иесінен мүлікті мәжбүрлі түрде алуға заң бойынша жол берілмейді, өйткені, меншік заңменен қорғалады. Бірақ сонда да Азаматтық кодекспен мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға негіздер көрсетілген, атап айтқанда мына реттерде:
- Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған ақы айналымға түскен;
- Заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған;
- Реквизициаланған ;
- Тәркіленген ;
- Жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған ;
- Күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер ;
- Күші бар заңдарда көзделген өзге де реттерде.
Менің пікірімше, айтылған бапқа түсінік беру қажетті.
Басқа тұлғалар тарапынан меншік иесімен мүлікті ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді, егер ол өзіне тиесілі мүлікке заңды негіздерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырса, және осыменен үшінші жақтың құқықтарын бұзбаса, яғни басқа тұлғалардың құқықтарын шектемесе. Меншік иесінен меншігін заңды негіздер бойынша алып қоюмен басқаша жағдай туындайды, яғни, құзіретті органдар қажетті жағдайда тұлғаның билік ету құқығына ие болады. Осылай, мемлекеттің құзіретті органдары меншік иесіне мүлкіне билік ету бойынша құзіретке ие болады. Осыдан туындайтын сұрақ, меншік иесіне тиесілі мүлікті пайдалану, иелену немесе билік ету айырықша құқық болып табылады ма немесе табылмайды ма? Бұл өте даулы сұрақ, бірақ себебі менің бітіру жұмысымның тақырыбы «ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы», сондықтан мен осы тақырыпқа тоқталып қана өтпей, өзімнің тақырыбымды тікелей ашуға көшемін.

- ҚР заңнамасы негізнде инвестициялау
- ҚР инвестициялық жағдайы
- ҚР инвестициялық қызметі
- ҚР инвестициялық қызметі
- ҚР инвестицияның дамуы
- ҚР инвестицияның дамуы
- ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
- Қ.Р-да жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
- ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру
- ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы