ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру

Кіріспе

      Нарықтық  экономикада несие – банк жүйесінде  маңызды рөл атқарады. Несиенің  экономикадағы алатын орны елеулі  екеніне ешбір күмән жоқ. Олай  болса, бұл тақырыптың өзекті  екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни  қарызға берілген ақша капиталының  жүру формасын несие, ақша капиталының  ақша айналуын және несие берушінің  қарыз алушы арасындағы қатынастарды  көрсетеді. Оның көмегі арқылы  жеке тұлғалардың мемлекеттің  бос ақша қаражаттарын шоғырландырып,  қарыз капиталына айналуы және  белгілі уақытқа қолдануға ақылы  түрде беріледі.

    Несиенің  маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына  байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орта-лықтанған  жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байла-нысты  біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік  операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары  мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.

    Сонымен қатар несие қатынастарының нақты  көрінісін несиенің формалары мен  түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі  екі формасы: коммерциялық және банктік  несие болады. Бұл екі несие  бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету  аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі  экономикалық қатынас ретіндегі  несиеден келіп шығатын белгілі  бір қасиеттерге ие.

    Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы  экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып  отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз  байланысты. Сондықтан да бүгінгі  таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз  несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. ²Несие² деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

       Курстық жұмыстың өзектілігі: Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда адам және оны қоршаған орта күннен күнге дамуда. Даму технология саласында, экономика, әлеуметтік сала  мен адам өміріндегі күнделікті болатын жаңашылдар.  Осы   заманға сай болуға кей кезде адамдардың қаражаттары жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда мемлекеттің тигізер пайдасы зор. Мемлекет жеке тұлғаларға белгілі бір уақыт аралығына қарыз береді. Яғни, несие. Белгілі бір пайыз мөлшерлемесінде. Қазіргі таңда коммерциялық банктер кез-келген тауар түріне не болмаса мүлікке несие береді. Жеке тұлғаларға берілетін несие түрлері дамып, көбейіп келеді. Несие арқылы адамзат баласы өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы мен дамуын қарастыру.

    Курстық жұмыстың міндеті:

    -несиенің  мәні мен қажеттілігін, формалары  мен түрлерін, жеке тұлғалар үшін  несиенің  қажеттілігін, олардың  төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын,  тиімділігін қарастыру.

    -коммерциялық банктердің жеке тұлғаларға беретін несие түрлерін талдау.

    -сондай-ақ несиенің мемлекет үшін қажеттілігін, мәні  мен маңызын қарастыру.

Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы мен дамуы.

Бұл курстық  жұмысты жазу барысы әдістемелік  нұсқауға сай орындалған және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті  басылымдар  қолданылған. 

    1.  Банк жүйесіндегі несие мәні 

       1.1 Несиенің мәні мен қажеттілігі  

    Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық  игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі  сатыларының біртіндеп ауысуын  ұлғайтады. Әрбір саты – өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі  бір мағынаға ие.

    Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі  мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

    Ұдайы өндіріс процесі фазаларының  өзара әсері тауарлық шаруашы-лықтағы  несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте  несиелік қатынас тек бірінші  жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы  ғана қатыса алады. Екінші жақ –  кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы  өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан  несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды[1,25б].

    Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне  байланысты болатын қатынастарды білдіреді.

    Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі  жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы  өндіріс процесінің сәйкес қатысушыларының  иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге  бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің  қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл  өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

    Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы ойы несиелік қатынастардың түпкі  мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық  бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір  мағынасы бар.

    Өндірілген  өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты  бастауға болмайды.

    Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

    Өз  кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен  өзара әрекетте болады, өндіріс осы  бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас  сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс  те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі  үлестірумен т.б. үлеструімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: 1-үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2-ол қоғамнан келіп шығатын  көз ретінде анықталады.

    Айырбастың  үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидиумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидиумнан шығатын кез ретінде анықталады.

    Несиенің  ұдайы өндіріс процесінде бұлай  әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы  өндіріс субъектілерінің игілігіне  түскен кезде, ал айырбас фазасында  субъектілердің біреуінде қозғалысы  тоқтаған уақытша босаған құн  мен басқа субъектінің оны  қосымша пайдалану қажеттігі  арасында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.

    Несие айырбас сатысында пайда бола отырып қарыз мәмілесінің формасы  ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін  қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы  несие қозғалысының ядросы болып  табылады. Айырбас процесінде мәміленің  екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәлімесі. Мәміле түрлерінің жіктелуі бірінші сызбада көрсетілген(сызба-1).Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін[2,407б]. 

      

      
 

      

    қаө 

    Сызба-1. Айырбас процесі кезіндегі мәміле түрлері.

  

        Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылуы. ²Сатушы тұтыну құны ретінде тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді. Осылайша екі жақты полярды қарама-қайшылықтың жолды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі² Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшасы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінгі қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу – сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу – сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

    Айырбастың  екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу  – сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысы жүзеге асырады. Бұл байланыс екінші сызбада көрсетілген(сызба-2). 

    

      

     

Сызба-2. Сатып алу – сату арасындағы байланыс.

  

         ²А² тауарды ²В²-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу–сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәлімелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәмілесінің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ мақсаттың бірлігі пайда болады.

    Сатып алу–сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн  мәмілесі контрагенттерінің қолында  қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну туралы, тап осындай тауар туралы айтқанда сатып алушы қолында  бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі  формада: сауда мәмілесіне дейін  де және одан кейін де олардың қолында  иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар фармасында, басқасында ақшалай формада болады. Қарыз кезінде ²ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады, бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір торап қана құнды алады, өйткені оны бір торап қана береді².

    Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы  жүреді: ²А² тауарды ²В²-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік ²А²-дан ²В²-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақаталады: ²А² ²В²-ға қарыз береді. Ақша билігі бір экономикалық байланыстардың заттың көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретінде анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады[3,124б].                      

    1. Несиенің құрылымы
 

    Несиенің  құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының  сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде  тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие  зерттеу объектісі ретінде, бәрінен  бұрын оның субъектілері болып табылатын  элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады(сызба-3).Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді.  

      

    

      
 
 

    Сызба-3. Несиелік мәмілесіндегі  қатынас  субъектілері.  

    Кредитор  – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы  жағы. Қарыз беру үшін кредитордың  қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарымдылық  негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған  ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы  шаруашылықта кредитор – банк қарызды  тек өз меншігіндегі ресурстар есесінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы таратылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар  акция және облигацияларды орналастыру  арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады[4,115б].

    Банктердің  құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа барлық кредиторлар  ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресуртарды жинақтай алады, сонымен  қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар  болып табылатын құндылықтар  да қарызға беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға  береді.

    Кредитор  ретінде шаруашылық иесіне белгілі  бір мерзімге ресурс беруші тұлға  болады. Қарыз алушы несиені белгілеген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз  алушылармен анағұрлым қатаң  қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі  өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

    Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені  алушы және алған қарызды қайтаруға  міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік  емес. Борыш – міндетті жалпы  сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұстаз шаруалар, қолөнершілер болған еді. Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады, өзіне тиісті емес, бөтен біреудің ресурсымен жұмыс істеу. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.

    Үшіншіден қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға  алынған қаражаттарды қайтарады. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға  алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын  да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы  өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады [5,275б].

    Несиелік  қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша  тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа  құн кредитор мен қарыз алушы  арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы  өндіріс процесін жылдамдатудың  ерекше қасиетін алады. 

    Несиелік  механизм 70-ші жылдардың ортасында  Ю.П.Авдиянцтың, Д.А.Аллахвердиеваның, Н.Д.Барковскийдің, В.С.Панековскийдің белсеңді түрдегі оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік механизмнің  сипаты туралы тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың қорытындылауынан көрінетіндей,олар көбіне бұл механизмдегі объективтік және субъективтік негіздердің  араласуы туралы бірдей көзқараста болады. Бірақ та, бұл экономистердің позицияларының барлығымен бірдей келісе беруге де болмайды. Себебі,олардың көпшілігі несиелік механизмді ақшалай, есеп-айырысу және қаржы механизмдерімен біртұтас алып зерттейді. Олардың мұндай позицияларын кеңес экономисті  В.И.Рыбин былай бөліп қарайды: "Әрбір дербес экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму механизмі болады, мысалға, қаржы механизмі, несие- несиелік механизм, ақша - ақшалай механизм". Егер соңғы пікірмен толақ келісетін болсақ, онда қазіргі несиелік механизмді жеке түрде зерттеу қажеттігі туындайды [6,78б].

    Қазіргі несиелік механизмнің қазіргі тұжырымын  теориялық тұрғыдан қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен несиелік механизмнің  нарықтық экономикаға қызмет ету  байланыстарын ескеру қажет.

    Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, қазіргі  несиелеу талаптарына сай келетін, нарықтық тұжырымын жасауға болады.

    Біздің  ойымызша:" қазіргі несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие  түрлерін, несиелеу принциптері мен  шарттарын, несие беру және қайтару  әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық механизмнің бір бөлігі болып табылады[7,125б].

    Кез- келген экономикалық механизм өзара  байланысқан, яғни оның бір элементінің  қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының  қозғалуын немесе өзгеруін туғызатын  элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай- ақ қазіргі несиелік механизмнің  басқа да экономикалық негіздер сияқты, өзіне тән ішкі құрылымдық элементтері  болады. Несиелік механизмнің элеметтері бесінші сызбада көрсетілген(сызба-5).

    Несиелік  механизмнің бірінші элементіне  несиенің нақты түрлері жатады.Қазіргі  банктік тәжірибеде несиенің келесідей  түрі болады: коммерциялық, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық және ипотекалық.  Несиелік механизмнің екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиенің қатынастарды ұйымдастыру  облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін  несиелеу принциптері жатады(сызба-4). Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері келесідей екі топқа бөлінеді: жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер(несиенің мақсаттылығы мен дифференциялдығы); несиенің мәнін бейнелейтін принциптер (несиенің мерзімділігі, қайтарымдылығы, ақылылығы және қамтамасыз етілуі).

      
 

      

      
 

    

      

      

      
 
 

    

      
 
 
 

    Сызба-4. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 

    Несиелік  механизмнің үшінші элементіне -несиелеу шарты жатады. Несиелеу шарты - деп  несиелеудің базалық элементтері, несиелеу субъектілері мен объектілері және несиенің қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарын түсінуге болады.Несиелік механизмнің төртінші элементіне несиелеуді экономикалық - ұйымдастыру тәсілдері жатады. Бұл элементтің көмегімен несиені беру әдістері немесе айналым қаражаттар шеңберіндегі несиенің  қатынасу тәсілдері, сондай-ақ несиені бару және банкке қайтару жолдары анықталады.Несиелік механизмнің бесінші элементіне - несиелік тәуекелді басқаруды жатқызуға болады. 

       

      
 

      
 

      
 

      
 
 

Сызба -5. Несиелік механизмнің әдістері  

    Несиелік механизмнің соңғы элементіне  несиелік қатынастың бір жағы  және несиелеу процессін ұйымдастырушы  ретінде - банктерді жатқызуға  болады.

    Қазіргі несиелік механизмнің қызмет етуінің  мынадай `өзіндік ерекшеліктері  бар: [8,79б]

  • Жұмыс жасап отырған несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие.
  • Қазіргі несиелік механизмнің маңызды бір белгісі оның келісім шартқа негізделуі болып табылады.
  • Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелігі несиенің жаңа түрлерінің дамуымен сипатталады
  • Қалыптасып отырған, қазіргі несиелік механизмнің ең маңызды ерекшелігі бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуімен сипатталады. Сонымен қатар, бұл жерде несиелеудің ұсақ объектілерінен ірі объектіні несиелеу әдісіне өтуі деп айтуға болады.
  • Қазіргі несиелік механизм дәстүрлі және ерекше бір принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету принциптері, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі.
  • Қазіргі несиелік механизмнің соңғы бір ерекшелігіне, банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіретін формаларына өту жатады.

    Несиелеу  механизмін кеңес экономистері жалпы  несиелік механизмнің "техникалық қабаты" ретінде бөліп қарастырады. "Несиелеу механизмі" ұғымын экономикалық әдебиетке 70 - ші жылдардың бірінші жартысында  Ю.Е.Шенгер, Н.И.Валенцева, И.Д Мамонова және А.Я.Ротлейдер сияқты экономистер еңгізген болатын.   

      1.3 Жеке тұлғаларды несиелеу механизмі 

    Несиелеу  механизмін кеңес экономистері жалпы  несиелік механизмнің «техникалық  қабаты» ретінде бөліп қарастырады.

    Несиелеу  механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына  бақылауды қамтитын несиелік механизмнің  құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану  механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі  – бұл несиені ғылыми тұрғыда  тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан  несиелік процесс технологиясын  бейнелейді.

    Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: [9,9б]

  • несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
  • несиелік мәмілені құжаттау;
  • несиенің мөлшерін белгілеу;
  • несиені беру процедурасы;
  • несиені қайтару тәртібі;
  • несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
  • кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

    Несиелеу  әдістері – ссуданың берілу және қайтарылу  ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың  қаражат айналымының шеңберіне  қатынасу тәсілдерін білдіреді. Несиелеу әдісінің жіктелуі алтыншы сызбада көрсетілген(сызба-6).

    Реформалауға  дейінгі кезеңдегі отандық банктік  тәжірибеде несиелеудің екі әдісі  қолданылған :

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

    Қалдық  бойынша несиелеу барысында несие  қозғалысы несиеленетін құндылықтар  қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылық-тарға: әр түрлі  тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған  өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген  тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен  жоғары өсуі несиеге деген сұраныс  тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап  етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие  компенсациялық сипатта болды, өйткені  несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен  жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.

    Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы  материалдық құндылықтар айналымымен  анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі  тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген  қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша  несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы  несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп  отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп  отыру үшін қызмет етумен қатар, халық  шаруашылығының қорларының айналым  шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда  үлкен роль ойнайды[10,11б].

    Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады : [11,21б]

      
 
 

    

    

      
 
 

    Сызба-6.Қазіргі банк тәжірібесіндегі несиелеу әдісінің үш түрі  

    Айналым бойынша несиелеу барысында несие  несиелеу объектісінің айналымындағы  қозғалысын жалғастырып отырды. Несие  қарыз алушының шығындарын оның ресурсы  босағанға дейін аванстайды. Ссудаға  деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда  мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің  азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту  шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

ҚР жеке тұлғаларды несиелендіру