Құс шаруашылығы. 2

 

 

I. КІРІСПЕ

 

Құс шаруашылығы халыққа  аса керекті де,құнарлы да азықтармен(ет,жұмыртқа)қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп-ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп-бағуды, азықтандыруды, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Бұл  тарауда құстарды бағып-күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора-жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық-санитарлық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген.

 

Құстарды бағып-күту әдістері

 

Қазіргі уақытта құс өнімдерін  алуда, ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп – бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға(бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280-290 дана жұмыртқа, 50-60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800-2000г мөлшерде алуға мүмкіндік туады.Немесе жақсы күтіп-бағу нәтежесінде қаз балапандарының 60-70 күндегі салмағы 3,5-4,5кг дейін болуына толық жағдай бар.

 

2003-2005жылдарға арналған  республикалық Агроазық-түлік бағдарламада 2004жылдың басында жұмыртқа өндіру көлемін 2140 млн. данаға жеткізу көзделіп отыр. Ал, тек”Алматы құс” компаниясы құс фабрикаларын тубегейлі түрде өндірісті өзгертудің арқасында 2005 жылғы жұмыртқа өндіруді 500 млн. данаға жеткізбекші. Аталған межелерге жету ушін құстарды кутіп-бағудың озық тәсілдерін енгізу,құс шаруашылық өндірістерінің құрылыс жағдайын, өндіріс  жабдықтарын түбегейлі өзгерту және т.б. жұмыстар жүргізу қажет.

 

Жоғарыдағы келтірілген мәселелерді дұрыс шешу ушін құс шаруашылығында түрлі малдәрігерлік-санитарлық жұмыстарды жақсарту,аталынған жалпы шараларды дер кезінде өткізу,құс фермаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу,дұрыс азықтандыру,нысандарды дұрыс жобалау,құрылыс және қайта құру кезіндегі зоогигиеналық       талаптарды орындау және құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру                   керек.                                                                                                                                                 Құстардың  биологиялық ерекшеліктері олардың:

 

1.                      Күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайына  өте сезімталдығы;

 

2.                      Зат алмасу қабілетінің жоғарылығы;

 

3.                      Өсімталдығының жоғарылығы(құстардың негізгі өнімдік қасиеті-олардың жұм ыртқалағыштығы);

 

4.                      Тез жетілуі(7-8апталық балапандардың  салмағы 1,6 - 1,7кг жетеді);

 

5.                      Ішкі анатомиялық құрылыстарыныңерекшеліктері,яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорытылады;

 

6.                      Ең маңызды ерекшелігі-аналық организмнен тыс дамуы,яғни жұмыртқаданпайда болуы;

 

7.                      Көру қабілеті нашар,ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;

 

8.                      Үйрек етінің калориясы жоғары  және сіңімді.

 

II. Әдебиетке шолу

 

         Ж.Мырзабековтың  (2004ж)  айтуынша, соңғы жылдармен  салыстырғанда үйрек шаруашылығы  құс шаруашылығының бір саласы болып табылады. Үйректер негізінен сусыз жағдайда да ет өнімімен жыл бойына ұамтамасыз етіп отырады. Үйректерді өсіру барысында өсірудің мынадай әдістері қолданылады: терең төсеніште, торлы еденде және торлы батареяда, сондай – ақ жазғы лагерьде бастырма астында бағу жүйелері қолданылады.

 

Етке арналған үйректерді, әдетте 49 – 56 тәулік аралығында өсіреді және алғашқы алғашқы 3 аптада олардың орналасу тығыздығы 18 бас/м2 болады. Бұл кезеңде олардың тірі салмағы 2,5 есе артады. Үйрек қораларын 4 – 5 үйрекке 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялармен жабдықтайды.

 

Өнеркәсіпті үйрек шаруашылықтарында азықтандырудың құрғақ түрін қолданады, яғни толыққанды құрама жемнің түйіршікті және үгінді түрімен азықтандырады.

 

Жаздың күндері үйректерді жаздық лагерьлерде өсіреді. Жас  үйректерді арнайы бетондалған, көлемі 18х200 м болатын бордақылау алаңқайларында ұстаған тиімді болып келетіндігі жайлы баяндалған.

 

А.Б.Таңатаровтың айтуынша үйрек  етін өндіру біздің елімізде де, шет  елдерде де ұзақ жылдар бойына құс  өсірудің экстенсивті әдістеріне негізделіп келеді. Үйректер табиғи шөптерді тиімді пайдалану мақсаты ескерілген, үлкен көлдері бар шаруашылықтарда өсіріледі. Үйрек етін өндірудің экстенсивті әдісі маусымдық сипатта және климат жағдайларына тәуелді болады. Сондықтан да барлық биологиялық ерекшеліктерін: тез жетілгіштігін, тез өсу қарқынын толығынан пайдалануға мүмкіндік бермейді.

 

Қазіргі таңда үйректерді өсірудің интенсивті әдістері өндіріске енгізілген және негізгі технологиялық процестер механикаландырылған, азықтандыруда құрама жем қолданылып жүр. Сонымен қатар құс фабрикаларында және мамандандырылған шаруашылықтарда үйректерді мынадай қора жайларда өсіріп және азықтандырылуына көңіл бөлуіміз керек. Етке арналған үйрек балапандарын (қалың төсеніш үстінде) орын ауыстырмастан 45 – 50 күнге дейін еденде өсіру; ВСУ типті азықтандырғыштар мен шығыр тізбекті азық таратқыштан, науа тәрізді суарғыштан, 1 – 10 күндік балапандарға арналған қосымша құрал – саймандардан тұратын жабық комплектілері пайдаланылады.

 

В.И.Гершунның (2005ж) мағлұматы  бойынша үйректерді күтіп – бағу кезінде келесідей әдістер қолданылады: еденде бағып – күту, торлы еденде, клеткалы батареяларда және жаздық лагерьлерде бағып күтетін әдістер. Үйректер дүниеге келгеннен кейін ақ құрама жеммен азықтандырады. Мамандандырылған шаруашылықтарда әдетте үйректер құрғақ жеммен азықтандырылады. Ұсақ фермаларда жемнің ылғалдандырылған түрі қолданылып, жергілікті азықтар жем және су өсімдіктері пайдаланылады. Үйректерді тек құрама жеммен ғана азықтандырған кезде бункерлі типтегі азықтандырғыштар, араластырылған ылғалды жемді пайдаланған кезде астау тәрізді азықтандырғыштар қолданылады. Үйректердің тез әрі жылдам өсіп – өнуі үшін оларға деген жемнің сапасын қадағалап отыруымыз қажетті болып саналады. Және де оларды торлы едендерде күтіп – бағу жүйелерінің втеринарлық санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуы керек.

 

Р.К.Туякованың (2004ж) айтуынша құстарды бағып – күту кезінде келесідей жүйелер қолданылады: экстенсивті, интенсивті және комбинирленген немесе жартылай интенсивті әдістері қолданылады. Бұл жүйелер бойынша құстарды өсіретін келесідей әдістер қолданылады. Олар: торлы қорада және еденде бағып – күту әдістері болып табылады.

 

Құстарды торлы еденде бағып – күту гигиенасына келер  болсақ интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып күтеді. Еден жағдайында бағып – күтудің екі тәсілі қолданылады:

 

1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште.

 

2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында бағып – күткенде құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады. Құс қораларының едені тақтайдан салынады /түгелдей тақтайдан немесе тақтайшадан/ немесе асфальтталады, болмағаның өзінде торлы көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы еденде ұстаған кезде олар негізігі еденнен 40 – 80 см биіктікте орналасады. Құс қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

 

Қ.Н.Бегімбековтың мағлұматына  сүйенсек қолға үйретілген құстың қай  түрі болсын, әдетте, оларды ет және жұмыртқа өндіру үшін өсіреді. Құстың ет де жұмырқасы да қоректік қасиеті жоғары, сіңімді, адамға қажетті диеталық тағам. Құстарлдан мол өнім алу үшін олардың рационыныдағы қоретік, биологиялық белсенді және минералдық заттар кешенін қамтамасыз ететін ғылыми негізделеген азықтандыру жүйесі жасалуы тиіс. Құсқа берілетін барлық азықтар құрама жем түрінде даярланып беріледі. Сондықтан да құстың қоректену элементтеріне деген барлық мұқтаждығы ескерілетін түрліше жас топтарына арналған толық құнды құрама жем даярлау аса маңызды да міндетті болып табылады.

 

Шаруашылықаралық кооперация және аграрлық өнеркәсіптік интеграция негізінде, бұл саланы осы заманғы индустириялық негізге көшіру арқылы мамандандыру және шоғырландыру – құс шаруашылығын дамыиудың басты жолы. Ірі құс фабрикалары мен өндірістік бірлестіктерде құстарды азықтандыру мен күтіп – бағудың технологиялық процестерін механикаландыру мен автоматтандыруды енгізуге, құстардың генетикалық өнімділік қабілеттерін толықырақ пайдалану үшін прогресшіл әдістерді қолдануға зор мүмкіндіктер туады.

 

В.Ф.Костюнинаның (2006ж) айтуынша ауыл шаруашылығы құстарын өсіру жүйесінде ең басты қолданылатын жүйелер: балапандар мен үйректерге арналған - еденде өсіру; торлы еденде өсіру жүйесі; жаздық лагерьлерде өсіру.

 

Құстарды торда бағып  – күту кезінде балапандар мен  ересек құстарды торда ұстайтын қораларда  өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануғ, өндірістік қоралардың қажеттілігін 3 – 3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады.

 

Құстарды торда бағып  – күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке – жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.

 

Құс қораларында таза ауаны  механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Сонымен қатар құс қоралары табиғи терезелер арқылы да желдетіледі.

 

Ветеринариялық гигиена  оқулығында (2004) Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена {грек, zoon — мал, hygieinos — дені cay) —  малды дұрыс бағу, азықтандыру  және өсіріп-күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым екені айтылады.

 

Ветеринариялық гигиенаны  санитариялық гигиенадан ажырата білу керек екені туралы баяндап студент  жастарға баяндайды.

 

Жеке мал гигиенасы, осы  мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады жиынтық әсерін айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

3.1 Құс қораларына қойылатын  гигиеналық талаптар. Құс шаруашылығында  қора – жайдың дұрыс бағытпен  салынуының санитариялық - гигиеналық  жағынан үлкен маңызы бар. Құсты  өсіру және бағып-күту үшін  инкубаторларды,құс қораларды,клеткада  бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

 

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мумкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немнесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

 

Құс қораларының жобаларында  құсқа қажетті микроклимат жасау,еңбекті  көп керек ететін процестерді  механикаландыру көзделеді.Жұмыс  көлемінің жобалануы,оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек.Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

 

Балапан өсірілетін құс қораларының типі климат жағдайына,жергілікті құрылыс материалдардың  түрлеріне,құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді.Қораларды секцияларға бөледі,бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

 

Құс фермалары салынатын  жерлерді дұрыс таңдап алудың зор  маңызы бар.Учаскенің мал жайылатын жерге,елді мекенге,жол бойына,тазалық жағынан қолайсыз жерлерге алысырақ орналасуына-құстың тазалығы,күтімі құс шаруашылығының кейбір салаларының өркендеуі тікелей байланысты болады.

 

Қаз өсіретін ферманы табиғи немесе жайылымға жақын орналастыру  керек. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрінқұсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты,шаруашылықтың көлемімен бағытына,сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

 

Құс қораларындағы микроклимат  және оны жетілдіру. Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның,ауа  ылғалдылығы мен оның қозғалу  жылдамдығының,сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады.Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін,бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді,еңбек шығыны көбейіп,мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді.Құс қораларында қолайлы климат болу үшін,олрда ауа температурасының,оның ылғалдылығының,қозғалу шапшаңдығының,ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің сондай-ақ қораларды құстың түріне,жасына,бағу технологиясына сәйкес жобалаудың,техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына,азықтандыру тәсілдеріне,қорғаушылардың түрлеріне,желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы:төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады.

Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің  зат алмасу құбылысын нашарлатып,тотығу тотықсыздану процесін тежейді.Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп,азықтың сіңімділігін нашарлатып,түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін,әрі ауа қозғалысының  жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді,сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.

 

Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін қолданылады. Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғадыҚұс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен,құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеліп соғады.Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.

 

Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық,бактериялық қоспалар болуы мумкін .Мысалы:720-1000мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13кг аммиак,1490м3  СО2 ,40кг шаң-тозаң ,174,8млрд микроорганизмдер шығарылады.Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе ,көз ауруларының  себепкері болады.

 

Микроклиматты жетілдіру  мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық  белсенділігін жоғарылату керек.Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жургізу орынды.

 

 Қазіргі кезде ауадағы  шаңды азайту мақсатында және  зарарсыздандыру  үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар,атап айтсақ:ауа сүзгіштерін қолдану,ионизациялау,қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану,химиялық зарарсыздандыру (құстың барында).

 

3.2 Тауықтар гигиенасы.

 

Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына,азықтандырылу жағдайына, орналастыру тығыздығына және басқа да факторларға байланысты болады.

 

         Тауықтарды  ұстаудың негізгі екі әдісі  қолданылады:еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.

 

 Қазіргі кезде жұмыртқаның  негізгі массасын тауықтарды  торда ұстау арқылы алады.Дегенмен тауықтарда торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы(10%)жоғарылайды,ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50%-ға дейін жетеді.

 

 Тауық қораларында  қолайлы микроклимат жасау керек.Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-180С,салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% болуы керек.Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 40С-тан төмен болмауы керек,ал жазда ысып кетпеуі керек.

 

Тауық қораларының жарықтандырылуы  да тауықтардың өнімділігіне айтарлықтай  әсер етеді.Тауық өнімділігі үшін қызыл  сәулелі жарықты қолдану тиімді,сонымен  қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды.Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жургендей болады,сондықтан да оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.

 

 Тауық қораларындағы  төсеніштің жағдайын үнемі қадағалап  отыруы тиіс. Ол үшін құрғақ  ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.

 

        Тауықтарды  торда ұстаудың артықшылықтары:

 

-  қалың төсеніште ұстауменсалыстырғанда(5-6 бас/м2),орналастыру тығыздығы жоғары  болады-30 бас/м2 ;

 

-  тауықтарды аздан  орналастыру және саңғырығының  бөлек түсуі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартады;

 

-  еденде ұстаумен салыстырғанда  азық 10%-ға  үнемделеді;

 

-  еңбек өнімділігінің  жоғарылауы.

 

         Бұл  әдістің кемшіліктері:

 

-  санитариялық-техникалық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;

 

-  тығыз орналасудың  салдарынан созылмалы стрестің  дамуы және қозғалыстың шектелуінен әртүрлі технологиялық аурулардыңпайда болуы.

 

          Тауықтарды торда ұстау тиімділігі  көп жағдайда торлы батариялардың түріне байланысты болады,олар көптеген функцияларды орындайды(азықтандыру суару,жұмыртқа жинау,саңғырықты тазалау).

 

        Зоогигиеналық  тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:

 

-  вертикальды түрі, ярустары бірінің үстіне бірі,тігінен орналастырады;

 

-  сатылы немесе жартылай  сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;

 

-  көлденең түрі ,бір және екі ярусты болады.

 

          Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толық құнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зоотехникалық көрсеткіштерге сәйкес келумен бақыланады.

 

Тауық рационында жұмыртқа жасауға  керекті белоктың жетіспеушілігінен  олар өз денесіндегібелоктан толықтырады,мұндай кезде тауықтардың салмағы азаяды және арықтайды.Сонымен қатар белокты шамадан тыс беруге де болмайды. Тауықтар жұқпалы,паразитті және жұқпалы емес аурулардан таза болуы керек. Инфекциялық ауру қоздырушылары жұмырқаны қалыптастыру кезінде,сондай-ақ жатырдан,қынаптан және клоакадан өткенде сырттай зақымдайды. Мұндай жұмыртқалар адам үшін қауіпті және олар инкубацияға жарамайды. Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру – олардың жақсы өсіп жетілуінің ,өнімділігінің арта беруінің басты шарты.                                                                                            

 

           Құс азығының сапасына малдәрігерлік-санитарлық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез келген малдәрігерлік лабораторияда санитариялық-гигиеналық және химико-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.

 

Оларға берілетін азықтың 60-70%астық тұқымдастар,дәнді дақылдар болуы тиіс.Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып,оларға берілген азық сапасы гигиеналық  талапқа сай болуы керек.Бұл ережені сақтамау салдарынан,құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін.Мысалы:мақта шротының құрамындағы госсипол улы затымен немесе құрама жемдегі шамадан тыс тұз мөлшері құстарды уландыруы мүмкін.

 

 Қоректі азықпен тиімді  азықтандырумен қатар дер кезінде және қандыра суару құстың өнімділігін арттыра берудің қажетті шарты.Құстарға арналған су жарамды,мөлдір,иіссіз болуы және оның құрамында турлі механикалық және бактериялық қоспалар болмауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Инкубациялау гигиенасы.

 

Жұмырқаларды инкубациялау үшін инкубаторлар мен инкубаторийлерде санитариялық-гигиеналық режимде сақтаудың  маңызы зор.Инкубатор құрамында инкубация залы,жұмыртқа салынатын орын,жуып тазартатын және қызмет істейтін бөлмелер кіреді.Бұл нысандарда әртүрлі микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол бермеу үшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусымның қарсаңында және одан кейін айына 1 рет дезинфекция жасап отырады.  Инкубаторға жұмырқаны аурудан (пуллороз, қылау, нейролимфоматоз, оба, витаминоздар) таза фермалардан ғана әкеліп салады. Инкубаторға салынған жұмырқаның сақталу мерзімі 4-6 куннен аспауы керек, оның тұрған жерінің температурасы +5+80С, ал ылғалдылығы 75-80% болуы шарт. Инкубациялау  үшін ірі жұмыртқаларды іріктеп алған жөн.

 

Инкубациялау режимі –  температура, ылғалдылық, жұмыртқаны мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру, таза ауаның келіп тұруы сияқты тәртіп қатаң сақталуы керек. Инкубатордағы температура тұрақты +37,4 +39,50С  болады. Инкубациялаудың жартысында температура біршама жоғары болуы тиіс. Инкубатордағы ауаның ылғалдығы 54-57% мөлшерінде болады.

 

Ылғалдылық ортадан тепкіш насоспен немесе қаңылтыр табаға су құйып  қою жолымен бірқалыпты ұсталады.Инкубациялаудың алғашқы күндерінде және жұмыртқаның қабығы тесіле бастаған кезден балапанның шығуына дейінгі кезеңде ылғалдылық жоғары болуы тиіс .

 

Инкубациялау кезінде  жұмыртқаны қысқа мерзімге әлсін-әлсін  салқындатып тұру ұсынылады,оны  желдеткіш арқылы сырттағы салқын ауаны  жіберу жолымен іске асырылады.Сыртқы ауаның  температурасы қандай екеніне байланысты желдеткішті 3-4 мин(сыртқы температура +250С  болса) немесе 25-30 мин (сыртқы температура +24 +280С болса) іске қосады.Инкубатор ішіндегі ауаның  температурасы 32-330С-қа дейін төмендегенше осылай істеле береді.Салқын ауа енгізу тоқтатылғаннан кейін электр жылытқышы іске қосылып температура қалпына келтіріледі.

 

Гигиеналық норма бойынша  инкубаторлар мен инкубаторийлердің  ауасындағы көмірқышқылының мөлшері  0,4-0,7%-дан аспауы тиіс.Ауадағы шаң-тозаң және микроорганизмдер жұмыртқадан жаңа шыққан балапандардың тыныс жолын ауруға шалдықтыруы мүмкін,сондықтан ауаның таза болуын бақылап отыру керек.бұл үшін қолайлы желдеткіш,шаңсорғыштар және арнаулы жабдықтар қолданылады.Жұмыртқаға мезгіл-мезгіл 1-1,5мин бойына сынаптық кварц шамымен 40см биіктіктен сәуле түсіріледі,мұның өзі де ауаны тазартуға жағдай жасайды.Жұмыртқаның  қабығына эмбрионды аударыстырып отыру керек,бұдан кейін мезгіл аралығын бірдей етіп тәулігіне    12 рет аударыстырып отырған жөн.Жұмыртқаны инкубациялаудың басында және аяқталған кезде(кейде  орта шенінде) ұрықтың даму барысын  бақылау үшін овоскоппен жарық түсіреді,сондай-ақ жұмыртқа салмағының азаюын да еске алады,жұмыртқадан балапанның шыға бастауын және оның  қанша  уақытқа созылғанын бақылап отырады.

 

Балапандардың бір мезгілде жұмыртқа қабығын тесіп шығуы инкубациялау жұмысының ойдағыдай екенін көрсетеді.Инкубациялауға салынған жұмыртқаның 87-99%-ы балапан болып шығуы тиіс.

 

Инкубатордан шыққан балапандар үсті кепкеннен кейін 6-8 сағаттан соң өсірілетін қораға жіберіледі,балапандарды картоннан немесе фанерден жасалған, ішкі қоршаумен бөлінген жәшікке салынады да,машинаны ақырын жүргізіп,тасып жеткізеді.Әр жәшікке 25тауық балапаны,15үйрек немесе күркетауықтың балапаны,10 қаз балапандары орналастырылады.Жәшіктердің ауданы-65см2 ,биіктігі-16-18см болады. Ыстық күндері балапандарды 20%-ға кем орналастырылады. Балапандарды әрдайым тасымалдаудан кейін,жәшіктердің ішін жақсылап тазартып, дезинфекциялап отырады.

 

3.4 Балапандарды өсіру гигиенасы.

 

Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың  өзі келешекте ересек құстардың  өнімділігін арттыруда маңызы зор,сондықтан да құс балапандарын жасынан жақсы азықтандырып,күтіп-бағу қажет.

 

Балапандарды күтіп-бағудың  ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты.Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады.Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады.Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды,ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады.Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейде болуында.Атап айтқанда,ылғалдылық 60-70%,ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағ.  аралығында ауытқу керек.Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар(брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып,алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып,микроклиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыруы үшін қора ауасы жиі желдетіліп отыруы қажет.Мысалы:тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 180С ьолуы тиіс.

 

Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олрдың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.

 

3.5 Күркетауықтар гигиенасы.

 

Күркетауық шаруашылығының негізгі өнімі – күркетауық еті. Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын  қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4-5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.

 

Балапан басатын күркетауықтарды  төсеніште немесе торлы батареяда  ұстайды. Торлы еденде оларды  14 аптадан  артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.

 

Балапан басатын күркетауықтарды  орналастыру тығыздығы: төсеніште  – 1-17аптада 3-4 бас/м2;  18-30аптада 2-3 бас/м2;  торда- 1-8аптада 20 бас/м2;  9-14аптада 8-9 бас/м2. Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді.Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайдыБалапандарды торлы батареяларда ұстағанда қора-жай сыйымдылығы 2-3 есеге,балапандардың тірі салмағы 7-11%-ға артады,ал азық шығыны 11,2-15,2 %-ға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1%-ға төмендейді.Бірақ торда ұзақ ұстаудың нәтежесінде көп жағдайда балапандардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.

 

Күркетауық балапандары  тауық балапандарына қарағанда  төменгі температураға өте сезімтал келеді.Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын ала жылытылған қора-жайға  орналастырады.Алғашқы 5 аптада ауа температурасын брудерде 37-210С ,ал қорада 30-190С  шамасында ұстайды және оны біртіндеп 160С –қа дейін төмендетеді. Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады,бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет.Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды,кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады,ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді.30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейінжарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады.Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50лк,4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30лк,ал одан ары қарай 15лк болады.

 

 Алғашқы күндері күркетауық  балапандарынжалпақ астаушада азықтандырады.Балапандарды алғашқы ретжұмыртқаны жарып шығысымен 12-16 сағаттан кешіктірмей,яғни брудерге немесе торға ауыстырғаннан кейін бірден азықтандырады.

 

Күркетауық балапандарын азықтандыруды ұйымдастыру барысында  олардың биологиялық ерекшеліктеріне  көңіл аудару керек.Басқа құс балапандарыменсалыстырғанда күркетауық балапандары азықты бірден жемейдіжәне олардың азықтың ауысуынасезімтал келеді,сонымен қатар азық сапасын талап етеді.

Құс шаруашылығы. 2