Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
Мазмұны
Кіріспе.......................
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан
айырмашылығы..................
1.2.Қылмыстың
жиынтығы......................
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың
заңға қайшылығы...............
2.2.Қоғамға
қауіптілігі...................
2.3.Кінәлінің
жауапкершілігі................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық
қатынастарды түбегейлі қайта құруды
жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің
ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің
құқықтық базасын жасақтау болып
табылады. Осы бағытта Қазақстан
Республикасында мемлекеттік
Құқықтану
тарихының дәлелдеуі бойынша
қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың
қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары,
қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен
адам және тұлғаның көрініс беру өрісі
ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің
барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар,
қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі
қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар
мен міндеттерді орната отырып олардың
мүдделерін ажыратады.
Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен
қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң
қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы
болып табылады. Басқа заңдардан оның
айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті
іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды.
Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың
болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады,
яғни позитивтік сипатқа ие.
Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану және қолдану сияқты нысандары болатындығы бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді.
Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны дұрыс түсіне білумен тікелей байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады.
Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады.
Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады.
1) қылмыстық заңды қолдану;
2) қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру;
3) қылмысты
саралау—яғни іс-әрекет
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз
байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік
міндетті шешуге бағытталған, ол міндет
Қазақстан Республикасының Конституциясымен
және басқада заң актілерімен бекітілген
құқық тәртібін сақтау және күшейту болып
табылады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстың
ұғымы және белгілері» деп аталады. Аталған
тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше
төмендегілерден айырықша байқалады.
Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым
қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады
ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген
тұлға үшін туғызатын құқылық салдары
ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты
саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті
меңгермеу құқық қолданушының тарапынан
болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың
негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден
қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы
қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып
табылатын қылмысты әділ бағалауға жол
бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат
құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына
қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің
мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға
бастау болады.
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері.
1.1.
Қылмыстың түсінігі
өзге жатқылықтардан
айырмашылығы.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
«Қылмыс» ұғымы Қазақстан
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы. Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек. Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі). Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін. Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Қылмыс
құрамының жоғарыда көрсетілген
өзіндік ерекшеліктері әр түрлі
санаттағы қылмыстарды
Құрамдар
арасында айырмашылықтардың болмауы
аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға
мүмкіндік бермес еді. Қылмыс құрамының
ажыратушылық функциясы практикалық жағынан
да өте маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың
қоғамдық қауіптілігіне тәуелді түрде
жауаптылықты дербестендіруге қылмыстың
берілген түрімен күресу үшін заң шығарушы
барынша тиімді деп санайтын құқықтық
салдарды таңдап алуға мүмкіндік береді1.
Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын
белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы
қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен
бөлектейді немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан
ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден ажыратады.
Құрамның ажыратушылық функциясын талдай
отырып оның белгілерінің басым көпшілігі
жоғарыда аталған бірінші қызметті ал
кейде бір уақытта екеуінде орындайтынын
байқауға болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж)
ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан
ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған құрамдардың
барлық қалған белгілері ұқсас болады
бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың
өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді.
«Талан-тараж» түсінігі ұрлық пен тонауды
меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен
(мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды
және оларды азаматтық деликтерден де
ажыратады.
Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының
мазмұнына кірістірілетін белгілер жинағында
бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін
атқармайтын тек бір белгі бар сияқты.
Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар
үшін бірдей болып табылатын есі дұрыстық.
Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны
барлық қылмыстар үшін бірдей олардың
жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде
бөліп қарасақ онда есі дұрыстықты гипотезаға
жатқызуға болады.
Есі дұрыстықтың қылмыс субъектісінің белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына психикалық қатынасының нысандарымен тығыз байланысты болуы ондай ғылыми көзқарасқа кедергі келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз. Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа ие болады.
Ол заңның
тек белгілі бір белгілердің
жиынтығының барысында ғана қылмыстық
жауапкершілікті қарастыратындығынан
және көптеген мән-жайларды есепке алмайтындығынан
көрініс табады. Кез-келген құқықтың әртүрлі
адамдарға бірдей көлемді қолдану болып
табылатындығы белгілі. Алайда құрамның
дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген
заң нормасының формализмі шешуді талап
ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес
аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай
жағымды қасиеттерге де ие болады.
Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте
заңмен азаматтардың барлығына қойылатын
талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың
барлығы ұлттық, әлеуметтік, діни және
басқа да айырмашылықтарына қарамастан
заң алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың
қ тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан
көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің
жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей
және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде үлкен
маңызға ие болады. Қылмыстық-құқылық
норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің
жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты
болып табылады. Норма заңшығарушы қарастыруға
және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті
іс-әрекеттерді ғана барынша дәлдік және
толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде
заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі
заң техникасын меңгеруді талап ететіндігі
айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде
болса кемшін соғып жатқан тұстарымыздың
басым екендігі жасырын емес
Алайда заңның барынша жетілдірілген
мәтінінің барысында да норманың абстрактивті
талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты
ерекшеліктерінің арасында қайшылықтар
пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда
бұлар қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын
ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің
Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары
арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы белгілі
бір құрылымға ие болғандықтан оған оны
құрайтын белгілер арасындағы байланыстардың
түрін, сипатын білдіретін белгілі бір
конструкция тиісті болады. Құрамның белгілері
әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан
тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының
әралуандығына алып келеді. Көптеген жағдайларда
құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде
топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс
құрамының жекелеген бөліктерін құрастырудың
типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың
және тонаудың тиісінше адам өлтірудің
және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің
құрамдары бірдей конструкцияға ие.
Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара
конструкциясы бойынша айырмашылыққа
ие болады.
Мысалы жәбірленушінің қайтыс болуына алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру (103б.) адам өлтіру құрамынан тек объекті, объективтік және субъективтік жақтарының белгілерімен ғана емес өзінің құрлысының ерекшеліктерімен айырмашылықтарға ие болады: онда зиянды салдардың екі түрі (денсаулыққа ауыр залал келтіру және өлім) қарастырылған және кінәнің екі нысаны бар. Оның есесіне кісі өлтіру құрамы үшін ауырлататын мән-жайлардың күрделі құрылымы тән болады. Бұл мысалдан байқайтынымыз құрамдар құрлысындағы айырмашылықтар жекелеген белгілердің мазмұнымен емес, қылмыстың белгілі бір элементтерін сипаттайтын белгілердің тобымен анықталатындығы. Суреттей айтқанда егер қылмыс құрамы ірі типтік блоктарда тұратын ғимарат дейтін болсақ, онда конструкция осындай блоктардың жиынтығымен анықталады. Я.М. Брайниннің пікірінше «Қылмыс құрамының құрылымдық негізін оның элементтерінің жүйесі құрайды: объект, объективтік жағы; субъекті және субъективтік жағы құрайды».
В.Н.
Кудрявцевтің ойынша: мәнісі бойынша
дұрыс болып табылатын бұл
пікір термонологиялық жағынан
тиянақтауды қажет етеді. Ол жаңылысу
болмау үшін «элемент» терминімен қылмыстың
тек төрт бөлігін білдіруді ұсынады,
ал құрам мазмұнына қатысты «
Мысалы,
қылмыстың объективтік жағына әрекет
немесе әрекетсіздік, зиянды салдар және
т.б. кірістіріледі «Әрекет» (немесе «әрекетсіздік»)
жүріс-тұрыстың әртүрлі нысандарын кірістіретін
санат болып табылады. Субъектіні сипаттайтын
белгілердің кейбір санаттары туралы
біз осыған дейінде айтқан болатынбыз
(ақыл-асі дұрыстық, жас мөлшері). Жоғарыда
аталған белгілер санатының болуы құрамды
толық сипаттама жасауға жеткіліксіз
болады, себебі санаттар белгілердің тектік
тиістілігін көрсетеді және қажетті нақтылыққа
ие бола алмайды: әлдеқандай құрамды суреттеу
үшін оған не кіретінін көсетіп ғана қоймай
осы қортындыланған белгінің мазмұнында
ашу қажет болады, яғни әңгіме мүлікті
жасырын талан-таражға салу немесе эпидемиялармен
күресу ережелерін бұзу туралы жөнінде
болып отырғанын анықтау керек. Ендеше
құрамға кіретін белгілердің санаттарын
атап шығу оның мазмұнын ашпайды бірақ,
оның конструкциясына сілтеме жасайды.
Сонымен бірге құрам белгілерінің әлдеқандай
ресми сыныптамасының жоқ екендігін және
аталған мәселе бойынша ғалымдар пікірінің
толық бірдей емес екендігін естен шығармаған
дұрыс. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық
құқық ғылымындағы қылмыс құрамы мен оның
атқаратын қызметі және оның қылмысты
саралаудағы маңызы туралы пікірталастарды
осымен қоя тұрып, қазіргі кездегі оқулықтардағы
бекітілген көзқарастарды талдап көрейік.
Қылмыс
құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы
жалпы сипатта болады. Онда іс-әрекет сипатталып
жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың
жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды.
Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке
сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан
түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір
жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай
қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан
нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама
қортындылаудың нәтижесі болып табылады.
Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты
құрамдардың барлық белгілерін негізгі
және қосымша қылып бөлу қалыптасқан.
Барлық
нақты қылмыстарға тиісті белгілер
жалпы белгілер болып табылады. Осыған
сәйкес әрбір құрамда нақты объект,
іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс
субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа
толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер
заң шығарушымен жеке қылмысты немесе
қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысты
саралауды құрам элементтері объекті,
объективтік жағы, субъект және субъективті
жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан
жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың
анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен
салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады2.
Тергеу және сот органдарының қылмысты
саралаудағы қызметінің мәні мынада: жасалған
іс-әрекет белгілері мен ҚК-тің Ерекше
белгілерінде қарастырылған қылмыс белгілерін
салыстыру және сәйкестігін табу сол арқылы
жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық
баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен
салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін,
дербес қылмыстық құқық институты ретінде
негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық
ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының
жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу
фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын
жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған
іс-әрекетін саралауды оның жасалуының
мәністерін есепке алу және талдау арқылы
ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік
көзделген бабына ауыстыруы мүмкін.
1.2.
Қылмыстың жиынтығы
Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының сот практикасын, Заңшығарушы, қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен.
Аталған
бапта қылмыстардың жиынтығының
түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде
арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан,
заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және
идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді.
Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті
қағидалары мыналарды қамтиды:
а) қылмыстардың деректі және идеалды
жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше
айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт
береді;
ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар
қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау,
яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы
нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған
жағдайына қатысты.
Осыған байланысты "егер бір қылмыстың
белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе
бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны
қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған
болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін
дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты
құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың
құрамын құрайтын белгілерін анықтау
керек, атап айтқанда:
- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай
түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі
кім болып табылатындығын; қылмыстың объективтік
жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай
әрекеттермен белгіленетінін;
- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын
объектісін анықтау;
- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне
деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей
немесе жанама ниетпен немесе абайсызда
жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік
жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау
керек.
Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым
ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін
нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың
белгілерін іздеп, табу керек. Қоғамға
қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ
жазаны көздейтін ҚК баптарының диспозициясынан
неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін
іздеу қажет. Істерді, процессуалдық құжаттарды
және өзге де материалдарды, сондай-ақ
облыстық және оларға теңестірілген соттардың
анықтамаларын зерделеу, негізінен соттардың
қылмыстардың жиынтығы туралы заңның
қағидаларын дұрыс түсініп, кінәлі адамның
жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық
баға беретіні және заңға сәйкес жаза
тағайындай алатындығын көрсетті.
Нақты
санаттағы істер бойынша
Осы кезде әрекеттерді саралау туралы
түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде жасалған
әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың
жиынтығы бойынша қалай саралау керек
екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы
істер бойынша 20-дан астам Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы қолданылады.
Демек, күрделі, көп құрамды қылмыстар
бар кезінде заң шығарушымен түрлі қылмыстар
соның ішіндегі біреуі барлық қылмыстың
жасалуына кезең, әдіс, тәсіл қызметін
атқарады. Одан басқа, ҚК-нің бір қатар
баптарында қылмыстардың бірнеше мәрте
жасалуы неғұрылым қатаңырақ жаза тағайындауға
әкеп соғатын айқындаушы белгі ретінде
көрсетілген.
Қылмыстық заңның жекелеген нормаларында қылмыстың айқындаушы белгісі ретінде сол қылмысты басқа қылмыстырдың жиынтығында жасалғаны туралы да көрсетілген.
Неғұрылым қатаңырақ жазаны тағайындауға әкеп соғатын, қылмыстың айқындаушы белгілерінің бірқатары осы қылмысты жасаудың себептерімен және мақсаттарымен байланысты. Соттар үкімдерінде әрекеттердің саралауын дәлелдемей, Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміне сілтеме жасайды және өздерінің қорытындыларын Жоғарғы Соттың қолданыстағы нормативтік қаулыларына сирек негіздейді.
Қылмыстардың
жиынтығы бойынша әрекеттерді саралау
туралы қылмыстық заңды қолданудың
мәселелері бойынша республика соттарының
пікірін анықтап білу үшін оларға сұрақтар
тізбесі жіберілген.
Облыстық соттардың жасаған қорытуларын
зерделеудің нәтижесі соттардың қылмыстардың
жиынтығы және деректі мен идеалды қылмыстардың
жиынтықтарын жіктеу жөніндегізаң қағидаларын
дұрыс түсінетінін көрсетті.
Мысалы, сот азаматтардың әрекеттерін
үкімде мынадай жалпылама сөз тіркесімен
негіздеген: "заң талаптарына сәйкес,
сотталушының әрекеттері саралануы тиіс...".
Осы орайда, қылмысты саралау кезінде
соттың қандай заңды қолданғаны және оның
мазмұны көрсетілмеген.
Бірқатар
жекелеген үкімдер бойынша ғана
соттардың неғұрылым қатаңырақ
жазаны көздейтін бір бап бойынша
әрекеттерді айқындауға қадам жасағанын
байқауға болады. Осындай жағдайларда
соттар өздерінің шешімдерін Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулысындағы тиісті
түсіндірмеге жиі негіздеп, ҚК-нің 12-бабына
сілтеме жасамайтындығын байқатты.
Мысалы, 21 рет бөтен мүлікті ұрлаған әрекеттерін
тергеу органдары әр эпизод бойынша 21
рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен
жеке-жеке саралаған. Сотқа беру кезінде
саралау өзгеріссіз қалдырылған.
Сот
барлық қылмыстық әрекеттерді бір
рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен
саралап, сол бойынша жаза тағайындаған.
Осындай жағдайларда
Соттар қылмыстың белгілері қылмыстық әрекеттің негізін сипаттайтынын, ал айқындаушы белгілері нақты жағдайда қылмыстың жасалу мән-жайларын сипаттайтынын дұрыс көрсеткен. Неғұрылым жеңілірек жазаны көздейтін қылмыстың белгілері басқа қылмыстар үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің баптарының диспозицияларында болуы, осы жағдайларда ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет екі қылмыстың белгілерін қамтыса ол бір бап бойынша саралануы тиіс деген облыстық соттардың пікірлері бір-біріне ұқсас келеді. Егер ҚК-тің 96, 103, 104-баптарымен көзделген қылмыс жасау барысында, басында денсаулыққа жеңіл зиян келтіріліп, кейіннен кінәлінің ниеттенген нәтижесіне әкеп соқса, әрекет түпкілікті нәтиже бойынша адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және осыған сай негіздерде саралануы тиіс.
Көп
жағдайларда ауырлығы жеңілірек қылмыстың
белгілері нақты заң нормаларының айқындаушы
белгілері болып табылатынын соттар дұрыс
анықтап, осыған байланысты артық айыптау
деп айыптаудан алып тастауы негізді.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуының
саралаушы белгісі қылмыстар үшін алынбаған
немесе жойылмаған соттылықтарды және
егер ҚК бабының диспозициясында соттылықтар
осы қылмыстың дербес саралаушы белгісі
ретінде көрсетілмеген жағдайда бұрын
жасалған қылмыстар үшін соттылық жағдайын
да қамтиды. Әрекетті бірнеше рет жасалу
белгісі бойынша саралау кезінде кәмелетке
толмаған жаста жасаған қылмыстар үшін
бұрынғы алынбаған немесе жойылмаған
соттылықтар ескерілмейді.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын анықтау кезінде адамның заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған қылмыстары немесе солар үшін қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімдерінің өтуі ескерілмейді.
Адамның қылмыстардың біріне қылмыстың бірнеше рет жасалуын көздейтін бір баптың (баптың бөлігінің) күші қолданылатын, ал басқа қылмыстарға ҚК басқа баптарының күші қолданылатын бірнеше қылмыстарды жасауын да қылмыстардың жиынтығы ретінде саралаған жөн. Мұндай жағдайларда қылмыстың бірнеше рет жасалуын құрайтын бірнеше әрекетті ҚК бабының бұл қылмыстардың осы саралаушы белгісін көздейтін бөлігі бойынша, ал жасалғаны үшін ҚК басқа баптарымен жауаптылық көзделген басқа әрекеттер - ҚК тиісті баптары бойынша саралануы қажет.
Қылмыстардың жиынтығы кезінде кінәлі адам ҚК 12-бабына сәйкес әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл сот дәлелденді деп таныған әрбір әрекеттің, әдетте, ҚК тиісті бабы (бабының бөлігі) бойынша дербес саралауға жататынын білдіреді. Барлық жасалған қылмыстардың белгілері неғұрлым қатаң жаза көздейтін ҚК баптарының біреуінің диспозициясымен қамтылған жағдайларда ғана қылмыстар жиынтығы ҚК бір бабы бойынша саралануы мүмкін.
Жиынтыққа кіретін әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын мұқият зерттеп, қылмыстардың жасалу ретін, себептерін, мақсатын, кінәнің нысанасын анықтап, сондай-ақ қылмыстық заң нормаларының әрқайсысының диспозициясын талдап және салыстырып, ҚК бір бабында жауаптылық көзделген бір әрекеттің белгілерінің жиынтыққа кіретін басқа бір қылмыс үшін жауаптылық көздейтін басқа баптың диспозициясын қамтитын-қамтымайтынын анықтаған жөн. Бұл орайда, қылмыстың белгілері деп, объект объективтік жағын, субъект субъективтік жағын құрайтын белгілерді түсіну қажет.
Қылмыс құрамын құрайтын белгілердің қылмыстың саралаушы белгілерінен ерекшелігі қылмыс құрамы белгілерінің ең болмағанда бiреуiнiң болмауы әрекетті қылмыс деп тануға мүмкіндік бермейтіндігінде, ал қылмыстың саралаушы белгілерінің болмауы әрекетті осы қылмыстың жасалғаны үшін қатаңдығы төменірек жауаптылық көздейтін заң нормасы бойынша саралауға негіз болады (жай құрам).
ҚК бір бабы (бабының бөлігі) бойынша саралауға жататын жалғаспалы қылмыстан қылмыстардың анық жиынтығының ара-жігін ашу кезінде қол сұғушылық жасалған объектілердің бір немесе бірнеше қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделгенін және осы қылмыстың нәтижесінде келтірілген зардаптарды анықтау қажет, сондай-ақ жасалған әрекеттердің әркайсысының субъективтік жағының қалай сипатталатынын ескеру керек.
Белгілі бір адам жасаған, жиынтыққа кіретін қылмыстардың біреуінің субъективтік жағы кінәнің қасақана нысанымен, ал басқа қылмыстың субъективтік жағы абайсыздықпен сипатталса (мысалы, бір адамды қасақана өлтіру және басқа адамды абайсыздықтан өлтіріп алу), онда жасалған қылмыстар тіпті объектісі, объективтік жағы және келтірілген зардаптары бойынша бір-бірімен сәйкес келгеннің өзінде әрбір әрекет ҚК қасақана және абайсыздықпен жасалған қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тиісті баптары бойынша саралануы қажет3.

- қылымыстың көптігі
- қымыз алу технологиясы
- Қыска мерзімді несиелер
- Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың есебін ұйымдастыру
- Лeгитимнocть: пoнятиe и критeрии. Гocудaрcтвeннaя влacть кaк oбъeкт лeгитимнocти
- Лабазник вязолистый
- Лабораторная диагностика заболеваний щитовидной и паращитовидных желез
- Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
- Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
- Қылмыстық құқықтағы Жаза тағайындау
- Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі және жүйесі
- Қылмыстың обьективтік жағы
- Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оньң маңызы
- Қылмыстың ұгымы және белгілері