Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігі»
050301 « Юриспруденция»
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
ҚАРАҒАНДЫ 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.........................
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫШАНДАРЫ.....................
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ.......................
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ....................
2 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕОРИЯЛАРДЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ...................
2.1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ........................
2.2 ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ...................24-
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Менің осы курстық жұмысымды таңдаған себебім « Құқықтың пайда болуының себептері,құқық түсінігіне» тоқталғым келді.Бұл тақырыпта негізнде алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюииялық өсуі мен дамуы жүздеген мыңжылдар бойы тыйым салатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштеге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт-жоралар пайда болады. Келе-келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады.
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлермен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы даудамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда. [ 1 ]
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтык әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық коғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы,ақиқатқа жататындық емес». Осындай қорытындыдан кейін Т.В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, ырымдар, мифтер (қиялдар), әдет-ғұрып, діни құлықтылық (моральдық), этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барлығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге баскаша пікір білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет-ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды». Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер (тамақты тартып алу, әйелге таласу, бірін-бірі өлтіру және т.б.) таныту қауымының тыныс-тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылық тағатыйым салу арқылы болды. Бірте-бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға айналды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюииялық өсуі мен дамуы жүздеген мыңжылдар бойы тыйым салатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштеге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт-жоралар пайда болады. Келе-келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады. Зигмунд Фрейдтің пікірі бойынша құқықтың пайда болуының алғашқы формасына тотемизм және шаманизм сияқты діни сезімдермен тығыз байланыста қалыптасқан табу жатады.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларына мынандай сипаттар тән:
1. Әдет-ғұрыптың пайда болуы, қалыптасуы негізінде шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға байланысты қалыптасады. Тауда мекен еткен адамдар мен далада, шөл, шөлейт аймақтарында тұратын адамдардың әдет-ғұрыптары мүлдем басқа. Мысалы, Африка халықтары мен қазақ халқының әдет-ғұрыптарын салыстыруға болмайды.
2. Әдет-ғұрыптар аумақтың кеңістікте пайда болған алғашқы адамдардың, ру мүшелерінің еріктерін білдіреді, бәріне бірдей қолданылады. Ешкімге ерекше пұрсаттағы әлеуметтік артықшылық берілмейді. алыптасқан әдет-ғұрып нормалары әрқайсысын бәрінің қамқорлығына алады.
3. Әдет-ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды орындау, іс жүзіне асыру — алғашқы адамдардың санасына сіңірген дағды.
4. Әдет-ғұрып нормаларының мәні мен талаптары ру мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып, күн көруді қаматамасыз етті. Қабылданған нормаларды орындамау қауымның тыныс-тіршілігіне, оның өмір сүруіне орны толмас нұқсан келтіреді.
Әдет-ғұрып нормаларды орындау санаға сіңген және мінез-құлық арқылы көрініс беретін жүйелі дағды арқылы іс жүзіне асырылып отырады. Дағды алғашқы адамдардың әрекеттерінің өлшемі нормалардың жиынтығы, оларды орындау барлык ру мүшелерінің міндеттері және құқықтары болып табылады. Міндет пен құқық бір мағынадағы мызғымастықта.
Қоғамның даму заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп соқтырады. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың пайда болуының жолдары мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің пайда болуының себептері құқықтың да шығуына әкеп соғады. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамдық катынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарында шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын, байқатады. Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге басқа әлеуметтік пормалар Қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдсрі болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды. Мысалы, хандық дәуірдегі көшпелі қазақ өркениетінде «істі шешкен қағида, нақтылы сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, болашақта осыған ұқсас іс, дау-жанжал болғанда қолданылып отырған». Мемлекет және құқық теориясында сот перцеденті дегеніміз соттың нақтығы іс бойынша шығарған шешімдеріне нормативтік сипат беріп, болашақта болатын ұқсас істерге қолданылатын үлгі. Схема жүзінде құқықтық пайда болуы былайша көрініс береді:
1.1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН НЫШАНДАРЫ
Құқық мемлекетпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент- заң, президент- жарлықтар, үкімет- қаулылар мен өкімдер, салалы министрліктер - ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар - шешімдер шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие:
1. Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.
2. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданатын нормалардың жиынтығы. Әдет-ғұрып, діни, дәстүр сияқты нормаларға қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субъектілердің бәріне қатысы бар.
3. Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды реттейді.
4. Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
5. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді мағынадағы жүйені құрайды.
6. Мемлекеттін күші мен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш қолдану арқылы іс жүзіне асырды.[ 8 ]
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялык және революциялық дамуы барысында қоғамдық-экономикалыұ формация шеңбері мағынасында өзіне тән сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы. Адамзаттың тарихи дамуы құқықтың негізінде төрт типін қалыптастырады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялык және социалистік. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған. Құл иеленушілік құқықтың өзіне тән ерекшеліктері мынандай сипаттармен айқындалады:
- Құл иеленушілік құқық құл иеленушілердің еркін біддіреді және олардың шексіз саяси биліктерін, диктатурасын бекітеді, үстемдігін жариялайды. Фараон патшалар құдайдың әмірімен болған, жердегі оның әміршісі деп танылды. Құқықтың барлық тетіктері осы билікті қамтамасыз етуге бағытталған.
- Құл иеленушілік құқық негізгі өндірістік кұрал-жабдықтарға және кұлдарға жеке меншікті құқық нормаларына бекітеді.
- Құлдар құқықтың субъектісі бола алмайды. Олар тек қана объект (зат, тауар) ретінде танылады. Сондықтан оларда сатуға, өлтіруге, ұрып-соғуға, айуандықпен жазалауға құл иеленушілік құқық меншік иелеріне толығымен мүмкіндіктер береді. Мысалы, Рим заңгерлері құлдардың құқықтарын, қоғамда алатын орындарын «Servus instrumentum vocale est» (құл сөйлейтін құрал) деп бекіткен.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидасын (жанға-жан, қанға-қан) бекітеді. Мысалы, ежелгі Хамурапи патшасының зандарында: «Егер біреу басқаның сүйгенін сындырғаң болса, оның сүйгенін сындыру қажет» деп көрсетілген.
- Құл иеленушілік құқық талион қағидаларымен қатар мүліктік композицияға мүмкіндіктер береді. Бірақ, бұл институт негізінде құлдарга емес, еркін адамдардың арасындағы қатынастарға тиісті болған.
- Құлдардын кұл болып жаратылуын «natura humana» деген кағидамеи бекітіледі. Құл болу туа біткен қасиет, еш уақытта өзгермейтін құбылыс ретінде танылады.
- Құл иенушілік құқық патриархалық отбасында әкенің шексіз құқын бекітеді. Рим құқы бойынша әкесі баласын құлдыққа сатуға құқылы.
- Құл иеленушілік құқықтық талаптары әйелді тек бала туу және еркектерге ермек үшін жаратылған екендігін бекітеді. Мысалы, ежелгі Үндістанның Ману зандары әйелдерге туа біт-кеннен табиғи жеңілойлылық тән болғандықтан қандай жас мөлшерінде болмасын өз беттерімен өмір сүру қабілеттері жоқ. Сондықтан әйелдер бала кездеріне, әкелеріне, жас кездерінде күйеулеріне, ал қартайған шақтарында балаларына бағынулары керек деген норманы бекіткен.
2. Феодаддық типтегі құқық. Феодалдық құқық кұл иеленуші мемлекет күйрегеннен және жер бетінің кейбір аймақтарында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейін пайда болған құқықтық жүйе. Феодаддық типтегі құқықтық жүйе феодалдық мемлекеттің саясатын, билігін бекітетін нормалардың жиынтығы. Оның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
- Феодалдық типтегі құқық феодалдардың саяси билігін, еріктерін жариялады, жерді феодалдардын жеке меншігі ретінде таниды. Жері жоқ шаруалар тобын феодалдарға тәуелді етеді.
- Феодализм дәуірі оның құқықтық жүйесін сословиелік қағида негізінде қалыптастырады. Қоғамдық саяси қатынастардың барлық салалары адамдардың мүліктік артықшылық пен ерекше пұрсаттылық қасиеттерімен айқындалады. Мысалы, «Русская правда» заңы бойынша боярлар табының мүліктері өлгеннен кейін, егер ұлдары жоқ болса, кыздарына өтетін болса, шаруалар сондай жағдайларға душар болғанда меншіктері боярға тиісті болып, қыздарына аз ғана белігі мұрагерлікке берілген.
- Феодалдық типтегі құқық діни мағынамен сипатталынады және ерекшеленеді. Дін мемлекеттің барлық істерінде басшылық рөл атқарады, билік жүргізуде, әділ сот ісіне шіркеу тікелей араласады, діни нормаларды бұзу құдайға қарсы шығумен тепе-тең бағаланады.
- Ерекше қаталдығымен айрықша көзге туседі. Шіркеу соттарында инквизиция процесі арқылы өлім жазасын қолдану кең етек жаяды, тергеу және соттарда қаралған істер бойынша азап-тауды қолдану өмірдің заңына айналады. Отқа өртеу, басын шабу, қинап өлтіру сияқты жазалар кең колданылады. Жанна д-Арк, Джорданно Бруио, Николай Копсрник, Ян Гусь сынды қайраткерлер көзқарастары үшін өртке салынады. [ 2 ]
- Феодалдык құқық негізінде партикулярлық сипатка ие. Мемлекет ішіндегі герцогтер, княздер, барондар иелік еткен жерлерінде өз мүдделеріне сай әдет-ғұрып кұқық жүйелерін қалыптастырған. Бір аумактың зандары бір аумақтыңзандары-на сәйкес келмейді, мемлекетте жүйеленген заңнама жокка тән.
1. Буржуазиялық құқық. Феодализмдегі қалыптасқан қоғамдық қатынастардың дамуы XVI- XVIII ғасырлардың аралығындағы Еуропада ірі буржуазиялық революцияларының болуына әкеп соқтырады. XVI ғасырда Нидерландияда, XVII ғасырда Англияда, 1789 жылы Францияда феодаддық мемлекеттің ескірген, даму заңдылығын тежеген институттары мен құқықтық жүйелері революциялық жолмен жойылып, буржуазиялық типтегі мемлекет және құқық жүйесі қалыптасты. Үлы Француз революциясы жарияланған «Адам және азамзат құқықтарының декларациясы» өзінің бірінші бабында: «Адамдар дүниеге еркін және кең кұқылы болып келеді. Қоғамдық айырмашлыктар тек қана жалпы пайдаға негізделуі мүмкін», - деген қағиданы жариялап, буржуазиялық типтегі құқықтың негізгі идеясын дүние жүзіне паш етті. Екіншіден, буржуазиялық құқық жеке меншік құқын ең касиетті деп жариялады, оған кол сұғу қоғамдық пікірмен қатты айыпталуымен қатар, қатаң түрде жазаланады. Жоғарыда көрсетілген Декларацияның 17-бабы мына норманы бекітті: «Меншік қол сұғылмайтын және қадірлі құқық болғандықтан ешкім одан айыраалмайды, айыру тек ғана заң, тәртіп бойынша күмәнсіз қоғамдық қажеттілік үшін, әділетті және алдын-ала орын толтырған жағдайда іске асырылады». Үшіншіден, қанаушылыққа қарсылық білдіруді адамдардың табиғи және ажыратылмайтын құқықтары екені қағида ретінде жарияланады. Аталмыш саяси құқықтық идеялар кейініректе дүние жүзі мемлекеттерінің басым көпшілігінде жарияланады.
Буржуазиялық типтегі құқықтың мынандай ерекшеліктері бар:
1. Буржуазиялық құқық капиталистік өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделген кұқық. Бұл бағытта буржуазиялык құқық езінің қоғамдық қатынастарды реттеу барысында көптеген ежелгі Рим кұқының институттарын енгізеді.
2. Буржуазиялық құқық феодалдық құқық бекіткен сословиелік айырмашылықтарды жояды. Барлық адамдардың, заң алдында тең құқылығын жариялайды. Азамат деген ұғымды енгізеді. Ұлы француз революциясы жариялаған «Адам және азамат құқықтарының декларациясының» 6-бабы салтанатты мағынада: «Заң - жалпының еркін білдіру. Барлық азаматтар оны жасауға тікелей өздері немесе өкілдері арқылы қатысуға құқықтары бар. Ол қамқорлық жасағанда да, жазалағанда да бәріне тең болуы тиіс. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдіктеріне байланысты бәріне қоғамдық лауазымға қолдарының жетулеріне тендік дәрежесінде жол ашық...», — деп жариялады.
3. Буржуазиялық құқық жариялылық және жеке болып бөлінеді. Жариялылық құқық билік, басқару жүйесінде қалыптасқан қатынастарды реттеу функциясын іс жүзіне асырады, ал жеке құқық болса, азаматтардың меншікті иемделу, пайдалану және билеуден туындайтын қатынастарды реттейді. Құқықтың жариялылық және жеке болып белінуі буржуазиялық құқықтың тиімділігін арттырады, оның реттеу мүмкіншілігінің кең, ауқымды екенін аңғартады.
4. Буржуазиялық құқық шарттардың, келісімдердің еркіндігін салтанатты түрде жариялайды, олардың орындалуы мен қамтамасыз етілуі қастерлі болуын қамтамасыз етеді. Бұл талап ежелгі Рим құқы қалыптастырған «Pacta sunt servanda» (Шарттар орындалуы тиіс) қағидасын дамытудың үлгісі.
5. Буржуазиялық құқық прогрессивтік сипат мазмұнда «заңда көрсетілмеген әрекет қылмыс бола алмайды» принципін жариялайды, яғни тек мемлекет тарапынан бекітілген кылмыстың түрлері ғана қылмыс деп танылады.
4.Социалистік құқық 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес мемлекеті қалыптастырған тарихи типтегі құқық. Социалистік құқық Кеңес мемлекеті орнатқан саяси режим мен коммунистік партияның диктатурасын бекіткен нормалардың жиынтығы. Социалистік құқық буржуазия жариялаған құндылықтарды жоққа шығарады, барлық тарихи типтегі кұқықтарды үстем таптардың заңға айналдырылған еркі деп жариялайды, қанаушылык функция атқарады деген айдарлар тағылады. Ал, социалистік құқық ең жоғарғы типтегі құқық деп жарияланады. Социалистік құқыққа тән мынандай ерекшеліктер бар:
1. Социалистік құқық буржуазиялық құқықты мүлдем жоюдың нәтижесінде орнатылады. Сондықтан оның мәні мен мазмұны репрессиялық нормалардан қалыптасады. Мысалы, сайлау құқынан айыру, меншікті тәркілеу, адам құқықтарының теңсіздігін ашык түрде бекіту және т.б.
2. Социалистік кұқық барлық өндірістік құрал-жабдықтарға мемлекеттік меншік кұқын бекітеді. Жеке меншікті «буржуазиялық, халықты қанауға бағытталған» деген желеумен өндірістік катынастардан мүлдем ығыстырылады. Жеке меншік құқы мемлекеттің қас жауы ретінде бағаланды.
3. Мемлекеттік билік жүргізуде жұмысшы табының және оған басшылық жасайтын коммунистік партияның үстемдігі жарияланады. Партияның құжаттары мен қаулылары барлық ұйым, мекеме, кәсіпорындарға және жеке адамдарға міндетті.
Социалистік құқық күқықтық мемлекет қағида ретінде жарияланған плюрализмге еш уақытта жол бермейді. Мемле-кетте коммунистік идеологияның үстемдігі жарияланады. Жеке адамның ой-пікірі, қимыл-әрекеті тек қана коммунистік идеологияға сәйкес болуы тиіс. Еркін пікір, сөз айтуға цензура арқылы тыйым салынады.
5. Социалистік құқық нарықтық экономика заңы қалыптастырған еркін бәсекелестікке тыйым салады. Бүкіл мемлекет көлемінде жоспарлық экономикалык катынастарды ғана бекітеді. Түйме шығарудан ғарыш кемелерін жасауға дейін бар-лығы құқық негізде жоспарланады. Жоспар заң мағынасымен бірдей ұғымда бекітіледі. Бекітілген жоспарды орындамау қылмыстық жауапкершілікті тудырады.
6. Социалистік құқық пролетарлық интернационализм желеуімен ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, дамытуға тыйым салады, тілдердің дамуын тежейді. Мысал ретінде айтып кететін болсақ, егер XX ғасырдың 20-жылдарында Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясында 200-ге жүзге жуык тілде сөйлейтін этностар болған болса, 1979 жылға жүргізілген санақ бойынша 92 ғана ұлттардың қалғаны анық болған. Бір сөзбен айтқанда Кеңес өкіметі 108 ұлттардың тілін, этностық қасиеттерін жойып жіберді. Польшада кашубтар деген этностық топ жойылды. Дағыстандагы андин, ботлихтар, чамалдар, цездер, гуизабтар сияқты халықтардың тілдері мүлдем жойылды.
7. Социалистік құқық экономиканың нарықтық қатынастарға тәуелді заңдарын тасталқан етіп, оның орнына мемлекеттің этатистік үстемдігін орнатады. Бұл процесс мемлекеттік биліктің бақылаусыздығына, құқықгық реттеуге бағынбаушылыққа әкеп соқтырады. Мақсатқа сай келетін шешім қабылдау заңсыздыққа бассыздыққа және кұқықтық қағидаларға қайшы келетін субъективтік әрекеттерге кеңінен жол ашады. Субъективизм мен волюнтаризм құқық жүйесінің негізін қалыптастырады.
1.3 ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Құқық теориясында құқық қағидасы (принципі) деп қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау барысында қалыптасқан құқық жүйесінің қалыптасу және құрылуының, мәнінің негізгі идеяларының жиынтығын айтады. Зерттеуші Л. Р. Сюкияйненнің тұжырымы бойынша «құқықтың қағидалары - құқық құндылықтары болып табылады».[ 6 ]
Құқықтың қағидалары құқықтың мазмұнын, мәнін және ерекшеліктерін айқындайды. Құқықтық сананың элементтеріне жатады. Халық құқық қағидаларын тану және оған сену арқылы әділеттілікті, әділ сотты бағалайды. Заң ғылымында құқықтың қағидалары мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Ха.лық билігінін баяндылығы. Бұл қағида Қазакстан Республикасының Конститутциясының 3-бабында мына мағынада бекітіледі:
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
2. Демократизм. Қазақстан Республикасында құқық адам және азаматтардың бостаңдықтарына барлық жағдайлар жасайды, демократияның барлық басқару тетіктеріне құқықтық жүйеде пайдалану арқылы халықтың мүдделерін қорғауды паш етеді,
құқықтарының тиімді түрде іс жүзіне асуына барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Біздің мемлекетімізде құқықтың демократизм қағидаларының іске асырылуы үш бағытта жүргізіледі:
а)Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңберін кеңейту.
ә)Үкіметтік смсс ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын Конституциялық талаптарға сай дамыту, азаматтық қоғамның толыққанды дәрежеде қалыптасуына мүмкіндіктер жасау.
б)Демократиялық институттардың шеңберін кеңейте отырып, өмірдің барлық саласыңда заңдылыкты нығайту. Заңды орындау барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қажеттілігі болуы тиіс.
3.Барлық адам және адамзаттардың заң алдындағы тең құқылығы.Ешкім ұлтына,нәсіліне,әлеуметтік тегіне,дініне,тіліне, жынысына қарамастан құқық нормалары талабы шеңберінде артық деп танымайды. Лауазымдарға ие болу жеке адамдардың қабілеттеріне ғана сай дәрежеде іске асырылуы тиіс.
Атап айтқанда қазақ елінің көсемі «Ахмет Байтұрсынов мемлекетте ең маңызды мәселе ретінде жеке адамдардың құқықтық теңдік идеясын нақтылы практикада іс жүзіне асуына ерекше көңіл бөледі. Заң алдыңда барлық адамдардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан тең екенін, бір-бірінен жоғарғы санатта болуына үзділі-кестілі қарсылық білдіреді. Адамдардың барлығы, туғаннан бастап тең болғандықтан кім болса да «низамнан (заң мағанасында — С.Ө.) күшті емес» — дейді Ақаң. Бұл идеяның мағнасынан біз құқықтық мемлекеттерде жарияланған табиғи құқық идеясының, яғни жеке адамның дүниеге келген сәтінен бастап заң, құқық алдында тең болу принципіне сай келеді. Ойшылдың ойынша жеке адамның табиғи құқы саясаттың құралы болуға тиіс емес, керісінше, саясат тарихи творчестволық әрекет ретінде өзінің барлық бағдарламасын, дерективаларын табиғи құқық идеясына сай жүргізуге міндетті. Құқықтық мемлекеттің негізгі талабы осы».

- Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары
- Құқық ұғымы, белгілері
- Құқық ұғымы, белгілері
- Құқық формаларының (қайнар көздерінің) ұғымы
- Құқытану
- Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
- Құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің негізгі өкілдері және олардың биологиялық ерекшеліктері
- Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты
- құқықтықтың қайнар көздері
- Құқықты мемлекет
- Құқықтың қайнар көздері
- Құқықтың қайнар көздері
- Құқықтың қайнар көздері
- Құқықтың пайда болуы мен дамуы