Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары. 2

 

                                            Мазмұны

 

Кіріспе ...............................................................................2

I бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны жалпы білім беретін орта мектептерде пайдалану және оның дидактикалық шарттары

1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану және оны сабақта қолдану әдістері............................................4

1.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары...........8

II бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары

2.1 Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.............................................13

2.2 Ақпараттық технология элементтерін пайдаланып оқушының білімге қызығушылығын арттыру.................18

Қорытынды .......................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................26

 

 

 

 

 

                                      Кіріспе

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м                             әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды  пайдалану болып табылады.

 Оқытудың жаңа педагогикалық  технологияларын меңгеру мұғалімнен  орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа  негізделген ізденістерді қажет  етеді. Осындай мақсат көздеген  жүйелі ізденістер мұғалімнің  жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық  жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

     Мұның өзі  ақпараттық технологияларды пайдаланудың  екі бағыты бар екендігін анықтауға  мүмкіндік береді.

 Бірінші бағыт тұрғысынан  алып қарасақ, ақпараттық технологиялар  білім, білік, дағдыны игеру үшін  қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы  білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында  ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие  үрдісін ұйымдастыру тиімділігін  арттырудың қуатты құралы болып  табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

 Қазіргі заман педагогтерінің  негізгі мақсаты-білім алушылардың  білімін сапалы ету, оның толыққанды  жеке тұлға болып қалыптасуына  мүмкіндік жасау.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен  қатар педагогикалық технологияның түрлері оны  оқу- үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.

Технологияны педагогикалық  іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.

Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология -  педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.

Ғылыми-педагогикалық зеріттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының "Білім түралы" заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі - жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.

 Осыған орай оқу-тәрбие  үрдісін жетілдірудің қазіргі  технологияларын жетілдіріп, мектепте  сабақ беруде қолдану арқылы  білім сапасын жақсартуға болатындығына  басым бағыт берілуде.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану және оны   сабақта қолдану әдістері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. [1]

 Бұл міндеттрді шешу  үшін әр мұғалімнің күнделікті  ізденісі арқылы барлық жаңалықтар  мен қайта құру, өзгерістерге  батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі  туындайды. Сондықтан да, әр мұғалім  өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі  мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді  кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана  білуі  керек.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипатты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен  тауып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп отыр.

Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.

I  кезең-оқып  үйрену

II кезең- меңгеру

III кезең-өмірге  ендіру

IV  кезең-дамыту

Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі. 

Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу орындарында апта айтқанда экологиия пәнін оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым.

  Жаңа технологиялардың  педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру  және дамыту; баланың өз бетімен  әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық  икемділігін дамыту; әр оқушыны  оның қабілеті мен мүмкіндік  деңгейіне орай оқыту; барлық  оқушылардың дамуы үшін жүйелі  жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының  сезінуі. [3]

    Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының – мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.

     Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.

     Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

     Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

      Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.

      Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.

      Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұсынып отырса, мұғалімнің күш –қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

   Педагогикалық техногогияны  қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға  нақты негіз болып, әрбір мектепке  өзіндік тұлғасын табуға, әрбір  мұғалімге өзіндік әдістемелік  жүйесін құруға себептігін тигізеді.

       Қазір  педагогика теориясы елеулі өзгерістерге  еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы  мен білім беру құрылымында  жаңа технологиялар өмірге келуде. Қазір педагогикалық технология  ұғымы іс – тәжірибемізде жиірек  қолданылып, практикаға енуде. Ал  технология түсірмесін сөздікте  – қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың жиынтығы  деп, ал педагогикалық технологиясы  – педагогикалық мақсатқа қол  жеткізу жолындағы қолданылатын  барлық қисынды ілім амалдары  мен әдіснамалық құралдардың  жүйелі жиынтығы және жұмыс  істеу реті – деп түсінік  береді В. Кларин. Яғни, педагогикалық  технология тәжірибеде жүзеге  асатын педагогикалық жүйенің  жобасы. Ал,  педагогикалық жүйе  – дара тұлғаны қалыптастыруға  бағыттылған, белгілі бір мақсатқа  жету жолындағы арнайы педагогикалық  ықпалды ұйымдастыруға қажетті  өзара байланысқан әдістердің, құралдардың  жиынтығы. Олай болса, дәл қазір  осы педагогикалық технологияны  дамыту, практикада қолдану шерт.

Енді осы жаңа ұғымды өз практикмда жүзеге асыру жолдарына тоқталып отырып сипаттама берейін. Жергілікті тұрған жеріміздің ерекшеліктеріне қарай, оқушаларымыздың тума таланттары мен дарынды қабілеттеріне және мұғалімдеріміздің әзірлігіне қарай, ұрпағымыз ел мақтанышына айналып, болашақ ел тірегі болу үшін жан – жақты, терең білім беру мақсатында даралап, саралап оқыту, экологиялық білім беру, ізгілендіру, деңгейлік саралап оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, оқытудың модульдік, оқытудың компьютерлік технологияларымен жұмыстардың жоспарын жасап жұмыс жүргізудемін. [2]

Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін «ашық ақпараттық қоғамның» қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші ролді атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өңдеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланыстырады. Ақпараттың дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон жіне радио байланыс – қазіргі заманға компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

Жаңа информациялық технологияның жылдан – жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі.

Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан – жақты таныстыру, олардың логикалық ой – өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.

Осы мәселенің әр түрлі жолдары қарастырылып:

  1. бастауыш мектептерде оқытылатын сабақтарда комьютерді жиі пайдалану арқылы;
  2. бастауыш сыныптан жүйелі түрде информатка пәнін оқыту арқылы;
  3. мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін қйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал, жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір – бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологикалық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту ЭЕМ – ның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Матеметика сабағында арифметикалық амалдарды орындауға арналған компьютерлік ойын программасы 1 – сыныпта қосу, азайту 2 – сыныпта көбейту, бөлу тақырыптары бойынша білім дағдыларын тексеру үшін қолдануға болады. Әрбір оқушы өз бетімен тапсырманы орындайды. Егер берілген жауаптардың барлығы дұрыс табылмаса, компьютер балаға дұрыс жауапты ашып көрсетеді.

Сөйтіп, жаңа компьютерлік технологияларды бастауыш мектептердегі оқу – тәрбие үрдісінне жиі пайдалану мынадай артықшылықтарды аңғартады:

  • оқу – тәрбие үрдісінің қарқынын жоғарылату;
  • дифференциалды оқуға көшу;
  • оқушылардың дүниетанымын кеңейту;
  • оқушылардың компьютерге қызығушылығын, білімге құштарлығын арттыру. [9]

  

Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.  Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.

- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;

- Масаттағы айырмашылықтар 

- Дидактикалық принциптердегі  өзгешеліктер;

- Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

- Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін  анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

- Мұғалім мен оқушы  арасындағы жаңаша қарым-қатынас.

Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз. [6]

Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерісгерге икенделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дуниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.

XXI ғасыр білімділер ғасыры  болмақ Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие ксрек.

Еліміздің қоғамның экономикалык, саяси-мәдени дамуына үлес косатын. әлеуметтік цивилизацияға көтерітетін, қарасатын, денсаулығы мықты азаматты төрбиелеп шығару — мектептің. ұстаздар қауымының бүгінгі тандағы жетпес міндеті.

Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі — талабы таудай жеке түлғаны іздеп табу. оны өсіру. Әр оқушыдан қабілетін танып- біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу "үшін, жаңашыл жұмысқа  бет бұру керек.

Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгрістер еніп, жаңа көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.

"Технология дегеніміз — қандайда болсын істегі, шеберлікіегі. өнердегі адамдардың. ал, педагогиакалық технология — педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы"', - деп түсіндіреді  В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогиикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыталған. белгілі бір мақсатқа жету жолындагы арнайы  педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. байланыстарын әдістердін, құралдарын жиынтығы.

Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби  мамандарды   дайындауда жүргізілетін  барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу  үрдісін  белсендіруге, оқытуды  жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді     жүзеге      асыруға   бағытталған  процесс, яғни еліміздің ұлттық білім     жүйесінің     барлық    түрлерінде кәдімгі технологияларды  тиімді   жаңа    комплекстік     ақпараттандыру    технологияларына    алмастыру,  оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.

Ақпараттық        коммуникациялық       технология  электрондық  есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге,   оқу   барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.  Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне және ойын бағдарлама-ларын тиімді   пайдалануға  мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. [5]

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.

Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Көп функционалды электрондық оқулықтар:

• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;

• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;

• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;

• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;

• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;

• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әдістеменің ерекшеліктері:

Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. [4]

 

 

Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде болып жатқан ғылыми техникалық процестер мен қайта құрулар ақпараттық коммуникациялардың қарқынды дамуына байланысты. Сондықтан қазіргі білім беру саласында өмір ағымына сәйкес оқытудың озық технологияларын оқып – үйреніп меңгермейінше, жоғары сапалы – сезімді, білікті және білімді, сауатты кәсіби маман болуы мүмкін емес. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы жоғарғы оқу орнының қабырғасында тәрбиеленіп, ауқымды жан – жақты білім нәрімен сусындаған жас ұрпақтың тәжірибесіне байланысты. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу – әдіснемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және студенттерге білім беруші құрал. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге және интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, электронды оқулықтарды пайдалануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сол себепті химия дәрісінде ақпараттық технологияны пайдалану әдісі үлкен рөл атқарады (сызбанұсқа).

Жоғары оқу орнында студенттерге немесе білімін жетілдірушілерге біліктілігі мен білімін, компьютерлік сауаттылығын жоғарылату үшін ақпараттық техеологиялардың бір саласы электронды құулыұтардың рөлі ерекше және басты болып табылады.

Электронды оқулық дегеніміз – бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту – оқытушының студетпен жеке жұмыс орындағанындай болады.

 

    

     Ақпараттық  білім беру


    

    Ғылыми жаңалықтар   

               көздері





     

     Компьютер, интернет

 


      

      Химия





 

         Шетелдік ақпарат 

                 Құралдары





                                                                                                   

 

        Электрондық  оқу 

              құралдары





                                                            


                   

                  БАҚ





 

        Теледидар, радио

Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары. 2