Жаңа Жамбыл Фосфор зауыты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................... .............................. .............................. .............................. 3
Әдебиетке шолу................
1.1 Кәсіпорын туралы
мәлімет.......................
2 Өнім өндірудің
технологиялық сұлбасы.......................
2.1 Фосфор зауытының
өндіріс бөлімшелері және
2.2 Сары фосфорды
өндіру........................
2.3 Сары фосфордың
тауарлық-шикізат қоймасы......
3 Фосфор зауытының
эмиссиялар мониторингі...................
4. Фосфор зауыты қалдықтарының қоршаған ортаға әсер ету мониторингі..26
4. 1 Фосфор зауытының атмосфералық ауаға келтіретін залалы....................28
4.2 Фосфор зауыты
қалдықтарының су ресурстарына
әсер етуі.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ
Қоршаған ортаны қорғау қазіргі- замаңғы ең басты мәселелерінің бірі болып отыр.Жиырма бірінші жүзжылдық халық санының қарқынды өсуімен,ғылыми - даму деңгейімен сипатталады,ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді.
Қоршаған орта мониторингі бұл табиғи орта параметрлеріне бақылау жүргізу ,олардың жай күйін бағалау және уақытта кеністікте белгіленген жоба бойынша және компоненттер бойынша алдағы күтілетін өзгерістер ді болжау.
Кезінде “Алыстан шақырады Қаратау қол бұлғап”, деп әндеткенде, “Жамбыл жастарының вальсін” шақырғанда солардың бәрін де өзек болған бір дән болды, ол – осы аймақтың фосфорит кені еді. Сондықтан да, ақындарымыз “фосфорит кенім - берекем”, - деді. Иә, қазақтың жеріндегі бұл кен халқымызды берекесі деуге даусыз лайық. Себебі, еліміз зерттелген және өнеркәсіптік негізде өндіруге болады деп ғылыми негізделген фосфорит кенінің мөлшері жағынан әлемдік есепте екінші орында тұрған мемлекет. Шикізаттың бұл түрі жағынан дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біздің елге тәуелді деуге болады. Фосфорит кені – сан – салалы өндірістің шикі зат көзі. Өйткені ол басқаны бұлай қойғанда адам ағзасының өзіне тікелей қажетті микроэлемент. Қазір біздің елімізде фосформен байытылған тағам түрлері шығарыла бастады. «Казфосфат» ЖШС ЖФ өндірістік алаңы (ЖЖФЗ) Қазақстан Республикасы Жамбыл облысында Кіші Қаратау жотасы, Үлкен Бұрыл тауларының етегінде, Тараз қаласынан 18 км, «Химпром» АҚ-нан батысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан. Зауыт ауданы 352 га. Алаңның жер бедері солтүстік-батыс бағытта төмендейді. Геологиялық тұрғыда алаң аллювиальді-провиальді сазды, топырақ ірі үшінші топқа жатады. Жер асты сулары алаңның төменгі жағында 2 метр тереңдікте, ал жоғарғы жағында 36 метр тереңдікте ашылған. Аумақ климаты шұғыл континетті, жаз ыстық және ұзақ, ал қыс салыстырмалы түрде қысқа, бірақ суық. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2,8 м/сек. Осы аумақтағы басым желдер болып оңтүстік-шығыс және батыс бағыттағы желдер табылады, желдің мұндай бағыты кезінде ластау көздері Тараз қаласындағы ауа ластануына әсер етпейді. Геоморфологиялық тұрғыдан алғанда сужинау ғимаратына арнап алынған жер телімі Аса өзені мен алқабын қоса, жер бедерінің аккумулятивті – эрозионды типіне жатады. Аса өзенінің алқабының ені 1000-1200 м, ал өзен арнасынан биіктігі 0,5-1,0м. Сужинағыш ғимаратқа арнап алынған жер телімінің абсолют нүктесі 613-614м-ді құрайды. Аласа тауға қатысты өзен алқабының эрозионды кесілуінің тереңдігі 30-40м. Кәсіпорын орналасқан аумақта жер беті сулары жоқ. Игерілетін аумақта өсімдік өсіруге келетін топырақ жоқ. Құрылыс аумағының сейсмикалығы – 8 балл. Топырақ қабаты сұр топырақ, ашық толық профильді және толық жетілмеген, сұр топырақты орташа жеңіл саз, кей жерлерде аласа тау етегінде құмды түрінде келеді. Және де полигидроморфты және гидроморфты (сары топырақтан батпаққа дейін) топтар, еңіске қарай және толқын бойымен көбінесе ауыр-сазды және топырақ құрылымды.Құрылыс алаңымен түйісетін темір жол Асса МПС станциясына кеп тіреледі. Зауыттың «Фосфорная» станциясы кәсіпорын территориясында орналасқан және шығыс бөлігінде байланыстыратын темір жол арқылы «Шлаковая ДПО Химпром» станциясыне кеп тіреледі.Тараз қаласымен автокөлік байланысы Тараз-НДФЗ автожолы арқылы жүзеге асырылады. Автокөліктердің негізгі кіретін жері зауыттың шығыс бөлігінде, Тараз қаласынан келетін автожол бойыда орналасқан. Өндірістік алаңға автокөлік кіретін қосымша қақпа зауыттың солтүстік және батыс бөліктерінде орналасқан. Қаратау қойнауында оның 72 % шоғырланған. Қаратаудағы 48 кен көзінде 48 млрд тонна фосфор кені болған. Бүгінгі таңда елімізде агроқұрылымдардың қарамағындағы егістіктерді құнарландыру үшін ғана 1 млн 200 мың тонна минералдық тыңайтқыш қажет екен. Облысымыздың аумағында фосфор кенін игеру осыдан 70 жыл бұрын қолға алынды. Осы мерзімде облыс аумағында кен өңдейтін көптеген алып зауыттар салынды. Дүние жүзі біздің облысымызда фосфор өндіруші аймақ ретінде жақсы біледі.
Кәсіптік іс-сананың мақсаты: Арнайы пәндерді оқыған кезде алған білімдерді кеңейту және бекіту, кәсіпорынның қоршаған ортаға тастайтын лақтырындыларының әсерін экологиялық тұрғыдан бағалау.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Мониторинг жүйесін талқылау Найробидағы қоршаған орта мәселелері бойынша БҰҰ бағдарламаларын басқаратын кеңесте болған алғашқы үкімет аралық жиналыстың алдында белсенділік танытты, сонда мониторинг анықтамасы негізінен антропогенді өзгерістеріне қолданылады.
Қоршаған орта мониторингі- бұл табиғи орта параметрлеріне бақылау жүргізу, олардың жай-күйін бағалау және уақытқа кеңістікте белгіленген жоба бойынша және компоненттер бойынша алдағы күтілетін өзгерістерді болжау.
Мониторинг бойынша бірінші үкімет аралық жиналыста (1974)елдердің экономикалық дамуы туралы, әр түрлі елдердегі ғылыми зерттеулер туралы, бақылау немесе ақпарат алу жүйесінің мониторинг жүйесімен бірігуі туралы тақлыланады.
Атмосфералық ауа жәй –
Атмосфералық жауын – шашын жәй – күйінің мониторингі – атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жауын – шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерімен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.
Қалалар мен тұрғындық бекеттердегі
атмосфераның ластану деңгейін бақылауды
ұйымдастыру ГОСТ.2.3.01-86 «Табиғатты
қорғау. Атмосфера. Тұрғын бекеттерінің
ауа сапасын бақылау
Атмосфераның ластану және метеорологиялық параметрлерін бақылау нәтижесі туралы ақпарат және басқа да стационарлық бақылаулар жергілікті Казгидрометтің басқару бөлімшелерін ұйымдарынан түсуі, көбіне халық шаруашылық ұйымдарының барлық бөлімшелерін хабарландыру гидрометерология басқармасымен қамтамасыз етуі және нақты мәліметтер атмосфераның ластануын бақылау кестесі деп (АЛК) аталынатын арнайы кестеге түсіріледі. Бұл кестелер 3 түрге бөлінеді.
АЛК-1-бір қаладағы немесе өндіріс орындары орталықтарындағы стационарлық және бағыттық постыларына атмосфералық ауаның ластануының әсер етуі аэрологиялық бақылаудың мәліметтері.
АЛК-2- алауасты бақылаудың нәтижелері.
АЛК-3- газ тәрізді және шаңтозаңдыратын концентрациясының түсінуінің орташа күндік бақылаудың мәліметтері.
АЛК-4- газанализаторлар мен басқа да құралда мен үздіксіз іс-әрекет жасаушы қондырғылардың көмегі арқылы жүгізілген тәуліктік бақылудың мәліметтері.
“Қазфосфат” ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒ Жаңа Жамбыл фосфор зауыты ‒ сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер: термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий гексаметафосфатын, феррофосфор, түйіршіктелген қож шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан (1-сурет).
1 cурет - зауыттың Үлкен Бурыл тауынан қарағандағы көрінісі.
Қазфосфат»
ЖШС құрамына кіретін
- «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (Жаңа Жамбыл фосфор зауыты)
- «Минералды тыңайтқыштар зауыты» «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы
- Қаратау тау-кен өңдеу кешені «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы
- Шолақтау тау-кен өңдеу кешені «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы
- «Теміржол-көлік кешені» «Қазфосфат» ЖШС филиалы
- Степногорск «Химиялық зауыты»
- Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты
Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар Зауыт өндірісі үздіксіз жұмыс істейді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді. Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің (ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады. Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты (2-сурет).
2 сурет – Жаңа Фосфор зауытының көрінісі
Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты: «Проектстальконструкция», «Ленстройпромпроект», «Гипрогазоочистка», «ВНИИгаздобыча», «ВНИИЭТО», қазақстандық «ПромтрансНИИпроект», "Водоканалпроект"және т.б.
1971 жылы өнеркәсіп құрылысы мен оған апаратын автомобиль жолдарын салудың алғашқы сызбалары түсе бастады. 1972 жылдың басында өнеркәсіп алаңдарында дайындық жұмыстарын жүргізу қолға алынды, ал 1973 жылы зауыттың өнеркәсіп нысандарын соғу басталып кетті.
1974 жылы алғашқы кезекте
3 сурет - пеш цехы соғылатын алаңды үстінен аршып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. 1972 ж.
1.1 «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ)
Жаһандық тәжірибеде бірінші рет
ЖЖФЗ-ның РКЗ-80Ф термиялық
- фосфорит ұнтағынан жылына 1000
мың т/жыл өнімділікпен
4 сурет - «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ)
- жылына 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (1-2 пештер);
- 550 мың т/ жыл өнімділікпен
түйіршіктелген қож алатын
- 16 мың т/жыл өнімділікпен
5 сурет – фосфорит ұнтақтарын кіріктіретін агломерат алу процесі бейнеленген.
Шламжинағыштарды ондағы фосфорлы
шламды өңдеп, бейтараптандыру арқылы
тазарту. Бүгінгі күні 4 шламжинағыштың
біреуі тазартылған, екеуінде тазарту
жұмыстары жүргізілуде. 7, 8 пештерде
пеш газын өңдеу жүйесін
1991 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытының (ЖЖФЗ) атауы «НОДФОС» ӨБ болып өзгертілді (5-сурет).
1992 жылы 5 тамызда «НОДФОС» ӨБ Жамбыл мемлекет мүлкін басқару комитетінің шешімімен "НОДФОС" ААҚ – ашық Акционерлік қоғам іспеттес болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы10 маусымдағы № 725 "Жамбыл облысының фосфор саласында істейтін кәсіпорындарын, «НОДФОС» АҚ дағдарыстан алып шығудың кезек күттірмес шаралары туралы» деген қаулысына орай «НОДФОС» АҚ сырттай басқарылу үшін "IBE TRADE CORP" фирмасына берілді.
«Нодфос», «Суперфосфат зауыты», «Қаратау»,
«Промтранс», «Фосфор» акционерлік
қоғамдары акционерлерінің
«Қазфосфор» ААҚ Басқармасы шығарған
шешім негізінде (01.10.1997 жылғы № 2
хаттама), Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексіне сәйкес 1997 жылдың 29 қыркүйегінде
«Таразфосфор» филиалы құрылды.
1999 жылы 21 қазанда ҚР Үкіметінің №1580 «Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібіне көрсетілер қолдаудың жекелеген шаралары туралы» қаулысына орай «Қазфосфат» ЖШС құрылды (6-сурет). Ол 2000 жылдың
6 сурет – Жаңа фосфор зауытының әкімшілік басқармасы
3 мамырында өткен сауда
2. Өнімді өндірудің технологиялық сұлбасы
2.1. Фосфор зауытының өндіріс бөлімшелері және өндірілетін өнім түрлері
Кәсіпорын Қаратау бассейні фосфориттері минералды шикізатын өңдеуді жүзеге асырып, сары фосфор мен оның туындыларын (термиялық фосфор қышқылы, натрий полифосфаты) алады және өзіне келесі өндірістік цехтарды қосып алады.
7 сурет – Фосфордың жұмыс барысы
ЖЖФЗ құрамына
келесі негізгі өндірістер
- үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
- құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі;
- екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі;
- төрт технологиялық желісі бар техникалық натрий үшполифосфаты өндірісі;
- бір технологиялық желісі бар техникалық натрий гексаметафосфаты өндірісі;
- түйіршіктелген термофосфор қожын шығару;
- феррофосфор шығару;
- техникалық түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығару;
- тағамдық ортофосфор қышқылын шығару;
- тағамдық натрий үшполифосфатын шығару;
«ЖЖФЗ» филиалының өндірістік құрылымына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
Басқарма - атқаратын жұмыс көлемі мен сапасына қарай филиалдың бүкіл бөлімшелеріне жалпы басшылық жасайды. Ұсақтап-құрғату цехы - шикізат материалдарын: фосфорит кесектерін, кварцит, кокс, антрацит және тағы басқа құрамында көмірі бар шикізаттарды түсіреді, қабылдайды, жинақтайды, ұсақтап, кептіреді. Агломерат өндіру цехы - шикізат материалдарын шихталап, АКМ-312 агломерациялық машинанасында оларды кіріктіріп, агломерат алады; бұл агломерат ұсақталып, суытылады, сұрыпталады; сосын дайындалған агломерат сары фосфор цехына жөнелтіледі.Сары фосфор өндіру цехы - шихта жасап, РКЗ-80 тәрізді кентермиялық пештерде олардан электрұқсату әдісімен сары фосфор алады; феррофосфор мен түйіршіктелген қождарды ағытып-ағызады, өңдейді алынған фосфор өнімін әрі қарай өңдеп, тұтынушыларға өткеру үшін сары фосфор қоймасына тасымалдап жеткізеді; феррофосфорды да қоймаға тасымалдайды, ал түйіршіктелген қождарды думкарларға төгеді (8-сурет).
8 - сурет – Құбырладың орналасуы
Термиялық фосфор қышқылын
өндіру цехы – сары фосфорды оның бестотығына
дейін тотықтыру және гидратацияллау
әдісімен термиялық фосфор қышқылының
дайын өнімін алады. Бұл қышқыл өнімін
тұтынушыларға теміржол цистерналарымен
жөнелтеді, ал бір бөлігін НҮПФ мен НГМФ
өндіру үшін натрий үшполифосфаты цехына
жеткізеді . Кәсіпорында
жаһандық тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды
фосфорит шикі затының агломераттанған
ұнтағынан алу технологиясы енгізілген.
Филиал баяу гидратталатын НҮПФ шығаруды
игерді. Сары фосфорды өндіру кезінде
пеште пайда болатын балқыған өнімдерден
– қож бен феррофосфор алынады. Түйіршіктелген
қож жол салу құрылысы мен цемент шығару
өндірісінде қолданылады.
Зауыт шығаратын феррофосфордың 4
түрі отандық металлур гияда кең қолданылады
және өзге елдерге экспортталынады.
Фосфор (лат. Phosphorus), P – элементтердің периодтық жүйесінің
V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі
- 15, атомдық массасы 30,97. Фосфордың бірнеше
аллотропиялық түрі бар: ақ фосфор
– тығыздығы 1,828 г/см3; балқу температурасы
– 44,14°С; қызыл фосфор – тығыздығы
2,31 г/см3; балқу температурасы
– 593°С.
Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттері Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор кышкылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл- шаруашылык зиянкестерімен күресу үшін кажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.
Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады.
P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2
Ақ фосфор ; Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1,83 г/см3 болады.Қараңғыда жарқырайды, Кәдімгі жағдайда 30 — 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады және От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.Ақ фосфор Суда ерімейді, ол күкірт көміртекте ериді.Өте қауіпті, улы болып келеді. 44°С балқиды, 280°С-та қайнайды.
Қызыл фосфор ; Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2,20г/см 3 болады және қараңғыда жарқырамайды. Ауадағы оттекпен 260°С-та тотығады. Отқа қауіпті емес болып келеді. Қыздырғанда оталады болады. Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді. Улы емес , 400°С-та балқиды.
Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен құрышқа қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа отқа қарсы төзімділік беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын, көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфорорганикалық қосылыстар (тиофос, кар-бофос, т.б.) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие. Сары фосфорды әрі қарай өңдеу цехы - сары фосфорды фосфор шламынан арылтып, тауарлық сапаға жеткізеді, теміржол цистерналарын жуып-шайып, тұтынушыларға жеткізу үшін оларды тауарлы фосформен толтырады, фосфор шламын жағып, одан фосфор қышқылын алады. Құрамында фосфоры бар ағынды суларды бейтараптандырып, тазалайды, сода ертіндісі мен әктас сүтін дайындайды (9 сурет).
9-сурет – фосфорды балқыту жұмысы
Натрий үшполифосфатын өндіру цехы – фосфор қышқылын кальций содасымен бейтараптандыру әдісімен НҮПФ-ның дайын өнімін шығарады, алынған ортофосфаттар ертіндісін сорғытып, қыздыру арқылы одан натрий үшполифосфатын өндіреді.
Фосфор қышқылын
зәрлі натрмен бейтараптандыру
әдісімен алынатын ортофосфаттар ертіндісін
балқыту пешінде қыздырып, суытып,
ұсақтау арқылы гексаметафосфаттың
дайын өнімін алады.
НҮПФ мен НГМФ-тын қаптар мен «Биг-Бег»
контейнерлеріне салып, буып-түйіп жинайды,
тұтынушыларға жеткізу үшін теміржол
вагондарына тиейді. Азот-оттегі-компрессорлау
цехы - зауыт цехтарын газ тектес азотпен,
тығыздалған ауа, БӨА ауасымен, ауаны төменгі
температурада ректификациялау әдісімен
алынатын газ тектес техникалық оттегімен
қамтамасыз етеді. Сұйық азот және сұйық
оттегімен сырт тұтынушыларды да жабдықтайды
(10 сурет ).
10 сурет - құбырдың орналасуы
Технологиялық құрал-жабдықтар мен желдеткіш жүйелерін бір орталықтан жөндеу цехы - цехтарда технологиялық құрал-жабдықтар мен тозаңгазтұтқыш қондырғыларды жөндеумен, жылулықты сақтау және пеш қабырғаларын кірпішті қорғаныш қалақтарымен өру, элоктрод қабықтарын өсіру жұмыстарымен айналысады (14 сурет).
Механикалық-жөндеу цехы - жөндеу жұмыстарын жүргізіп, зауыт цехтары үшін қажетті құрал-жабдықтар жасаумен айналысады. Цех: металл кесіп, металл өңдейтін, ұсталық жұмыстарын жүргізетін станоктар паркімен, электрдәнекерлеуші құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Құрылыс-жөндеу цехы - филиал цехтарында қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ағаш бұйымдары мен қосалқы ағаш құрылғыларын жасаумен, вагондарды жабдықтаумен, бетон ертінділерін дайындаумен айналысады; құрылғылар мен құралжабдықтарды күйреуден қорғап-сақтап қалу мақсатында: ылғалдан сақтандыру, шатыр жабу, антикоррозиялық және химиялық қорғаныс шараларын жүзеге асырады (11-сурет).
11 сурет – сумен жабдықтау жүйесі
Өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматика, байланыс және АТҚ цехы – өлшеп бақылау аспаптары мен автоматика құралдарын жөндеп, зауыт цехтарына қызмет көрсетеді; филиал цехтарын телефон және селекторлық байланыс жүйелерімен қамтамасыз етеді; АБЖ жүйесін, заманауи ақпарат технологияларын енгізумен айналысады, жалпы жүйелік және тар ауқымды мәліметтер базасын жасап, олардың сақталуына қам жасайды, есептегіш техникаларды жөндеп, күтімдік қызмет көрсетеді.
Сумен қамтамасыз ету және кәріз цехы - цехтар мен зауыт нысандарын өнеркәсіптік, айналымды сулармен, ауызсуымен қамтамасыз етеді, кәріз және тазартқыш құрылғылардың жұмыс істеуін қадағалайды(13сурет).
Өнеркәсіптік бу қазандықтары мен жылу және газ жүйелері цехы - зауыттың өндірістік қажеттіліктері үшін бу мен ыстық су дайындайды, тұтынушы цехтарға табиғи газ жеткізеді
Электр қуатымен жабдықтайтын цех - электр қуатын қуат жүйелерінен белгіленген электрлік жүктеме кестесі бойынша қабылдап алуды қамтамасыз етеді, оны өңдеп, зауыттың технологиялық цехтарына бөліп беріп отырады.
(12-сурет).
Электрлік жөндеу цехы - барлық өндірістік цехтарға тиесілі және сары фосфор өндіретін РКЗ-80 кентермиялық пештердің электрлі құрал-жабдықтары мен машиналарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіп отырады.
12 сурет – Қондырғылардың пультпен басқарылуы
Автокөлік цехы - өндіріс учаскелері мен ӘБП көлікпен қамтамасыз етіп, материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Шаруашылық-тұрмыс цехы - филиал аумағындағы жерлерде абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді, цехтарға тиесілі санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды жөндеп қызмет көрсетеді, кір жуатын орында арнайы киімдер мен арнайы аяқкиімдерді жөндеуден өткізеді, жуып-шайып, тазалайды (13-сурет ).
Техникалық бақылау мен зерттеу жұмыстарының орталықтандырылған бөлімі цехы - өндірілетін өнім сапасының талап деңгейінен көрінуін қамтамасыз етіп, түсіп жатқан шикізатқа бақылау жасайды, технологиялық процестер мен дайындалған өнім сапасының нормативтік-технологиялық құжаттарға сай болуын қадағалайды.
13 сурет – Шаруашылық-тұрмыс цехы
Түйіршіктелген қож бен феррофосфорды тиеу цехы - түйіршіктелген қожды құрғатып-сорғыту учаскесі мен қож жинайтын үйіндіден вагондарға артады; феррофосфорды ұсақтап, буып-түйіп, вагондарға тиейді.
Әуе қызметі жөніндегі цех - заттектерін бөлетін орындардың ластағыш заттар бөлуде белгіленген нормативтерді ұстануына, жұмыс орындарында ауаның газбен бүлініп, тозаңдануына, олардың санитарлық-қорғаныс аймақтарындағы ТКШ-не (тиесілі концентрациялық шегіне), ТГТҚ (тозаңгазтұтқыш қондырғылар) жұмысы мен ағынды сулардың тиімді тазартылуына мониторинг жүргізеді.
Емхана - кәсіби уланған, жарақаттанған, ауырған жағдайларда алғашқы көмектерін көрсетеді; жұмыскерлерді ауысым алдында дәрігерлік тексеруден өткізеді; тіс ауруларының алдын алатын профилактикалық жұмыстар жүргізеді, оларды анықтап, емдеумен айналысады; физиотерапевт жолдамасы бойынша физиотерапевтік ем-дом шарғыларын жасайды; еңбек етуші жұмыскерлер өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады (14-сурет).
14- сурет – әлеуметтік сала цехы
Әлеуметтік сала цехы - «Рассвет» балғындар сауықтыру лагерінің ғимараттары мен құрылыстарын тиесілі дұрыс жағдайда ұстау; «Ақжар», «Сарыкемер» аңшылық қожалықтарында жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғаумен, оларды жаңғыртып, көбейтіп отырумен айналысады (16 сурет ).
Резиденция - «Қазфосфат» ЖШС келетін қонақтардың жайлы, жақсы жатып-тұруын қамтамасыздандырады, бұл үшін қонақжай-шаруашылығы мен спорт кешендерін тиесілі жағдайда ұстау қажет.
2.2 Сары фосфор өндіру
Вагон аударатын ғимараттың вагон келетін, сонымен қатар вагон кететін жақтарының рельстерінің жанында белгі беретін бағдаршамдар орнатылады. Вагон аударғыштарды пайдалану, оны жасаған ұйымның вагон аударғышты пайдалану құжаттарына және өнеркәсіпте пайдаланылатын нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Шикізат материалдарына арналған қабылдағыш ұралардың беттерін аралары 200 х 200 мм болатын тормен жабылады. Аралық ұраларды, егер олар лақтыратын арбашалар көмегімен толмайтын болса, жабық ұсталады. Шикізатты лақтырғыш арбашаларды пайдаланған кезде беттері, аралары 200 х 200 мм болатын тормен жабылған салу тесіктері қарастырылады. Қабылдау ұраларын босатқан кезде ондағы шикізат материалдарының қалған бөлігін 0,7 м қалыңдықта ұсталынады. Бұл шаң-тозаң араласқан ауаның өндірістік ғимаратқа енуіне жол бермейді.Жағу-жану құрылғыларында жағу үшін мазутты, осы мазуттың таңбасына сәйкес, белгілі бір температураға дейін қыздырып алады. Мазут жандырғышты тұтандырғыш бүріккі және тұтандырғыш түтікше арқылы тұтандырады да, мазуттың жанған құрамын жандырғыштан тікелей алып шығады.Авария кезінде мазутты құйып алу үшін, жүйедегі бар мазут сыятын авариялық бөшке-ыдыс қойылады. Авариялық бөшке-ыдыс ғимараттың сыртқы жағына бүтін қабырғадан 1 м, ойықтары бар қабырғадан кемі 5 м қашықтыққа жер астына көміліп қойылады.Кептіргіш барабандарды газ соратын және шаң ұстайтын қондырғы жүйесімен қамтамасыз етіледі. Газ және шаңдардың өндірістік ғимараттарға шығуын болдырмас үшін кептіргіш барабандар ішкі қысымның сиретілуімен жұмыс істейді. Кептіргіш және шикізатты күйдіру бөлімшелерінде табиғи газдар пайдаланылатын болса, онда газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес, қауіпсіздік автоматикасы қарастырылады.Атмосфераға, қоршаған ортаға зиянды заттар тарамауы үшін түйіршіктеуіш тарелкелер сорғылармен қамтамасыз етіледі.Еріп-қатып қалған шикізаттарды және пештің электродты массасын арту-түсіру жұмыстары механизацияланады. Қол жұмыстары тек қана ерекше жағдайларда және міндетті түрде қосалқы құралдарды (арба, қол арба, зембіл және басқа да) пайдалану арқылы жүргізіледі.Еріп қатып қалған шикізаттарды және пештің электродты массасын арнайы қоймада немесе шикізаттар мен материалдар жалпы қоймасында бөлек бөлімдерде сақтайды.Еріп қатып қалған шикізаттарды ұсақтайтын және пештің электродты массасын дайындап қыздыратын бөлімше басқа өндірістік орындардан бөлектеніледі.Пештің электродты массасын дайындап және қыздыратын бөлімшенің құрал-жабдықтары ауа кірмейтіндей және сенімді жабық болады сорғы құралдарымен жабдықталады.Өндірістің пеш бөлімшесінде, феррофосфорды құю машинасы, сонымен қатар фосфорды қабылдағыш ыдыстар мен фосфорды тұндырғыштар, жеке орындарда орналастырылады. Құрамына электр пеші, электр сүзгі, конденсаторлар, газ айдағыштар кіретін фосфорды электрлі қыздырудың бүкіл жүйесі, әрдайым 29,4 Па жоғарғы қысымда болады. Электрлі пештің ең жоғарғы қысымы 490,3 Па аспайды. Пештің қақпағын жөндеу, фурмасын, конусын ауыстыру және шлак пен феррофосфор ағатын арықшаларды жөндеу, электродтар бекіткіштерін ауыстыру кезінде электрлі сүзгі мен конденсаторлар жүйесіндегі қысым 29,4 Па кем болмаса пештегі қысымды ноль шамасында ұстауға болады. Пеш газдары жүретін газ жүйелерінде, жүйедегі қысымның берілген шамадан асып кетпеуін қадағалайтын, алдын ала қорғаныс құрылғылары қарастырылады. Пеш газдарының артық қысымы ауа шығатын түтікшеге жіберіледі. Алдын ала қорғаныс құрылғылары ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулық талаптарына сай тексеріледі. Электрлі пештің сумен салқындату жүйесінде судың пешке кетіп қалмауы қадағаланады. Арықшаларды (дюза мен фурма) сумен салқындату жүйесінде сумен салқындатылатын элементтердің ауа өтпейтіндей бүтіндігін автоматты белгі беру құрылғыларымен әрдайым қадағаланады, бүтіндігіне сызат түскен кезде пеш пен арықшаларды сумен салқындату жүйесін өшіріп болғанша судың пешке кетіп қалмауы қамтамасыз етіледі.Құбырдағы газды бөлу құрылғысының алдына пешті тұтандыру және ұзақ уақытқа тоқтату кезінде ауа, газ шығатын түтікше қойылады.Электрлі пештердің, конденсаторлардың, электрлі сүзгілердің және пеш газдарының басқа да жабдықтарының конструкциялары олардың ауа өткізбес бүтіндігін қамтамасыз етеді. Жүйенің ауа өтпестей толық бүтіндігін қамтамасыз ету мүмкін емес жерлерде инертті газ қысымы қарастырылады.Фосфор пештерінің арықшалары мен пеш бункерлері газ шығып кетпеуі үшін ең төменгі дейгейіне дейін шихтамен толтырылады. Арту бункерлерінің ойықтары мен жабындары әрдайым жабық тұрады. Әр бөлік ұңғыларына ұйымның технологиялық регламенті белгілеген шамада инертті газ беріледі.Пеш бункерлерінің жабуларының астыңғы жағындағы жөндеу жұмыстары газ қауіпті орындарда қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын сақтай отырып, тек қана пеш өшіріліп тұрған кезде ғана жүргізіледі.Пеш алдындағы алаңда «Пеш қосулы!», «Пеш өшірулі!» деген жарық белгілері ілініп тұрады.Пештің қақпағы, пеш жұмыс істеп тұрғанда, қақпаққа жұмыскерлердің шықпауы үшін қоршаумен қамтамасыз етіледі. Қоршауға «Тоқта! Жоғарғы кернеу!», «Қауіпті» және басқа да сол сияқты белгілер ілініп қойылады.Электродтарды қондыру және оларды электродтық ортамен толтыру жұмыстары жүргізілетін пеш алдындағы алаңқай электр тоғын өткізбейтін материалдан жасалуы және өн бойынан өтіп, жерге жалғанған металл құрылғылармен жалғанатын металл болмауы керек. Алаңның аумағында су ағатын және басқа да құбырлар орнатылмайды, олардың істен шығуы сұйықтың алаңға төгіліп, оның бейэлектрлік беріктілігіне нұқсан келтіріледі.Қызметкерлер бір мезгілде екі электродты ұстап қалмас үшін, электродтар бір-бірінен жұқа қабырғамен бөлініп қойылады.Электродтарды қайта құрау кезінде, жаңа сұлбалар көтергіш крандардың ілгішіне арнайы электр изоляциялық саптама арқылы ілінеді.Электродтарды қайта құрау алаңын әрдайым таза ұстап, оның бейэлектрлік қасиетін сақтау үшін, әлсін-әлсін жинап немесе сығымдалған ауамен үрлеп отыру керек.Пештің электродтық құрылғыларын тасу, сақтау және қайта құрау жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен арнайы нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Электродтық құрылғылардың қаңқасын тасу және сақтау арнайы бандажсыз жүргізілмейді. Электродтардың сыртқы қабатына шаң-тозаң түспеуі үшін оны арнайы қалпақпен жабады. Феррофосфор арықшаларының астына, феррофосфорды әр төгуінің аралықтарындағы үзілістерде, ожау қойылып немесе феррофосфорды авариялық ыдысқа құйып алу үшін, авариялық темір арықша қарастырылады.Феррофосфорды құйып алып және оны суыту белгілі-бір тәртіп бойынша құю машиналарында жүргізіледі. Авариялық жағдайларда феррофосфорды авариялық құдықшаларға немесе авариялық ыдыстарға құйып алып, 6 сағат өткен соң, ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқаулыққа сәйкес су құйып салқындатады.
Құдықшадағы феррофосфорды
жиып алу кезінде, сонымен қатар,
оны судың көмегімен салқындату
кезінде, құдықшаға пештен феррофосфор
құйылуына жол берілмейді. Феррофосфорды
құдықшалардан жиып алған соң, ондағы
ылғалдың толығымен алынуы қамтамасыз
етіледі.Шлак ағатын арықшалардың астында,
шлакты дүркін-дүркін шлактасу құрылғысына
төгу аралықтарындағы үзіліс кезінде,
әрдайым қосалқы шлактасушы құрылғы
болады.Пеш және оның қаңқасын сумен
салқындату, феррофосфор мен шлактың
құйылатын жерлеріне су кіріп
кетпейтіндей етіліп жүргізіледі.Пештің
оттөзім қыш қалауы (сонымен қатар,
температурасы) және шлак пен феррофосфор
арықшаларының жанындағы

- Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті
- Жапондық және американдық менеджмент
- Жапондық және американдық менеджменттерді салыстырмалы сараптау және жетілдіру
- Жапондық менеджмент
- “Жапония мемлекеттік баскару”
- Жапония мемлекеттік баскару
- Жапониямен Ресейдің сауда экономикалық қарым -қатнасы
- Жануарлар қоражайына қойылатын ветеринарлық санитарлық талаптар
- Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал
- Жанұя мүшелерінің алименттік міндеттемелері және әлеуметтік міндеттемелердің тоқтатылуы
- Жаңа ақпараттық технология
- Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары
- Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары
- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан