Жарнама туралы негізгі ұғым
Мазмұны
І. Кіріспе-----------------------
1. Жарнама туралы негізгі ұғым--------------------------
- Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері—-5-6
- Сыртқы жарнаманың түрлері-----------------------
-------------------7-8 - Сыртқы жарнамалар үшін маңызды талаптар---------------------
9-11 - Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар----------------------
------12 - Теле және радио бағдарламалардағы жарнама-------------------13
- Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама----------------14-15
- Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде--------------------16
- Жекеленген өнім түрлерін жарнамалау
ерекшеліктері---------17-19
2.Түстің ерекшелері--------------------
3.Нашақорлыққа қарсы орталыққа жарнама--------------------21
3.1. Нашақорлыққа қарсы орталық-толық өмір сүруге апаратын жол-22
3.2. Детоксикация дегініміз не және ол не үшін қажет?--------------23
3.3. Нашақорлыққа қарсы орталықтың басты принциптері--------25
4.Шрифт-----------------------
4.1.Бейнелеме және фон---------------------------
4.2.Фон пішіні түсі мен оның элементтері-------------------
4.3.Типографиялық жүйе--------------------------
4.4.Стандартты шрифттер тобы--------------------------
4.5Шрифт гарнитурасы-------------------
5.Қорытынды-------------------
6.Қолданылған әдебиеттер--------------------
7.Қосымша
Осы курстық жұмыста берілген тақырып жарнама жасау. Жалпы жарнама бір – неше топқа бөлінеді. Соның ішіндегі социялды жарнама. Бұл социалды жарнама позитивті және де неготивті болып бөлінеді. Осы курстық жұмысты жобалау мақсатында нашақорлыққа қарсы орталыққа жарнама жасадым.
Бұл жобалауда
азаматтар мен азаматшалардың,
Жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.
Сыртқы жарнама
көбіне тұтыну тауарларын
Сыртқы жарнама объектісін
орналастырудың тәртiбi мен шарттары жарнама
орналасқан объектiлердiң – елдi мекендердiң
шекарасы шегiндегi (қала маңындағы аймақтарды
қоса алғанда) үйлердiң, ғимараттардың,
жер учаскелерінің (гүлдердi немесе өзге
де өсiмдiктердi арнайы тақырыптық отырғызу
жолымен көгалға және үйме топыраққа жарнама
орналастырған жағдайларды қоса алғанда)
барлық түрлерiне таралады.
Көрсетілген
талаптарға байланысты сыртқы
жарнаманы тек нақты сурет
және қысқа мәтін көмегімен
ұсынуға болатын тауарлар (қызметтер)
үшін тиімді қолдануға болады.
Оны адамдарға белгілі
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн,оның
тақырыбын дербес анықтайды.
Жазылым арқылы тарайтын баспасөз
құралдары жазылым шарттарында басылымның
тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
Колористика – түс туралы ғылым, басты, қосымша және құралған түстер туралы білім, түстердің басты мінездемелері, түстік контрастар, түстердің араласуы, колорит, түстік гармония, түстік тіл, түстік мәдениеттері туралы жалпы түсінік беретің ғылым.
Түс әлемнің құқықтары - өте қызықты нәрсе. Олар түстердің бір бірімен үйлесе алатының көрсетеді.
Түс – көз түйсігін спектр құрамын қамту ол жарықтың қасиеті.
Шрифт – графикалық әріп сызбалық сурет және белгі, құрастырушы бірлік стилистикалық және композиционды жүйе, сурет пен өлшемді анықтайтын нышандар жиыны.
Негізгі параметр, форма көркін анықтайтын, түс фонында көрінеді. Сондықтан фон түсін таңдау жөнінде тексермеуді жөн көреді, қандай мақсат үшін арналған жасалған форма және пайдалануында ұзақта жоспарланғандай.
Бейнелеме және фон. Плакат пен шрифттік композиция үстінде жұмыс жасағанда бейнелеме және фон арақатынасының кейбір заңдылықтары есепке алынады.
Саяси плакат тағайындау – сендіру мен шақыру, ал бірақ ол айқын, қысқа да нұсқа шекті болу қажет.
Жарнама туралы негiзгi ұғымдар:
1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына
арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға,
тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға,
көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты
қалыптастыруға немесе қолдауға арналған
және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез
келген нысанда, кез келген құралдардың
көмегiмен таратылатын және орналастырылатын
ақпарат;
1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы
және жылжымайтын объектілерде орналастырылған,
сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль
жолдарының бөлінген белдеулеріндегі
және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен
тыс ашық кеңістікте орналастырылған
жарнама;
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына,
таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген талаптардың бұзылуына жол
берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу
жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату
және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат
көзi болып табылатын жеке немесе заңды
тұлға;
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты
тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға
келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе
заңды тұлға;
5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде
радио және (немесе) теледидар хабарларын
таратудың тexникалық құралдарын беру
және (немесе) пайдалану жолымен және өзге
де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату
мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлға;
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм
тобы;
7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар
бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде
берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында,
сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты
орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен
белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер,
цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп
алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)
туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген және тауармен
(жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен),
оның айырым белгілерімен және оны пайдалану
ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында
сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер),
дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы
мәліметтер.
Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері
Сыртқы жарнама көбіне тұтыну тауарларын
жарнамалауда тиімді құрал болып табылады,
өйткені ол ең алдымен халықтың кең көлемінің
қабылдауына арналған. Алайда, соңғы кездері
көптеген ірі өндірістік кәсіпорындар,
бірлестіктер және концерндер оны престижді
жарнаманың түрлі шаралар кешенінде өз
тауар белгілерін насихаттау үшін пайдаланып
жүр.
Сыртқы
жарнама объектісін орналастырудың тәртiбi
мен шарттары жарнама орналасқан объектiлердiң
– елдi мекендердiң шекарасы шегiндегi
(қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда)
үйлердiң, ғимараттардың, жер учаскелерінің
(гүлдердi немесе өзге де өсiмдiктердi арнайы
тақырыптық отырғызу жолымен көгалға
және үйме топыраққа жарнама орналастырған
жағдайларды қоса алғанда) барлық түрлерiне
таралады.
Сыртқы
жарнаманы монтаждаған (бөлшектеген) кезде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде
және пайдалану процесінде саяси үгіт
және насихат жүргізетін, сондай-ақ қоғамдық-әлеуметтік
бағыттағы мемлекеттік органдардың өзге
де көрнекі ақпараты бар объектілерді
елді мекендерге орналастырғанда ұсыным
ретінде қолданылуы мүмкін және маңызды
халықаралық, республикалық немесе өзге
де маңызы бар оқиғаларды, халықтың арасындағы
танымал мемлекеттік және қоғамдық мүдделерде
өткізілетін іс-шараларды баяндайды.
Сыртқы жарнама:
1) көлiк құралдарында (әуе шарларын, аэростаттарды,
дирижабльды, тұрақсыз жүзу құралдарын
қоса алғанда) орналасқан жарнамаға (жарнамалық
ақпаратқа);
2) қалалық жерлерде жарнаманы тарату құралы
ретiнде адамдар мен жануарлар қатысатын
жарнамаға (жанды жарнама);
3) сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық
қызмет көрсету кәсiпорындарының (дәрiханаларды
қоса алғанда) витринасын (терезесiн) iшкi
ресiмдеуге, егер осы ресiмдерде тек осы
кәсiпорындар өткiзетiн тауарлар, жұмыстар
мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық
ақпарат болса;
4) көрменiң жұмысы кезiнде оның аумағында
орналасқан және тауарлар мен өзге де
өнiмдердiң жарнамасы, сондай-ақ көрмеге
қатысушылардың жұмыстары және қызмет
көрсетулерi бар көрмелiк экспозицияға;
5) көрнекі жарнамалық ақпарат болмағанда
таратылатын дыбыстық (аудио) жарнамаға
қолданылмайды.
Сондай-ақ ресми мерекелер, мәдени және спорттық
акциялар мен iс-шаралар өткiзген кезде
елдi мекендердi безендiру объектiлерi мен
жабдықтары, көлiк және жаяу жүру қозғалысын
реттейтiн жол сiлтемелерi мен белгiлерi,
ақпараттық кестелер, мекемелiк тақталар
мен маңдайша жазулары, салынып жатқан
объектiлердiң (кешендердiң) паспорттарын
қоса алғанда, өзге де паспорттық немесе
адрестiк ақпараттар Ереженiң мәнi бола
алмайды.
Сыртқы жарнаманың көп түрлерін 1 суретте
көрсетілген.
Сыртқы жарнаманың түрлері
Сыртқы жарнама
түрлеріне сөрелерді, дүкен ішілік жарнама
элементтерін (нұсқағыштар, ақпараттық
табло, ақша көрсеткіштері және т.б.), маңдайшаларды,
кеңсе, қабылдау бөлмесі және басқа да
қызметтік орынжайларды, қызмет көрсетуші
қызметкерлер арнайы киімдерін жатқызуға
болады.
Сыртқы жарнама
көп жағдайларда үлкен ара қашықтықта
және жүре бара қабылданатындығына байланысты,
негізінен, қысқа да мәнді хабарды білдіреді.
Бұл жарнамалық материалдарды көркем
суретті рәсімдеуде фирмалық нышандардың
негізгі элементтеріне (тауар белгісі,
фирмалық блок, фирмалық түс) көп көңіл
бөлінеді.
Жарнамалық қалқандар, панно, афишалар
және транспоранттарды негізгі транспорттық
және жаяу жүргіншілер магистралдарында,
алаңдарда, стадиондар, спорт сарайлары
фойелеріне, спорт алаңдары, жәрмеңкелер
мен көрмелерге және басқа да адамдар
көп жиналатын жерлерге орнатуға болады.
Жарық маңдайшалар, электронды табло және
зкрандарды түрлі тауарларды жарнамалау
үшін орталық көшелер мен алаңдарда, қызықты
шараларда қолданады.
Сөрелер, дүкенішілік
жарнаманың түрлі элементтері көп жағдайда
сатып алушылар санасына сауда кәсіпорнының
бейнесін қалыптастырады, болашақ сатып
алуға себепші болады. бөлімдердің фирмалық
нұсқағыштары, түрлі жарнамалық-ақпараттық
қабырғалар және панно, ашық анық салынған
ақша көрсеткіштері сауда залдарында
бағдарлауды жеңілдетеді, тауарларды
тез таңдауға мүмкіндік береді. Осының
бәрі, ақыр аяғында, бұл сауда кәсіпорынның
тиімді жұмыс жасауына және сатып алушылардың
жақсы көңіл қабылдауларына жәрдемдеседі.
Фирмалық маңдайшалар, шығу есіктерін
нұсқағыштар, кеңселер, қабылдау бөлмесі
мен қызметтік орынжайлар интерьерлерін
безендіру, қызметкерлердің арнайы киімдері
кәсіпорынның іскери әріптестері мен
тұтынушылар үшін имиджін жасайтын фирмалық
стилдің маңызды құрамдық элементтері
болып табылады.
Көліктегі жарнама түрлі көлік көлік құралдарына
(жүк автокөліктерінің борттарына, автобустарға,
пойыз, трамвай, троллейбустар және т.б.)
орнатылған түрлі жарнамалық хабарларды
білдіреді. Кейде жарнамалық хабарларды
көлік құралдарының ішіне де орнатады.
Сондай-ақ, сыртқы жарнаманың түрлерін
темір жол вокзалдарына, автобекеттерге,
әуежайларға орналастырады.
Сыртқы жарнамалармен жұмыс
жасайтын жарнама берушілер мен жарнама
агенттіктеріне сыртқы жарнама нысандарының
негізгі қызметі басқа бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланған жарнамаларға
тауар маркасы немесі фирма атауы жөнінде
еске түсіру жолымен толықтырулар енгізуге
арналғандығын жадыларына сақтаған жөн.
Сыртқы жарнама – бұл
адамға үйде немесе жұмыста емес, көшеде
немесе сапар кезінде жеткізуге мүмкіндік
беретін әсер ету құралы. Қазіргі заманғы
қоғамда сыртқы жарнамамен халықтың үлкен
бөлігі күнде кездесіп отырады.
Сыртқы жарнамалар үшін бес маңызды талаптар
бар
Сыртқы жарнамалар үшін маңызды талаптар
Көрсетілген талаптарға байланысты сыртқы
жарнаманы тек нақты сурет және қысқа
мәтін көмегімен ұсынуға болатын тауарлар
(қызметтер) үшін тиімді қолдануға болады.
Оны адамдарға белгілі тауарлардың қасиеттері
туралы және оларды қайдан алуға болатындығын
еске түсірту үшін пайдалануға болады.
Осылайша,
сыртқы жарнама не еске түсіртеді, не ақпарат
береді. Кей жерлерде «еске түсіру» және
«ақпарат беру» жарнамалары үшін метро
вагондарының панелдері қызмет атқара
алады. Оларды жолаушылардың көп бөлігін
қамту және әсер ету үшін қолдануға болады.
Метромен жүретін жолаушыларда жарнамалық
ақпараттарды оқитын уақыт жетеді.
Сондай-ақ белгілі бір адамдарды тұтастай
қамтуды қамтамасыз ететін орындарды
да алуға болады. автобустардың артқы
қабырғасы автомобилистердің көз алдында
болады; автокөліктермен жүрмейтін балалар
мен ересектер автобус салондары панелдеріндегі
жарнамаларды оқиды. Қала сыртындағы темір
жол бекеттеріндегі қалқандар мен плакаттар
жолаушылардың көзіне түседі. Сауда аудандарындағы
қалқандар мен плакаттарды үй шаруасындағы
әйелдер көреді, автотұрақтағы жарнамалармен
автомобилистер таныса алады.
Сыртқы жарнама саласында жұмыс жасайтын
жарнама агенттіктері жарнама орнату
орнын таңдау, осы орын паспортын ресімдеу
және келістіру, эскиздер мен жарнама
құрылғысын дайындау және келістіру, сондай
ақ құрылғына орналастыру сияқты жұмыстарды
өзіне алуы керек. Мысалы, әр нақты жер
паспорты құзіреттіліктеріне сәйкес қалалық
қызметтермен келістірілуі тиіс.
Мәселен,
қала газондары мен демалыс алаңдарына
орнату үшін қалалық көгалдандыру басқармасынан
паспортты келістіру керек. Жарнамалық
хабарлар эскизі мен құрылғы жобасы сәулет-құрлыс
қызметтерімен келісуді талап етеді. Сонымен
қатар, Қазақстанның көптеген қалаларында
сыртқы жарнамаларды өз беттерінше орнатуға
(жабыстыру және т.б.) тыйым салынған және
жергілікті билік белгілеген тәртіпте
рұқсат алу талап етіледі.
Жарнама беруші немесе жарнама агенттіктері
сыртқы жарнама сметасын жасақтауда тіркеу
мен ресімдеу құнын, жарнамалық орындарды
пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бағасын,
жарнамалық хабарды дайындау мен көркем
безендіру құнын және жарнамалық құрылғыны
қондыру бағасын есепке алулары керек.
Экстерьерлерді
жарналық безендіру және жарнамалық құрылғыларды
қондыру – фирма имиджін қалыптастырудың
маңызды буыны. Сондықтан да сыртқы жарнаманың
осы саласына жарнамалық өнімдерді жасақтаушылар
мен дайындаушылар, сондай-ақ тапсырыс
берушілер тарапынан үлкен көңіл бөлінеді.
Бұлардың әр қайсысы да әр нысан үшін –
мейлі ол кешенді безендіруді талап ететін
мекеме кіре берісі, мейлі қарапайым сыртқы
маңдайша болсын, жеке стиль жасауға тырысады.
Сыртқы жарнаманы
саралап бөлу, әсіресе экстерьерлерді
жарнамалық безендіруде, өте қиын, өйткені
үнемі ізденіс, жаңа материалдар мен технологияларды
қолдану жарнама құрылғыларының бұрын
қолданылмаған дәстүрлі емес түрлерінің
пайда болуына әкеледі.
Төменде
көрсетілген жарнама тасығыштардың түрлері
– бүгінгі таңда нарықта ұсынылатын өнімдерге
жалпы көрініс беру әрекеті.
Жарықтық жарнама астарынан көбіне іштен
жарық беру маңдайшалары (жарықтық қорап,
лайтбокстар) және жеке тұратын құрылғылар
түсіндіріледі. Жарық беру не люминесцентті
шамдармен, не төменгі кернеулі шамдар
("Chainlight") көмегімен жүзеге асырылады.
Қолданылатын материалдар: қорап қабырғалары
үшін дюралюмин, темір немесе пластик
профилдер, беткі және артқы жақтары үшін
ақ органикалық әйнек немесе акрилді әйнектер.
Полтора – екі жыл бұрын жаңа материал
– жақсы жарық тарату қасиеті бар және
мықты, арнайы армирленген винил матасынан
(панафлекс сияқты) дайындалған әйнек
алмастырғыш пайда болды.
Қиын
пішінді қораптарды, сондай-ақ көлемді
жарық беретін әріптерді, қозғалыстағы
құрылғыларды дайындау кең қолданылып
жүр.
Суреттерді салу әдісі – өзі жабысатын
поливинилхлоридті (ПВХ) жапсырмалар немесе
арнайы жабдықта толық түсті ағысты баспаға
беру.
Акрилді әйнекті жарық боксының орташа
құны – 240-270 АҚШ доллары, ал ауданы бір
шаршы метр жерді алатын винилді мата
және оны тартатын арнайы жүйесі қолданылған
жарық боксы 400 – 700 АҚШ доллары тұрады.
0,5 м биіктіктегі бір жарықты әріптің құны
- 250 АҚШ доллары. ПВХ-жапсырмалы суретті
жүргізу – бір шаршы метрге 30 АҚШ долларынан
жоғары, толық түсті баспа тәсілі – бір
шаршы метрге 120 – 150 АҚШ доллары, неонды
түтік көмегімен безендіру – бір метрі
70 АҚШ долларына бағаланады.
Жарықты жарнамалық қондырғылар жеке
құрылғылар ретінде де, маңдайшалар ретінде
де орындала алады.
Жарықты емес жарнамалар астарынан, негізінен,
ішкі жарық бергіштері жоқ жарнама тасымалдағыштар
түсініледі. Мұнда жарық беру қызметін
қылды шамдар және галогенді шамдары бар
жарық бергіштер атқарады.
Осындай жарнамаларды дайындаудың негізгі
материалдары – темір, түрлі пластиктер,
винилді мата, арнайы профилдер, әр түрлі
жабындылар және т.б. Түрлі материалдар
мен технологияларды біріктіру және шығармашылық
көзқарас жарнамалық құрылғылардың көп
түрлі формаларын тудыруға мүмкіндік
жасайды.
Жарнама тасымалдағыштардың ең қарапайым
түрі – ПВХ пластикке ПВХ
жапсырмаларымен суреттер жүргізілген
сыртқы маңдайшалар. Олардың құны - бетінің
бір шаршы метр ауданына 50 АҚШ доллары.
Маңдайшаларды ПВХ – пластиктен қиып
дайындалған жалпақ элементтерді жапсыру
тәсілімен, сондай-ақ темір декор мен тасымал
құрылғыларының көмегімен (мысалы, консолдер
үшін) дайындауға да болады.
Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
1. Жарнама таратылу, орналастырылу
нысанына немесе
2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда,
Қазақстан Республикасының аумағындағы
жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде,
сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша
басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге
аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға
тиiс.
Бұл ретте теледидар мен радио арқылы
мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн
сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы
бiркелкi таратылуға тиiс.
2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы
жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке
алу туралы куәлікте бекітілген тілде
таратылады.
3. алып тасталды
4. Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым
салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет
лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi
тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама
берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы
жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн
және лицензия берген органның атауын
көрсету қажет.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына
6. Жарнама Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi,
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне
нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк,
ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық
араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа
бас ұруды, порнографияны насихаттауға
немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
құпияларын құрайтын мәлiметтердi және
заңмен қорғалатын өзге де құпияларды
тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға,
жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға,
сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi
(әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы
Заңмен және Қазақстан Республикасының
басқа да заң актiлерiмен
Теле және радиобағдарламалардағы жарнама
1. Жарнама сипатындағы хабарламалар
мен материалдарға мамандандырылмаған
теле және радиобағдарламалардағы жарнама,
жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде
берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң
жиырма процентiнен аспауға тиiс.
Жарнама беру кезiнде оның дыбысы берiп
отырған бағдарлама дыбысынан жоғары
болмауға тиiс.
2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, соның
iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану
кезiнде оның көлемi кадр аумағының жетi
жарым процентiнен аспауға және телехабарлардағы
мәтiндiк немесе ақпараттық материалды
бұзбауға тиiс.
3. Ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының
Президентiне және өкiлдi органдардың депутаттығына
кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және
дiни хабарлар берілімдерiн, сондай-ақ
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған
жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары
көрсетілімдерiн жарнамамен, соның ішінде
жүгiртпе жол әдiсiмен де бөлiп жiберуге
тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға
тыйым салынады.
Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары
жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын
дербес анықтайды.
Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары
жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
Кино, бейне және
анықтамалық қызмет
1. Сериялар арасындағы
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде
жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан
кейiн ғана берiледi.
3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және
өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама
клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады.
Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың
құнына кiрмеуге тиiс.
Тауар белгілерін
және осы белгілермен
белгіленген тауарларды
жарнамалау
ерекшеліктері
1. Белгіленген тәртіппен
2. Бір тауар белгісі алкоголь өнімінің,
темекі және темекі
бұйымдарының атауларын қамтитын тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің бірнеше
тізбесі бойынша тіркелген жағдайда, аталған
тауар белгілерін пайдалана отырып жарнаманы
тарату, орналастыру кезінде жарнамаланатын
тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер
міндетті түрде анық айқындалуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген тауар белгілерін
жарнамалау кезінде тауарлар және (немесе)
көрсетілетін қызметтер атауларының мөлшері:
1) мерзімді баспа басылымдарындағы, сыртқы
(көрнекі) жарнамада, көлік құралдарындағы
жарнамада осы жарнама алатын жалпы көлемнің;
2) теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламалардағы
тауар белгісін бейнелейтін әрбір кадр
көлемінің кемінде отыз процентін алуға
тиіс.
Теле-, радио-, бейне- және кинохроникалық
бағдарламалардағы жарнаманы дыбыстық
сүйемелдеу кезінде жарнамаланатын тауарлар
және (немесе) көрсетілетін қызметтер
анық айқындалуға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген
талаптарды бұза отырып, жарнама тарату,
орналастыру алкоголь өнімін, темекі және
темекі бұйымдарын жарнамалау деп танылады.
Жарнама жасау, тарату,
орналастыру кезiнде
кәмелетке толмағандарды
қорғау
Жарнама жасау, тарату, орналастыру
кезiнде кәмелетке
1) ата-ананың беделiн түсiруге, кәмелетке
толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;
2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды
жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра
шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;
3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен
салыстырғанда қандай да болсын артықшылық
беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң
болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн
кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;
4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар
мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында
ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе
дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
5) кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға
(жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге)
тiкелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке
толмағандардың бейнелерiн көрнекi немесе
дыбыстық пайдалануға;
6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген
немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда,
кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану
дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп
көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм
арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке
толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын
ақпарат беруге тиiс;
7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке
толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы)
туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған)
түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын
өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе
алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға
жол берiлмейдi.
Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
Жарнамасы бар материалдарды
немесе олардың көшiрмелерiн, оларға
кейiннен енгiзiлетiн
Жекеленген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктері
1.Мыналарды:
1)этил спиртін және алкоголь өнімін;
2)ана сүтін алмастырушыларды;
3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан
өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді);
4) темекі және темекі бұйымдарын;
5) алкоголь өніміне, темекі және темекі
бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты
ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар,
соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату
нысанында жарнамалауға тыйым салынады.
1-1. Географиялық көрсеткіштерді және
фирмалық атауларды қоспағанда, алкоголь
өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей
немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің,
темекі және темекі бұйымының атауы ретінде
белгілі болған тауар белгісінің элементтерін
немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
жарнамалауға тыйым салынады.
2.алып тасталды
3. Дәрiлiк заттарды жарнамалау ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының дәрiлiк заттар
туралы заңнамасымен реттеледi.
4. Медициналық қызметтер көрсету жарнамасына,
сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың,
емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа
әдiстерi мен құралдарының жарнамасына,
оларға лицензия мен (немесе) рұқсат болмаған,
сондай-ақ оларды жарнамалауға денсаулық
сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
берiлген рұқсат болмаған кезде, жол берiлмейдi.
Жеке және заңды тұлғалардың
ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды
пайдалануға байланысты қаржы (соның iшiнде
банктiк), сақтандыру, инвестициялық және
өзге де көрсетiлетiн қызметтерге жарнама
жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге
немесе бағалы қағаздарға тiкелей қатысы
жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және
дивидендтер мөлшерiне кепiлдiк беруге;
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген,
сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла
тұрған немесе жасалмады деп танылған
кезде жарнамалауға;
4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi)
туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың
бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы
кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар
беруге;
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi
талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның
қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын
сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды
өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын
кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
7) нөлдiк цикл құрылысына рұқсат берiлгенге
дейiн, сондай-ақ уәкiлетті орган құрылыс
салушының лицензиясының күшін тоқтата
тұрған кезеңде тұрғын жайларды жарнамалауға
тыйым салынады.

- Жарочные и пекарные шкафы
- Жарочные шкафы
- Жар–Птица
- Жартылай бөлу әдісімен теңдеудің түбірін анықтау
- Жартылай өткізгіштердің металдардан және диэлектриктерден айырмашылығы
- Жартылай өткізгіштердің түрлері
- Жартылай өткізгіштер және жартылай өткізгіштік құралдар
- Жаркое по-домашему
- Жарма зауыттарында технологиялық процесті бақылау
- Жарнама аударуда кездесетін қиыншылықтар
- Жарнама және оның түрлері
- Жарнама қызметтiнiң теориялық аспектiсi
- «Жарнамалық агенство қызметін» Delphi ортасында автоматтандыру
- Жарнама психологиясының жалпы теориялық мәселелері