Жарғылық капитал есебі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................... .............................. .............................. ....................5
1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны…............8
1.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен
құрылтайшы құжаттарды есепке алудың
методикасы....................
2 «АКТАУ ГАЗ ТАРМАҒЫ» ЖШС-НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен
есеп саясаты.......................
2.2 Жарғылық капиталды
қалыптастыру мен құрылтайшы
құжаттарын есепке алудың
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде.
Кез-келген өркениетті қоғамда
нарық механизмі мен
Бухгалтерлік есеп реформасы мақсаттарының бірі мемлекет өкілеттігін меншік иесіне міндеттемелер мен өзіндік капиталды, активтерді бағалау әдістерін пайдалануға беру болып табылады.
Бухгалтерлік есептің
Кәсіпорынның кез келген қаржы-шаруашылық операциялары не активтердің шығыс етілуімен, артуымен не міндеттемелердің өтелуімен байланысты болады. Ал бұл баланстың активтері мен міндеттемелерінің қозғалысына немесе меншікті капиталдың тұрақты болып қалуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі кездегі тәжірибеде кәсіпорынның күрделі экономикалық механизмін тек нақты жасалған есеп жүйесі беретін уақтылы, толық және сенімді ақпаратсыз жүргізу қиын, тіпті мүмкін емес.
Курстық жұмыстың өзектілігі- Кез келген кәсіпорынның белгілі бір мөлшердегі меншікті капиталы болу керек, себебі қазіргі нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыруға негізделіп жұмыс атқарады. Меншікті капиталдың кез келген кәсіпорын қызметі барысындағы маңызы зор болып табылады. Егер екі құрылтайшыдан және айналымы жылына екі миллион тенге болатын жауапкершілігі шектеулі кішігірім кәсіпорын болатын болса, ол тартылған қаражаттарды үлкен мөлшерде алып, үлкен несиелерді қолданбауы мүмкін, сондықтан оның негізгі және айнымалы қаражаттарының көзі болып тек меншікті капитал табылады. Ал егер айналымы кішігірім мемлекеттің бюджетіндей болатын акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылған мекеме болатын болса, онда ол айнымалы капиталын толықтыру үшін қаражаттар тартуы мүмкін. Мұндай мекемелерге меншікті капитал кредиторлар мен акционерлерге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы кепілдік береді. Мұндай кәсіпорынның меншікті капиталы неғұрлым жоғары болған сайын, ол қаржылық тұрақтылығын жоғалтып алу қаупінсіз, соғұрлым көп қаражаттар тартуына мүмкіндігі болады.
Әсіресе, өздерінің қалыпты қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін несиелік мекемелер үшін меншікті капитал маңызды болып табылады. Мысалы, банк ашу кезінде оның меншікті капиталы қызметті бастау үшін қолданылатын бастапқы қаражат болып табылады.
Меншік капитал - бұл субьекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субьектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың
көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген
активтері мен
Сөйтіп, берілген курстық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның меншікті капиталын бухгалтерлік есеп, аудит және талдау обьектісі ретінде қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес берілген курстық жұмыстың алдында мынадай міндеттер тұр:
- мекеменің жарғылық капиталы есебінің теориялық аспектілерін зерттеу;
- жарғылық капиталдың, соның ішінде талданып отырған кәсіпорынның жарғылық капиталының құрамы мен құрылымын қарастыру;
- жарғылық капитал есебінің тәртібін құруды қарастыру;
- жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауын жасау.
1. Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке алудың есебі, аудиті және талдауы
1.1 Жарғылық капиталды
қалыптастырудың мәні мен
Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тәртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамда өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Қазақтан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жарғылық капиталдың көлемі және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалар қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық қүжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Акционерлік қоғам бухгалтерлік есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Акционерлік коғамның қаржы көздері болып төменгілер табылады:
- Меншікті капитал;
- Сырттан тартылған капитал.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі
құралдары мен
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен қоғамның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда– кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды, кірістен басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында акционерлік
Аталған ұйымдастырушы - құқықтық меншік формасы нысанын енгізу мәселесі Қазақстанда 1998 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңды қабылдаумен (№ 282-1, 10.07.98ж.) шешілді. Бірақ бұл заң Қазақстан Республикасында жаңа «Акционерлік қоғамдар туралы» (№ 415, 13.05.05ж. және 2010ж –өзгеріс ) Заңның қызметке енгізілуімен күшін жоғалтты. АҚ - ға мына талаптар қойылды:
- тек акционерлік қоғамдардың ғана жұмыс істеуі (жаңа заңда ашық және жабық АҚ қызметі қарастырылмаған);
- Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес тиісті қаржылық жылға АҚ-ның минималды жарғылық капиталының 50000 МЕК мөлшерінде бекітілуі;
- Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкінің Үкіметімен 04.07.03ж.
№ 217 қаулысымен реттелген,
оларды мемлекеттік тіркеу
- 2 жыл мерзімінде құрылтайшылар
құжаттарына, оның ішінде
- АҚ - ның қаржылық - шаруашылық
қызметіне міндетті түрде жыл
сайынғы сыртқы аудитті
- жоғарыда көрсетілген екі жыл мерзім өткеннен соң, акцияларды жоюмен, оларды бір жыл ішінде уақытша тоқтатумен байланысты қайта құру немесе жою процедураларын жүргізу;
- жекелеген АҚ - ды
серіктестіктерге немесе
- жарғылық капиталдың «жарияланған» және «шығарылғын (төленген)» түсініктерін қысқарту, сонымен қатар резервтік капиталды құру міндетті емес;
- жеңілдікті акцияларды
«дауыс беруге құқығы бар», «дауыс
беруге құқығы жоқ»
- қоғам жарғысында тек құжатсыз нысанында акционерлік қоғамда шығарылған акциялар бойынша дивидендтердің кепілдік мөлшерін бекіту;
- акционерлік қоғам
акциясын, оларды шығаруды тек
мемлекеттік тіркеуден кейін,
акционерлердің жалпы
- арнайы басқару органы – директорлар кеңесі, сонымен қатар ішкі аудит қызметін құру;
- арнайы салымды бағалауды
салым сомасына қарамай
- жарғылық капитал сомасын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күн ішінде өтеу.
13.05.03ж. № 415-II (86 бап) «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес АҚ шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооперативке түрленуі мүмкін. Мысалы, АҚ ЖШС түрленуі үшін келесі шараларды жүргізу қажет:
1) АҚ ЖШС түрленуі
жөніндегі мәселені, оның тәртібі
мен жүргізу жағдайын
2) АҚ акциясын ЖШС
құрылтайшыларының салымына
3) түрленген қоғамның
барлық құқығы пен міндеттері
ЖШС-ке көшетін жіберу
4) ЖШС жарғылық капиталында
қатысушының оған тиесілі
5) барлық кредиторларға (ЖАҚ қоса) АҚ ЖШС түрленуі жөнінде жазбаша хабарлау;
6) АҚ акцияларын ұстаушылар
реестрінде операцияларды
7) Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкіне қоғамның
8) серіктестікке түрлендіру
барысында және оның
9) ЖШС барлық қатысушыларымен немесе олардың өкілдерімен құрылтайшылар келісім - шартына және оның нотариалды куәлігіне (акционерлерінің саны жүз және одан жоғары акционерлік қоғамнан түрленген ЖШС қоспағанда) қол қоюы. Акционерлерінің саны жүз және одан жоғары АҚ ЖШС түрлендіру жағдайында құрылтайшылар келісім шарты жасалмайды;
10) Акционерлерінің саны
жүзден жоғары АҚ түрленген,
акционерлердің жалпы
11) Акционерлерінің саны жүз және одан жоғары АҚ түрленген ЖШС -тің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын бекіту мақсатында, ЖШС қатысушыларының реестрінен көшірме жасау.
Серіктестік қатысушыларының реестірін жүргізуді, құнды қағаздар ұстаушыларының реестрін жүргізу бойынша қызметтің осы түрімен айналысуға лицензиясы бар, құнды қағаздар нарығының білікті қатысушысы жүзеге асырады.
Акционерлік қоғамның капиталы үш негізгі маңызды бағыттар бойынша жүйелеуді талап етеді:
1. Тарту көздері бойынша.
2.Тарту нысандары бойынша.
3. Пайдалану сипаты бойынша.
Акционерлік қоғамның
капиталын тарту көздері
Қоғамның жабдықтары бойынша:
-меншікті;
-қарыз капиталын бөліп көрсетеді.
Меншікті капитал компанияның жалпы қаражаттық құны, меншікті құқықтарына жататын және оның активтерінің белгілі бір бөлігін қалыптастыру үшін қолданумен сипатталады. Бұл активтің бөлігі меншікті капиталға инвестициялау есебінен қалыптастырылған компанияның таза активтер қарамағына береді.
Осы аталған бағыттардың әрқайсысын жүйелей отырып, капиталдың әртүрлі түрлерін жіктеу жүйесін құруға мүмкіндіктер беретін жеке жіктеу белгілері бөлініп шығады.
Капитал табыс әкелетін компанияның қаржылық ресурсын сипаттайды. Капитал өз ретінде ссудалық капитал формасында оқшауланған өндірістік факторда бола алады. Яғни компанияның қамтамасыз етілген кірістерін қалыптастыруының өндірістік емес (операциондық), керісінше оның қызметінің қаржылық (инвестицияық) сферасында болады. Капитал меншік иесінің жағдайын қалыптастыруының негізгі қайнар көзі боып табылады. Ол осы жағдайдың ағымдық және болашақ немесе перспективті кезеңдегі қажетті деңгейді қамтамасыз етеді. Ағымдық кезеңдегі тұтынылған капиталдың бөлігі оның құрамынан шығады. Яғни иемденушінің ағымдық кезеңдегі қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Демек қалған бөлігі капитал фунциясын атқарады. Жинақталған бөлігі болашақ немесе перспективті кезеңдегі меншік иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қамтамасыз етуге талап етілген. Яғни, жағдайын болашақ деңгейін қалыптастырады.
- Жарғылық капиталды қалыптасты
ру мен құрылтайшы құжаттарды е сепке алудың методикасы
Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті қүқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
- кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
- өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында жэне басқа да құрылтайшылық қүжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық қүжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір – бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі
шектелген серіктестіктердің
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валютада көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төленуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғамы үшін – бес мың минималды есептік көрсеткіш, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткіш құрайды.
Акционерлердің жалпы
жиналысында анықталған әрі жарияланған
санының шегінде акцияны
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға
кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған
соң, жарияланған жарғылық
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:
-дивидендтер алуын;
-қоғамды басқаруына қатысуын;
-қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Ұйымның меншікті капиталы жарғылық капиталдан, сақтық капиталдан және басқа да арнайы құрылған қорлардан құралады.
Ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшының міндетті салымын тарту арқылы 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңге мөлшерінде құрылған.
Серіктестіктің құрылтайшысы жарғылық капиталға салатын салымды тек қана ақшалай береді. Бұл жағдайда жарғылық капиталға жарналарды: заңды тұлғалар – меншікті қаражаты шегінде есебінен енгізеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталына төлем Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Шағын несиелік ұйымының мемлекеттік тіркеуден өту сәтінде құрылтайшы құрылтайшы құжаттарда жарияланған Серіктестіктің жарғылық капиталына толық көлемде төлем жүргізіп отыруы тиіс.
Серіктестіктің құрылтайшысының құрылтайшылық шартымен белгіленген мерзімде өз үлесін енгізбеген құрылтайшы Серіктестіктің келтірген шығынның орнын жабуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Серіктестіктің толық төлем Серіктестіктің құрылтайшысының салымын азайту жолымен Серіктестіктің жарғылық капиталы азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталды 250 000 000 (екі жүз елу миллион) миллион теңгеден төмен азайтуға жол берілмейді.
Қоғамдық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығынның орнын толтыру мақсатында Серіктестік сақтық капитал құрады. Сақтық капитал жыл сайын таза табыстың сомасынан аударым жасау арқылы құрылады.
Серіктестік басқа да арнайы қорлар құруға құқылы. Арнайы қорларды құру мен пайдалану тәртібі туралы ереже құрылтайшылардың жалпы жиналысымен белгіленеді, бекітіледі.
Серіктестіктің сақтық қоры табыс салығын төлеген соң қалатын табыстан қалыптасады.
Сақтық капиталға таза табыстан аударым жалпы жиналыспен анықталатын мөлшерде есептегіден кейінгі бірінші тоқсан ішінде бір жылғы қаржы қызметінің қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Сақтық капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап екі жыл ішінде жарияланған жарғылық капиталдың кемінде бес пайызы мөлшерінде қалыптасады.
Серіктестіктің сақтық капиталы кейіннен таза табыс есебінен орнын толтырумен Серіктестіктің шығынын жабу мақсатында пайдаланылады.
2. «Актау газ тармағы» жшс-нің жарғылық капиталын қалыптастыру мен есебін ұйымдастыру
2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен есеп саясаты
Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады. Ұйымның негізгі мақсаты өз қызметін жүзеге асыру барысында пайда табу.

- Жарғылық капиталының аудит есебі
- Жарғылық капиталының аудиті есебі
- Жаркое по-домашему
- Жарма зауыттарында технологиялық процесті бақылау
- Жарнама аударуда кездесетін қиыншылықтар
- Жарнама және оның түрлері
- Жарнама қызметтiнiң теориялық аспектiсi
- Жаргонная и арготическая по происхождению лексика и фразеология в современной периодике
- Жаргоны и фразеологизмы
- Жаргылык капитал мен курылтайшылык кужаттардын есеби
- Жарғылық капитал
- Жарғылық капитал
- Жарғылық капитал аудиті есебі
- Жарғылық капитал есебі