Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе................................................................................................................3

І ТАРАУ.  АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ

1.1. Астық гүлділер қатарына жалпы сипатама............................................5

1.2. Астық тұқымдастардың құрылысы ..................................................8

1.3. Майлы дақылдар...................................................................................12

          

ІІ ТАРАУ. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ ӨМІРІНЕ

               МАҢЫЗЫ      

2.1. Бидайдың түрлері және  шаруашылықтағы рөлі .................................   

2.2. Бамбук тәрізділер....................................................................................25

2.3. Бетегелер және қоңырбастылар тармағы..............................................26

2.4. Шитарылар және күріш тұқымдас тармағы ........................................33

2.5. Тарылар тұқымдас тармағы....................................................................35

2.6. Бозшағылдар тұқымдас тармағы ...........................................................36

2.7. Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу..............................................................................................46

Қорытынды..............................................................................................................50

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Астық гүлділер қатарының  басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер. Кейбір өкілдерінің ғана (бамбук)сабақтары  қатайып сүректенеді.Бұлар бір  жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Әдетте, сабақтары жіңішке цилиндр пішіндес,барлығының сабақтары буыннан және қуыс  келген буын аралықтарынан тұрады.Астық  тұқымдасына жататын өсімдіктердің  сабағы  сабан деп аталады.Екі  қатар бойымен кезектесіп орналасқан жапырақтары сабақты орап тұратын  цилиндр тәрізді ұзын қынаптан және әдетте,жіңішке таспа тәріздес жапырақ  тақтасынан тұрады,ал олардың түйіскен аралығында тілше деп аталатын кішкене  жарғақ немесе қатқыл түктер түріндегі  өскін орналасады.Тілшенің негізгі  атқаратын биологиялық қызметі  сабақ пен қынап арасына судың  өтпеуін қамтамасыз етеді.Қынап  сабақты тығыз қаптап тұрады,көпшілігінің қынаптарының жиектері кірікпейді.Қынаптың кірікпеген,қайырылған екі ұшы құлақша  деп аталады.Құлақшаның түсі ақ,пішіні жалпақ немесе жіңішке келген жартылай ай тәрізді.Астық тұқымдасының кейбір түрлерінде құлақшасы болмайды,немесе оның орнына түктер түзіледі.Тұқымдас түрлерін анықтауда тілше және құлақша  негізгі белгілердің бірі болып  есептеледі.Қынаппен қапталған буын аралықтарының төменгі бөлігі меристемалық қасиетін  сақтайды да ,ұзақ уақыт  бойы сабақтың интеркалярлық өсуін  қамтамасыз етеді.

     Астық тұқымдастарының  жай гүлшоғыры саны жағынан  әр  түрлі гүлдерден тұратын  масақша түрінде болады.Масақшалар  күрделі масақтарға немесе бірнеше  қайтара бұтақтанатын сыпыртқы  гүлшоғырларына топтасуы мүмкін.Кейбір  астық тұқымдастары күрделі сұлтан  түріндегі гүлшоғырын түзеді.Олардың  көп масақшалары бір біріне  жақын қысқа бұтақтарда өте  тығыз орналасады(атқонақ,түлкі  құйрық және т.б)

   Әрбір масақшаның негізгі осінде екі қатарланып арнайы қабыршақ тәрізді жапырақтар орналасады.Бұл жапырақтар пішіндері,өлшемдері және құрылысы жағынан вегативтік  жапырақтардан өзгеше.Әдетте масақшаның төменгі екі жапырағы стерильді болады,яғни өз қойнауларында гүлдер түзбейді.Бұл жапырақтар орналасу тәртібіне қарай жоғары және төменгі масақша қабыршақтары деп аталады.Масақша қабыршақтарының саны кейде екеуден артық (тары),жалғыз (үй бидайық)немесе мүлдем болмауы (ақ қылтан)мүмкін.Масақша қабыршақтарынан жоғары бірден онға дейін төменгі гүл қабыршақтары орналасқан.Олардың қойнауларында гүлдер түзіледі.Көптеген астық тұқымдастарының төменгі гүл қабыршақтарының қылтанақ түріндегі өскіндері болады.Қылтанақтар тік ,қисақ бұрылған,түкті (мысалы,селеулердің қауырсын тәрізді ұзын қылтанақтары)немесе жалаң болып келеді.Төменгі гүл қабыршақтарының қойнауларында орналасқан гүлдерді масақша осіне қатыстыекінші реттік қысқарған өркендер деп қарастыруға болады.Бұл өркендер жоғарғы гүл қабыршағынан,жарық тәрізді гүлсеріктерінен,лодикулалардан,андроцей мен гинецейден құралды.Аталған органдардың ішінде андроцей мен гинецейдің ғана гүлге қатысы бар.Жоғарғы гүл қабыршағының екі ірі жүйкелері екі қыр түзеді.Қабыршақтың екі қыр арасындағы жарғақ тәрізді бөлігі әр уақытта масақша осіне бағытталған,ал қырлардың шеткі бөліктері төменгі гүл қабыршағымен көмкеріліп тұрады.Жоғарғы гүл қабыршағынан жоғарырақ кішірек ақ түсті лодикулалар орналасады.Әдетте саны екеу,ал кейбір астық тұқымдастарында үшеу(селеу).Кейде лодикулалар мүлдем болмайды(жұпарлы масақ,атқонақ). Көпшілік ғалымдардың пікірінше,лодикулалар өте күшті редукцияланған гүлсеріктерінің ішкі шеңбер мүшелерінің қалдықтары деп есептейді.Енді бір ғалымдар лодикулаларды редукцияланған жапырақ қалдықтары деп қарастырады.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

    

І ТАРАУ.  АСТЫҚ ГҮЛДІЛЕР ҚАТАРЫ

    1. АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАЛПЫ СИПТТТАМА

 

Астық тұқымдасының жапырақтары  кезектесiп орналасады, параллель  жүйкеленедi және олардың қынапшасы  болады. Қынапша дегенiмiз- жапырақтың түтiк тәрiздi кеңейген түп жағы. Қынапша  сабақты буыннан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетедi. Астық  тұқымдасында қынапша буынаралығының төменгi бөлiгiн жауып, бөлiнетiн жас  клеткаларды қорғап тұрады. Астық  тұқымдасы басқа тұқымдастарға  жататын өсiмдiктерден осы ерекшелiгiмен  ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшадан кететiн жерiнде жарғақ тәрiздi өсiндiсi немесе тiлшесi болады. Ол сабақ пен  қынапшаның арасына судың өтуiне мүмкiндiк бермейдi. Астық тұқымдасының ұсақ, көрiксiз гүлдерi күрделi масақ  және сыпырғы гүлшоғырын түзедi.Астық  тұқымдасының барлығының масағының  түп жағында, екi масақша қабыршағы  болады. Масақшаларындағы гүлдердiң  саны, әр түрлi астық тұқымдасында әрқилы. Олардың саны әр масақшада бiреуден бiрнешеуге дейiн болады. Астық тұқымдасының әрбiр гүлiн 2-ден гүл қабыршағы, 2 гүлжарға, 3 аталығы және бiр аналығы  болады. Аналығының сыртын қалың түктер каптайды, аузы қостелiмдi, мойны болмайды. Бiр ғана тұқым бүрi болады. Әдетте бұл бұрыс гүлге жатады. Гүлiнiң  формуласы: *♂♀ Т(2)+2 А3 Ж1

Астық тұқымдасының жемiсi –  дән. Дәнде жемiс қабы мен тұқым  қабы бiрiгiп кетедi. Дәнде эндосперм  ұрықты қоршап жатпайды. Эндосперм  ұрыққа бүйiр жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына  тiкелей тиiп тұрады.Астық тұқымдасының экономикалық жағынан аса маңыздыларына  бидай, қарабидай, жүгерi, арпа, күрiш, сұлы, тары жатады.

Бидай туысында (пшеница  — Triticum)19 түр бар, олардың тек 4-уi ғана табиғи жағдайда белгiлi, қалғандары мәдени жағдайда өседi. Жел арқылы өздiгiнен  және айқас тозаңданатын өсiмдiктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейiн  гүлi болады. Гүлшоғыры — күрделi масақ. Дүниежүзiнiң ауыл шаруашылық өндiрiсiнде негiзiнен нан өнiмдерiн  беретiн дақыл, 4 мыңнан астам сорттары белгiлi.

Қарабидай туысы (рожь — Secale). Қарабидайдың қоңыржай климатты аймақтарда, әсiресе солтүстiк ендiктiң таулы  аудандарында кең таралған 8 түрi бар. Жабайы қарабидайдың (дикая рожь – Secale sylvestre) ареалы кең – Кавказда, Батыс Сiбiрде, Орта Азияда кездеседi. Жабайы қарабидай көп жылдық және бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк. Гүлшоғыры  күрделi масақ. Масақтың осiнде көптеген екi гүлдi масақшалар орналасады. Гүлдiң  төменгi қабыршағының қылтығы болады, дәнiнiң сыртын түктер қаптап тұрады.

Мәдени қарабидайда(рожь посевная — Secale cereale) күрделi масағының  әрбiр масақшасында 2 жақсы жетiлген , 1 толық жетiлмеген гүлi болады. Қарабидай  – желмен тозаңданатын өсiмдiк. Оның дәнi әрi жiңiшке, әрi ұзын.

Қарабидайдың дәнiнен  алынған ұнның түсi қоңыр. Одан қрабидай нанын пiсiредi.

Арпа туысында(ячмень — Hordeum) 26 түр бар, оның 12-сi Қазақстанда кездеседi.Арпаның  гүлшоғыры – күрделi масақ. Масақ  осiнде бiр гүлдi 3 масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздiгiнен тозаңданады, айқас тозаңдануы да мүмкiн. Арпа – ерте пiсетiн дәндi дақыл. Оның дәнегiнен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Мал азығы ретiнде де пайдалы дақыл арпамен жылқыны, iрi қараны, шошқаны және құстарды семiртедi.

Сұлы туысының(овес — Avena) 33-тей түрi бар. Қазақстанда 7 түрi кездеседi. Шашыраңқы болып келетiн гүлшоғыры  сыпырғы деп аталды. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасқан, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Сұлы- суыққа төзiмдi дақыл. Мәдени жағдайда егiстiк сұлыны (овес посевной – Avena sativa) орталық және солтүстiк  аудандарында құнды жарма алынатын және малазықтық өсiмдiк ретiнде себедi.

Тары туысы(просо — Panicum). Тропикалық және субтропикалық зоналарда  көп таралған және қоңыржай климатты аймақтарда өсетiн 400-дей түрi бар. Жарма  беретiн дақыл ретiнде себiледi.

Күрiш туысының(рис — Oryza) Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстiк  Америкада таралған 24 түрi бар. Бiр  гүлдi масақшалары сыпырғы тәрiздi гүлшоғырына жиналған. Масақшаның гүлiнiң 4 қабыршағы, 6 аталығы, 1 аналығы болады. Күрiштiң екi түрi мәдени жағдайға ендiрiлген және көп жерде себiледi. Олардың  ең маңызыдысы – екпе күрiш (рис посевной – Oryza sativa). Бiздiң елде күрiш бидайдан кейiн екiншi орын алады. Ол Орталық, Оңтүстiк –Шығыс және Кiндiк Азияда негiзгi астық өнiмдерiн беретiн  дақыл. Қазiргi кезде дүниежүзi бойынша  күрiштiң 2 мыңнан астам сорттары белгiлi. Гүлiнiң формуласы: ♂♀ Гс2 А3+3 Ж(3)

Жүгерi туысы (кукуруза — Zea). Бiр үйлi өсiмдiк, гүлдерi және гүлшоғыры  әр түрлi жынысты. Агрегатты, сыпырғы  тәрiздi гүлшоғырында екi гүлдi аталық масақшалары  орналасқан. Екi гүлдi масақшаның әр гүлiнде  үш- үштен аталығы болады. Аналық гүлдерi собық деп аталатын күрделi гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығында орналасып, түрi өзгерген жапырақтардан  тұратын жамылғымен оралып қапталған. Аналықтың жатыны дөңгелек, мойны  жiбек жiп тәрiздi сусылдаған ұзын, аузы қос телiмдi. Өсiмдiкте собық  пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып, аналықтың аузы көрiнгенше тозаң  пiсiп кетедi. Сондықтан жүгерiде өздiгiнен  тозаңдану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өскен өсiмдiктердiң бiрiнен  келiп түседi. Шыққан жерi – Мексика.Жүгерi – жылу сүйгiш өсiмдiк. Оның тамыры ауаның жеткiлiктi мөлшерде келiп тұрғанын қажет етедi. Сондықтан жүгерiнi себуден  бұрын топырақты тиянақты түрде  өңдеуден өткiзiп, оны жаз бойы қопсытып отырады. Жүгерi жарықты қажет етедi, сондықтанда оны қатар- қатар, бiр- бiрiнен қашықтау себедi. Бiршама құрғақшылыққа  төзiмдi, бiрақ күнiне әрбiр өсiмдiк 1 литрдей су қажет етедi. Жүгерiнi суық ұрғанға, (үсiк жүргенге) дейiн  жинап алады, өйткенi пiсiп жетiлген өсiмдiк -1ºС өзiнде оңай зақымданады.Туыстың  кең тараған түрi кәдiмгi жүгерi(кукуруза обыкновенная – Zea mays). Жүгерi – биiктiгi 2-3 метр кейде одан да биiктеу болатын  бiр жылдық шөптесiн өсiмдiк.Ол тек  мәдени  жағдайда ғана белгiлi. Еуропаға  Оңтүстiк Америкадан 1493 жәкелiнеген, Ресейде оны XVII ғасырда себе бастаған. Тағамдық, малазықтық және техникалық өсiдiк ретiнде маңызы аса зор.Қоңыржай климатты аудандарда жүгерiнiң көптеген сорттарының дәндерi пiсiп үлгермейдi. Сондықтанда Солтүстiк аудандарда жүгерiнi сүрлем үшiн өсiредi. Қазақстанда жүгерi тамақ өнiмдерiне қажеттi және малға азық болатын аса құнды дақыл, әрi өндiрiске қажеттi шикiзат.

Борыққамыс туысы(сахарный тростник — Saccharum). Жер шарының екi бөлiгiнiң де тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең тараған 15 түрi бар. Сабақтарында 15-20% дейiн қант болады. Сондықтанда бұл өсiмдiктi  қант, ром, спирт алу үшiн өсiредi.

Қоңырбас туысы(мятлик — Poa). 200-дей түрi бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Олардың кейбiреулерi космополиттер. Мал азығы ретiнде құнды өсiмдiктер. Сондықтан ерекше құндыларын мәдени жағдайда өсiредi.

  Бидайық туысының(пырей — Agropyron) 70-тей түрi бар. Қазақстанда 44 түрi кездеседi. Күрделi масақтың өсiне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейiн гүлi бар масақша орналасқан. Жатаған бидайық (пырей ползучий — Agropyron repens) деген түрi егiстiкке зиянды арамшөп, оның гүлшоғыры тiк өсетiн жекелеген күрделi масақтан тұрады.

Шалғын атқонағы (тимофеевка луговая – Рhleum pratense). Тамырсабағы қысқа болып келетiн көп жылдық шөптесiң өсiмдiк. Гүл шоғыры жүгерiнiң аталық гүлоғыры секiлдi өсiмдiктiң сабағының жоғарғы бөлiгiнде тoп болып орналасады. Мұндай гүл шоғыры сұлтан деп аталады. Малазығы ретiнде ең құнды өсiмдiктердiң бiрi, көп жағдайда оны бедемен (клевер — Trifolium) араластырып себедi.Осы жоғарыда келтiрiлгендерден басқа астық тұқымдасына жабайы өсiмдiктерден бетеге (овсяница — Festuca), арпабас (костер — Bromus), ажырық (прибрежница — Aeluropus), қау (ковыль — Stipa), қамыс (тростник — Phragmites), қияқ (волоснец — Elumas), мортық (мортук — Eremopyrum) туыстарының өкiлдерi, т.б. жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

 

Астық тұқымдасы (Poaceaе) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.Астық түқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5—10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығыңда кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады.

Көпшілік жағдайларда  астық тұқымдастарының  андроцейлері үш мүшелі,олардың біреуі лодикулалардың ортасында,ал қалған екеуі жоғарғы  гүл қабыршағына бағыттала орналасады.Астық  тұқымдастарының ата тектерінде үш мүшелі екі шеңберлі андроцейдің  болғандығын күріш,стрептохета,қант құрағы,көптеген бамбук сияқты өсімдіктердің  гүлдердегі екі шеңбер құратын алты аталықтың болуы дәлелдейді.Аталық санының азаю барысын кейбір астық  тұқымдастарынан да байқауға болады.Мысалы тілқиярда,жұпарлы масақшада аталық саны екеу,ал циннада тіпті біреуақ.Аталық құрылысының бір ерекшелігі,аталық жіпшесі қиякөлеңдердегідей тозаңқаптың түбіне бекімей,оның ішкі жағына бекиді.Осының салдарынан тозаңқап өте жылжымалы болып келеді де,ауаның әлсіз ағысынан да қозғалысқа келеді(жел арқылы тозаңдалуға бейімделу).Гүлдің аналығы бір ұялы үстіңгі жатынынан тұрады.Жатында жалғыз тұқымбүршігі дамиды.Аналықтың мойыны ұзын немесе қысқа болуы мүмкін.Аналық ауызы көбінесе қауырсын тәрізді екі тармақтан тұрады.Астық тұқымдастарының гүлдеуі кезінде олардың лодикуалары қатты ісінеді.Осының салдарынан төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтары бір бірінен алшақтап,аталық және аналық гүлдердің ашылуына себеп болады.Гүлдеу барысында аталық жіпшесі өтн тез ұзарып өседі,тозаңқаптар тігінен жарылады және жетілген тозаңдар әлсіз ауа ағысымен де өте оңай шашылады.Барлық астық тұқымдастары жел арқылы айқас тозаңданады.Сонымен қатар,Оңтүстік Америка тропиктеріне тән бетегелер тұқымдас тармағына жататын туысының өкілделері жәндіктер арқылы да тозаңдана алады. Кейбір мәдени астық тұқымдастарының (бидай,арпа,сұлы,тары,күріш) гүлдері клейстогамды, яғни ашылмайтын болғандықтан,олар өздігінен тозаңданады.       

Астық тұқымдастарының жемістері  дәнек, тек кейбір бамбуктардың жемістері  жаңғақ немесе жидек тәрізді болып  келеді. Дәннің көп бөлігі (орта есеппен  массасының 74%) крахмалды эндоспермнен тұрады. Оның алейронды, немесе клейковиналы деп аталатын сыртқы қабаты белоктарға (алейрон дәндері) майларға және витаминдерге бай қалың қабықты клеткалардан тұрады.Дәннің түпкі бөлігінде ұрық орналасады.Ұрық пен эндоспермнің арасында,әдетте астық тұқымдастарының тұқым жарнағы деп саналатын қалқанша орналасады.Көптеген астық тұқымдастарының қалқаншаға қарама қарсы жағында эпибласт деп аталатын қабыршақ түзіледі.Ұрық бүршіктерден,оны жауып тұратын қалпақшадан (колеоптиле) және колеориза ұлпамен қоршалған ұрықтық тамыршалардан тұрады.Бүршікшемен  мен ұрықтық тамырдың аралығында морфологиялық айқын дифференциацияланбаған жарнақ асты қалқаншамен байланысқан гипокотиль орналасады.Астық тұқымдастарының өнуі кезінде қалқанша клеткалары созылып өсіп,эндоспермге кіреді де,эндоспермді қорытатын әр түрлі ферменттер түзіледі.Нәтижесінде қоректік заттар ұрыққа беріледі.Колеоптиль немесе алғашқы жапырақ жер бетіне түтікшеленіп оралған ұшы біз тәрізді қатты үшкірленген қынап түрінде шығады.Алғашқы жапырақ соңғыларының жер бетіне шығуын қамтамасыз етеді.Жабайы астық тұқымдастарының  жемістері негізінен әр түрлі түктердің және жеңіл гүл масақша қабыршақтары сияқты басқа да өсінділердің көмегімен жел арқылы таралады.Астық тұқымдасының морфологиялық құрылысы күрделі,осыған байланысты толық қарастырылуы қажет.Барлық астық тұқымдастарының сабақтары көбінесе жер астында,тек кейбіреулерінікі ғана жер бетінде тармақталады.Тармақталу аймағында буындар бір біріне өте жақын орналасады және буындары қойнау бүршіктері  бүйірлік өркендерінің өздерінің тармақталу аймақтары болады.Көп жылдық астық тұқымдастарының тармақталу аймақтарындағы қойнау бүршіктерінен жер бетіне горизонталь бағытта өсетін ұзын ,жер асты өркендер дамиды.Бұл тамырсабақты астық тұқымдастары деп атайды(жатаған бидайық,қылтанақсыз арпабас және т.б.Тамырсабақтарында бастапқы ақшыл немесе қоңырқай түсті қабыршақтар түріндегі жапырақ қынаптары болғанымен,кейіннен олар түсіп қалады.

Тамысабақтың барлық буындарында  дерлік қосалқы тамырлар түзіледі.Алғашқы  тармақталу аймағынан біраз қашықтықта тамырсабақтың ұшы жоғары қарай  иіліп,жаңа жер үсті өркенін береді.Бұл өркеннің жер астындағы бөлігінде жаңадан тармақталу аймағы қалыптасады,жаңа тамырсабақ түзіледі.Жаңа тармақталу аймақтары мен тамырсабақтардың түзілуі осылайша жалғаса береді.

Астық тұқымдастары тамырсабақтары арқылы,әсіресе борпылдақ  топырақты  жерлерде вегетативтік жолмен өте аз көбейеді.Құмды және ылғалды жерлерде өсетін астық тұқымдастары жерге  төселіп өсетін ұзын өркендері арқылы да вегетативтік жолмен көбейе алады.Бұл  өркендер столондар,немесе атпалар  деп атайды.Столондардың   тамырлаған кейбір буындарынан тік өсетін сабақтар дамиды(карашағыр,кәдімгі қоңырбас,кейде  қамыс және т.б).


(1-сурет)Түптеніп өсетін астық тұқымдастарының барлық жер үсті өркендері бір біріне жақын орналасады.Бұл жағдайда горизонталь

ды ұзын тамырсабақтар  түзілмейді,ал тармақталу аймағында  пайда болған жер асты өркендері  бірден қиғаштаныпжоғары қарай өседі  немесе алдымен горизанталь бағытта  өсіп,аналық өсімдікке өте жақын  орналасқан жаңа түптер түзіледі.Егер бүйірлік өркендер алғашқы беттен ақ аналық сабаққа параллель дерлік вертикальбағытта өте жақын өсетін болса,тығыз түптер пайда болады.Мұндай өсімдіктер тығыз түпті астық тұқымдастары деп аталады.Егер пайда болған түптер бір біріне алыстау орналасса,селдір түптер түзіледі,ол өсімдіктер селдір түпті астық тұқымдастары деп аталады. (мысалы,шалғындық атқонақ,кәдімгі  тарғақ шөп шалғындық бетеге және т.б)(1-сурет)  

Тармақталу аймағында  пайда болатын жаңа өркендер сабақ  пен жапырақ қынабының аралығында орналасқан қойнау бүршіктерінен дамиды.Бұл  өркендер қынапты тесіп шығып,қынаптан тыс немесе экстравагинальды өркендер түзеді,қынаптың ішінде интрабагинальды  өркендер дамып,аналық сабақтың жанынан  өсіп шығады.Екінші жағдайда өте тығыз  түптер құрай алады.Астық тұқымдастарының монокарпиалық өркендері бір,екі немесе бірнеше жыл тіршілік етеді.Бірақ барлық өркендердің гүлденуі шарт емес,яғни өркендердің бір бөлігі гүлдегенге дейін тіршілігін жояды.Әрбір өркеннің жер бетіндегі бөлігі түгелдей қурап,жер асты жер бетіне жақын бөліктері ғана сақталады.Астық тұқымдастары тек тармақталу аймағында ғана бұтақтанып қоймай,бүйірлік бұтақтар жер  асты,тіпті жер үсті сабақтарының кез келген бөліктерінде түзілуі мүмкін.Сабақтары бұтақтанатын өсімдіктерге мысал ретінде қамысты,айрауықтың кейбір түрлерін,бидайды және басқа да біраз түрлерді атауға болады.Бұтақтану нәтижесінде астық тұқымдастарының синтездік қабілеттілігі артады және ассимиляциялық органдары жыл сайын жаңарып отырады.Толық даму циклін өткен сабақтар гүлдеу барысында,яғни гүлшоғырларының қалыптасу кезінде де бұтақтанады.Бұл бұтақтанудың биологиялық маңызы бір сабақта неғұрлым саны көп масақтар мен гүлдерді жинақтау және оларды тозаңдауға,таралуға ыңғайлы етіп орналастыру болып табылады.

Астық тұқымдастарына бүкіл  жер шарында кеңінен таралған 700-ден астам туыстарға топтастырылатын  он мыңға жуық түрлер жатады.Саванналар,далалар (прелиялар,пампалар,пушталар),шалғындықтар сияқты кең алқаптарда түр құрамы тұрақты,өте үлкен өсімдік құрамы құрайды.Ал түрлерінің басым көпшілігі  тропиктік аймақтарда шоғырланған.Қазақстанның территориясында астық тұқымдасының 83 туысына жататын 418түрі өседі.Өкілдері көптеген өсімдіктер бірлестіктерінің доминанттары.Экономикалық   тұрғыдан астық тұқымдастары барлық өсімдіктердің  ішіндегі ең маңыздылары болып табылады.

  Бүкіл дүниежүзілік  егін шаруашылығында егістік  көлемі және алынатын өнәм  мөлшері бойынша астық дақылдарының  ішінде алғашқы орындары бидай,арпа,күріш,жүгері,сұлы,тары  және кара бидай алады.Жабайы  астық тұқымдастарының да халық  шаруашылығындағы маңызы өте  зор.Әсіресе далалы аймақтарда  жабайы астық тұқымдастары шабылған  шөптің 70-80 пайызын құрайды. Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы. Майлы өсімдіктер дәнінің құрамында 18-56% шамасында өсімдік майы бар.Май бұршақтың күнжарасы мен майкене қоспаларынан турады.Дүние жүзіндегі майлы өсімдіктердің егіс көлемі 100млн гектар.Өсімдік майы дегеніміз - үш атомды спирт–белок және углевод қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы олиф майының техникалық сапасы құрамындағы қанықпаған қышқылдардың мөлшері иодтық санына қарай өсімдік майлары үш топқа бөлінеді: Тез кебетіндерге – иодтық саны 130-дан жоғары зығыр,бояу кебетіндерге – иодтық саны 85-130 арасындағы тамаққа,кеппейтің майларға – иодтық саны 85 төмен, техникалық шала піскен майлы өсімдіктер тұқымынан алынған май.

 

 

                                                 2. МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР

 

І. Күнбағыс. Халық шаруашылықтық  маңызы. Шығу тегі тараған 
күңбағыстың қазіргі сорттарының дәнінен 50-54% сарғыш, дәмі жақсы, 
отамалы   және     ықтырма     өсімдіктер     ретінде      қолданады.    Астықты дақылдармен салыстырғанда күнбағыс ертеректе оның дәнін тамаққа пайдаланған немесе  түрлі  тағамдарын    күнбағыстың    екпе дақылға айналуы,1829жылы   дүние жүзі   дүние  жүзіндегі    күнбағыс егістігінің көлемі – 9,4 млн  біздің елімізде күнбағыс өсіретін аудандарға РСФСР (Солтүстік  СССР-де күнбағыс 4,35млн гектар жерге себілді, одан майлы 
Ботаникалық сипаттамасы. Күнбағыс күрделі гүлдер тұқымдастарчына жататын бір екпе күнбағыстың өзі өнім алу үшін егілетін (SSR).Екпе күнбағысы төмендегі сыртқы ерекшеліктерімен сипатталады: күнбағыстың тамыры 2,5-4 м терендікке бұтақтанып жан-сүрлемге арналған сорттарының сабағы 4 м, ал майлы күнбағыстың жапырақтары ірі, жүрекке ұқсас, ұш жағы өткір, 
сорттарын да 15-25, кеш пісетіндерінде 25-35 кейде түтікті гүлдерінің шоғырлануы 7-10 күн бойына жүреді. Күнбағысты интенсивті әдіспен өсіруге болады. Күнбағыс үшін қолайлы алғы дақылдарға: күздік, жаздық, бұршақ 
Танап топырағын әзірлегенде арамшөптерді азайтып, топырақ ылғалдылығын мол   күнбағысты отамалы дақылдардан (жүгері, майкене) кейін еске, олардың 
масақты дақылдарды жинағаннан кейін көп жылдық арамшөптері бар 
арамшөптерді жоюдың өте тиымды әдісі – сүдігер айдау.Көктемде топырақтың жетілуіне қарай жырту бағытына.Гербицидтер КПС-4 культиваторына тісті тырмаларды тіркеу арқылы бүркіледі.Сапалы тегістелген, топырағы біркелкі ұсақталған егістіктерде, трефланды қолдану  гербицидтер топыраққа дискілі құралдармен сіңірілген болса, топырақ беті  күнбағысқа өсіруге арналған жерлерде қыста қар тоқтатылады.Тыңайтқыштар сіңіру – күнбағыстан жоғары өнім алудың тұқымды себуге әзірлеу. Себуге іріктелген, жақсы толысқан, 1000 
күнбағыс дақылын мол егетін шаруашылықтар олардың тез тұқым топырақта шірімес үшін, оны күні бұрынтұқым себу. Себілген тұқым арлықтары бірдей болуымен қатар,дымқылды орманды дала және далалық аймақтарда әр 
күнбағыс тұқымың себу қосарланған СПЧ-6МФ агрегатымен немесе СУПН-8 
егістікті күтіп баптау. Тұқымды себумен қатар тез өсіп - өнуіне және келесі 
күнбағыстың өсуі кезіндегі қатар аралығына бір рет қопсыту,егістікте жапырақ жегіш зиянкестер болса, әр гектарға тамырында тұрып тез құрғаған, піскен және кепкен дән күнбағыс өнімің жинау дәнінің кебуіне байланысты, магний хлоратымен күнбағысты жинау құрамында ПСП-1,5 құралымен жабдықталған және тіркемесі егінді жинау 5-6 күннің ішінде бітуі үшін 1-2 бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми – зерттеу олар: ВНИИМК 6540; жетірілген ВНИИМК 8931, Передовик, Смена.Бұлардың барлығы жоғары майлылығымен (46-54%) ерекшеленеді, жұқпалы ауруларға  Армавирец – Армавир тірек пунктінде ВНИИМК – жекелеп передовик улучшенный - - ВНИИМК-да ұзақ уақыт сурыптау.Тұқымы майлы, қатты қабықты, қоңыралы, аздап сопақтау. Дәні 
сорт мол өнімді. Тіпті қуаншылық жағдайлардың өзінде ВНИИМК 8931 улучшенный. Бұл сортты жергілікті күнбағыстан алынған сорт ерте піседі. Пісу мерзімі 90-95 күн.

І.ІІ.Майкене  тұқымының  құрамында улы алколоид рицинин болады. Суықтай кей жағдайларда майкене әсемдік үшін де өсіріледі. Жабайы 
Оңтүстік Америкада, Қытай, Үндістан және басқа елдерде өсіріледі.Майкенені египеттіктер, римдіктер, гректер, арабтар екпе дақыл ретінде біздің еліміздегі майкененің егіс көлемі 200 мың гектар Украина және Солтүсіік Кавказдағы орташа өнімі гектарынан 20. Майкене — кәдімгі күнбағыс сүттіген (Euphordiaceae)  Майкененің тамыр жүйесі 1,5.Сабағы жұқа, балауызды, жалаңаш, іші қуыс, бұтақты, биіктігі жапырағы ұзын сабақты, 7-9 ойықты, ірі, шеттері өткір.Майкененің жемісі үш ұялы сырты тікенекті немесе тікенексіз 
ауыспалы егістегі орны. Майкене топықақтан коректік заттарды көп алатындықтан,органикалық тұқымды себу. Егіс танабын күту. Егістіктегі арамшөпті майкене жер бетіме бұдан соңғы күту жұмыстары 6-8 см тереңдікте 1-2 егінді жинау.Майкене қауашақтарының пісуін тездету үшін олардың сабағы тікелей жинауды жарылып ашылмайтын майкене сорттарына байланысты. 
       I.III.Майбұршақ.Халық шаруашылығындағы маңызы. Майбұршақ (соя) өте бағалы дақылдар майбұршақ түқымындағы сіңімді протеин арпа дәніне қарағанда 3,6 майбұршақтың иодтық көрсеткіші 107—137, жай кебетін майы сүзілгеннен майбұршақтан лецигин, желатин және кондитер тағамдары жасалады. Ұсақталғаң шала піскен майбұршақ дәні түрлі консерві, тұздықтар әзірлеуге,майбұршақ күнжарасында белок 47%, ұнында -40%. Майбұршақгы көктей ылғалдылығы жеткілікті аудандарда майбұршақ жапырағы жоғары сортты дәнді бұршақтарға жататын майбұршақ топырақ азотын да көбейтеді. 
Отамалы дақыл ретінде майбұршақ кең тараған майбұршақтың күшті тамыр жүйесі топырақтың физикалық   майбұршақың КСРО-де және басқа елдерде таралуы.Майбұршақтың шыққан майбұршақ дүние жүзінде 44 млн гектар жерге себіледі.Оны  біздің еліміздегі майбұршақ егістігінің көлемі 1млн гектар 
ботаникалық ерекшеліктері. Майбұршақ (Glycine hispida) бір жылдық шөп 
дәндерінің көлемі мен түсі әр түрлі, бұршақтың ішінде.Алғы дақылға өте талғампаз, майбұршақты көң төгілгенКөп жылдық арамшөптері бар жерлерде, күзде 2,4 Д.Жүгеріден босаған егістік жерді қарама-қарсы бағытта 27—40 
майбұршақтың 1-3 күрделі жапырағы пайда болғанда әр гектарға. 
Гербицидтерді дұрыс пайдаланғанда майбұршақ егістігінде суармалы және ауыр топырақты жерде, топырақтың су, ауа көктемде жауын-шашын аз болып, топырақтың жоғарғы қабаты кебеді. Гибридная 670. Қазақ егін  Скынтея Молдавия екпе дақылдары ғылыми-зерттеу институтында, канитал  қысқаша гүл сабағы бар,ақ түсті гүлдері 4—5.Жаздық және күздік рапс халық шаруашылықтық маңызы. Биологиялық ерекшеліктері  бөлінген жаңқашақ, бұршақ сияқты қос қабықты. Жемісінде орналасқан май беретін шаршы гүлділер өсімдіктерінің ішінде рапс тұқымы иодтық саны 94 — 112 болатын рапс майының соңғы жылдары рапсқа көңіл кап бөлінуде, себебі ол егіс аралық дақыл ретінде себілген рапс ерте көктемде рапс көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл. Егіс аралық Рапстың шыққан отаны Жер Орта теңізі елдері. Бұдан жаздық рапс Азияда кеңінен тараған дақыл. Үнді елінде күздік рапс — күзде себілгенде ғана май алынатынСолтүстік Қавказ, Молдавия, Белоруссияның батыс облыстары және Балтық күздік және жаздық рапс та ұзақ күнді сүйетін барлық майлы дақылдардың ішінде рапстың топыраққа талғамы күшті.

І. VІ.Көкшіл сұр қышаның тұқымында 34-47% (йодтық саны 92—119) 
қышаның, күнжарасы асханалық тағам жасауға, қыздырғыш қыша әзірлеуге, 
көкшіл сұр немесе сарептік қыша (Brassica juncea) шаршы 
негізінен Кіші Азияда, Үндістанда, Египетте, сол сияқты Батыс  Көкшіл сұр қыша күннің ұзақтығын сүйетін өсімдік болған.Агротехеикалық ерекшеліктері. Қыша көктері өте баяу өсетіндіктен, егістікті топыраққа талғамы аз болғанына қарамастан, қоса берілген органикалық көкшіл сұр қышаны жаппай немесе кең қатарлы етіп,егістікті күтіп-баптау - көктеген қышаны жеңіл тырмамен 
көкшіл сұр қыша піскенде жемісі мен сабағы сарғайып, шабылған сабақтар дестеде жатып кептіріледі де, қурап кетпеуі іріктеліп, тазартылған көкшіл сұр қыша тұқымының сақталу ылғалдылығы.

І.V.Аққыша – (Sinapis Жерорта теңізі елдерінде ақ қыша алғашқы рет екпе 
көкшіл сұр қышаға қарағанда суыққа төзімді, құрғақшылыққа шыдамсыз.Ерте себілген ақ қыша құрғақшылықтан және бүрге зиян.Қыша сорттары: Неосыпающаяся 2. Бұл сортты Бүкілодақтық төрт қайтара жекелеп іріктеу әдісімен Волгоград облыстық түбі жинақы, төменгі бұтағы жерден 27-37 см жоғары биік өсімдік, 75-130 см дейін жетеді. Сорт орташа сорттын майлылығы жоғары, тұқымның майлылығы 45,4-47,1℅. Піскенде бұршағы Сталинградская. Бұл сортты жергілікті популяциядан бірнеше рет жекелеп дәні тез піседі, көктеп шыққаннан піскенге дейін бұл сорт Орал, Ақтөбе облыстарында егіледі. Қорыта келгенде Майлы өсімдіктер дәнінің құрамында 18-56℅ шамасында 
елімізде май алатын негізгі дақыл күнбағыс барлық дақыл 
белок және углевод қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз.

Көптеген жабайы астық  тұқымдастарының масақша осьтері,масақша  қабыршағынан жоғары орналасқан төменгі  гүл қабыршақтарының аралықтарында  сынады.Сөйтіп,төменгі және жоғарғы гүл қабыршақтарымен коршалған дәндері шашылады,сирек жағдайларда масақшалар бүтін күйінде түсіп қалады.Сұрыптау нәтижесінде пайда болған астық дақылдарының дәндерінің гүл қабыршақтарынсыз,жалаңаш күйінде бөлінуі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 БИДАЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ РӨЛІ

 

( 2- сурет )

 

     Бидай(2-сурет) — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай — негізгі азық-түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады. [2]Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.

Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу