Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
М а з м ұ н ы
I Кіріспе.......................
II Негізгі бөлім
2.1 Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті құру ..............................
2.2 Жауапкершілігі шектеулі
2.3 Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің мүлкі.
2.4 Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті
2.5 Жауапкершілігі шектеулі
III Қорытынды бөлім...............
IV Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді..
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше "қосымша жауапкершілігі бар серіктестік" деген сөздер немесе "ҚЖС" деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады.
Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.
Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Жауапкершілігі шектеулі
Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды.
Жауапкершілігі шектеулі
Мекемелер,
егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен
жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі
1)
осы Заңда және серіктестік
жарғысында көзделген
2)
серіктестік жарғысында
3)
серіктестік қызметінен осы
4)
серіктестік таратылған
5)
осы Заңда көзделген тәртіппен
өз үлесін бөліп алу арқылы
серіктестікке қатысуын
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Сонымен қоса жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың осы Заңда және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікті құру
оның құрылтайшыларының
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін:
1) бір жыл
ішінде, ал егер құрылтай шартында
басқа мерзім белгіленсе, осы
мерзім ішінде, құрылтай шарты
жасалған күннен бастап
2) серіктестікті
мемлекеттік тіркеуден бас
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін. Бұл жағдайда:
1) жарғылық
капиталды қалыптастыру үшін
ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның
ішінде санаткерлік қызмет
2) осы Заңның
негізінде жасалған
3.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті
құру тәртібі; оның құрылуына
байланысты құрылтайшылардың
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің
жарғылық капиталына әрбір
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты да көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді. Мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиістеледі. Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. Сонымен қоса құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
Құрылтай шартын жасау тәртібі мен оның нысаны
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді және шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды және шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетіледі. Құрылтай шарты нотариат куәландырылады.
Серіктестіктің қатысушылары болып құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар -серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң табылады.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады. Мемлекеттік тіркеу кезінде серіктестіктің жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1)серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2)серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3)серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4)серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5)серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6)серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi ;
7)серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8)серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де, серіктестік қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітеді және оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды. Серіктестіктің бұл жарғысын нотариатпен куәландырылуы тиіс.
Серіктестіктің нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады.
Барлық мүдделі адамдар серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы болып келеді. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Серіктестік жарғысының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндеттеледі. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сәйкес өзгерістер енгізуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
Серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган серіктестік жарғысының өзгертілгені туралы хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мән-жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы болып келеді.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады және ол мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мәліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар мынадай іс-әрекеттер жасауы тиіс:
1) құрылтайшылар
серіктестік құруға уәкілеттік
берген адам қол қойған
2) серіктестіктің жарғысын (ЖШС туралы Заңның 17-бабы);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етуге тиіс.
Серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттiк тіркеу үшiн:
1) қайта құру
туралы шешiм қабылдаған
2) серiктестiктiң жарғысы;
3) қайта құру
туралы шешiм қабылдаған
Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда(ЖШС туралы заңның17-бабының 6-тармағы) серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:
1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;
2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі;
4) серіктестіктің
өз қызметін Үлгі жарғы
Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс және олардың қойған қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек. Осы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның серіктестік құрылтайшыларынан өзге құжаттар табыс етуді талап етуге құқығы жоқ.
Жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) серіктестік
жарғысының мазмұны заң
2) құрылтайшылар
ЖШС туралы Заңның 19-бабының 4 және
4-1-тармақтарында көрсетілген
3) серіктестік
құрылтайшылары серіктестікті
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру орынсыз деген себептермен оны мемлекеттік тіркеуден бас тартуға,сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтаруға оның құрылтайшылары сот тәртібімен шағым жасай алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары серіктестікті құруға байланысты және оны мемлекеттік тіркеуге дейін пайда болған міндеттемелер бойынша, егер бұл орайда құрылтайшылардың серіктестік мүдделері үшін әрекет еткені дәлелденсе, ортақ жауапкершілікте болады. Аталған адамдардың әрекеттері серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында кейіннен мақұлданған жағдайда серіктестік мұндай міндеттемелер бойынша жауап береді.
2.2 Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылып,ол жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.
Салымдар жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны айлық жиырма мың есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растайды.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады.
Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке пайдалануға берілген мүліктің кездейсоқ құрып кету немесе зақымдану қаупі мүлік иесіне жүктеледі.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, әрбір қатысушы салымының жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе проценттермен көрсетілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.
Құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Серіктестіктің жарғылық
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 процентін, алайда жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндеттеледі
Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.
Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиісті.
Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353 бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеледі.
Қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша ЖШС туралы Заңның 31 бабының 1 тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін.
Салымның енгізілмеген бөлігін заңмен белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады және соған сәйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі.
Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куәландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы тиіс.
Өз үлесін толық енгізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы серіктестіктен өзінің серіктестікке қатысуын куәландыратын куәлік алуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрғанға дейін ақша енгізу арқылы оның жарғылық капиталын төлеу үшін серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында жинақтау шотына тиісті қаражат аудару үшін банкте өз атына осындай шот ашуға тиіс құрылтайшылардың бірін көрсетуі мүмкін.
Серіктестік құрылып, ол банкте өз шотын ашқаннан кейін атына жинақтау шоты ашылған құрылтайшы осы шоттан серіктестік шотына ақша аударуды 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асыруға міндетті. Құрылтайшы ақша аудару жөніндегі міндетін уақтылы орындамаған жағдайда ол серіктестікке, егер құрылтайшылар осылай кешіктірудің өзге зардаптарын белгілемесе, жинақтау шотында ұсталып қалған сомадан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 353 бабында белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттеледі.
Егер жауапкершілігі шектелуі серіктестіктің жарғысында оның құрылтайшылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлік енгізуі көзделсе, серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі және кейінгі кезеңге сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс құрылтайшының біреуін немесе үшінші жақты көрсете алады.
Сенімгерлік басқару туралы шартта:
1) сенімгер
басқарушының барлық
2)
жауапкершілігі шектеулі
Жауапкершілігі шектеулі
Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес), егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады.
Үлес мөлшері ЖШС туралы Заңның 23 бабының 6 тармағында көзделген тәртіппен белгіленеді. Қатысушылардың тым болмағанда біреуінің жарғылық капиталдағы үлесінің қандай да бір өзгеруі (ұлғаюы немесе азаюы) серіктестікке барлық қатысушылар үлестерінің мөлшерін тиісті түрде қайта есептеуге әкеп соғады.
Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына әкеп соғады. Осы Заңда белгіленген тәртіппен үлес сатып алу үлесті сатып алушының серіктестік қатысушыларының құрамына кіргендігін білдіреді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушы үлесіне құқық заттық емес, міндеттемелік сипатта болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының серіктестік мүлкіндегі өз үлесіне билік етуі
Қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкіндегі үлесі салым төленіп қойылған бөлігінде ғана салым толық төленгенге дейін иеліктен алынуы немесе кепілге берілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы өз қалауы бойынша сол серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына серіктестік мүлкіндегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін сатуға немесе басқа жолмен беруге, сол сияқты серіктестікке қатысушы серіктестіктің басқа қатысушысы алдындағы өз міндеттемесін қамтамасыз ету үшін үлесін кепілге беруге құқылы. Бұл мәмілелерді жасауға серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді.Алайда, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында ЖШС туралы Заңның 28 бабының 3-тармағында аталған шарттар көзделсе,үлесті беру кезінде бұл шарттар сақталуға тиісті болады.

- Жаһандқ эколгиялық проблема
- Және, шектік күй есептеу
- Жәрдемақылар – әлеуметтік қамсыздандырудың бір құралы ретінде
- ЖБК
- ЖБК. Расчет колонны
- Жевательная резинка
- Жезқазған өңірінің астық тұқымдастырдың табиғат пен адам өміріне маңызын зерттеу
- Жастар саясатының негізгі бағыттары
- Жастар саясаты туралы
- Жасыл даму бағдарламасы
- Жасыл экономика мәні және оның принциптері
- Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
- Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершлігі бар серіктестіктер туралы
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы