Жастар саясаты туралы
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР
САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ
- Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2)
жастарға көмек беру және
3) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады.
Қазақсатн Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:
1)
ерекше әлеуметтік –
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығына назар аудару;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7)
жастардың құқықтары мен
8) жастар мәселелерін шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
9) Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы принціпіне негізделеді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі
мен олардың жұмыспен қамтылуы
саласындағы кепілдіктерді
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4) жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
5) жастардың тегін
орта білім алуына
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан – жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерінің
мүгедек және тәрбиелеуші
8) жастардың патриоттық
және азаматтық тұрғыда
9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
13) дарынды жастарды мемлекеттік қолдау;
14)
жастар саясатын жүзеге асыру
жөніндегі уәкілетті
15)
жастардың ынтымақтастығына жәрдемдесу
болып табылады.
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы
Жастар
Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік жастар саясатының
іске асыру жөнінде жастардың,
жастар ұйымдарының
Егер аталған
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс – қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен таратуға құқылы.
Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс – шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультатциялық – кеңесші органдардың құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық – кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын – Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы Республикалық Қазақстан жастар форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық кеңесші органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.
Жалпы республикалық Қазақстан
жастар форумы өз құзыреті шегінде
жастарға үндеу қабылдай алады. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жастар саясатын
қалыптастыру және іске асыру туралы ұсынымдар
әзірлей алады.
- Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
1) психологиялық – педагогикалық, медициналық - әлеуметтік заңды көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
2)
өздерінің тәни кемістіктеріне
байланысты ерекше қолайсыз
3) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
4)
мінез – құлқы девиантты
5)
жастар арасындағы бас
7)
құқықтық насихат, жастардың
8)
жастардың тұрғылықты жері
9)
жастардың жұмысқа орналасуына
және жұмыспен қамтылуына
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.
Жастарға арналған инфрақұрылым.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немес органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс – шараларды көздейді.
Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдалануы мүмкін.
Егер туындаған мән – жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
Мемлекеттік органдар
Жастарға арналған мемлекеттің
меншігіндегі әлеуметтік
- ЖАСТАР- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ
- Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы
Жастар – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның демографиялық – әлеуметтік тобы.
Бұл анықтама кейінгі уақытта қалыптасқан. Себебі, бұрынғы уақытта қоғам жастарды әлеуметтік топ деп қарастырмаған.
Кейбір кезде жастар деп 14 – 30 жас аралығындағы адамдарды айтады. Ал, ЮНЕСКО жастар деп 14 – 25 жас аралығындағы азаматтарды айтады.
Жастық шақты жеке тұлғаның дамуының белгілі бір стадиясы ретінде қарастырып, осы жастағы адамға тән әлеуметтік – психололгиялық, физиологиялық ерекшеліктерге негізделген жеке бастық процестарге назар аударған жөн. Ал жастарды зерттеу барысында, оларды әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қарастырып, оның санасы мен іс – әрекетіне мән беріледі.
Қазір қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер бүгінгі жастардың тұрмысына, жағдайына, дамуына қарама – қайшылық әсерін тигізіп отыр.
Еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге байланысты жастар ортасында дифференциялану процесі белсенді түрде жүруде. Соның нәтижесінен әлеуметтік құрылымда жеке кәсіпкерлердің, банкирлердің, сондай – ақ қайыршы, қаңғыбас кезбелердің жаңа топтары пайда бола бастады. Ғылыми техникалық революцияның дамуы көптеген мамандықтарды ескіртіп, жаңа дағдыларға, жаңа мамандықтарға үйрену қажеттілігін туғызды.
Сондай-ақ жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге болады. Мысалы, қазіргі өтпелі кезеңде білім экономиканың бір саласына айналып кетті. Мұнда негізгі рөлді білімді қазіргі кездегі тәжірибеге сай қолдану атқарады Ал, жаңа ғылыми білімді белсенді қолданушылардың көбі – жастар
Осы заманғы жастар кейбір ерекшеліктермен сипатталады:
- жастар бұрынғы заманға қарағанда қазір білімдірек;
- жаңа мамандықты игерген;
- өмірдің жаңа бейнесіне талпынады;
- әлеуметтік өсімтал;
- құндылықтарды, қажетттіліктерді, адамгершілік нормаларды жоғары бағалайды.
Әлеуметтік жұмыс позициясы жағынан жастардың әлеуметтік – демографиялық топ ретіндегі жалпы социологиялық ерекшеліктерін айқындаған жөн.
1. Жастар балалық шақ пен ересек өмірдің арасында бейтарап күйде, яғни өтпелі кезеңде тұрып өз өмірінде маңызды этаптан өтеді. Ол отбасын құру немесе отбасын құрмау социологиясы. Жастардың өзінің ішінде түрлі бөлінулер болады:
а)жас ерекшелік (жасөспірім, бозбала, жас жігіт)
б) статустық (жас жұмысшы, жұмыссыз, студент)
- жастар ұрпақ ретінде бұрынғы ұрпақпен қарым–қатынаста болады.
Жастардың әлеуметтік топ болып қалыптасуы, түрлі этаптардан өтетін процесс болып табылады. Бұл этаптарда жас адамдардың әлеуметтік дамуындағы өзгерістер және қоғамның жастарға қоятын талаптарының алмасулары айқындалады.
Жастардың мәндік қалыптасу процесі 3 этаптан өтеді.
1 – этапта жастар қоғамдық жерлердің объектісі ретінде
2 – этапта жас адамның қоғамдық қатынастарды жүргізуші және өндірістік күштердің элементі болған сәттен басталады. Тәжірибеде бұл жастардың қоғамдық ықпалдарының объектісі бола тұрып тарихи процестің субъектісі ретінде қалыптаса бастағанын көрсетеді.
3 – этапта жастардың өндірістік күштің элементі болып және қоғамдық қарым – қатынастарды бойына игеру процесінің жемісті аяқталғаны байқалады.
Өз мемлекетімізде мемлекеттік жастар саясатының концепциясы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды» өңдеу барысында 1988 – 1999 жылдарда қалыптасты. Бұл концепцияда жастардың негізгі құқықтары ғана емес, ең алдымен жас азаматтарды арнайы шараларды қолдану жолымен көмек көрсетудегі мемлекеттің міндеттері көрсетілген.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың әрекеттері мынадай негізгі принциптерге негізделген:
- жастарды маңызды мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға қатыстыру.
- Адам бостандығымен, жастардың арнайы қызығушылықтарымен санасу.
- Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларды орнату және жастардың қабілеттерін оқуда, еңбекте, қоғамдық әрекетте көрсету алуларына мүмкіндік беру, оларды кәсіби даярлау
- Мемлекет тарапынан жастар ұйымдарының ісіне қолдау көрсету.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты болып: жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік беру, жастардың жеке кәсіпкерлікпен және өзіндік жұмыстармен шұғылдануына мемлекет көмек көрсету, жастарға құқықтық білім мен патриотттық тәрбие беру, жастар ұйымы ісінің кеңесіне ықпал ету, жастарды әлемдік және ұлтттық мәдениеттің құндылықтарына тарту, салауатты өмірдің бейнесін жүргізуге және спорт түрлерін дамыту болып табылады.
Ал Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңында жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік берілген. Бұл кепілдіктер жастардың кредит алуына, баспанаға ие болуына, жеке шаруашылықтар жүргізуге нақты жеңілдіктерге құқық береді. Сондай – ақ, жастар оқуы, тәрбиеленуі, рухани және физиологиялық дамуы үшін әлеуметтік қызметтерді қабылдауға кепілденген; жоғары және орта оқу орындарында, материалдық көмекке зәру студенттерге әлеуметтік көмек қорынан материалдық көмек көрсетіледі; жас отбасыларында сәби дүниеге келген кезде процентсіз банктік 10 жылға қаражат беріледі; студент жастарға, әскер қатарында жүрген жастарға мәдени – ағарту және театралдық шараларға қатысу билетінің құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.
Ал 1999 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға бірдей адам құқықтары Декларацияның өзекті идеялары мен қағидаларына, Бас Ассамблеясының жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс – қимыл бағдарламасы 50\81 қатарына сәйкес құқықтары туралы Концепцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына және ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» - атты жолдауына сүйенген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына көптеген өзгерістер енгізіліп, талқыланып өмірге келді.
Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдылықтарын анықтауды мұрат етті. Осы тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруды мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін. Осы тұжырымдаманы іске асыруда мемлекет өзіне мынадай талаптар қойды: мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жолмен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым – қатынастарды реттейтін Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.
Жаңа өмір талабына сай негізделген тәуелсіз Қазақстан Республикасының жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту. Ал осы қойған мақсаттарға жету үшін жастар саясаты мынадай негізгі басымдықтарды жұмыс істейді:
- Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
- Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
- Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
- Жастардың дене тәрбиесін, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
- Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
- Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
Сөйтіп, мемлекеттік жастар саясаты – жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, өркендеу мен жаңашылдық нақты әрі тиімді іс – қимыл, жалпыға ортақ – барлық жастардың жынысына, ұлтына. әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту, жастардың әреуметік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды тікелей қорғау және қолдану сияқты принциптерге сүйене отырып мынадай негізгі басты бағыттарды қарастырады:
- Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
- Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
- Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
- Жас таланттарды қолдау және шыңдау.
- Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
- Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Осының ішінде әлеуметік қызметкердің мемлекеттік жастар саясатының бір бағытының негізінде қазіргі өтпелі кезең жағдайында жастар мен жұмыс істеу бағыты – жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу. Бұл мәселе әлеуметтік қызметкердің жастарға әлеуметтік қызмет көрсетуі балаларға, жастарға жұмысқа тұру денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында ,мектепте, ұжымда бір–бірімен қарым–қатынас мәселелерін шешу өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімдеу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуына жәрдем беретін мекемелер жүйесі санатындағы жастырға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетуге, мүгедек жастарға, борышын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманияда, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Себебі, бүгінгі таңда жастарды өтпелі кезеңге сай әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың барлық категориясына соның ішінде еңбекке қабілетті бөлігіне де тән және әлеуметтік саясат облысында кең қолданылатын ұғым болып табылады. Әлеуметтік қорғау – халыққа құқықтық, экономикалық. әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық кепілдіктер беру, еңбекке қабілетті азаматтарға жеке кәсіпкершілікпен айналысуы үшін, экономикалық тәуелсіз болуы үшін, тұрмыс деңгейін жақсартуы үшін өз еңбегінің қорының есебінен жағдай туғызу функцияларын орындайды. Сондай – ақ мемлекет жастар, бала, әйелдер сияқты әлеуметтік демографиялық топтарға заңда кепілдіктер жүйесін бекіткен.
Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі территориалды экономикалық белгілеріне қарай 3 деңгейге бөлінеді:
- жалпы мемлекеттік
- аймақтық
- бастапқы шаруашылық звеносы
Республикалық деңгейде әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, бақылау қоғамның барлық мұшелеріне көрсетіледі. Ал аймақтық деңгейде әлеуметтік қорғау жүйесі аймақтық мәдени - әлеуметтік, демографиялық ерекшеліктерді еске ала отырып жүргізілсе, бастапқы шаруашылық звеносы деңгейінде әлеуметтік қорғау азамат жұмыс істейтін мекеме орны қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер беруі арқылы жүзеге асады.
Жастарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұйесі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі, қоғамның әлеуметтік қорғау жүйесінің элементі болып табылады.
Жастарды әлеуметтік қорғау жүйесі – жас адамның маңызды әлеуметтік құқықтарын сақтауға, құқықтық, экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүтіндей жастардың әлеуметік қорғалуы 4 бағытта қарастырылады:
1 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау.
Бұл кезде жеке тұлға баяу, біртін – біртін критикалық деңгей арқылы дамитынын естен шыармаған жөн. Себебі, осы өтпелі кезеңде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның бойында сенімсіздік және сыртқы әсерлерге сезімталдық басым болады.
Сондықтан да жеке тұлғаның даму процесін әлеуметтік қорғау дамудың әрбір этапында жағдай туғызуға бағытталған.
2 – бағыт: жас адамның жеке тұлға ретінде даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау.
Бұл бағыт шеңберінде қоршаған ортаның экологиялық элементтерінен бастап әлеуметтік, экономикалық адамгершілік мәселелеріне дейін назар аударылады.
3 – бағыт: жастардың құқығын қорғау.
Мемлекеттік институттардың әрекетінің бұл бағыты жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесі және оған әсер ететін ортаны реттеу сондай – ақ құқықпен қамтамасыз етуге бағытталған.
4 – бағыт: жастарды мақсатты түрде әлеуметтік қорғау.
Осы бағыт шеңберінде 2 ерекшелікті қарастыра кеткен жөн:
- Мақсатты көмек нақты міндеттерді шешу үшін жастармен жұмыс істейтін әлеуметтік институттар мен ұйымдарға, жастарға, жас отбасыларына көмек.
- Кедейшілікте өмір сүріп жатқан, біреудің көмегіне зәру жастарға тұрақты көмек.
Міне
осы бағыт бүгінгі таңда
Жастарды әлеуметтік қорғаудың түрлі мемлекеттік мекемелер бар. Жастарды еңбекке орналастыру, бос уақытын ұйымдастыруға, жәрдем ақы алуға көмектесу шаралары қолданады. Бұл жастарды ұйымдастыру үшін жастар қызметі бар. Себебі қоғамның белсенді бөлігінің барысында индивидуалды әлеуметтік жұмысты қажет ететін қабат және топ күннен – күнге өсуі алаңдатуда. Жастармен әлеуметтік жұмыстың жүргізілуіне сан қилы қиындықтар қатарына материалдық ресурстардың шектеулігі, мәдени - әлеуметтік тұрмыстың күшті сферасының құлдырауы қосылды.

- Жасыл даму бағдарламасы
- Жасыл экономика мәні және оның принциптері
- Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
- Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершлігі бар серіктестіктер туралы
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
- Жаһандқ эколгиялық проблема
- Жастардың арасындағы лидерлік
- Жастардың әлеуметтік сипаты
- Жастардың киіну мәдениеті
- Жастардың құқық бұзушылыққа бейімі
- Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
- Жастар ортасындағы лидерлік
- Жастар саясатының негізгі бағыттары