Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Жоспар:
- Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.
Жастар дегеніміз бұл өздерінің жас ерекшеліктерімен және де қоғамда өздерінің ерекше статустарымен әлеуметтік топ болып саналады. Әр кезеңнің жастары өз кезінде өзіндік мәдениетпен ерекшеленеді. Жастар ескі әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерді жоққа шығарады.
В.Т.Лисовский ең алғаш рет 1968 жылы «жастар» түсінігіне анықтама берген:«это поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих образование, профессиональные, культурные и другие социальные функции». Игорь Кон жастар мінез-құлықтар жиынтығымен, әлеуметтік құрылымымен және әлеуметтік-психологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін әлеуметтік-демографиялық топқа жатқызған. Игорь Кон жастар түсінігіне төмендегі анықтама беріп кеткен болатын:
«Молодость как определённая фаза, этап жизненного цикла биологически универсальна, но её конкретные возрастные рамки, связанный с ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют социально-историческую природу и зависят от общественного строя, культуры и свойственных данному обществу закономерностей социализации».[9]
В.Т.Лисовскийдің айтуынша, жастардың әлеуметтік проблемаларының жіктелімін әр түрлі негіздемелер бойынша жүргізуге болады: аумақтық белгі бойынша индустриялы елдерге тән жастар проблемаларын атауға болады: жеке өңірлерге (аймақтарға) тән проблемалар, жеке алынған елге тән проблемалар; уақыттық белгі бойынша «мәңгілік» аталатын проблемаларды қарауға болады, мәселен, ұрпақтардың өзара қатынастары және нақты заман арқылы туындаған проблемалар; жүйелі белгі бойынша осы қоғаммен оның даму деңгейіне тән, халықтың әркелкі топтарына қатысты жастардың жалпы проблемаларын және нақ осы әлеуметтік топқа тән, оның қоғамдағы жағдайы мен рөліне байланысты тікелей жастар проблемаларын зерттеуге болады (Лисовский.,1996).
В.А.Луковтың пікірі бойынша, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресей жастары жөніндегі зерттеулердің негізгі бағыттары революциялық өзгерістердің серпінді жағдайларында өрбитін жаңа үдерістерді мазмұндайды. Жастар жөніндегі зерттеулер жаңа қоғамдық тұрғыда негізгі үш бағыт бойынша жүргізілді.
Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші
бағыт оқушы жастардың
Ең соңғы, үшінші бағыт жастар қозғалысын зерттеумен тікелей байланысты. 1920-жылдарда осы мәселеге әдептен тыс назар аудару байқалады.Ол, әрине кездейсоқ емес. Біріншіден, нақ сол кезде жастар қозғалыстарының бастамалары идеялық-саяси спектірдің әр полюстеріне айқын ұйымдық нысан алады.Жастардың саяси ұйымдары, жастар белсенділігінің басқа да ұйымдасқан түрлері жылдам қарқынмен дами бастады. Жастар ұйымдарының халықаралық деңгейіндегі байланыстары қанат жайып, халықаралық жастар бірлестіктері құрылды. Екіншеден, кеңес тарихының алғашқы кезеңінде жастардың әлеуметтік субьектілігі мүмкіндіктерінің орасан үлкен әлеуітіне ие болды және іске асырудың сан алуан нысандарын туындатты.
Жастар туралы қазіргі білім үшін теориялық және қолданбалы зерттеулердің маңызы зор, осы зерттеулер КСРО-да қоғамдық ғылымдары дамытуға лайық жаңа жағдайлар жасалды.
Жастар проблемтаикасына қатысты қолданбалы зерттеулер 1960-1980-ші жылдары орасан зор үлкен құлаш жайды. Жастар арасында бүкілодақтық, аймақтық (өңірлік), жергілікті
Жастар жеке топқа жатуының негізгі себептеріне; жас айырмашылығы, статусы, рөлдік функциясы жатады. Ежелгі Қытайда жастар болып 20 жасқа дейінгілер жатса, ал Пифагор жастарды 13 жастан 30 жасқа дейінгілерді жатқызған.Бұл жас айырмашылықтарды 3-ке бөліп көрсетуге болады:
1. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
2. 18-24 жас аралығындағы жастар;
3. 24-30 жас аралығындағы ересек жастар:
Жастар – өз ерекшелітері арқылы қарама-қайшылықты және бір мәнді емес әлеуметтік функцияларды атқарады. Сонымен қатар, жастар:
- мемлекеттің және қоғамның дамыған жетістіктерін жалғастырушы
бір жағынан экономикалық инциативасының әлеуметтік мобильдегінің қатушысы болса, екінші жағынан әлеуметтік-cаяси қарым-қатынасқа толық емес қосымша күштер енгізді.
- Әлеуметтің бөлігі ретінде – елдің экономикалық қайта өрлеуінің күші болып табылады.
Қазіргі жастар – бұл «компьютерлік ұрпақ», «виртуалды шындықтың ұрпақтары», алдыңғы мәдени сұраныстары мен құндылықтар шеңбері айырмашылыққа толы.
2005
жылғы жастардың жағдайы
Неміс әлеуметтанушысы Карл Мангейм(1893-1947) жастар, бұл өзіндік жағдайында, көптеген жағдайларда, таза іс әрекеттері мен өзгерістердің нәтижесінде алға жүретін күщ ретінде көрсетеді. Мангеймнің ойынша, жастар әлеуметті өмірдің делдалы қызметін атқарады: бұл қоғамдағы мәртебесінің толыққанды емес қосымша элементіне ие болып табылады.Бұл параметр эмбебап және белгілі орынмен, уақытпен шектелмеген. Мангеймнің ойынша, жастар өз табиғатымен прогресивті емес, консервативті емес, бұл кез келген бастамаға мүмкіндік.
Жастар ересектік және әлеуметтік топ ретінде әрқашан мәдениет құндылықтарын қабылдай отырып,кез келген уақыттарда жастар өз сленгін және өз субмәдениетін керағар түрлерін жасады. Олардың өкілдері болып хиппи,битниктер, стиляктар жатты.
Жастардың әлеуметтік-мәдени ролінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
Кез-келген мемлекет өзінің болашағы жайында терең ойланып, оның барынша жарқын болуын қалайды. Сол елдің болшағының қандай да бір дәрежеде, белгілі бір бағытта болуына қазіргі қазақ жастарының орнына ерекше екендігін ешкім жоққа шығара алмасы шындық. Өйткені қоғам жастар арқылы өзін биологиялық бүтін ретінде ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік бүтін жүйе ретінде сақтай ж»не дами алады.
Жастардың болмысы мәселесін зерртеудің бастау көзін философтардың, мәдениеттанушылардың, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың жеке тұлғаның дамуындағы обьективтік және субьективтік факторлардың рөліне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, мәдениеттің жеке адамға ықпалына талдау жасаудағы теориялық амалды негіздеуге қатысты теориялық пікірталастардан табуға болады. Жастар және олардың әлеуметтік-мәдени болмысы мәселесі әрі қоғамның негізгі сипаты, құрылымдық ілегерлеуі мен өзгеруі контексінде, әрі дифференді қабаты – қоғамның өзіндік бітімге, қабілет қасиеттерге ие, ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.
Жастар – бүкіл қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани дамуының әрі обьектісі, әрі субьектісі. Бұл, бір жағынан, олардың сан жағынан халықтың басым көпшілігін құрайтындығымен, екіншіден, жастардың өршілдік шығармашыл, игемділік, мобилділік, креативті жаңашыл болу қасиеттерімен байланысты болмақ.
Жастар
ұғымының ғылыми категория ретінде
қалыптасып даму жолы оны тәрбиелеудің
әлеуметтік-педагогикалық
Жастар философияда, мәдениетттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және басқа ғылымдарда жиі қолданылатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның анықталу ауқымы өте күрделі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы жастар ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады.
Сондықтан «жастар» ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына жатқызуға келеді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша «жастар» ұғымының қазіргі заманғы шекарасы 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Мәдениет философиясы тұрғысында алғанда «жастар» ұғымы мәдени онтология мен мәдени анторпология жүйесіне енеді. Осы негізге сүйене отырып, жастар ұғымын ғылыми субтанционалдық категория ретінде айту орынды деп есептейміз.
«Жастар - қоғам» жүйесін алатын болсақ, олардың арасындағы онтологиялық тұтастықты байқаймыз. Бір, жағынан, қоғамның өзінің қалыпатсуы мен даму үдерісі болса, бірін екінші жағынан, жастардың субьект ретінде қалыптасып дамуы қоғамның жетілдіру үдерісі болып табылады.
Мәселені, «жастар – мәдениет» концепті тұрғысынан қарастыратын болсақ, бұл жағдайда ол екеуі бірін-бірі толықтырып отыратын бір ғана үдерістің екі жағы десек болады. Мәдениет аясында жастардың жоғары құндылық бағыт-бағдары анықталады, олар өз тарапынан жас тұлғаның әлеуметтік мінез нормасы құрылымы мен кеңістігін анықтайды. Ұлттық мәдени дәстүр мен құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлкететтік даму дәрежесін, ұлттық менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын анықтайды.Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз үшін қызықты мәселе, ол жастардың мәдени тұрғыдағы өзін-өзі іске асыру және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі.
Сондықтан
жастардың материалдық және рухани
тұрғыдан кемел болуы біздің болашағымыздың
беки түсуіне ықпал етеді. Жастардың
рухани тұрғыдан қалыптасуында әлеуметтік-
Әрине, 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастардың құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының мәдениетіне бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылу жас қазақстандықтар үшін алға қойылуда. Сонымен, жастар саясатының ресурсын, мәдениеті мен ғылыми білімін, ұрпақтың саны мен сапасын, оның өмірінің деңгейін анықтайтын бағдарлар, екіншіден, еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық үйлестігін сақтау және дамытуға кедергі болатын теріс салдарды шектеу әрбір мемлекет үшін маңызды мәселе.
Қоғам табиғи, әлеуметтік және мәдени жақтарының өзін жас ұрпақ арқылы қалыптасады. Жастар белгілі бір жүйеде мемлекеттің болашағын құрайды, сондықтан да оның көңіл күйі, тәртібі мен хал-ахуалы қоғамдағы жалпы саяси және әлеуметтік-психологиялық жағдайдың көрсеткіші ретінде танылады. Өзіндік ерекшелігіне қарамастан жастар әлеуметтік топтар мен ұйымдардан тыс өмір сүрмейді, сол себепті де жастар мәселесі қоғамның барлық дәрежелеріне тиесілі анағұрлым кең әрі әлеуметтік-мәдени мәселелерден туындайды. Әлеуметтік-мәдени тұрғыдан болашаққа сенім түсінігін түбегейлі өзгерткен экономикалық және саяси қаиынастардағы өзгерістер жалпыадамзаттық құндылықтарға өту мәселесінің тереңдігі мен өзектілігін айқындайды.
Жастар қандай таңдау жасайды? Олардың әрқайсысы өткендегі адамзат мәдениетінің мұрагері бола отырып, мұндай моральдық, саяси, эстетикалық, басқа құндылықтардың арасында таңдау еркін иеленген.
Қайта құру мен Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы жастарға жаңа жағымды «уақыт қаһарманын» - саяси диссидент, табысты кәсіпкер немесе саяси қайраткер берді. Мемлекет, мектеп, отбасы, саяси көшбасшылар, діни ұйымдар, бейресми қозғалыстар, студенттік және ғылыми қозғалыстар, пікірталас клубтары БАҚ, түрлі мәдениеттер тіпті замандар бір-бірінен айтарлықтай айырмашығы бар құндылықтарды уағыздайды. Мысалы, БАҚ, Интернет, бірсәттілік сюжеттерді дәріптеу арқылы жастардағы экрандық мәдениетті қалыптасытруда, ал оның өзі жастар болмысын құрастыруға себеп болып отыр.
Жастар
арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың
болуы, олардың тәртіпке бағалауға
байланысты мәселелерден әрекет бағыттарынан,
құндылық бағдарларынан көрінетін
трансформациялы үрдістерден
Жастардың
әлеуметтік-мәдени санасындағы аталған
құндылықтың ерекше орын алуы жастардың
базалық құндылықтарында
Әлеуметтік
қажеттілікте негізделген құндылықтардың
таңдалуы көп жағдайда базалық құндылықтарды
олардың қазіргі кездегі және
болашақтағы материалдық
Әлеуметтік қажеттілікке негізделген құндылықтардың таңдалуы көп жағдайда базалық құндылықтарды таңдаумен байланысты болады. Демек қажеттілік әр адамның кез-келген адами болмысының іргетасы мәндік атрибуты, өмір сүру формасы, ішкі интенция. Қажеттілік адамның табиғи құрамдас бөлігі деп айта аламыз. Олай болса қажеттіліктің өзі құндылық.Ал құндылық аксиологиялық категория ретінде жалпы адамның сыртқы әлемге қатынасын анықтайды және үлгі дәрежесінде әрі мінез қағидасы мәртебесінде өмір сүреді(22,32) – дейтін Г.Қ. Әбдіғалиеваның аксиологиялық көзқарастарымен келісеміз. Жастардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарды білім алу басымдылығымен, болашаққа деген сеніммен жақсы достар және қоғамдағы беделмен анықталады.
Дегенмен
тек қана білім алу өздігінен
жастар санасында тек мол табыс
және әлеуметтік игілік кепілі бола алмайды.
Қазіргі кезде білім алу
Өмірлік маңызды құндылықтардың қазіргі басым болуы индивидтің қоғамдағы өмір сүру талаптарымен қазіргі кездегі өзекті немесе танымал болып табылатын ерекшелңһіктеріне байланысты.
Жастардың әлеуметтік-психологиялық көзқарастары тұрғысынан жаңа қатынастар мен жедел құндылықтарға жедел түрде бағыттауға ұмтылған саяси-әлеуметтік сана кедергісіне ұшырайды. Нарықтық қатынастар, олардың көптеген жағдайда әр түрлі ауытқулары, халықтың материалдық және көптеген жағдайына жасалған соққылар жағдайды күрделендіріп, әлеуметтік-экономикалық реформа салдары алдындағы үрейінің тууына себепкер болды. Жастардың басым бөлігі кейбір себептерге байланысты қоғамда тұрақты, әлеуметтік орынды иелене алмайды. Бұл оқу мерзімінің ұзақтылығымен, материалдық қамтылудан және қосымша табыс табу мүмкіндіктерімен шектелумен байланысты. Қызметтегі жастардың материалдық жағдайы оның толық әлеуметтік тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Себебі жастардың дұрыс білім алып, тәрбиеленуі немесе өзінің ойын жүзеге асыру үшін оның алдымен материалдық қажеттіліктерінің қамтылуы керек. Егерде, баспанасы жоқ материелдық игіліктерден ада болса, жастарға аталмыш болу, ұлттық идеологияны ұстану сияқты талаптар қою қиынға түседі.
Идеология қоғамда танымдық, іске жұмылдырғыш, қозғаушы және іс-әрекетті мөлшерлі қызметтер атқарады. Философиялық сөздікте идеология қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Ғалымдар идеологияның қызметтік сипатына баса назар аудара отырып, оның адамдардың әлеуметтік энергиясын топтастыра алут қасиетін жоғары бағалайды. Әлеуметтік-саяси әдебиеттерде басым жағдайды белгілі бір құндылықтар жүйесі тұрғысынан берілген сипаттамалар да орын алады. Бұл көзқарастағы жақтаушылардың (Д.Истон,М.Дюверже, В.Конноли, Л.Санджент, Ф.Уоткинс және т.б.) көзқарасынша, идеология мәнінің ашылуы, құндылық ұғымымен байланысты. Құндылық иделогияның негізгі элементі, өйткені ол иделогиядағы обьект пен субьект арасындағы тәуелсіздікті көрсетеді. Ол жеке адамның, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық үлгі береді.Әрбір субьект өз іс-қимылын сол үлгімен өлшейді(24,26). Сондықтан, біздің жағдайымызда идеологияның жастар белсенділігі үшін рухани құндылықтарға негізделген иделогия ғана жастардың іс-әрекетіне және бағытына стимул бола алады.
Жастар
әлеуметтік-мәдени белсенділігін қатынастырудың
рухани факторларына бос уақытты
дұрыс ұйымдастырудың да маңызы баршылық.
Үлкендермен салыстырғанда
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өркениеттілік және мәдениеттілік процесстер өте күрделі жағдайды бастан кешіргенін атап кету керек. Мысалы, шығыстық менталитет үшін батыстық мәдениетті сіңіру өте күрделі, себебі шығыстық адам өзінің ұлттық этникалық санасы бойынша, батыстық мәдениет субьектісімен ерекшеленеді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында батыстық мәдениетті мәңгілік күйінде қабылдау қиын да күрделі процесс. Мысалы, қазақтардың , көне, мәдени, рухани, әлеуметтік дәстүрлері, болмысы,қонақжайлылық, төзімділік, жомарттық, бейімделгіштік сияқты қазақ этномәдени қауымдастығының ұлттық өзіндік санасының арналарын қалыптастырады. Қазақтардың болмысында сатқындық,екіжүзділік, жалған айту сияқты қасиеттер жат болып саналады(25,32).
Бұл мәселені қозғауымыздың себебі ұлттық менталитет пен идеологияны қалыптастыру балалардың, жастардың ойын түрлерін бастау алады. Қазіргі заманауи технологиялар мен олардағы жасанып жатқан қызығушылығын тудырып отырған ойын түрлерінің жастарды
қулыққа, күреске және басқа да жат қылықтар тәрбиеленуі, олардың болашақта тұлға болып қалыптасуына кері ықпал етері сөзсіз.
Қазіргі таңда жастардың түңгі клубтар мен би кештеріне баруы артып отыр. Әрине, көңіл көтеру деген жаман нәрсе емес. Кино мен театрды алмастыру мақсатында дамыған түңгі клубтар жастардың ашық қарым-қатынасқа деген мүддесін қанағаттандырады. Алайда барлық нәрсенің өз орны болуы керек. Көптеген түңгі клубтар, есірткі сату орталығына айналғандығын күнделікті ақпарат құралдарынан көріп отырамыз. Заң қызметкерлерінің түрлі рейдтері мен тексерулері нәтижесіз, себебі, ол жердегі жастар би ырғағымен көңілденіп жүрме әлде есірткіге жастанып жүр ме, оны бірден байқау мүмкін емес.
Жастардың
құндылықтық негізгі
Еркін қалыптасқан жастар өздеріне тиесілі даралықты сезініп, өзінің рухани және жеке тұлғаның қуатын көріп, өзінің ең жақсы қасиеттерін болашақ ұрпаққа беруге тырысады.
Жоғарыда
аталған ұлттық иделогияға орын беретін
ерекше қасиеттердің бірі «намыс» деуге
болады. Намыс ұғымының жоғары және
төменгі шегін көрсеткен Б.
Намыс ұғымының астарында үлкен мән жатыр десек болады. Жастардың ойында намыс сезімі дұрыс қалыптасқан жағдайда, отанына опасыздық жасауға, ұлттық мүддені өзінің жеке бас мүддесіне айырбастауға,парақорлық, ұрлық сияқты жағымсыз әрекеттерге баруға оның намысы жібермейтін еді.
Тоқыру жылдарының кері құбылыстарының бірі қоғамның негізгі әлеуметтік қызметі болған жас ұрпақты тәрбиелеудің ұстанымдары, әдістері мен формасының бұзылуы болатын. Тәрбие беруді ұйымдастыру жастардың оқуы мен қызметімен тікелей байланысты ерекшеліктерін есепке алады. Сол кезде қоғамның дағдарысына қарамастан жастардың білім деңгейі күрт көтеріледі, бірақ та тәрбие беру жүйесін жетілдіру мәселесіне көңіл бөлінген жоқ. Жастар мен қоғам құндылықтары арасындағы кемшіліктер үдей түседі.
Қазақтың бір туар ғалымы Шәкәрім қоғамда өршіп келе жатқан жағдайдың даму ережесін бейнелейді. Еріншек, салақтық, надандық – адам болмысындағы азғыртушы нәспінің құрылымдық элементітері.Жеке адами факторлардан жаралатын маргинализмді мәдени құбылыс ретінде қарастыратын болсақ,адам психикасы да сыртқы әлемнен орын тауып маңдайлы құндылықтарды ұмтылуына әкеледі(26,12б).
Басқа жағынан алып қарастырғанда, он жылдықтар аралығында ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың жоғалуы қайта құрумен жариялылықтың ықпалымен жастардың адамгершілік ұстанымдарының жоғалуына әкеледі.
Белгілі
қоғамның дамуы, болашағына деген сенімді
көзқарастың қалыптасуы сол қоғамдағы
жастар мен жастардың әлеуметтік-
Жастардың қоғамдық-саяси ролі реформалар кезінде барлық халыққа тән. Себебі жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы жоғары дәрежеде болғандықтан қоғамдағы өзгерістердің ортасынан орын алады.
Сондықтан жастар санасындағы «намыс», «ұлтжандылық», «адалдық» және «құндылық» ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болшағын айқындайтын факторлардың қатарына қояды.
Жастардың өмірлік бағдарлары мен құндылықтарын зерделеу қоғам өмірінің түрлі аспектілерін және оның даму үрдістерін талдау үшін негіз қалайды. Біздер жүргізген зерттеудегі проблемалардың бірі - жас адамдар түрлі өмір құндылықтарын қалайша бағалайды деген сауалды анықтау болды.
Жастардың
құндылықтарға деген көзқарасын
бірнеше кестеге салып көрсетуд
Қазіргі
заманғы жастардың өмірлік
Жастардың өмірдегі басым құндылықтар туралы сұрақтарға берген жауаптарын талдай отырып, ұсынылған 9 нұсқаның арасынан қызықтарынан және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұруға ұмтылу, отбасындағы ырыс-береке, өз денсаулығы мен жақын адамдарының денсаулығы, білім алу, мансапқа жету, тыныш өмір, тәуелсіздік, қол жеткен жетістікке қанағаттану, ойын-сауық сияқты жауаптардың басым түскенін атап өтуге болады.
1 - кесте:
Өмірлік құндылықтар. |
Жалпы % |
Қыз балалар % |
Ер балала % |
13 жасқа дейінгі % |
13-14 жас % |
15-17 жас % |
17 жастан жоғары % |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Денсаулық |
84,5 |
84,2 |
84,8 |
93,8 |
86,5 |
82,9 |
84,9 |
Достық |
46,8 |
44,8 |
49,0 |
50,0 |
41,7 |
50,8 |
42,5 |
Материалды жетістік |
30,7 |
31,0 |
30,4 |
31,3 |
29,6 |
30,8 |
34,9 |
Отбасы |
49,3 |
51,7 |
46,5 |
56,3 |
52,5 |
48,6 |
39,6 |
Білім |
31,2 |
33,9 |
28,1 |
18,8 |
29,3 |
33,7 |
35,4 |
Жұмыс |
30,7 |
31,9 |
28,3 |
25,0 |
34,8 |
28,2 |
27,4 |
Тәуелсіздік |
16,7 |
18,5 |
14,6 |
6,3 |
13,8 |
17,9 |
21,7 |
Жоңары, шенді қызмет |
8,1 |
6,5 |
9,8 |
1,0 |
6,4 |
9,2 |
9,4 |
Көңіл көтеру |
3,6 |
2,7 |
4,6 |
0,0 |
2,2 |
4,4 |
4,7 |
Басқасы |
1,4 |
1,6 |
1,0 |
0,0 |
4,4 |
4,7 |
0,0 |
(Бұл
кесте белгілі әлеуметтанушы
Жаманбалева Ш.Е. «Общество и
подросток:социологический
Жастар үшін назарда ұстайтын мәселердің бірі, шет елде білім алатын жас мамандардың өз ұлттық құндылықтарын дәріптеуі болады. Олай дейтініміз, діни-мәдени салада білім алатын түлектер шет елдердің салтын, санасын бойларына сіңіріп, елге оралғаннан кейін сол қалпында басқаларға үйретуге талпынуы дұрыс емес. Сондықтан әрбір азамат елдің мәдени, діни, экономикалық мүддесі тұрғысынан қарайтын болса дұрыс болары шындық. Басқаша айтқанда елдік мүдде,тәуелсіздік, мемлекеттілік барлық діни салттан жоғары тұруы керек. Әсіресе, Қазақстан Республикасының заңдарының пайдалана отырып, жат сенімдер мен өмірлік қағидаттарын, мәдениетін енгізуге тырысу, тек жеке топтық мүддеде қызмет ету азаматтылыққа сай келмейді.
Жастар үшін өмірлік құндылықтардың маңыздылығы жағынан өзіңді қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұру, отбасындағы тату-тәттілік, өзінің және жақын адамдарының денсаулығы, білім алу және мансапқа жету мақсаттары алдыңғы мақсаттары алдыңғы қатарға шығады. Осы иерархияда (сатыда) өмір сүру, тәуелсіздік, қол жеткен жетістікке қанағаттану соңғы орындардың қатарында тұр (3-ші кесте).
3-ші кесте. Жеке адам өмірінің басым құндылықтары (сауалнамаға қатысқандардың жалпы санына қатысты %).
|
Өмірлік құндылықтар |
Жастардың топ бөліктері (әр топ бойынша арасалмаө %0) | |||
16-17 |
18-19 |
20-24 |
25-29 | |
қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысқа тұруға ұмтылу |
73,0 |
78,9 |
63,1 |
66,4 |
отбасының бақыты |
69,1 |
64,7 |
74,7 |
75,3 |
өзінің денсаулығы жақын адамдарының денсаулығы |
53,6 |
50,3 |
51,3 |
48,7 |
білім |
48,3 |
53,6 |
54,0 |
43,6 |
мансап |
23,9 |
29,8 |
34,3 |
31,6 |
тыныш өмір |
21,3 |
21,3 |
23,9 |
20,9 |
тәуелсіздік |
17,6 |
16,1 |
19,6 |
23,8 |
қол жеткенге қанағаттану |
11,7 |
8,3 |
1,8 |
9,7 |
ойын-сауық |
3,5 |
2,1 |
1,8 |
2,9 |

- Жастар ортасындағы лидерлік
- Жастар саясатының негізгі бағыттары
- Жастар саясаты туралы
- Жасыл даму бағдарламасы
- Жасыл экономика мәні және оның принциптері
- Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
- Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершлігі бар серіктестіктер туралы
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ
- Жастардың арасындағы лидерлік
- Жастардың әлеуметтік сипаты
- Жастардың киіну мәдениеті
- Жастардың құқық бұзушылыққа бейімі