Жастар ортасындағы лидерлік

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым Министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық Университеті

 

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Психология» кафедрасы

 

 

 


 

 

 

Тақырыбы: «Жастар ортасындағы лидерлік»

 

«Жастармен әлеуметтік жұмыс»  пәні бойынша

 

 

 

 

 

Орындаған:

5B050900-мамандығы,ӘЖ-21 тобы  студенті

Каирбекова Г.Е.

 

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы Досмурзаева  Д.О.

 

 

 

 

Астана 2012

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………..........3

І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.................................5

    1. Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер...5
    2. Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.....................................7
    3. Лидердің атқаратын функциялары.............................................................8
    4. Лидерлік пен басшылық стильдері.................................................................9
    5. Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.................................10
    6. Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.........................................................11

ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік..................................................12

2.1  Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. ………12

2.2  Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы…….14

2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы……17

2.4 Топтың лидерді қабылдауы................................................................. 18

2.5 Лидерлерді анықтау тәсілдері………………………………………………18

2.6 Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі………………………………19

2.7 Лидерлікті дамыту………………………………………………………21

Қорытынды…………………………………………………................24

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………25

Қосымшалар........................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - лидерлік. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс  алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде  өнегелі тәрбие алған, өзгелерге  еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта  да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі  сақталған. Қазір де белсенділік  танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда  лидер болу тек белгілі бір  адамдардың қолынан келеді ме, немесе лидерлік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.

Жалпы лидерлік дегеніміз  не деген сұраққа жауап берейік. Лидерлік дегеніміз топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің  мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек  қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан  еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек  қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Ал лидер  деген (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға. Лидер адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Психологтар, әлеуметтанушылар 19шы ғасырдан бастап лидерлік тақырыбына зер салып, лидер болу үшін қандай қасиеттер керек, лидерлікті қалай дамытуға болады, лидерлерді қалай анықтаймыз деген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Жалпы лидерлік барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе лидер болып табылады. Ал қоғамның өзегі – жастарды басқару тек жастардың қолында. Жастар дегеніміз 16-29 жас аралығындағы топ. Әлеуметтік бағыттылығы анықталмаған жастар арасындағы лидерлер, басқа жастық топтарға қарағанда өзіндік басқару ерекшеліктеріне ие. 16-24 жас арасындағы адамдар білім алуда, немесе жұмыстық тәжіриебені енді бастап келеді. Олар білім алу мекемелеріндегі ұйымдарда немесе саяси ұйымдарда жетекшілік етуі мүмкін, оған мысал ретінде Еуразия Ұлттық Университетіндегі жастар саясаты орталығы, стросталардың ортақ жиындарын немесе Алтын белгілер қоғамдастығын айта аламыз. Осы құрылымдардың барлығын белсенді жас студенттер басқаруда. 24-29 арасындағы кәсіби анықталған жастар топтарының лидерлері, болашаққа нақты жоспары құрылған, мақсаттары қойылған адамдардар тобын, мекемелерді басқарады. Қоғам лидерлерді олардың мінез-құлқы, жеке қасиеттері мен атқаратын функцияларына қарай таниды. Сол қасиеттерді белгілеп, болашақ лидерлерді мектеп жасынан бастап анықтау өте тиімді, себебі жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытқан баланың жеке тұлғалық қасиеттері оны демеп, дұрыс жолға салып отырған жағдайда баланың болашақта жоғары дәрежелі лидерге айналуына септігін тигізеді. Ал сенімді, әрі белсенді лидердің артынан еріп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқан халық әрқашан гүлденіп, өсе береді.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан мемлекетінің барлық салаларын дамыту үшін білікті жетекшілер қажет. Жетекшілерді жастайынан анықтап, олардың мәдени, рухани, кәсіптік дамуына жол ашу керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып көрсетілген әдіс-тәсілдерді қолданып, жастардың шоғырланған орталықтарында лидерлерді анықтап, оларды одан әрі дамытуға, лидерлік жайлы ақпараттандыруға жол ашамыз. Демек жарқын болашақтың есігі біздің қолымызда.

Зерттеу объектісі: жастар арасындағы лидер, жалпы лидер бойындағы қасиеттер, дамыту жолдары.

Зерттеу пәні: лидерлік қасиеттін ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты: жастар арасындағы лидерлікті жалпы лидерліктен бөліп, ерекшеліктерін айқындау

Зерттеу міндеттері:

  • Лидерлік, лидер феномендеріне анықтама беру;
  • Лидерліктік қасиеттерді зерттеу;
  • Лидерліктің функцияларын қарастыру;
  • Лидерліктің стильдерін қарастыру;
  • Лидерліктің деңгейлерін зерттеу;
  • Лидерліктің пайда болу теорияларын қарастыру;
  • Лидерліктің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу;
  • Жастардың арасындағы лидерліктің ерекшіліктерін зерттеу;
  • Лидерлікті анықтау жолдарын қарастыру;
  • Лидерлік қасиетті дамыту жолдарын көрсету.

Тәжіриебелік  маңызы: алынған нәтижелер бойынша бойындағы лидерлік қасиеттін бар-жоғын анықтауға болады, бойындағы лидерлік қасиеттерді дамытуға жол ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы

 

1.1 Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер

Бүгінгі таңда жас ұрпақ  өз күштерін көптеген салаларға жұмсайды. Әрбір адам тек қана индивид ретінде  емес, тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы бойынша ерекшеленеді. 

Көптеген жас адамдар, жоғары интеллект коэффициентіне ие болғанымен, тұлғааралық қарым қатынасқа түсу оларға қиын соғады.  Конфликттерді шешу, өз еркімен бір шешім қабылдау да оларға қиындау. Балалық шақ пен жасөскелеңдік шақ адам әлеуметтенуінің белсенді уақыты. Сондықтан да жас тұлғаның қайталанбас қасиеттерінің көрініс табуына тек құрдастар ұжымы ғана көмектесе алады. Балалар мен жасөспірімдердің қарым қатынасқа түсу қажеттілігі қанағаттанбай қалуы әр түрлі әлеуметтік емес топтардың құрылуына әкеледі. Сондықтан да қылмыс, қаңғыбастық, нашақорлық  деңгейі және өзге де әлеуметтік ауытқулар өсуде.

Ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша кез келген қоғамдастықтың, мемелекеттің болашағы жас ұрпақтың азаматтық тәрбиесі мен білімділігінің деңгейіне байланысты. Сондықтан  да білім беру жүйесінде алуан  түрлі өзін-өзі басқару жүйелеріне аса назар аударылуда, болашақ  лидерлерді дайындау мақсатында жастар ұжымының белсенді мүшелерін оқыту мен дайындауға барлық жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда лидер сөзінің баламасы:

  • Белгілі бір салада өзгелерге қарағанда үлкен жетістіктерге жеткен адам
  • Ең көп жеңістерге жеткен спорттық ұжым
  • Кемелер тобың бастаушы кеме және т.б.

Алайда жоғарыда келтірілген  «лидер» түсінігі  әлеуметтік психология тұрғысынан қарағанда мүлде басқаша  түсініктерге ие болады. Мысалы, мәре сызығын  бірінші болып өткен лидер  спортшы мен топ лидерінің  арасында ұқсастықтары аз. Спортшы  лидер табысқа жетеді, оғын барлығы  шапалақтайды, содан кейін ол өзінің өмірлік жолын жалғастыра береді, мүлде жалғыз болуы мүмкін. Ал топ  лидері дагеніміз – өзгелерді  артынан ерте алатын адам.  Сонымен  әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда лидерлік ортақ мақсаттар, құндылықтар мен қызығушылықтары  бойынша біріккен, біршама ұйымдасқан адамдар тобымен байланысты.

Лидерлік қазіргі тұрмыстың  бөлінбес атрибуты ретінде адамзаттың өмір сүру мен даму тарихымен байланысты. Кез келген жерде, екі адамнан артық топ жиналған кезде, бірінің артынан бірі еріп жүру, лидерлік қасиет көрініс табады. Лидерлер артынан еріп жүретін адамдардың ұйымдасу деңгейіне, топтық нормалар мен құндылықтардың қалыптасуына, артынан ерушілердің мінез-құлқына үлкен әсерін тигізеді. Соған байланысты лидер мен лидерлік феномендері әдетте зерттеушілердің назарын аударады.

Шет ел психологиясында 20 ғасыр  барысында лидерлік теориясы бірнеше  бағытта дамыған, соның нәтижесінде  көптеген теориялық және эмпирикалық  материалдар жинақталған. Ресей  психологиясында әлеуметтік ғылымдар арасында лидерлік теориясы шет елмен бірге дамыды десе де болады. 1920-1930 жылдары лидерлік феноменін зерттеушілер көбінесе балалар топтарының арасындағы қарым-қатынасқа сүйеніп зерттеген. Сол жылдары коллектив жайлы жазған авторлардың көпшілігі «қолбасшылық» мәселесіне назар аударған.

Лидерлік мәселелерін  зерттеуге әлеуметтік ғылым тек 1960 жылдары ғана қайта оралған. Осы периодта лидерлік пен қолбасшылыққа арналған көптеген еңбектер пайда болды.

Лидерлікті зерттеуге  мен ұғынуға деген келістердің  көп болуы ұйымдастырушылық лидерлік анықтамасының нақытырақ белгіленуіне алып келеді. Көптеген жағдайларда лидерлік мінез-құлық пен басшылық позициясын айыру қиын. «Лидерлік теориясының» авторлары лидерге қажетті қасиеттердің сипаттамасын толығымен анықтамаса да, лидерлер белгілі бір қасиеттер жиынтығына ие болуы керек екенін айтты. Дәл сол қасиеттердің болып-болмауына топтың бір мүшелері лидер ретінде қабылданып, ал басқалары лидерлік орында қабылданбауы байланысты.

Ұйымдастырушы лидердің лидерлік қасиеттері дегеніміз тұлғаның психологиялық  қасиеттерінің жиынтығы, лидерлік қасиеттердің жүзеге асырылуының жемістілігі, топпен қарым-қатынасқа түсу қабілеттері мен ерекшеліктері.

Лидер (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір  топтағы авторитеті жоғары, өзгелерге  әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы  тұлға.[3]

Лидер - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті  тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық,  ақылдылық,  қажырлылық,  ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде лидерлер аса беделді тұлға ретінде танылады.

Лидерлік – топтағы  табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің  мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.[4], [14]

 

 

1.2 Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.

Лидерлікті ұғыну үшін негізгі 3 теориялық келіс бар. «Қасиеттер теориясы» 19ғ басы -20ғ аяғындағы  неміс психлогиясынан шыққан, және лидерлердің тума қасиеттеріне аса  назар аударады.

Осы теорияға сүйенсек, лидер  тек ерекше тұлғалық қасиеттерге  ие немесе ерекше психологиялық қасиеттерге  ие адамдар ғана бола алады. Көптеген авторлар лидерлерге тән қасиеттер мен сипаттамаларды анықтауға тырысқан. Американдық әлеуметтік психологияда осы қасиеттерді ұқыпты түрде тіркеп отырған, себебі осы қасиеттердің анықтамасы болашақ лидерлерді анықтауға арналған тесттердің негіздемесі ретінде қабылданды. Алайда лидерлерге тән қасиеттердің тізімін жасау орындалмас жоспар болды. 1940 жылы К.Бэрд әр-түрлі зерттеулерде аталған 79 қасиеттен тұратын тізім жасады, олардың ішінде инициативтілік, коммуникативтілік, мысқыл сезімі, энтузиазм, сенімділік, ықыластық аталған. Егер де осы қасиеттерді қай жерде, және неше рет аталғаны бойынша санасақ, біреуі де тұрақты емес екені анықталған: 65% тек бір рет қана аталған, 16-20% екі рет, 4-5% үш рет, және тек 5% ғана төрт рет аталған.

Алауыздық «өзін-өзі билеушілік»  және «ақыл-ес» деген қасиеттерге  де тән болды. Осыған қарап тұрақты  тізім жасай алу мүмкіндігіне зерттеушілер қайран қалды. Стогдиллдың мәлімдемесінде қасиеттер тізіміне өзгертулер мен қосымша қасиеттер енгізілгеннен кейін осы теорияның жалған екені жайлы мақалалар шыға бастады. Г.Дженнингстың айтуы бойынша қасиеттер теориясы лидерлерді емес, зерттеушінің қасиеттерін анықтайды.

Осы теориядан түңілгендігі соншалықты, «қасиеттерсіз лидер» атты теория да жарық көрді. Қалай да болсын осы теория да лидер және лидерлік феноменінің қайдан пайда болатынын және лидерлікті түсіндіре алмады. Қасиеттер теориясының орнына «ситуативті лидерлік» теориясы келді. Осы теория бойынша қасиеттер теориясы мүлде жоққа шығарылмайды, алайда, лидер белгілі бір жағдайларға сай қасиеттерге ие болуына байланысты жасалады деп дәріптейді. Белгі бір жағдай туындауына байланысты қажетті қасиеттерге ие лидер таңдалады, әр түрлі жағдайларда лидер өзгеріп отыруы мүмкін. Осылайша лидерлердің тума қасиеттері туралы пікір жоққа шығарылды. Лидерлердің қасиеттері өзгермелі, салыстырмалы болып анықталды. Осы пікір Ж.Пиаже критикасына ұшырады, себебі осы теория бойынша лидер бағытын өзгертіп отыратын желбаққышқа айналды.

Осы пікірлердің арасындағы алауыздықты жою үшін Е.Хартли неге белгілі адамдар лидерлікке ұсынылады, және жағдайдың осыған қандай қатысы бар екендігін түсіндіретін 4 «модель» ұсынды. Біріншіден, Хартли егер де адам бір жағдайда лидер болып сайланса, ол басқа жағдайда да лидер болатыны туралы айтты. Екіншіден, адамдар бір жағдайда өзін көрсеткен лидерді жалпы лидер ретінде қабылдайтынын айтты. Үшіншіден, бір жағдайда лидерлік танытқан адам лидер авторитетіне ие болады. Төртіншіден, кейбір адамдар өздерін лидерлік посттарды іздейтіндей көрсетеді, соның арқасында оларға лидерлік посттарды береді. Осы айтылғанның барлығын лидерлік теориясын ашуға жеткілікті деп айтуға болмайды, алайда осы теория көптеген зерттеулерде қолданылады.

Осы екі келістің қақстығысуы  нәтижесінде ғылым тарихында  компромисстік нұсқа ретінде  лидерліктің жүйелілік теориясы пайда болды. Жүйелілік лидерлік теориясына сәйкес лидерлік – топтағы қарым қатынасты ұйымдастыру, ал лидер – осы процессті басқарушы субъект. Осындай келістін арқасында лидерлік топтың функциясы ретінде түсіндіріледі, сондықтан да оны топтың мақсаттары жағынан қарастыру қажет, бірақ та лидерлердің тұлғалық құрылымы ескерілуі қажетті. Топтың құрылымына қатысты айнымалыларды да ескеру қажет, мысалы, топтың өмір сүру мерзімі. Осы тұрғыдан қарағанда лидерліктің жүйелілік моделдің артықшылықтары білінеді, әсіресе сөз тек жай ғана лидерлік емес, басқарушылық әрекетке қатысты болса: қолданыста әйгілі Ф.Фидлер ұсынған басшылықтың эффективтілігі жайлы ықтималдық моделі.[1] [11]

 

 

1.3 Лидердің атқаратын функциялары.

Лидердың атқаратын функциялары  ол басшылық ететін топтың ерекшеліктеріне  байланысты анықталады.

Лидер администратор ретінде. Бұл функция іскерлік саясаттың  негізгі бағыттарын анықтау мен  жұмыстын атқарылуын бақылаумен анықталады. Осы функциясының негізі – топ  мүшелеріне атқарылушы жұмысты жүктеу.

Лидер жобалаушы ретінде. Бұл функция шеңберінде лидер топ мақсатқа жету үшін керекті әдіс-тәсілдерді анықтайды. Бұл функция қарапайым қадамдарды анықтаудан бастап ұзақ уақытты жоспарларды құрастырумен аяқталады. Көптеген жағдайда лидер жоспарлардың жалғыз сақшысы болады.

Лидер политик ретінде  мақсаттарды бекітіп мінез-құлықтың негізгі сызығын орнату керек. Топтық мақсаттар мен оларға жету жолдары 3 ке бөлінеді: жоғарыдан берген бұйрықтар, топтын үкімдері, лидердің бұйрықтары.

Лидер эксперт ретінде  – топ мүшелері лидерге маман, эксперт ретінде жүгінеді.

Лидер сыртқы ортада топтың өкілі ретінде – лидер топтың атынан шығады, топтық сана, құндылықтардың және т.б. қасиеттерді көрсетеді. Лидер топтан шыққан ақпаратты және топқа арналған ақпаратты тасымалдайды.

Лидер топ ішіндегі қарым-қатынасты  реттеуші ретінде – топ мүшелері арасындағы жанжалдарды болдырмау  немесе дауларды шешу болып анықталады. Демек лидер жеке қалауына байланысты топ мүшелерінің қарым қатынасын  реттей алады.

Лидер мадақтаушы және марапаттаушы ретінде. Осы фунция лидер және топ мүшелерінің жеке құндылықтарымен тығыз байланысты, лидер өнегелі болып, топ мүшелері оған үқсауға тырысады.

Лидер жеке жауапкершілікті  жоққа шығарушы фактор ретінде. Топ мүшелерінің далдығына сәйкес лидер жауапкершілікті өз мойнына алады, істі менің атымнан атқара беріндер деп айтуы мүмкін.

Лидер дүниетанымның өткізгіші  ретінде. Көптеген жағдайларда лидер  топтық құндылықтар мен нормалардың  бастауы ретінде танылады. Лидер  топ жататын қоғамның идеологиясын білдіреді. [1],[11]

1.4 Лидерлік пен басшылық стильдері

20ғғ 30жылдары Курт Левин  басқарудың 3стилін бөліп көрсеткен: авторитарлық (директивті), демократиялық (коллегиалды), либералды (салғырттық).

Лидерліктің стильдері –  лидердің топ мүшелеріне әсер ету  үшін қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.

Авторитарлы стиль басқарудың қатаң болуы, инициативаның алдын  алу, қабылданатын шешемідердің біртарапты болуымен сипатталады.  Басшы қабылдаған шешімнің сапасы оның қолындағы ақпарат мөлшеріне және лидер оны қалай түсінетіндігіне байланысты. Алайды авторитарлық лидердің қолдында толық ақпарат болмауы мүмкін, себебі басшы мен әлеуметтік топ арасындағы дистанция үлкен болады, және қоластындағы адамдар басшымен сырласпайды, оған өз мәселелерін айтпай, ақпаратты жасыруы мүмкіін. Басқарудың авторитарлық түрі әлеуметтік топ ішінде микротоптардың пайда болуын жеделдетеді. Шешімдер топ мүшелеріне нақты, қысқа формада жеткізіледі, лидер атқарылатын іс жайлы ешқашан толық ақпарат бермейді, осы әрекеттер топ ішіндегі фрустрациялары туғызуы мүмкін.

Басқарудың демократиялық  түрі шешімдердің ұжым ішінде талқылануымен, инициативаның қолдаумен, топ лидері және мүшелері арасында беленді ақпарат  алмасумен, шешімдерді жалпы жиналыста  қабылдаумен ерекшеленеді.Шешімдер баяу қабылданады, сондықтан басшы  шыдамды, толерантты, мінезі икемді болуы  керек. Осы стиль топ ішінде қолайлы  климаттың пайда болуына әсер етеді. Топ мүшелерінің орындалатын  жұмыс нәтижелерімен және топ  ішіндегі алатын орнымен қанағаттанушылығы мол болады,  бірақ та басшыда топты бақылауға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін.

Салғырттық стильге лидердің басшылықтан бас тартып, басшылықты топтың басқа мүшелеріне беру. Басқарудың осы түрінде топ мүшелерінің жауапкершілігі өседі, топ өздігінен алдына мақсат қойып, өмірлік бағыттарын анықтайды.

Ең жағымды вариант  – басқарудың 3 стилінің тиімді ұштасуы. Басқару стилін өзгертудің негізгі  факторлары – шешім шығарудың  шұғылдылығына, мақсаттың құпиялылығы, топтың мөлшері, басшының тұлғалық қасиеттері, қоластындағылардың ақыл-ой мүмкіндіктері немесе профессионалдылық деңгейі. [3], [1], [11]

 

 

 

1.5 Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.

Өзін-өзі бағалау лидердін мінез-құлқына әсер етеді, мысалы, зақымданған немесе төмендетілген өзін-өзі бағалау билікті қажетсінуге әкеп соқтырады.

Өзін-өзі бағалауы төмен  лидерлер ізбасарларына тәуелді  болады, реактивтілігі жоғары. Лидердің өзін-өзі бағалауы төмендеген сайын  реактивтілігі жоғарылайды. Ол кері байланысқа тәуелді, өзгелердің пікіріне көп назар аударады.

Өзін-өзі бағалауы төмен  лидер әрдайым өзіне қанағаттанбаушылық қасиетіне ие, ол жаңа белестер алуына септігін тигізеді, бірақ та лидер  өз жетістіктеріне қуанбайды. Лидер  өзіне өзі сенімді болуы үшін билікке ұмтылып, сенімдікітін орнын  билікпен толтыруға талпынады. Осындай  лидерлер көп жағдайда  саясатта белсенділік танытады.

Жоғарлатылған өзін-өзі бағалау қасиетіне ие лидерлер де сыртқы жағдайларға тәуелді. Ол салыстырмалы түрде тұрақты ішкі стандарттарға ие, өзін-өзі бағалауы жоғары лидерлер өз қасиеттерін тым жоғары бағалап, өз мінез құлқына деген сыртқы және ішкі реакцияларды байқамайды. Осындай лидер өз жетістіктеріне аса риза болып, болмашы нәрселерге бола мақтанады және өзгелердің критикасын шабуыл ретінде қабылдайды. Өзін-өзі бағалау қасиеті тым жоғары лидердің оның атқаратын әрекеттері мен мінез-құлқы арасындағы кері байланысы бұзылған.

Адекватты өзін-өзі бағалайтын лидер – ең тиімді нұсқа. Оның іс-әрекеті мен мінез-құлқы өзін-өзі анықтаумен ынталандырылмайды. Өзі, мінезі мен жүріс-тұрысы арасындағы кері байланыс жеткілікті дамыған. Осындай лидер басқа лидерлерді адекватты қабылдап, құрметтейді. Өзге лидерлер оны төмендетеді деп қорықпайды. Бірігіп жұмыс атқарғанда екі жаққа да тиімді болатын жұмыс стратегиясын таңдайды.

Лидер кез-келген жағдайда өз мінез-құлқын Мен концепциясына сәйкес реттейді. Лидердің мінезі оның өзге лидерлер мен ізбасарларымен салыстыруы арқылы алған нәтижелерімен байланысты. Мен образда өзіне байланысты сезімдер мен ұстанымдар анық көрініс табады. Американ зерттеушілері Д.Оффер мен Ч.Строзаер пайымдауы бойынша Мен образ 6 өзара тығыз әрекеттесуші бөлімнен тұрады.

Физикалық Мен дегеніміз  лидердің өз деңсаулығы және физикалық  күші немесе әлсіздігі туралы ойлары.

Сексуалдық Мен лидердің ең сырлы бөлігі болып табылғанымен өзін латерал түрде көрсеткенімен, дегенмен тәулесіздігін жоғалтпайды. Лидерлік қасиет пен сексуалдылық деңгейінің арасындағы қатынас анықталмағындақтан осы бөліктің өзектілігі төмен.

Отбасылық Мен – лидер  тұлғасының ең басты элементі. Отбасындағы  жағдай кез-келген адамының мінез-құлқына үлкен ісер тигізетінің барлығына белгілі. Кейбіреулер балалық шақта алған зақымдарды тез басынан өткізіп, ұмытып кетеді, ал кейбіреулері балалық шақтағы фрустацияларды қоршағандарға көшіреді.

Әлеуметтік Мен индивидтің басқа адамдармен бірігіп өмір сүру қасиеті. Өз ұжымдастары мен достарының жақсы қасиеттерін көрсетуге  ынталандыру қасиеті.

Психологиялық Мен лидердің әлемдегі өтіп жатқан құбылыстарға, жан  дүниесіне, қиял мен армандарына, қалаулары, иллюзиялары, үрейлеріне және т.б. деген көзқарастар жиынтығы. Лидер өз үрейлерін анықталуынан күйзеледі ме, немесе қалжын деп қабылдауы – лидердің өзін-өзі бақылауының көріністері.

Жанжалдарды басынан өткізуші Мен – лидердің жанжалдарды шығармашылықпен  айналып өту түсініктері. Лидер  алдында ескі мәселелерді жаңа тәсілмен шешу мақсаты тұрады. Ол мәселені қабылдау үшін жеткілікті ақыл-ой мен интеллектіге ие болуы қажет. Ол өзгелерге сенімділік ұялату үшін өз басына жеткілікті сенімді болуы керек. Жанжалдарды басынан өткізуші Меннің тағы да бір маңызды аспектісі – лидердің әлеуметтік рөліне байланысты күйзелістерді жеңе алатындығын түсіну. Стресстер тұлғаның мінез-құлық және интеллектуалдық  қабілеттерін шектейтіні белгілі, сондықтан да лидердің стресске төзімділік  қасиеті жоғарырақ болу керек.

Жоғарыда айтылған Мен-концепция  бөліктері оның  мазмұның толығымен  ашпайды. Мен-концепцияның күрделілігі  басқа адамдармен ұқсастығын байқаумен  байланысты. Лидердің Мен-концепциясы  күрделі болған сайын, оны өзге адамдарды  қабылдау өседі, олар ақпарат негативті  немесе жағымды болуына қарамастан ой елегінен өткізіп, жауабын кері байланыс арқылы қайтарады. [3], [11]

 

 

1.6 Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.

Әйел және ерлердің басқару стильдері бойынша қалыптасып қалған стереотиптер кең таралған. Әйелдер қоластындағылардың эмоционалдық жағдайы туралы көп ойлайды, сондықтан оның назары топ ішіндегі қарым-қатынасқа түйілген деп есептелінеді. Ал ерлерді макиавеллистік типтегі авторитарлық лидерлер, қатаң, қоластындағылардың жағдайына көңіл бөлмейтін, және топ ішіндегі қарым қатынас жайлы аландамайтын басшылар ретінде қабылдайды. Психологтар жүздеген зерттеу жұмыстарын салыстыра келе ер және әйелдердің басқару стильдерінің айырмашылықтарын іздеген. Нәтижесінде әйелдердің басқару стилі ерлердікінен қарағанда демократиялылығы көбірек екені анықталды. Мүмкін, оның себебі әйелдер қарым-қатынасты жеңілдеу орнатады, коммуникативтік қасиеті жоғары. Осы қасиет топ мүшелерінің мүмкіндіктерін тиімдірек пайдалануға, кеңестерден сыпайы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Әйелдер әлеуметтік салада, коммуникативтік қасиеттер жоғары бағаланатын жерлерде жақсы лидер, ал ерлер бұйрық беру, қатаң бақылау жүргізілуі керек салаларда өздерін көрсетеді. [5], [8], [3], [11]

 

 

ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік.

2.1  Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы Топтағы лидер дегеніміз – топ үшін маңызды болып табылатын белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл түрде сайланатын, болашақта топтың ұжымдық әрекеттерді жүзеге асыратын ресми емес топты басқаратын топ мүшесі. Жастар қауымдастықтарының жоғары немесе орташа деңгейлі өкілдеріне материалдық, тұлғалық қасиеттеріне байланысты, жеке тәжірибиесіне байланысты жоғары беделділік тән. Бүгінгі күн жастар қауымдастықтарының лидерлеріне тән қасиеттерге мыналар жатады:

  • Жігерлі болу
  • Мақсатқа жетудегі қайсарлық
  • Өзгелердің еркін керекті жағдайда басып тастау
  • Өзгелерді өз ырқына көңдіру
  • Ақыл-ой
  • Физакалық күш
  • Сөзінде тұру
  • Іскерлік
  • Өзгелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көру
  • Оларды өз мақсатында қолдану
  • Сенімге тез кіру
  • Коммуниккативтілік
  • Қайраттылық
  • Жауапкершілік
  • Жастар ортасының ішкі және сыртқы жұмыс істеу шарттарын білу
  • Қиын жағдайлардағы тез шешім қабылдау мен жылдам бағдарлану.
Жастар ортасындағы лидерлік