1930 жылдардағы ашаршылық

Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.

Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне  назар аудара отырып, олардың ізденістері  бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты  бейнелесе, екінші бір жағдайларда  онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен  «тағы бір ілгешекті айтып  қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын  біздің өзімізден артық ешкім  шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы  зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт  келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен  қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.

Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына  сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында  3 млн 628 мың тұрғылықты халық  мекендеді.[1]. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген.[2]. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз.[3]. 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.[4].

Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол  зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.[5].

Қазақ халық шаруашылығы есеп (Казнархозучет) басқармасы М. Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет, жер аудару құрбандары көрсетілмейді.[6].

Осыдан келіп тарихшы-демографтар  мынадай қорытынды шығарады, демек  аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан аталған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыны немесе 42%-ы құрбан болды.[7].

Аштық құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр деп  ойлаймыз. Елеулі түзетуді, шамасы, МКК  мен ІІБ, Орталық партия органдарының «К» (құпия) белгісі соғылған, республикалық  жэне облыстық мұрағаттарда сақталған  мұрағат қоймаларынан айналымға  енгізілген материалдардан алуға болатын  шығар. Түбегейлі жаңа деректерді «қуғын-сүргін санағы» деген атаумен белгілі 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының материалдарынан алуға болады. Тұп-тура бір-ақ күнде (5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған) жүргізілген ол сталинизм саясаты тудырған орасан зор демографиялық апатты бейнелейді. Іле-шала оны әзірлегендер мен орындағандардың тұтқындалғаны, ал көпшілігінін атылғаны түсінікті (тоталитарлық жүйе куәлерді қалдырудан қорықты). Санақ материалының өзі ұзақ жылдар бойы жойылған деп есептеліп келді. Енді, міне, жуырда ол Халық шаруашылығы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ХШОММ) қорынан табылып отыр. Осы материалдардан көрінгендей, 1937 жылғы қаңтарда КСРО-да қазақтардың саны 2 862 458 адамды құраған.[8].

Қазақстанда осы кезде басқа  халықтар мен этностардың саны: украиндар - 859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер - 228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар — 62,3 мыңнан 36,6 мыңға  азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілдері үйреніскен жерін тастап, азық-түлікке  қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.

Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық  ауқымы жағынан жан шошытарлықтай  болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы  өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды).

Мазмұны 

 

Голощекиндік  аштық босқындары

Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған көшпеліге бірнеше  жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына  кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды.

Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір  ғана мақсатпен — тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станицаларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олар шоғырланған  жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар  сирек қоныстанған мұндай жерлер үшін бұл бұрын-соңды кездеспеген  індет еді. Белпаз ауруға қарсы күресетің  иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштыктан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады.

Тұрғылықты халық санына көші-қон  да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен  бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан  тыс аймақтарға кешіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардын бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге — Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға және Түркияға жол тартты.

Қазақтардың іргелес өңірлерге  көшіп барып қоныстануына нақты  дәлел болатын деректер 1926 және 1939 жылғы санақтарда келтірілген. Егер 1926 жылғы санақ бойынша көршілес республикаларда қазақ, ұлтының 314 мың  өкілі тұрған болса, 1939 жылғы санақ бойынша ол 794 мың адамға жетті, яғни көбею салыстырмалы шекте 453 мың адамды құрады.[9]. 1926 және 1939 жылдар аралығындағы санақ аралық кезеңде мигранттар есебінен қазақтар: РКФСР-да 2,3 есе, Өзбекстанда - 1,7 есе, Түркіменстанда — 6 есе, Тәжікстанда - 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті.[10]. Қайтару және оларды шаруашылыққа тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірақ 1938 жылғы «жапон тыңшыларымен» және «ұлтшыл-фашистермен» күрес науқанындағы қуғын-сүргін аласапыранында осы іс-шаралар тежелді. Республика ОК-нің жаңа аппараты «халық жауларының» ісін жалғастыруға тәуекел ете алмады (Л.И. Мирзоян тұтқындалып, атылды). Алайда бұл тарихтың тағы бір зұлмат беттері саналады.

Індет пен Аштықтың демографиялық  процесті шайқалтуы[өңдеу]

Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқы кезеңінде-ақ қалыпты демографиялық  процесті шайқалтып жіберді. Республиканың тұрғылықты халқының тамыры терең дағдарысты құбылысты еңсере алғанының сыры мынада, оған халық өзінің алғашқы көбею, яғни демографиялық эволюциялық дамудың бірінші сатысында тап болды. Тек соғыстан кейінгі өзінің классикалық нұсқасындағы демографиялық өрлеудің арқасында (шыны 1962 жылға келеді) қазақ этносы орасан зор шығыннан аман қалды. Халықтың бұрынғы саны 40 жылдан кейін, яғни 1969 жылы қалпына келтірілді. Егер демографиялық жарылыс және оның осы кезге дейінгі «өрлеуі» болмағанда, халық санының осы іспеттес ұлттық дағдарысын еңсеру үшін кемінде 100-120 жыл, яғни 2-3 есе көп уақыт керек болар еді. Осыған қарамастан, бұрынғы толқын тәріздес күрделі тарихымызды қайталап, бірақ әр ұрпақтың ауысуы арқылы оны бірте-бірте еңсере отырып, оның салдары әлі ұзақ уақытқа — 150-170 жылға дейін созылатын болады.

Сол жылдардың қайғылы оқиғалары  себептерін дәстүрлі тарихнамада айтылып  келген «қателіктер мен асыра  сілтеулер» салдарымен ғана түсіндіру  мүмкін емес. Қайта керісінше, бұл  арада заңды құбылыс орын алған, яғни жұмылдыру-әкімшілік және волюнтаристік-күштеу әдістері өзінің табиғатынан стихиялы келетіні анық. Оның негізінде саяси-идеологиялық құралдарды ел өміріне кеңінен енгізу, шаруашылықты басқаруга қолдану, құқықтық нормаларды және адам факторларын (бүгінгі тілмен айтқанда) аяққа басу үрдістері жатыр. Тиісінше, қателіктер мен асыра сілтеулер қоғамды ұйымдастырудың сталиндік үлгісінін объективті логикалық шындығын білдіреді.

Осы алғышарттарды сезіне отырып, сонда да көкейге келген мынадай  сұрақтан бас тарта алмаймыз: сол  кезде мұндай қайғылы оқиғаларға қалайша жол берілді? Оның үстіне, қазір де Сталиннің және оның ең жақын серіктерінің елдің жағдайын, Даладағы тартыстың ауқымын толық  білмегендігі, оларға теріс ақпараттар берілгендігі туралы және т.б. пікірлер айтылуда. Шындығы солай ма?

Шынындада, өлкеде қалыптасқан жағдай туралы Мәскеуде баяндама жасап, оралғаннан кейін Л.И. Мирзоян (оның республикалық партия ұйымының басшылығына енді кіріскен кезі) мен ҚАКСР ХКК-нің төрағасы О. Исаевтің Қазолком бюросы отырыстарының бірінде айтқанындай, Л. Каганович қатты абыржыған. Ол ылғи да: «Бұлай болғаны қалай? ОК бұл туралы неге газеттен оқып біледі (тап-таза жалғандық, өйткені баспасөз ол кезде өз «ақпараттарын» рұқсат етілген насихаттық шамадан әрі асыра алмады. — авт.)? Бұл туралы (яғни ашаршылық, көшіп кету т.б. — авт.) үндемеу кімге («зиянкестерге» үйреншікті тұспал. — авт.) пайдалы?» деп қатты ашуланып, қайта-қайта сұрай берген.

Орталыққа шынында да апаттың ауқымы туралы айтылмады ма, әйтпесе осындай  ерсілік қайдан шықты. Бірақ құжаттар мүлдем керісінше деректер келтіреді. Ең алдымен Қазақстан ХКК-нің  төрағасы О. Исаев қол қойған ресми  үкіметтік жазбада (1932 жылғы мамыр) келтірілген біршама ақиқат ақпарат  белгілі. Сондай-ақ басқа да пікір  бар, БК(б)П Батыс Сібір өлкелік  партия комитетінің хатшысы Р. Эйхе мен Өзбекстан ОАК-нің төрағасы Ю. Ахунбабаев Мәскеуге Қазақстандағы ашаршылықпен көшіп кету туралы хабарлаған (ақылға қонады, өйткені Батыс Сібір мен Өзбекстан босқындардың үлкен тобын қабылдаған және олардың басшыларының Сталинді бұл туралы хабардар етпеуі мүмкін емес).

Сондай-ақ осыған байланысты бір эпизод еске түседі, В. Молотов Батыс Қазақстандағы  осындай жаппай ауа көшуге байланысты қатты алаңдаушылық білдіргенде, Ф. Голощекин онда таптық жат элементтер тағы да бірденені бүлдіріп жүр деген  түсініктеме берген (сондай жалтарма түсініктемелер сол жылдары бүкіл: құбырдың жарылуынан бастап даладағы өртке дейінгі проблема туралы айтыла салған). Голощекиннің ауа көшудін  мәні туралы түсінігі оның сөйлеген сөздерінен байқалады: «Қазақ өз ауылынан басқа ешқайда шықпаған, өзінің көшетін жеріне баратын жолдан басқа еш жолды білмейді, енді Қазақстанның ішінде бір ауданнан екінші ауданға көшіп-қонумен жүр, орыс, украин колхоздарының жұмысына, Еділ бойы мен Сібірдегі шаруашылық құрылыстарына да араласты. Әрине, мұндай көшу шаруашылық пен тұрмысты өзгертеді, ескі тұрмысты бұзады, нәтижесінде дәстүрлі шаруашылық қирауда. Шығын жоқ емес. Олар — ұлтшылдар — мұның тек қайғылы, шаруашылықтың қираған жақтарын, басқалары — «солшыл» сөзшендер бұдан тек контрреволюцияны ғана көреді. Әрине, қайсыбір деңгейде ана элемент те, мына элемент те бар, алайда тұрмысты қайта құру жүріп жатыр».[11]. Халықтың үлкен тобының әрлі-берлі стихиялық қозғалысын «тұрмысты қайта құру» емес, қарапайым экономикалық мұқтаждықтың тудырғаны республиканың бірінші басшысының ойына кіріп те шықпады.

Биліктің жоғары эшелондағыларының  екіжүзділігіне РКФСР ХКК төрағасының  орынбасары Т. Рыскұловтың [12]. Сталинге жазған хаты куә бола алады.

Онда былай деп жазылды: «Шамамен Қазақстан өлкесімен көршілес көшіп-қонып  жүрген жерден алынған соңғы деректер бойынша қазір қазақтар: Орталық Еділде - 40 мың адам, Қырғызстанда - 100 мың адам, Батыс Сібірде — 50 мың адам, Қарақалпақта — 20 мың, Орта Азияда 30 мың адам шамасы. Көшпелілер тіпті Қалмақ жері, Тәжікстан, Солтүстік елке және т.б. шалғай жерлерде де бар. Халықтың бір бөлігі байлары бастап Батыс Қытайға да көшіп барған. Қазақтардың орталық аудандарға қарай көшуі бірінші рет байқалып отыр. Бұл жай көшу емес (әдеттегі жазда, шағын қашықтыққа және малдары болған кезде), аш адамдардын елеулі бөлігінің талғажау іздеп босуы. Көшіп кетушілер жекелеген аудандар бойынша аудандар халқы жалпы санының 40—50%-ына жетеді...

Бірақ қазақ шаруашылықтарының  осы көшіп-қонулары мен сергелденге  түсуінің ең теріс нәтижесі — қазақ  халқының басына түскен 1932 жылы басталған  ашаршылық пен індет, ол жазда  азайып, енді тағы да жан шошытарлық мөлшерде асқынып отыр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және көшіп-қонушылар  арасында аштық пен індеттен болған өлімнің көбеюі байқалады. Ашаршылық тудырған індет қазір көктемнің жақындауымен қайта өршиді. Міне, жергілікті материалдардан алынған және соңғы кезге қатысты бірқатар фактілер. Бірқатар өлкелерден РФКСРХКК комиссиясының жұмысына қатысу үшін келген өкілдер мынадай фактілерді хабарлады: Илларионов жолдас (Орта Еділ өлкелік атқару комитетінен) Тұзтөбе және Ор аудандарында көшпелілер арасында күн сайын 5-10 адамның өлетінін айтты; Алағызов жолдас (Батыс Сібіратару комитетінен) тек бір Сібір теміржолы станцияларында 10 мың қазақтың шоғырланып қалғанын, араларында індеттің жайлағанын және олардың едәуір бөлігінің өліп жатқанын хабарлады; Солтүстік жол құрылысы кірпіш зауытында 84 қазақ жұмыс істеген, кейін оларды жұмыстан шығарған, олардың 14-і аштан өлген, сол үшін кінәлілер жауапкершілікке тартылған; Туғанбаев жолдас (Қырғыз OAK төрағасының орынбасары) Фрунзе қаласында және оның айналасында 10 мыңға дейін қазақтың (ол туралы БК(б)П ОК-іне және БК(б)П Кыробкомына жазылды) шоғырланып қалғанын және күніне 15—20 адамның (әсіресе балалар) қайтыс болатынын хабарлады.

Көшпелілердің жағдайы Қазақстанның өз ішінде де онып тұрған жоқ. Көптеген қалалар мен теміржол станцияларында (Әулиеата, Шымкент, Семей, Қызылорда және т.б.) күн сайын өлген қазақтардың мәйітін тасып жатқанын көруге болады. Шу ауданында (уәкіл Жандосов жолдастың хабарлауы бойынша), аудан орталығында, Новотройцк селосында күніне 10-12 қазақ өледі және көшпелілердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған.

Сарысу  ауданында жұмыс істейтін 7000 шаруашылықтан 500-ге жуық шаруашылық қалды, ал қалғандары Әулиеатаға және басқа аудандарға көшіп кетті, олардың бір бөлігі тіпті Қырғызстанға барыпты. Қарашада осы ауданнан бірнеше жүз қазақ отбасылары үдере көшкен. Жолда халықтың бір бөлігі аштықтан қырылған. Қаңтардың бір ғана екінші жұмасында 24 мәйіт көмілген. Жолшыбай оларға қарулы бандиттар шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырыпты. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан балалардың мұз болып қатып қалған 20 мүрдесі шықты және осы мерзімде 84 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбе облыстық комитетінің 1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол станциясына келген (және кейін Сексеуіл станциясына жіберілген, бала-шағасымен кері оралған 300-400 дейінгі көшпелілер отбасынан 100 адамның (дәлемесдеректер бойынша) оларға көмек жасалмағандықтан өлгені (оның ішінде 21 адамның кәдімгі шешектен) көрсетілген, станцияда қазақтардың таяк жегендері де бар. Аталған қаулыда аудандық ұйымдардың «қазақтардың жаппай өлуіне көз жұмып қарағаны» айтылады. Оқиға шілде айының аяғында болған, ал обкомның қаулысы қазан айында шығарылған.

Қазірге кезде Ақтөбе облысында  жұмыс істейтін мәскеулік Қызыл  Крест отрядының (Қоғамының) баяндамасында  Торғай сияқты аудандарда қазақтарды аштық пен індеттін жайлағаны  хабарланды. Аштар қалдықтарды талғажау етуде, дала өсімдіктерінің қабығын, ұсақ кеміргіштерді жейді. «Олар иттер  мен мысықтарды жеп бітірді, олардың  шалаштарының айналасында иттердің, мысықтардың және ұсақ кеміргіштердің сүйектері үйіліп жатыр». Адам етін жегендер туралы да айтылуда. Отрядтын осы хабарламасында 2 500 халқы бар  бірТорғай ауданы орталығының өзінде 728 адамның шешекпен ауырғаны, өлімнің көптігі көрсетілді. Сонымен бірге аудан орталығы бойынша шешекке қарсы егетін 12 адам жұмыс істеген кезде, ауданның 25 мың тұрғыны бар ауылдарында бар болтаны шешекке қарсы егетін 2 адам ғана жұмыс істеген. Ақтөбе облысының орталығындағылар Торғай ауданындағы шешек індеті туралы білмеген. Ал Қазақ Денсаулық сақтау халық комиссариаты да оның аудандардағы есебін алмаған, соның салдарынан өлке бойынша осы кезде шешекпен ауырғандардың саны 2400 адамға жеткен.

Жергілікті органдардың деректері  бойынша, Торғай және Батпақ қара аудандарында халықтың 20-30%-ы қазаға ұшыраған және халықтың қалған бөлігінің көпшілігі көшіп кеткен. Шалқар ауданының бірқатар ауылдық кеңестерінде халықтың 30—35%-ы қырылып қалды. Тұтас алғанда Ақтөбе облысында (осы аудандар сонда қарайды), облыстық атқару комитетінің төрағасы Иванов жолдас Кеңестердің облыстық съезінде (1932 жылғы шілде) жасаған баяндамасында хабарлағандай, облыста 1930 жылы халық саны 1 012 500 болса, содан 1932 жылы 725 800 адам немесе 71 %-ы қалған. Қызылорда аудандық атқару комитетінің төрағасы мәлімдегендей, осы ауданның көптеген ауылдық кеңестерінде халықтың 15-20%-ы ғана қалды. Балқаш ауданында (жергілікті ОГПУ дерегі бойынша) 60 мың қазақ болған. Қаратал ауданында өткен қыста үш қазақ ауылын басқа жерге отырықшылану үшін күштеп көшіру кезінде халықтың жартысы қайтыс болған. Нақ осы ауданда (жергілікті ОГПУ мәліметі бойынша) желтоқсан айы мен 1933 жылдың 10 қаңтары аралығында 569 адам аштан өлген, сол уақытта Үштөбе станциясында, Қаратал құрылыс аланында және күріш колхозында 300-ден астам мәйіт жерленген. Шұбартау ауданында 1931 жылы 5300 шаруашылық болды, 1933 жылдың 1 қаңтарына, одан қалғаны 1941 шаруашылық».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1929-1931 жылдардағы шаруалар  көтерілістер

Кеңес өкіметіне қарсы  халық наразылығыныц сипаты. Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.

Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз  ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері  мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды  кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл  фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады.

Жаппай бой көрсету тұрғындардың ұжымдастыру саясатына қарсы  жауабы болды. Басшылыктың пікірінше  Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.

1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.

Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.

Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей  адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің  алғашқы отрядтарын құрды. Созақ  көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.

Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.

Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда  округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.

Қарақүмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан  келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.

Өкімет орындарының саясатына  наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.

Көтерілісшілерге қарсы  қатаң жазалау шаралары. 1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.

ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.

Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.

Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері  болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы  үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды.[1] [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Jump up ↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
  2. Jump up ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы.

1930 жылдардағы ашаршылық