1946-1964 жылдардағы Қазақстан

II дуниежүзілік соғыс  КСРО шаруашылығына өте көп  зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард  сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың  КСРО халық шаруашылығына жасаған  жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард  сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам  селолар мен деревнялар, 32 мың  өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір  жол қиратылды, 4 мың темір жол  станциясы толық немесе ішінара  талқандалды. 2 млн. адам қираған  үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың  көп бөлігі талқандалды .

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

1946 жылы 18 наурызда  қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша  соғыстан бүлінген аудандарды  қалпына келтіру, өнеркәсіп пен  ауыл шаруашылығының соғыстан  бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан  едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан  экономикасын өрге бастыруға  үлкен мән берілді.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.

Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.

1946 жылғы 16 қыркүйекте  ауыл шаруашылығында орын алған  ауыр жағдайды жою туралы қаулы  қабылданды. Осы қаулыға сәйкес  савхоздар мен колхоздардың бұрынғы  зардаптарын жою басталды. Ауыл  шаруашылығын жаңа техникамен  қамтамасыз ету үшін мемлекет  арнайы қаражат бөлді. Төртінші  бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан  ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған  мың автомашина, шөп шабатын және  басқа машиналар болды. 1950 жылы  еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер  жұмыс істейді.

Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.

1948 жылы республикада  ауылдар мен селоларды жаппай  электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық  аудан орталығы электрленді. Селолық  электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.

Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:  
-Төлқұжаттары болмады.  
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.

Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.

Халықтың әлеуметтік жағдайы .

Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.

Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:  
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.  
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.  
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.  
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.  
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.  
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.

Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.  
 
2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).

Қоғамдық – саяси өмір.

50-жылдар мен 60-жылдардың  ортасы Қеңес елінің өміріндегі  маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте  Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің  бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың  екінші жартысынан бастап елде  игі істер атқарылды. 1953 жылғы  шілдеде КОКП ОК-нің пленумында  бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер  халық комиссариатының халық  комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі  төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси  авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі  қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен  босатылып, атылды. Осылай Кеңестер  Одағында ширек ғасырға созылған  тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда  болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің  бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке  адамға табыну және оның зардаптары  туралы» баяндама жасады. Баяндамада  жеке адамның басына табынудың  жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің  бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл  кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы  адамгершілік акт, маңызды қадам  еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған  мыңдаған адамдарды босатып, белгілі  партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан  кейін мемлекеттік аппарат реформаны  жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің  әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт  түріктерінің қүқықтары қалпына  келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі  көптеген маселелер тек қана  бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын  кеңейтуге бағытталған реформа  толық жүзеге асырылмады. Республикалардың  құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

Республиканың индустриялық дамуы.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.

Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.

1958 жылы жалпы  өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында  елімізде көлік және коммуникация  жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына  ерекше көңіл бөлінді.

1960 жылы қазақ  КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ  теміржол басқармасы құрылып, республикадағы  барлық теміржол осы басқармаға  бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында  Одақта салынған теміржолдың 30%-ы  Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.

1. Орталықтандырылған  басқару Территиориялық басқару  
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері

1957 жылғы  реформаның кемшіліктері :

1957 жылдан бастап  аумақтық принциптер негізінде  экономикаға басшылық ету ісін  қайта құру ойдағыдай нәтижелер  бермеді. Керісінше, 1) экономиканың  жекелеген салаларына тұтастай  басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық  жағынан қайта жабдықтау ісіне  нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен  тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.

Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.  
 
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы

1953 жылғы қыркүйекте  болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы  ауылшаруашылығында орын алған  жағдайға талдау жасап, оның даму  болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан  ауыл шаруашылық саласына көп  көңіл бөліне бастады. Колхоздарға  біраз дербестік берілді, ауыл-село  еңбеккерлерінің өнім өндіруге  деген материалдық ынталылығы  арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін  дайындау және сатып алу бағасы  көтерілді, аграрлық секторды техникамен  жабдықтау біршама жақсарды, онда  электр қуаты кеңірек қолданатын  болды, колхоздар мемлекетке төлеуге  тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару  жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын  экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

1954 жылы қантарда  болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы  ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші  хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

1954 жылғы қантар-наурыз  – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде  астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді  игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар:Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

1954-1959 жылдары тың  және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары  республикаға 2 млн.-ға жуық тың  көтерушілер келді, оның ішінде  механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының  саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес  Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар  жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да  егістік көлемін 28-30 млн. гектарға  жеткізу көзделді. Тың жерлерді  игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс  түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар  жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары  Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).  
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.  
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.  
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.  
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.  
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.  
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.  
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге  байланысты жайылымдар мен жем-шөп  дайындайтын алқаптардың көлемі  тарылды.  
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.  
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.  
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.  
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.  
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.  
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.  
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.  
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.  
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

Тарихты тұлғалар жасайды

Қазақтың біртуар азаматы, белгілі қайраткер Жұмабек Тәшенев туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. Аяғанның редакциясымен «Ұлы Дала тұлғалары» сериясы бойынша жарық көрген ғалымдар Сейітқали Дүйсен мен Қанат Еңсеновтың «Жұмабек Тәшенов» атты зерттеу еңбектері осы мақсаттан туған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тарапынан бекітіліп, «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдарламасы аясында оқырманға жол тартқан бұл еңбек кезінде тоталитарлық жүйеге қарсы тұрып, елінің бірлігі, жерінің тұтастығы үшін күресіп, содыр саясаттың соққысына ұшырап, түрлі қиянаттарды бастан кешірген кесек тұлғаның қайраткерлік келбетін ашып, жас ұрпаққа оның кісілік парасатын, перзенттік адалдығын, азаматтық ірілігін, ұлтжандылығын үлгі етуді мұрат тұтқан.

Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс: Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Өйткені осындай ұлт қайраткерлерінің бейбіт күндегі ерліктері туралы әңгіме көп. Халық өзі сүйген перзентінің іс-әрекетін, аңызға, тіпті кейде ел тілегінің символына баланар ертегілік кейіпкерге айналдырып жіберетіні-де бар. Сондықтан мұндай зерттеулерде нақты айғақтық деректерге, құжат мәліметтеріне сүйене отырып, шындық пен әсірелеудің ара-жігі ашылып, тарихи бағасы берілуі шарт. Сонда ғана оның өмірі мен қызметі, тұлғалық болмысы жан-жақты қамтылып, ұлтжандылық қасиеті кеңінен ашыла түспек. 
Қайраткердің кеңестік дәуірде қызмет жасаған уақыты өте қиын кезең болды. Ол соғыс алдындағы ашаршылық пен қуғын-сүргінді көрді. Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып тылдағы халықтың ауыр еңбегін біргі бөлісті. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына басталған жер мәселесіндегі құйтырқы саясатқа қарсы тұрып, қаймықпай күресті. Елім, жерім дегені үшін үкімет басшылығынан алынып, облысқа қуылды. Бұдан кейін-де кеңестік жүйе тарапынан әділетсіз жасалған теперіштер аз болған жоқ. Бірақ мұның бір-де бірі оны мұқата алмады. Қазақ халқының қайтпас қайсар ұлы алған бағытынан қайтпады: билікке иілмеді, мансапқа сатылмады, перзенттік адалдығын, азаматтық ірілігін сақтап қалды.

Осы уақытқа дейін қазақ халқының осындай біртуар абзал азаматы жайлы арнайы зерттеу еңбектің жазылмай келгендігі ойланарлық жағдай. Тек ел тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол жөнінде көзкөргендердің естеліктері мен газеттік шағын мақалалардан құралған бірнеше жинақ жарық көрді. Алайда олардың бәрі бірдей мұрағат деректеріне негізделмеген, ғылыми нақтылығы шамалы дүниелер еді. Сондықтан да авторлар тақырыптың зерттеулу аясын кеңейтіп, қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты мұрағат деректерін тауып, оларды кезеңдік мерзімдерге қарай жүйелеп, еңбектердің әрқайсысына жан-жақты тоқталып өтіпті.

Авторлар қайраткердің өмір жолы мен қызметіне қатысты мұрағат деректері бұрын жарық көрген мақалалар мен естеліктер жинақтарында пайдаланылмағанын ескеріп, өз зерттеулерінде мүмкіндігінше кеңінен қамтуға күш салып, деректердің құндылығы мен маңыздылығына мән берген. Сонымен қатар, қайраткердің бұрын жарияланбаған сөйлеген сөздері мен құжаттардағы қолтаңбалары да байқалады. Бұлардың халық қалаулысы болған азаматтың еліне сіңірген ерен еңбектерін айқындар нақты айғақтар деп білуге болады. Оларды ғылыми айналымға ендіру зерттеу еңбектің тақырыбын ашып, құндылығын арттыра түсуге көмектесері сөзсіз. Еліне адал қызмет жасаған қоғам қайраткерінің өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік, азаматтық қасиеттері жайында замандас, үзеңгілес достары, аға тұтып, қамқорлығын көрген азаматтар осы күнде-де сол бір қазақтың батыр ұлы туралы естен кетпейтін естеліктерін жариялауда. Олардың өзін мазмұн-мағынасына қарай бірнеше топқа бөліп, тарихи дерек ретінде қарауға болады. Мысалы: қайраткермен бірге қызметтес достарының естеліктері; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан уақытындағы әріптестерінің жазғандары; туыстарының жазған естеліктері; әр кезде түрлі жағдаймен алдына барып, оның жанашырлық қамқорлығын көрген азаматтардың естеліктері және т.б.

Кітапта айтулы азаматтың болмысын жан-жақты ашып, қайраткерлік тұлғасын боямасыз шынайы көрсетуге септігі тиер дереккөздерін мүмкіндігінше молынан қамтып, оларды ғылыми зерде сүзгісінен өткізіп, сараптауға ерекше мән беріліпті. Түптеп келгенде, зерттеу еңбекке қойылған талап та осы болатын.

Кітап авторлары Ж. Тәшенев тұлғасын кеңес заманындағыдай біржақты мақтап дәріптемеген, елі мен жерінің тұтастығын қорғаған еш кемшілігі жоқ ертегідегідей батыр етіп те суреттемеген. Бұл арада Отан тарихын зерделеудегі жаңа концептуалды көзқарасты негізге алғандары байқалады: Жұмабек Тәшеневті соцализм тұсында оқып білім алған, тәрбиеленген, социализм идеясына сенген және сол қоғамға адал қызмет еткен қайраткер ретінде қарастырылып, болғанын болғандай әділ жазады. Мәселен, қайраткердің мінезіндегі кейбір кемшіліктерді (ұсынысын қабылдамаған сәтте қызуқандылықпен «бетің бар, жүзің бар» демей айтып салып ренжуі, кейін артық кеткенін түсініп кешірім сұрауы, кемшілігін төменнен сынағанда ауыр қабылдауы, т.б.) ашып жазулары соның бір дәлелі.

Бұған кітаптың 77-бетін ашсақ, тағыда да көз жеткіземіз. «Әрине, жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды. XVI ғасырда өмір сүрген неміс ойшылы М. Лютер «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды» деген екен. Сондықтан, авторлар: «Ж.А. Тәшенев осы облысты мінсіз басқарды, ешқандай қателік, кемшілік болмады, тек қана табыстарға жетуден тұрды деуден аулақпыз. Облыстық, республикалық жиындарда бұл қайраткердің атына кемшіліктер, талай сындар да айтылды. Мәселен, 1955 жылы облыстық партия активі жиналысында коммунист П. Г. Коломойцевтің „Ж.Тәшенев кейде сынға төзбейді“ деген пікірін Жұмабек Ахметұлы мойындаған», — деп көрсетеді.

Республика Жоғарғы Кеңесі мен Үкіметін басқарған (1955–1961 жж.) уақытта Ж.А. Тәшенев республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдениеті мен өнерінің дамуына үлкен үлес қоса білді. Авторлар Қазақстан мүддесін қорғауға сол кезде басшылық қызметте жүрген орыс ұлты өкілдерінің де түсіністікпен қарап қолдағанын шынайы көрсете білген. Мәселен, Тың өлкесінің бюджетін, басқа да мәселелерін Қазақстан басшылығы емес, тікелей Мәскеуде шешуге Ж.А. Тәшенев қарсылық көрсеткенде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бірінші орынбасары Григорий Андреевич Мельниктің оны қолдағанын авторлар әділдікпен жазған.

 

Ж.А. Тәшенев республиканың Жоғарғы Кеңесіне басшылық еткен тұста Мәскеуден «Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданын Өзбекстанға беру жөнінде ұсыныс енгізіңдер» деген нұсқау келеді. Осы мәселе бойынша тәшеневтің төрағалық етуімен арнаулы комиссия Мәскеудің бұл ұсынысын мақұлдамайды. Комиссия мәселені қарастыра келе, «Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді тиімсіз санаймыз» деген шешім шығарады. Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Л. И. Брежневке жіберіледі. Абырой болғанда Л. И. Брежнев Ж.А. Тәшенев төрағалық еткен комиссияның қорытындысына қарсы келмейді. Қайта қолдау білдіріп, «Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін» деген қаулы қабылдайды.

«1960 жылы қыстың қаттылығына жем-шөп жетіспей, елімізде малдар қырыла бастайды. Үкімет тізгінін енді қолына алған Ж.А. Тәшенев бар жауапкершілікті өз мойнына алып, мемлекеттік бөлінбес қордағы астықты аудан, облыстарға таратып береді. Бұл сол кезде Мәскеудің рұқсатынсыз Республика Премьер-Министрінің бассыздық әрекеті саналатын. Жұттың беті қайтып, көктем шыға осы ісі үшін жауапқа тартпақ болып, үкімет басшысын Кремль көсемдері шақыртады. Ленинград тұрғындары аштан қырылып жатқанда, С. М. Киров «мемлекеттік бөлінбес қорды» жұмысшыларға карточкамен таратқан. Осы үшін оның басы кеткен. КСРО тарихында содан кейін «мемлекеттік бөлінбес қорды» таратқан Ж.А. Тәшенев екен. Министрлер Кеңесінің Президиум залына кірген бетте Хрущевтің қасында отырған бірінші орынбасары Ф. П. Козлов:

— Одақтық қордағы астықты неге таратасың, Тәшенев? Рұқсатты кім 
берді саған? — деп үстелді тоқпақтап, дүрсе қоя берді. Ж.А. Тәшенев те қайтпай, мінберге жетіп барып, Қазақ КСР-і Одақтың ішіндегі өз құқығы бар ел екендігін, өз байлығын қалай жұмсауды сол елдің үкіметі шешетіндігін дәлелдеп тойтарыс береді. Кеңес елі басшысының сенімді көмекшілерінің біріне қарсы одақтас республика өкілінің мұндай сөз айтуының өзі ерлік болатын.

Осы оқиғаның куәсі болған Белоруссияның Мәскеудегі тұрақты өкілі Қазақ КСР-інің Мәскеудегі тұрақты өкілі И. Шәріповтің қолын алып тұрып: «Мынадай отты Премьерді бұрын-соңды көрмеп едім. Өзі жас екен. Бұл жігіт не аспанға шығады, не көп ұзамай орнынан түседі» деген екен. Дәл осы күні «Мәскеу» қонақүйінде КСРО-ның құрамындағы одақтас республикалардың осындай қызметкерлері арасында осы жиынға қатысқан тағы біреуі: «Кеңес өкіметі құрылғалы бірінші рет мынандай үлкен жиында өз республикасының дербестігін айтқан сөз естілді. Енді көп ұзамай КСРО тарайды!» — деп, басқалардан сүйінші сұрағандай айтыпты.

Қазақ халқының жарқын болашағы үшін жанын аямай еңбек еткен Жұмабек Ахметұлын сол кездегі Кеңес Одағының құрамындағы одақтас республикалардың басшылары, жоғары лауазымды қызметкерлерінің көпшілігі білетін, құрметтейтін. Ж.А. Тәшенев басқа да ұлт республикалары басшыларынан қолдау тауып, олардан жеделхаттар, хаттар алып тұрған.

КСРО басшысы Н. С. Хрущев «Тың өлкесін» Қазақстан құрамынан алып Ресей Федерациясына беру туралы ұсынысты республиканың басшы қызметкерлері негізінен қолдағанын айтып, осы мәселе жайлы Ж.А. Тәшеневтен пікірін сұрайды. Жұмабек Ахметұлы бұл мәселенің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсы екенін батыл айтады. Егер Қазақстан басшылығының, халқының қарсылығына қарамай қазақтың жерін бөлшектейтін болса, өзінің халықаралық заңды мекемелерге дейін шағым беретінін мәлімдейді. Осындай табанды қарсылыққа кездескен Н. С. Хрущев Қазақстан басшылығы мен оның халқының пікірімен санасуға мәжбүр болып, алғашқы ойынан қайтады. Бұл сталиндік зұлматтан кейін еңсесі түскен халықтың ұлттық рухын оятқан ерлік оқиға болды.

1946-1964 жылдардағы Қазақстан