1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.

Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп санады, басқа біреулері “Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап”деп сынады. “Тарихтағы” отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылымикескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан” (1947 ж.) деген монографиясындаайтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зияынды деп жарияланды. 1950 ж. “Правда” газеті Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.

Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер (1946—1970 жж.)


Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40—50 жылдары шарықтай түсті. Бүл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи қүқығын шектеу, үлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси жэне мэдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бүзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комнтетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бүл қүбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жүмысын аталмыш қаулының аясында жүргіздіМәскеу мен Ленинградта “Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы “Бекмахановтың ісі” үйымдастырылды. Е.Бекмаханов согыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин жэне тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тари- хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп үзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы үлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XIX ғасырдың 20—40 жылдарында” деген көлемді еңбегі де сынға үшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік түрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыптал- ды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жүбанов, Х.Жүмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғүлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси жэне буржуазиялық-үлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.1948 жылы “космополитизммен”, яғни шетел мемлекеттерінің мэдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері — Б.Кенжебаев, Т.Нүртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов үлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Ака- демиясының президенті Қ.Сәтбаев “Едіге батырға” алғысөз жазғаны үшін “үлтшыл” атанса, М.Әуезов 1945 ж. жарық көрген “Абай өмірінің жэне творчествосының биографиялық очеркі” еңбегінде Абайды “феодалдық ақындар Шортанбай, Мэшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін” қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінэлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мэжбүр болды. “Космополиттер” қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған “араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген” деген мағынадағы кінэ тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың “Абай Қүнанбаев” атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінэ тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың “Балуан Шолақ”, С.Мүқанов алғысөз жазған ҚАманжолов пен Х.Бекхожиннің “Батырлық эпосы”, Қ.Сатыбалдиннің “Әлия”, М.Хакимованың “Мәншүк” еңбектері қайтып алынды.

Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954—1964 жылдары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әмірпііл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес жэне қоғамдық үйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бүл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қай- раткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегін- дегілердің Сталиндік тэртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ре- сейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік үлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтүрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов жэне т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси эділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта қүрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-эрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға үшыраған башқүрттар, қалмақтар, шешендер, ингуш- тар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта қүруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тыйым салды.Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тэртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953—1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, Қ.Шаңғытбаевтың “Намыс” жэне т.б. еңбектері басы- лымнан алынып, жариялануға тыйым салынды.

1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия үйымдарына “Партия үйымдарының бүқара арасын- дағы саяси жүмысын күшейту жэне жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, түтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси түрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы болыиевиктердің тактикасы” атты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бүрмалағаны үшін” жэне өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам түтқындалды. Мүндай келеңсіздіктер 60жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959—1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы үсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рүқсат сүрады. Бүған жауап ретінде республика ком- партиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, үлт мәселесін көтерушілермен күресті жан- дандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін үлтаралық тіл ретінде көтеру мэселесі өте маңызды болды.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мэскеуге бағындырылды. Ақмола — Целиноградқа, Батыс Қазақстан — Орал облысына айналды.¥лт саясатындағы бүрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу — тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжа- нов, САқатаев, М.Тэтімов, М.Әуезов бас болып “Жас түлпар” атты үйым қүрды. Мақсаты — қазақ жастарының үлттық санасын ояту. Мүндай үйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одес- сада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шым- кентте жэне басқа жерлерде пайда болды.Қазақстанды орталықтан басқару үлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың эскери сүранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар жэне Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ по- лигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық жэне қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жары- лыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.

Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммуннзмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды үсынганнан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия қүрылады. Бүл комиссияның жо- балары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланылды.Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан түрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң піығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бүйрық- жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бүл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде экімшіл-эміршіл жүйе билік қүрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5—8 мың адамнан — біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.

Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдыц қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Плену- мында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП OK 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.Согыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиын- шылық тудырды. Республиканыц интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерініц соғысқа алынуы, мэдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердіц саныныц азаюы елдіц мэдени даму үрдісіне кедергі келтірді. Аталган кезецде дүниеге келген шыгармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл ецбеккерлерініц өмірі бейнеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефарат

Қазақстанның 1946-1970 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі.

 


1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі