3Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012

2 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік  кешені

Ф.4.09-40

01.09.2012 ж.


 

Педагогика және психология факультеті 

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар  жөніндегі проректор_________Еркінбаева Л.К.

«_____»__________  2013 ж.

 

 

         

 

  Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

 

 

 

Мамандық: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Оқу формасы: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай

 

 

 

 

 

Талдықорған 2013 ж.

Оқу -  әдістемелік кешенді  оқу  бағдарламасына  сәйкес  5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығына аға оқытушы Альменбетова Қ.Ж. кұрастырған.


Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды.

«______» _________ 2013 ж.  №  хаттама.

 

 

Кафедра меңгерушісі Г.Н.Жолтаева

 

 

 

 

 

 

«______» _________ 2013 ж.  №  хаттама.

Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның  төрайымы                                   К.Н.Ахмедиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012

2 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Силлабус

Ф.4.09-42

01.09.2012 ж.


 

Педагогика және психология факультеті 

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

 

С И Л Л  А Б У С

 

Пән: Мектепке дейінгі  жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі

Мамандық: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

 

Оқыту түрі: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай

 

 

Курс 3

Семестр 6

Кредиттер саны - 4

Барлық дәрісханалық сағат саны:          180  

Барлық аудиториялық сағат                     36

соның ішінде:

дәрістер                           4

лабораториялық                                             4

Консультациялар F2F                               28

Барлық қашықтан оқыту                          144 

соның ішінде СӨЖ:                                  114
лекциялар                                          26

лабораториялық  сабақтар                           26

ӨЖ                                                               62

Консультация on-line, off-line                    30

Аралық бақылаулар-2

Емтихан –  6семестр

 

 

 

 

 

Талдықорған 2013

ТИПТІК ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ

Жоғарғы  кәсіптік білім беру

 

 

 

 

 

 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ  ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ

5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығы бойынша 5кредит (225сағат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы 2007

  1. Қазақстан мемлекеттік қыздар педагогика институтының ОӘҚ ұсынған

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж. Республикалық жоғарғы және жоғарғы оқу  орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен Бекітілген және Пайдалануға  рұқсат етілген.

 

  1. Тұңғыш енгізлген.

 

  1. Типтік оқу бағдарламасы 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандарты негізінде жасалған.

 

  1. Типтік оқу бағдарлама Қазақ мемлекеттік қыздар пепагогика институты Оқу –әдістемелік бірлестігі кеңесінің 12.09.06жылғы №1 хаттамасы бойынша баспаға ұсынылды.

 

  1. Типтік оқу бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

         Қазіргі заман талабы болашақ  ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі  мен көркемдік білімін жетілдіру  қажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық  қоғамдық тәжірибеге, адамдар қарым-қатынасына, олардың қажеттіліктеріне, эстетикалық көзқарастар мен  көркемдік талғамдарына  бірте-бірте еніп келеді. Осыған байланысты  мектепалды жасындағы балаларға  эстетикалық  тәрбие беру талабы  өсіп отыр. Бейнелеу өнері балаларға эстетикалық тәрбие беруді, шығармашылық тәжірибе мен балалардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруды көздейді.

Пәннің мақсаты, оның оқу үрдісіндегі орны

Студенттердің эстетикалық  мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі балаларды  бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің  әдістеріне үйрету.

Пәнді оқыту  міндеттері:

  • Болашақ балалар мекемелері қызметкерлерін  бейнелеу өнері тарихы мен құрылысына үйрету;
  • Сурет салуда, кескіндеме, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
  • Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды сабақта қолдануда үйрету;
  • Педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге үйрену;

 

Студенттер  пәнді оқу нәтижесінде білуге тиіс:

  • Адам өміріндегі өнердің тарихы;
  • Қазақстанның әйгілі мүсіншілері мен суретшілерінің шығармалары;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктері;
  • Балалардың сабақтағы және өзіндік көркемдік жұмыстардағы бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру.

 

ПӘН МАЗМҰНЫ

    1. Курстың пәні мен міндеттері

        Пән  обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен  байланысы философия,  педагогика, психология,  эстетика, мәдениеттану  және  т.б.

           Курсты  оқыту әдістері- әдебиеттерді  оқыту,  педагогикалық  үрдісті  бақылау, эксперимент,  балалар  жұмыстарын психологиялық -  педагогикалық талдау,  тәжірибе қорыту,  бейнелеу  өнер  шығармаларын  идеялық көркемдік талдау.

 

2.Бейнелеу  өнерінің теориясы,  оның  түрлері   мен жанрлары

Бейнелеу  өнерінің қоғамдағы  ролі,  пайда  болуы  мен дамуы. Өнердегі  көркемдік бейнелер. Өнердегі  мазмұн,  форма,  үйлесім. Бейнелеу  өнерінің түрлері мен жанрлары.

Кескіндеме-заттар мен құбылыстардың  түрлі-түсті  материалдар негізінде  кеңістікте бейнеленуі. Кескіндеме түрлері: монументті, станокты, театрлық-декорациялық, миниатюра.

Кескіндеме техникасы: фреска, өрнек, мозайка, витраждар. Станокты сәндік кескіндеменің жанрлары: пейзаж, натюрморт, портрет, тарихи, тұрмыстық жанр т.б.

Графика. Оның  бейнелеу құралдары. Графика түрлері: плакаттық, кітаптық, станокты, журнал-газеттік, сатиралық графика. Балалар кітаптарын иллюстрациялау.

Мүсін – көлемдік- кеңістікте бейнелерді мүсіндеу өнері. Мүсіннің техникасы мен материалдары.

Сәулет   өнері мен оның  өзіндік ерекшеліктері. Сәулет  өнерінің  әсерлі  құралдары:пропорция, ырғақ, симметрия,  қарама – қарсылық, үйлесімділік, әшекейлеу  элементтері. Сәулет өнерінің стилі. Халықтық  және  сәндік  қолданбалы өнер. Халық өнерінің ерекшелігі. Сәндік  қолданбалы өнер  материалдары (ағаш, темір, жүн, сазбалшық, сүйек, әйнек және  т.б.)

 

3.Шетел   және отандық бейнелеу  өнерінің  даму  сатылары

       Өнердің тарихи сипаты. Ежелгі  египет  және Рим империясының  өнері.  Қайта  өрлеу  дәуірінің  өнері /Леонардо Да Винчи, Микеланджело Буанаротти, Рафаель  Санти т.б./

       Орыс  бейнелеу  өнері. Сәулеттік ескерткіштер, портреттік  кесіндеме, ХІХғасырдағы  бейнелеу  өнері  И.Репин, В.Суриков,И.Левитан, И.И.Шишкин т.б.) Қазіргі  бейнелеу  өнері.

       Орта  Азия  өнері. Қазақтың  халық сәндік – қолданбалы  өнерінің  өзіндік  ерекшеліктері,  оның  шығу  тарихы  мен  дамуы. Қазақтың халықтық  дәстүрлі  қол  өнері. Қабырғадағы суреттер,  тас мүсіндер. Қазақстанның  мүсін  ескерткіштері /Бабаджа – Қатын, Ахмет Яссауи, Айша – Биби  мазарлары  мен  Отырар  қаласы/. Қазақтандағы қазіргі  сәулет  өнері.

       Қазақтанның  бейнелеу  өнері  шеберлері /А.Кастеев, А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Қ.Тельжанов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, М.Қисаметдинов, Н.Г.Хлудов, Б.Иткина, Е.Сидоркин, Х.Наурызбаев, С.Романов, Т.Досмағамбетов, Е.Мергенбаев т.б./ Қазақстан  жас  мүсіншілері  мен  суретшілерінің  шығармалары.

4.Бейнелеу  іс – әрекетіне  үйрету  әдістерінің  дамуына  қысқаша   шолу.

       Әдістеменің  дамуындағы  негізгі   бағыттар. Алғашқы  бағыттар. Эстетикалық   тәрбие беру  саласындағы Е.Флерина,  Н.Ветлугина, Н.Сакулина, Богатеева З.А, Григорьева Г.Г, Казакова,  И.С.Комарова, В.С.Мухина, Г.Н. Пантелеева, С.Т.Халезова, сынды зерттеуші  ғалымдардың  еңбектері.

       Эстетикалық тәрбие  беруде  қазақ   педагогтары  мен  ағартушыларының   идеялары. /Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин/. Қазақстандағы  көркемдік тәрбие  беру саласындағы  педагогикалық зерттеулер /М.Қ.Балтабаев, С.Ұзақбаев, Б.Сатқанов, П.Қамақов,  Т.А.Левченко, Ф.Н.Жумабекова  т.б./

       Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегі Ы.Алтынсарин  атындағы  білім Академиясының  жұмыстарының  негізгі  бағыттары. Бейнелеу  өнеріндегі  қабілеттілік, үғымының анықтамасы. Қабілеттілікті  дамытудың  анатомиялық – физиономиялық  негіздері бейнелеу  іс – әрекетіндегі  шығармашылық. Шығармашылық  жұмыстарына  психологиялық  дайындық /тәжірибе  жинақтау, іскерлік пен  дағдыларды   қалыптастыру, есте  сақтауды  дамыту/. Балалардың  шығармашылығын  дамыту  шаралары басшылық жасау  әдістері. Шығармашылық іс – әрекеттің  мотивтері. Балалардың шығармашылық  жұмыстарын  бағалау  көрсеткіштері.

         Қазақстандағы  эстетикалық тәрбие  берудегі  қазіргі  бағдарламалардың  сипаттары / «Балбөбек»/  және  оның  ғылыми  негіздері – балалардың  жас  ерекшеліктерін  есепке алу,  бейнелеу  дағдылар мен шығармашылықтарын қалыптастыру  заңдылықтары. Бағдарламаның  құрылымдағы  жалпы  дидактикалық  принциптер  /тәрбиелік  сипаты,  оқытудың  өмірмен байланыстылығы,  түсініктілігі/. Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістемелік құралдары мен авторлық  бағдарламалары.

5.Әр  түрлі  жас  топтарында  бейнелеу  іс – әрекетін  ұйымдастыру.

     Бейнелеу  іс – әрекетінің  ұйымдастыру.  Сабақ  және  балалардың өзіндік  көркемдік  іс – әрекеттері. Материалдар мен құрал – жабдықтарға  қойылатын  гигиеналық  және  эстетикалық  талаптар.

      Күн  тізбегіндегі  сабақтың алатын орны. Сабақтың  түрлері: жаңа сабақ, бейнелеу  дағдыларына  жаттығу, есте  сақтау, кіріктіру  сабақтары. Тәрбиешінің  сабаққа дайындығы. Материалдар мен арнайы  құралдарды  сақтау. Әдістер мен  тәсілдердің  топталуы  мен сипаттамасы /көрнекілік, сөздік,  ойын/. Олардың  өзара  байланысы.         Мектеп жасына  дейінгі  балаларды  бейнелеу  іс – әрекетіне  үйретудегі  көрнекілік әдістері,  оны  психологиялық – педагогикалық  жағынан  негіздеу. Қоршаған  өмірді  бақылау оқытудың негізі. Заттарды  зерттеуге  үйрету  тәсілі. Иллюстрациялар, слайдтар, диафильмдер,  кинофильмдер мен нақты  заттар.  Сөздік әдіс – тәсілдер:  сипаттық  әңгіме,  түсіндіру,  нұсқау,  сұрақтар,  қайта  түсіндіру,  көркем сөз  қолдану /жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  тақпақтар,  мақалдар  т.б./ мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  үйретудегі  ойын  тәсілдері /ойын  ұйымдастыру,  ойын  түріндегі көрнекілік – әрекеттік  жаттығулар/.   И.ЯЛернер  ұсынған  әдістер мен тәсілдер  топтамасы:  ақпараттық – рецептивтік, репродуктивтік,   зерттеу,  эвристикалық,  проблемалық  мазмұндау  әдісі.

6.Әр  түрлі  жас топтарында  сурет  салуға  үйрету  және  олардың  шығармашылықтары.

      Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  жеке  басының  дамуындағы сурет   салудың  алатын орны.  Балабақшадағы   сурет салу  түрлері: заттық,  мазмұндық, сәндік. Заттарды  бейнелеуге  үйретудің мазмұны мен міндеттер. Бейнені әсерлі  бере  білу  талаптары. Сурет салу  техникасына үйрету  мен бейнелеу  әсерлі  құралдарын  қолдану жолдары.

       Мазмұнды  сурет салу.  Мектепке даярлық  тобында  сурет салудың  мазмұны  мен міндеттері. Кеңістікпен  байланысты  бірнеше  заттың  суретін  салуда  жақындағы  және  алыстағы  обьектілердің  композициялық  орналасуын  бере  білуге  біртіндеп  көшу. Әсерлеу  және бейнелеу  құралы  ретіндегі  түспен колоритті  пайдалану.  Сәндік  сурет  салуға  үйретудің  мазмұны  мен міндеттері. Көркемдік  талғам  мен  эстетикалық  дамуды  қалыптастырудағы   сәндік  сурет  салудың  мәні.  Балаларды  халықтың сәндік  қол  өнерімен  таныстыр  ою – өрнек  әдістеріне  үйретудің  әдістері мен тәсілдері.

       Бірінші   сәбилер  тобындағы  сурет  салудың  өзіндік  ерекшеліктері.  Көрнекілікке, ойын элементтеріне,  ойын – драматизациялар,  тақырыптың  бейнелілігіне  негізделген   үйрету тәсілдері,  екінші  сәбилер  тобындағы балалардың  көзқарасын  жетілдіру.  Үйрету тәсілдердің  ойындық сипаты. Бала суретіндегі  бейненің  қалыптасуы,  тақырыпқа  қызығушылығы мен бейненің  нақтылығы  үшін  суреттер  мен   картиналар көрсету. Тәрбиешінің  іс – әрекетті сөзбен  түсіндіруі.  Балалар  жұмыстарын талдау.

       Естиярлар   тобында  балалардың  заттың  негізгі  бөліктерін  көре  және бейнелей  білу  қабілеттерін  дамыту.  Көрнекілік  пен  бейнелі   сөз  үйлесімділігіне  негізделген әр  түрлі әдістер мен тәсілдер  қолдану.  Ересек  топ  балалардың  бейнені  дұрыс құра  білу,  әр  түрлі  бейнелеу  құралдарын  өз  бетімен  пайдалану  қабілеттерін  дамыту  бағытындағы  жұмыстар. Нақты  затты  пайдалану,  бейнелеу  тәсілдерін  көрсету.  Кеңістікте  бейнелеу  қабілеттерін  қалыптастыру  мақсатында суреттер,  слайдтар, кинофильмдер  көрсету.

      Балалардың  көңіл – күйі  мен  қызығушылығын   арттыру  мақсатында  көркем  әдебиет    образдары  мен  музыкалық  шығармаларды  пайдалану.  Балалар жұмыстарын  талдауды  ұйымдастыру. Өз  бетінше жұмыс істей білуге,  өз  жұмысына сын көзбен қарауға,  бағалауға тәрбиелеу.

     Мектеп жасына  дейінгі баланың  жеке  басын   дамытудағы  бейнелеу  өнерінің  маңызы. Баланың  эстетикалық   дамуының  педагогикалық  эстетикалық   мәдениетіне  байланыстылығы.  Балабақшаны  безендіруде,  сабақтар  өткізуде,  көрмелер мен  топ  серуендер  ұйымдастыруда  бейнелеу  өнерін пайдалану.  Мектеп  жасына  дейінгі балалардың  қабылдауына  қарай  бейнелеу  өнері  шығармаларын (кескіндеме,  мүсін, халық  өнері) таңдауға  қойылатын талаптар.  Өнер  туындыларымен   таныстыру.  Мақсатты  және  берік қабылдауды дамыту  тәсілдері.  Балалардың  өзіндік іс – әрекеттерін ұйымдастыру. Оның  күн тәртібіндегі  алатын орны. Жұмыс орнын таңдау. Өзіндік көркем  іс – әрекетке жанама  әсер  ету  жолдары  мен  әдістері.  Мерекелік  ойын - сауықтар,  сахналандырылған  ойындар,  балалар  жұмыстарының  көрмесі.

7.Әр  түрлі  жас  топтарында  мүсіндеуге  үйрету  және  олардың  шығармашылықтары.

     Балалардың  эстетикалық  тәрбиесіндегі  мүсіндеудің  ролі.  Балабақшаның  әр түрлі  жас  топтарындағы  мүсіндеу  сабақтарының  түрлері  мен  саны.

      Затты   мүсіндеу. Міндеттері.  Бағдарламалық   талаптардың  бір  топтан  екінші  топқа  біртіндеп   күрделенуі.  Мүсіндеу  техникасының  сазбалшықты алақанда  илеуден бастап  саусақтардың  белсенді қызметіне қарай ауысуы.  Саусақ  бұлшық  еттері мен тепе – теңдік  дәлелдігін  дамыту. Мазмұнды  мүсіндеу. Міндеттері.  Сәбилер,  естиярлар,  ересектер топтарындағы  бағдарлама талаптарының  біртіндеп  күрделенуі.  Қатар  тұрған  жеке  заттарды мүсіндеуден  біріккен  мүсіндік  топтарды  бейнелеуге  көшу.  Зат  мүсінін  берудегі  бөліктердің  ролі.

        Сәндік  мүсіндеу.  Әр  түрлі  жас   топтарында  сәндік  мүсіндеуде  үйретудің  мазмұны  мен міндеттері. Жазықтықта  басыңқы және  шығыңқы бейнеленген заттарды  сәндік  безендіру. Әр  түрлі жас топтарындағы  мүсіндеуге  үйрету  әдістемесі.  Сенсориканы дамытуға  арналған  дидактикалық  ойындар.  Балаларды көлемді денелердің  бөліктерімен  таныстыру,  затты  құрылысы  қарапайым  денелермен  салыстыра  білуге  үйрету.  Балалардың  пішін  туралы  ұғымдарын қалыптастыру  үшін  кіші  мүсін шығармаларын  қабылдау.

8.Әр  түрлі  жас  топтарында  жапсырмалауға   үйрету  және  олардың  шығармашылықтары

       Халықтық сәндік – қолданбалы  өнердің  бір  түрі  ретіндегі  жапсырмалаудың  өзіндік  ерекшелігі  және  эстетикалық  маңыздылығы. Әр  түрлі  жас  топтарындағы  жапсырмалау  сабақтарының  мазмұны  мен  міндеттері.  Төрт  жастағы  балалардың  қарапайым  дайын  геометриялық  фигураларды  орналастырулары  және  жапсырулары.

        Жапсыру   техникасын  меңгерту.  Мектеп  жасына  дейінгі  сәбилердің  ойлауының  нақтылық – бейнелілік  сипатын  ескере  отырып,  геометриялық  пішіндерді  жапсырудың  бейнелік  принципі. 2-ші  сәбилер  тобындағы  сәндік  жапсырмалаудың  мүмкіндіктері.

      Қайшымен  қию  тәсілі  естиярлар  және  ересектер тобындағы  негізгі   міндеттердің  бірі.  Балаларды қайшымен  қиюға біртіндеп үйрету.  Дайындық  тобындағы силуэттік кесудің күрделі тәсіліне  түзу  қию арқылы  үйрету.  Заттық,  мазмұнды  және  сәндік  жапсырмалау тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктері. Жапсырмаған пішіндерді  орналастыру  арқылы  кеңістікті  бағдарлау  мен  көзбен  мөлшерлеуді  дамыту.

      Кесу  және  жапсыру  тәсілдерін  көрсетуге  қойылатын талаптар. Жапсырмалау сабақтарында  қолданылатын  әдістемелік тәсілдер:  үлгілердің  алуан түрлілігі,  заттың  сұлбасына талдау  жасау  арқылы  қиып  жапсыру,  қайшымен  қию  тәсілдерін көрсету.  Балалардың  жұмысындағы  қателіктерді  табуы  және  талдауы.  Мектепке  дайындық  тобындағы жапсырмалаудың  ұжымдық жұмыс мүмкіндіктері.  Жапсырмалау сабақтарында  балалардың  шығармашылығын  дамыту.  Балаларды  құрастыру мен  көркемдік  еңбекке  үйрету.

       Құрастырудың  өзіндік  ерекшелігі.  Оның ақыл – ой  дамуындағы  техникалық  қызығушылықтарының  қалыптасуындағы,  тапқырлықты,  ойлауды  дамытудағы  мәні.  Мінез – құлықтың  ерік,  табандылық,  төзімділік,  ұйымшылдық  сияқты  сипатын  қалыптастыру.  Құрастыру  іс – әрекеті  арқылы  балалардың  эстетикалық  даму  мүмкіндіктері.  Кеңістік  туралы  ұғымдарды  кеңейту,  үш  мөлшерлі  пішіндердің атауларын,  конструкторлардың  бөліктерін, шамаларын,  бағыттарын  меңгерту. Құрылыс  материалдары  мен  әр  түрлі конструкторлар   арқылы  өтілетін  құрастыру сабақтарының  мазмұны,  міндеттері  және  әдістері.

        Кіші  сәбилер  тобындағы   құрастыру  іс – әрекетінің  өзіндік  ерекшеліктері,  оның  ойындық  сипаты. Қарапайым   құрылыстарды  құрастыруға  үйрету,  дайын  құрылыстарды  оңай  бұза  білу  қабілеттерін  қалыптастыру.  Материалдарды  жинастырудың  ойындық  тәсілі. Естияр,  ересек,  мектепке  дайындық  топтарындағы  құрастыру сабақтарының  мазмұны,  міндеттері  және  әдістемесі.

       Естияр  және  ересек  топтардағы  құрастыру сабақтарының  әр  түрлі типтері: үлгі  арқылы  көрсету,  үлгі  бойынша бірақ көрсетусіз,  тәрбиешінің нұсқауы,  сызба немесе  сурет бойынша, тақырыпқа берілген  шарттар бойынша балалардың  өз  ойлары  бойынша құрастыру.

       Үйрету  тәсілдері: үлгілердің  әртүрлі  нұсқауларын,  іс –  әрекетінің  түрлі  тәсілдерін  көрсету,  оқытудың  сөздік әдістері, кеңес, талдау, жинау т.б.

       Тұрмыстық  және  табиғи  матералдарды  қолдану  арқылы  құрастыру   түрлері.  Түрлі  табиғи  заттарды (қарағай  тұқымы, ағаш  қабығы,  өсімдіктер  тұқымы)  қолдану арқылы  балалардың  сәбилік қиялдарын дамыту.  Балабақшаның ересек топтарында  ағаштан құрастыру.  Тоқыма  материалдарымен жұмыс. Балалардың  сабақтан тыс кездегі құрастыру тәсілдерін  меңгеру және  оған  басшылық.

 

9.Мектепке  дейінгі  ұйымда  балалардың  бейнелеу  іс – әрекетін  ұйымдастыру.

         Бейнелеу  іс – әрекеті   жұмыстарын  жоспарлаудың  негізгі   принциптері. Оның мектепке  дейінгі   ұйымның білімділік – тәрбиелік  жұмыс мазмұнымен  байланыстылығы. Балалар  жұмысын  талдау  және  оны  жинақтауды  ұйымдастыру. Сабақты  жоспарлауда  педагогтарға  көрсетілетін күнделікті  көмек (жеке  және  топтық  кеңес  беру,  семинарлар,  практикумдар,  үйірмелер).   Ата – аналармен  жүргізілетін  жұмыстар  (жиналыстар,  кеңесулер,  дөңгелек  үстел).

      Мектеп  жасына  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балаларды   бейнелеу  өнері  құралдарымен  үйрету,  дамыту,  тәрбиелеудің  байланыстылығы. Балабақша  және  бастауыш  сынып  оқушыларымен  бейнелеу  өнері сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері.

Студенттердің  оқытушымен  орындайтын  жұмысының  (СОӨЖ) үлгі  тақырыптары:

  1. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  бейнелеу  қабілеттері  мен шығармашылықтарын дамыту
  2. Кескіндеме  және  оның  түрлеріне сипаттама
  3. Мүсін  өнері  және  оның  түрлеріне  сипаттама
  4. Сәндік – қолданбалы  өнері  және  оның  түрлеріне  сипаттама
  5. Сәулет  өнері  және  оның  түрлері  және  оның  түрлеріне  сипаттама  Қазақстанның ежелгі  сәулет  өнерінің  ерекшеліктері  (пікір сайыс)
  6. Балалар  кітаптары  мен мультфильмдерінің  суретші иллюстраторлары. Қазақстанның атақшы  суретші – иллюстраторларымен  таныстыру
  7. Бейнелеу  іс – әрекетінің түрлері  және олардың  мектеп жасына  дейінгі  балаларды  жан – жақты  дамытудағы  маңызы.
  8. Бейнелеу  өнеріне  үйретудің  әдістері мен  тәсілдері. Үйретудің әдіс  тәсілдеріне   талдау  жасап,  зерттеу  әдістерін  ұйымдастыру.
  9. Студенттерді  сабақ  өткізу  әдістемесімен  таныстыру
  10. Балабақшада сурет салудың  түрлері  мен  үйретудің  кезеңдері
  11. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды мүсіндеуге  үйрету  және  оның  ерекшеліктері
  12. Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  құрастыру іс – әрекетін  ұйымдастыру  әдістемесі.

 

Курстық  жұмыстың  үлгі  тақырыптары:

    1. Қазақстанның ежелгі  ескерткіштері
    2. Мектепалды  дайындығы тобында  сәндік  сурет  салудан  сабақ  өткізу әдәстемесі
    3. Мектепалды  дайындығы  тобында  затқа  қарап сурет салу  сабақтарын ұйымдастыру
    4. Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  көркемдік – шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру
    5. Мектеп жасына  дейінгі  балаларды  қазақтың  сәндік – қолданбалы  өнерімен  таныстыру
    6. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  қазақтың  ою – өрнек  өнерімен  таныстыру
    7. Эстетикалық  білім  беруде  ата – аналармен  жүргізілетін  жұмыс  түрлері
    8. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  суреттерінде  ересектер  еңбегінің  бейнеленуі
    9. Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  суреттеріндегі табиғат  көрінісі
    10. Мектепалды  дайындығы  тобында  мазмұндық сурет салу  сабақтарын  өткізу  әдістемесі

Негізгі  әдебиеттер:

  1. Аубакирова Р.Ж. Абремская И.Б. Бейнелеу өнері. Сурет салу. А. Алматы кітап. 2009
  2. Богатеева З.А  Мотивы народных  орнаментов  в детских  аппликациях. – М.,2001
  3. Венгер Л.А., Пилюгина Э.Г., Венгер Н.Б.  Воспитание  сенсорный  культуры  ребенка. – М.,2003
  4. Григорьева Г.Г. Развитие дошкольника в изобразительной деятельности.-М., 2005
  5. Гусакова М.А. Аппликация.-М.,2001
  6. Жумабекова Ф.Н. Балабақша балаларын бейнелеу өнеріне баулуда көркемдік талғамын дамыту жолдары. А.Атамұра. 2011
  7. Конышева Н.М.  Лепка  в детском саду. М., Просв., 2005
  8. Сакулина.Н.П және Комарова Т.С  Балалар  бақшасындағы  бейнелеу жұмысы.  Оқу  құралы   А.,1999
  9. Сергеева Д.В. взаимосвязь  занятий  по конструированию  и  ручному  труду // Нравственное – трудовое  воспитание  в детском саду/ Под. Ред. Р.С.Буре.-М.,2007
  10. Сергеева Д.В. Воспитание  ребенка  дошкольника  в  процессе  трудовой  деятельности. М.,2007
  11. Халезова Н.Б., Курочкина Н.А., Пантюхина Г.Г., лепке в  детском саду.-М.,2006
  12. Халезова Н.Б.т.б Балалар  бақшасының  пішіндеу  жұмыстары. Құрал, А., 2000

 

Қосымша әдебиеттер:

13.Шпикалова Т.Я. Изобразительное  искусство.   Основы  народного  и  декоративно – прикладного  искусства.-М.,2006

14.Программа  «Изобразительного  искусства» 1-4 кл. Одиннадцатилетней  школы. Автор программы: Т.А.Левченко, Алматы,1997

15.Изобразительное  искусство. Методическое  руководства  для  учителей  3кл. Алматы, Атамұра  2007

16.Хазарова В.М., Тяпушкина С.Ю., Тематика  контрольных  работ по  курсу  «Основы  изобразительного  искусства  с  методикой  руководства изобразительной  деятельность  детей  школьного возраста» М.,2005

17.Загребальная – Раупова И. Учебно – методическое  пособие  по  изо  искусству  для  преподавателей  начальных  классов  средних  и спец. Школ. Дет садови   худ,студ. Алматы. Өнер.2007

18.Болатбаев Н., Ибрагимов  И., Бейнелеу  өнері оқыту әдістемесі. 4сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы, Атамұра 2000  

19.Бейнелеу өнеріндегі пәнаралық байланыс. Қазақстан мектебі. Алматы.2008ж №2 15б

20.Барімбеков Ж.Ш. 100 ою-өрнектің сырлары. Алматы.Мектеп 2007ж

21.Дәстүрлі қолөнердегі бояу түстерінің танымдық тәрбиелік белгілері. // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2007, №11 -Б. 52-54.

3Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі