Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады.
Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты, себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.
Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы қоршаған тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін.
Сәулелер
толқындарының соққысы өте
Тіндерде ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың соққысы кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни заттардың бөлшектерінің тез жоғалып кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болан қуыс, толқындардың соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды тудырады.
Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа, электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады. Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 В/см2 жетуі мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне жеткілікті болады. Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және фотохимиялық нәтижелер пайда болады.
Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған. Өндітірсте жұмыс істейтін адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың әсері бар:
- жұмысшылар бірқатар технологиялық операцияларды орындау кезінле қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
- диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
- факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде 230 000-250 000 жетуі мүмкін.
- жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық жарығы жоқ мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
- технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы тесіктерді тігу және т.б).
- лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
- лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы ауаның ионизациясы өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
- лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі сәулелердің қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.
Клиникасы. Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.
Көздің
тура немесе айналы көріністегі сәулелермен
сәулелену кезіндегі
Ауыр
жағдайларда лазерлі
Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері негізінен оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца, хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін лазерлер роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.
Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну «жарықты көтере алмау» сезімі, жылағыштық және көздің құрғауы «құм құйылғандай», қабақтың ісуі және ауырлық сезімінің болуына шағымданады.
Көру өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы, қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардың көбінде хрусталиктің әртүрлі қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген лайланулар анықталынады. бұлар арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына әкеледі.
Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы кезіндегі электрокоагуляциялық күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы мүмкін немесе тері жабындыларының жыртылулары және толық бұзылыстары болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің немесе сәулеленеген жерде жеңіл эритеманың дамуы болады.
Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға жатқызуға болмайды.
Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.
Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады. Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына, жүрек дистониясына негізделген.
Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.
Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.
Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан жүрек тонының тұйықталуы естіледі.
Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения, протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.
Бірқатар
ферменттер мен медиаторлардың(
Емі. Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер кезінде науқастар амбулаторлы немесе стационарлық емді қажет етеді.
Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар) бас ауруын немесе бас айналуын қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген (галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру керек. Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс тәртіптерімен сәйкес келуі керек.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Лазерлі сәуленің әсеріне негізделген патологияларды анықтаған кезде, дәрігердің іс әрекеті бұзылыстардың айқындылық деңгейімен сипатына байланысты. Роговицадағы өзгерістер тұрақсыз болады, емнен кейін қайтады. Хрусталикпен торлы қабаттағы өзгерістер тұрақты динамикалық дәрігерлік көмекті қажет етеді. Аурудың өршуі кезінде науқасты лазермен жұмысты шегеру керек. Вегетотамырлық дистония, астениялық, невротикалық синдромдары бар науқастар дәрігердің динамикалық бақылауында болуы керек. Бұндай жағдайларда жұмысшыны уақытша жұмыстан босатумен сәйкес ем жүргізіледі. Егер көру, нерв және жүрек тамыр жүйелеріндегі өзгерістер лазермен жұмыс істеген кезінде пайда болса және анамнезінде осы ауруды тудыратын басқа көрсеткіштер болмаса, терең клиникалық тексерулер және кәсіптік аурулар клиникасында немесе бөлімшеде ем жүргізу керек. Бұндай адамдар дем алу үйлеріне және профилакторияларға, санаторлы курортты емдеу орындарына жолдама алу керек.
Алдын-алу. Санаторлы курортты шаралар арасында жұмыс орындарындағы лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену көзінен сақтану шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т.б.
Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады. Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек, витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын қолданамыз. Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады. Витаминнен бөлек глютамин қышқылының, аминалон және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.
Лазерлі
құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда
функционалды бұзылыстардың диапазоны
кең болғандықтан ағзаның әртүрлі
жүйелерін қалыптастыруға және белсенділігін
арттыруға әсер ететін кең спектрлі дәрілерді
қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген
тобының препараттары, оның ішінде қоршаған
ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне
ағзаның қарсылығын күшейтетін элеутерококты
қолдануға болады. Элеутероккокты тәулігіне
1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы,
емдеу курсын 2-3 айдан кейін қайталайды.
Адам ағзасына ультрадыбыстың, инфрадыбыстың және электромагнитті радиотолқын сәулелерінің әсері
Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.
Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.
Жұмыс күні бойында ЭМА осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.
Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.
Эксплуатация
процесі кезіндегі РЛС
Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.
Радиожиіліктегі
сәулелермен жұмыс істеу
Клиникасы.
Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді.
Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.
Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық белсенді болып табылады.
Клиникасындағы
маңызды орындарға ОНЖ
Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық. Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес: бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.
Аурудың бастапқы кезеңінде астениялық синдром болады, науқастар басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді түрде жүрек аймағында пайда болатын ауырсынулар. Вегетативті симптомдар реакциялардың ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония және брадикардия тән. Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде әкетулерінде, биік, үшкір, ол клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті дисфункция көріністері болып табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан төмен. Қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда көру және сезу қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін өзгертпейді.
Аурудың
шамалы айқын және айқын кезеңінде
астеновегетативті синдром
Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен сипатталатын гипталамиялық синдромдар аурудың жекеленген айқын жағдайларында дамиды. Осы науқастарда жоғары қозғыштық, ұйқысының бұзылулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұстама түріндегі бас аурулары мен зардап шегеді, ол жүрек айну, бас айналу, көзінің қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды қолдарын созған кездегі саусақтар мен қабақтарының терморы, гипергидроз анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы қысып ауырсынуларға «ауаның жетіспеушілігі», АҚ жоғарлауы, әсіресе диастолалық (90-95 мм.сын.бағанасынан жоғары), күрт әлсіздік. Ұстамадан тыс уақыттарда науқастар сол жақ қол және жауырынға таралатын жүрек аймағындағы ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия дамиды, ол тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді. Кейде кезеңді түрде пайда болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде күш түсу, физикалық күш түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды жағдайға ауысқан кездегі пульстердің айқын лабилділігі, субфебрилитет анықталынады. Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға бейім. Қалыпты АҚ бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы күрт систолалық және басым диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясына байланысты, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу естіледі. ЭКГ – да Т тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе екі стандартты немесе сол жақ кеуде әкетулерінде, ST сегменттерінің ығысуларымен. Церебралды криз кезіндегі жеке жағдайларда, жыпылық аритмиясы дамиды, ол қарыншалық экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын жағдайларда атеросклероз, ЖИА, гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.
Гипоталамиялық синдром мидың үлкен шарындағы қыртыстың биоэлектрлік белсенделегендегі өзгерістер түрінде сипатталынады (ЭЭГ белгілері бойынша).
Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі алмасуларының бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің - триглицерид, беталипопротеид, холестерин және фосфолипидтердің жоғарлауы, хлорид және кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы гистамин деңгейінің жоғарлауы.
Шеткі
қанда цитопенияға бейімділік, сонымен
қатар, эритроциттердің спалы
Көру ағзасы жағынана баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін. ЭМА әсерінен аз қарқындылықтағы СВЧ кезінде бұндай өзгерістер анықталмайды. Бірақта ангиопатия түріндегі тамырлардың торлы қабаттарындағы өзгерістер және ретиналды тамырлардың склероз белгілері, кейде макулярлы аймақтағы дистрофия ошақтары болады.
Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен бейспецификалық реакциялар негізінде көрінетін бұзылыстар зақымданулардың анықталуын қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму процесіне, науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету қабілетіне негізделген. Соңғысына циркуляторлы бұзылыстармен астениялық синдромның дамуы, бас миының биоэлектрлік белсенділігінің өзгерістері, диспротеинемия, дислипидемия, дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық көріністері тән. өзіне тән ерекшеліктеріне пароксизмалды вегетативті – тамырлақ өзгерістер, соматогенді астенияға байланысты, бас миының психогенді немесе органикалық бұзылысары тән.
Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық реакциялардың басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.
Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және седативті ем, витаминді ем (В,С топтары) тонусты жоғарлатын заттар тағайындалады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.
Гипоталамиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен, тазепам және т.б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.
Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады. Наркотикалық препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді.
Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен сол жұмыстарында қалдырады.
Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек. Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа жіберілмейді.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек.
СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек, ал УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет өтіп отыру керек.
Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.

- Адам ағзасына ультрадыбыстың, инфрадыбыстың және электромагнитті радиотолқын сәулелерінің әсері
- Адам ағзасына ультрадыбыстың, инфрадыбыстың және электромагнитті радиотолқын сәулелерінің әсері
- Адам ағзасындағы микроэлементтердің рөлі
- Адам ағзасының төмен температураға бейімделуінің физиологиялық механизмі
- Адам анатомиясы
- Адам анатомиясы
- Адам анатомиясы
- Ағымдағы аудит
- Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- Ағымдағы жағдайды талдау
- Ағымдағы міндеттемелер есебі
- Ада Лавлейс. Жизнь и работы первой программистки
- Адам ағзасы көптеген заттардан тұрады
- Адам ағзасына әсер ететін факторлар