Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

«Бухгалтерлік есеп және аудит » кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі»

 

 

 

 

 

                                                                     Қабылдаған: Жантаева А.А

                                                                      Орындаған : Қанатбаева Д.Б.

                                                                                        ЕжА(д)- 121 тобы

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

І.Негізгі бөлім. 

1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.

    1. Есеп айырысудың түрлері.
    2. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша  қаражаттарының есебі.
    3. Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу.

2. Ақша қаражаттарын және қатаң есептілік бланктерін түгендеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық экономикада  кәсіпорындар арасында еңбек құралдары  мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі  мәмілелер тұрақты түрде, жасалып  отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

1. Банк жүйесі арқылы  қолма қолсыз ақша аудару жолымен.

2. Қолма-қол ақшамен төлеу  түрінде.

 Ақшаларды сақтау және  қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды  жүргізу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері:

- ҚР Әділет министрлігінде  тіркеуден өткен заңды тұлғаларға  есеп айырысу шоттарын;

- шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен

- қозғалысын есепке алу  үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

- бюджеттік мекемелерге,  олардың бюджеттен тыс қаражаттары  бойынша, қоғамдық ұйымдарға,  өндірістік, коммерциялық қызметпен  айналысатын жеке тұлғаларға  ағымдық шоттарды;

- республикалық бюджетте  түрған мекемелерге бюджеттік  шоттарды;

- Ұлттық банк мекемелеріндегі  екінші деңгейдегі банктерге  корреспонденттік шоттарды ашады.

 Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әртүрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.

 Ақша қаражаттарының  бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы  бойынша қолма-қол есеп айырысу  үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды  сатқаны үшін есеп беретін  адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар  кассада сақталып, сол арқылы  айналымға түседі. Есеп айырысу  операцияларының тиімділігі көбіне  ақша қаражаттарының бухгалтерлік  есебінің жағдайына тәуелді.

 Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие  операцияларының бухгалтерлік есебінің  міндеттері:

1. Қолма қолсыз ақша  аудару жолымен және қолма  қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды  уақтылы және дұрыс жүргізу.

2. Ақша қаражаттарының  қолда бары мен қозғалысын  және есеп айырысу операцияларын  есептік тіркелімдерде толықтай  және жедел түрде көрсету.

3. Бөлінген лимиттерге, қорларға  және сметаларға сәйкес ақша  қаражаттарын мақсаты бойынша  жұмсаудың қолданыстағы ережелерін  сақтау.

4. Белгіленген мерзімдерге  ақша қаражаттары мен есеп  айырысудың жағдайына түгендеуді  ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі  кешігетін дебиторлық және кредиторлық  берешектердің туындауын болдырмаудың  мүмкіндіктерін іздестіру.

5. Кассадағы, есеп айырысу  шотындағы және банктегі басқа  шоттардағы ақшалардың бар-жоғы  мен сақталуына бақылау жасау.

6. Есеп айырысу - төлем  тәртібінің сақталуына, материалдық  құндылықтар мен қызметтер үшін  сомалардың уақтылы аударылуына,  сондай-ақ несие тәртібінде алынған  ақша қаражаттарының қайтарылуына  бақылау жасау.

 Уақытша бос ақшаларды  сақтау және қолма қолсыз ақшамен  есеп айырысуды жүргізу үшін  шаруашылық субъектісі өзі таңдаған  банкте есеп айырысу шотын  ашады.

 Есеп айырысу шоты  мынадай құжаттардың негізінде  ашылады:

1) Шот ашуға арналған - өтініш;

2) Қойылатын қол мен  мөртанба белгісінің үлгісі бар  карточка;

3) Субъектінің салықтық  есепке қойылу фактісін растайтын  салық органының анықтамасы;

4) Мемлекеттік тіркеу  туралы куәліктің көшірмесі;

5) Жарғы мен құрылтай  шартының (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.

 Есеп айырысу шотын  ашқан шаруашылық субъектісі  оның иесі болып табылады. Ол  өзіне берілген құқықтардың шегінде  осы шоттағы қаражаттардың барлығына  иелік жасайды.

 Ақшаларды қабылдауды , беруді және аударуды банк  мынадай құжаттардың негізінде  орындайды:

1. Қолма-қол ақшаларды  кассадан есеп айырысу шотына  енгізген кезде қолма-қол ақша  салымының мәлімдемесі рәсімделеді.

2. Әр түрлі мақсаттар  үшін кассаға алынғанда – чек  рәсімделеді.

3. Басқа субъектілермен  есеп айырысқанда төлем тапсырмасы  жазылады.

4. Субъект босатылған  өнімдердің, орындалған жұмыстар  мен қызметтердің құнын сатып  алушыдан өндіріп алуға тиіс  болғанда – төлем талап-тапсырмасы  жасалады.

5. Шаруашылық істері жөніндегі  алқаның (комиссияның) бұйрығы,  сот органдарының атқарушы қағаздары  есеп айырысу шотынан қаражаттар  есептен шығарылатын атқарушы  құжат болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Негізгі бөлім.

Ақша қаражатының  жалпы сипаттамасы

Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі  мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз  нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген  шегінде нақты ақшамен есептеуді  жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың  арасындағы төлем сомасы 4000 айлық  есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген  мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген  лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз  тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың  қолда бары мен қозғалысын есептеу  үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер  ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу  үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат  олардың иелерінің әмірі бойынша  есептен шығарылады. Субъектінің  рұқсатынсыз шоттағы қаражатты  есептен шығаруға соттың, мемлекеттік  салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа  жағдайларда ғана жол берілуі  мүмкін.

 

1.1 Есеп айырысу нысандары

Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері  арқылы беруді; төлем карточкасын  пайдалануды; тікелей дебеттік банкі  шоттарына аударуды; тапсырма-талап  төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен  белгіленген басқа да әдістерін  пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден  мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара  есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын талаптары мен  міндеттемелерді зачетқа да жатқыза  алады.

Төлем тапсырмаларымен  есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің талап  етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің  мақсатын растайтын басқа да құжаттары  бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн  бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат  болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде  де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір  банк өздері дербес анықтайды. Негізінен  алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп  басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру  кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

- төлем тапсырмасының  нөмірі;

- төлем тапсырмасының  жазылған күні;

- жеке теңестірілген немесе  теңдестірілген (идентификацияланған)

коды (ЖТК немесе ИИК) 

- жіберуші мен бенефициардың  банкі шоттарының нөмірі;

- бенефициардың коды (БК  немесе КБе) және жіберушілердің  коды (ЖК немесе КОд) – бұл  кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын  көрсетеді;

- бенефициар-аудару жасалған  ақша кезде қаражатын алушы;

- банк-алушы-банк атауы,  аударылған ақшада, оның мекен-жайы  көрсетіледі;

- бенефициар банкісі-бенефициардың  пайдасына келіп түскен ақша  қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен  жасалған келісім-шарттың негізінде;

- жіберушілердің теңестірілген  немесе теңдестірілген (идентификацияланған)  банктік коды (ЖТБК немесе ИИК)  – филиаларалық айналымдарының  коды (ФАК немесе МФО);

- төлем арналымының коды  – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық  актісімен белгіленген және соның  негізінде төлемдерді жүзеге  асыратын кодтық белгілер, ал  ол үш символдан (белгілерден)  тұрады;

- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды  кері қайтаруда қойылатын код;

- валюттелген күні –  ақша қаражатын бенефициардың  (алушының)

банктік шотына ақша қаражатын  аударған күні төлем жасаушының нысанымен  анықталады.

Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері  бойынша төлем тапсырмалары: жедел  мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі  кейінге қалдырылған болып бөлінуі  мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге  чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.

Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына  болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек  ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез  арада тоқтатады. Бұндай дефектісі  бар чектерге акт жасалады, ол акт  төрт данада болады:

     біріншісі  – банкте қалса; 

     екіншісі –  көшірмесімен бірге ішкі істер  органдарына беріледі;

     үшіншісі –  Клирингтік палатаға беріледі;

     төртіншісі  – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек  кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

Вексельдер  арқылы есеп айырысу

 Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты,яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.

 Вексель - өзінің иесіне  төлеу мерзімі келуі бойынша  онда аталған ақшалай соманы  талап етудің сөзсіз құқығын  береді. Вексель бойынша оны берген  немесе төлеуге келісім берген (акцепттеген) тұлға төлеуге борышты.  Вексельді жазып беруші кәсіпорын  (тұлға) борышкер болып саналады. Сатылған тауарлардың төлем ақысы  есебінен вексельдің қабылдаушы  кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз  беруші) болып саналады.

 Вексель қаражаттары  бойынша есептесудің есебі. Вексель  (қарыздық қолхат, міндеттеме) - бұл  вексель берушінің вексель ұстаушыға  (вексель иесіне) белгілі бір соманы  мерзігілі жеткен бойда қарыздық  міндеттемені сөзсіз төлеуді  куәландыратын бағалы қағаз.

Ол жай және аудармалы  болып келеді.

  Жай вексель  (соло-вексель)-талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің вексельмен қамтылған алдын ала берілген міндеттемесі және осы берілген міндеттемесі басқа талқылауға жатпайды.

Аударма вексель (тратта)-вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұсынушыға(ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтын міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсайды.

 Вексель заңмен ұйғарылған  үлгіде жазылуға тиісті, тек соңда  ғана ол өзінің заңды күшіне  енеді. Дұрыс жазылған вексель  бойынша төлеуден бас тарту  сотқа шағымдануға және борышкердің  мүлкі есебінен онда көрсетілген  соманы мәжбүрлі түрде өндіруге  негіз береді. Вексель жеткілікті  дәрежеде сенімді бағалы қағаз  болғанымен, ол ақшаны толық қайтарып  алуға кепілдік бере алмайды.Борышкер  кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық  жағдайына түсіп және оның  мүлкі барлық вексельдер бойынша  төлемдер үшін жетпей қалуы  мүмкін.  

  Вексель: құжат мәтініне ( текстіне) енгізілген, құжат қай  тілде толтырылса, онда сол тілде  «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге  ешнәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиісті тұлғаның (төлеушісінің) атауы-тек аударма вексельде,  төлеу мерзімін, төлем жасалатын  орынды көрсетуді; кімге немесе  кімнің бұйрығы бойынша төлем  жасалатын болса, сол тұлғаның  атауын, вексель жасаған күн мен  орнын көрсететін және онда  вексельді берген тұлғаның қолы  болуы керек.

  Жоғарыда көрсетілген  талаптар құжаттарда тұтастай  сақталмаса, тек төмендегі белгіленген  жағдайларды қоспағанда, онда вексельдің  күші болмайды.Төлем мерзімі көрсетілмеген  вексель ұсынғанда, төленуге тиіс  вексель ретінде қарастырылады.

    Проценттік ставка (мөлшерлемесі) вексельде көрсетілуі  тиіс, мұндай нұсқау болмаған  жағдайда шартқа қол қоймаған (жазылмаған) деп саналады. Егер проценттің  есептелген күні көрсетілмесе, аударма  вексель жасалған күннен бастап  есептелінеді. Вексельдің өзі   "Қатаң есеп беру бланкілері" деген баланстан тыс шоттарда көрсетіледі. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер мен есеп айырысу «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі.

 

Төлем карточкаларымен есеп айырысу. Инкассациялау шығындарын қысқарту, бухгалтерияның жұмысын женілдету, Қазақстаннаң әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.

 Төлем қарточкалары- ақша  қаражатына электрондық терминал  немесе басқа да қондырғылар  арқылы қол жеткізу, ондағы  ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік  береді.

 Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және коорпоративтік  болып бөлінеді.

 Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасың шегінде оның ұстаушысына ( иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы қөлемінде төлей алады.

 Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.

 Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.

 Корпоративтік карточкалар –бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстауышыға банк пен занды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.

 Бүгінде әлемнің көптеген  елдерінде ол қазіргі шақтың  қаржылық тетігі (инструменті)ретінде 2 млн. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Viza және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. Кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өміріне пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының  аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен  шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.

Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:

-    төлем карточкаларын  берудің жағдайы;

-    төлем карточкаларымен  жасалатын төлем түрлері және  оның жағдайы;

-    төлем карточкаларын  алған тұлғалардың тізімі

-    төлем карточкаларын  қайтарып алудың және тоқтатудың  жағдайы;

-    төлем карточкаларының  әрекет ету мерзімі;

-    тараптардың құқығы  мен міндеттері, жауапкершілігі.

 

 Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мұндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.

 Төлем талап-тапсырмасы  тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда,  қызметі көрсеткенде бенефициарлардың  ақшаны төлеушіге жіберген талабы  болып табылады.

 Бенефициар төлем талап-тапсырмарны  банкке ұсынады және төлем  талап тапсырмалар белгіленген  бланктердің нысанында тиісті  реестрлеріне тіркеледі.

 Төлем талап-тапсырмасы  реестрмен бірге бенефициар - банкісіне  ұсынынады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп,төлем талап-тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.

 Егер де бенефициарға  қызмет көрсететін де, ақшаны  жіберуші де бір банк болса,  онда бенефициар банкісін жанай  өтіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз  бірден жіберушінің банкісіне  ұсынылады.

Кассадағы қолма-қол ақшамен есеп айырысу. Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады.

Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай.

Касса операцияларын орындау  кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты  адам болып табылады да (онымен толық  материалдық жауапкершілік шарты  жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға  міндетті болады. Ол касса операцияларын  жүргізу тәртбімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық  толық жеке дара жауапкершілігі онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы  мен басқа жа төлемдерді беру үшін субьекті басшысының жазбаша бұйрығы  бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы олармен  де шарттар жасалынды.

 Кассир ақша қаражаттарын  банк мекемелерінен ақша чектері  бойынша алады.

 Кассалық ордерлер  кассадағы ақшалай операциялар  бойынша негізгі бастапқы құжаттар  болып табылады. Қолма қол ақшаларды  кассаға қабылдау бас бухгалтер  немесе ол өкілеттік берген  түлға қол қойған КО № 1 нысанындағы  кіріс касса ордері бойынша  жургізіледі. Қолма қол ақшаларды  кассадан беру КО № 2 нысаныидағы  шығыс касса ордері бойынша  немесе шығыс касса ордерінің  (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті  түрде ресімделген құжаттар (төлем  ведомосі, қолма қол ақшаны беруге  өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі.  ШКО-не бас бухгалтер мен басшының  қолы қойылған болу керек, Егер  ШКО қоса берілетін құжатта  руқсат ету туралы басшының  колы болса, онда оның ШКО-де  оның қойған қолының болуы  міндетті емес.

Кассадағы операциялар есебі 1010 « Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010- « Кассадағы ұлттық  валюта түріндегі қолма-қол ақша»  және 1020 - « Касссадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма-қол ақша»  шоттарында жүргізіледі.

 

Валюта  шотындағы қолма-қол ақшамен есеп айырысу

 Шаруашылық субъектілері  ақша қаражаттарын пайдаланады  және әртүрлі мынадай валюталарда:

 а) т ұлттық;

 б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін  және ек-теусіз айырбасталатын);

 в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы  ел-дердің ұлттық валюталары);

 г) клиринг валютасында  (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді  өза-ра есепке алу негізінде  қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар  келіскен валютада) операциялар  жасайды.

 Резиденттер арасындағы  жасалатын төлем операцияларының  барлығы, нормативтік актілерде  қарастырылғаннан басқасы, тек  теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер  және резидент еместер арасындағы  валюталық операциялар Ұлттық  банктің нормативті-құқықтық актілерінде,  салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан  басқа жағдайларда, өкілетті банктер  және банктік емес қаржылық  мекемелер арқылы жүргізіледі.

 Валюталық операцияларды  жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы  №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық  банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық  операцияны жүргізудің Ережесі"  негіз болып табылады.

 

1.2 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша  қаражаттарының есебі.

 

Кәсіпорындар банкілердің  арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының  есебі  1042 " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

1060 " Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі  ақша қаржыларының қозғалысы  есепке алынады. 

Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері  ашылады:

жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі