Адам экологиясы. 2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Шетел тілдері факультеті

Шетел тілдері кафедрасы

 

 

РЕФЕРАТ

 

Адам экологиясы.

 

 

 

 

                                                                                                  Орындағандар: Юсупова А.М.,

1 курс,

ФИЯ, шет тілі:екі шет тілі, о.о.

 

                                                                                                    Тексерген: Орманбекова Д.О.,

                                                                                                      оқытушы, магистр биологии

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Қостанай 2014

Жоспар

     Кіріспе.............................................................................................................................................3

 

1. Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік................................................................4

2. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар..................................5

3. Қаладағы адам экологиясы.......................................................................................................7

4. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы................................7

5. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.................................8

6. Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар...............................9

7. Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар.....................................10

Қорытынды..................................................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

               Адамның күрделі организмі заттар айналымына қатысады және оның заңдарына бағынады. Адам организмі басқа да тіршілік иелері сияқты оттегіні, суды және тағамды қажет етеді, тіршіліктің тәуліктік және маусымдық ритміне бағынады, температураның өзгеруіне, күн сәулесінің интенсивтілігіне т. б. осындай табиғат құбылыстарына тәуелді. Адамның өмірі тек биологиялық және табиғи факторларға ғана тәуелді емес, сонымен бірге, әлеуметтік факторларға да тәуелді. XХ ғасырда адам экологиясының жаңа бағыт ретінде ғылыми анықтамасы болмады. 20-жылдары АҚШ ғалымдары Р.Парк пен Э.Бюргес адам экологиясы туралы түсінік енгізіп, адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды биология позициясымен түсіндірді. 70-жылдары адам экологиясының ғылыми жұмыстары шықты. Оларда адам экологиясы тек биология көзқарасымен ғана емес, кешенді табиғи-экономикалық және әлеуметтік проблема ретінде қарастырылды. Ю. П. Лисицын (1973), А. В. Кацура, И. В. Новак, А. Т. Воронов (1974), О. В. Бароян (1975) адам экологиясын биологиялық түр ретінде – климаттық, космостық, рельефтық жағдайларға, әлеуметтік түр ретінде – технологиялық, қоғамдық, экономикалық жағдайларға тәуелді адам өмірінің оптималды жағдайларын зерттейді деп түсіндіреді. Адам экологиясы адамның ортаға әсерін, сондай-ақ адамға ортаның әсерін зерттеумен шұғылдану керек. Адамның табиғи ортаның әр түрлі жағдайларына адаптация (бейімделу, үйрену) проблемасы аз зерттелген. Табиғи процестер мен факторлардың адамға және оның денсаулығына әсері туралы мәліметтер аз. Норильск қаласындағы зерттеулер көрсеткендей, егер адам күн сәулесінің күшеюі кезінде туылса, ол сондай кезендерге тәуелді болады, яғни күн сәулесінің күшеюі оргнизміне жағымды әсер етеді. Маман-дәрігерлер адамдардың организмдерінің ерекшелігіне қарай қандай жерде дем алу керектігі туралы алдын-ала кенес бере алады. Әдетте дәрігер организмнің жаңа жағдайға бейімделуге қабілеттілігін ескере отырып 40-50 жастан кейін адамның тұрғылықты жерінен жер ауыстыруына рұқсат бермейді, яғни жазықтықтан таулы жерлерге, оңтүстіктен солтүстікке және керісінше. «Табиғат-қоғам-өндіріс» жүйесінде адам басты буын болып табылады, осыған байланысты адам экологиясы ғылыми зерттеулер, бақылау мен эксперименттер негізінде адамның табиғатпен өзара қатынасын және өндірісті тиімді ұйымдастыру проблемасын шешу бойынша кешенді негізделген кепілдемелер жасауға міндетті. Бүгінгі таңда экоцентризим термині жиі қолданылуда. Адамның экологияға деген көзқарасының өзгеруі, яғни экологияға аса ауқымды көлемде мән беру үрдісі экоцентризм деп аталалып жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік.

 

                Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.

Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде

адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр.

Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.

Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.

Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.

Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.

Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда.

Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі.

Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық.

Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.

 

  1. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

               Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына әсері.

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан елімізде аурулардың аумақка таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортанын табиғат жағдайларының әсер етуін де зерттейді. Адам - табиғат карым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұдан адам қоғамының табиғаттан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі болады. Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы жергілікті табиғат жағдайларымен байланысты. Жаздың жылы, қыстың қоңыржай болуы және т.б. жағдайлар қолайлы болса, құрғақ, құмды шөлдер мен биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз әсер етеді. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады

                                                3.Қаладағы адам экологиясы.

           Қаладағы адам экологиясы (Экология человека в городе) — қалада тұратын адамдардың калалық ортамен әрекеттестігінің ерекшеліктерін және нақты бір қаладағы тұргындардың әр түрлі топтарының өмір сүру жағдайларының онтайлылық дәрежесін қарастыратын адам экологиясының бөлімі. Қала адамның тіршілік қарекетінің көптеген жақтарын күрделі түрде қалыптастырады. Қаланың экологиялық жайлылық дәрежесін бағалау кезінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайы (отбасы қаржысы, үйінің болуы, денсаулығы, әлеуметтік қамтамасыз етілуі және т.б.); экологиялық қауіпсіздік дәрежесі және құқықтық қорғалуы, жұмысына қанағаттануы (жұмыстағы қарым-катынас. жұмыс орнына жаяу немесе көлікпен баруы және т.б.); дем алуға және қуат-күшін қалпына келтіруге жағдайының болуы және т.б. жақтары есепке алынады. Қала оның тұрғындарының барлығы үшін макроорта болып табылады. Алайда, әрбір қала тұрғыны үшін қала макроортасының барлығы тұтастай емес, ластану сипаты, адамға жүйке-психикалық жүктеменің түсуі және т.б. сипаттамалары бойынша ерекшеленетін жалпы қалалық кеңістікте қалыптасқан әр түрлі макроорта бар. Өзінің жеке тіршілік қарекеті циклын (тәуліктік, апталық, жылдық және т.б.) жүзеге асыру процесінде адам бұл микроорталардың (үй — жұмыс — дүкен —дем алу орны) бірінен-біріне жүйелі түрде ауысып отырады, бірақ бүл микро- орталар ЖИЫНЫ біршама тұрақты болады. Осылайша адамның өмірі жалпы қалада емес, қаланың бірнеше нақты микроау данында өтеді.

 

  1. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.

           Соңғы кезде әрбір ұшырылған «протонның» қоршаған ортаға үлкен зиян әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен уланған аумақтың көлемін анықтап, кінәлі жаққа толық мағлұмат беріп, олардың шығынын өтеп алу қажет. Бқл келтірілген оқиғалар дәлелдейтін екі факт ғана бар. Экология мамандардың қажет екендігін, мемлекетті экологиялық жағынан қоршаған ортаны қорғау керектігін республика президенті Н. А. Назарбаев Қазақстан инженерлері съезінде атап өтті.

Енді толығырақ айтсақ, Қазақстан аумағындағы ядролық жарыстан кейін жалпы күші Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының күшінен 45000 есе көп. 1946 жылдан бастап, Арал теңізіндегі «»Возрождение» аралығында биологиялық және химиялық бомбалар жасау үшін іскери мекемелер ашылды. Дәл осы жерде Сібір жарасы, тулериями, бруцелез, тырысқақ және Кулихорадқа ауруларының қоздырғыштарын сынап көрді. 1950-1990 жылға дейін әртүрлі мақсаттағы сынақ полигоны жұмыс істеді. Ал олардың таза 200 кг өнімі айналасындағы жарты миллион адамды жойып жіберуі мүмкін.

Экологиялық индульгенция феноменін қалыптастыруда жапондықтардың жүргізген тәжірибелері экологиялық проблемаларға деген реакцияны зерттеуге көбінесе экологиялық тұрғыдағы мамандар емес, ғылыми зерттеу органдарының өтініші бойынша жасалынып, өздеріне қажет деген нәтижелерді ғана есепке алуда. Бұл жағынан қарасаң, кез келген мекеме экологиялық зерттеулер жүргізе беретін болды.

«Тұрақты даму» концепциясы 1992 ж. «Біздің жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды. Бұл құжатта алғаш рет негізгі принциптер жинақталды. Яғни кез келген мемлекет стратегиялық жоспар жасауда осы принциптерді ұстануы қажет.

Бұл жердегі Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәні бар принциптарды алайық:

- қазіргі және болашақтағы  ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті  өнімдермен қамтамасыз ету және  оның қорын сақтау;

- биотехнологиялық тұрғыдан  ойластырылған, қалдықтан – қалдықсыз  өнім шығаруға көшу;

- біртіндеп органикалық  отынмен жұмыс істейтін энергетика  өнеркәсібінен қолайлы немесе  дәстүрлі емес энергния алу  көздеріне өту.

- табиғатты қорғаудағы  әкімшілік, экономикалық және құқықтық  әдістерді жақсарту.

- биосфераның көптүрлілігін  сақтау, қорғау бағытында жұмыс  істеу;

- экологиялық мәдениеттілік  кодексін тиянақты, бұзбай сақтау.

 

Егерде теориядан күнделікті өмірге келсек бұл бағдарламаны орындау және көп жыл бойы тиянақты жұмыс істеуді қажет етеді. Ендігі жерге 2030 стратегиясының адам экологиясымен тығыз байланысы бар пунктерін қарастырайық.

Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табуы. Табиги ресурстардың толық құндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтардың, ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады.

Жаңа оқыту жүйесінде адам экологиясына маманданғандар Қазақстан Республикасына өз білімдерін пайдалана ала ма деген сұрақ туындайды. Себебі, сол салада көбінесе басқа оқу орындарының бітірушілері жұмыс істеуі құпия емес.

Экономистер, юристер, социологтар – соңғы кездерде әлеуметтік сферадағы экологтардың орнына жұмыс істеуде.

Бұндай мамандар экологиялық тұрғыдан жан-жақты білімі жоқ. Сол себепті қажетті шешімдерді қабылдай алмайды. Сол үшін де ондай мамандарды сақтай отырып, негізгі позицияны, әсіресе шешім қабылдауды эколог мамндарға беру керек. Бұндай дайындық жұмыстары ЮНЕСКО-ның бағдарламасына сай алдағы уақытта іске асады. Біздің студенттерімізді қажет ететін болашақтағы сала – саяси экология және эколгиялық дипломатия.

Себебі көптеген мемлекеттік деңгейдегі конфликтер экологиялық проблеманың нәтижесінде туындап отыр.

Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалануға мүмкіншілігі бар ірі фирмалардың менеджері эколог қызметін атқарады. Сонымен бірге экологиялық жағдайы өршіп тұрған облыстарда, аудандарда, әкімшілік қызметте және рекреациялық, танымдық, жастарға тәлім-тәрбие, дипломатиялық саладағы жұмыстарда қызмет ете алады.

Жоғарыдағы тарауларда жүйелі құрылымдық әдіспен экологиялық жағдайларды болжау және соның нәтижесінде тиімді шешім қабылдауды атап өттік.

Алғашқы бағдарламаны шығарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясы. Кейбір шешімдеріне тоқталып қтейік. 1997 ж. 22-26 көкек айында Алматыдағы Алатау санаторийінде «Жер планетасының және адамзаттың дамуының экологиялық әдістемесі» атты бірінші халықаралық конгресс өтті.

 

 

 

 

5.Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар.

 

 

              Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы жағынан жер бетінің ешбір халқы да, табиғи жүйесі де дәл Қазақстан халқындай және табиғатындай зардап шеге қоймаған шығар, сірә?

Бұлай деуіміздің себебі – атомдық және химиялық өндірістердің, ядролық сынақтар мен басқа қарулардың ісерінен елімізде көптеген аймақтар күрделі экологиялық дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы ашық айқын аймақ апаттар болып табылады.

Елімізде осылай экологиялық жағдайдың пайда болуы біріншіден, халық шаруашылығықұрылымының дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі, яғни, көне технологияларды пайдалану, саясат пен экономикада «біжден кейін кұл болмасаң, бұл бол» тоқмойын милитаристік көзқарастың үстем болуы, республиканың тек қана шикізат өндіруге бағытталуы себепші. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің деформацияға ұшырауына және еңбекте экологиялық мәденеттің, экологиялық көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкелді. Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға мүмкіндік болмады.

1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс болды, оның 26 – жер үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында жасалды. Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай қалдықтарының табиғи ортаға, адамға, жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген.

Ал іс жүзінде қоршаған ортаның радиоактивтік, химиялық заттармен ластануының әсерінен адам тәнінде тектік және хромосомдық өзгерістердің пайда болуы, сонымен бірге өсімдіктер мен жануарлардың құри бастауы адамзатқа төнген қауіптің қаншалықты зор екендігіні

ң айқын айғағы. Осындай генетикалық өзгергіштіктердің салдарынан мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының 50%-і өледі, немесе олардан пайда болған организмдер артына ұрпақ қалдыра алмайды. Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі іртүрлі өзгерістер және психологиялық кеселдер түрінде пайда болады. Осындай зардапқа душар болған балалардың балалардың – 10 пайызы, яғни әрбір 1 млн баланың – 100 мыңы кеміс болып туылады екен.

Қазақстанның зардапты экологиялық проблемалары көрші мемлекеттерің де наразылығын тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық маңызды шарттардың бірі – халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін нақты жүзеге асыру – бүгінгі күннің ең басты да ең негізігі талабы.

6. Табиғи ортаны сақтау және  қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

-қоршаған  ортаның сапасын басқару жүйесін  оңтайландыру;

-табиғатты  пайдалануды басқаруда экожүйелік  көзқарасты пайдалану;

-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау  жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті  жетілдіру;

-қоршаған  ортаға мониторинг жүргізу жүйесін  дамыту;

-жер  және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының  алдын алу;

-Жердің  озон қабаты мен климатқа антропогендік  әсерді азайту;

-биологиялық  әралуандықты сақтау және орнықты  пайдалану;

-ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың  ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;

-табиғи  жүйенің тұтастығын сақтау және  қалпына келтіру, оның ішінде  гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль  және темір жолдарды, газ және  мұнай құбырларын, электр тарату  және басқа да желілік құрылыстарды  салу кезіндегі шаруашылық қызмет  процесінде оларды бөліп-жаруды  болдырмау;

-антропогендік  іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды  қайта құнарландыру;

-өндірістік  объектілердің жұмыс істеу циклі  аяқталысымен табиғи ландшафтарды  толық қалпына келтіруді міндетті  түрде талап етуді қолдану;

-экологиялық  апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және  әскери-сынақ кешендерін оңалту;

Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;

-өндіріс  және тұтыну қалдықтарын қайта  өңдеу мен кәдеге жарату көлемін  біртіндеп ұлғайту;

-халықаралық  ынтымақтастықты кеңейту   жолымен іске асырылады.

Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:

-экологиялық  тәуекелді бағалау және оны  азайту жөнінде бағдарламалар  жасау;

-елді  мекендердің аумағында қоршаған  ортаның сапа нормативтерін сөзсіз  қамтамасыз ету;

-өнеркәсіп  объектілерін қоныстанатын аймақтан  тысқары жерлерге шығару арқылы  қала құрылысы шешімдеріне жаңа  әдістерді енгізу;

-су  құбырына және шөлмектерге құйылған  ауыз су сапасына қойылатын  талаптарды қатайту;

-тұрғын  үй ортасының, әсіресе радиоактивті  параметрлер бойынша жағдайын  бақылау;

-экологиялық  себептерден болған ауруларды  емдеу үшін клиникалық орталықтар  құру;

-қоршаған  ортаның жағымсыз факторларының  әсерінен халықтың денсаулығына  әсер еткен дәлелденген зардапты  өтеу тәртібін енгізу есебінен  қол жеткізіледі.

Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың  және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:

— қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау;

— жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін,  қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;

— төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;

-шаруашылық  қызметінің ерекше режимі бар  аймақтарды, экологиялық апат және  дағдарыс  аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;

-қоршаған  ортаға жағымсыз салдары бар  арандатушылық пен техногенді  авариялардың алдын алу;

-табиғи  ортаның тозуына әкелетін химиялық  заттарды әдейі қолданудың алдын  алу;

-табиғи  және аграрлық экожүйелерді құртатын  қасақана өрттердің, өнеркәсіптік  қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын  заңсыз шабу мен дайындаудың  алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар  мен жүйелерді бұзуға әкелетін  тірі организмдер түрін лаңкестік  мақсатта әкелу мен таратудың  алдын алу жолымен жүзеге асырылады.

Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың  қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:

-өсімдіктер  карантині жөніндегі қызметтің  тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға  сәйкес қамтамасыз ету;

-карантиндік  және бөтен текті зиянды организмдердің  ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі  іс-шаралар жүйесін әзірлеу және  іске асыру;

-ел  ішінде жерсіндіру жұмыстарының  жүргізілуін бақылау;

-генетикалық  өзгерген организмдерді және  олардың көмегімен алынған өнімдерді  бақылаусыз әкелудің алдын алу  жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:

-қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды  республикалық және жергілікті  бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың  қаражаты есебінен, халықаралық  заемдар, гранттар және өзге де  көздерден мамандандырылған қорлар  құру мүмкіндігімен қаржыландыру;

Адам экологиясы. 2