Адам эмбриологиясы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары.
2. Адам эмбриологиясы және
4. Дамудың қатерлі кезеңдері.
5. Құрсақ ішінде дерттердің
6. Ауру кезіндегі белок құрамының өзгеруі.
ІІІ. Қортынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Жеке организмдердің өмір сүру ұзақтығы сол түрдің
тіршілік ету ұзақтығынан әлдеқайда аз.
Түрдің тіршілік етуі оны құрайтын жеке-даралардың
тіршілігімен сипатталады.Табиғатта түрдің
сақталуы, дамуы оның дараларының көбеюіне
байланысты. Көбеюдің арқасында ұрпақтар
жалғасады,түр сақталады. Әрбір түр өкілдерінің
жеке дамуында осы түрдің тарихи дамуына
тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке даму
мен тарихи дамуына тән ерекшеліктері
қалыптасады. Жеке дамуы мен тарихи дамудың,онтогенезбен
филогенездің арасындағы байланысты ХIX
ғасырда Ч.Дарвин,Ф.Мюллер,Э.Геккель биогенетикалық
заңында көрсеткен.Ұрықтық дамуы тарихи
дамудың қысқаша,жылдам қайталануы,басқаша
айтқанда, онтогенез филогенездің қысқаша,жылдам
қайталануы.Осы заңды одан әрі қарай жаңалықтарына
сай толықтырғандар:А.О.
А.Н.Северцовтің айтуынша эволюциялық процесс ересек жануарлардағы белгігі өзгерістерінің жинақталуымен емес,ұрықтарда пайда болған өзгерістерінің жинақталуының нәтижесінде жүреді.
Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары.
Онтогенез деп - генетикалық информацияның іске асырылуы негізінде әрбір организмнің,зигота түзілуден басталып,оның өлуіне дейінгі жеке даму процестерінің толық жиынтығын айтады. Онтогенез грекше ontos-мақұлық, тірі жәндік, genesis - пайда болу деген мағыныны білдіреді. Жыныс жол арқылы көбейетін организмдерде онтогенездің екі түрін ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық. Аналық жасуша ұрықтануынан бастап нәрестенің дүниеге келген шағына дейін өтетін жаңа организмнің даму процестерін эмбриондық даму немесе эмбриогенез деп атайды. Одан кейін туылғаннан кейін жалғасып, организмнің табиғи өлімімен аяқталатын постэмбриондық кезең басталады. Онтогенезде осы периодтармен қатар прогенезді (проэмбриондық, ұрықтық даму алдындағы), яғни гаметалар (жыныс жасушалары) қалыптасатын кезеңдіде ажыратады. Шын мәнінде прогенез эмбриогенезге жатпайды. Бірақ, егер гаметалар дамуы кезінде кешкен күйі болашақ онтогенезге ықпалын тигізуі мүмкіндігін еске алсақ, онда прогенезді адам эмбриологиясы бөлімінде қарастыру орынды болып шығады.
Онтогенездің негізгі типтері: тікелей және түрленіп даму.
1.Түрленіп,личинкалық даму- организмнің
есейіп жетілуі бір немесе бірнеше личинкалық
стадиялардың пайда болуы арқылы жүреді.Мысалы:
2.Тікелей даму-личинкасыз
және ұрықтың жатырда дамуы арқылы жүреді.Личинкасыз
даму типі құстарда,жорғалаушыларда,
Адамның дамуын пренатальдық немесе антенатальдық (туғанға дейінгі) және постнатальдық (туғаннан кейінгі) кезеңдерге бөледі.Проэмбриональдық кезеңде жыныс клеткалары (гаметалар) дамиды,пісіп жетіледі.Гаметогенез информациялық күрделі құрылымдары бар жыныс клеткалары түзіледі.Сперматозоидтардың цитоплазмасы азаяды,ұрықтануға қажет қозғалу компоненті-құйрық пайда болады.
Аналық жыныс клеткасы немесе овоцит (лат.жұмыртқа).
Жұмыртқа клеткасы дөңгелек шар тәрізді,сперматозойдпен салыстырғанда цитоплазмасы көп,қозғалмайтын клетка.Оның цитоплазмасында сары уыз болады.Сары уыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқаның көлемі бір микрометрден бірнеше сантиметрге дейін ауытқиды (түйеқұстың және балықтың жұмыртқалары).Жұмыртқаларды сары уызы жоқ (алецитальдық),сары уызы аз (олиголецитальдық)және сары уызы көп (полилецитальдық)деп жіктейді.Аналық жыныс клеткасындағы сары уыздың мөлшері жануарлардың даму жағдайына,типіне байланысты.Олиголецитальдық жұмыртқада сары уыз мол болады да цитоплазманың бір полюсінде шоғырланып орналасады.Сары уыз бір плюске жиналып орналасқан плилецитальдық жұмыртқалар телолецитальдық деп,ал сары уызы клетканың ортасында орналасса,центролецитальдық деп аталады.Жұмыртқадағы сары уыздың мөлшері мен орналасуы ұрықтанғаннан кейінгі зиготаның бөлшектенуі мен гаструляциялану типін анықтайды.Плаценталы сүтқоректілердің жатырда дамуына байланысты,жұмыртқаларында сары уыздары аз болады.Олардың жұмыртқалары аз сары уыздыларға (олиголецигальдыққа) жатады.Аналық жыныс клеткасының ядросының өсу мен пісіп жетілу кезеңдерінде болашақ организмнің дамуына қажетті дайындық процестер жүреді:РНҚ-синтездеуге керекті гендердің амплибофикациясына (көптеген көшірмелер түзуші) және р-РНҚ қоры жиналады.Жұмыртқа клеткасының құрылымдық ерекшелігі протоплазма бөлімдерінің химиялық құрамының әртүрлілігінен де байқалады.Осыған байланысты жұмырқаның ұрықтануға дейінгі кезеңде болашақ организмнің презумптивтік бөліктері бастамаларының картасын бейнелеуге болады.Жұмыртқаның пісіп жетілуінде,ұрықтану алдында,цитоплазманың қозғалуы жүреді,соның нәтижесінде жұмыртқа бөлімдеріндегі цитоплазманың құрамы әртүрлі болады.Бұл процесті цитоплазмалық сегрегация дейді.Анимальдық плюсінде гликоген және РНҚ қозғалады,олардың концентрациясы артады.Жұмыртқаның экваторлық бөлімінде негізінен пластинкалы комплекстің (Гольджи аппаратының) орналасуына байланысты аскорбин қышқылы жиналады.Жұмыртқа клеткасында цитоплазма құрамының таңдамалы таралуы және ауысып қозғалуы ұрықтануға дейін басталып,аналық клеткаға сперматозоид енгеннен кейін де жалғасады,кейде ұрықтанғаннан соң да байқалады.Цитоплазманың бластомерлерге осылай таңдамалы түрінде таралуы эмбриогенездің бастапқы сатыларында жүреді.Жұмыртқалардың көбісі плазмолеммадан басқа бір немесе бірнеше қосымша қабықтары болады.Шығу тегіне байланысты бірінші,екінші және үшінші қабықтарды ажыратады.”Жалаңаш” жұмыртқалар да болады,олар тек губкалар мен ішекқуыстыларда кездеседі.Омыртқалылардың жұмыртқасының бірінші немесе алғашқы қабықтары жақсы жетілген.Олар жұмыртқаның плазмалық мембранасымен тікелей жанасып жатады.Электрондық микроскоппен қарағанда әртүрлі омытқалылар жұмыртқасының бірінші қабығының қалыптасуында ұқсастық байқалады.Фолликулялық клеткалардың өсінділері бұл қабықтың құралуы кезінде қарқынды қатысады.Оциттің бетінде біріші қабықтың ішкі бөлігіне енетін көптеген микроворсинкалары(бүрлері) оцитке қоректік заттардың тасымалдануын жеңілдетеді.Аналық жыныс безінен овуляция кезінде бөлініп шыққан,жеті ген оцитезінің бірінші қабығын сақтайды.Екінші қабық жұмыртқалардың бәрінде болмайды.Олар фолликулялық клеткалардың бөлетін заттарынан пайда болады.Көпшілік насекомдардың екінші қабықтарында сперматозоид енетін каналы микрополюсі болады.Үшінші қабықтың құрылысы,химиялық құрамы және физиологиялық маңызы әртүрлі.Олар жұмыртқаның түтік арқылы өтуі кезінде арнйы бездердің секреттерінен түзіледі және құрылыстары күрделі болады.Құстардың жұмыртқасының сыртындағы қатты ақ қабық және оның астындағы пергаменттік қабықтар үшінші қабықтарға жатады.Акуланың үшінші қабықтарында мүйіздік құрамы болады да, ұрыққа бесік қызметін атқарады.Әр түрге жататын жануарлардың екінші және үшінші жұмыртқалық қабықтарының құрылысы ұрықтың дамуы жүретін жағдайларына сәйкес түрліше болады.Мысалы,дамуы сумен байланысты балықтар мен амфибиялардың жұмыртқа қабықтары іркілдек консистенциялы болса,рептилиялар мен құстардың жұмырқалары қатты ақ қабықтармен қапталады.Ұрығының жатырда дамуына байланысты сүтқоректілер мен адамның жұмыртқаларында бірінші және екінші қабықтардың есебінен жылтыр қабық түзіледі.
Аталық жыныс клеткасы.
Жұмыртқа және сперматозоид құрылым көрсеткіштеріне байланысты жоғары маманданған клеткаларға жатады.Аталық және аналық жыныс клеткаларының мамандану белгілері гаметогенез нәтижесінде пайда болады.Сперматозоидтардың дамуы аталық жыныс безінің иірімделген түтікшелерінде жүреді.Бұл түтікшелердің қабырғалары дәнекер тінінен және фолликулалық клеткалардан тұрады.Соңғылардың арасындағы ойықтарда сперматогенездің әртүрлі сатысындағы аталық жыныс клеткалары қабаттасып орналасады.Жетілген сперматазоид негізгі төрт бөліктен:бас,мойын,орталық бөлік және құйрықтан тұрады.Басында жұқа цитоплазма қабатымен қоршалған ядро орналасады.Ядро мен мембрананың арасында сперматазоидтың пластинкалы комплексіне байланысты пайда болған, жинақталып,тығыздалған масса акросомасы болады.Ұрықтану кезінде сперматозоидтың жұмыртқаға енуі акросомаға байланысты.Оның құрамындағы ферменттер жұмыртқаның мембранасын ерітіп,оған аталық клетка ядросының енуіне мүмкіндік жасайды.Сперматозоидтың мойнында проксимальдық және дистальдық екі центриолясы болады.Олардың бірі ядроға жақын,екіншісі алыстау орналасады.Дистальдық центриолия құйрықтық жіпті құрайды,ал проксимальдық-ұрықтанған клетканың бөліну ұршығын құрауға қатысады.Сперматозоидтың орталық бөлігін толығымен митохондриялар алып жатады.Митохондриялар оқшауланып,тығыз шоғырланған түрде орналасады және құйрықтың қозғалуына керекті энергиямен қамтамасыз етеді.Құйрық немесе талшық-қозғалу мүшесі қызметін атқарады.Ол,негізінде,біліктік жіпшеден шамалы цитоплазмадан тұрады,ал сырты плазмалық мембранамен қоршалған.Сүтқоректілердің біліктік жіпшесі өте жіңішке жіпшелермен қоршалған,ал жануарлардың кейбір түрлерінде қозғалмалы мембраналары болады.
Эмбриональдық даму
Эмбриональдық кезең ұрықтанудан,яғни сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылуынан басталады.
Ұрықтану кезінде сперматозоид жұмыртқаға енеді,оның әртүрлі синтетикалық процестерін белсендіреді және жұмыртқамен сперматозоид ядроларының қосылуынан түзілген зиготада хромосомалардың диплоидтық жиынтығы қалпына келтірілді.Жұмыртқа мен сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеттілігі мен өмір сүру ұзақтығы шектелген.Омыртқасыздар мен судағы омыртқалылардың көбінің жұмыртқалары овуляциядан кейін бірден ұрықтануы керек.Сүтқоректілердің көбісінің жұмыртқалары ұрықтануға қабілеттілігін овуляциядан кейін 24сағат,ал адамдар 12-24 сағат бойы сақтайды.Сперматозоидтардың ұрықтандырғыш қабілеті ұрғашысының жыныс жолдарында бірнеше сағатқа дейін сақталады.Бірақ кейбір жануарлардың,мысалы аралардың,жарқанаттардың сперматозоидтарының тіршілікке қабілеттілігі және белсенділігі ұрғашыларының жыныс жолдарында жыл бойы және одан ұзақ уақыт сақталады.Сперматозоидтың тіршілік ету ұзақтығы мен ұрықтандырғыш қабілеттілігінің сақталуы кейбір сыртқы орта факторларына: температура, жарықтылық, көмірқышқыл газы және сутектік иондардың гамета орналасқан ортадағы концентрациясына байланысты.Сперматозоид пен жұмыртқаның жақындасып жанасуы аталық гаметаның көп болуымен және жыныс клеткаларының басқа да арнайы дистанттық әрекеттесу механизмдеріне байланысты жүреді.Сперматозоидтардың жұмыртқаға қарай қозғалуын хемотаксис құбылысымен орналастырады.Жұмыртқа мен сперматозоид ағзалық гаметаның белсенділігін реттейтін ерекше заттар бөледі.Ол заттар гиногормондар және андрогормондар деп аталады.Гино және андрогормондардың үйлесімді әсерлесуінің нәтижесінде ұрықтандыратын сперматозоид жұмыртқа клеткасының бетіне жабысады.Спермазоидтың жұмыртқамен тығыз жанасуы екі клеткада да өзгерістерге әкеледі.Сперматозоидта акросомалық реакция, ал жұмыртқада кортикальдык реакция басталады,Сперматозоидтың жұмыртқаға енуі гиалунориза және басқа биологиялық белсенді қосындылардың (спермализиндер) әсеріне байланысты.Ұрықтану натижесінде зигота түзіледі.Оның ядросындағы хромосомалар жиынтығы диплоидты.
Эмбрионалдық кезең,эмбригенез.Эмбриогенез зиготаның пайда болуынан басталады.Ұрықтың дамуы сатылы сандық және сапалық күделі өзгерістердің жүруімен сипатталады.Эмбриогенез зигота, бөлшектену және бластуланың қалыптасуы,гаструляция,гисто- және органогенез сатыларынан (стадияларынан) тұрады.Сперматозоидтың жұмыртқаға енісімен аналық клетканың цитоплазмасында қарқынды цитоплазмалық сегрегация процестері жүреді.Сары уызы және пигменттік гранулалар,органеллалар орын ауыстырып , ұрықтанған клетканың бөлігі болашақ ұрықтың нақты бір құрылымына бастама беретіндей өзгереді.Мұндай бөлімдер презумптивтік бөлімдер деп аталады.
Бөлшектену сатысында зигота митоздық жолмен бластомерлерге
бөлінеді.Бластомерлер өспей,тек ұдайы
бөлінеді, олардың саны көбейгенмен ұрықтың
көлемі бастапқы зиготаның көлеміндей
ғана болады.Бастапқы сатыдағы бластомерлердің
бәрінің тұтас организмді дамытуға
қабілеттілігі тең болады.Бұл қасиет тотипотенттілік
деп аталады.Гертвиг (1893) екі бластомерді
жіңішке жіппен байлап, екіге бөлгенде
оның әрқайсысынан жеке ұрық дамып жетілген.Ұрықтың
бөлшектенуі омыртқалылардың жұмыртқаларының
типін байланысты түрліше жүреді.Бөлшектенудің
тоық (голобласттық) біркелкі және әркелкі,толық
емес (меробластық) ,дискоидальдық және
беткейлік типтері белгілі.Сары уызы аз
жұмыртқалар толық (голобластық) бөлшектенеді.Сары
уыз цитоплазмаға толық біркелкі таралған
болса зигота толық біркелкі бөлінеді.Бластомерлердің
көлемі бірдей болады.Сары уыз аз, бірақ
цитоплазманың бір жеріне шоқталып орналасқанда
бөлшектену бірдей тегіс жүрмейді ,толық
емес әркелкі бөлшектену байқалады.Сары
уызы көп жұмыртқаларда толық емес (меробласттык)
бөлшектену байқалады .Сары уыздың орналасуына
байланысты дискоидальдық және беткейлік
деп бөлінеді.Адамның зиготасы голобласттық,асинтхрондық
әркелкі типпен бөлшектенеді. Бөлшектену
бластуланың қалыптасуымен аяқталады.Көптеген
клеткалардан тұратын тұт ағашының
жемісіне ұқсайтын морула, немесе
ішінде қуысы бар, көпіршік тәріздес
ұрық бластула қалыптасады. Бластуланың
қабырғасы бластодерма,бір қабат орналасқан
клеткалардан құралады,ішіндегі-блостоцель
бластомерлерден бөлінетін сұйықтықпен
толтырылған.Бөлшектену ерекшеліктеріне
байланысты бластуланың бірнеше типтері
белгілі: целобластула,амфибластула,
Гаструляция-сатысының бастапқы кезеңінде сыртқы
және ішкі ұрық жапрақшалары,содан соң
үшінші- хорда мезодермалық-жапырықша
пайда болады. Ұрықтың жапырақшалары
қабат-қабатпен орналасады: сыртқы эктодерма,
ішкі энтодерма, екеуінің арасында-мезодерма.
Инвагинация кезінде бластуланың бір бөлігі (түрі) ішіне қарай кіреді (ланцентникте).
Иммиграция кезінде бластуланың қабырғасындағы бластомерлердің бір қатары ұрықтың ішкі қуысына қарай көшіп, ауысады, энтодерманы құрайды (ішкі қуыстылар). Эпиболияда бластуланың тез бөлінетін бөлігінің клеткаларымен баяу бөлінетін бөлігі көмкеріліп жабылады (қосмекенділер).
Деламинацияда бластуланың қабырғадағы бластомерлері екіге бөлініп ажырайды, сыртқы клеткалар қабатынан - эктодерма, ішкі клеткалар қабатынан - энтодерма жетіледі (құстар).
Гаструляция кезінде клеткалардың көбеюі,өсуі, бағытталып қозғалуы, мамандануы (ерекшелену) жүреді және химиялық және морфологиялық өзгерістер байқалады. Гаструляция нәтижесінде тіндердер мен мүшелердің бастамалары дамитын ұрықтық жапырақшалар пайда болады .Әр ұрық жапырақшасы белгілі бір бағытта маманданады.Эктодермадан - нерв түтікшесі , гангляция таспа, терілік эктодерма,прехордалық таспа және ұрықтан тыс эктодерма дамып жетіледі. Энтодермадан - қарын ішек, бауыр, ұйқы без эпителийлері және сарыуыз қапшығының эпителийі, ал мезодермадан - көлденең жолақ және бірыңғай салалы бұлшық еттер, өкпе, бүйрек және қан тамырлары және т.б. дамып жетіледі
Провизорлық мүшелер(ұрықтан тыс мүшелер)
Провизорлық мүшелер ұрықтың өсуіне және дамуына қажет көп мағыналы қызметтерді атқарады.Кейбіреулері ұрықты сырттан қоршайды , сондықтан оларды ұрықтың қабықтары деп те атайды. Провизорлық мүшелерге сарыуыз, шірішті қабық, амнион, аллантоис, хорион және плацента жатады.
Амнион қуысындағы сұйықтық ұрықтың еркін дамуын жағдай жасайды, механикалық соққылардан сақтайды , қорғаныштық қызмет атқарады.
Шырышты қабық жорғалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салатын сүтқоректілерде ұрықты оттегімен қамтамасыз ететін провизорлық газ алмасу және зәр шығару мүшесі.
Хорион немесе бүрлі қабық ұрық қабырғасына жанасып енгеннен (имплантациясынан) кейде қалыптасады,ана организімін ұрықпен байланыстырады.Хорион жатырдың кілегейлі қабығымен бірге плацентаны құрайды.Плацента арқылы ұрық дамуына керекті заттарды, оттегіні анасынан алады, зат алмасудың ақырғы өнімдерін, көмір қышқыл газын сыртқа шығарады.
Плацента ана-ұрық жүйесіндегі гомеастазды сақтайды.
Фенотиптің қалыптасуындағы тұқым қуалайтын материалдың іске асырылуы.Қосмекенділер мен тікентерілілердің ажыратылған бластомерлерінен толық организмдер дамитыны жоғарыда айтылды.Яғни бұл стадияда бластомерлер тотимпотенті немесе тең маишиналы(тұқым қуалау қабілеттілігі бірдей).Тотимпотентті қоянның 4 бластомерлік, ал тритондардың 16 бластомерлі стадиясына дейін сақталатыны анықталды. Адамның бластомерлерінде де осындай тотимпотенттіліктің барын екі,төрт және жеті монозиготалық егіздердің тууы дәлелдеді. Ұрықты клеткалардың әрі қарай дамуында,бластула стадиясынан бастап тотимпотентілік жойылады.Бластомерлер енді біртекті болмайды.Олардың әр түрлі бағытта жіктелуі мен (дифференцировка) мамандануы басталады.Мамандану немесе әр түрлі бағыта жіктелу деп ұрықтың біртекті материалынан дененің әр түрлі құрылымдары мен бөліктерінің (мүшелерінің) қалыптасуын айтады.Ағылшын эмбриологы Д.Гердон (1964-1966) өзі жүргізген тәжірибелерінде ұрық клеткалары титопотеттілігін жоғалтқанмен де,маманданған түрлі клеткалардың ядроларындағы тұқым қуалау информациясының толық сақталғанан дәлелдеді.Ол итбалықтың тері және ішек клеткаларынан ядросын бөліп алып,ядросы шығарып тасталған аналық жыныс клеткасына енгізген.Бұл аналық клеткадан қалыпты итбалықтар дамып жетілген.
Сонымен,организмдегі кез
Ақырғы фенотиптің қалыптасуында ұрық клеткалар клондарының әр түрлі жылдамдықпен көбеюінің,олардың мигралациянуынның,таңдамалы іріктеп жіктелуінің және кейбір клондардың заңды түрде өліп жойылуының маңызы зор.Эмбриональдық даму кезінде нерв тканьдерін құрайтын клеткалардың бөлінуі және мамадануы басқа ткань клеткаларына қарағанда салыстырмалы жылдам жүреді.Кейбір мүшелерді құрайтын клеткалар өзінің тиісті орнынан басқа жерде қалыптасады,содан соң амеба тәрізді қозғалыс нәтижесінде өзінің орнына жылжып, мигралацияланады, шоғырланып мүшені қалыптастырады (мысалы,бүйрек үсті безінің хромофиндік ткані.) Кейбір мүшелердің ақырғы,нақты пішінінің қалыптасуы бірқатар клеткалардың өліп,жойылуы нәтижесінде жүреді.Оған адам қолының даму кезіндегі,саусақтар арасындағы жарғақты құрайтын клеткалардың жойылуы жатад Әртүрлі тәжірибелердің нәтижесінде даму процесінде гендердің жойылмайтындығы,ұрық клеткаларында гендердің таңдамалы экспрессияланатыны және гендер белсенділігінің уақытқа (фазаға) сәйкестілігі анықталды.Гендер белсенділігінің уақытқа сәйкестілігі ұрықтың қалыпты дамуында маңызды рөл атқарады.Адамның қалыпты төрт түрлі гемоглобинннің құрамын бақылайтын гендердің белсенділену мезгілдері әртүрлі.Алдымен эмбриональдық гемоглобинннің гендері одан кейін фетальдық гемоглобиннің ең соңында А және А, гемогглобиннің гендері активтеледі. Эмбриогенездің қалыпты жүруі тұқым қуалайтын информацияның дұрыс іске асырылуына байланысты.
Дамудың қатерлі кезеңдері.
Онтогенездің кейбір кеезеңдерінде ұрықта
өте жоғары сезімталдық болатынын
австриялық дәрігер Норман Грегт(1944) және
Кеңес эмбрионалы П.Г.Светлов (1960) анықтады.Ұрықтық
дамудың кезеңінде және оның мүшелерінің
қалыптасуында күрделі сапалық қайта
құрулар жүреді.Клеткалардың пролиферациясы
және диференциясы кезінде ұрық зиянды
әсер ететін факторлар тератогендік (лат.-ақаулар)факторлар
деп аталады.Оларға рентген сәулесі,алкоголь,никотин,дәрі-
Имплантацияда ұрық жатыр қабырғасына енеді.Ұрықтың айналасында қан құйылған имплантациялық шұқыр пайда болады. Екіқабаттылықтың алғашқы екі аптасында ұрық осы шұқырдан қоректік материалды (гистиотрофтық қоректену типі) пайдаланады.
Плацентацияда ұрық пен анасы арасында тығыз байланыс қалыптасады, ұрықтың қоректенуі, тыныс алуы анасының қаны арқылы (гематотрофтық ұоректену типі) жүреді.
Перинатальдық туылу кезеңінде нәресте анасының жатырынан сырқы ортаға шығады, өздігінен тыныс алады, қоректенеді,зәр шығарады және т.б. автономдық тіршілік ету процесстері басталады.
Анасының аяғы ауыр
кезінде қабылдаған ұйқы
Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы потогенезі.
Ауру туындататын себептер ықпалдар ұрыққа тікелей әсер етуі мүмкін.Мәселен, радиация, жұқпалар, мутагендер.Сонымен бірге олар жатыр мен бала жолдасының арасындағы қанайналымын бұзып әсер етуі ықтимал.Бала жолдасы (плпцента) тасымалдық, тыныстық, зат алмасулық, тосқауылдық және эндокриндік қызмет атқаруымен қатар, «анасы-бала жолдасы ұрық» жүйесінде иммундық өзара қатынастарды реттейді.Оның тасмалдық қызметінің бұзылуы нәтижесінде ұрыққа қажетті қоректік заттар түспейді де, нәрестенің гипотрофиясы байқалады. Тыныстық қызметі бұзылудан ұрыққа және жаңа туған нәрестелерде оттегінің жеткіліксіздігі болып, құрсақ ішінде дамудың кешеуілдеуі, гипоксиялық энцефалопатия(ми қызметінің бұзылыстары)дамиды.Бала жолдасының тосқауылдық қызметі бұзылудан ұрық организміне әртүрлі улы заттар, вирустар мен микробтар, канцерогендер жеңіл өтіп кетеді. Оның эндокриндік қызметінің бұзылуынан ұрықтың ішкі сөл бездерінің қалыптасуы, жетілуі, өзара реттелулері бұзылады.Бала жолдасында қанайналымның бұзылыстары оның негізгі атқаратын қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі. Сонымен бірге бала жолдасы қалыптасуының бұзылуы ұрықта оның екіншілік жеткіліксіздігін туындатып, туа біткен гипотрофия, нәрестенің толық жетілмеуіне (бейспецификалық фетопатия дамуына ) әкеледі.Эмбрион мен ұрықтың құрсақ ішінде даму бұзылыстарының патогензі негізінен олардың реактивтілігінен немесе бүлдіргіш әсерлерге жауап қайтару қасиетімен байланысты болады.Ұрықтың жетілуіне қарай туар алдында (антенаталдық) және туғаннан кейінгі (постнаталдық) кезеңдерде оның бүлдіргіш әсерлерге жауап қайтару қабілеті біртіндеп күрделене түседі.Ұрық дамуының бастапқы кезеңдерінде ол ешбір ықпалға жауап қайтармайды. Сондықтан кез-келген дерт туындатқыш ықпал тек бүліністерге әкеледі.Осыдан болашақ баланың пішін қалыптастыруы бұзылады, жалпы организмнің немесе жекелеген ағзалардың дамуы кешеуілдейді, бойы өсу қарқыны нашарлайды және әртүрлі тін бөлшектерінің нақтылануы өзгереді, туа біткен кемтарлық дамиды.Жүктіліктің 12-аптасынан кейін ұрықтың өсіп-өну қарқыны ұлғаяды.Бірақ қабыну процесінде қан тамырларының реакциялары әлі толық байқалмайды.Тіпті бала туғаннан кейінде қабынулық реакциялар мен иммундық реактивтілік толығынан жетілмеген болады.Олар туғаннан кейін ғана біртіндеп жетіле береді.Дегенмен,ұрық дамуының соңғы кезеңдеріндегі дерттер ересек организмнің дерттеріне сәйкес болып келеді.Соған қарамай, олар біріншілерінде соңғыларына қарағанда мынадай ерекшеліктермен көрінеді:1.бұл кезеңде кез келген дерттік процесс ұрықта әлі толық нақтыланбаған тіндер мен ағзалардың бұзылыстарын туындатады:2.жұқпалар бір жерге тұрақталмай бүкіл денеге тарап кетеді:3.регенерация процестері тым қарқынды өтетін болғандықтан,ағзаларда дәнекер тіндер артық өсіп- өніп кетеді,фиброз дамиды. Құрсақ ішінде ұрық дамуы бұзылыстарының пайда болуы және даму тітіктерінде ұрықтың бүліндіргіш әсерлерге жоғары сезімталдығының маңызы зор.Ол ұрық дамуына қарай біртіндеп төмендейді де,жүктіліктің соңында туған бала органмзмінің деңгейіне келеді.Сол себептен ұрық бүлінуінің түрі бүліндіргіш әсердің арнайы түріне байланысты болмай,оның ұрық даму сатыларына қарай әсер ету мезгіліне байланысты болады.Кез келген дерт туындатқыш ықпал ұрық дамуының белгілі сатысында әсер еткенде біртекті бұзылыстар дамиды.Бұл кезде бүліндіргіш ықпал әсер еткен мезгілде ең жоғары сезімталдығы (қатерлі кезеңі) болған құрылымдардың қалыптан ауытқулары байқалады.Екінші жағынан бүліндіргіш ықпал ұрық даму сатыларына қарай әсер еткенде сол саты кезінде жоғары сезімталдық жағдайында (қатерлі кезеңде) болған әртүрлі ағзалардың бұзылыстарын туындатады.Туар алдындағы кезеңде бала организмі бүліністерінің дамуында бүлдіргіш ықпалдың әсер ету күшінің маңызы үлкен.Тым күшті әсерлердің нәтижесінде,ұрықтың шетінеуіне әкелетін,оның дамуы қатты баяулайды немесе бала туғаннан кейін тіршілікке өте қауіпті ауыр даму ақаулары байқалады.Күші бойынша орташа ықпалдардан кейін жүктемелерге икемделуге қатысатын ұрықтың функциалық жүйелері тым жетіліп кетеді де,басқа жүйелері жетілмей қалады.Мұндай жағдайды “физиологиялық жетілмеу” дейді.Әлсіз ықпалдар әсер еткенде,ұрықтың бейімделу қабілетін жаттықтыратын “физиологиялық стресс” дамиды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- “Цитология, Эмбриология, Гистология”. Ж.О. Аяпова. А
- “Адам және физиология” Сәтбаев
- “Молекулярлық биология” Абилаев
«Астана Медицина Университеті» АҚ
“Гистология,цитология және эмбриология” кафедрасы
Тақырыбы: Адам эмбриологиясы.Дамудың қауіпті кезеңдері
Орындаған: Есеналиева Ұ.
210- топ ЖМ
Тексерген:Қожахметова Ұ.А.
Астана 2014 ж.

- Адаптации животных в окружающей среде
- Адаптации животных к движению по воздуху
- Адаптации живых организмов к температуре
- Адаптации к водной среде
- Адаптации к факторам внешней среды
- Адаптации организмов к факторам среды
- Адаптации организмов к факторам среды
- Адам экологиясы
- Адам экологиясы
- Адам экологиясы бұл оте маңызды жайттардың бірі
- Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік
- Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік
- Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік
- Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік