Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі. 2
«Астана медицина университеті» АҚ
Экология және тұрақты даму кафедрасы
Тақырыбы:
Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі
Астана қаласы
2014 жыл
Жоспар:
- Кіріспе: Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары, кезеңдері
- Негізгі:
- Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі
- Қазақстан табиғат байлықтарын калай пайдаланады?
- Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасы
- Қорытынды: Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
- Пайдаланылған әдебиеттер
Адам мен табиғат арасындағы қатынас – динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.
Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз
байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік
жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен
айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос – Әлем мен
микрокосмос – Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан әл-Бируни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі — әлеммен бірдей». Адамның табиғатпен ара қатынасы – мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер
және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді.
Адамзаттың тарихы –адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының тарихы болып табылады. Әр түрлі дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипаталады. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктер жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғы, түктікерік т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.
Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.з.б. VIII-VII ғ) Бұл дәуір – өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезең. Неолит дәуірінен бастап егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетті.
Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап айтуға болады.
Аграрлық кезеңнің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің, Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еуропалықтардың Үндістан мен Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады.Аталғандар Жердің табиғаты туралы , оның орман, топырақ, су ресурстары, минералдық байлықтары туралы түсініктерді өзгертті және оларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды. Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз сүтқоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.
ХХ ғасырдың ортасына карай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп, ,ғаламдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылуына байланысты өндірістің өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр.
Бірақ бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес. Н.Ф.Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық революцияларды бөліп көрсетті.
№ |
Экологиялық дағдарыстар |
Экологиялық революциялар |
Уақыт кезеңі, жыл бұрын |
1 |
Аридизация дағдарысы |
– |
30-50 мың жыл бұрын |
2 |
Жинаушылар ресурстарының дағдарысы |
Биотехнологиялық революция |
10-20 мың жыл бұрын |
3 |
Консументтер дағдарысы |
Біріші аграрлық революция, жер өңдеуге көшу |
2 мың жыл бұрын |
4 |
Қарапайым жер өңдеудің дағдарысы |
Екінші аграрлық революция, суармайтын жерлерді өңдеу |
150-300 жыл |
5 |
Өндірушілер дағдарысы |
Өнеркәсіптік революция |
50 жыл |
6 |
Редуценттер дағдарысы |
Ғылыми-техникалық революция |
20-30 жыл |
7 |
Жылулық дағдарыс |
Энергетикалық революция |
Қазіргі уақыт |
8 |
Экожүйелердің ғаламдық дағдарысы |
Экологиялық жоспарлау революциясы |
Қазір қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында индустриалдық кезеңнен ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезеңге өтуі байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипатталады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады. Жалпы алғанда осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.
Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашы
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары – Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы – Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасының үш негізгі ерекшелігі бар.
Біріншіден —Қазақстан сияқты үлкен мемлекет үшін табиғат жағдайы соншалықты әр түрлі емес. Қазақстан аумағы түгелдей бір климаттық белдеуде орналасқан. Ландшафтарының (биік таулы белдеуді есептегенде) 2/3 бөлігін құрғақ су жетіспейтін шөлді жерлер алып жатыр. Қоңыржай белдеудің басқа ландшафтарына қарағанда органикалық заттарды және оттекті аз бөліп шығарады .
Екіншіден — үлкен аумақты алып жатқан жерде экологиялық процестерді реттеуші нысан (ірі орман массивтері) жоқ.
Орман атмосфераға оттекті ең көп мөлшерде шығарады, ал батпақтармен бірігіп көміртегі көп жұтатындар.
Сондықтан да табиғи ортаны табиғи жолмен тазарту қабілеті өте төмен. Одан бетер қабілетінің төмендеуіне себепші табиғи ландшафтарының бұзылуы.
Үшіншіден — Қазақстан аумағының 80%-ы шөлейт, шөл және тау сияқты табиғаттың нәзік кешендері алып жатыр. Бұл жерлер антропогенді процеске сезімтал, тез бұзылып, баяу қалпына келеді. Сондықтан да мемлекетіміздің табиғаты өте тұрақсыз. Бұл жерлерде табиғатты пайдаланудың ұрымтал технологиясын қолданған дұрыс. Сонымен бірге табиғи ортаның қалпына келуіне, әр түрлі қалдықтарды игеруіне мүмкіндік жасау керек.
Адамзат көптеген жылдар бойы
жерді уақытша пайдалану деген ұғыммен
өмір сүрді. Оның ертең де керек болатынын
білсе де білмегендей тіршілік етті. Нәтижесінде
осындай шаруашылықтың жүргізілуінен
мемлекетімізде экологиялық тұр
Жерді тиімсіз пайдалану
нәтижесінде жарамсыз жер көлемі ұлғаюда,
яғни биологиялық өнімділік төмендеуде.
Табиғи шөлдер (сазды, құмды , сортаң,тастақт
Теңіз қайраңында мұнайды игеру нәтижесінде Каспий теңізі аймағында да экологиялық проблемалар туындауда. Алғашқы «SOS» антропогенді жер сілкінулер, итбалықтардың қырылуы қазірдің өзінде белгі беруде. Қазіргі таңда республикамызда экологиялық жағдайы шиеленіскен 30-дан астам ошақ анықталды. Бұл ошақтар Қазақстан аумағының 1/3 алып жатыр. Онда халқымыздың 50%-ы шоғырланған.
Экономика мен қоғам дағдарыстан шыққаннан кейін табиғи ортаны қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіншілік туды. Оған себепші 2004 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі концепциясы. Негізгі міндеті табиғи ортаны біртіндеп қалпына келтіру. Оған жету үшін заңнамаларды, экономиканы және қоғамды экологиямен байланыстыру. Қазіргі күні мемлекетті дамытудың барлық заңында және бағдарламасында міндетті түрде экологиялық талаппен норма көрсетілген. Оны іске асыру үшін әрбір жеке адам бойында экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру керек.
Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі . Ол 4 түрлі компонент арқылы қалыптасады. Осыған республикамыздың экологиялық білім беру жүйесі негізделген. Экологиялық шешімін таппаған проблемалар бір жылда емес ондаған жылдардан бері жинақталған. Оларды бір сәтте шешу мүмкін емес. Дегенмен де қоғам бұл бағытта шешуші қадамдар жасауда. 2007 жылы табиғатты қорғау нысандары мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану құрылысына 2001 жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық қаржы бөлінді. Қалдық заттарды игеру, Арал маңын қалпына келтіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жарамсыз жерлермен күресу, орман желектерін қалпына келтіру сияқты ірі жобалар іске асуда. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың саны және ауданы күннен-күнге ұлғаюда.
Бұндай көп салалы бағдарламаларды қабылдауда Қазақстан жалғыз емес, басқа елдермен біріге отырып, табиғатты қорғаудың дүниежүзілік бағдарламаларына қол қойып, оның белсенді мүшелерінің біріне айналды.
Экологиялық проблемаларды шешуде негізгі рөлдердің бірін экономикалық - әлеуметтік және физикалық география атқарады. Бұл ғылымдардың қоржынында табиғат пен қоғам туралы білімі, оны зерттеудің жаңа әдістері жеткілікті. Осы білімдердің негізінде табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық дағдарысты болдырмау және мәдени ландшафттарды ұйымдастыру жолдары жоспарланады.
Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жаткан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осынын бәрі табиғатқа бұрын-сонды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, онын соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғатты қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі – су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2\3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте ұқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы - әлімдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.
Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы заң” қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтардың салтанатты өмірі үшін сақтау. Адам баласы табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін табиғатты тиімді пайдалану жүйесі бойынша жұмыстар атқарады. Ал табиғатты тиімді пайдалану – табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетудің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:
1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғат экожүйедегі рөлін білуі тиіс.
2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқсықтыр көбеюде.
3. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.
4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін.Осыған орай табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:
а)өндірісті,өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;
ә) өндіріспен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;
б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;
в) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет;
г) қоршаған орта мен адам баласының денсалығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.
Қорыта айтқанда, табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты – табиғатты қорғау. Табиғат қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Біздің елімізде табиғат қорғау мемлекеттік заңдармен қорғалады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекетінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте ұзақ – мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антропогендік факторларға байланысты. Соның негізгілері – топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

- Адамзат қоғамының эволюциясы
- Адамзат тарихы
- Адамзат тудырган алып тулга
- Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі
- Адам каншалықты күшті
- Адам қоғамының қалыптасып дамуы
- «Адам-қоршаған орта» жүйесіндегі негативті факторлар
- Адам және жануарлар ағзасындағы көмірсулар
- Адам және жануарлар физиологиясы
- Адам және қоғам мәселелері
- Адам және құқық
- Адамзат және ғаламзат есімдері
- Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі
- Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі