Adobe Photoshop бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

№ 197  орта  мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

    Жұмыстың  тақырыбы:    «Adobe Photoshop бағдарламасы

                                            және  оның  мүмкіндіктері»

      

 

 

 

 

Секциясы:  Информатика

Авторы: 

Ғылыми  жетекші:

Жоба  жетекшісі:   Абдірахманова Айгерім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда  2013 ж

 

                   №  197   қазақ  орта  мектеп

 

 

Жұмыстың  тақырыбы:        «Adobe Photoshop бағдарламасы

                                                        және  оның  мүмкіндіктері»

 

Бағыты:                                     Информатика

Орындаушы:                              ...........................                     6  сынып

                    № 197  қазақ орта  мектеп  Қызылорда қаласы

Ғылыми  жоба  жетекшісі:     

                                                   

Пән  мұғалімі:                          Абдірахманова Айгерім

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

                                                                              № 197  қазақ  орта  мектебінің

        6 -  сынып оқушысы

Есенғали  Тоғжанның 

                                                                                 «Adobe  Photoshop  бағдарламасы

                                                                                 және  оның  мүмкіндіктері»

                                                                               тақырыбындағы  ғылыми  жобасы

 

      Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологиялар мен  бағдарламаларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т. б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасы және  оның  мүмкіндіктеріне  тереңінен талдау жасалынады. Десе  де   кез  келген  адам  толық  игеріп  кете  алмайтын  информатиканың  өзіндік  қызықтары мен ерекшеліктері  бар.  Қазіргі   таңда  ақпараттық  технологияның  қарыштап дамуынан  информатика пәні   өте қызықты әрі күрделі  пәндердің  бірі. Сондықтан   да  бұл  пәнді  жақсы игеру, өмірде  қолдана  білу  қажет.  Мен  бұл  тақырыпты  осы  оқу  жылынан  бастап  зерттеп   келудемін.

      Бүгінде  менің   ерекше  қызығушылығымды  тудырып  отырған  компьютерде  Adobe  Photoshop  бағдарламасында түрлі суреттерге  рамкалар  қойып, безендіріп, әртүрлі бейнелерге  қою. 

     Сонымен  қатар,  компьютерлік графика әр түрлі  жарнама агенттігінде, әсемдеуші  бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек.

     Мақсатым – Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсету.

    Зерттеу  жұмысының  жаңалығы: Adobe Photoshope бағдарламасының әр салада қолданылуы  және  оның  мүмкіндіктерін  көрсету.

    Қазіргі  таңда   еліміздің  ақпараттандыру саласы  өте  жақсы  дамуда, сондықтан  да,  егер біз өзіміздің   болашағымызды ойласақ  әрбір  қажетті  және  өзіміз  қызығатын   саланы  осы  бастан  таңдай  білген  жөн  деп  ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

 

  1. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы................1
  2. Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері...........2-3
  3. Мәтінмен  жұмыс істеу..................................................4-5
  4. Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы ескі суреттермен

     жұмыс істеу.................................................................6-7

  1. Контурларды редактрлеу.....................................................8-9 

 

  1. Қолданылған әдебиеттер......................................................10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы

 

Компьютерлік графика әр түрлі  жарнама агенттігінде, әсемдеуші  бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте  күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек.

 Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа. 
          Adobe Photoshop  -  суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға  арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.

Сурет 1. Adobe Photoshop  бағд. бейнесі

 

Adobe Photoshop  интерфейсі бағдарламамен  өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі  қолданушыларға арналып ойластырылған.  Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.

 

Аспаптар  палитрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері

Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер- кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте- пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.

Adobe Photoshop бағдарламасының түстер  палитрасы (Color Picket) алдыңғы қатардың  және артқы қатардың түсін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар түсті сандар координатасын жазу арқылы таңдауға болады. Adobe Photoshop бағдарламасында дайын түстерді де таңдауға болады. Ол CMYK–моделінің түстері. Бағдарламадағы түстер палитрасы негізгі болып алынған. Басқа палитраны қолданғаннан кейін негізгі палитраға ауысу үшін менюде «файл» >  «Орналастыру» > «Негізгі палитра».

Сурет 2. Color Picket (Түс палитрасы)

 

Color (Түс) палитрасы түстерді  араластыруға және таңдауға мүмкіндік  береді. Бұл түстер суретті өзгерту  кезіндегі құралдарға қолданылады, мысалы, Fill (құю) немесе Canvas Size (Холст размеры). Палитра моделінен түс моделін таңдаңыз, осы кезде сурет түстерін араластыруға болады. Түсті таңдау үшін ,палитрасынын астында орналасқан түстер жобасын басыңыз. Түстер таңдайтын Color Picket (Түс палитрасы) панелін ашу үшін, негізгі төртбұрышты шертіңіз, егер ол қазір жабық болса, оны екі рет шертіңіз. Түстер палитрасының астындағы сол бөлігінде екі кішкентай тіктөртбұрыш бар: ақ және қара. Оларды шерту арқылы түстерді белгілеуге болады: негізгі- қара, артқы түс-ақ. Ақ және қара түстерімен әртүрлі суреттер бейнелеп салуға болады.

Color Picket (Түстер палитрасы) мынадан  тұрады:

  • Түс таңдау бөлігі (үлкен төртбұрыш)
  • Түс реңдерін таңдау бөлігі
  • Түс салыстыру бөлігі (кішкентай тіктөртбұрыш, ол көлденең екі бөлікке бөлінген: үстіңгісі – нақты түс, астыңғысы – таңдалған түс)
  • Цифрлы түстер бөлігі: HSB, RGB, Lab, CMYK моделдері.

Түстерді салыстыру бөлігінде  екі ескерту шығуы мүмкін.

  • Warning: out of gumut for printing - Стандартты түстер аймағынан шығып кету
  • Warning: not a Web safe color -Қауіпсіз түстер аймағынан шығу (интернет үшін)

Бірінші ескерту (үшбұрыш ортасында  леп белгісі бар)-сіз таңдаған түсті басып шығаруға мүмкін емес екендігін көрсетеді. Себебі CMYK стандартты түстер аймағында сіз таңдаған түстің жоқ екендігін көрсетеді. Осы кезде сіз таңдаған түске ұқсас, стандартқа сәйкес түс үлгісі көрсетіледі.

Екінші ескерту (кубик)- бұл ескерту  сіз таңдаған түстің Windows және MAC ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламаларда  әртүрлі көрсететінін айтады. Себебі олар әр түрлі палитралар жүйесінде жұмыс істейтінін көрсетеді. Осы екі ақпраттық жүйеде бірдей көрсететін түс үлгісі жанында көрсетіледі. Сол түсті таңдау үшін тіктөртбұрышты басыңыз.

Color Picket (Түстер палитрасы) арқылы:

  • Түстер реңінің аймағын белгілеуге болады.ол үшін өзгерту тетігін қою (H, S, B, R, G, B, I, a немесе b) және тышқанды қозғалту арқылы.
  • Үлкен төртбұрыштың белгілі біл аймағын шерту арқылы, белгіленген түстер ішінен түс таңдауға болады
  • HSB, RGB, Lab немесе CMYK Түстер моделінен түстің цифрлық белгісін белгілеу арқылы түс таңдауға болады.

Стандартты каталогтардағы керекті  түстерді қолдану үшін Custom (түстер каталогы) мәзірін басу керек. Бұл жерде Adobe Photoshop бағдарламасының стандартты 17 түстер каталогы көрсетілген. Осы каталогтардың ішінде ең көп тараған PANTONE.

 

                           

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

 

Мәтінмен  жұмыс  істеу

Adobe Photoshop  бағдарламасында мәтін  векторлық болып табылады. Photoshop  бағдарламасындағы мәтiн шекарасы нақты және ақын болып табылады. Себебі оны жасауда векторлық контур қолданылады. Мәтiн сонымен бiрге кәдімгі сурет секілді растрлық болып табылады. Мәтінді тәуелсiз PostScript қолдайтын принтердегi  баспаға шығарса да, немесе PDF немесе EPS тiң қалыптарында сақтаса да, ол кеңейтілімін өзгертпейді және сондай қалпында айқын көрiнедi. Adobe Photoshop  бағдарламасында суреттегі мәтіндерді  тiкелей өзгертуге болады. Мәтiндi өзгерту оны терген уақытынданы ғана емес, одан кейiн де  атрибуттарды әрбiр әрiпке тағайындауға болады.

Мәтiнді редакциялауға дейiн  оны ерекшелеуi керек. Бiр  әрiптi, сөзді немесе барлық мәтiндi  редакциялау  арналған габариттi шеңберді ерекшелеу  сияқты болады.

                                               Мәтінді ерекшелеу

Іс қимыл

Орындау әдiс

Мәтін жолының бөлігін ерекшелеу

Тышқанның батырмасын басыңыз және мегзегiштi апарыңыз. Жол бөлiгiнiң  басын шертiңiз, содан соң оның аяғына дейін Shift пернесiн басып тұрып  шертiңiз

Сөзді ерекшелеу

Сөзді екі рет шертіңіз

Мәтін ерекшелеу

Жолды үш рет шертіңіз

Абзацты ерекшелеу

Абзацты төрт рет шертіңіз

Мәтінді толығымен ерекшелеу

Мәтiндегi төрт рет Ctrl A  пернесін басып  тұрып шертiңiз немесе Layers (қабат )  палитрасында оның миниатюрасына  екi рет шертіңіз


 

 

                                      Өзгертілетін мәтін қабатын жасау

  1. Т пернесін басу арқылы мәтін аспабын қосыңыз.
  2. Мәтiнге арналған бастапқы нүктенi анықталу үшiн (аспаптық опциялар панелінің оң бөлiгiндегi өзгеріске ықыласы аударыңыз ) терезені  шертiңiз. Мәтiндiк блоктi енгiзу үшін пунктир нобайын салыңыз, абзац атрибуттары қолданылатын абзац атрибуттарын белгілеңіз. Мәтіндерді еркін қозғау үшін әр мәтінді әр қабатта сақтаңыз.

 

                                                            Сурет 3.

  1. Мәтіннің бағытын (көлденен, тігінен) өзгерту үшін опциялар панелінде Туре  мәзірін басыңыз.

 

                                                 Сурет 4.

  1. Мәтін шрифтін өзгерту үшін шрифт отбасын  тандаңыз.

 

                                                           Сурет 5.

  1. Мәтiннiң түсiн опциялар панелiнде таңдап алыңыз және қалқып шығатын панелге түстi таңдап таңдаңыз. Мәтiннiң түсiн (үлгiлер ) Swatches(үлгiлер )  палитралары арқылы немесе Colors (түс ) палитрасында көрсетуге болады.
  2. Palettes (Палитралар) мәзірін басу арқылы шрифт және абзац атрибуттарын таңдай аласыз.
  3. Енді сурет терезесінің кез келген жеріне сіз мәтінді  еңгізе аласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Adobe Photoshop бағдарламасы  арқылы ескі суреттермен 

                                        жұмыс істеу                                                         

Ескі суреттер... Бұл ондаған  жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тарихы. Бұл ескі альбомдарда сақталған, қолдан қолға өткен, ескірген, сарғайған  суреттер. Осындай ескі мұралардың көп бөлігі мұражайларда, мұрағаттарда, жеке коллекцияларда, альбомдарда сақталған. Суреттердің барлығы уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Осы суреттерді қалпына келтіруге  Adobe Photoshop бағдарламасы көмектеседі. Осы бағдарлама арқылы біз ескі суреттегі міндерді тазалай аламыз, суреттерді түстендіре аламыз. Енді суретпен жұмыс істеу тәсілін талқылайық. Егер ескі суреттерді алатын болсақ  ескі суреттердің көбі арнайы мамандармен сурет студияларында жасалған. Бұл суреттерде сурет ашықтылығы жақсы қойылған. Осындай суреттерге түс беру өте оңай. Сурет түссіз болғандықтан (сканерден өткізген кезде ол RGB форматта сақталады ), біріншіден оны RGB форматынан Grayscale моделіне ауыстыру керек. Бұл суреттің көлемін азайтады және Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеуді оңайлатады. Одан кейін техникалық ақаулармен жұмыс істеу керек, оның ішінде түсін белгілеу, реңін келтіру.

                                 Сурет түсін жаңалау.

  1. Өзгерту керек суретті ашыңыз. Оның кеңейтіліміне мән беріңіз.
  2. Ctrl+O пернесін басып, суретті орналастырыңыз. Одан кейін суретті RGB моделінен Grayscale (Сұр градияциясы)  моделіне ауыстыру керек. Ол үшін:
    • Image Менюінен Mode> Grayscale (режим-сұр градияциясы)
    • Суретті Lab color моделіне ауыстырғаннан кейін L (жарықтық) каналын айрықшалау.

Компьютерлік графика мамандары көбіне екінші амалды қолданған дұрыс дейді.

  1. Image> Mode> Grayscale (Сурет-режим-сұр градияциясы) “Discard color information” (түс туралы ақпаратты алып тастау) терезесі шығады, OK басыңыз. Суретті сұр градияциясы моделіне ауыстырамыз. Осы кезде сурет көлемі бірнеше есеге кішірейеді.
  2. File>save as (Файл-сақтау) мәзірін басу арқылы суретті PSD форматында сақтаңыз. Осы кезде сурет түсі бастапқыдан қараңғылау болады. Бұл суреттің реңін келтіру үшін керек. Суретті сканер арқылы өткізгендегі жылтыр түс кетеді.
  3. PSD форматтағы суретті қайтып ашыңыз. Керек болса Window>Channels (терезе-каналдар) мәзірін басыңыз. Бұл мәзір арқылы сіз екі суретті салыстыра аласыз.
  4. Image> Mode> Lab color  (Сурет-режим- Lab color) мәзірі арқылы суретті толық түсті Lab моделіне ауыстырамыз. Осы кезде палитрадағы түстер каналының өзгерісіне мән беріңіз. Каналдардың ішінен ең түсі анық каналды таңдаңыз. Енді оны белгілеу керек.
  5. Белгіленген а каналын тышқан арқылы Channels (Каналдар) терезесіне ауыстырыңыз. Сурет Multichannel (Көпканалды) режиміне ауысады.
  6. File>save as (Файл-сақтау) мәзірі арқылы суретті қайта сақтаңыз.
  7. Енді екі суретті салыстырыңыз. Суретке рең кіргенін көруге болады. Енді алдынғы суретті жауып, жаңа суретті ашыңыз.
  8. Image> Mode> Grayscale (Сурет-режим-сұр градияциясы) мәзірі арқылы операция орындаңыз. Осындай операциялар арқылы суретті RGB моделіне Grayscale моделіне ауыстырдық.

Міне Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы ескі суреттерге жаңа сурет беруге болады. Бұл бағдарлама сонымен қоса суреттің ақауларын жоюға, кемшіліктерін толтыруға мүмкіндік береді.

 


                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6. Сурет Өзгерісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Контурларды редактрлеу 

Контур (path)-  құралдар панелінің  Реп (Қауырсын) құралдар тобы арқылы және фигура салу құралдары арқылы салынған векторлық объект. Ол түзу және қисық сызықтармен қосылған нүктелерден тұрады. Контурдың немесе фигураның нобайын өзгерту үшін контурды құрайтын нүктелерді ауыстыруға, өзгертуге, қозғалтуға болады. Қабаттан айрықшау контуры- бұл векторлық маска. Олардың қабат маскасынан айырмашылығы олар шекараны түзу белгілейді.

 

 

 

                     Реп (қауырсын) құралдар тобы

 

   Пен құралдар тобы арқылы  контур салу

  • Pen Tool құралын тандаңыз ( Р немесе Shift+P пернесі)
  • Paths палитрасында бірде бір контурдың қосылмай тұрғанына көз жеткізіңіз. Paths (Контурлар) мәзірін шертіңіз
  • Реп Options (Опции пера) панелінде туды Rubber Band (Резинді жіп)-ке қойыңыз
  • Суреттің кез келген кезінде тышқанмен шертіңіз. Осы кезде контурдың негізін құрайтын нүкте пайда болады. Суреттің бірнеше жеріне нүкте қойып шығыңыз.

 

  • Контур салған кезде тік бұрыш салу үшін Shift пернесін Басып тұрып тышқанның орнын керек жерге ауыстырамыз.

 

  • Контурды салуды аяқтау үшін бірінші салынған негізгі нүктені соңғы нүктемен қосамыз. Осындай операцияларды орындау арқылы біз контур ала аламыз.

 

 

Сурет 7. Дайын контур

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныс

 

Adobe Photo Shop бағдарламасы  қазіргі  таңда  өте  қызықты әрі қажетті  бағдарламалардың  бірі  деп  есептеймін. 

Болашақта  қай  мамандықты  таңдасаң  да  барлығыда  ақпараттық  жаңа  технология  және  жаңа  бағдарламалармен  жұмыс  жасауда  сондықтан да  бұл  зерттеліп  жатқан  тақырыбым маған  және  менің  сыныптастарыма  да  тигізетін  пайдасы  болар  деп  сенемін. 

Қазіргі  таңда  әрбір  екінші  үйде  компьютер де сонымен  қатар  ғаламторда  да  бар. Алайда  менің  сыныптастарымның  көпшілігі  бірі  компьютерде  ойын  ойнап  ал  тағы  біреулері  ғаламтордағы  түрлі қажетсіз  бағдарламалар мен  видеоларды  көріп уақыт өткізеді. Егер  менің әрбір сыныптасым графикалық  бағыттағы тақырыптарды зерттесе, онда  олардың өмірге  деген қызығушылықтары арта  түсер еді деп ойлаймын. Ол үшін Adobe Photo Shop бағдарламасын информатика  пәніне  енгізіліп  өтілетін  болса, онда  болашақта  графикалық  бағдарламалармен жұмыс жасайтын, білімді  фотографтар мен  дизайнерлер көбейіп, еліміздің  әрбір  саласында жұмыс  жасайтын  азаматтарымыз бен  азаматшаларымыз  көбейер  еді  деп  ойлаймын.

Бұнымен  менің  айтайын  дегенім  осы  тақырыпты  болашақта  информатика  пәніне  енгізілсе  деген  ұсынысым  бар.

Adobe Photo Shop компьютерлік  графикалық  редакторды  дамытудың маңызы  зор деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта  келе, Adobe Photo Shop бағдарламасы  әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылатын  болғандықтан,  келешекте де  ең  қажетті  бағдарламалардың  бірі  боларына  сенемін. Себебі, графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек.

 Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – мүмкіншіліктері  мол  бағдарламалардың  бірі  болғандықтан, онымен  жұмыс  істеу қызықты  әрі  оңай. Себебі, осы  графикалық  редакторда  жұмыс  істеу  барысында  інімнің және  де  сыныптастарымның  суреттерін  безендіру  жасағанда графикалық  редактордың  көптеген  мүмкіншіліктерін  ашып  келемін, сонымен  қатар  менің  осы  графикалық  бағдарламада  жасаған  дизайнерлік  жұмыстарым  өзіме де  және  достарыма  да  ұнайды. Олар  маған осы  бағдарламада  түрлі  суреттер  жасап  жатқанымды  көріп қызығушылықтарын  танытады. Сондықтан  да  мен  бұл  тақырыпты  одан  әрі  зерттей  түсіп  тағы да  біраз  мүмкіншіліктерін  ашқым  келеді.

Себебі,  менің алға  қойған  мақсатым  болашақта  еліміздің  дизайнерлік  саласын  одан  әрі  көркейте   түскім  келеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қолданылған әдебиеттер

 

 

    1. Интернет www.adobephotoshop.com сайты.
    2. Интернет www.yandex.ru сайты.

Adobe Photoshop бағдарламасы және оның мүмкіндіктері