АКШ-тын курылу тарихы
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
I.Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері
а.Франция,Нидерланды
және Испанияның Солтүстік
Америка континентіндегі
б.Солтүстік
Американы ағылшын отарына
в.Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.
II.XVII-XVIII ғ.бірінші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы.
III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.
IV.Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшеліктері.Антиколониялық идеологияның қалыптасуы.
V.Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы.Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шилене түсуі.
VI.І Континенттік конгресс,саяси ахуал,американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы.Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.
VII.II Континеттік конгресс,солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы.1775-1778 жж.соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы.Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы.
VIII.Соғыстың соңғы кезеңі 1733 жылғы Париж бейбіт бітімі АҚШ-тың алғашқы ата занының қабылдануы.
IX.Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.
а.Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі.Федератшылдар мен Антифедератшылдар.
б.Заңдар мен түзетілімдердің қалыптасуы.
X.Американ буржуазиялық революциясының нәтижесі,сипаты және маңызы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
ХVІІІғ. орта тұсында колонияда шаруашылық жағдайларымен, ішкі сауда анағұрылым өсті. Плантаторлар өз өнімдерін сыртқа шығара бастады, портты қалалары болғандықтын метрополияға тәуелді болмады. Тұрғылықты халықтың саны күнен-күнге өсе түсті. Колониялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі және сыртқы сауда порты қалалар – Бостон, Нью-Иорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон т.б. көбеюімен ерекшеленсе, мәдениет пен білімнің дамуы ХҮІІІғ басында колонияларда өз газеттері мен қоғамдық және жеке меншік мектептер, колледждердің пайда болуы, осылардың негізінде дүниежүзіне әйгілі америкалық университеттер Гарвард, Принстон, Колумбиялық, Иельский университеттері ашылғын.
Американың 1775-1783 жж. тәуелсіздік үшін соғысы Англия тарапынан жасалынып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылықты дәріптеп, Солтүстік Американың наразылығы мен бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті.
Колониялық дәуірдің соңғы кезінде америкалық ағарту саласының саңлақтары, ойшылдары Бенжамин Франклин, Томас Джефферсон, ДЖон Адамс, Джеймс Мэдисон және де т.б ұрпақтар өсіп шықты. Мұның бәрі тек ұлттық тек материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар рухани байлықтың өскендігін, тәуелсіз ел боламын деген арманының тууына әкеліп тіреді.Солтүстік Американың тәуелсіздік алуы мен АҚШ-ның құрылу тарихы, оның жүріп өткен жолдары, жеткен жетістіктері, бүгінгі таңдағы даму жолдары мен бағытттары кімді болса да ойландырмай қоймайды. Сондықтанда студент біздер үшін Америка Құрама Штаттарының тарихын білу, оның тәуелсіздік жолындағы күресін оқып-үйрену, егеменді еліміз үшін АҚШ-мен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату маңызды екендігін көреміз.
I.Америкада
отарлаудың қалыптасуы және
Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты колония — Вирджиния. Ол бойдақ ханшайым Елизавета I-нің құрметіне аталды. Осыдан кейін тағы 12 ағылшын отарларының негізі қаланды. Олардың негiзгi қожайыны король болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бip бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді корольдің атынан жүргізуге міндеттенді. 1606 жылғы желтоқсанда жүзіп шыққан Лондон компаниясы кемелермен сол жаққа қоныстануға тілек білдіргендерді тиеп алып, 1607 ж. мамыр айында Джеймс өзенінде Джеймстаун фортын негіздеді. Ере келген адамдар ауасына, суына 6ipден көндікпеді, қыста жағдай ауыр болды, ашықты, әуелі Үндістер көмектесті, кейіннен келімсектердің зорлығын көрген соң көмек беруді тоқтатты. Жауласты. Көбі аштан өлді. Вирджинияға 1610 жылы 500 адам әкелінгенді, олардың тек 60-ы ғана аман қалды.
Отардың iciн жолға қою үшін король үкіметі губернатор тағайындады. Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты. Вирджинияның тұрғындарының ең жоғарғы тобы — губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ — саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен — еріктілерден, ал төменгі топ — Вирджинияға компания есебінен жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс icтeyre келісім-шарт жасасқан — сервенттерден тұрды.
{1,415 б}
Вирджиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған қара еріксіздер негрлер еңбегі тіимді болды, ceбe6i оларға ешқандай келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр — құлдарды Вирджинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны —23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. Қaзipгi АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған. XVII—XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жеке меншік отарларына Солтүстік және Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Нью-Йорк провинциясы жатты. Жаңа Амстердам қаласының аты Нью-Йорк деп өзгертіледі де, бұл атау бүкіл отарға таралады. 1685 жылы оның иесі герцог Йоркский король Яков II болады, ал отар корольдікке айналады. Басқа иелерге берілген оның оңтүстік бөлігі Нью-Джерси деп аталынатын болды. Делавэр отары 1776 жылға дейін ресми түрде Пенсильвания құрамында болды.
Франция,Нидерланды
және Испанияның Солтүстік Америка
континентіндегі орталық
Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси — астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда — Жаңа Англия (НьюГемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд) қолөнер, мануфактура кең өpic алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина, Джорджия — құл еңбегіне негізделген плантациялык, шаруашылық негізделді. Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі пайдаланды, 5—6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болды. Отарлардан балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.
Еуропада, әcipece, темекі өтімді болды. Егер 1666 жылы Америкадан 8 мың кг темекі сыртқа шығарылса, келеci жылы екі еселенді, он жылдан кейін 600 мың кг, 1690 жылы — 8 миллион кг, 1775 жылы — 40 миллион кг-ға жетті.Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен ма¬нуфактура дамыды. 1631 жылы сыйымдылығы 60 тонна кеме жасалса, 1650 жылы сыйымдылығы 300 тонналық, 1725 жылы 700 тонналық кеме суға түсірілді. Францияға, Испанияға, Португалияға балық өнімдерін апарып сатты.
Тоқыма өндірісі жасалды. Әуелі ол жергілікті сұранысты өтеді. Ал кейін рынок үшін өндіре бастады.
Король үкіметтері (Анна (1702—1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері — буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тepi, темір т. б. өнімдер түpi туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіпті одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуip түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жа¬сау, темекі, мақта өcipy).Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жер¬де отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді.
Солтүстік
Американы ағылшын отарына
1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ
отарларының өкілдерінің
Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.
Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті.. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер — революцияшыл-демо¬кратиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты.Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 % болатын Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті.{2,132 б}
III.Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.
Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727 жылы негіздеген Филадельфиялық хунта болды. Бұған жергілікті баспагерлер, қолөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті. Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің 6ipi жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франк¬лин де, Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді. Бұлардың еңбектерінен осы ықпал сезіліп тұрады.Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тiлiнiң қалыптасуы мен ортақ мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отар¬ларда жаңа ұлттың қалыптасқандығының сөзсіз белгісі eді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті — дербес республика құруға керек шарттардың 6әpi Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды. Бұл айтылғандардың бәрі болайын деп тұрған Солтүстік Американың буржуазиялық революцияның алғышарты — себептері.Англия тарапынан жасалып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті. Англияның тарапынан жасалған бұл сияқты зорлық-зомбылық сипатын «Практикум по новой истории» (1640—1870) деген кітаптың деректі мәліметтерін оқу арқылы жақсы түciнyre болады. Әcipece, Томас Пейннің «Здравый смысл» деген памфлетін оқу аса қажет. Бұнда автор корольді және оның үкіметін қатты сынады. Король тек соғысуды біледі, қызметтерді таратуды ғана біледі, ұлтты қайыршыландырып, оның арасында алауыздық туғызуды ғана біледі — деп жазды Т. Пейн. Сондай-ақ ол осы памфлетте Ұлыбританиямен байланысты әсірелеуші адамдарды әшкерелеп, Англиямен байланыста болғалы Американың тек күйзелістен басқа, дамуына келтірген кедергілерінен басқа ештеңе таппағанын айта келіп, ажырасатын уақыт келді— деп жар салды. Корольмен ымыраға келудің Америка үшін өліммен тең екенін айта келіп, «біздің күшіміз санда емес, бірлікте, енді біздің күшіміз жеткілікті»— деп сенім ұялатты.{3,776 б }XVIII ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.
IV.Американдық
ағартушылық идеологиясының
1776 жылы 23 желтоқсанда Париждегі
Б.Франклин басқаруындағы
Дипломатиялық қатынастар
орнату үшін Еуропа
V.Революция
қарсаңындағы ұлттық буржуазия
қозғалысы.Колония мен
Американ буржуазиялық
1783 жылы маусымда
Ланкестерде көтеріліске
VI.I
Континеттік конгресс,саяси
1775 жылы 29 қарашада құпия комитет құрылды. Алғаш ағылшын-француз бәсекелестігін, сондай-ақ жалпыға мәлім Францияның Англияға деген жауластығын пайдаланып, американдықтар француздармен АҚШ-қа қару-жарақ әкеліп түсіру жөнінде құпия келіссөздер жүргізуге кірісті. 1776 жылы 3 наурызда құпия комитет Континентальды конгресс мүшесі Сайлас Динді өзінің құпия өкілі ретінде Францияға жіберді. С. Дин Парижге жергілікті көпес ретінде келді. Оған Франциядан әрі қарай көмек алуға қол жеткізу жүктелді. Ол ресми түрде француз үкіметінен Францияның өзінен не болмаса, басқа да Еуропа державасынан конгреске қару-жарақ мәселесі бойынша көмек көрсетуді сұранды. Өзінің Франциядағы миссиясын орындап болғаннан кейін, ол осыған ұқсас тапсырмамен Голландияға жіберілу керек еді.
Тәуелсіздік
үшін соғыс ірі буржуазияның
экономикалық қуатын айтарлықтай
күшейтті. Алғашқыда Англиядан әкелінген
қару-жарақ пен бұйымдарды
Король үкіметінің сыртқы істер
министрі граф Верженн Франция атынан
жас Американ республикасына әскери
көмек көрсетті. Шарль де Верженн
ескі мектеп дипломаты болды. Ол атақты
Н. Макиавеллинің «мақсатқа жетуде
барлық әдіс-амалдар жақсы» ережесін
ұстанды. Ол Ұлыбританияның әлсіреуі үшін
жас Американ республикасына көмек
көрсетуді жөн көрді. Осының арқасында
ол Еуропада Франция үстемдігін орнатуға
ұмтылды. 1775 жылдан Америкадағы көтерілген
ағылшын отарларына құпия көмек
көрсетуді бастаған Ш. де Верженн
Францияның Англияға қарсы тікелей
соғысқа араласуын көздемеді. Ол
екі жақтың бір-бірін толығымен
әлсіреткенін күтті. Сонда да АҚШ
тәуелсіздігін қолдап, жас республикаға
түрлі көмек көрсеткендер де болды.
Мәселен, маркиз Лафайет және «Севильский
цирюльник», «Женитьба Фигаро» еңбектерінің
авторы Бомарше. Отарларға көмек
көрсету мақсатында Бомарше 1775 жылдың
өзінде-ақ «Родриго Горталес және К» деп
аталатын сауда үйін құрды. Бомаршенің
көмегімен Сайлас Дин Франциядан
АҚШ-қа қару-жарақ,офицерлерді
1776 жылы 15 желтоқсанда Парижге
1774-1775 жж. қыста отарларда
стихиялы түрде қарулы
15 маусымда армияны
құру, ұйымдастыру туралы шешім
қабылданды. Оны виргиниялық бай
плантатор Джордж Вашингтон
Британдықтар мыңдаған әскері мен
офицерлерінен айырылды. 1775 жылы шілдеде
Лексингтон мен Бенкерсхиллден кейін
Джон Диккинс басқаруындағы конгресс
мүшелері корольға петиция жіберіп,
достасудың жаңа жолын іздеді. Георг
III үкіметі көтерілісшілерді қарумен
басатындығын айтты. Британ флоты Фольмаус
(Портленд) қаласын жақты және 1776
жылы қаңтарда Вирджиния жағалаулары
тоналды. Отарларда қолданылған
репрессиялар мен қатыгездіктер
халық арасында тек антибритандық
емес, сондай-ақ антимонархиялық
1776 жылы көктемде буржуазияның
революционндық қанаты
Буржуазиялық революцияның маңызды шарасының бірі конгрестің лоялистерді қарусыздандыру және олардың иеліктерін тәркілеу туралы шешімі болды. Мәселен, Пенсильваниядағы Вильям Пенн, Мэрилендтегі лорд Балтимордың иеліктері тәркілеуге ұшырады. Виргинияда 6 млн. акрге жеткен лорд Ферфакс иелігі, Нью-Йоркте 3 млн. доллар көлеміндегі 59 жеке меншік жерлері, Массачусетсте 300 аристократия отбасыларының жеке меншіктері тәркіленді.
Алғашқы үш жыл
бойы әскери қимылдардың басты
аймағы солтүстік және орталық
штаттар болды. Британ
1776 ж. тамыз айының
соңында Вашингтон
Канада шекарасынан жылжитын Бургойн армиясы, Онтарио көлінен шабуылдайтын Сен-Лежер армиясы, оның құрамында көптеген американдық торилер мен индеецтер болды, Гудзон өзені бойындағы ауданда соғыс қимылдарын жүргізетін Клинтон армиясы. Соғыс қимылдары ағылшындар үшін сәтсіз жүргізілді. Жаңа Англия штаттарының барлық тұрғындары оларға қарсы шықты. 1777 жылы 19 қазанда Бургойн армиясы Саратога түбінде қоршауға алынды. Олар Гейтс басқаруындағы американ армиясына берілуге мәжбүр болды. Мұны естіген Сен-Лежер армиясының торилері қашып кетті, ал индеецтер қаруды ағылшындарға қарсы бұрды.
Енді американдарға қарсы
соғыспау шартымен жеңімпаздар
әскери тұтқындарға Англияға
қайтуына рұқсат берді.
VII.II
Континеттік конгресс,
Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа мемлекет – Америка Құрама Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франк¬лин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды .Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді. Декларацияның мазмұны британ отаршыларымен байланысты ескі тәртіпке қарсы күресіп отырған буржуазия мен оның кейбір плантатор одақтастарының мүддесіне сай келді. Оған бұл құжатты қабылдауға қол қойған депутаттардың құрамы куә. Қойылған 56 қол иелерінің 13-і көпес, 8-і плантатор, 28-і адвокаттар, 7-і еркін мамандық иелері. Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Солай бола тұра кемшіліксіз де емес. Құлдықты сол күйінде қалдырды, үндістерге ештеңе берген жоқ. Әйелдерге теңдік бермеді. Декларация нәтижесінде Америкада үкімет билігі ұлттық буржуазиямен плантаторлар блогының қолына өтті.
Саратога түбіндегі
жеңіс француз үкіметін
Ал Франция Англияға
қарсы соғысқа шықты. Ол
Англияға тиімсіз
қалыптасып жатқан күрделі
1) Бейтарап державалардың
соғысушы мемлекеттер
2) Қару-жарақтан бөлек, кез
келген жүктердің бейтарап
3) Нақты белгілі бір себептерсіз,
Осы негізгі қағидаларды
Екатерина бейтарап
1783 жылы 4 наурызда Англия соғыс
қимылын тоқтатқанын хабарлады.
1783 жылы 3 қыркүйекте Версальда Англия
мен АҚШ арасында бейбіт
Атқарушы билікті конституция президентке жүктеді. Президент армия мен флоттың бас қолбасшысы болып табылды, сенаттың шешімімен Жоғарғы сот мүшелерін, сондай-ақ министрлер мен елшілерді тағайындады. Жоғарғы сот конституцияға қайшы келетін заңдарды алып тастауға құқылы болды. 1787 жылғы буржуазиялық конституция прогрессивті болды, бірақ ол демократиялық болған жоқ. Ол ең алдымен құл иеленушілер мен ірі буржуазияға тиімді жақтарды қарастырды. Негрлердің құлдығы заңды түрде бекітілді және 20 жыл алдын ала АҚШ-қа негр құлдардың енгізілуі рұқсат етілді. Қашқан құлдар өздерінің иелеріне қайтарылуға тиіс болды. Индеец тайпалары теңсіз жағдайда болды және олар АҚШ азаматтары болып саналмады. Әрбір штаттың конституцияларына сәйкес сайлау құқығы әртүрлі болды. Бірақ барлық штаттардағы ұсақ фермерлер, жұмысшылар, кедей қолөнершілер сайлау құқықтарынан айырылды. Әйелдер де ешқандай құқыққа ие болған жоқ. АҚШ-тың 3 млн. тұрғындарынан тек 120 мың адам ғана сайлау құқығына ие болды.

- Ақадыр орта мектебінің жалпы ата-аналар жиналысы
- Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы
- Ақан сері
- Ақан Сері
- Ақбілек романы туралы
- Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
- Ақ континент (Антарктида) материгінен Мұзтау ажырап кетті. Неге?
- Акшанын пайда болуы жане манызы
- Акшанын шыгу тарихы
- Акша пайда болу
- Акша тарихы
- Акша теориясы
- Акша теориясы
- Акша теориясы