АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік
пәндер кафедрасы
Экономикалық
теория негіздері
Семестрлік
жұмыс 1
Тақырыбы:
Ақшаның пайда болуы және маңызы
Орындаған: Брк-11-06 тобының
студенті Аманкелді Жұлдыз
Сынақ
кітапшасының нөмірі: 113213
Тексерген: Қапарова Райгүл
Алматы,
2012 ж
Мазмұны
Кіріспе 3
Бөлім
1.Ақшаның пайда болуы 4
1.1 Ақшаның
пайда болуы және оның тауарлы
жаратылысы.
1.2.Ақшаның
түрлері
Бөлім
2.Ақшаның қажеттілігі және оның
экономикалық маңызы. 12
2.1 Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық
маңызы
2.2. Инфляция туралы түсінік
Қорытынды 20
Пайдаланылған
әдебиеттер. 22
Кіріспе
Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың
ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының
бір куәсі деуге болады. Біздің
заманымызда ақша көптеген адамдар
үшін өмірдің негізгі мәні болып
отыр. Адамдар ақшалай табыс табу
үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге
дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап
алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп
еңбек етсе, енді біреулер оны қолға
түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын
іздестірумен болады. Ақша – тек
қана одан құтылып қана пайдалануға
болатын бірден-бір тауар. Ақшаны
жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды,
баспана болмайды. Ақша үшін адамдар
көптеген тірліктерге барады және ақша
сол үшін қайтарым да береді.
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар
қатынастарының біршама жоғары дамуы
нәтижесінде пада болғандығы ертеректен
бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын
зерттегендегі басты анық болғаны,
ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын
көрсетеді. Тауар – сатуға немесе
айырбастауға арналған еңбек өнімі.
Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы
ақшаның пайда болуының объективтік
алғышарттарын туғызған.
Балалық шақтан бастап адам ақшаның неге
қажеттігін және оның өз өміріндегі атқаратын
ролі жөнінде біле бастағанымен «Ақша
деген не?» деген сұраққа жауап табуға
қиналады.
Ақша – бұл тауар
айналысының құралы және оның
ізбасары. Тауармен ақша бір –
бірінен бөлінбейді, себебі ақша
айналысынсыз тауар айналысының
болуы мүмкін емес. Ақша тауардан
бөлініп шыққанымен де, ол айрықша
тауар ретінде қала береді.
Сонымен, ақша – бұл
барлық тауарлардың құнын өлшейтін,
жалпыға балама айрықша тауар.
Ақша – кез – келген
тауар айналысының құрамдас бөлігі
және оның нәтижесі.
Ақша адамдарға ежелден таныс.
Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні
көп уақытқа дейін беймәлім болды. Дәл
осы мәселені мен мейлінше кеңінен қарастырмақпын.
Бөлім 1.Ақшаның пайда
болуы
1.1 Ақшаның пайда болуы және
оның тауарлы жаратылысы.
Ақша адамдарға ежелден таныс.
Бірақ оның қалай пайда болғандығы
туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі
мәні көп уақытқа дейін беймәлім
болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін
зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның
тауар айналымында атқаратын
маңызын жан-жақты ашып,жауап
берді. Ақша тауарлы өндірістің өнімі.
Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы
неде? Тауардың ақшаның пайда болуына,
оның қолдануының өрістеуіне әсер ету
жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап
өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы
қауымдық құрылысы жағдайында
бір қауым өз тұтынуынан ауысқан
өзінің қандай да болсын еңбек
өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде
басқа бір қауымның өніміне
айырбастайды. Сонда адам еңбегінің
нәтижесі - өнім. Ал оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын,
яғни белгілі өнімді сату- сатып
алу қатынастарын дәлелдейтін
түрі – тауар. Тауар дегеніміз
сату-сатып алу жолымен айырбасқа
түскен еңбек өнімі, немесе
тауар – еңбек өнімінің айырбасқа
арналған формасы. Тауар ең
алдымен өндірушінің басқа өнімдерге
айырбастау мақсатымен жасалған
еңбек өнімі түрінде айырбас
кезінде, яки нарықта көрінеді.
Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтытуы үшін жұмсалса, ондай
еңбек өнімі тауар сипатын
алмайды. Мәселен, етікші өзі
тіккен етікті өзі пайдаланса,
онда ол тауар емес, тұтыну
заты.
Бірақ кез-келген зат
тауар бола алмайды. Егер нақты
еңбектің нәтижесі – тұтыну
құны өз сатып алушысын таппаса,
қоғам оны мойындамағаны, онда
оны жасауға жұмсалған уақыт
босқа кеткен уақыт болғаны
да, зат тауар түріне ие бола
алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз
зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті
тауардың тұтыну құны болады,
яғни тауардың қоғамдық тұтыну
құны болып табылады. Тұтыну құны
тауарды өндірушінің өз қажетін
емес, басқа өндірушінің тауарына
айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін
өтейді. Тауардаң басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды.
Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана
ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын
көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны
басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру
қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға
айырбасталу қасиетінен айырбас құны
шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне
айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын
құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну
құндары айырбасталуының пропорциясы,
ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы
көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез
келген пайдалы зат құн бола
алмайды. Себебі адам еңбегі
жұмсалмаған заттардың құны жоқ.
Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б.
Сонда құн деген не? Құн дегеніміз
– тауар өндіргенде жұмсалатын
еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі – еңбек. Сондықтан,
тауарға сіңген қоғамдық еңбек
тауардың құны болады. Бұл бір
жағынан, ал екінші жағынан
еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге,
сезінуге бола ма? Өнімнің құны
болуы үшін белгілі бір қоғамдық
жағдай болуы қажет – ол
тауар қатынастары болуы шарт.
Ол тек тауар өндірушілердің
ғана қатынастары. Айырбас кезінде
олардың белгілі бір тауарды
басқа тауарларға теңестірулері
кезінде, яғни айырбас құны
арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын
зертханада физикалық, ия болмаса
химиялық талдау жасап байқауға
болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта
– нарықта, айырбас кезінде
байқауға болады. Сөйтіп құн деген
заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория.
Құнның негізі – адам еңбегі.
Құн – еңбектің нәтижесі, еңбек
жемісі. Құн деген идея адамзат
тарихында көптен бар. Ал оның
еңбек теориясын негізін қалаушылар
ХVII ғасырдағы ағылшын экономисі
У. Петти, ХVII ғасырда өмір
сүрген шотландық А. Смит, XIX ғасырдағы
ағылшын бизнесмені Д. Рикардо
болды. Ал құнның еңбек теориясына
басты үлесті XIX ғасырда К. Маркс
қосты. Ол тауарға жұмсалатын
еңбектің екі жақты сипатын,
яғни белгілі бір тұтыну құынын
жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті
ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың
екі жағының – тұтыну құны мен құнының
– қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз
бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары
қандай жағдайда шешіледі деген
сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық
еңбек, яғни басқалар үшін еңбек
ету қоғам дамуының барлық
сатыларында болады. Алғашқы қауымда
да, патриархаттық отбасында да
адамдар өз күш-қуатын жұмсай
отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті.
Алайда мұнда құн пайда болған
жоқ. Себебі тауар пайда болған
жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа
түсекен жоқ. Тауар болу үшін
өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу
қасиеті ол өнімді сату –
сатып алу кезінде, яғни нарықта
оны тұтыну құны және құн
етеді. Өйткені, егер өнім сатылса,
оның тұтыну құны басқаның
қажетін өтеуге керек болғаны.
Бұл біріншіден. Екіншіден, оның
құнының бар екені дәлелденгені.
Міне дәл сату – сатып алу
жағдайында (нарықта) тауардың ішкі
қарама-қайшылықтары шешіледі.
Адамзат қоғамының даму
сатыларында айырбас қатынастары
да дамып, одан әрі жетіліп,
нарықта тауарлар тек натуралды
зат ретінде ғана бір – біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар
дүниесіне ерекше бір тауар,
яғни тауар ақша пайда болды.
К. Маркстың сөзімен айтқанда:
«Айырбас құны, тауарлардан бөлініп
және сол тауарлармен қатар
дербес тауар ретінде жүретін
тауар, ол - ақша». Әрбір жеке
тауар тұтыну құны ретінде
көрінеді. Оның құны белгісіз, ол
тек тауарды ақшаға теңгергенде
ғана анықталады. Тауар мен ақша
айырбас процесінде бірін-бірі
алмастырады және біріне-бірі
теңгеріледі.
1.2.Ақшаның түрлері
Ақша өзінің даму барысында екі
түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар
– номиналды құны оны дайындауға
кеткен нақты құнымен сәйкес
келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл
ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен
және алтыннан жасалғандары жатады.
Металл ақшалар әртүрлі формада
болған. Монета түріндегі формасы
– бұл олардың соңғы формасы.
Монетаның бет жағы аверс, артқы
жағы – реверс және жаны
гурт деп аталады.
«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің
жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета
есімімен байланыстырады, яғни сол
шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың
көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен
соғыста жеңіске жеткендігі туралы
аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo»
- «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын»
дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VIIғ.
б.э.б. Ертедегі Қытайда және
Ертедегі Лидия мемлекетінде
пайда болды. Киев Русінде алғашқы
монеталардың пайда болуы IX –
Xғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста
алтын монеталармен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар
елдер де XIXғ. екінші жартысында
өтті. Бұл елдердің ішінде алтын
өндіру жағынан бірінші орында,
өзінің отарларымен бірге ағылшын
елі алған.
Алтын айналысы тұсында
құнның қағаздай белгілерінің
пайда болуының мынадай объективті
қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің
артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы
ақшаға деген қажеттілікті толық өтей
алмады;
- жоғары құнды алтын ақшалар
ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
- алтын стандарты, жалпы алғанда
өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Алтын айналысын не бары бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін болды
және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын
жабу мақсатында құнның қағазды белгілерін
шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде,
біртіндеп алтын айналыстан шыға
бастайды.
Толық құнсыз ақшалар
– номиналды құны нақты құнынан,
яғни олардың өедірісіне кеткен
қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
- құнның металдық белгілері
– арзан бағалы металдардан жасалған
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий
т.б. монеталар;
- құнның қағаздай жасалған
белгілері. Құнның қағаздай белгілері
екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік
ақшалар.
Қағаз ақшалар –
нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта
олар айналыста жүрген алтын
және күміс монеталардың орбасарлары
ретінде пайда болды. Қағаз
ақшалардың айналыста жүруінің
объективті мүмкіндігі, олардың
айналыс құралы қызметін атқару
ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз
ақшаға ауысуы себептері мынадай:
- металл ақшалардың тасымалдап
алу жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік
билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс
алумақсатында металдық құрамын төмендету
барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің
қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа
түсуі;
- эмиссиондық табыс (шығарылған
ақшалардың номиналды құны мен олардың
нақты құны арасында айырма) алу мақсатында
қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
- бюджет тапшылығын жабу мақсатында
қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар
б.э.XIIғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан
отары болған Солтүстік Америкада,
1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде
пайда болды. Брінші дүниежүзілік
соғыс жылдары қағаз ақшалар
барлық елдерде шығарылды. Қазіргі
кезде қағаз ақшалар қазыналық
билеттер түрінде он елде (АҚШ,
Италия, Индия, Индонезия және
т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да
1961ж. болған ақша реформасы
негізінде қағаз ақшалар, яғни
1,3,5 рубльдік қазыналық билет
формасында соңғы рет айналымға
шығарылып, кейіннен Ресейдегі
1991 – 1992жж. және Қазақстан 1993ж.
ақша реформасы нәтижесінде айналымнан
алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) – бюджет тапшылығын
жабу мақсатында шығарылатын,
сондай-ақ мемлекет белгілеген
өзіндік номиналы бар құнның
белгілері.
Қағаз ақшалар тек
қана айналыс құралы және төлем
құралы қызметін атқарады. Олардың
айналыста ұлғаюы мемлекеттік
қаржы жзетіспеушілігіне байланысты
шығарумен түсіндіріледі. Қағаз
ақшалар өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез
икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз
ақшалардың шығарылуын, эмитентке
деген сенімнің төмендеуін және
төлем балансының қолайсыздық
жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар
– тауар өндірісінің дамуымен,
яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп
төлеуге (несиеге) берілуімен
байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың
шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты
мақсаты: ақша айналымын икемді
ету; нағыз ақшаларды үнемдеу;
қолма-қолсыз ақша айналымының
дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың
мынадай түрлері бар: вексель,
банкнота және чек.
«Вексель» сөзі ағылшынша bill note –
міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель – белгілі
бір соманы алдын – ала келісілген
мерзімде және белгіленген жерде
төлейтіндігі туралы борыщқордың
қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі
түрі бар: жай және аудармалы.
Жай вексель (соло)
– вексельді ұстаушыға векселде
көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта немесе талап етуге
байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген
міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель
(тратта) – вексельде көрсетілген
соманы белгілі бір уақытта
алғашқы вексальді ұстаушыға
(ремитентке) төлеу туралы үшінші
бір тұлғаға (трассатқа) вексель
берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын сипаттайтын
вексель. Сонымен қатар, экономикалық
әдебиеттерде вексельді мынадай
түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық,
достық, бронзалық.
Қаржылық вексель
– белгілі бір ақша сомасын
қарызға беруден туындайтын қарыздық
міндеттеме.
Қазыналық вексель
– бюджет тапшылығын жабу мақсатында
мемлекет тарапынан шығарылатын
оның міндеттемесі. Қазыналық вексель
бойынша мемлекет борышқор болып
саналады.
Достық вексель –
кейіннен банкте оларды есепке
алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель
нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық
міндеттемені білдіреді.
Банкнота (ағылшын сөзінде
«Bank-note» аударғанда «банк билеті»)
– орталық банктің айналысқа
шығарған әр түрлі номинальдағы
ақша бірліктері.
Ол вексельден және
қағаз ақшалардан өзара ажыратылады.
Банкнотаның вексельден мынандай
айырмашылығы бар:
Мерзімділігіне қарай,
егер де вексель мерзімді қарыздық
міндеттеме болса (3-6 айлық), ал
банкнота – мерзімсіз қарыздық
міндеттеме.
Кепілдігіне қарай,
вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер
шығарады және оның жеке кепілділігі
болады, ал банкнота қазіргі кезде
орталық банк шығаратындықтан,
оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиеттерде
банкнота екі түрге бөлінеді:
классикалы және жай.
Классикалық банкнота
– бұл банкнотаның алғашқы
пайда болған формасы ретінде
алтынға еркін алмастырылатын, яғни
алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Жай банкнота –
бұл қазіргі кездегі айналысқа
шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металға алмастырылмайды,
тек қана орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі.
Ендеше қазіргі айналыста жүрген
орталық банктен шығатын жай
банкноталар алтынмен қамтамасыз
етілмейді, бірақ олардың белгілі
бір дәрежеде тауарлық немесе
несиелік негізі сақталған, сондай-ақ
олар қағаз ақша айналыстарының
заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы
шот иесінің чекті ұстаушыға
белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа
ағымдық шотқа аудару туралы
өзінің банкісіне берген жазбаша
бұйрығы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынандай:
Біріншіден, ол банктен нақты ақшаны
алуға қызмет етеді;
Екіншіден, ол айналыс және төлем
құралы қызметін атқарады;
Үшіншіден, ол қолма – қолсыз ақшамен
есеп айырсу құрал
Бөлім 2.Ақшаның қажеттілігі
және оның экономикалық маңызы.
Ақшаның объективті қажеттілігі
тауар өндірісі және одан туындайтын тауар
айналысына байланысты. Ақша – кез келген
тауар айналысының құрамдас бөлігі және
оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен
ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз
тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін
емес.
Әйтсе де адам өміріне
ақшаның қажеттілігі туралы әр
уақытта әр түрлі ойлар айтылуда.
Рационалистік концепцияны (ақыл
– ой талабына ғана негізделген
көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар
арасындағы келісім құралы, ол
айырбас кезінде құндардың қозғалысына
қажетті арнаулы құрал деп
түсіндіреді. Бұл ойды жақтаушы
Аристотель өзінің “Никомахова
этика” деген кітабында “Айырбасқа
қатынастардың бәрі өзара салыстырмалы
болуы керек. Айырбасты болдыру
үшін шарттылыққа негізделген
әрбір өлшем болуы қажет” деп
жазған.Бұл ой көне Рим қоғамында
заңға енгізіліп, оның қағидасы
бойынша император ақшаның құнын
заңмен бекіткен.
ΧVІ ғ. бас кезінде
утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің
“Золотая книга о наилучем
устройсве государства и новом
острове Утопия” деген еңбегенде
«барлығын ақшамен өлшегенде
мемлекеттік істердің табысты
және дұрыс шешілуі мүмкін
болар ма екен» деп жазған.Сондай-ақ
XIX утопист – социолистер Прутон,
Оуэн, Грейт және басқалар да
ақшаға жағымсыз көзқараста болды.
Мысалы, Прутон тауар өндірісін
сақтап қалумен қатар ақшаны
құртудың жобасын жасап және
оны дәлелдеуге тырысты. Сол
сияқты 1832 ж. Р. Оуеннің тауарларды
ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып,
жұмыс уақытының шығындары арқылы
тауарларды бағалаумен айырбас
жүргізуге ұмтылған әрекеттерді
банкроттыққа соқтырған.
Субъективті ой-пікірлер
ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге
де тән. Мысалы, американдық экономист
П. Самуэльсон ақшаға жасанды
әлеуметтік шарттылық ретінде қараса,
Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл
металдарға және басқа заттарға бекіту
– адамдар арасындағы келісімнің өнімі»
деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы
Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі
бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі
Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді
ұсынды.
Сондай-ақ 90-жылдардың
бас кезінде шыққан «Экономикс»
атты кітабында К.Р. Макконелл
мен С.Л. Брю «ақша адамдарды
сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар
азаптанады, ақша үшін еңбектенеді.
Ақша – ол өзіне баурайтын,
қайталанатын, құбылмалы перделі
жұмбақ нәрсе» деп жазды.
Сөйтіп, рационалистік
концепцияны жақтаушылар тобы
– ақша адамдар арасындағы
келісімнен туған айырбастың
техникалық құралы деген көзқараста
болды.
Ал, эволюциялық концепцияны
(өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын)
жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша
шешуде. Бұл концепция қоғамдық
тауар өндірісін зерттей келіп,
ақша адамдардың еркінсіз айырбастың
ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл
тауарлар әлемінен бөлініп шыққан
ерекше тауар екенін дәлелдейді.
Алғашқы болып ақшаның
тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша
теориясының дамуына көп еңбек
сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың
жай, ең қарапайым формасынан
«көз шағылыстыратын» - ақшалы
формасына дейін ұзақ даму
жолдарын зерттей келіп, ақшаның
жұмбақ сырын жоққа шығарды.
Сондай-ақ К. Маркс ақшаның
қажеттілігі жөнінде «егер ақша
жойылса, біз қоғамдық өркендеудің
ия ең жоғары дәрежесінде болармыз,
ия қоғамдық өсудің ең төменгі
сатысына лақтырылып тасталармыз»
деп өз ойын қорытындылаған. Ал
коммунизм тек қиял, сондықтан
ақша болды, одан әрі де бола
береді.
Маркстің айтуынша, табиғат
ақша шығармайды, ал алтынға ол
қасиетті қоғам берген. Себебі:
Біріншіден, оның өте
жақсы табиғи сапасы бар: біртектілігі,
оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы,
бұзылмай сақталуы. Ол тек «патша
арағында» ғана ериді.
Екіншіден, бұл ең
бастысы, алтынның біршама жоғары
құны бар және алтын ақша
құнсызданбайды.
Алтынның қоры шектеусіз
еместігінен, оны шығаруға зор
еңбек жұмсалады. Бұл бір жағынан.
Екінші жағынан оның құнсызданбауы
туралы, егер толық құнды алтын
ақшаның айналымдағы мөлшері
оның нақты қажеттілігінен көп
болса, онда олар айналымнан
шығып, байлық қорына түседі. Керісінше,
айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі
өссе, онда алтын ақша ешбір
кедергісіз байлық қорынан айналымға
кері оралады. Алтын ақшаның,
өз иемденушісіне зардапсыз, айналым
қажеттілігіне оңай, әрі тез икемделетін
мүмкіндігі бар.
«Ақша – зат емес,
ол қоғамдық қатынастар жиынтығы».
Шын мәнінде бұл афоризм, егер
адам қоғамнан бөлініп кетсе,
оған ақшаның қажеті жоқ деген
мағынаны білдіреді. Робинзон
Крузоға да ақшаның керегі
болған жоқ. Оның мұхитқа батып
бара жатқан кемеден құтқарып
қалған заттары елсіз аралда
пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз
бос қағаз болып қалды.
Ақша – тарихи
дамыған экономикалық категория
(санат). Ол қоғам дамуының әрбір
сатысында өндіріс және айырбас
процесінде адамдар арасында
қалыптасатын экономикалық қатынастарды
көрсетеді. Қоғам экономиканың
әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның
маңызы арта түседі. Орталықтанған
– жоспарлы экономикада ақшаның
мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен
есеп жүргізу және бақылау
құралы ретінде қосалқы қызмет
атқарды. Жоғарғы басқару органдары
әрбір кәсіпорынның шығаратын
өніміне натуралды және құн
көрсеткіштері түрінде өнімнің
түріне және көлеміне жоспар
бекітті.
Ал қазіргі
кезде бұл жағдай өзгерді. Ақша экономикадағы
рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері
арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі
тауар айырбасы үдерісінен туындайтын
тауар өндірушілердің нысаны ретінде
ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі
экономикадағы атқаратын қызметтеріне
мыналар жатады:
- құн өлшемі
және баға масштабы;
- айналыс
(айырбас) құралы;
- төлем
құралы;
- қорлану
және қор жинау құралы;
- дүниежүзілік
ақша.
Нарқтық экономикада
ақшаның маңызы зор. Себебі
әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік,
корпоративтік, жеке) жұмыс істейтін
тауар өндірушілер өндіретін
және сататын өнімінің көлемін,
түрін және бағасын бекітуге
дербестік алды. Шаруашылықты жаңа
нарықтық жағдайда жүргізуде
төлем қабілетті сұранысқа бағдар
жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп,
өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы
тағайындалады.
Сонымен қатар, қазіргі
кезде кәсіпорындарды жеке меншіктендіру
де, мемлекеттік бюджеттің кірісін
қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік
және өндірістік емес шығындарды
қаржыландыру да, Ұлттық банктің
несие ресурстарын басқа банктерге
сату да, инфляцияға қарсы күрес
те және т.б. жүргізіліп жатқан
іс-шараларда ақшаның маңызы арта
түсуде.
2.1. Инфляция туралы
түсінік
Инфляция (латының «inflatio», аудармасы
– «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның
өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар
және қызметтер сапасының төмендеуінен
туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ
оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция – бұл кез-келген экономикалық
даму үлгісіне тән объективтік құбылыс.
Инфляцияның себептері айналыс
және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай фактоларға
байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына:бюджет
тапшылығын жабуға пайдаланылған,
шексіз көп ақшаның эмиссиялануы
есебінен айналыс аясының артық
ақша массасына толып кетуі;
2) Ақшалай емес факторларға:
қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизміне,
мемлекеттің экономиаклық саясаты,
оның ішінде, салық саясаты, баға
саясаты, сыртқы экономикалық
саясатына байланысты факторлар
жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына
байланысты инфляцияның екі типі
болады: сұраныс және шығын (ұсыныс)
инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы мынадай фокторлардың
әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери
техикалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде
ақша баламасы айналыс ақша үшін артық
болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және
ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің
қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін
шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу,
нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы
артады;
несиелік экспансиялау, яғни елдің
орталық банкінің комерциялық банктер
мен үкіметке несие беретін несиелер
көлемінің ұлғаюын сипаттайды;