Акша. 2
Жоспар
Кіріспе.................
1.
Ақшаның мәні мен
пайда болуы.........................
2.
Ақшаның атқаратын
қызметтері....................
3.
Ақшаның түрлері.......................
4. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы......19
Қорытынды...............
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша
тауардан дами отырып, тауар болып
қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.Жалпыға
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: " Ақшаның мәні мен пайда болуы". Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.
1. Ақшаның мәні мен пайда болуы.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Кейін өндіріс құралының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде " айырбастау " деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің " тауар " деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан, өнім өндірушілер өздерін бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
-
натуралдық шаруашылықтың
-
өнім өндірушілердің арасында
бір жағынан мүліктік
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір - бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне, әр түрлі тайпаларда ақшының міндетін атқаратын тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі гректер, римдіктер, славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар - аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда - тұз, Моңғолияда - шай, тағы сол сияқты. Бірақ, осының өзінде де, айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген қызметтері көп болды. Міне,осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңіңдегі ақшаның міндетін әр түрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүиесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.Бірақ б.э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады.Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т - Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:
- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т - А)
- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта басқа тауар сатып алу (А - Т)
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.
Осындай
өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның
қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан
бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан
кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына
айналатын болды.
2. Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік - экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның қызметі өзгермей, бір қалыпта қалады. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
1) құн өлшемі;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Айта кететін нәрсе, көрсетілген қызметтерді тек ақша ғана орындай алады Енді олардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар
бағасын өлшеу көрінетін өлшеу
үшін қолма-қол ақшаның болуы
қажет емес, себебі еңбек өнімін
теңестіру ойша орындалады. Таурларды
ақшаның көмегін өлшеуге
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес, Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу қасетімен ерекшеленеді.
Құн
өлшеу қызметі жалпы эквивалент
ретіндегі ақшаның тауарға
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі - мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976 - 1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы және паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес,алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алын келді.
Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екіншіқолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату - сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма - қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды;
-
ақшаның бұл қызметінде
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі. Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Айта кететін бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарды.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
-
банктік қарыз, мемлекеттік
- сақтандару міндеттемелері;
- әкімшілік - сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату - сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуді идеалды ақшалар атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма - қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма - қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналамының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер сомасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандайда бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және тағы басқа).
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты " таза қазына " формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі ол шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді.Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша
айналыс саласынан уақытша
-
кәсіпорындар мен ұйымдардың
есеп айрысу және депозиттік
шоттарындағы ақшалай қаражат
қалдығы түрінде ұжымдық
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік
механизмнің арқасында
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халақаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысулардың 80 % - зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон - Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық ортақ бірлігі "еуро" айналысқа щықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
3. Ақшаның түрлері
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайлармен, яғни қоғамдағы болған өзгерістерімен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның ( ақшаның ) маңызын әр түрлі тауарлар атқарған. Кейін өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын біртекті, оңай бөлшектеннетін, сақтағанда бұзылмайтын, тасымалдауға қоайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді.Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар, сондықтан ол еш уақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Дегенмен, алтын ақшаны падаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығаумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі айналыстағы ақшаның кюбеюін керек етеді, ал лол үшін алтын шығарудыкөбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.
Қағаз
ақша. Қағаз ақшалар ақшаның
Ең бірінші қағаз ақша XI ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VII ғасырдың аяғында, XIX ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы <<ассигнация>> деп аталатын қағаз ақша шығарылды.
Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны Үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланыст қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайда әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі. Дегенмен, бұндай жағдайды несиелік ақшаның көмегімен оқшандыруға болады.
Несиелік ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцяларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында (Орталық, болмаса Қлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде банктер қарыз алушылардың банкнотын (банк билеттерін) береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек тауар өндірумен, оны өткізідің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалыдық құндылықтар мен шаруашылық наты қозғалысына қарай беіріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымғда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек мұндай қолма - қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма - қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуның байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды біртұтас жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер несие жоғарыда айтылған байланыссыз шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.
Қолма - қол ақшасыз айналымдағы ақша. Қолма - қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма - қол ақшаның орнына несие операциялардың пайдалану, яғни ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әр түрлі төлемқұжаттары мен құнды қағаздар пайдалынады. Сөйтіп, бұл айналым несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.
Бірақ қолма - қол ақшасыз айналымның қолма - қол ақшасыз есеп айырылысудан айырмашылығы бар. Олар:
- Кейбір құнды қағаздар арқылы жүргізілетін қолма - қол ақшасыз айналым банктің қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Мысалы, вексель және басқа да кейбір төлем құжаттары тиісті жазу (индоссамент) мен ақша алушыға жіберіледі, бірақ ақша аударылмайды. Сондықтан мұндай операциялар қолма - қол ақшасыз айналымға жатады.
-
Кейбір ақша алушылармен
- Егер қолма - қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар алдағы уақытта ешқандай міндеттеме алмайтын болса, вексель арқылы жүзеге асырылатын, қолма - қал ақшасыз айналымға қатынасатын вексель беруші алдағы кезде сол вексельде көсетілген төлемді уақытында төлеуге міндеттеме алады.
Өз ретінде, қолма - қол ақшасыз есеп айырысу қолма - қол ақшаның айналымынан төмендегідей өзгешілігі бар:
- қолма - қол ақшасыз есеп айырысуда 3 жақ қатынасады: сатушы, сатып алушы және олардың есеп шоттарына тиісті жазу жасайтын банк.
- қолма - қол ақшасыз есеп айырысушылар банкпен несиелік байланыста болады. Оған дәлел, есеп шоттары азды - көпті ақшасы бар. Міне, сол ақшалар банктердің шот иелерінің алдындағы міндеттемесі болып екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, қолма - қол ақшасыз есеп айырысу мен қолма - қол ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы және өзара тығыз байланысты бар. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатынасады (доллар, рубль, тенге т.б). Оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп-оңай ауысады. Егер есеп шот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма - қол ақша әкеліп салса, көрініс керісінше болады. Есеп айырысудың екі нысанының біртұтастығының тағы бір дәлелі, екеуінің де несие негізінде пайда болды.
Айнылымдағы ақша жиыны және ақшы базасы. Нарық жағдаында қолма - қол ақшамен және қолма - қол ақшасыз айналым болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы біртұтас айналымның көлемі болып табылады.
Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 % - ға өсіп, 2001 жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақшы жиынын сипаттау үшін әр түрлі агрегаттар қолданылады:

- Акша жуйесі
- Акша жүйесі
- Акша каражаттары
- Акша каражаты
- Акша каражаььарынын
- Акша кредит реферат
- Акша нарыгы
- Акціонерне товариство, його види та характеристика
- Акціонерне товариство як особливий тип підприємства
- Акціонерне товариство як особливий тип підприємства
- Акціонерні товариства
- Акціонерні товариства
- Акцызы
- Акша