Активтердің құнсыздануы
Кіріспе
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді.Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңіндегі бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр, өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктік ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздің халық шаруашылығының қай субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан формалармен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметінің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқарылатын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәләлдеуге қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандартымен қаржы шаруашылық қызметі есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулар мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде еліміздің қолданып жүрген бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы, оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды:
- ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Материалдық емес активтер физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады. Мысалы, кәсіпорын жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге негізгі құрал құрамына енеді ме немесе материалды емес актив құрамына енеді ме, ол принципальды түрде анықталуы қажет. Мен өз курстық жұмысымның тақырыбы Ұзақ мерзімді активтердің есептелуі , оларға: негізгі құралдардың мәні және жіктемесі; негізгі құралдарды бағалау; материалдық емес активтер; активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу; лицензиялық келісім; компьтерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу – хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.
Негізгі бөлім
1 Ұзақ мерзімді активтердің жіктелуі мен бағалануы
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.1996 жылғы № 3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.1997 жылғы күшіне енген қаулысына сәйкес №6 "негізгі құралдар есебі" бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе оның уақытша пайдалануындағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық жұмысын жүргізу немесе жедел басқару болып табылады. № 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау болып табылады:
- мойындау кезеңі;
- қызмет ету мерзімі;
- амортизация есептеу әдісі;
- кезеңдегі күрделі салым;
- бағалау әдісі.
өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
1) еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілермен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. № 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқада негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көтереді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру .
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады.
Жіктемелік топтарға өндірістік – техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары , өндірістік және шаруашылық құрал -саймандар, керек – жабдықтар, жұмысшы және өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық көрсеткіш болып табылады.
- өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени- тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт).
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
1. меншікті - бұл – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;
2. жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттардағы “Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар” субшотында ескеріледі. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
1. қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған ( тоқтатылмаған) – концервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
2. запаста тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
1. инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);
2. инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу).
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады. Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар .Негізгі қоралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады. Негізгі қорлар тобының құрамына кіретіндер:
1. Жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады.
2. Үйлер – бұл мақсаттық бағытта халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне, әлеуметтік – мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет – құрылыс объектілері.
3. Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік – құрылыс объектілері (платина, көпір, автомобиль жолы, шахта стволы, мұнай бұрғысы) .
4. Көп жылыдық екпе ағаштары – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады.
5. Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек – жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды,
іргетастарды қоса алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып табылады. ).
6. Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар.
7. Есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
8. Басқада машиналар мен құрал - жабдық – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық.
9. Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралы. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
10.Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.
11.Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады.
12. Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
13.Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар.
14. Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Инвентарлық объект дегеніміз барлық икемділіктермен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.
Беріліс құрылғылары – электронды, жылулық және механикалық қуатты беруге арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы өткізгіштер). Күш беретін машиналар мен жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина - қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электрқозғалтқыш).
1.Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және жабдықтар токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер.
2.Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары - бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, водомерлер, манометрлер).
3.Есептеу техникасы – процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары).
4.Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).
5.Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы).
6.Инвентарлық объект – барлық тиесілі керек- жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген объект.
7.Темірді, ағашты өңдеуге арналған құрал – сайман, қол еңбегінің механикаланған бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары).
8.Инвестициялық объект – басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.
Өндірістік инвентарь және керек – жарақтар - өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі, верстактар, закрома, шкафтар).
Түгендеу объектісі – қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.
10.Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.).
11.Көпжылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін көпжылдық өсімдіктер (жеміс – жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық гүл өсімдіктері, роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер).
Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден бөлек ескеріледі.
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, тамырлардан тазарту,
егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту).
13. Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары.
2 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).
2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
3. Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
4. Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1. Шотта көрсетілген сату бағасы;
2. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы;
3. Сатып алу сату құжаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;
4. Салықтар мен алымдар;
5. Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар.
Мысалы: "Альтаир" ЖШС-і 1 200 000 теңгенің құрылысы орналасқан жер учаскесін сатып алды. Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттің көрсеткен қызметінің құны – 23 000 теңге, шарт жасау жөніндегі заңгер көрсеткен қызмет құны – 15 600 теңге, құрылысты бұзу шығындары 35 000 теңге, үйді бұзудан алынған табыс 12 300 теңге, учаскені тазалау және тегістеу жөніндегі шығындар 7 000 теңге.
Учаскенің бастапқы құны: 1 200 000+ 23 000+ 15 600+ (35 000- 12 300) + 7 000 = 1 268 300 теңге құрайды.
Д-т 2411 (жер) К-т 3310 (жеткізушілермен есеп айырысу).
Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
1. Сатып алу бағасы;
2. Тасымалдау шығындары;
3. Монтаждау;
4. Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
1. Материалдар.
2. Еңбекақ төлеу.
3. Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
4. Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
5. Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіндегі берілген кредиттер бойынша проценттер.
Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша – жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.
Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау - өткізу №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай – ақ басқа субъектіге беру мақсатында негізгі құралдар құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. «Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлермен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машингалары мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көпшілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъестісін қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтармен машиналар күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды. Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланытын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдалынылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй жай (коммунальдық) шаруашылығында денсаулық сақтау, әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. Негізгі құралдар бірнеше объектілерін қабылдау - өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал – саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. Негізгі құралдар ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады. Негізгі құралдар басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі негізгі құралдар қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды жас өсімдіктер тобына есептеуді, сондай – ақ өсімдіктерді пайдаланудағы өсімдіктер тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады. Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілері көрсетіліп, бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін (тұқымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын жазады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417 – шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2421-2429 – шоттар арналған.
3 Материалдық емес активтер есебі
Материалдық емес активтердің жіктелінуі мен бағалануы және есептелінуі
Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізігі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, Ұйымдстыру шығындарын, Гудвиллді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықты жатқызуға болады.
Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға берілу барысында, сондай – ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады. Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға
жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субьектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген "Ноу-Хау" деген ұғымды келтіруге болады.
"Ноу-Хау" деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субьектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. "Ноу-Хау" жалпы "патент" сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалынғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда "Ноу-Хау"-ды кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің ұйымдағы жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. "Ноу-Хау"-дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі "Лицензиялық келісімдер". Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі б.т. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқада міндеттерін орындайды. Материалдық емес активтердің "Программамен жабдықтау" деп аталатын түрі касіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.

- Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
- Активтер есебі
- Активтер есебінің міндеттері, активтерді классификациялау. Активтер қозғалысын құжаттық өңдеу
- Активтер есебінің түсінігі және бөлінуі
- Активтер портфелін басқару
- Активті бөлшектердің алудың химиялық әдістері
- Активы банка: сущность, структура, методы анализа
- Активные формы работы на уроках
- Активный и пассивный маркетинг
- Активный и пассивный транспорт
- Активный отдых
- Активный отдых в укреплении здоровья
- Активный фильтр
- Активтердің құнсыздану