Ғаламдық экологиялық проблемалар. 2

Мазмұны

  • Озон қабатының тарихы
  • Озон тесігі
  • Озоносфера
  • Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
  • Парникті эффект (жылу эффекті).
  • Қышқыл жаңбырлар.
  • Әлемдік мұхит проблемалары.
  • Аймақтық экологиялық проблемалар
  • Шөлейттену
  • Өнеркәсіптік қалдықтар
  • Халың санынық өсуі.
  • «Жасыл революция» және оның салдары.
  • Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғаламдық экологиялық проблемалар

       Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

Озон қабатының  тарихы

     1980 жылдардың басында Антарктидадағы ғылыми станцияларда жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмеңдегені байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деген атау алған. 1987 ж. көктемде Антарктиданың үстіндегі Озон тесігі барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км²- ді (ғарыштық түсіру бойынша) құрады. Осындай кұбылыс 1992 ж. қайталанған. Бұл кезде Оңтүстік Америка материи және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%- ға) тіркелді. Осыған ұқсас құбылыс (1986 ж. көктемінен) Арктикадағы Халли-Бей ағылшын станциясының үстінде байкадды. Оңдағы озон шоғырының минималды көрсеткіші 40%-ға азайған, ал Жапон станциясының үстінде 2 есеге төмендеген. Бірақ мұндағы Озон тесігінің өлшемі Антарктидадағы Озон тесігінің мөлшеріне Караганда 2 есе кіші болған. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың озонды қабаты шамамен 10—40%-ға азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегішң, Шотландия аралдарвың Каны тіркелген. Көптеген халықаралық экспедициялардың зерттеулерінен кейін ғана әр түрлі физикалық-географиялық факторлармен бірге Озон тесігінің қалыптасуына атмосферадағы хлорфторкөміртектің (фреон) едоуір мөлшері негізгі себеп болып табылатыны анықталған. Олар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгеңде карқынды түрде озонды бүзатын хлор тотығы түзілетін фотохимиялық ьщырауға үшырайды. Жердін озон қабатының тозуы жер бетіне ультракүлгін соулелер ағынының мол түсуіне алып келеді. Ол, әрине, планетадағы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (БДҰ) меліметтері бойынша, атмосферадағы озон қүрылы- мының 1%-ға төмендеуі (осыған сойкес ультракүлгін соуле 2%-ға өседі) адамдар-дың қатерлі ісік ауруларьшьгң көбеюіне (тері обыры, көз катаракгасы және т.б.) себепші болды. Қарқынды ультракүлгін соуле адамның жүйке жүйесінің олсіреуіне, жүқпалы ауруларға қарсы екпенің тиімділігі төмендеуіне соқтырады. 1985 ж. суытқыш шығарындыларының осерінен озон қабатын қорғау туралы Конвенция қабылданған. АҚШ-та, Ресейде стратосферадағы озон қабатының қайта түзілуіне немесе бұзылу жылдамдыгын төмендетуге (электрмагниттік соулелену, электрлік разрядтар, лазерлік соулелену одістері) бағытгалған бірлескен жүмыстар атқарылуда. Осының борі полюс маңындағы кеңістіктерде озон тесігін жойып, озонды қалқаны сақтауға үлес қосады деп күтілуде.

Озон тесігі

Озон тесігі (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың  озон кабатындағы озон (көк түсті, өткір иісті газ) құрамының едоуір төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік. Бұл — жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық моселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған. (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың озон кабатындағы озон (көк түсті, өткір иісті газ) құрамының едоуір төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік.

          

Озоносфера

        Озоносфера, озон қабаты (гр. ozon – аңқығыш және sphaіra – шар), озонның жоғары концентрациясымен ерекшеленетін стратосфералық (биіктігі 10 – 50 км) қабат. Атмосферадағы озонның ең көп концентрациясы 20 – 25 км биіктікте болады, мұнда озонның тығыздығы жер бетіне қарағанда 10 есе көп. Озон оттегінің Күн радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады. Озон мөлшерінің көп болуы көктем айларына, азаюы күз айларына сәйкес келеді. Озон қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы зор. Ультракүлгін сәулелерді жер бетіне жеткізбей, сәулеленудің алдын алады. Оның зардабы мутация өзгерістермен байланысты.

Озон Күннің ультракүлгін сәулелерінің және электр разрядтарының  әсерінен екі атомдық оттек () молекулаларының ыдырап, қайта қосылуының нәтижесінде () пайда болады. Озон қалқаны күннің тіршілікті жойып жіберетін ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.

                

 

Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

        Атмосферадағы  озонның мөлшері бар болғаны  0,004%-ды құрайды. Стратосферада  (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы  2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада  электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін  радиацияларының әсерінен оттегінің  молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның  жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда  тіршілік нышаны білінбейді. Жер  бетіндегі барлық организмдердің  тіршілігіне қауіпті Күннің өте  қысқа ультракүлгін сәулелерін  сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты  озон қабатын «қорғаныш қабаты»  деп те атайды. Озон қабатының  50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды  10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан  күннің ұзын толқынды ультракүлгін  сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз  мөлшерде тіпті бұл сәулелер  адам үшін пайдалы да: терімізді  қарайтып күйдіреді, организмнің  қорғаныштық қызметі артады. Тал  түсте ультракүлгін сәулелердің  концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін  шаңқай түске дейін жүргізген  жөн. Озоносфераның бұзылуы орны  толмас жағдайларға, тері ісік  ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына,  жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы  планктонның жоғалуына, өсімдіктер  мен жануарлар әлемінің мутациясына  алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы  ғылыми жұмыс станцияларында  жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы  озон құрамының төмендегені байқалған.  Осы құбылыс- «озон тесігі»  деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде  Антарктиданың үстіндегі «озон  тесігі» барынша үлкейіп, оның  ауданы шамамен 7 млн км² -ді  құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты  нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Парникті эффект (жылу эффекті).

        Жанғыш  қазбаларды өртеу және басқа  да өнеркәсіптік процестер әсерінен  бөлініп, атмосферада жинақталатын  көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер,  яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса  бұл заттар жекелей аса қауіпті  емес) газдары парникті эффектінің  пайда болуына алып келеді. Парникті  эффектінің механизмі қарапайым.  Бұлтсыз ауа райы ашық кезде  күн сәулелері Жер бетіне оңай  жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен  сіңіріледі. Жер беті қызған соң  жылу энергиясын ұзын толқынды  сәулелену түрінде атмосфераға  қайта береді. Алайда бұл жылу  энергиясы атмосферада шашырамай  жоғарыда айтылған газдардың  молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу  энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың  қарқынды қозғалысына және температураның  көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық  газдар (азот, оттегі, су парлары)  жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше  оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы  жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері  ауада екі есе көбейсе, орташа  температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың  ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы  мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік  мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне,  көптеген жердің су астында  қалуына және басқа да жағымсыз  жағдайларға алып келеді.

        Климаттың  ғаламдық жылуы - биосфераның  антропогендік ластануының бір  көрінісі. Бұл климаттың және  биотаның өзгеруі: экожүйедегі  өнімділік процестерінің, өсімдіктер  қауымдастықтары шекараларының,  ауыл шаруашылығы дақылдарының  өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер  Солтүстік жарты шардың жоғары  және орта ендіктерінде қатты  байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Қышқыл жаңбырлар.       

       Ғаламдық  негізгі экологиялық проблемалардың  бірі атмосферадағы ластаушы  заттардың ұзақ қашықтықтарға  тасымалдануы. Алғашында бұл проблема  радиоактивті заттардың үлкен  қашықтықтарға таралуына байланысты  пайда болды. Негізінен күкірт  диоксиді және оның қосылыстары,  азот оксиді және оның қосылыстары,  ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер,  радиоактивті заттар сияқты улылығы  жоғары заттардың таралуына баса  назар аударған жөн. Күкірт  диоксиді мен азот оксидтерінің  жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының  түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен  территориялардағы табиғи ортаның  жалпы қышқылдануына, айтарлықтай  экологиялық өзгерістерге алып  келді. Түзілген қышқылда р  және олардың қосылыстары жауған  жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында  және топырақтың құрамында кездесіп  экожүйелерге жағымсыз әсер етуде.  Күкірт диоксиді және азот  оксидтерімен болатын қышқыл  жаңбырлар орман биоценоздарына  үлкен зиян әкелуде. Қышқыл  жаңбырлардан жалпақ жапырақ  ты ормандарға қарағанда қылқан  жапырақты ормандар қатты зардап  шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ  қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде  минералдық тыңайтқыштардың пайдасы  азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін  топырақтарда қатты байқалады.  Адам организміндегі алғашқы  жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы  сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде  пайда болады. Бұл қосылыстарды  әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт  қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден  бар болғаны 3-4 есе көбейгенде  тіршілігін жояды. Тұщы сулардың  қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда  5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың  көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда  көбею жүрмейді. Қазіргі таңда  антропогендік әсерден бөлінетін  күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді  пайдалану күкірттің көп бөлінуіне  алып келеді. Жер шарының кейбір  аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік  Америкада антропогендік күкірттің  түсуі көп мөлшерге жетті. Жер  бетіне түскен қышқылдар мен  сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың  қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына  алып келуде.

       Улы  және фотохимиялық тұман. Үлкен  қалаларға тән, жиі байқалатын  құбылыс - улы туман (тұман мен  түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар  үш түрлі - ылғалды, құрғақ және  мұзды болып келеді. Ылғалды улы  тұман (Лондондық тип) - газтәрізді  ластаушы заттар, шаң және тұман  тамшыларының қосылыстары. Бұл  қосылыстағы заттар бір-бірімен  химиялық реакцияға түсіп бастапқы  түрлерінен әлдеқайда қауіпті  қосылыстар түзеді. Атмосфералық  ауаның 100-200 метр биіктігінде улы,  сарғыш түсті лас, ылғалды улы  тұман осылай пайда болады. Мұндай  тұман теңізге жақын, тұманды,  ауаның салыстырмалы ылғалдылығы  жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ  улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде  химиялық реакциялардың әсерінен  атмосфералық ауаның екінші рет  ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл  түтін түзеді. Улы тұманның үшінші  түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық  тип). Ол Арктика мен Субарктикада  антициклон кезінде төменгі температурада  пайда болады. Мұндай ауа райында  ластағыш заттардың аз мөлшерде  бөлінуінің өзі мұздың майда  кристалдарынан тұратын қалың  тұманның пайда болуына алып  келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы  жерлерде орналасқан қалаларға,  мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк,  Братск, Мехико және т.б. тән.  Улы тұман кезінде, жарықтың  әсерінен зиянды заттардың ауа,  ылғал компоненттерімен фотохимиялық  реакциялары нәтижесінде қосымша  улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.

        Атмосфералық  ауаның тұмандануы қала микроклиматының  нашарлауына - тұманды күндердің  көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына,  мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен  түтіннің қосылуынан (улы тұман)  жолдың көрінуі өте нашарлап  қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап,  тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр  жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын  ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен  қатар көптеген құстар, иттер  мен мысықтар да өлген. 1952 жылы  желтоқсанда Лондон қаласында  улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі  ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы  күкіртті ангидридтің мөлшері  қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес  қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде  ылғалдылығы 70% құрайтын тұман  пайда бола бастады. Бұл тұманды  фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі  нашарлап, үй жануарлары (ит, құс)  еле бастайды. Адамдардың тыныс  алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты  қабаттарының тітіркенуіне, өкпе  және басқа да созылмалы аурулардың  қозуына алып келеді. Улы тұман  өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша,  астық тұқымдастар, жүзім және  сәнді өсімдіктерге де зияны  көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

Әлемдік мұхит  проблемалары.

       Жер  бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан  Әлемдік мұхит - суының салмағы  1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар.  Мұхит суы планетадағы су қорының  97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік  мұхит планета халқының тағам  ретінде пайдаланатын барлық  жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен  қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі  тіршілікті сақтауда негізгі  роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың  жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына  түсетін оттегінің 70% планктондарда  жүретін фотосинтез процесінің  нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы  тепе-теңдікті сақтауда үлкен  роль атқаратын болғандықтан, оны  қорғау халықаралық экологиялық  өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік  мұхиттың зиянды және улы заттармен,  мұнаймен және мұнай өнімдерімен,  радиоактивті заттармен ластануы  үлкен алаңдатушылық тудырып  отыр. Ластанудың масштабын мына  мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы  суларға жыл сайын 320 млн тонна  темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн  тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы  тек Қара теңіз бен Азов  теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3  лас тұрмыстық және өнеркәсіптік  ағын сулар төгілген. Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген. Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді.

Аймақтық экологиялық  проблемалар

Ормандардың азаюы.Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.

        Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы. Халықтың тропикалық аймақтарға  көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.

 Қазақстан аумағының  3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.

Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) - парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан және басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде. Одан да маңызды фактор - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдық ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.

Шөлейттену

       Экожүйедегі  тепе-теңдіктің бұзылуына және  белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі - табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады. Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.

Өнеркәсіптік  қалдықтар

        Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді  шығару және әртүрлі жұмыстарды  орындау кезінде бастапқы тұтыну  қабілетін толық немесе жарым-жартылай  жоғалтқан шикізат, материалдар,  жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз  (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы  мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа  одағы елдерінде жыл сайын:  қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында  - 400 млн тонна, өндіріс орындарында  - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар  түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде  барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна)  жартысы ауыл шаруашылығындағы  өндіріс орындарының еншісіне  тиді.

Қала экологиясы.Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді салуы) табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы. Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға қарай қалада тұратын адамдардың саны ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар:

  • көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың
  • қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
  • қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың
  • тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
  • табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды
  • ландшафтарға ауысуы;
  • адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс
  • сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
  • адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).

Халың санынық  өсуі.

         Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Климаттың өзгеруі бойынша үкімет аралық сарапшылар тобының (IPCC) болжамы бойынша - 2040 жылы Европада жаздың күндері 2003 жылдың жазғы күніндей температура 38°С- 48°С-ты құрайтын болады. Мұндағы негізгі мәселе адамдардың көптеп өлуі емес, өсімдіктер өспей Европада азық-түлікті өсіру тоқтаудың алдында болады - дейді. Бұл ұйым тобының есебінше, 2040 жылы Сахара шөлі Европаның ортасына, тіпті Берлинге дейін жылжиды. Әлеуметтік-экономикалың проблемалар. Азың-түлік тапшылығы. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді. Болжамдар бойынша, 2010 жылға қарай бидай мен күріштің бағасы екі еседен аса қымбаттайды деп күтілуде. Бұл кедей елдерде халықтың жаппай ашаршылыққа ұшырауына алып келуі мүмкін. Азық-түлік тапшылығының басты себебі - 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. «Жасыл революцияға» байланысты 1970- ші жылдары жаңа сорттарды енгізу, суғару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдалану арқылы өнімнің төмендеуі тоқтатылды. Алайда суғару үшін судың тапшылығына байланысты Австралияда, Африкада бұл әрекеттер іске аспады. Қазіргі таңда суғару жұмыстары үшін судың тапшылығы Азияда, Америкада байқалуда. Сондай-ақ балық қоры да күрт азайды. 1950 жылдан 1989 жылға дейін әлем бойынша балық аулау 19 миллионнан 89 миллионға жетті.

«Жасыл революция» және оның салдары.

 «Жасыл революцияның» екі түрі бар. 1. XX ғасырдың 60-70 жылдары пайда болды. Оның бастамасын көтерген мексикандық селекционер Норман Берлоуг болды. Ол ескі сорттарға қарағанда өнімді 3 есе көп беретін жаңа «Мексикале» сортын сұрыптап шығарды. Н.Берлоугтан кейін басқа селекционерлер де жаңа жүғері, мақта, күріш сорттарын сұрыптап шығара бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділіғі жоғары жануарлар пайда болды. Осы революцияның арқасында астықты дақылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жатқан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер, мысалы, Үндістан астыққа деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. «Жасыл революция» халықтардың тағамға деген сұранысын қанағаттандырғанмен, көптеген жағымсыз жағдайларға: топырақтың деградацияға ұшырауына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуіне және т.б. алып келді.

2. 80-ші жылдардың ортасынан бастап ғалымдар, егер ауыл шаруашылығы антропогендік энергияны дәл осылай жұмсай берсе екінші «Жасыл революцияның» болатыны туралы айта бастады. Оның негізінде - ауыл шаруашылы дақылдарын, мал шаруашылығы өнімдерін экологиялық технология бойынша өңдеуге ауысу принциптері жатыр. Селекционерлер «рекордшыл» сорттарға қарағанда қолайсыз жағдайларда, тыңайтқыштың аз мөлшерінде, арам шөптерге, зиянкестерге және ауруларға шыдамды біршама жоғары өнім беретін сорттарды шығаруға ауыса бастады. Бұл үшін жергілікті мәдени өсімдіктер популяциясы кеңінен қолданылуда. Екінші «Жасыл революцияның» бір бағыты, экожүйелерге антропогендік әсердің салдарларымен күресетін «экологиялық таза» әдістерді қолдану. Ал негізінен - қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту, антропогендік энергияны төмендетіп, өсімдіктер зиянкестерімен күресу де биологиялық әдістерді пайдалану болып табылады.

Экологиялық қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу - көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы.

Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер - табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп - адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді. Техникалық ғимараттар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен болып жатқан экологиялық жағдайларға бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына зиян келтіретін көртышқандармен күрес жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде.

Ғаламдық экологиялық проблемалар. 2