Ғаламтордағы PR

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика  факультеті

Қоғаммен  байланыс кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғаламтордағы PR

 

 

 

 

                                         

                                            Орындаған: Абділдақызы А .

                                                               Тексерген:   Сәдуақасов А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

 

 

Жоспар:

 

І.   Кіріспе

 

ІІ.  Негізгі бөлім

 

  1. Қоғаммен байланыс түсінігі
  2. Ғаламтор  -  PR-ды дамыту орталығы
  3. Ғаламтордағы  PR-дың негізгі бағыттары

 

 ІІІ. Қортынды

 

 ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғаламтордағы  PR

 

ХХІ ғасыр  – жаңа технологиялар кезеңі. Осы  дәуірде нарық, сауда, білім, ғылым  және т.б. сынды салалар дамуда. Ашылып жатқан жаңалықтар, нарықта пайда  болып жатқан жаңа тауар өнімдері мен қызмет түрлерінің саны күн санап  өсуде.  Жаһандану процесі үздіксіз жүріп жатқан мұндай ортада сенімсіздік  те орын алуда. Себебі, сапалы тауар  мен қызметпен қатар, сапасы көңілге  қона бермейтін тауарлар да шығарылуда. Дәл осындай кезде нарықта  PR маманының орны аса қажет болып табылады.

Олай болса, PR маманының қызметі қандай? Бұл  сұраққа жауап бермес бұрын, PR дегеніміз  не екенін жетік түсініп алайық.

Қоғаммен  байланыс (PR) – халық пен мекеме немесе үкімет арасында сенімді қарым-қатынас қалыптастырады және әрқашан шынайы, сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді. Өйткені, ақпарат PR-менеджердің негізгі құралы. Яғни, PR – шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір фактор.

Демек, PR-маман  мекеме мен оның қызметін, тауарларын қолданатын тұтынушының арасындағы байланысты орнатушы тұлға.

PR-маманға тән қасиеттер:

  • Интеллект;

Тыңдау, түсінуге деген құштарлық, сендіру  таланты.

  • Жаңашылдық;

Дәстүрлі PR құралдарынзаманауи талаптарға сай  шебер пайдалану.

  • Шешендік;

Өз  ойын сауатты жеткізу қабілеті.

  • Объективті көзқарас;

Мақсатқа  және оның құрамдас бөліктеріне объективті қарау.

  • Күйзеліске төтеп бере білу;

Әрқашан позитивті ойлау.

  • Эрудиция.

 

Қоғаммен  байланыс1 – компания немесе ұйымның абырой беделін белгілі бір деңгейден түсірмей, тұрақты ұстап тұру үшін компаниялар (ұйымдар) мен қоғамдық топтар (стейкхолдерлер) арасындағы ақпараттарды бақылау басқармасы. Демек, PR-маманның ең негізгі қызметі – қоғам мен ұйым арасында қарым-қатынас орнату.

Мұндай қызмет біздің елімізде пайда болғанына  көп болған жоқ. Егер тарих беттеріне  үңілсек, PR Қазақстанға 1990 жылдары келді. Ол кезде PR тек баспасөз маслихаты, брифинг, баспасөз турларымен шектелетін. 1994 жылдан бастап халықаралық PR-агенттіктер  ашыла бастады. 2000 жылдардан конференция, дөңгелек үстел, тренинг пен семинарларға деген сұраныс артты. Ал, қазіргі  жаһандану кезеңінде ғаламтордағы  PR-ға сұраныс күннен-күнге артуда.

PR ақпарат еркіндігіне негізделетін инновациялық басқару жүйесі ретінде түрлі жобаларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның мақсаты – ортақ көзқарастар мен мүдделерді анықтау, сенімділік қалыптастыру, өзара түсіністікке қол жеткізу, екі жақты қарым-қатынаc орнату.

Қоғаммен байланыс бағдарламасының  негізгі міндеттері: адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту, екі  жақты ақпарат ағымын, түсіністікті қалыптастыру, ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз ету, басшылықтың қызметін халық  мүддесіне қарай қамтамасыз ету, БАҚ-пен жұмыс жасау, ұйымның имиджін  нығайту және т.б.

PR - өзінің  міндетін атқару барысында шын  ақпаратқа негізделеді, адамдарға  белгілі бір көзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен идеяларды  қабылдауды ұсынады, міндетті  түрде екі жақты байланыс тетіктерін  жолға қоюды ұйғарады.

Уақыттың  өтуіне қарай, заманның талабы да, талпынысы  да алға басуда. Ақпарат ағаны уақыт  өткен сайын жаңа форманы иеленіп  келеді. Осыған сай, ақпарат легі де тарылып, қайнар көздерін өзгертуде. Адамдар  да мәліметтерді жаңа арналардан алады. Мысалы, бұрын халықтың барлығы жаңалықты  газет-журнал, радиодан алса, қазір  жұртшылықтың көпшілігі ғаламтор жүйесі пайдаланады. Сәйкесінше, ғаламтор жүйесінде  өмір жандана түсуде.

Ақпарат, музыка, сурет түрлі кескіндер іздеуде  интернет таптырмайтын құралға айналуда. Тіпті, жұмыс та ғаламтор арқылы орындалатын  бұл заманда PR-да ғаламторда өз орнын тапқан.

 


1 Қ.Домбай «Қазақстандағы шіренбеген PR немесе компанияны жарнамасыз қалай көтеруге болады».- Алматы. – 2010. 28-30б.

 

 

Ғаламтордағы PR – өз бастауын 1990 жылдардан алады. Дегенмен, елімізде ол тек 2001-2004 жылдары  пайда бола бастады.

Қазіргі уақытта  ғаламтордағы кәсіби PR-мен бірқатар мекемелер айналысады. Олар:«Михайлов және серіктестері», «Кузьменков және  серіктестері» және т.б. сынды мықты компаниялар.

Ғаламтордағы PR-ға1 мамандандырылған компаниялар саны өте аз. PR-қызмет нарығында қазіргі кезде атап өтетін көшбасшылар жоқтың қасы. 

Дегенмен, ғаламтордағы PR-қызмет жақсы дамыған. «Positive PR-дың» директоры Яна Аршинованың айтуы бойынша, компанияның қызметіне көбінесе жүгінетін hi-tech стильді мекемелер, құрылыс компаниялары, туризм, қаржы сферасы, автокөлік нарығы және фармацевтика.

PR–агенттіктер  өз жұмысын жыл бойы, тоқтаусыз  атқарады. Жұмыс қарқынының баяулайтын  кезеңі – жаз және қаңтар  айлары болып табылады. PR акциялар 2 аптадан – 1 айға дейін жалғасуы  мүмкін. Белгілі мақсатты көздейтін  PR-кампаниялар  бірнеше айға  дейін жалғасуы мүмкін. Әрбір  іс-шараның бағасы тапырыс берушінің  бюджетіне қарай,  жеке есептеледі. PR-шаралардан бөлек, агенттіктер  тренинг, дағдарысқа қарсы іс-шаралар  және абоненттік қызмет көрсету  сынды жұмыс атқарады.

Онлайн режиміндегі  БАҚ-пен жұмыс жасайтын PR-мамандарының жұмысы оффлайн режиміндегі аудиториямен атқарылатын қызметке ұқсайды. Мысалы: жаңалыққа деген мүмкіндік және құштарлық, аналитикалық мақала, қаржылық есеп беру, пресс-релиздар, тұтынушылардың өткінші тауарға, қызметке айтар  ойлары.

PR-мамандарының  негізгі қызметтерінің бірі –  журналисттер аудиториясына қызықты  фактілер мен сандарды анықтау.  БАҚ-тың ішкі жұмысының логикасын  білу арқылы PR-мамандар мақсатты  аудиторияны анықтайды, бағалы  мақаланы  артық күш салмай, БАҚ-қа  тегін беріп жібере алады. Бұл  тек қаржыны үнемдеп қана қоймай, PR-маманның қызмет сапасын көрсетеді. 

Жақсы жетістіктерге  жету мақсатында әр PR- компания жеке салаға арнап, БАҚ-қа ең қызықты жаңалықтар рейтингін құрады. Тіпті болмаса, БАҚ-қа кадрлық өзгерістер жайлы  хабарлап отырады.

Қазіргі уақытта  ғаламторлық PR әдістер де бар. Мысалы, Victory S.A. компаниясы коммьюнитидің бірнеше  түрлерін таныстырады: жасырын сауалнамалар, розыгрыш, онлайн-конференция және т.б.

Жүйеде PR құралдарын қолдану көбінесе PR қызмет көрсету  сынды өзінен - өзі өрбиді. Қалай  болғанда да, интернет – ресурсты БАҚ  ретінде қарастыруға болады және онымен жұмыс қарым – қатынасы күнделікті шығатын газеттің журналистімен  тең дәрежеде қалыптасады.

Кәсіби мамандардың  тақырыптық форумдарға қатысқаны, әрине, басқаша қарым – қатынас түріне енеді. Мұндай форумдарда олар көпшіліктің  сеніміне кірулері керек. Себебі кейін  олардың ойларына басқа аудитория  иланады.

Кез-келген жағдайда, интернет–кампания  тек  коммуникациялық стратегия қатарына ене алғанда ғана, эффективті бола алады.

Паблик рилейшнз – маркетингтік коммуникацияның  қатарына енеді. PR – дың негізгі мақсаты - алмасып жатқан ақпараттың ортасында жүрген адамдар арасында түсіністік қалыптастыру; мекеме мен қоғам арасындағы коммуникацияны басқару болып табылады.

PR – мақсатты  аудиторияға1 бағытталған комплексті және мақсатқа бағытталған жұмысты талап етеді. PR құралдарын қолдану компанияға өз абыройын басқаруға, кризистік жағдайларды жоюға және алдын – алуға, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, маркетингтік сұрақтарды шешуге және коллектив жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.Интернеттің дамуы, оның коммуникацияның жаңа арнасына айналуы интернеттегі PR жайлы айтуға мүмкіндік беруде.

Интернет -  салыстырмалы түрде жаңа, белсенді даму үстіндегі бұқаралық коммуникация құралы. Интернет ешкім басқара алмайтын, билей алмайтын «жүйенің жүйесіне»  айналған. Оның құрамына 100 мемлекеттегі 100 000 астам жүйе кіреді. Басқа мемлекеттермен орналылған байланыс әлемнің 180 мемлекетіне электронды почта жіберуге мүмкіндік береді.Коммуникация құралы ретінде ол үлкен басымдылыққа ие. Коммуникация каналы ретінде интернеттің өзіне тән ерекшеліктері де бар.

Паблик рилейшнз – маркетингтік коммуникацияның  қатарына енеді. PR – дың негізгі мақсаты - алмасып жатқан ақпараттың ортасында жүрген адамдар арасында түсіністік қалыптастыру; мекеме мен қоғам арасындағы коммуникацияны басқару болып табылады.


 

1Герасимюк Т., Соломонович Т., «Интернет как среда и инструмент реализации Паблик Рилейшнз», Москва, 2002. – 157 -165с.

Интернет  – коммуникацияның дәстүрлі емес түріне жатады және орталықтандырылған мекемелік структурасының жоқтығымен сипатталады. Осы қасиеті интернетте цензураның болмауына және дәлелденбеген  ақпараттың болмауына әсер етеді. Ғаламтор топтың іс- әрекет механизміне ұқсайды. Бұл механизм психотехнологияны  пайдалана отырып, PR-кампаниялар  жасағанда өте тиімді саналады. 

Бұл арна жылдамдығымен  де ерекшелінеді. Осылай, бір сайтта пайда болған ақпарат мыңдаған желілермен, тіпті, басып шығарушылармен көшіріліп  алынуы мүмкін.

Ғаламтордың бұл айырмашылығы, жіберілген хабарлама  жағымды орта қалыптастыруында. Сауатты  жазылған хабар толыққанды өзі тарап, артық материал және қаражат жұмсамай таратады. 

Интернет  жеке бір мақсатты аудиторияға әсер етіп, сол аудиториямен жұмыс жасауға  мүмкіндік береді. Сол арқылы PR-маман  жеке тұлғаларға арналған PR-ықпал ету  жолдарын қарастырады. Мақсатты аудиторияны  бөліп алу өте маңызды. Себебі, сол арқылы коммуникация одан әрі  берік құрылады, мақсатқа тезірек  жетуге мүмкіндік туғызады.

Мақсатты  аудиторияны белгілеп алу, коммуникацияны аса эффективті құрастыруға  және мақсатқа тезірек жетуге мүмкіндік  береді.  Коммуникативті аспектілерді қарастырар болсақ: егер реципиент  жайында мол ақпарат болса (оның көзқарасы, білімі, құндылығы, жіберілген хабарламаға беуі мүмкін жауабы), онда коммуникация өте жақсы атқарылады. Реципиентке кандай да бір нәрселерді дәлелдеп, коммуникативті кедергілерден  арылу үшін хабарлама кімге жіберілгенін жақсы білу керек: ол сәтті хабарлама  кілтін құрастыруға және коммуникация арнасын таңдауға көмектеседі. Интернет таргетинг механизмін қолдануға  мүмкіндік беретін бірден – бір  коммуникация арнасы. Таргетинг –  мақсатты аудиториядан критерийге сәйкес келетін бөлігін бөліп алу  арқылы әсер ету болып табылады.

Интернет–аудиторияны  зерттеу барысында белгілі болғаны, ғаламтордың көп бөлігін шешім  қабылдайтын аудитория алатыны  белгілі болды.

Интернеттегі  коммуникация – интерактивті. Бұл  екі жақтың да бір–біріне әсер ету  мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Интерактивтілік  – аудиториямен тікелей диалог жүргізу  мүмкіндігі.

Бұған қоса, интерактивтілік кері байланыс орнатуға, болған жағдайда дұрыс сараптауға жағдай жасайды.

Ғаламтордағы  аудиторияның ақпарат алуға қамданғаны,  PR – материалды позитивті қабылдауға көмек береді.

Интернет  – глобальды виртуальды электронды нарық. Оның қандай да бір территориялық  немесе маусымдық шегі жоқ. Әрине, PR–жолдау  жасағанда тұтынушының аймақтық, болмаса қалалық  локальды ерекшеліктерін ескерген жөн. Дегенмен, интернеттегі PR–стратегия нақты айқындалған  географиялық қамтуды, маусымдық уақыт.

Бұған қоса, интерактивтілік кері байланыс орнатуға, болған жағдайда дұрыс сараптауға жағдай жасайды.

Ғаламтордағы  аудиторияның ақпарат алуға қамданғаны,  PR – материалды позитивті қабылдауға көмек береді.

Интернет  – глобальды виртуальды электронды нарық. Оның қандай да бір территориялық  немесе маусымдық шегі жоқ. Әрине, PR–жолдау  жасағанда тұтынушының аймақтық, болмаса қалалық  локальды ерекшеліктерін ескерген жөн. Дегенмен, интернеттегі PR–стратегия нақты айқындалған  географиялық қамтуды, маусымдық уақыт  аралығын және аудитория спецификасын дәл қамтуға көмек беретінін  естен шығармаған жөн.

Электронды  коммуникативті кеңістік – баспаға  және  эфирге қарағанда, тәжірибе жағынан  шектелмеген. Мұнда эфир уақытымен  немесе баспа әріптерінің санымен  шектелмеген, көптеген ақпарат орнатылуы  мүмкін.

Егер, Батыс  елдерінің және Ресей Федерациясының  интернеттегі PR- технологияларын, олардың даму қарқынын салыстырар болсақ, қай ел алға шығатыны бәрімізге аян. Ол, ең алдымен, интернетті пайдаланатын адамдардың санының аздығында. Оның бір себебі, желілік және ақпараттық инфрақұрылымның жетік дамымағаны; халықтың  ғаламтор мүмкіндіктері жайлы білмеуі; персональды компьютер бағаларының жоғарылығы; халықтың қажетті деңгейде бизнес мәдениет жайлы ақпараттандырылмағаны. Осындай шарттар интернеттегі PR-ды шектейді: біріншіден, адамдардың интернетті үнемі мақсатты түрде қолданбауы, екіншіден, интернеттегі маркетингтік PR даму үстінде. Осындай тұжырымдама келтірген Эрик Вард (АҚШ-тағы мықты PR  компанияның негізін қалаушы). 90-шы жылдардың аяғында ғаламтордағы қоғаммен байланыс саласына айтарлықтай жаңалық әкелді. Бірақ, оған PR-мамандар әлі дайын емес еді.


 

1Кирилов.П. Т., «PR практика», Тюмень, 1998. – 65-68с.

Интернеттегі PR-коммуникацияның базалық  технологиялық дамуы.

Компания  интернетте PR-шараларын өткізбесе  де, интернетте өздері жайлы берілген ақпарат туралы хабардар болып тұрғаны  жөн. Компания жайлы БАҚ-та айтылған бірер сөз, веб–конференция арқылы талқылау – осының бәрі компаниядан  бөлек             PR – бэкграунд (фон). Ол оң да, теріс  те болуы мүмкін. Осы бэкграунды  компания      басқаруы  керек. Белсенді болмаса да, күнделікті желіде мониторинг жасап отыруы керек.

Егер, мақсатты аудиториядан бастасақ, онда PR методологиясын былай бөлуге болады:  mass relations (бұқаралық  коммуникация), group relations (топтармен  қарым-қатынас) және media relations (БАҚ-пен  қарым – қатынас). Бұл топтардың  әрқайсысының жеке шешілуі тиіс қиындықтары  бар.

Мass relations үшін бұл Интернет арқылы брендинг, тауар  немесе сайтты алға жылжыту. Сайтты жылжыту  ең қажетті қызметтердің біріне айналды. Сайтқа мақсатты аудиторияны тарту  үшін онда белсенді қонақтар «сообществосын»  құрады. Ол компанияның жақын әріптестері  болуы мүмкін. Мұнадй «сообщество» арқылы танылған сайт e-xecutive.ru. Бұл сайттың  негізгі мақсаты – бизнес саласының  мамандарын тарту еді.

Бұл сайтта «сообщество» үнемі онлайн режимінде  жұмыс жасайды.

Media relations –  бұл медиа арқылы жасалатын  кез – келген қарым – қатынас.  Яғни, БАҚ пен желі мүмкіндіктерін  қатар қолдану болып табылады. Қазіргі кезде кез – келген  газет, тіпті, басқа БАҚ құралы  желіде бар. БАҚ- пен қарым  – қатынас оффлайн сынды PR-мамандығының  бір бөлігі болып табылады.

Group relations –  бұл мақсатты аудиториямен интернет  арқылы қарым- қатынас. Яғни, компания  жайлы ақпарат іздеушілермен  қарым - қатынас. Компания мұндай  байланыс арқылы сол топтармен  іс - шара өткізеді. Мысалы, тұрақты  тұтынушыларға арналған жаңа  қызметтер, олардың бағасы, презентацияларға  шақыру және мерекеге арналған  құттықтау. 

Көбінесе, интернеттегі  PR дегенде  мынадай қызметтерді түсінеді:

  • Веб-сайт жасау және қолдау;
  • Интернет арқылы БАҚ - пен қарым – қатынас;
  • Веб-форумдар және олардың мониторингі;
  • Іс – шара жасау және оны желіде таныстыру.

 

Маркетинг саласына қарағанда, сайт – мақсатты аудиториямен байланыс орнатуға арналған ақпараттық блоктар мен құрал – саймандар  жинағы. Ол шынайы, потенциалды клиенттер  мен серіктестер және БАҚ арқылы таныстырылуы мүмкін. Сондықтан, ақпарат  дәл солай беріледі. Негізінде, сайттың  техникалық жабдықталуы мақсатты аудиторияға  тікелей байланысты. Мақсатты аудитория  арқылы белілетін ақпарат та сарапталады. Сайтты негізгі аты да оның болашақ  өміріне әсер етеді. Оның барынша  қысқа және қай саладан екені  айтылғаны ақпарат көзіне айналу - айналмауын шешеді.

Қазіргі кезде  компания веб–сайты тек абырой-бедел  белгісі емес,  қажеттілік.  «Егер  сіз ғаламторда жарияланбасаңыз  – сіз жоқсыз» - осыны веб–сайт анықтамасы десек те болады.

Осы кезде  веб – сайт жасау жасамау туралы сұрақтар емес, сайтты қалай эффективті жұмыс жасатуға болады деген сұрақ  мазалауы тиіс. Сол себепті, сайтты жасау және қолдау интернеттегі PR –  мамандықтың негізгі компоненттерінің бірі. Сонымен қатар, кері байланысты (тұтынушы тез арада компаниямен  байланыса алу үшін) және компанияның  жауап беру операциясын жеделдету  керек.

Корпоративті  сайттан жеке микросайттар жасалады. Ол тауар жайлы жалпылама сипаттама  беретін сайт болуы мүмкін, проектке байланысты және арнайы приложениесі бар промо-сайт болуы мүмкін. Дағдарыс кезінде жасалатын сайттар да бар. Онда: клиент проблема жайлы барынша  ақпарат алады, оны шешу жолдары  туралы біледі, бұл жағдайға кәсіби мамандар көзқарасын біледі және өз ойларын  жаза алады.

Сайт PR құрал  ретінде қолданылу арқылы ақпарат  каналы бола отырып, мақсатты аудиторияны  анықтап, оны зерттейді. Қонақтар тізімін  жасап, статистика жүргізеді және өзінің мақсатты аудиториясын толық суреттеп береді. Мысалы, компания сайтта тркеуден өткен адамдарға әлдеқайда көп  ақпарат береді. Сол себепті, тұтынушы бірер сұраққа жауап беруі  тиіс. Осылай, әр тіркелеген адамға мәліметтер қорын ашады. Содан соң, ол адамнан  қандай да бір жағдайға көзқарасын сұрайды.

Сайт интернетте бекітілген соң, оны каталогьарда тіркеуден  өткізу керек. Сонымен қатар, өзіңнің  желілік уақытыңды көбейту керек. Цитаталарды да көбейту арқылы іздеу  сайттарында табу мүмкіндігі көбейе түседі. Ол интернеттегі ақпараттық кеңістікке әсер етуге мүмкіндік туғызады. Сол  арқылы компания жайлы мәлімет іздеген  журналист немесе тұтынушы  компания жайлы бәсекелестердің кері ақпаратын  емес, компания қызметкерлерінің сенімді  ақпаратын алады.

Интернеттегі  БАҚ – пен байланыс дәстүрлі БАҚ  – тан кем түспейді. Интернеттегі БАҚ тек электронды түрде болатын  ақпаратқа ие және басып шығарылған гает – журналдар интернетте де көрініс тапқан. Жақында ғана БАҚ  пен желі арасында бос кеңістік болса, қазір ол ақырындап толықтырылуда. Оған қоса, қазір атақты газет –  журналдар өздерінің сайттарында  нөмірдің электронды түрін жариялап тұрады. Ол типографиядан шығатын  газетпен тұспа- тұс келеді. Яғни тұтынушы таңдау жасай алады.

Интернет БАҚ – ақпаратты  тез тасымалдау және жариялау жағымен  ерекшеленеді.

Интернеттегі PR – коммуникацияның бір түрі – веб – форумның мониторингі. Ол біріншіден, компанияны және тауарларын жылжытуға мүмкіндік береді. Екіншіден, коммуникативті мәселені уақытында  анықтап, оңтайлы шешім қабылдауға ыңғайлы. Мысалы, форумдағы сіздің компания көрсететін қызмет туралы жазылған ақпарат  маркетинг бөлімімен қолданылуы керек.

Компанияға  немесе тауарға тұтынушы тарту үшін интернетте түрлі PR – шаралар өткізіледі. Ол викторина, лотерея немесе конкурс  болуы мүмкін.

Қазіргі кезде  онлайн режиміндегі конференциялар өте атақты. Ол аудиториямен тікелей  қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік  береді. Пресс – конференция мақсатына  қарай, ол белгілі бір мәселені талқылау болуы мүмкін немесе атақты тұлғамен өткен кездесу болуы мүмкін.

Ішкі корпоративті PR – ды басқарудағы  интернет – технологиялар

Орта және ірі компаниялардағы интернет –  технологиялар интегралдық рөл  атқаратын ішкі корпоративті PR –  да да кеңінен қолданылады. Ішкі корпоративті коммуникацияның ең жеңіл құралы – қызметкерлер туралы мәлімет базасы.   Басқа түрлері – электронды корпоративті БАҚ ішкі корпоративті форумдар және жеке «карьера жолы».

Интернет  – технологиялар білімді басқару (Knowledge Management) сынды салада да пайдалы. Ол коллективтегі интеллектуалдық  потенциалды пайдалануға мүмкіндік  береді. Блімді басқару жүйесі компанияның  интеллектуалдық капиталын басқарылатын ресурс ретінде қарауға көмектеседі. Бұл технология негізгі қажетті  білім қай кезде болсын қолжетімділікті  айтады. Бұл компания имиджін серіктестерде  және тұтынушыларда жақсартуға келеді.  Қызметкерлерге білім сапасын жақсарту үшін дистанционды курстар беріледі. 

Осылай, интернетті PR коммуникация ретінде пайдалану  арқылы мақсатты аудиторияны дәл  аныөтап, коммуникацияны жоғарлату  мүмкіндігі көбейе түседі. Егер, интернетті пайдаланушылар мақсатты аудиторияны  қамтыса, дәстүрлі PR-ға қоса интернет –  технологияны пайдалану жетістіктерге  тез жету жолдарының бірі. Интернеттегі PR іс–шаралар қатарына оңтайлы қосылып, компанияның PR–шараларымен келісуі  керек.

  Дәстүрлі PR мен интернет PR арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Ендеше, интернеттегі PR – дың артықшылықтарын айта кетсек:

  • Мақсатты аудиторияға ең жақсы әсер ететін мульти–эффект, интернеттегі жоғарғы индексті PR – хабарламалар арқылы жүзеге асады. Ақпарат интернет желі арқылы аудиторияға бірден енеді.
  • Желі тұтынушылары сегментацияға түседі. Бұл жоғарғы дәрежелі интерактивтілікке әкеледі. Яғни, қайталанбас тұтынушылармен ақпарат алмасуға көмектеседі. Сіз екінші адаммен чат немесе электронды почта рақылы сөйлесесіз. 
  • Желідегі PR таргетингті одан әрі нәтижелі етеді. Я,ни, ол қандай сайттарда болды, қандай мәліметтермен жұмыс жасады, осының бәріне толық сипаттама жасап, «үлкен аға» принципін үйретеді.
  • Аса басым қасиеттерінің бірі, интернет- - қолжетімді. Online – ақпарат 24х7 бойы жаныңда. Онымен қоса, интернет  real-time management -  PR – кампанияларға процесті коррекция жасау мүмкіндігін ұсынады.
  • Интернеттегі шаралар оффлайн режиміндегі акциялармен салыстырғанда қаражатты аз талап етеді. Жоғары «отклик» - төмен баға.
  • Интернеттегі PR - дәстүрлі жарнама және PR – кампанияларға жеңіл интеграцияланады. Мұндай PR басқа медиамен бәсекелестікке түспейді.
  • Барлық PR – мамандарының басынан өткен жағдай – мақаланы БАҚ-та жариялай алмау. Интернетте мүндай шектеу жоқ. Ғаламторда мұнымен қоса, «самопубликатор» - материалды сапалы, тегін жариялау мүмкіндігі бар. Интернетте және алаң шектеуі жоқ. Оның кеңдігі Жермен тең.

Әрине, интернеттің  жағымсыз, көңілге қона бермейтін  тұстары да бар. Олар:

  • Елдің жаппай интернетті қолдана алмайтындығы. Яғни бір жерлерде интернетті толыққанды пайдаланса, енді бір жерлерде оның тіпті не екенін де білмейді.
  • Интернеттегі аудиторияның жас ерекшелігі. Интернетті пайдаланатын – жастар. Ал, қалған халық дәстүрлі БАҚ – ты пайдаланады.
  • Интернет тек ақ PR – мен шектеліп қана қоймайды. Кейде, қаптаған ақпараттан өзіңе қажетті ақпаратты табу қиынға соғады.

Интернеттегі PR белсенділіктің негізгі  бағыттары

Мақсатты  аудиторияны сегментациялау интернеттегі жобалардың жеке даралығына әкеледі. Олар үнемі PR – кампанияның мақсаты  мен бағыттарына қарай сараланады. Енді, интернеттегі PR белсенділіктің негізгі  бағыттарын атап өтсек:

  1. Интернет желісінде абыройды басқару. Интернеттегі брендті алға жылжыту.

Имидждік  және бәсекелестік толық тексеру  өткен соң, стратегия құрылады, негізгі  хабарламалар жазылады.  PR – шаралардың негізгі бағдарламасы құрылады. Барлығы аяқталған соң, нәтижелерге толық тексеру тағы бір мәрте өткізіледі.

  1. Оnline community құру және қолдау.

 

Сommunity building технологиясы – бренд айналасына ерекше микроәлем құрумен ерекшеленеді. Бұл бренд жайлы ақпарат мақсатты аудиторияның ішкі түйсігіне терең  эмоционалды әсер етуі үшін керек. Бренд  жайлы жақсы ой қалыптастыруға бағытталып жасалған.

Сommunity building технологиясы бірігу феноменіне бағытталып құрылған.

  1. Жеке PR – events өткізу.

PR – events механизмі  оффлайн механизмімен ұқсас келеді.Мұндай  шараларды өткізу кезінде ақпарат  тарататын арналарды бақылап  отырған жөн.  Кез – келген    іс – шара аудиторияны қызықтыра  бермейді.

  1. Ішкі корпоративті online ресурс жасау.

Бұл жаңа және кеңінен тараған бағыт. Корпоративті online – басылымның мақсаты – ішкікорпоративтегі мәдениет және атмосфераны жоғарғы  деңгейге көтеру. Тәжібибе көрсеткендей, ішкі online - журнал  - коллектив ішіндегі көңіл – күйді анықтайтын эффективті интерактивті құрал.

Online   PR технологияларының негізгі даму тенденциялары

Даму тенденцияларының негізгі  бағыттары анықталған:

  1. «Максимальды пайдалану»;

online + offline

  1. «Қосу мобильді телефон»;

Интернет + мобильді медиа

  1. «Бір арнаға құйылар»;

BTL + TTL + ATL + BTL

  1. "Differentiates or die";                                                                                                           
  2. «Entertainment marketing».

Интернеттің қарқынды дамуы  - онлайн режиміндегі PR–кампанияларға  көптеген мүмкіндік  берді. Бұрын іс – шара өткізер  алдында мыңдаған пресс – релизді  тарату керек болса, қазір ол жұмысты  пернетақтада бірнеше пернені басу арқылы орындауға болады. Дәл қазір  – журналисттер аудиториясымен интернет арқылы жақсы қарым – қатынас  орнату керек.

Ғаламтордағы PR