Ғылыми білімнің құрылымы

Теория  — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.

Ғылыми теорияның қурылымы.

Ғылыми теориялардың классификациясы.

Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары

Ғылыми-танымдық әдістемелер.

Ғылым заңдары.

Ғылыми революциялардың ерекшеліктері

ТЕОРИЯ — ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ФОРМАСЫ. ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАР

Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Гене-тикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар про-граммалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым да-муының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар   тудырады.

Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады. 

 

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне формальдық жақтарын да ескеру қажет.

Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.

Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.

Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:

1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы  компьютерлік бағдарламалардың тілдері)  қолдану  қолайлырақ 
болады.

2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.

Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.

Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс. 

 

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Ғылыми теориялардың мәні жэне пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зертте-ушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.

Бірінші түрге жататындар — сипаттамалық (эмпирикалық) теория-лар жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бул теориялар аксиомалар түрінде беріледі.

Үшінші түрге жататындар — дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.

Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері — олардың пайда болуы — ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты. 

 

ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Түсінік дегеніміз — заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.

Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге бола-ды. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.

Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы қубылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теория-льщ түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байла-нысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.

Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және тео-риялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сы-нап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теория-лық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

Ғылымның мақсаты — әр түрлі заттар мен қубылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.

Ал  бүл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.

Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.

ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР

Әдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз мате-матигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.

Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.

Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды — зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме — бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

Ал  эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау — объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау — объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу — объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) — қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:

1) анализ  — тұтас  заттарды  толық зерттеу жүргізу  үшін  жеке құрамдас бөліктерге бөлу;

2) синтез  — заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіру;

3) абстракциялау  -  зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен  қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

4)қорытындылау — нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;

5)индукция —  жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

6)дедукция —  жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

7)аналогия —  объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

8)жобалау — объектіні  оның көшірмесін жасап, зерттеу;

9) классификациялау  — барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді. 

 

ҒЫЛЫМ ЗАҢДАРЫ. ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ғылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын КҮРУ- Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды про-цестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ор-тақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).

Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.

Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:

1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.

1. Жеке  — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1)    ғылыми революциялардың аумағы;

2)    ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

3)    жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;

4)    әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

5)    ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

6)    ғылым дамуының тарихи кезеңі,

7)    ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық  теориясы мен кванттық механиканың  шығуымен байланысты.

Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті  өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17. Қазіргі  заман Батыс философиясындағы  сциентистік және сциентистікке  қарсы бағыттар.

1. Неопозитивизм  және постпозитивизм философиясы.

2. Қазіргі батыс  философиясындағы технократиялық концепциялар.

3. Франкфурт  мектебінің философиялық идеялары.

4. Постмодернистік  философия.

Неопозитивизм – позитивизмнің XX ғасырдағы түрі. XX ғасырдың 20 жылдарында қалыптасқан. Алғашында ол «логикалық атомизм», кейіннен логикалық позитивизм, аналитикалық философия деп аталады.

Аты әртүрлі  болғанымен, олардың мәні бір –  бұнда зерттелетін, талқыланатын мәселенің  логикалық – лингвистикалық жағы қарастырылады.

Бұл ағымның  көрнекті өкілдері – Р.Карнап, К.Гедель, Ф.Франк, О.Нейрат, тағы басқалар ғылыми философиялық білімді жаңартудың бағдарламасын ұсынды. Оларды ғылымның құрылымы, ғылыми тұжырымдардың эмпириялық және теориялық деңгейлері, бұл тұжырымдардың ғылыми мәнін анықтайтын өлшемдер, ғылыми білімнің құрылымы сияқты сұрақтар қызықтырды.

Ғылыми білімді  ғылыми емес білімнен бөлетін негізгі  өлшем – тұжырымдарды тәжірибеде сынау, осы мақсатты орындау үшін неопозитивистер верификация принципін  ұсынды.

Верификация дегеніміз  – ғылыми ақиқат пен деректерді эмпириялық тексеру арқылы айқындауға болады деп есептейтін әдістемелік концепция.

Верификацияның  көмегімен тілдің сыни талдауын жасай  отырып, логикалық позитивистер тілді  тазалау жұмысын жүргізіп, жетілген тілді жасауға  тырысты. Осындай  тілді құрастыру идеясын австриялық философ Л. Витгенштейн «Логикалық - философиялық» еңбегінде дамытты. Бұл еңбегінде ғалым жетілген таза тілді дамыту концепциясын баяндаған, оның үлгісі математикалық логикалық тіл деп есептелінген.

Философия –  тек тілдің талдауы немесе ғылымның тілі түрінде өмір сүреді делінген. Сөйтіп, логика мен тіл алдыңғы қатарға шықты. Мұның бірнеше себептері бар.

Біріншіден, XX ғасырдың басында математиктерге көздескен  қиындықтар. Математика туралық пен  дәлдіктің образы болып келген. Күтпеген жерден математиктердің өзі қайшылықтар мен парадокстарға жолықты. Бұл қиыншылықтың түпкі себептері математиканың негіздерінде жатыр. Логика мен жасанды тілдер математиканың негізін құрайды, яғни оны талдап құру керек. Б.Рассел мен Г.Фреге осымен айналысты.

Екіншіден, аналитикалық талдау Англия университеттерінде қанат жайып кеткен идеализмге қарсылық ретінде қалыптасты.

Философияның  негізінде абстрактілі ойлар  мен әсерлер емес, нақты іс - әрекетті бейнелейтін тілдер жатуы керек. Философия адам үшін сыртқы фактілерді бейнелейтін тұжырымдармен байланыстырылады.

Аналитикалық  философияның дамуы ғылымнан философиялық сипаттағы сұқартарды алып тастап, оны ғылыми танымның методологиясына  айналдырудың жеткіліксіз екендігін  көрсетті. Соңғы жылдары онтологиялық, гносеологиялық, жалпы социологиялық  мәселелерге қызығушылық күшейе түсті.

Талдау философиясының өз ішіндегі дағдарыс постпозитивистік бағыттың қалыптасуына әкелді.

И.Лакатос, К.Поппер, Т.Кун шығармашылығында ғылым философиясының маңызды мәселелері қойылды.

И.Лакатос ғылыми – зерттеулер бағдарламасының методологиясын ұсынды. Ғылымның дамуы – бір – бірімен байланысқан теориялардың ауысу процесі. Ол зерттеудің нормативті қағидаларын түсіндіреді, оған болашақты болжау мен эвристика кіреді. Бұл бағдарламаның құрылымдық элементтері – мықты өзек және қорғаушы тетік. Мықты өзек дегеніміз – ғылымның салыстырмалы жоққа шығаруға болмайтын іргелі негіздері, қорғаушы тетік дегеніміз - өзекті қорғайтын қосалқы болжамдар жүйесі.

Т.Кун белгілі  ғылыми қауымдастықтың ғылыми іс - әрекетінің моделін жасады. Оған жалпы методологиялық қалыптар мен дүниетанымдық ұстанымдар, теориялық стандарттар кіреді. Бұл модельді Т.Кун парадигма деп атады.

Парадигма дегеніміз  – ғылыми қауымдастық қабылдаған және ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдер, құндылықтар  және техникалық дәстүрлердің жиынтығы.

К.Поппер білімнің эмпириялық және теориялық деңгейлері бір – бірі  мен тығыз байланысты болады деп есептеді. Ол «фальсификация» ұғымын енгізді. Фальсификация дегеніміз - кез келген тұжырымды теріске шығару. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып, оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі деп есептеді.

3. Техниканың ролі мен маңызын түсіндіретін әр түрлі ағымдар бар. Технократизм техниканы қоғам тағдырын анықтаушы күш деп түсіндіретін әлеуметтік – психологиялық нұсқау және саяси – қоғамдық ой бағыты.

Дартмунд университетінің  профессоры Ф.Рапп техника философиясының мынадай бағыттарын атап көрсеті: бірінші  – техниканың тарихы, оның мәдениетке қатынасын зерттеу, екінші – қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатын социологиялық тұрғыдан зерттеу, үшінші – еңбекті талдауға, саяси әлеуметтік белсенділікті түсіндіруге экзистенциалдық мәселелер тұрғысынан келу; төртінші – эпистемология тұрғысынан органикалық және техникалық әлемнің дихотомиясын зерттеу; бесінші – болашақ постиндустриялық қоғамда басқару мәселелері және техника мен жалпы адамзаттың құндылықтардың қатынасын анықтау.

XX ғасырда техника  философиясы дербес бағытқа айналды.  Испан философы Ортега – и  Гассет техниканы талдай отырып адамның екі жақтылығына көңіл аударды – ол табиғаттан өзгеше, бірақ техниканың көмегімен онымен бірігеді.

Ортега –  и – Гассет пен К.Ясперс техникаға  мағынаны адам береді деп есептейді. Техниканың көмегімен адам өз өмірін жеңілдетуі де немесе өзіне өзі көр қазуы да мүмкін.

Гуссерль адам техникаға негативті мағына береді. Адам өзінің таптырмайтын керемет мағыналы өмірлік әлемін ғылыми ұғымдарға  айналдырады, соған сүйеніп техниканы  жасайды. Ақыр аяғында, адамның өмірлік  әлемі ұмытылады. Бірте – бірте  адам, оның ғылымы мен техникасы дағдарысқа ұшырайды. Мұндай жағдайға ұшырамас үшін техниканың өзін мағыналы ету қажет. Хайдеггер техниканың табиғатын жан – жақты терең талдап, оны жетілдіру қажет деп есептейді. Өйткені техника да өнер сияқты, адамды рухани дамытуға, байытуға бағытталуы тиіс.

4. Франктфурт  мектебі - XX ғасырдың 30 жылдары Германияда қалыптасқан философия мен социологиядағы бағыттардың бірі. Оның орталығы – Майндағы Франкфрут қаласындағы әлеуметтік зерттеулер институты.

Бұл бағыттың өкілдері қоғамдық өмірді талдауда орын алған позитивистік және тарихи – философиялық көзқарастардың біржақтылығын жеңіп, ерекше әлеуметтік – философиялық теория жасауға тырысты. Әр түрлі сарындағы сыншыл қоғамдық қатынастар теориясында марксизмдегі, негізгі ұстанымдарды Гегель мен Фрейд, М.Вебер ілімдері тұрғысынан қайта қарауға ұмтылады.

Жоғары дамыған  индустриалды қоғамды сынай отырып, бұл мектептің өкілдері мемлекеттік  монополистік капитализмнің тұлға  еркіндігін, мәдениет құндылықтарын  тұншықтырып, адамдарды рухани жұтаңдыққа, бейшаралыққа ұшыратататынын атап көрсетеді. Бұдан шығудың жолы – маргиналдарға, яғни қоғамдағы аралық топтарға сүйене отырып, қарсылық білдіру, күресу деген пікірге келеді. Маргиналдар дегеніміз – студенттік қауым, интеллигенцияның жұмысшы табына жақын бөлігі. Мұндай идеялар солшыл радикалдар қозғалысын теориялық негіздейді. Хоркхаймер және Адорно олардың мүмкіндігіне сенімсіздік білдірді.

5. Постмодерн  термині XX ғасырдың бас кезінде  Европада жаңа  дәуірден кейінгі  мәдени өзгерістерді айқындау үшін қолданылды. Философияда постмодерн деп философиядағы жаңа концепцияларды айтады. Олардың басты ерекшелігі осы уақытқа дейін көп нәрсені түсіндіріп келген адамның ақыл – ойына сенімсіздігін таныту. Сөйтіп, философияның дәстүрлі мәселелерінен бас тарту. Құдай, Ақиқат, Игілік мәселелеріне көңіл бөлмеуді ұсынды. Өмірдің мағынасын, мәнін діннен, философиядан, ғылымнан емес, өнер мен саясаттан іздестіру қажет деп ойлады.

Адамдар ешнәрсеге табынбауы керек.

Посмодернистер  ақиқатты өтірік құндылық деп есептейді. Ақиқат анықталмайды, ашылмайды, ол жасалады. Ол - сөздерден құралатын сөйлемдердің қасиеті. Сондықтан дүниенің мәнін ашып көрсететін әдістерді іздеп әуре болудың қажеті жоқ.

Ж.Деррида, Ж.Делез, Р.Рорти болмыс, оның бір тұтастығы, бірлігі, объект, субъект, ақиқат сияқты мәселелерді жоққа шығарды. Олардың пікірінше, философияның негізгі міндеті жазу мәдениетінің әртүрлі облыстарының мәнін түсіндіру, яғни философия әдеби шығармалардың бір түріне айналады.

 

 

 

 

 

 


Ғылыми білімнің құрылымы