Ғылыми техикалық прогрес

     Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол ХVI-XVIII ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

     XVI ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. XVIII ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.

     Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады

      Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздері

     Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең маштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып,ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда.Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады.Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының консентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғанын анықтады.Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестетіне 273 млрд. Тонна оттегі жұмсаған болса,соның 246 млрд. Тоннасы,яғни(90%-ға) жуығы соңғы жарты ғасырда жұмсалған.Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.Атмосфра табиғи және жасанды жолмен ластанады.

      Табиғи ластану.Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.

     Шаңның үш түрі болады:Минералдық(органикалық емес),органикалық және космостық.Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы,вулкандар атқылауы,орман,дала,торфтардың өртенуі,теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады.Органикалық шаң-ауада аэроплактондар-бактериялар,саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктердің тозаңдары,т.б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау,ашу,шіру өнімдері түрінде болады.Космостық шаң жанған метеориттер қалдықтарынан түзіледі,1 жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді.

     Жасанды ластану.Атмосфераны ластаушылардың ең негізгі бөлігі траспорт түрлері,әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.Француз ғалымы Ж.Детридің есептеулері бойынша,автомобильдерден бөлінген газардың құрамында көмірқышқыл газы-9%,көміртек оксиді-4%,көмірсутектер-0,5%,оттек-4%,сутек-2%,альдегиттер-0,004%,азот оксидтері-0,06%,күкірт оксидтері-0,006% барлығы 200-ге жақын компоненттер бар екенін анықтады.Коршаған ортаға көміртек,күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар,мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді.

     Атмосфераға траспорттардан бөлінген  газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диометрі 5 мкн-ге дейін болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып,онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болды.

     Қазіргі кезде бүкіл әлемде  шамамен 500 млн. аса автомобиль жүріп тұрса,үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті.

     Ауа бассейнін күкіртті газбен  және шаңмен ластаушы жылу  электр станциялары.Қуаты орташа  жылу электр станциясы 1сағ 80 тонна көмір жағып,атмосфераға шамамен 5тонна күкіртті ангидрит және 16-17 тонна күл бөледі.Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның сапасы,жағу әдістері,газ тазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың биіктігі. ЖЭС газға көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады.

     Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы.

     Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радиациялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауіпті болып саналады.Радиациялық әсер-радиоактивті заттардан бөлінетін радиоактивттң сәулелердің әсері.Бұл сәулелер кейбір химиялық элеметтердің атом ядроларының ыдырауы кезінде сыртқы ортаға бөлінеді.Бөлінген радиоактивті сәулелер организмінің тірі тканьдері арқылы өтіп,биологиялық процестерді бұзып,организмде түрліше физикалық,химиялық және физиологиялық,ең соңыда патологиялық өзгерістер туғызады.

     Радиациялық әсерлердің шығу  көздері баршаға мәлім,қарапайым  комостық сәулелерден бастап,экологиялық  катастрофалар болып табылатын  ядролық қаруларды сынау,атом ядролық станциялардағы авариялар,т.с.с.Коптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ядролық өндірістің,атом-электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада радиоактивтілік көздері пайда болды.

     Радиоактивті элементтерді өндіру мен атом қондырғыларын, двигательдерін іске қосу жұмыстары кезінде атмосфераға өте қауіпті радиоактивті заттар бөлінуі мүмкін.Радиоактивті заттар атмосферада тозаң,не аэрозол түрінде болады,олардың азғантай дозасының өзі адамның нейра системасы,жыныс бездері,ас қорыту,тыныс алу органдары,қалқанша без бен гепофиз қызметіне зиянды әсер етеді.

    Атмосфераның шумен ластануы.

    Ғылым мен техмиканың қарқынды дамуы кезінде атмосфераның шумен ластануы да бірқатар зардаптарын тигізуде.

     Шу қоршаған ортаның урбонизация,технологиялық  процестердің автоматтандырылуына  байланысты әлеуметтік-гигиеналық маңызға ие болған кең таралған қолайсыз физикалық факторлардың бірі.

     Атмосфераның ластануы адам,жануарлар  мен өсімдіктер үшін зиян.Түтіннің  құрамындағы газдар қолайсыз  метеорологиялық жағдайларда қалың  улы тұмандардың түзілуіне әкеп  соғады.Тіпті кейбір жағдайларда  улы заттардың жинақталуы нәтижесінде  адамдардың аса қауіпті аурулары  мен өліміне себеп болады.

     Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар  қурамында 140 жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшілігі түссіз , иіссіз болып, организмге бірден әсер ете қоймайды.Медициналық-санитарлық зерттеулер нәтижесінде адамның денсаулығына зиянды заттардың бірлесіп әсер етуі аса қауіп туғызатындығы белгілі болды.

     Ауаның ластануы адамның жалпы  жағдайын нашарлатып,жұмыс қабілетін  төмендетіп,жөтел,бас айналу,дыбыс  жолдарының спазмалры,өкпенің түрлі  аурулары,организмнің жалпы улануын  туғызып,түрлі ауруларға қарсы  тұра алу қабілетін төмендетеді.

     Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар,траспорт  түрлерінен шыққан газдар,түтін,ірі  қалдықтардың үстінде пайда болатын  түрлі шаңдар Күн сәулесінің  Жердің бетіне түгел түсуіне  кедергі келтіреді.

     Атмосфераның құрамындағы зиянды  заттардан жануарлар мен жабайы  аңдарда уланады.

     Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар  құрамындағы фторлы және мишьякты  қосылыстардан бал аралар уланып,олардың  бал жинау қабілеті төмендейді.

     Бірқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың(бұғы,қоян мен қырғауыл,т.б.)атмосфераның құрамындағы күкіртті газ,мишьяк,сурьманың әсерінен улану оқиғалары көп кездеседі.

     Өсімдіктер үшін әсіресе улы  болып саналатын күкірттің,фтор,хлордың  қосылыстары мен көмірсутектер.Олар  ауылшаруашылық дақылдарына,орман  мен бақтар,парктерге үлкен зиян келтіреді.Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал-арпа,көкөністерден-шпенат,капуста,ридис.

     Атмосфераның ластануының нәтижесінде  қазір бүкіл әлем жұртшылығын  алаңдатып отырған экологиялық  проблемалардың бірі ”озон ойықтарынан”басқа,ол-“парниктік эффек”құбылысы.

     Қазіргі кезде климаттың біртіндеп  өзгеріп бара жатқаны,атап айтқанда  өткен ғасырлардың екінші жартысынан  бастап орташа жылдық температура  жоғарылап отырғаны жиі айтылып  жүр.Көптеген ғалымдардың пікірінше  бұл құбылыс атмосферада”париттік газдар”деп аталатын көміртек оксиді,метан,хлорфторкөміртек,озон,азот оксидтердің көп жинақталуына байланыстыты туындап отыр.

     Қоршаған ортаның ластануына  байланысты туындап отырған аса қауіпті экологиялық проблемалардың келесі бір түрі “қышқыл жаңбырлар”.Олар өнеркәсіп орындарының күкірт оксиді,азот оксиді сияқты қосылыстармен атмосфераның ластануына байланысты пайда болада,бұл заттар атмосферада су буларымен қосылысып,күкірт,азот қышқылдарын түзеді де,олар жауын-шашынмен бірге жер бетіне түседі.Кейбір мәліметтер бойынша,жауын-шашынның қышқылдық көрсеткіштері рН -5,3 - 2,3-ке дейін болған жағдайлар белгілі болған.

     “Қышқыл жаңбырларды”түзетін азот пен күкірт оксидтерінің 255 млн тонна атмосфераға жыл сайын бөлінеді.Табиғи ортаның қышқылдармен ластануы биосферадағы бірнеше экожүйелердегі қалыпты жағдайларды бұзып,олардың деградациялануына себеп болады.Қышқыл жауындардың әсерінен топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректік элементтер ғана емес,сонымен бірге ауыр, жеңіл металдар да өзгеріске ұшырап,кейін олар қоректік тізбектер арқылы өсімдіктерге және басқа организмдерге түседі.

     Атмосфералық ауаның ластануымен  күресу мәселесі күрделі,жан-жақты  және үлкен материалдық шығындар  мен күшті қажет етеді.Дегенмен  ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму денгейі адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін және бөлінуін азайтып,ластанудың алдын-алудың іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.

     Атмосфералық ауаның ластануының  алдын алатын және зиянды қалдықтардың  мөлшерін азайтуға мүмкіндік  беретін іс-шараларды төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:

     1. Зиянды қосылыстар түзілетін  технологиялық процестерді жақсарту  және мүмкіндігінше зинды заттар  аз бөлінетін жаңа технологияларды  өндіріске енгізу.

     2. Отынның құрамын,аппараттар мен  карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылыр арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.

     3. Зиянды қосылыстарды бөлетін  объектілерді тиімді орналастыру және жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу,егу.

 

                             Топырақтың ластануы

     Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның,соның ішінде топырақтың да ластануына әкеп соғады.Нәтижесінде топырақ өндірістік,құрылыстардың қалдықтарымен,жылу элект станцияларының күлімен,пайдалы қазбалар мен құрылысы материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген,мұнай өнімдері жиналған,т.б.”индустриялық далалар” пайда болды.

     “Индустриялық далалардың”топырақтарында ештеңе өспейді.Бұның себебі,ластаушы заттардың құрамына табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады.Олар көміртек,күкәрт,молибден,мыс,кадмий,мырыш,алюминий,никель,вольфрам,натрий,хлор,темір,титан,бор,барий,фтор.Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

     Айта кететін бір жай,топырақтың  ластануы тек қана адамның  индустриялық қызметтерінен емес,сонымен  бірге ауылшаруашылық өндірістің  нәтижесінде де жүреді.

     Топырақты едәуір ластаушы көздер-мал  шаруашылығы комплекстері.Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды.

     Сонымен қатар көп жағдайда  жанар-жағар майларды сақтау мен  тасымалдау дұрыс,талапқа сай  орындалмайды.Олар топыраққа түскенде  топырықтың биологиялық белсенділігін  нашарлатады.Сол сияқты минералды  тыңайтқыштарды жолдардың,не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.

     Мұндай өндіру және барлау  жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш  заттармен ластануына себеп болады.Нәтижесінде  мұнай төгіліп топырқтың бетінде  битумды заттардың түзілуіне  әкеп соғады.Бұрғылау жұмыстары  кезіндегі қолданылатын жуғыш  заттар(капусталық сода,натрий хлориді,дизель  майы,битум)топырақтың тұздануына  себеп болады.Әдетте,бұндай жерлерде  өсімдіктер өспейді.

     Көптеген жерлер тұрмыстық және  өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділермен ластанады.Бұл үйінділерде тұрғын үйлер,мекемелерден шыққан қалдықтар,әртүрлі синтетикалық қалдықтардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары,моншалар мен кір жуатынорындардан шыққан ағынды сулар жаңбыр мен қар сулары,т.б. толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты ластайды.

     Топырақ бұлардан басқа пестициттерді  дұрыс пайдаланбаған жағдайда  да біршама ластанады.Олардың  химиялық тұрақты түрлері топырақта  жинақталып топырақ биотасының  қырылып қалуына себеп болады.Ал  пестициттердің топырақта жинақталуы  және ондағы организмдердің жойылуы  топырақ түзілу процестеріне  әсер етіп,оның құнарлылығын төмендетеді.

              Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет.Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек.Табиғи аймақты,топырақтың түрі мен типін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне әкеліп,қоректік элементтердің антогонизмін туғызады,олардың топырақ ертіндісіне шығып қалуына жағдай жасайды.

     Топырақты бұлардан басқа гельминтті  инвазиялар, патогенді микроорганизмдермен  ластаушылар фекалды массалар, өндірістік  қалдықтар,топырақтан шайылған су,не  жануарлардың өліктері,т.б.болуы  мүмкін.Топырақтың гельминттермен  өте қатты ластануы тұрғын  үйлер маңындағы бақтарда жиі  байқалады.

                                    Гидросфераның ластануы

     Жер планетасындғы судың жалпы мөлшері 1386 млн.км3.Бұл судың 96,5%-әлемдік мұхитқа тиесілі.

     Мұхиттардың орташа тереңдігі 3704 м,ал ең тереңі-1034 м.Жер қойнауының жоғарғы бөлігінде түрлі тереңдікте жер асты суының қоры бар.Тұщы сулар әдетте,150-200 м тереңдікте орналасады да,тереңдеген сайын тұздана береді.

     Жер астындағы тұщы сулардың  көлемі жер бетілік тұщы су  көлемінен 100 есе көп.Су табиғатта 3 түрлі агрегат күйде кездеседі.

     Қазіргі кезде адамзат қоғамында  бір жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындай жұмсалады.Судың ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы.Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың 4/3 бөлігі қайтарылмайды.

     Соңғы жылдары өзен,көл,теңіз  бен мұхит суларының ластануы  қатты байқалуда. Табиғи сулардың  ластаушы негізгі көздер төмендегілер:

  1. Өндіріс орындарынан шыққан поллютатнтар бар ағызынды сулар.
  2. Фикалийлер,детергенттер,микроорганизмдер(олардың ішінде патогенді де)бар тұрмыстық сулардан құралған ағынды сулар.
  3. Улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштармен ластанған ауылшаруашылық ағызынды сулары.
  4. Атмосферадағы ластаушы заттар-газдар мен қатты заттар.
  5. Мұндай өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп орындарының ағызынды сулары.

     Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы көбірек қауіп туғызатын себептерін төмендегіше деуге болады:

  • сулы ортады өздігінен тазару,ауаға қарағанда әлде-қайда жәй жүреді;
  • судың ластану көздері өте көп;
  • сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылыды.

      Табиғи суларда оларды өздігінен  тазарту құбылысы жүреді.Бірақ  бұл процес өте жәй жүреді.Өндірістік-тұрмыстық  қалдықтар мөлшері салыстырмалы  аз болғанкезде өзендерде өздігінен  тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде  жүрген болар еді.Бірақ,өкінішке  орай,қазіргі таңда ғылыми-техникалық  революцияның қарқынды дамуынан  судың ластану деңгейінің де қарқыны өте-мөте жоғарылап отыр.Сол себептен,ағызынды суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

     Ағызынды суларды оларды ластаушы  заттардан тазарту күделі процес. Олар механикалық,физика-химиялық,химиялық және биологиялық болып табылады.Бұл әдістердің әрқайсысын таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты.

     Суды тазартудың механикалық әдісі бойынша суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады.Колемі түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әртүрлі кострукциялау торлары мен су бетілік қоспалар май,смола,мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

     Физика-химиялық әдіс-ластаушы заттардың физикалық күйін өзгертуге негізделген.Бұл әдіске коагуляция,флокуляция,флотация,ион алмасу,адсорбция,экстракция,кері осмос,ультрафильтрация,кристалдау,дистильдеу,электролиз және электродеолиз жатады.

     Бұл әдісте:

  • коагуляцияда ағызынды суларға коагулянттар(аммоний,темір,мыс тұздары т.б.)қосылады,нәтижежінде ластаушы заттар тұнбаға түседі де,судан бөлініп алынады;
  • сорбция-кейбір қосылыстар мен заттардың өздеріне басқа заттарды сіңіру қасиетіне негізделген;
  • флотация-ағызынды суларға ауа жіберу арқылы суды ластаушы заттарды ауа көпіршіктерінің”ұстап алып”су бетінде көбік тәрізді қабат түзуіне негізделген.

     Ластанған ағызынды суларды ультра  дыбыс,озон,иониттермен жоғары қысым  арқылы да тазартуға болады.

     Химиялық әдіс-екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:нейтралдау және тотықтыру.Нейтралду кезінде ағызынды сулардағы қышқылдар мен сілтілерді нейтралдау үшін арнайы реогеттер қолданылса,ал тотықтыру үшін хлор және оның қосылыстары пайдаланылады.Тотықтырғыш реогеттер ретінде химиялық әдісте суды тазарту үшін хлор және оның хлорамин,хлорды ізбес,натрий гипохлориді сияқты қосылыстары қолданылады.

     Суды тазартудың биологиялық әдісі сулардың биохимиялық және физиолгиялық өздігінен тазарту құбылыстарының заңдылықтарына негізделген.Суға микроорганизмдер өсіру арқылы олардың судағы органикалық және минералдық заттармен қоректенуі нәтижесінде су біршама тазарады.

     Жер бетілік суларды ластанудан қорғау қазіргі таңдағы аса маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып отыр.Осы мақсатта төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

  1. Қалдықсыз және сусыз технологияларды дамыту,сол сияқты суды айналмалы пайдалану жүйесін енгізу;
  2. Ағызынды суларды тазарту;
  3. Ағызынды лас суларды жердің терең қабаттарына айдау;
  4. Шаруашылықта,т.б. мақсаттарда пайдаланылған суларды тазарту және залалсыздандыру.

     Суды ластанудан қорғуда оның  санитарлық-гигиеналық жағдайы аса  маңызды рөл атқарады.Халақтың пайдаланатын ауыз суы таза,зиянды қоспасыз болуы керек.Сондықтан су көздерінің биологиялық,химиялық және бактериологиялық жағдайы үнемі бақылауда болады.

 

 

                  


Ғылыми техикалық прогрес