Алгоритм құрылымы
Келісім-шарт - жеке тұлғалардың және заңды
тұлғалар- дың азаматтық құқықтары
мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді
және тоқтатуды реттейтін,
нотариалды түрде куәландырылатын
ресми құжат.
Келісім
- шарттың жазбаша түрінде
жасалынатын мәміленің мазмұны толық
көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе
тараптардың өкілеттігі берілген адамдар
қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Шарт
мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы
келісім-шарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі
келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа
беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі
келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға
беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу
арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.
Үлгі:
Автомашинаны сату — сатып алу туралы
келісім-шарт.
Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер.
Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы
"Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде тұратын
азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке
куәлік № 548796, Қазақстан Республикасының
ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы,
83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік,
жеке басының куәлігі № 478926, Қазақстан
Республикасы IIМ берген, мына туралы осы
келісімшартты жасадық:
1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы,
"Жигули" маркалы жеңіл автомашинаны
сатамын, кузовның типі_____, шығарылған
типі______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі
______, мемлекеттік нөмірі.
Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген
автомашинаны сатып аламын.
2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік
автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген
нөмірі 46327 техникалық паспорттың негізінде
маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиеісілі.
3. Автомашина___________________
көрсетілген соманы келісім-шартқа қол
қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді.
Тараптардың қолы
1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты
мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының
нотариусы куәландырды.
Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде
Тараптар қол қойды, Тараптардың жеке
басы анықталды, олардың қүқықтық іс-әрекетке
қабілеті және автомашинаның Омірбаев
Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі
тексерілді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың
мәтіні дауыстап оқылды.
Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.
Тариф бойынша________________теңге салық алынды.
Нотариус

- Алгоритм медсестры при желудочно – кишечном кровотечении, почечной колике
- Алгоритм муравья (2)
- Алгоритмнің қасиеттері
- Алгоритм поведения компаний в кризисной ситуации: изъятие продукта из продажи
- Алгоритм подготовки преподавателя к учебному занятию
- Алгоритм подготовки руководителем делового совещания
- Алгоритм: понятие и свойства
- Алгоритми,їх основні властивості
- Алгоритм и модель формирования фонда целевого капитала автономного образовательного учреждения
- Алгоритм и специфика управленческого труда
- Алгоритмическое обеспечение: основные определения и алгоритмы
- Алгоритм и шифр
- Алгоритм количественной оценки риска распределительного газопровода
- Алгоритм криптографічного захисту інформації RSA