Алименттік қатынастар және оның түрлері

Алименттік қатынастар және оның түрлері

Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

 

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

 

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

 

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

 

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

 

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

 

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

 

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

 

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

 

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

 

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

 

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

Алименттерді есептеу тәртібі

Алименттерді есептеу тәртібі Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалакысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — уиітен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.

Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.

Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.

Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа — ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған. Сот бұл соманың мелшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларына орай әрбір нақты жағдайды жеке айқындайды. Алименттердің тұрақты ақша сомасы ретінде өндіріп алынуының мысалдары көп кездеседі: алимент төлеушінің табысының тұраксыздығы немесе жиі өзгеріп отыруы; жалакысын заттай алуы және т.б.

Алимент төлеуші суретші болса, сома мөлшері оның сататын картиналарының санына және бағасына байланысты болады. Егер алимент төлеуші ата-ананын жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріліп алынады. Ата-аналардың табыстары және мүліктері болып, оны олар жасырған жағдайда күшпен мөжбүрлеп өндіріп алу қолданылуы немесе алимент төлеуден касақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ата-аналардың көмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар көмелетке толғанда тоқтатылады. Алайда заң көмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігін де қарастырады. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар еңбекке жарамсыз болып табылады.

Сот балалардың мұктаждығын нақты жағдайларды ескере отырып аныктайды. Біріншіден, ешқандай табысы жоқ адам мұктаж деп танылады, екіншіден, егер тапкан табысы қалыпты тұрмыс құруға жеткіліксіз болса (өмір сұру минимумынан төмен).

Сот жақтардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алиментін ол төленетін соттегі айлық есептік көрсеткішке (АЕК) қатысты еселеп белгілейді.

АЕК 1000 теңге болса, сот 6 еселік көрсеткіш белгілейді, демек, айсайын өндіріліп алынатын сома 6000 тенге (1000x6=6000) болады.

 

Еңбекке жарамсыз кемекке мұқтаж көмелетке толған балаларды асырап-бағу міндеті ата-аналардың екеуіне де бірдей.

Ата-аналарға қамқорлық

Ата-аналарға қамқорлық Көмелетке  толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамкорлық жасауға және оларға кемек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз — оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, күрметтеу және көмектесу. Олардың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу, ата-аналарға көрсетілетін көмектің айрықша түрі болып табылады. Әдетте, көмелетке толған балалар тарапынан көмек көрсету ерікті болып табылады. Бірақ көмелетке толған балалары тиісті көмек көрсетпеген жағдайда, ата-аналарының сот арқылы олардан алимент өндіріп алуға қақысы бар.

Алименттер көмелетке толған балалардың әрқайсысынан өндіріліп алынады. Алимент мөлшерін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, айлық есептік көрсеткішке қатысты еселенген түрде сот айқындайды. Демек, сот балалардың әрқайсысына қатысты тең еселенген көрсеткіш не бұған керісінше көрсеткіш қолдана алады.

Қызы 5 еселенген мөлшерде алимент  төлеуге міндетті болса, ал ұлы — 7 еселенген мөлшерде, өйткені сот  бұл арада қызының көмелетке  толмаған өз балалары барын да ескерген. Сонымен айлық есептік көрсеткіш 1000 теңгені құрайтын болса, еңбекке  жарамсыз ана ай сайын 12000 теңге (5х1000)+(7х1000) алып тұратын болады.

Алайда балаларынан алимент  талап етуші ата-аналары бұрын  оларды асырапағудан жалтарған болса, онда сот балаларды ата-аналарын асырап-бағу міндетінен босатуы мүмкін.

Отбасылық заңнама сондай-ақ ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде біріне-бірі материалдық  қолдау көрсету міндеттерін де көздейді. Ерлі-зайыптылар арақатынастары қалыпты  болған жағдайда бір-біріне ерікті түрде  көмектесіп тұрады. Бірақ ерлі-зайыптылар біріне-бірі көмек көрсетпеген жағдайда, мұқтаж жұбайы алимент ендіріп алу  женінде сотқа талап түсіруге қақысы бар. Сот тәртібімен алимент өндіріп алу үшін мынадай шарттардың болуы қажет: • тіркелген неке; • еңбекке жарамсыздығы және материалдық көмекке мұқтаждығы; • мұндай көмек көрсету үшін екінші жұбайының қажетті қаржысы болуы керек.

Әйелінің жүкті кезінде және олардың ортақ балалары туған  күннен бастап үш жыл бойына өз жұбайынан  асырап-бағуға қаржы сұрауына құқығы бар. Әйел екіқабат кезінде жүктілігі  мен тууына байланысты еңбек демалысына шыққанша жұмыс жасайды, бұл жағдай көбінесе осыған байланысты. Осы кезенде, сондай-ақ бала туғаннан кейін ананың қосымша шығындары көбейіп кетеді: бала тағамы, нәрестенін киімкешегі, медициналық  көмек және басқалары. Бұлардан басқа, заңда мүгедек баласын бағып-күтетін  жұбайдын алимент өндіріп алу  құқығы да көзделген.

Қажетті қаржысы бар бұрынғы  жұбайынан сот тәртібімен алименттер төлеуді талап етуге мынадай  қоқысы бар: • бұрынғы әйелі жүкті  кезінде және ортақ балаларын  туған күннен бастап үш жыл бойына;

• ортақ мүгедек балаларын бағып-күтетін  мұқтаж, бұрынғы жұбайы;

• некелерін бұзғанға дейін еңбекке  жарамсыз болып қалған мұқтаж, бұрынғы  жұбайы.

Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы

Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда  тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды.

Алименттер төлеу, сондай-ақ асырапбағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп  алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады.

Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары  алимент алатын жұбайының жаңадан  некеге тұруына байланысты тоқтатылады.

Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі  қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады.

Алименттік қатынастар алимент  алушы адамның немесе оны телеуге  міндетті адамның қайтыс болуына  байланысты тоқтатылады.

Егерде алименттік міндеттемелер  тараптардың алименттер төлеу женіндегі  келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі  өткен жағдайда, не алименттер төлеу  жөніндегі келісімде көзделген  негіздерге байланысты болады.

Сонымен, алименттер дегеніміз —  заңда белгіленген жағдайларда  отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына телеуге  тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі —  отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының  еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін  асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттеме — бұл  сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын кұқықтық қатынастар. Оған байланысты алименттік міндеті  бар адам (төлеуші) басқа адамға (алимент  алушыға) оны асырап-бағуға қажетті  қаржы төлеп тұруға міндеттенеді, ал алушының талап етуге қақысы бар.

 

Алимент өндіру айлығы

 Қоғамымызда жас ұрпақтың  өсіп-жетілуіне тиісті мемлекеттік  қамқорлық жасалып келеді. Әсіресе,  көпбалалы және аз қамтылған  отбасыларға жасалатын жеңілдіктің  мөлшері биылғы жылы да өскендігін  айтқан орынды. Дегенмен, отбасы  алдындағы жауапкершілігін жете  сезінбей, ажырасқан жанұялардың  бала-шағасының жағдайлары аландатпай  қоймайды. Бала тағдырына жауапсыз  қарайтындардың азаймауы бұл  мәселеде тиісті шаралар атқаруды  міндеттейтіндей.

Осыған орай, Әділет министрлігі  Сот актілерін орындау комитеті төрағасының бастамасымен шілдеден қыркүйек айына дейін алимент  өндіру айлығы қолға алынды.

Қазақстан Республикасында отбасы мәселесі, кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін қорғау мен алимент өндіруді орындау «Неке және отбасы туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңдарымен реттеліп отырады. Аталған заңдарды орындау өз кезегінде мемлекеттік қызметкер болып табылатын сот орындаушыларына жүктелген. Ауданымызда алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар әлі де баршылық.

 Сондықтан, сот орындаушыларының  шақыртуларына келмей, жұмыс орны  мен еңбекақысы жөнінде нақты  мәлімет бермей жүрген борышкерлер  мен жауапты тұлғаларға «Әкімшілік  кұқықбұзушылық туралы» кодексінің 521-528-баптарына сәйкес шара қолданылатын  болады. Егер борышкерлер алимент  өндіру туралы сот шешімін  орындамаса, ҚК-нің 136-бабы бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын  айта кетуге тиіспіз.

 

Алимент төлеушілер міндеттерінен  жалтарып жүр

 Елімізде алимент өндіру  жөнінде шыққан әрбір төртінші  соттың шешімі орындалмай келеді. Ажырасып, бір-біріне көңілі суыған  ата-аналар әдетте, алиментті төлемеудің  әр қилы айласына барады екен. Бірі жұмыс орынын жасырса,  енді бірі бухгалтериядағы жалақысын  бірнеше есе кемітіп, бала несібесін  аузынан жыруға бар. Статистика  бойынша ажырасқан отбасылардың 99 пайызында «тірі жетімек» шешесінің  жетегінде кетеді. Елімізде алимент  алуға мәжбүр болып отырған  100 мыңнан астам қамқорсыз бала, сот орындаушыларының есігін  жағалап жүрген мыңдаған ана  бар. Бас прокуратураның ресми  мәліметі бойынша 87 мың әке-шеше  ар алдында, әрі заң алдында  жауапты. Қаржы дағдарысы басталғалы  бері, борышкердердің де қарасы  қалыңдай түскен. Осы орайда республика  бойынша «Алимент төлеу айлығын»  ұйымдастыру қараша айының еншісіне  келді. Бірақ, құқық қорғаушылар,  алимент өндірудің халықаралық  үлгісіне жүгініп, бой тасалаған  әкеден, перзенттен безген кейбір  безбүйрек шешеден ақша өндірудің  тың тәсілдерін қолдануға кеңес  береді. Еліміздің бас прокуроры  Қайрат Мәми осы орайда Үкіметке  «мемлекеттік алименттік қор»  құру туралы ұсыныс-хат жөнелтті. «Алиментті төлеу айлығы» басталғалы  бері аймақтардағы сот орындаушыларының  жұмысы қарбаласа түсті. Мекен-жай  бойынша әр үйдің есігін қағып,  алимент өндіріп жүрген сот  орындаушылары бірнеше топқа  бөлініп, қаланың әр түкпірін  таңғы алтыдан аралайды. Ақтөбе  облысында алимент бойынша бала-шағасына  берешек 5 мыңнан астам әке  бар. Солардың тек, мың жарымы  тұрақты жұмысы бар. Қалғандар  бұдің әр қилы айласына барады екен. Бірі жұмыс орынын жасырса, енді бірі бухгалтериядағы жалақысын бірнеше есе кемітіп, бала несібесін аузынан жыруға бар. Статистика бойынша ажырасқан отбасылардың 99 пайызында «тірі жетімек» шешесінің жетегінде кетеді. Елімізде алимент алуға мәжбүр болып отырған 100 мыңнан астам қамқорсыз бала, сот орындаушыларының есігін жағалап жүрген мыңдаған ана бар. Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша 87 мың әке-шеше ар алдында, әрі заң алдында жауапты. Қаржы дағдарысы басталғалы бері, борышкердердің де қарасы қалыңдай түскен. Осы орайда республика бойынша «Алимент төлеу айлығын» ұйымдастыру қараша айының еншісіне келді. Бірақ, құқық қорғаушылар, алимент өндірудің халықаралық үлгісіне жүгініп, бой тасалаған әкеден, перзенттен безген кейбір безбүйрек шешеден ақша өндірудің тың тәсілдерін қолдануға кеңес береді. Еліміздің бас прокуроры Қайрат Мәми осы орайда Үкіметке «мемлекеттік алименттік қор» құру туралы ұсыныс-хат жөнелтті. «Алиментті төлеу айлығы» басталғалы бері аймақтардағы сот орындаушыларының жұмысы қарбаласа түсті. Мекен-жай бойынша әр үйдің есігін қағып, алимент өндіріп жүрген сот орындаушылары бірнеше топқа бөлініп, қаланың әр түкпірін таңғы алтыдан аралайды. Ақтөбе облысында алимент бойынша бала-шағасына берешек 5 мыңнан астам әке бар. Солардың тек, мың жарымы тұрақты жұмысы бар. Қалғандар бұйырса базардан, ілікпесе үйдегі шаруаның төңірегінен табылады. Жұмыссыз жүрген де ата-ана баласына айына 14 мың теңге төлеуге міндетті. Қауқарсыз болса, тұрып жатқан үйіндегі меншікке сот орындаушылары заң аясында қолқа салып, тасып әкетуге құқылы. Мүлікті саудаға қояды. Әлбетте, үйдегі бар дүниеден айырылу психологиялық тұрғыда қаншалықты ауыр болса, бала алдындағы борышты өтеудің моральдік тұғыры, одан бірнеше саты жоғары. Аукционға қойылған дүние-мүлік қаншалықты сұранысқа ие болатыны беймәлім. Әйтеуір, түскен-тиын-тебен алименттің жыртығына жамау болса жарағаны. Ақтөбеде сот орындаушылары борышкерлердің үйін тінтіп, әбігерге түсірсе, Астанада алимент төлеушілерлердің көлігін қамауға алу қарқын ала бастады. Жол полициясы арқылы ақпарат жинап, тіркеудегі жүргізушілердің тізіміне сараптама жасалады. Баласына берешек әкенің аты-жөні компьютер бетіне қалқып шығады. Сәуле Мырзалиева, Астана қалалық соттар әкімшісінің сот орындаушысы Бұл автокөлікті тұрғылықты жерінен күндіз әкелдік. 10 күндік мерзім берілді. 2007 жылдан бері бүгінгі күнге дейін қарызы 495 мың теңге. Он күн ішінде төленбесе, аукционға шығарылады бұл автокөлік.  Алпыс сегіз жастағы Айжамал апай немересіне тиесілі алиментті бұрынғы күйеу баласынан өндіре алмай, сот кеңсесіне жие келеді. Қырыққа келген қызы Сәуле мүгедек. Үйден атап шықпайды. Төрт жыл бойы бұрынғы күйеу перзентіне бір қараспапты. Сайда саны, құмда ізі жоқ әкені тауып алудың өзі қиямет. Айжамал Әшкенова, зейнеткер Ибраев Қанат Тоқтарович. Ақырғы жұмысы аэропортта жұмыс істеген. Ұстатпай қашып жүр. Беремін, өйтемін бөйтемін дейді. Ешқандай нәтиже жоқ. Мен болсам жетпіске келдім.  Ажырасып, бір-бірімен бет шайысқан мына екеудің бәрінен бұрын баласына обал. Бір бірін жамандап, бірліктен береке қашқасын сот кеңсесінде ғана кездеседі. Әйел алимент төлемеді деп бұрынғы күйеуіне шүйлігеді. Күйеу болса ақталып әлек. Балаға алимент төлегісі келмейді. Сот шешімі шыққалы бері, төлеген жоқ. 12 мың теңге төледі болды. Мен тасбауыр емеспін. Мен де әке-шешеден жаралғанмын. Семейный проблема болды. Оған ешкімнің араласуға құқы жоқ. Мен әйелімен ұрыстым. Баланы көреміз өліп қалмасақ.  Қаладағы кәсіпорындардың бірінде күзетші болып істейтін жігіттің жауабынан бәтуә, сөзінен пәрмен табылмай ақ қойды. Баладан бас тару да ойында бар. Борышкерлердің меншіктегі мүлікін, жұмыс орынындағы есеп бөліміндені жалақысын қамауға алу дағдыға айналған. Өкіншке орай, Астанада да алиментке қарыз адамдардың қатары да өсіп келеді. Биылғы жылдың өзінде де алимент төлеушілер саны 9000 мыңнан асыпты. Күйеулері көбіне бұрынғы отбасынан жұмысын орынын жасырады.Бухгалтериядағы жалақы көрсеткішін бүркемелеп, алимент көлемін азайтумен әлек. Сот орындаушылары сол себепті, кез келген кәсіпорын, мекеменің есеп-шотын ешбір ескертусіз кіріп, бас сала тексереді. Айым Алтайбекова, Астана қалалық соттар әкімшісінің аға сот орындаушысы Борышкер әдейілеп қасақана жасырған жағдайда тартамыз әкімшілік жауапқа. Сот қаулысын орындамағаны үшін, шақыртуға келмегені үшін, бухгалтериядан жалған ақпарат бергені үшін есепшіні де жауапқа тартамыз.  Еліміздің бас прокуроры Қайрат Мәмиге бұл жағдай жіті таныс. Ол борышкерлерді жазалауды күшейтіп, «Мемлекеттік алименттік қор»құрмай, балалардың өтемін жинауда жүйе болмайды деп есептейді. Осы орайда Үкіметке ұсыныс жіберіп,қор құрудың маңыздылығын айтты. Қайрат Мәми, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ата-аналар жауаптылығын сезінбегендіктен, мемлекет балаларға көмекке келу керек. Ішерге тамақ, киерге киім, оқу құралдары керек.  «Алименттік қор» Европаның бірқатар елдерінде, Балтық жағалуындағы мемлекеттерде тиімді жұмыс істеп келеді. Механизмі қарапайым. Үкіметтің есебінен балаға алимент төленеді де, қашқын әкенің ізіне мемлекет өзі түседі. Санаулы күнде қорғау органдары арқылы тауап алып, еріксіз түрде қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Баланың алименті өтелмей, ата-ана бекітілген жұмыстан бас тарта алмайды. Бұл жүйені Парламент Мәжілісінің депутаты Иран Елекеевте қос қолдай қолдайды. Ол сот орындаушылардың есеп-шотына жиналып қалған, сұраушысы жоқ 3 миллиард теңге есебінде қорды қаржыландыруға кеңес береді. Қомақты қаржының иесі табылмаса, үш жылдан кейін ол ақша мемлекеттің меншіге өтеді екен. Онан да балалардың игіліген жұмсайық деген ойда. Ирак Елекеев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сондықтан мен айтамын 3 миллард теңге азаймайды да көбеймейді де. Есесіне балалардың жағдайы оңалады.  Ұсынысты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов толықтай мақұлдаған. Қазір қор шығындарын алдын-ала есептетуге Қаржы және экономика министрліктеріне тапсырма жүктеліпті. Қордың құрылатын құрылмайтыны ендігі жерде уақыт еншісіндегі шаруа. Жалпы алимент төлетудің астарында әлеуметтік салмағы ауыр. Мәселен, соңғы жылдары елімізде әскерге шақырылған жастардың тең жартысының денсаулығы жарамсыз болған. Сарапшылар тексеру жүргізе келе, олардың көбісі толық емес отбасында өсіп жетілгенін анықтады. Уақытылы нәрлі ас ішпеген, дұрыс киім кимеген өреннен басқа не күтуге болады. Екінші жағдай. Психологтар алименттің уақытылы төленбеуінен келіншектердің жезөкшелікке еріксіз баратынын айтады. Бұрынғы күйеуімен алысып жүргенде, бала қамы үшін көлденең табысты төсектен айыруға мұқтаж болады екен. Қазірде бір Алматының 25 мыңнан астам жезөкше болса, соның 70 пайызына жуығында бала бар. Өзекті өртейтіні де сол. Ол өреннің қандай тәрбие, қандай денсаулықпен өсетіні де қазірден белгілі. Нұрлан Соңғыбайұлы

 

Алимент өндіріп алу  бүгінгі күні қоғамның ең түйткілді  проблемасына айналды. Аллаға шүкір, елімізде бала туу жыл санап көбейіп  келе жатыр, бірақ, ажырасу көрсеткіші де одан қалысар емес.

 

Айырылысудың соңы алиментке әкеп тіреледі. Елімізде ажырасу көп болғандықтан, "көкек әкелердің" де қатары жыл  санап артып келеді.

 Статистикалық мәліметтерге  қарағанда, алимент өндіру жөніндегі  шыққан әрбір төртінші сот  шешімі орындалмайды.

 Туған баласынан безген безбүйрек  әкелердің балаларын жастай "тірі  жетім" атандырып, өз қанынан  жаралған ұрпағына қатыгездік  жасауы көңілге қаяу салмай  қоймайды.

 Ажырасып, бір-біріне көңілі  суыған ата-аналар әдетте, алиментті  төлемеудің әр қилы айласына  барады екен. Бірі жұмыс орынын  жасырса, енді бірі бухгалтериядағы  жалақысын бірнеше есе кемітіп,  бала несібесін аузынан жыруға  бар. Осындай қоғамдық ауыр  мәселеден елімізде кәмелетке  толмаған балалар зардап шегіп  отыр.

 Ал алиментін ала алмаған  мыңдаған аналар сот орындаушылардың  есігін жағалап, ақша өндіру  үшін жылап-еңіреп жүргендерін  көргенде, жаның қиналады.

 Туған баласының несібесін  аузынан жырып, қара басының  қамын күйттеген мұндай әкелер  ар алдында да, Алланың алдында  да жауапты екенін ұқпайтын  болғаны да.

 Сот шешімдерінің мүлтіксіз  орындалуы елімізде заңдылықтың  қатаң сақталатындығын көрсетеді.  Мемлекетіміз жеке отау тігіп,  тәуелсіздік алған кезден бері  атқарушылық іс жүргізу саласы  қоғам дамуының бағытына ыңғайластырыла  бірнеше рет реформаланды. Сот  шешімдерінің орындалуын түпкілікті  жақсарту қажеттілігі туралы  Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында  да нақты тапсырмалар арқылы  жүктеді. Осы орайда толғандырған  сұрақтарымызға жауап алу мақсатымен  Мақат ауданы прокурорының көмекшісі  Асылан Нұрғалиевпен тілдескен  едік.

-Мақат аумақтық сот орындаушылар  бөлімінде 2010 жылы алимент өндіру  туралы барлығы 73 атқарушылық  өндіріс болып, оның 46-сы аяқталып, оның ішінде 41-і кері қайтарылып, 5-уі қысқартылып, 27 орындау үстінде  қалған.

 Ал, 2011 жылы Мақат аумақтық  сот орындаушылар бөлімінде 2011 жылы алимент өндіру туралы  барлығы 195 атқарушылық өндіріс  болып, оның 14-і аяқталып, оның  ішінде 2-і кері қайтарылып, 10-ы  қысқартылып, 181-і орындау үстінде  қалған.

 Мақат аудандық сот орындаушылар  бөлімшесіндегі орындалу үстінде  қалған 181 атқарушылық өндірістің 106 атқарушылық өндіріс бойынша  борышкерлер жұмыссыз,-дейді А.Нұрғалиев.

 Сөйтіп, Мақат аумақтық сот  орындаушылар бөліміне жүргізілген  тексеріс нәтижесі алимент өндіру  туралы сот актілерінің орындалысы  өте төмен екендігін көрсеткен.

 Сот шешімдерінің орындалмауы  - атқарушылық іс жүргізу органдарының  өзекті проблемаларының бірі. Сот  шешімі шыққанмен, ол орындалмайынша  азаматтың немесе заңды тұлғаның  құқықтары қалпына келтірілді, әділдік  орнатылды деп тағы айта алмаймыз.

 Сондай-ақ, Мақат аумақтық сот  орындаушылар бөлімшесімен боыршкерлердің  жалақысы мен басқа табыстарынан  ұстап қалу мен ұсталған сомаларды  өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы  мен уақтылы жүргізілуін жүйелі  түрде тоқсанына бір рет бақылау  жүргізілмеген.

 Тіпті бірнеше мәрте сот  орындаушыларының алдына келіп,  олардан алимент өндіруді сұраған  жесірлер қоғамнан аз да болса  жылылық күтіп, заңды тұрғыдан  көмек беруге тиіс сот орындаушысынан  өзіне адамгершілікпен қарап,  өз міндетіне салдыр-салақ қараған  ажырасқан күйеуін жөнге салуды  талап етеді. Ал, сол кезде сот  орындаушылары өз қызметіне олақ  қараса, аналардың күйі не болмақ?

 Қалтасы қалың, баласын асырауға  ақшасы болса бір сәрі, көбінесе, қаражаты жетпеген жаны жаралы  жалғызбасты аналар алимент өндіру  үшін бастарын тауға да, тасқа  да соғады. Себебі, көп жағдайда, яғни сот процестерінің 99 пайызында  ажырасқан жұптардың балалары  шешелерімен бірге кетеді.

 Сондықтан, бұл мәселенің  мемлекеттік маңызы бар мәселе  екенін естен шығармай, ертеңгі  болашақ ұрпақтың жайын ойлап,  елімізде "Балаңды есіңе ал - алимент  төле" акциясы 18 қаңтар мен  18 ақпан аралығында өткізіліп  жатыр.

-Акцияның негізгі мақсаты -жасөспірімдердің  пайдасына борышкерлерден уақтылы  төленбеген алиментті өндіру.

 Акция кезінде уәкілетті  органдар қызметкерлерін және  сот орындаушыларынан құрылған  мобильдік топтар рейдке шығып,  борышкерлердің мекен-жайын, алиментті  саналы түрде орындағылары келмейтін  борышкерлерді іздестіру, олардың  мекен-жайын, мүлкін анықтау және  т.б. заңда көзделген барлық  шаралар алынуы тиіс,-дейді прокурор  көмекшісі А.Нұрғалиев.

 Жалпы, алимент төлетудің  астарында әлеуметтік салмағы  ауыр мәселе жатыр. Көзіміз  көріп жүргеніндей, әлеуметтік  жағдай төмен отбасылардың санын  толық емес жанұялар құрап  отыр. Аудандық атқарушы орындар  есігін де осы жалғызбасты  аналар жағалап жүргені, олар  не алар алименті жоқ, не  кірер табысы жоқ, баланы бағатын,  ішіп-жейтінін де табатын бір  өзі болып қала береді де. Сөйтіп, әлжуаз балалар өсіп шығады. Мәселен,  соңғы жылдары елімізде әскерге  шақырылған жастардың тең жартысының  денсаулығы жарамсыз болған. Сарапшылар  тексеру жүргізе келе, олардың  көбісі толық емес отбасында  өсіп жетілгенін анықтады. Уақтылы  нәрлі ас ішпеген, дұрыс киім  кимеген өреннен басқа не күтуге  болады. Ал, әлін білмей әке болған  сабаздарың өзінен өрген ұрпағын  еш қыңбастан тастап жүре бергені  өз алдына, олардың кәмелет жасқа  жеткеніне дейін бағып-қағу үшін  жұмсалар қаражат тауып беруге  де қиналмай, тіпті, қашып-пысып  жүре береді.

 Сол қашқындардың осы акция  кезінде біразына тосқауыл қойылары  сөзсіз. Ал, түгелімен оларды жауаптылықтан  жалтартпау үшін қандай шаралар  жүзеге асады?

 Сөйтсек, алдағы уақытта аудан  территориясында тұратындар үшін  аудандық газеттерде жұмыс орындарының  арнайы тақталарында және қоғамдық  орындарда алиментті саналы түрде  орындағылары келмейтін борышкерлердің  тізімі жарияланбақшы екен, масқара!  Сол кезде:

"Бетті бастым, қатты састым. Тұра қаштым жалма-жан" деген  Абай өлеңінің жанды көрінісі  көз алдымызға еріксіз келеді.

 Сол кезде бос қашпай, азамат  деген атты жамылған сабаздар  заңды түрде өзінен жаралған  ұрпағының қамымен қимылдағаны  жөн болар еді.

 

Немересі үшін алиментті  ата-әжесінен өндірген дұрыс па?

Елімізде өзгертулер мен  толықтырулар енгізілгеннен кейін, жаңадан қабылданған «Неке және отбасы туралы» кодексте немерелерін  асырап-бағу үшін баланың атасы мен  әжесінен алимент өндірілетіні туралы айтылған. Бұл төңіректегі пікір  екіге жарылып тұрғандай.

– «Неке (зайыптылық) және отбасы туралы»  Қазақстан Республикасының кодексі

2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолданысқа  енгізіліп, жұмыс 

жасап келеді. Онда ата-аналар өздерiнiң  кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға мiндеттi екендігі нақты айтылған. Отбасын  құрған кез келген ата-ана өмірге әкелген балалары үшін үлкен жауапкершілікте  болатыны анық. Сондықтан, бала тағдыры, жауапкершілігі оларды бейжай қалдырмауы тиіс.

«Үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, кейбіреулердің әртүрлі себептерге байланысты құрған шаңырақтары ортасына түсіп,  ажырасып жатады. Ажырасқан  ата-ананың артында баласы қалады. Ондай  жағдайда қолданыстағы заң бойынша  баланың әкесінен алимент өндіріледі. Міне, осы жерде мәселе туындайды. Баланың әкесі жұмыссыз, жұмыс  жасауға қабілеті жоқ мүгедек, мемлекеттің  қамқорлығында болған  дегендей. Бүгінгі таңда ондайлар аз ба? Жұмыс  істеуге мүмкіндігі бар немесе жұмыс  жасап жүрген әкенің өзі баласына алимент төлеуден қашады? Осылайша бала нәпақасынан қағылады.

Ал, жаңадан қабылданған Неке және отбасы туралы кодексте оны шешудің  жолы қарастырылған. Атап айтқанда, «Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi»  атты 21-тарауға,  «Алимент төлеу туралы келiсiм» атты  22-тарауға және  «Алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру және өндiрiп алу тәртiбiн» белгілейтін 23-тарауға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соған сәйкес,  егер кәмелетке  толмаған бала өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаса, алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар, еңбекке жарамды, кәмелетке  толған бiрге туған ағалары мен  апаларынан сот тәртiбiмен алимент  алуға құқығы бар. Ал, ата-аналарынан да, бірге туған еңбекке жарамды  кәмелетке толған бауырларынан да алимент  алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда қаражаты жететін ата-әжесінен сот  тәртібімен алимент алуға құқылы. Сол сияқты, өзінің еңбекке жарамды  балаларынан не бұрынғы жұбайынан  күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкін болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж атасы мен әжесі кәмелетке  толған еңбекке жарамды немерелерінен  сот тәртібімен алимент талап  ете алады. Заң қабылданды, енді ол орындалуымен құнды. Сондықтан, ата-әжесінің немересіне алимент төлеуі заңда  қарастырылғандықтан кәмелеттік жасқа  жетпеген баланы бағып-қағу міндеттілігінен  қашпаған жөн. Себебі, ол бала сол ата-әженің ұрпақ жалғастығы емес пе?

Ал, баласына алимент төлегісі, бала жауапкершілігін мойнына алғысы келмейтін, тіпті, әке болудан бас  тартқан азаматты құқық қорғау органдары  заң бойынша әкелік құқығынан  айырады. 

 

Соңғы қабылданған «Неке және отбасы туралы» кодексте немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің міндеттері туралы айтылғанынан хабардармын. Бала болашағымыз. Сондықтан, олардың  тәрбиесі мен асырап-бағу міндеті  ата-ананың мойнына жүктелген. Тағдыр дейміз бе, дәм-тұзы жараспай ажырасып кететіндер соңғы уақытта бұрынғыға  қарағанда көбейіп бара жатқандай. Ал, осы отбасының отын сөндіргендер баланың болашағын бір сәтке  көз алдыларына елестетіп көрсе  қайтер еді. Ішінен шыққан сәбиін жетімсіретіп, жылатқаннан не ұтатынын ойланса  ғой, шіркіндер. Ажырасқаннан кейін  балаға алимент төлеу мәселесі туындап, ата-анасы сотқа жүгінеді. Сот  әкесінен алимент өндіруге шешім  шығарады. Сол шешім жылдар бойы орындалмай, алимент төлеуші түрлі  сылтаулар айтып, баласын нәпақасынан  айырады. Өз баласына алимент төлеуден қашып жүрген талай әкені  көріп  жүрміз. Ал, егер баланың әкесі төлей  алмаған жағдайда, енді, заң бойынша  ата-әжесі төлейтін болыпты. Бұл  дегеніңіз, жас шағында бейнетін, қартайғанда зейнетін көремін-ау деген  қарттарға оңайға соқпасы айдай  ақиқат. Аяқ-қолы балғадай азаматтар  тапқан табысын жасырып құпия  сақтап, алимент төлеуден жалтарып жатқанда, ата-әжеге алимент төлеттіру  ұят-ақ. Зейнетақысы күнкөрістен  аспай отырған қарттарға алимент  төлету миға симайтын жайт деп ойлаймын. Рас, немере ата-әженің ұрпағы, солардың тұқымы. Десек те, төрінен көрі жақын  қалған шағында зейнеткерлік демалысының  жемісін көрудің орнына, алатын мардымсыз  зейнетақысынан жырып, алимент төлесін  дегенге таңғаламын. Белі бүгілген қарт ата-әженің немересі кәмелеттік жасқа  жеткенше алимент төлеуге қауқары  жете қояр ма екен?

Немерелерін өз балаларынан да артық  сүйетін қамкөңіл қарттар олармен  араласып, жағдайларын біліп тұрғанына  қарсы емеспін, алайда, алимент арқылы олардың бар тапқанын сыпырып  алып отыру дұрыс па? 

Керісінше, кәрі әке-шешесін бағудан  бас тартқан баладан алимент  өндірсе сол құба-құп болар  еді. Жалпы, кім болса да, қолымен  істегенді мойнымен көтергені дұрыс. Қарт ата-әжеге алақан жайдырмай, алиментті  әкесінің төлегенін құптаймын. Ал, жұмыс істеуге қабілеті жоқ, мүгедек жандар үшін заңмен басқаша қарастырылу керек шығар.

 

 Алименттің «айқайы»  басылар емес тығырықтан шығар  жол қайсы?

Жасыратыны жоқ, қазір алимент  төлеуден жалтаратындар саны көбейіп  барады. Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде алимент өндіру жөнінде  шыққан әрбір төртінші сот шешімі орындалмай жатыр. Борышкерлер алимент  төлемеудің әр қилы айласына барады екен. Бірі жұмыс орнын жасырса, енді бірі бухгалтериядағы жалақысын бірнеше  есе кемітіп көрсетеді. Статистика бойынша ажырасқан отбасылардың 99 пайызында «тірі жетімек» шешесінің  жетегінде кетеді… 

Мемлекеттік алимент қоры қашан құрылады?..

Бүгінде елімізде алимент алуға  мәжбүр болып отырған 100 мыңнан астам  бала, сот орындаушыларының есігін жағалап жүрген мыңдаған ана бар. Ресми мәлімет бойынша, 87 мың әке-шеше ар алдында әрі заң алдында  жауапты. Борышкерлердің де тізімі қалыңдай түскен.  Осыдан үш жыл бұрын республика бойынша «Алимент төлеу айлығы»  ұйымдастырылған болатын. Бұл кезде  сот орындаушылары бірнеше топқа  бөлініп, қаланың әр түкпірін таңнан бастап аралады. Ақтөбеде сот орындаушылары  борышкерлердің үйін тінтіп, әбігерге түссе, Астанада алимент төлеушілердің  көлігін қамауға алып жатты. Жол  полициясы арқылы ақпарат жинап, тіркеудегі жүргізушілердің тізіміне сараптама жасалды. Сол тұста  құқық қорғаушылар алимент өндірудің  халықаралық үлгісіне жүгініп, бой  тасалаған әкеден, перзентінен безген кейбір безбүйрек шешеден ақша өндірудің  тың тәсілдерін қолдануға кеңес  берген болатын. Осылайша Үкіметке «Мемлекеттік алимент қорын» құру туралы ұсыныс түсті. Мақсат — қашқын әкелердің  жиналған қарызын өндіремін дегенше, қордағы қаражат жалғызбасты  аналардың баласының күтіміне жұмсай тұру. Бұл ұсыныс Үкіметке жолданғанмен, кері қайтпады…

Әлемде…

«Мемлекеттік алимент қоры»  Еуропаның бірқатар елдерінде, Балтық жағалауындағы мемлекеттерде тиімді жұмыс істеп келеді. Механизмі  қарапайым. Үкімет есебінен балаға алимент  төленеді де, қашқын әкенің ізіне мемлекет «өзі түседі». Санаулы күнде қорғау органдары арқылы борышкерді тауып алып, еріксіз түрде қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Баланың алименті өтелмей, ата-ана бекітілген жұмыстан бас тарта алмайды.

Шетелде алиментті өндірудің түрлі  жолдары қарастырылған. Мәселен, алимент  төлемеген әкенің есепшотын жауып, шетелге шығу сапарын шектеп, тіпті  ұялы телефонына ақша аудартпай қояды.

 

— Бүгінгі күні облыс бойынша 7514 алимент өндіру туралы іс тіркелді. Мұның 40 пайызын борышкерлер тұрақты  орындамайды. Яғни, бұл 3000-нан астам  балаға тұрақты түрде алимент  төленбейді деген сөз.

 

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекетте арнайы электронды ақпараттық бағдарлама іске қосылды. Бұл бағдарлама арқылы біз алимент төлеушілердің  жұмыс орындарын, тұрақты мекен-жайын  анықтаймыз. Бұрын мұндай мүмкіндік  бізде болған жоқ. Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмерін енгізу арқылы соңғы әлеуметтік жарналары түскен мекемені, бухгалтерлік байланыстарды  анықтауға мүмкіндік бар. Қазір  департаментте  электронды ақпараттық бағдарлама арқылы аптасына орташа есеппен 50-70 борышкердің мекенжайын, жұмыс  орындары анықталуда.

 

Алимент екі жолмен өндіріледі. Бірі — ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен, ал екіншісі сот арқылы жүзеге асыралады. Сот шешім шығарғаннан соң  іс сот актілерін орындау жөніндегі  департаментке жолданады. Алиментті  өндіру ісі департамент мамандарының міндетіне жатады.

Алименттік қатынастар және оның түрлері