Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» марш
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті
«Туризм» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Алматы - Медеу - Шымбұлақ - Чертово шатқалы - Абай асуы - Багданович мұздығы - Комсомол асуы - Үлкен Талғар асуы - Шымбұлақ - Медеу - Алматы» маршруты бойынша белсенді жорық ұйымдастыру
Орындаған:
2 курс студенті, 241 топ __________________
Ғылыми жетекші:
Оқытушы _______________________ Бейсекей Е.
Алматы, 2012
Мазмұны
Бет. | ||
Кіріспе |
3 | |
1 |
Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері |
|
1.1 |
Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері |
6 |
1.2 |
Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды дұрыс ұйымдастыру |
9 |
1.3 |
Белсенді
туризмнің әдісі мен |
12 |
2 |
Туристік-экскурсиялық маршрутты дайындау |
|
2.1 |
Маршрут жібі |
14 |
2.2 |
Маршрут картасы |
19 |
2.3 |
Медикоменттер тізімі |
20 |
2.4 |
Құрал-жабдықтардың тізімі |
21 |
2.5 |
Ас мәзірі және азық-түліктің тізімі |
23 |
Қорытынды |
25 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
28 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: туризмнің барлық белсенді түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру, туризмнің белсенді түрлері және оның әдіс-тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті: жаяу және тау саяхаттары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру; бірінші және екінші дәрежелі күрделіліктегі (жаяу және тау) саяхаттарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде ас мәзірі мен азық-түліктер тізімін дұрыс жасату; туризмнің негізгі белсенді түрлерін қарастыру; белсенді жорық өткізу кезінде қажетті құралдар мен қауіпсіздік шаралармен таныстыру; белсенді туризм түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі тау-шатқал объектілерін бөліп қарастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан
Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді
Тіпті ең қарапайым туристік маршруттардың өзінде қауіптер болады. Бірақ, барлық қауіптерден егер уақытылы көріп және бағалайтын болса, оларды жоюға болады. Әдетте, апаттар топтың жолында қандай да бір қауіптердің соғанға дейін болмағандықтан болмайды. Олар туристердің апатты жағдайларда өздерін дұрыс ұстай алмауларынан болады. Керісінше, қандай жағдай болмасын, табиғат қандай кедергілер туғызбасын, өзін дұрыс ұстаған туристік ұжым көптеген жағдайда қауіптермен қиын күресте жеңімпаз болып шығады.
Жорық кезінде, бөгеттерді өту және жалпы жұмыстарды орындау кездерінде топта қатаң бірлесушілік, ұжымның ерік-жігерімен болатын тәртіп болуы тиіс. Қандай да бір бұзушылықтар жорықтың барлық қатысушыларымен талқылануы тиіс, себебі жорықта тәртіп – тәртіптілік категориясы ғана емес, қауіпсіздіктің ең басты шарасы болып табылады. Тәжірибе, аса аса қырағылық, белсенді туризм техникасынан жақсы білім бұлардың барлығы қауіппен күресуде қиын салдарларды жоятын немесе азайтатын факторлар болып табылады.Жорықта алдын ала қауіпті көре білуге үйрену және қажетті алдын алу шараларын уақытында қабылдау маңызды. Жақсы ұйымдастырылған және мәнді өткізілген саяхат адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады.
Туристік саяхатты
табысты өткізудің маңызды
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, танғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып, әңгімелесуге, халықтардың салт – санасын, дәстүрін танып – білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп,тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр.
Қазіргі кезде белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Қазақстан Республикасынды түзу сызық, шеңбер және жан – жаққа тарамдана тартылған желілер бойынша жазықта, тауда жаяу жүрумен, шаңғымен, сумен, велосипедпен, атпен, тағы басқа түрлі қозғалыс тәсілдерімен орындалатын саяхат түрлері көп. Жоспарланған, сондай- ақ әуесқойлық жолмен таңдап алынған саяхат желілері еліміздің көптеген географиялық аймақтар мен аудандарды қамтиды
Қазақстанның ұлан байтақ кең даласында саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мүмкіндік мол. Шөлейт кеңістік пен ормандар, ұшы – қиырсыз далалар мен қарлы таулар, тұнық көлдер мен сарқырап аққан өзендер – бәрі Қазақстанның аумағында табылады.
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді. Туристік демалыстарды қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерген байланысты, адам мінез – құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстардың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді зерттеп қарастыру бүгінгі таңның маңызды міндетінің бірі
Біздің елімізде сызықтық, шеңберлік және комбинациялық маршруттар бойынша жазықта, тауда жаяу жүрумен, шаңғымен, сумен, велосипедпен, атпен тағы басқа түрлі қозғалыс тәсілдерімен орындалатын саяхат түрлері көп. Жоспарланған, сондай-ақ әуесқойлық жолмен таңдап алынған саяхат желілері еліміздің көптеген географиялық аймақтар мен аудандарды қамтиды
Туристік жорықтар - адамдар үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру, өткізу жағынан, материалдық шығындар жағынан тиімді. Туристік жорықтарды кез келген дерлік уақытта (туризмнің жорықтарға байланысты жеке түрлері бойынша) және кез келген жерлерде жүргізу беруге болады.
Туристік жорық дегеніміз - алдын ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут бойынша, әр түрлі танымдық, сауықтыру, спорттық, оқу жаттығу үшін т.б. мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар.
Туристік жорықтардың ерекшеліктері – оларды кемінде 4-6 адамнан тұратын туристік топтың қатысуы. Туристік топ құрамы, туристер саны жорық түріне, өткізіліп отырған ауданға, маршруттың күрделілігіне байланысты. Жорықтарға байланысты екінші ерекшелік. Түрлі табиғи кедергілерден өту қажеттілігі.
1 Туристік жорықтарды ұйымдастырудың теориялық негіздері
- Белсенді туризм түрлері, жіктелуі, ерекшеліктері
Белсенді туризм - ол адамның физикалық ресурстарын және күшін қолдануды қажет ететін туризмнің түрі, яғни демалыс немесе саяхат екені белгілі. Қарапайым туризм түрі: экскурсиялық туризмімен, қонақүй туризмімен және т.б. туризм түрлерімен қатар, ерекше танымал болып келе жатқан – белсенді туризм болып табылады. Көптеген адамдар ауасы тар қаладан шығуға көптеген күш жұмсайды және кішкене уақытқа ғана табиғи табиғаттың сұлулығына және ғажайыптылығына ауысқысы келеді. Және белсенді туризм, қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан, осы амалды орындауға дайын болып саналады [1].
Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана пляждағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды.
Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табағтта көлікті қолданудан.
Сонымен, белсенді
туризм деп – туристердің белгілі
физикалық ресурстарын
Туризмнің белсенді түрлеріне көбінесе жорық кезінде туристердің өзінің дене қуатын мол талап ететін түрлер жатады. Мысалы: жаяу, шаңғымен, суда жүзу және т.с.с. Сонымен қатар аралас түрлері де кездеседі. Мысалы: автобус, поезд, теплахоттар және т.б. Белгілі бір орынға жеткен соң, бір жерде бірнеше күнге созылатын белсенді түрінде болады. Туризмнің белсенді түрін кейде халықаралық туризмде қаржы әкелетін, сосын төмен қабілетті мен бейімдік қабілетін қабылдай алатын туристер есебінен арттырады [2].
Қазақстанның туристік болашағында белсенді туризмнің маңызы ерекше. Себебі, елімізде туристік рекреациялық ресурстардың ішінде табиғи ресурстар басым рөл атқарады. Олардың ішінде ең алдымен тау тау туризміндегі альпинизм, су ресурстары т.б. Қазақстан турфирмаларының көпшілігі белсенді туризммен айналыспайды. Мұндай жағдайдың бірнеше себебі бар. олардың ішінде ең маңыздысы жоғары дәрежедегі мамандардың жетіспеушілігі.
Жаяу және тау туризмі. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде), отпуск және демалыс күндері кездерінде өткізілуі мүмкін.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.
Күндізгі жүру
километражын есептеу орташа бүкіл
маршрутқа есептеліп
Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет. Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына негізделген болуы тиіс (1 - Кесте), [3].
1 - Кесте – Жаяу туризм
Жорық түрі |
Жүк, километраж |
Жас | |||
11-12 |
13-14 |
15-16 |
17 | ||
Біркүндік |
кг км |
3 12 |
4-5 15 |
5-6 20 |
6-8 24 |
Екікүндік |
кг км |
3 20 |
6 24 |
6-10 30-35 |
8-12 40 |
Үшкүндік |
кг км |
- |
6 30 |
8-12 45-50 |
14-16 50-60 |
Көпкүндік |
кг км |
- |
6 12-15 |
8-14 17-18 |
14-16 16-20-дейін |
Жорықтың ұзақтылығы (күнмен) |
- |
4-7 |
10-12 |
12-14 | |
Е с к е р т у – [1] әдебиет көздеріне сүйеніп автор құрастырған | |||||
Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы.
Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.
Су туризмі
жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті
қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың
жүзе білетін қайықты дұрыс
Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш, гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару жилеттері, каска т.б. жатады.
Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, каяк жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар, катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.
Ат туризмі – атқа мініп, немесе ат туризмі экипажында (әсіресе атқа міну) саяхаттау атқа мінушінің барлық бұлшықетін қозғалысқа түсіріп денсаулыққа жақсы әсер береді.
Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді, ал ол нагрузканы кең көлемде ұлғайтуға жағдай жасайды. Ат туризмінің ерекшелігі сол, серуендеу кезінде барлық құралдар және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда, немесе арбаларда, шаналарда, я болмаса жегілген аттармен тасылады.
Велосипед туризмі. Еліміздің көптеген аудандарының адыр-бұдырлы даласын кесіп өтетін жақсы жол тораптары велосипед туризм түрін кең дамытуға мүмкіндік береді. Саяхаттың басқа түрлеріне қарағанда вилосипедпен жорық әлдеқайда қашықтыққа сапар шегуге жағдай жасайды және оған қатысушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге және жай демалуға көп уақыты болады.
Саяхаттың негізгі
мақсатына нұқсан келтірерлік қозғалыс
жылдамдығын шамадан тыс
Велосипедшілердің негізгі кедергілері жолсыздық, құмды жолдар, тік қырлар мен өрістер, өткелдер болып табылады.
Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км-ге дейін жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті велосипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі.
Шаңғы туризмі. Беленді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет.
Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30 км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.
Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Автомототуризм. Автомобильмен және мотоциклмен саяхатта кең қанат жайып отыр. Ол демалыс күндері жергілікті жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді, мыңдаған шақырым алыс қашықтықтарға сапар шегу қызықты.
Автомототуризм жолдан тыс шығу мүмкін болмағандықтан, оған туристердің дүниетанымын біршама шектеп, тұйықтайды, бірақ қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген аудандарының кең аумағымен таныстырады және жолдан шығып, жан-жаққа қысқа мерзімге жорық жасауға мүмкіндік береді.
Спелеотуризм.
Спелеотуризм – үңгірлерде, әр түрлі
жер бедерінің күрделі
Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер асты өзендері болады. Үңгірлер вертикальды және горизонтальды болуы мүмкін. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан, арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүретін құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.). спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады.
1.2 Белсенді туризмде қауіпсіздікті және тамақтануды ұйымдастыру
Белсенді туристік
саяхатта қауіпсіздікті дұрыс
Белсенді туризмнен айналысатын ұйымдар, бақылау құтқару топ болуы қажет. Бақылау құтқару топтың міндеттері: осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды зерттеу; іздеу құтқару жұмыстарын өткізуге арналған құрал – жабдықтар әрқашан дайын болу керек; негізгі және көмекші топтарды дайындау; алдын –ала шаралар; іздеу – құтқару жұмыстарын өткізу; қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттан құтқару қызметіне беру.
Жорықтың кез келген жағдайындағы қауіптер:
- Жорықта суқоймалары айтарлықтай қауіп келтіреді, себебі олар туристерге таныс емес. Шомылуға арналған орындарды алдын ала зерттеу қажет, қауіпті жерлерге белгілер қою, шомылу уақытын қатаң түрде сақтау, қауіпсіздік бойынша кезекшілер тағайындалу қажетті. Егер туристер көп болса, топтарға бөлініп жеке-жеке шомылу қажет, шомылғаннан кейін топ мүшелерін санап қою керек.
- Жүрістен кейін бірден, өте күйген қалыпты шомылуға болмайды. Суық өзенде шомылмаған жөн болады.
- Өткірленген балта және оқталған қаруды дұрыс қолдана алмаған кезде ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Балтаны қолдана білмейтін туристерге жорық алдында қолдануды үйрену қажет. Балтамен шабу кезінде балтаның басы немесе сабы ұшып кетіп, аяққа немесе басқа жерге соғылмайтындай етіп шабу керек. аяқты кең қып ашып, соғу бағытында қоймау керек.
Балтамен шабу адамдардан едәуір қашықтықта болу керек. балтаны рюкзакқа қапсыз сала салуға болмайды, себебі қозғалыс кезінде ол шығып кетіп аяқты жаралауы мүмкін. Балтаны рюкзакқа қатты орап, кесіп өтпейтіндей етіп салу қажет.
- Қаруды адамдарға ешқашан бағыттамайды, қажеті болмаса, ататын жерінен ұстамау керек. Аң аулаудан кейін бірден оқтаудан алып тастаған дұрыс. Қаруды қайыққа отырғанда, шыққанда сақ болу керек.
- От жалыны, шелектегі ыстық су (көже, шай) қатты күйдіруі мүмкін. Отта дайындағанда денені қорғайтын киімсіз дайындауға болмайды. Отты үрлегенде отқа бетті жақындатпау керек. Отқа басқа бір затпен желдеткен дұрыс. От үстінде тұрған шелек, ыдыстарды қолға қолғап киіп немесе бірдеме орап алу қажет.
- Ыстық тамақпен ыдысты ешқашан адамдар арсында (әсіресе, қараңғыда) қоймайды.
- Құрғақ ағаштарды кесу және бөренелерді тасу кезінде бөрене астына түсіп жарақат алу қаупі бар. Ағаштарды құлату кезінде адамдарды ағаштың биіктігінен артық радиусқа келтіру керек, құлаған ағашты қарап тұру керек. Тасыған бөренелерді тастай салуға болмайды, ақырын жерге қою керек. Қозғалтқан бөрененің астына әсіресе сақ болу керек, бөрененің астына қолды салмау керек. Бөренені арқанмен тасу қажет.
Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру. Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады. Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы. Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады. Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800 грамм қажет етіледі.
Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100 грамм әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.
Ақуыздар(балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100 грамм ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс.Тамақ ағзаны әртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады. Минералды тұздарды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады.Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30 грамм тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.
Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3 литр су қажет болады. Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады.Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн.Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5 литр сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.
Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды. Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн.Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қосып берсе, ол адамды жылытады.Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.Саяхаттар үшін тағамдар концентраттарына да көп есептемеген жөн. Оларды тек жоғары таулы жерлердегі, ормансыз аймақтарда, яғни тамақ дайындауға қиынға соғатын жерлерде болатын саяхаттарда ғана алған дұрыс. Концентраттарды саяхатқа алар алдында оларды үйге пайдаланып көру керек.

- Алматы метрополитени
- Алматының экологиялық проблемалары
- Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты
- Алматы облысы
- Алматы-столица Казахстана
- Алматы экологиялық апат алдында
- Алматы экологиясы
- Алматы қаласын көркейту шаралары
- Алматы қаласын көркейту шаралары
- Алматы қаласының
- Алматы қаласының атмосферасының ластануы
- Алматы қаласының экологиясы
- Алматы қаласы экологиясы
- Алматы қаласы экологиясы