Алматы облысы

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Алматы қаласы (1,06 млн., 1998). Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой  түзеген және кембрийге дейінгі  кристалды тақта-тасты тау жыныстары  қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда  конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер  т.б. палеозой жыныстары кеңінен  тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден  түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы  қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен  тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі  тауларды түзген. Мұнда осы кезге  дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан  облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Вегетациялық  кезеңде жылумен және ылғалмен қамтамассыз  етілу жағдайына қарй бүкіл территория алты агроклиматты ауданға бөлінеді. Аудандастыру негізіне агроклиматтық көрсеткіштер-белгілі-бір территориядағы жауын-шашын мөлшері мен вегетациялық кезеңдегі оң температуралар қосындысының ара салмағын сипаттайтын гидротермиялық

 коэффициент  (ГТК) қабылданған. ГТК 0,2-ден  1-ге дейін және одан да артып,  ал 10 градустан жоғары кезеңдегі  температуралар қосындысы 3100 градустан  3600 градусқа және одан артып  өзгеріп отырады. 

Облыс шаруашылықтарын  мамандандыру бірқатар табиғат аймақтарының табиғи ресурстарын комплексті пайдалану  негізінде жүзеге асырылып келеді. Мысалы, мал шаруашылығына, бір жағынан, биік таулы аймақтарда өсетін әр түрлі шалғынды өсімдіктерге  бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан, тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады. Топырақ-климат жағдайы қолайлы тау бөктерінде шаруашылықты қарқынды жүргізуге мүмкіншіліктер мол. Мұнда тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдар, суармалы жер жағдайында бақша дақылдары, көкөністер, картоп өсіріледі, сонымен қатар өнеркәсіптік бау-бақша шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы өркендеп келеді.

Климаты: Аймақ Іле Алатауының баурайындағы жазықтық пен Кетпен жотасының солтүстік беткейіне орналасқан. Оның территориясы – 55,3 пайыз, оның ішінде суармалы егістік – 67 пайыз, көп жылдық екпе ағаштар – 62,8 пайыз, шабындық -25,5 пайыз, жайылым – 21,6 пайыз.

Шаруашылық  тұрғысынан аймақтың облыстағы экономикалық мәні зор.  Климаты жазық аймақтармен  салыстырғанда анағұрлым жұмсақ.  Алайда қуаңшылық пен аңызақ мұнда  да болып тұрады. Шілденің орташа температурасы 22-24 градус жылы, қаңтарда 6-10 градус аяз. Ауа температурасының 0 градустан  тұрақты ауытқуы көктемде наурыздың  екінші он күндігінің аяғы мен үшінші он күндігінің басында, күзде қарашаның  бірінші онкүндігінің аяғы мен екінші онкүндігінің басында болып тұрады. Оң температуралардың қосындысы 3100-3400 градус аралығында ауытқып тұрады.

Көктемгі  ызғар сәуірдің үшінші онкүндігінде  басылады да, қыркүйектің үшінші он күндігі мен желтоқсанның басында қайта түседі. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140-170 күн. Жылдық жауын-шашын мөлшері -350-600 миллиметр.

Тұрақты қар жамылғысы қарашаның аяғы мен желтоқсанның басында түседі де 85-100 күн жатады. Қардың қалыңдығы  20-35 сантимертге жетеді.

Өсімдігі: бозды-бетегелі және бозды-түрлі шөпті өсімдіктер. Топырақ жамылғысы тау бөктерлік күңгірт қызыл-қоңыр топырақты және қара топырақты, ал солтүстік бөлігі кәдімгі сұр топырақты болып келеді. Мұнда облыстың Іле, Балқаш, Күрті аудандарынан басқа барлық әкімшілік аудандардың жер пайдаланушы шаруашылықтары орналасқан.

Таудағы жеміс шаруашылығы, картоп шаруашылығы, етті мал-сауын сиыр шаруашылығы  аймағы.

Бұл қоңыр  салқын, ылғалды аймақ Іле сырты  Алатауының солтүстік беткейі мен  Кетпен жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерін алып жатыр. Аймақ  Нарынқол, Кеген, Еңбекшіқазақ, Іле  және Қаскелең аудандарын қамтиды. Аймақ  территориясы біршама шағын – 995,4 мың гектар, яғни облыс территориясының 4,7 пайызы. Соған қарамастан ол ауыл шаруашылығы өндірісіне белгілі  дәрежеде ықпал етеді. Мұнда Алматы облысындағы бүкіл тау көлемінің 33,2 пайызы, жазғы жайылым көлемінің 34 пайызы және егістік көлемінің 6 пайызы орналасқан.

Агроклиматы жағынан Іле сырты Алатауы солтүстік беткейінің теңіз деңгейінен 900 метрден 1400 метрге дейінгі биіктігінде жылу мен ылғал мейлінше жақсы үйлесім тапқан, мұның өзі бұл аймақта өнеркәсіптік бау шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік береді. Қолда бар мәліметтерге  қарағанда, 900 метрге дейінгі биіктікте орналасқан жеміс бауларының жаппай гүлдену кезеңі сәуірдің аяғында, 900-1200 метр биіктікте мамырдың бірінші он күндігінде, 1200 метрден жоғары мамырдың ортасында және одан кейін де басталады. Жеміс бауларының гүлдену кезеңінде суық шалудан зақымдану ықтималдылығы: төменгі аймақта 10 жылдың 3-4 жылында, ал жоғары аймақта 10 жылдың 8 жылында мүмкін, ызғар гүл ашылғанға дейін басылады.

Аймақтың  төменгі бөлігіне қарағанда жоғарғы  бөлігінде алма 2-3 апта кеш пісетіндігі  белгілі, соған қарамастан, тіпті, кеш  пісетін сорттардың өзі күздің алғашқы  ызғарына  дейін-ақ пісіп, жиналып  үлгереді.

Таулы аймақта  картоп егудің практикалық мәні зор.

Біріншіден, теңіз деңгейінен 1000 метр және одан да жоғары биіктікте картопты 10 жылдың 7-8 жылында суармай-ақ өсіруге болады.

Екіншіден, тауда өсірілген картоп жақсы  екпе материал береді.

Үшіншіден,картоп өте жақсы экологиялық жағдайда өсіп, жетіледі де, кеш піседі, мұның  өзі көктемгі және жазға салымғы  егіс үшін картоп тұқымын сақтау мерзімін қысқартады.

Төртіншіден, картоп неғұрлым төменгі температурада  түйнек салады. Мұның өзі түйнекті шіріп кетуден сақтайды.

          Аналық тау жынысы: Аймаққа Іле сырты Алатауының оңтүстік биік таулы бөлігі, Кетпен жотасының солтүстік бөлігі, сондай-ақ Кеген мен Нарынқол аудандарының Күнгей Алатауы мен Теріскей Алатаудың биік жоталары кесіп өтетін оңтүстік территориясы жатады. Іле сырты Алатауында аймақ егіншілік пен өнеркәсіптік бау шаруашылығының оңтүстік шекарасы болып саналады. Бұл аймақ теңіз деңгейінен 200 мерт биіктікте орналасқан, 548,9 мың гектар жерді алып жатыр, бұл облыс территориясының 5,3 пайызы деген сөз. Осындай шамалы көлеміне қарамастан, аймақтың өзендер басын алатын өлке ретінде халық шаруашылық мәні зор. Сонымен бірге мұнда биік таулы жазғы жайылымның 22 пайызы шоғырланған.

Климаты қоңыржай температурасымен және ылғалының молдығымен ерекшеленеді. Ең жылы айдың – шілденің температурасы көбінесе 10-15 градус жылылықтан аспайды. Қаңтардың температурасы – 7-13 градус аяз төңірегінде ауытқып тұрады. Ең жоғарғы температура 30 градус жылылықтан аспайды, ең төменгі температура 33-37 градус аязға жетеді. Ауа температурасының  0 градустан жоғары тұрақты ауысуы көктемде сәуірде, мамырдың басында және одан кейін, күзде қазанда болады. Бұл кезеңдегі оң температуралардың қосындысы 2000 градустан аз. 10 градустан жоғары кезең өте қысқа. Бұл кезеңнің жылу ресурстары 700-1400 градустан аспайды. Ең биік таулы аудандарда орта тәуліктік температура көп жылдарда  бүкіл жазғы маусым бойы 10 градустан жоғары көтерілмейді. Аязсыз кезең үш айға жетпейтін уақытқа созылады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері биіктікке қарай 400-500 миллиметрден 800-900 миллиметрге дейін және одан да артып отырады.

Тұрақты қар жамылғысы қарашаның басында  және одан да ерте түсіп, сәуірде, ал неғұрлым биік таулы ауданда мамырда ериді. Қардың қалыңдығы 70-90 сантиметрге тең.

Топырақ жамылғысы: негізінен альпілік және субальпілік таулы-шалғынды топырақтар болып келеді.

Биік  таулы аймаққа шалғынды-орманды, субальпі және альпі белдеулердің биіктік  шегі –теңіз деңгейінен 2000-2600 метр. Шалғынды-астық тұқымдастар және шыршалы ағаштармен аралас түрлі шөпті-астық тұқымдастар және шыршалы ағаштармен аралас түрлі шөпті-астық тұқымдас топтамалар мол ұшырайды. Шүйгін шөпті шалғындардың ішінде астық тұқымдастар: тарғақ шөп, шалғынды атқонақ, шалғынды көде, жоңғар түлкі құйрығы және т.б. едәуір рөл атқарады бұл жайылымдар жазғы маусымда малдың барлық түрі үшін пайдалы. Жазғы жайылымдардың шағымдылығы – құрғақ массамен есептегенде гектарына 12 центнер. Шөп шабуға қолайлы учаскелер шабындық ретінде пайдаланылады. Шабындық шағымдылығы – гектарына 15-20 центнер. Шалғынды-орманды белдеуде Шренк шыршасы басым болып келетін шыршалы ағаштар өседі.

Субальпі  белдеуде өтпелі белдеу болып саналады да, ол теңіз деңгейінен 2500-2900 метр биіктікте енсіз алқап түрінде созылып жатады. Бұл белдеуде субальпілік шалғы мен аршалықтар мо ұшырайды. Территория негізінен жазғы маусымда мал жаю үшін  пайдаланылады. Жазғы жайылымның шығымдылығы – құрғақ массамен есептегенде гектарына 12-18 центнер.

Альпі белдеуі  теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте кең алқап түрінде жатады. Мұнда доңызсырт шалғыны мол ұшырайды. Көп кездесетін түкті доңызсырт өте тығыз шым топырақтарды құрайды. Мұндай топырақтарда бірен-саран астық тұқымдастар да өсіп шығады.

Ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жерлер, жер  қоры санатынан шаруашылық субъектілерге  жерлердің өткізіп берілуіне  байланысты, 148,3 мың гектарға артты. Облыстың бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарының негізгі бөлігі осы санатқа жатады, атап айтқанда: 989 мың 100 га егістік, оның ішінде 431 мың 200 га суармалы жер.

Жер қоры облыс аумағының 8 млн. 60 мың 100 гектар жерін немесе 36 пайызын алып жатыр.

2012 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша 65219 шаруа қожалықтары құрылған, өтеулі негізде құны 11 млрд. 326 млн. теңге болатын 19 мың 407 гектар жерде 25 517 жер учаскесі берілді.

 

 

 Жерді бағалау үшін базистік көрсеткіштерді есептеу және бағалау шкаласын құру, жер пайдалануды бағалау

 

          Жерді бағалау әдістемесі негізінде жер кұны оның табысымен анықталуы керек деген постулат қаланған. Бұл жағдайда өз жері бойынша табыс топырақ сипатына, түсім өтімінің мүмкіншілігіне, метеорологиялық жағдайларға, көлік коммуникациясы арақашықтығына және өтім нарығына, шаруашылықты жүргізуге қабылданған тәсілге, иесінің жеке қасиеттеріне және т.б. байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бағалаушыдан алынған табыстың қаншалықты тұрақтылығын және жалпы қабылданған шаруашылық және экономикалық шарттардың жергілікті жерге сәйкестігін анықтау талап етілді. Егер де бағаланушы жер белгілі бір себептерге байланысты  тиіссіз дәрежеде пайдаланылса, бағалаушы жерді пайдалану мүмкіндіктері туралы сауалды шешіп, мүмкін табысты анықтауы қажет болды.

Егер  жер ұзақ мерзімді жалға берілетін  болса немесе берілсе, онда оны бағалауда  төмендегі факторларды ескеру қажет:

-жерді  жалға беруші және жалгер кім  болып табылады;

-орналасқан  жері, құрамы, жалға алынатын жердің  сапасы мен мөлшері;

-жал  мерзімі, жал төлемінің көлемі, жалгер және жалға беруші арасындағы  сақтандыру және басқа төлемдерді  бөлу;

-табыстылықты (тыңайтқыштар себу, тиімді пайдалану  т.б.) қолдауға әсер ететін  жерді  пайдалану шарттары.

Егер  бағаланатын жер жалға берілмеген жағдайда, онда экономикалық жағдайлары бірдей және сол ауданда орналасқан ұқсас жерлердің жалға беру бағасынан  шығып, бағалау жүргізу қажет.

Жерді бағалау  әдістерінің қысқаша шолуында мынадай  қорытынды жасауға болады:

-жер  бағалау кезінде табыс көзі  ретінде әрі сату-сатып алу  объектісі ретінде қарастырылуы  керек;

-жердің  құнына әсер ететін барлық  факторлардың салыстырмалы нәтижесі  ретінде жердің бағасы оның  құнын белгілейді. Бұл жағдайда  баға факторлары әрбір жерде  тұрақты болмайды, экономикалық  қатынастар өзгерісіне сәйкес  өзгертіледі;

-жер  табыстылығы туралы мәліметтер  алу үшін оны табиғи-тарихи  және экономикалық фактор кешенінде  қарастыру қажет;

-жоғарыда  айтылған ойдан түйеріміз, құнға  әсер ететін барлық факторларды  есепке алған бағалаушының біліміне, тәжірибесі мен біліктілігіне  байланысты кез келген бағалау  субъективті.

 Қоғамның  шаруашылық әрекетінде, әсіресе  ауылшаруашылық өндіріс саласында  табиғи ресурстардың рөлін дұрыс  бағалау талап етіледі. Бірінші  кезекте бұл басты жер ресурсы  - жерге қатысты. Жерді бағалауда,  өндірістің басты құралы ретінде  ауыл шаруашылыққа пайдаланудағы  оның белсенді рөлін ескеру  қажет. Бұл жағдайда ол айырбасталмайтын  өндіріс құралы болып табылады.

Жер Мем  ҒӨО орындаған жер-бағалау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттен жерді  пайдалануға сатылатын жер төлемінің  базистік мөлшерлемесі ұсынылды, олар жер салығының мөлшерлемесі негізін  құрады. Осы уақытта, қазір пайдаланылатын әдістемелер мен өңдеулер, мамандардың  ойынша жаңа жағдайға толықтай сәйкес келмейді. Ең алдымен жерге нарықтық айналымды енгізуге сәйкес емес, өйткені  республикада негізінен ауылшаруашылық жерлер болғандықтан, жердің басқа  санаттарын бағалау туралы ортақ  пікір жоқ. Мысалы, қалалық жерлер үшін олардың пайдасы аз, басқа  санаттарға да солай.

Өндіріс процесінде жұмыс атқаруына байланысты жерді бағалау үш аспектіде жүргізіледі:

-өнімділігі  бойынша- жер бағасы өндіріс  құралы ретінде;

-еңбек  шығыны және өндіріс құралы  бойынша жер бағасы еңбек бұйымы  ретінде;

-еңбек  шығыны мен жабдығының тиімділігі  бойынша- ауыл шаруашылық өндірісінің  құралы ретінде жер құнарлылығының  экономикалық бағасы.

Жерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері біртұтас жүйені құрайды, онда әрбір көрсеткіш  өз белгісіне ие әрі басқалармен  қызметтік байланыста болады. Жерді  бағалау көрсеткіштері белгілі  сапаның 1 га жеріне есептеледі. Бағалау бірлігін бөлу жербағалық аудандарға бөлу жүйесі және топырақты топқа бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. 

Жер сапасының  табиғи белгілерін бағалау агроклиматтық, топырақтық-агрохимиялық, геоботаникалық және басқа мәліметтер негізінде  жүргізіледі. Оны пайдалану арқылы жер-бағалық аудандарға бөлу жүйесі мен жерді сапалы топтау қалыптасады. Бағалау шкалалары жер-бағалау  аудандарына жеке құрылады. Бағалаудың базистік көрсеткіштер жүйесі жерді  бағалаудың сапалы топтары арқылы өңделеді, оның негізінде жер учаскелерінің  бағалау көрсеткіштері мен әкімшілік  аумақтық бірліктер есептеледі.

Есте  ұстайтын жайт-жерді бағалау мен  оны пайдалануды бағалау –  бір ұғым емес. Сапасы бір жерлерді түрліше пайдалануға болады. Тіпті  жақсы жерге қарағанда, нашар  жерді дұрыс және тиімді пайдалану  негізінде алаң бірлігіне шаққанда жоғары өнім алуға болатын жағдайлар  кездеседі. Бұған жерге қосымша  қаржы мен еңбекті жұмсау, жерді  игеру мәдениетінің жоғары деңгейі  арқасында қол жетеді. Сондықтан  шығын мен агротехниканы есепке алмай шыққан өнім бойынша, яғни өндірісті  жүргізу деңгейінде ғана жер сапасын  объективті бағалауға болмайды.

Республикада  ауыл шаруашылығы жерлерін бағалау  жалпы төмендегідей мақсаттарда  жүргізіледі:

-мақсатты  белгілеумен жер учаскелерін  пайдалану тиімділігін анықтау;

-жер  учаскесін кепілге қойып, банкіден  несие алу;

-салық  салу, жалдық төлемдерді анықтау;

-реквизиция  жағдайында мемлекет қажеттілігіне  жер учаскелерін мәжбүрлеп алуда  сотпен сатып алу бағасы мен  төлем көлемін анықтау;

  -жер учаскелерін шаруа серіктестіктерінің жарғылық қорына жарна, не болмаса өндіріс кооперативтеріне пай ретінде беруде;

-жер  учаскесін немесе жерді пайдалану  құқығын сатуда.

      Кадастрлық бағалау құны –  мемлекет жер учаскесін немесе  оны жалға алу құқығын сатқан  кезде қолданылатын инфляцияның  жалпы деңгейі туралы ресми  статистикалық ақпаратқа сәйкес  кезең – кезеңімен нақтыланатын  жер учаскесі үшін төлемақының  базалық ставка және оларға  түзету коэффициенті негізінде  айқындалатын жер учаскесін есептеу  құны.

 

     Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке 
     меншікке берген кезде олар үшін төлемақының 
                       БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ                                          

 гектарына мың теңгемен 
                                           (таблицаның жалғасы бар)          

        |   Ауыл      | сұр     |құм.| сұр    |сұр   |тауға    |тауға    |суб. 
  Облыстар | шаруашы. |қоңыр |дар |топы. |топы.|жапсар.|жапсар.|алпі. 
                 |  лығы        |(күріш |       |рақты|рақ.   | лас      | лас     |лік 
                 | алқапта.    | себу   |       |ашық |ты     | және   | және   |және 
                 |  рының      |айма.  |       |және  |(мақ. |таулық |таулық |алпі. 
                 | түрлері      | ғы)    |       |қара.  |та     | ашық   | қара    |лік 
                 |                  |          |       |пайым|шару.| қызыл | топы.   | 
                 |                  |          |       |          |аш.   | қоңыр |рақты   | 
                 |                  |          |       |          |айма.|           | және    | 
                 |                  |          |       |          |ғы)    |          |қызыл    | 
                 |                  |          |       |          |        |           |қоңыр    | 
____________________________________________________________________ 
     1                      2           10      11       12      13       14      15            16 
____________________________________________________________________ 
Ақмола     суарылмайтын 
                  егістік 
                  суармалы 
                  егістік 
                  шабындық 
                  жайылым             1,8

Ақтөбе     суарылмайтын 
               егістік 
               суармалы 
               егістік 
               шабындық 
               жайылым                 1,9

Алматы     суарылмайтын 
                егістік                     14,4        25,6        30,6  
                суармалы 
                егістік                      89,6        82,4       126,9 
                шабындық               11,9         11,9       13,1      11,9 
                жайылым                 2,0          5,6          8,1        9,4     8,1

Атырау     суармалы 
                егістік 
                шабындық 
                жайылым                  1,8

Шығыс      суарылмайтын 
Қазақстан  егістік                       26,8        49,4 
                суармалы 
                егістік 
                шабындық               10,6            11,9   14,4    10,6 
                жайылым                 1,9              5,6    8,1        9,4     8,1

Жамбыл     суарылмайтын 
                 егістік                    15,6             24,4   26,9 
                 суармалы 
                 егістік                     74,5          114,1 
                 шабындық              10,6           10,6       11,9     9,4 
                 жайылым                 1,9            5,6        6,9       8,6     6,9

Батыс        суарылмайтын   
Қазақстан  егістік 
                суармалы 
                 егістік 
                 шабындық 
                  жайылым             1,9

Қарағанды  суарылмайтын   
                  егістік 
                  суармалы 
                 егістік 
                 шабындық 
                 жайылым             1,9

Қызылорда  суармалы 
                  егістік                  99,2 
                  шабындық                          10,6 
                  жайылым             1,9           4,4

Қостанай   суарылмайтын   
                 егістік 
                 суармалы 
                 егістік 
                 шабындық 
                 жайылым             1,9

Маңғыстау  суармалы 
                  егістік 
                   жайылым             1,8

Павлодар   суарылмайтын 
                  егістік 
                  суармалы 
                  егістік 
                  шабындық 
                 жайылым             1,9

Солтүстік    суарылмайтын   
Қазақстан    егістік 
                  суармалы 
                  егістік 
                  шабындық 
                  жайылым

Оңтүстік     суарылмайтын 
Қазақстан    егістік                  16,9         24,4   26,9 
                   суармалы 
                   егістік                  99,2         87,8    204,4    130,5 
                   шабындық           11,9         10,6      11,9 
                   жайылым             2,0           4,4      6,9         8,8        6,8 
____________________________________________________________________

     Түзету коэффиценттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде – аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық (Астан және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі. Бұл ретте арттыратын немесе кемітетін коэффиценттердің шекті (ең жоғары) мөлшері екі еседен аспауға тиіс.

Түзету  коэффициентін есептеу:

  • топырақтың сапалық жай-күйі;
  • орналасқан орны;
  • суландырылуы;
  • шаруашылық орталығынан және қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы.

К= К1 23456 – түзету коэффициентін есептеу формуласы;

Мұндағы, К1 . . . . . . . . . . . . Кn - әсер ететін факторлар;

К1 – (ортақ интегралды түзету коэффициенті)мелиоративтік жай күйдің коэффициенті;

К2 – жер бедері еңістігінің коэффициенті;

К3 – шабындық пен жайылым жақсарту коэффициенті, егістік жер учаскесінің сулануы, сумен қамтамасыз етілуі;

К4 – суландырылу коэффициенті;

К5 – бағаланатын жер учаскесінің шаруашылық орталықтарынан қашық орналасу коэффициенті;

К6 – бағаланатын жер учаскесінің қызмет көрсету орталықтарынан қашық орналасу коэффициенті.

Кадастрлық бағалау  құнын анықтау формуласы:

      Кб=К*S*Кбаза

 

Алматы  облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында орналасқан «Мирас» шаруа қожалығының ауыл шаруашылық мақсатына арналған 102 га суармалы егістік жер телімінің кадастрлық бағалау құнын анықтау:

1)түзету коэффициентін анықтау:

мелиоративтік жай күйдің коэффициенті – 1,2;

жер бедері еңістігінің коэффициенті – 1;

суландырылу коэффициенті – 1,2;

бағаланатын жер учаскесінің шаруашылық орталықтарынан қашық орналасу коэффициенті – 1,2;

бағаланатын жер учаскесінің қызмет көрсету  орталықтарынан қашық орналасу коэффициенті – 0,7.

Топырағы: тауға жаппарлас қызыл қоңыр

          К= 1,2*1*1,2*1,2*0,7=1,2

2)кадастрлық  бағалау құнын анықтау:

Ауданы  – 102 га;

Базалық ставка – 126,9;

Түзету  коэффициенті – 1,2.

Кб = 102*1.2*126.9=102000*1.2*126.9=15532560тг

Кб=15532560тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы жер қатынастар басқармасының бастығы

(жер қатынастары  бойынша өкілетті органдардың  атаулары)

 

 

_____________                                            ___Рысбек Ш. Қ.________

(Қолы)                                                                       (Аты-жөні)

                                                                        «15» қазан 2012 жыл

 

           Жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау

                                        АКТІСІ

Жер телімінің  кадастрлық нөмері           03-044-230-125

Жер телімінің  орналасқан жері        Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылы, 1-Май көшесі, «Мирас» шаруа қожалығы

Жерлер санаты                        Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Жер телімінің  пайдалану мақсаты             егістік

Жер телімінің  бағалау құнының есебі        15532560тг.

Атаулары, аймақтың нөмері

(ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін)

Көлемі, шаршы метр

Жерге төлем ақының базалық ставкалары,

теңге/1 ш.м

Түзету коэффициенті

Кадастрлық

(бағалау)

құны, теңге

03-044-230-125

120000ш.м.

126,9

1,2

15532560тг.


 

Жер телімінің  кадастрлық(бағалау) құны 15532560 (он бес миллион бес жүз отыз екі мың бес жүз алпыс теңге) құрайды.

                                                                       (Соммасы жазбаша)

Кадастрлық  (бағалау) құны Алматы облысы жер қатынастар басқармасы

____________________________________________анықталады.

                                        Қорытынды

 

      Қорыта келе, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылындағы «Мирас» шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы егістік жерінің 102 га кадастрлық құнын анықталды. Анықтау барысында түзету коэффициенттеріне әсер ететін факторлар, базалық ставка қолдану арқылы жердің кадастрлық бағасын шығаруды игердік.

   Ауыл шаруашылығы жер-суы ретінде пайдаланылатын жер учаскелерін бағалау үшін ренталық табысты айқындаудағы жалпы табыс ауылшарушылық дақылдарының типтік өнімі динамикасын оны нарықты сату бағасын талдау негізінде (жер учаскесінің шекараларында топырақтың құнарлылығына, тиісті агроөндірістік топырақ топтары бойынша дақылдың өнімділігіне сәйкес) есептеледі. Ренталық табысты есептеу уақытында ескерілетін шығындар өңірлік нарыққа тән болып табылатын өндірістік шығындар мен өндірушінің кірісін қамтиды.