Аналитикалық әдістер мен тәсілдердің жалпы сипаттамасы және өзара байланысы. 2

Аналитикалық  әдістер мен тәсілдердің жалпы  сипаттамасы және өзара байланысы.

Грек тілінен аударғанда «тәсіл» сөзі «әлденеге апарар жол» деген мағынаны береді. Қазіргі тілмен айтқанда, әдіс – бұл мақсатқа жету тәсілі, ретке келтірілген іс-әрекет. Адамзат ғылыми әдістің үлкен пайдалылығына әлдеқашан зердесін жеткізді. Ағылшын философы Ф. Бекон әдісті қараңғыда жолаушыға жол көрсететін шырақпен салыстыра отырып, былай деп жазды: «Жолмен келе жатқан ақсақтың өзі, жолсызбен жүгіріп келе жатқанды озады».

Адамзаттың іс-әрекеті  теориялық немесе тәжірибелік бағытта болуы мүмкін, сондықтан әдіс түсінігі теорияға да, тәжірибеге де тең дәрежеде қатысты. Кез-келген ғылымның әдісі деп өзінің пәніне, мазмұнына оған тән тәсілдермен енуді, яғни, оны тану жолын түсінеді. Әдіс ғылыми зерттеу барысыедағы ой немесе физикалық операциялардың жиынтығын білдіреді; оған жаңа білімдер алуға болатын процедуралар кіріктірілген. Осылайша, әдісті өзіндік ой технологиясы деп атауға болады.

Жалпы алғанда, ғылыми тану әдістері жалпы-ғылыми және нақты-ғылыми деп екіге бөлінеді.  Жалпы-ғылыми әдістерге барлық ғылымдарға тән  әдістерді қатыстырады: салыстыру, эксперимент, талдау (анализ), синтез, модельдеу, нысандандыру, абстракциялаушылық және т.б. Бұл тәсілдерді нақты ғылымға  немесе зерттеуге қолдану зерттеліп  отырған пәннің спецификалық ерекшеліктеріне, техникалық құралдардың құзыретіндегі  ол туралы таным дамуының жалпы деңгейіне байланысты.

Нақты-ғылыми әдістер тек  дербес ғылымдарға тән және басқаларының шеңберінде қолданылмайды.

Экономикалық талдаудың  әдісі экономикалық субъектті тану тәсілі ретінде дәйекті түрде  орындалатын әрекеттерден (кезеңдерден, этаптардан) тұрады:

  • субъектті бақылау, абсолютті және қатысты көрсеткіштерді өлшеу және есепту, оларды салыстырылатын түрге келтіру және т.б.;
  • жүйелеу және салыстыру, факторларды топтастыру және талдап тексеру (детализациялау), олардың субъект қызметінің көрсеткіштеріне әсерін зерттеу;
  • жалпылау – қорытынды және болжам кестелерін құру, басқару шешімдері қабылдау үшін қорытынлар мен рекомендациялар дайындау.

Экономикалық талдаудың  әдісі – бұл экономикалық субьектілердің қызмет етуінің теориялық-танымдық категорияларының жүйесі, ғылыми инструментариясы және процесстерді зерттеудің реттеушілік  принциптері.

Жалпыланған түрде әдісті үш құрамдас бөліктің комбинациясы ретінде  қарастыруға болады:

 М={K, I, P}

Мұндағы K – ғылыми категориялар

   I – зерттеулер инструментариі

  P – принциптері

Категориялар – бұл  берілген ғылымның неғұрлым жалпыланған  түсінігі. Экономикалық талдаудың категорияларына  мыналарды жатқызуға болады: фактор, модель, жүйе, шығындар, кірістер және т.б.

Экономикалық талдаудағы принциптер көптеген таным аумақтарына  ортақ қолданылады: жүйелілік, ғылымилық, нақтылық және т.б.

Ғылыми инструментарий (аппарат) – бұл талдау мақсатына жету үшін әр түрлі комбинацияларда қолданылатн  тәсілдер, амалдар және құралдар. Талдаудың  кез-келген инструменті бұл сөздің тар мағынасында әдіс деп аталуы мүмкін. Талдауда қолданылатын инструментаридің екі негізгі ерекшелігін бөліп  көрсетуге болады.

Біріншісі – бұл білімдердің аралық салаларынан (математика, экономикалық теория, стаистика және т.б.) зерттелген әдістердің шоғырлануынан көрініс тапқан ашықтық. Талдау өз шеңберінде жасап шығарған спецификалық амалдармен шектелмейді, керісінше, әр түрлі әдіснамаларды шығармашылық түрде оларды өз талаптарына сай етіпқайта өңдеп қолданады. Соңғы жылдары талдаудың ғылыми аппаратын жетілдіру әдістері математизациялауды күшейту жолымен жүрді. Бұл, табиғи құбылыс, өйткені Леонардо да Винчидің өзі былай деп жазған: «Математикалық ғылымдардың ешқайсысын қолдануға болмайтын және математикамен ешбір байланыстылығы жоқ ғылымға ешқандай да  сенімділік жоқ». 

Екінші ерекшелік экономикалық талдаудың әр кезңінде әр түрлі тәсілдер мен амалдардың қолданылуында болып  табылады. Сонымен қатар оларды қолдануға  байланысты ешқандай нақты регламенттеу болмайды.

Бұл жерде көп нәрсе  талдаудың мақсатына, талдаушының  өкілетіндегі уақыттық, ақпараттық және адами ресурстарға, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты. Шынайы талдауда көбіне сан алуан  амалдар мен тәсілдердің комбинациясы қолданылады.

Экономикалық талдаудың әдіс-тәсілдерінің сан алуан классификацияалары бар. Барлық классификациялардың негізінде әр түрлі белгілер жатыр.  Жіктеудің ең ақпаратты мол беретін түрінің бірі әдіс-тәсілдерді олардың нысандалуына, яғни әлде бір нысандалған (бірінші кезекте математикалық) процедуралар көмегімен берілген әдісті сипаттау мүмкін бе және қаншалықты деңгейде мүмкін болатындығы бойынша бөлу. Осы логикаға жүгіне, барлық аналитикалық әдістерді нысандалған және нысандалмаған деп бөлуге болады.


 

 

 

Экономикалық талдаудың әдістері


 

Нысандалған  Нысандалмаған


 

Дәстүрлі       Экономика-математикалық


 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру әдісі

Топтастыру дегеніміз  барлық мәліметтер қорын бірдей немесе әр түрлі интервалмен бөлу әдісін айтамыз.

Бірдей интервалмен мәліметтерді топтастырудың мақсаты оларды салыстыру  болып табылады. Егер де мәліметтерді бірдей интервалмен топтастыра алмасақ, онда біз оларды өсу немесе кему ретімен қою арқылы топтастырамыз. Бұндай топтастыру үлкен вариация немесе біркелкілік болмаған жағдайда қолданылады.

Талдаудың мақсатына байланысты келесідей топтастырудың түрлері  ажыратылады:

  • Типологиялық топтастыру;
  • Құрылымдық топтастыру;
  • Аналитикалық топтастыру.

Типологиялық топтастыруға келесілер мысал бола алады: табысы бойынша топтау, кәсіпорындарды капиталы бойынша топтау, т.б.

Құрылымдық топтастыру әрбір  құрамдас бөліктерінің қатынасын білу және сол арқылы объектінің құрылымына мінездеме беруге мүмкіндік береді. Мысалы: кәсіпорын шығаратын өнімін түрлері бойынша құрылымы, қолданылатын негізгі қорлардың құрылымы және т.б.

Аналитикалық топтастыру зерттеліп отырған жағдайлардың байланыс формасын анықтау үшін немесе бұл байланыстың тарлығын анықтау  үшін қолданылады.

Құрамы жағынан қарапайым  және күрделі топтар ажыратылады. Қарапайым  топтастыруларда бір белгі бойынша  көрсеткіштер арасындағы байланыс зерттеледі.

Салыстыру әдісі

Салыстыру әдісі дәстүрлі әдістер ішінде ең кеңінен таралған әдіс. Салыстырудың бірнеше түрлері  бар:

  • Болжаммен, жоспармен салыстыру;
  • Өткен жылмен салыстыру;
  • Сала бойынша орташа мәліметтермен салыстыру;
  • Ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибемен салыстыру.

Бұл әдістің көмегімен  экономикалық дамудың жетерлік деңгейі  және өсу қарқыны анықталады, сондай-ақ белгілі бір көрсеткішке факторлардың әсерін анықтауға болады.

Жоспармен немесе өткен жылмен факторларды салыстырғанда, олар оң немесе теріс таңбамен шығуы мүмкін.

Қаржылық-шаруашылық қызметтің  көрсеткіштерін салыстыру, мың тенге 

Көрсеткіштер 

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқу, +,– 

Өнімді өткізуден түскен табыс

24050,0

26846,0

2796,0

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

11800,0

14264,0

2464,0

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

12

10

–2

Бір жұмысшының еңбек өнімділігі

2004,2

2684,6

680,6

Салық салынуға дейінгі табыс

12250,0

12582,0

332,0

Корпорациялық табыс салығы

2450,0

2516,4

66,4

Салық салудан кейінгі  табыс

9800,0

10065,6

265,6

Өнімнің рентабельдігі, %

40,7

37,5

–3,2


 

Кестеден көрініп отырғандай, компанияның өнімді өткізуден түскен табысы 2796 мың тенгеге өскен. Мұндай өсу өткен жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнің саны арқылы болған. Егер мұндай тенденция сақталатын болса, онда компания келесі жылы өнімді өткізуден түскен табыстың өсу қарқынын төмендетпеуді болжап отыр. Бұл табыстың өсуі өнімді өткізуге кеткен шығындардың ұлғаюына әкелді. Өткен жылмен салыстырғанда 2464 мың тенгеге шығындалды. Шығындардың өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен болған. Компанияның жұмысындағы жағымсыз жағдай өнімнің рентабельділігінің төмендеуі болып табылады. Осылайша қаржы менеджерінің жұмысы оң бағаланбайды. Өйткені ол табысты болжаған кезде дұрыс емес есептеулер жүргізген.

 

Бөлшектеу әдісі (детализация)

Бөлшектеу әдісі экономикалық талдауда мәнді болып келеді. Бөлшектеу зерттелетін объектіні құрамдас бөлшектерге бөлуді ұзарту арқылы жүргізеді, әсіресе бөлшектенетін модельдерді кеңейту немесе қысқарту арқылы шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер ететін терең факторлардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Шығарылған бір өнімнің  өзіндік құнын (С) анықтау үшін жалпы  шығындарды (З) өндірілген өнімнің көлеміне (ВП) бөлу арқылы табамыз:

 

 

Ал егер шығындар сомасын  оның материалдар (М), еңбек ақы (ЗП), әлеуметтік салық (СН), амортизация (А), өндірістік үстеме шығындар (КР) сияқты құрауыштары арқылы есептесек, онда ұзартылған факторлар жиынтығынан  тұратын аддитивті модельді аламыз:

 

 

 

Модельді формуладағы  алымы мен бөліміне басқа бір  немесе бірнеше көрсеткіштерді қосу арқылы кеңейтуге болады.

Бөлшектеу әдісін экономикалық талдаудың кез-келген әдісімен бірге  көмекші ретінде пайдалануға  болады және ол өте қолайлы болып  келеді.

 

Тізбектелген  қойылымдар әдісі 

Жеке факторлардың нәтижелі көрсеткіштерге әсерінің мөлшерін анықау экономикалық методологиялық тапсырмаларының ішіндегі негізгілерінің бірі. Детерминациялық талдауда бұл үшін келесі әдістер қолданылады: тізбектелген қойылымдар әдісі, абсолютті айырмалар әдісі, қатысты айырмалар әдісі, пропорционалды бөлу әдісі, интегралды, логарифмдеу және баланстық әдістер және т.б.

Осы әдістердің ішіндегі ең әмбебабы тізбектелген қойылымдар әдісі  болып табылады. Бұл әдістің мәні жоспарланған (болжанған) көрсеткіштер біртіндеп есепті жыл көрсеткішерімен ауысады, ең алдымен сандық көрсеткіштер, содан кейін сапалық көрсеткіштер ауыстырылады. Егер де екі фактордың әсері анқыталатын болса, онда үш есептеу жасалады, ал егер үш анықталатын фактор болса, онда төрт есептеу жасалады. Яғни есептеулер саны факторлар санынан біреуге артық болады.

Әрбір фактордың әсерін анықтау  үшін екінші есептеу нәтижесінен  бірінші есептеу нәтижесін, үшіншіден  екіншіні, яғни соңғысынан алдығысын  алып тастау жолымен анықталады.

Бұл әдісті қолдану тиімді болады, егер факторлар саны екіден артық болса.

 

 

Баланстық әдіс

Баланстық әдіс негізінен  екі топтағы өзара байланысқан  экономикалық көрсеткіштердің арақатынасын, пропорциясын көрсету үшін қолданылады. Бұл әдіс бухгалтерлік есепте және жоспарлауда кеңінен қолданылады. Ол экономикалық талдауда, әсіресе  кәсіпорынның еңбек ресурстарымен, қаржылық ресурстармен, шикізаттармен, отынмен, материалдармен, негізгі құралдармен  және т.б. активтермен қамтамасыз етілуін  талдауда ерекше орын алады. Мысалы, кәсіпорынның еңбек күшімен қамтылуын талдаған кезде, бір жағында кәсіпорынға  қажетті оптималды еңбекшілер саны, ал екінші жағында кәсіпорында нақты  жұмыс істейтін еңбекшілер саны көрсетілген  баланс құрастырылады.

Егер материалдық ресурстар  балансын құрастыратын болсақ, онда кестенің сол жағында ресурстар туралы ақпарат, ал оң жағында өндіріске  жаратылған ресурстар туралы мәліметтер беріледі.  

 

Шикізаттар мен материалдарды  пайдалану балансы, мың тенге

Шикізаттар мен материалдар  аты

Жыл басында

Жыл бойғы келіп түсулер

Барлығы

Пайдаланылғандар 

Жыл соңында

1

Шикізат

12,0

120,0

132,0

120,0

12,0

2

Негізгі материалдар

20,0

180,0

200,0

180,0

20,0

3

Көмекші материалдар

30,0

80,0

110,0

100,0

10,0

4

Отын 

 – 

20,0

20,0

20,0

5

Энергия

80,0

80,0

80,0

6

Жартылай фабрикаттар

40,0

460,0

500,0

480,0

20,0

 

Жиынтығы:

102,0

940,0

1042,0

980,0

62,0


 

Сонымен қатар баланстық  әдісті еңбек уақытын талдауда да қолдануға болады.

Жұмыс уақытын пайдалану  балансы

Көрсеткіштер 

Жоспар бойынша

Нақты

Күнтізбелі уақыт қоры, күн

365

365

Жұмыс уақытының номиналды  қоры (НФВ), күн

260

260

Жұмыс уақытының режимді  қоры (РФВ), сағат

4160

4160

РФВ=(НФВ*Kсмсм) – (Пд*1),

Ксм – смена коэффициенті, бұл жерде 2-тең; Псм – жұмыс күнінің ұзақтығы, бұл жерде 8 сағат

   

Уақыттың жоспарлы қоры (ПФВ), сағат

   

ПФВ=РФВ – Жоғалтулар

3760

3420

Жоғалтулар

 

340

Барлығы

3760

3760


 

Баланстық әдіс экономикалық талдауда көмекші әдіс ретінде нәтижелі көрсеткіштің өсуіне факторлардың әсері  дұрыс анықталғандығын тексеру  үшін қолданады. Детерминациялық талдауда жеке–жеке факторлар әсерлерінің  мәндерінің қосындысы нәтижелі көрсеткіштің өсуінің жалпы  мәніне тең болуы  керек:

 

 Егер теңдік орындалмаса,  онда есептеулер қате жүргізілгендігі  немесе бір фактор ескерілмей  қалғандығы анықталады.

Кей жағдайларда баланстық  әдісті нәтижелік көрсеткіштің өсуі мен екі немесе бірнеше факторлардың әсерлерінің мәндері белгілі  болып, қалған бір фактордың әсері  белгісіз болған жағдайда, соның мәнін  табуға қолданылады:

 

 

Қатысты айырмалар  әдісі

Қатысты айырмалар әдісі  тек мультипликативті модельдердегі  нәтижелік көрсеткіштің өсіміне  әсер ететін факторлар әсерінің мөлшерін өлшеуде қолданылады. Бұл әдісте экономикалық факторлардың өсімі коэффициент  немесе процент түрінде қолданылады. Осы әдістің Y=abc мультипликаторлық моделіне әсерін қарастырайық.

Нәтижелік көрсеткіштің өзгерісі келесі формуламен анықталады:

 

 

 

 

 

 

Абсолюттік айырмалар  әдісі

Экономикалық талдауда факторлар  саны екеуден аспаған кезде абсолюттік айырмалар әдісі қолданылады. Бұл  тәсіл тізбектелген қойылымдар әдісінің өзгенртілген түрі болып табылады.

 

Көрсеткіштер 

Жоспарланған 

Есепті кезең

Ауытқу 

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

34

32

–2

Бір жұмысшының орташа еңбекақысы, мың тг

114,735

123,375

8,64

Еңбекақы қоры, мың тг

3901

3948

47


 

 

  1. ЖОТС есебінен -2*114,735=-229 есептеуден келе, жұмысшылар санының 2 адамға қысқарту еңбекақы қорына оң әсер етті. Бұл фактор әсерінен еңбекақы қоры бойынша үнемдеу 229 мың тенгені құрады.
  2. 1 жұмысшының орташа еңбекақысы есебінен 8,64*32=276 есептеуден келе, еңбекақының өсуі еңбекақы қорының 276 мың тенгеге шығындалуына әкелді.

276-229=47 еңбекақы қорының  ауытқуына тең.

 

Корреляциялық талдау

Корреляциялық байланыс деп  бір айнымалының әр түрлі мәндеріне  басқа айнымалының әр түрлі орташа мәні сәйкес келетін статистикалық  байланысты айтады. Коррреляциялық байланыс бірнеше жолмен пайда болуы мүмкін. Олардың ең маңыздысы – нәтижелі көрсеткіштің факторлық көрсеткіш өзгеруіне себепті тәуелділігі. Сонымен қатар, байланыстың мұндай түрі бір себептің екі салдары арасында байқалуы мүмкін. Бұл әдістің ерекшелігі – ол функционалдық байланыс жоқ жерде қолданылады, ол тек байланыс бар екендігі туралы фактті және байланыс тығыздылығын анықтап, оның себебін ашпайды.

Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті сипаттайтын негізгі  көрсеткіш – корреляция коэффиценті. Оның мәні 0 мен 1 аралығында болады, бірақ  ешқашан 1-ге тең болмайды. Байланыстың  тығыздылығы осы коэффицент арқылы анықтылады, егер коэффиценттің мәні:

  • 0<r <0,3 болса, байланыс әлсіз, бұл байланысты терең зерттеу қажет емес;
  • 0,3<r<0,5 болса, байланыс бірқалыпты;
  • 0,5<r<0,7 – байланыс жеткілікті;
  • 0,7<r<0,9 – байланыс жоғары;
  • 0,9<r<1 – байланыс өте жоғары.

Корреляция коэффиценті  зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланысты төмендегідей сипаттайды:

r =

Корреляциялық әдіс кезіндк  факторлардың әдісі регрессия коэффицентімен анықталады:

b =

Проценттік қатынастағы  факторлардың әсері детерминация коэфицентінің  көмегімен анықталады:

R = r2*100

Соңғы уақытта ірі корпорпциялар  және акционерлік компаниялар деңгейінде болашаққа табысты болжаған кезде  корреляциялық талдау қолданылады.

Регрессивті талдау

Регрессивті талдау – бұл зерттеліп жатқан көрсеткіштердің арасындағы стохастикалық байланыстың аналитикалық көрініс табуын бекіту әдісі. Регрессия теңдеуі кез-келген xi мәні өзгергенде y мәнінің орташа өзгереуін көрсетеді және былай жазылады:

y= f( x1, x2, ... xn)

мұндағы  y – тәуелді айнымалы ( ол әрқашанда жалғыз)

       xi - тәуелсіз айнымалы (факторлар) (олар бірнешеу болуы мүмкін)

Егер тәуелсіз айнымалы жалғыз болса, бұл қарапайым регрессивті  талдау. Егер де олар бірнешеу болса  (n≥2), онда мұндай анализ көпфакторлы деп аталады.

Регрессивті талдау барысында  екі негізгі тапсырмалар шешіледі:

  • регрессия талдауын құрастыру, яғни нәтижелі көрсеткіш пен тәуелсізфакторлар x1, x2, ... xn арасындағы байланыстың түрін табу;
  • алынған теңдеудің маңыздылығын бағалау, яғни таңдалған факторлық көрсеткіштер у көрсеткігтерінің вариациясын қаншалықты түсіндіретінін анықтау.

   Регрессивті талдау негізінен жоспарлау үшін, сонымен қатар нормативтік базаны дайындау үшін қолданылады.

   Ресгрессивті талдау корреляциялық талдауғы қарағанда тек талданып жатқан көрсеткіштердің арасындағы байланыстың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оның нысандалған көрінісін береді. Сонымен бірге, егер корреляциялық талдау факторлардың байланысын зерттейтін болса, регрессивті талдау біржақты тәуелділікті, яғни факторлық көрсеткіштердің өзгеруі нәтижелі көрсеткішке қалайша әсер еткенін көрсететін байланысты зерттейді.

Регрессивті талдау – математикалық  статистиканың ең көп өңделген әдістерінің бірі. Нақты айтсақ, регрессивті талдауды жүзеге асыру үшін арнайы талаптар қатарының орындалуы қажет (x1, x2, ... xn; у тәуелсіз, кез-келген көлемдегі тұрақты дисперсиямен қалыпты таратылған). Шынайы өмірде регрессивті және корреляциялық талдаудың талаптарына нақты сәйкестілік өте сирек кездеседі, алайда бұл екі әдіс те экономикалық зерттеулерде айтарлықтай кең қолданылады. Экономикада кездесетін тәуелділіктер тек қана түзу емес, сондай-ақ кері және сызықтық емес болуы мүмкін, алайда көпфакторлы талдауда тек сызықтық модель түрлерін қолданады:

у = a + b1x1 + b2x2 + … + bnxn

Регрессия теңдеуін құру, әдетте, ең аз квадраттар әдісімен жүргізіледі. Оның мәні нәтижелі көрсеткіштің нақты мәнінен ауытқулыр квадраттарының жиынтық санын минимизациялау болып табылады, яғни:

 S= j)2             min,


Мұндағы m – бақылау саны;

= a + b1x1j + b2x2j + … + bnxn - нәтижелі фактордың есепті мәні.

Регрессия коэфиценттерін дербес компьютердегі аналитикалық пакеттердің  немесе аранайы қаржылық калькулятордың көмегімен анықтаған дұрыс. Ең қарапайым  жағдайда у = a + bx түріндегі бірфакторлы сызықтық регрессия  теңдеуі үшін мына формалар арқылы табуға болады:

a = ,                    b = .

 

Дисперсионды  талдау

Дисперсионды талдау –  бұл берілгендердің екі іріктемесінің  негізгі бір жиынтыққа қатыстылығы  туралы гипотезаны дәлелдеуге немесе теріске шығаруға мүмкіндік беретін  статистикалық әдіс.  Кәсіпорнның  қызметін талдауға байланысты дисперсиондық  талдау әр түрлі бақылау топтарының берілгендерінің бір жиынтыққа  қатыстылығын немесе қатыссыздығын  анықтауға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның шаруашылық қызметінде зерттелетін  құбылыстар мен процестер арасындағы стохастикалық тәуелділіктерді  зерттеу үшін қолданылады.

Дисперсионды талдауды топтастыру әдістерімен бірге жиі қолданады. Мұндай жағдайларда оны жүргізудің тапсырмасы топтардың арасындағы айырмашылықтаң маңыздылығын бағалауда болып табылады.  Ол үшін топтық дисперсиялар σ12 және σ22 анықталады, содан кейін Стьюдент пен Фишердің статистикалық критерилері бойынша топтар арасындағы айырмашылықтың мәнділігі тексеріледі.

Кластерлік талдау

Кластерлік талдау – жиынтықты топтастыруға (кластерлеуге) арналған, элементтері көптеген белгілермен сипатталатын көп өлшемді талдау әдістерінің бірі. Әрбір белгінің мәні зерттеліп отырған жиынтықтың  көп өлшемді белгілер кеңістігіндегі әрбір бірліктің координатасы қызметін атқарады. Бірнеше көрсеткіштердің мәнімен сипатталатын әрбір бақылауды осы көрсеткіштер кеңістігіндегі нүкте ретінде елестетуге болады. Олардың мағынасы көп өлшемді кеңістікте координаталар ретінде қарастырылады. Координаттар нүктелері p q c k арасындағы қашықтық төмендегідей анықталады:

rp,q = .

Кластерлеудің негізгі критериі болып кластерлер арасындағы айырмашыдық бір кластерға қатыстырылған бақылаудан қарағанда анағұрлым елеулі болуы қажеттігнде табылады, яғни көп өлшемді кеңістікте мына теңсіздік орындалуы қажет:

rp,q < r1,2 ,

мұндағы  r1,2 - 1 және 2 кластерлер арасындағы қашықтық.

Регрессивті талдаудың процедуралаы сияқты кластерлеу процедурасы да айтарлықтай  көп еңбекті қажет етеді, сондықтан  оны компьютерде орындаған жөнді.

Ойындар теориясы

Конфликттің математикалық  моделі ойындар теориясы деп аталады. Конфликтке түсетін екі жақты  шартты түрде A және B деп, ал олардың іс-әрекетінің тәсілдерін U және V деп белгілейді.

Әр түрлі стратегиялардың  қолдану эффетивтігін бағалау үшін W1 және W2 көрсеткіштерін енгізеді. Оларды ұтыс функциялары деп те атайды. Ұтыс функциясы ретінде пайда қарастырылуы мүмкін. Кез келген екі стратегия (u, v) ойын ситуациясы деп аталады.

Ойындар теориясының келесідей  түрлері ажыратылады:

    • стратегиялық, стратегиялық емес;
    • қосарлы (парные), көп қатысушылы;
    • коалиционды, коалиционды емес;
    • антогонистикалық, антогонистикалық емес;
    • кооперативті, кооперативті емес;
    • қатаң бәсекелес, қатаң емес бәсекелес;
    • аяқталатын, аяқталмайтын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. В.В. Ковалев, О.Н. Волкова. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: ПБОЮЛ Гриженко Е.М., 2000. - 424 с.
  2. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Г.В. Савицкая. – М.: ИНФРА-М, 2007. – 512 с.
  3. Теория экономического анализа: Р.П Казакова, С.В. Казаков. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 239 с.
  4. Теория экономического анализа: Г.В.Шадрина, Е.Г. Озорнина. – М., 2003. – 105 с.
  5. Лекциялар жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Аналитикалық әдістер мен тәсілдердің жалпы сипаттамасы және өзара байланысы. 2