Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
Англияда өкілдік
– сословиелік монархияның
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………...
1. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
1.1 Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы.............5
1.2 Англиядағы
сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-
1.3 Англиядағы
сословиелік-өкілдік монархия..
2. Англияда
парламенттің пайда болуы мен д
2.1 Англия парламентінің пайда
болуы мен құрылымы......................
2.2 Англия парламентінің
функциясы.....................
2.3 Ағылшын парламентінің «Құқық
туралы петиция» актісі........................
2.4 Абсолюттік монархия кезіндегі
парламент.....................
2.5 Англиядағы Конституциялық
монархия......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Англияда XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.
Натуралдық шаруашылықты тауарлық шаруашылық ығыстыра бастады. Қала мен ауылдың арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп, феодалдар натуралдық салықты ақша салығына көшірді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне басқа жерден жұмыс іздеп, тентіреп кетті. Қоғамдық құрылыста да өзгерістер аз емес еді. Нормандық және ағылшын-сакстық феодалдардың арасындағы айырмашылық бұрынғыдай емес, біртіндеп жойыла бастады. Феодалдардың бәрі жалпы мүддесін қорғау үшін бірігіп жатты. Үстем таптың өз арасында топтық саралау басталды. Олар ірі феодалдарға, рыцарларға, ұсақ феодалдарға бөлінді. Рыцарлар графтіктердегі ықпалды күшке айналды. Енді жер иеленушілер жалдамалы еңбекті қолданатын болды. Бұл үрдіс шаруалар қауымын ыдыратты. Кедей және үйсіз жерген адамның саны көбейді де, қанау үрдісі күшейе түсті.
Ағылшын парламентінің
мемлекеттік басқару
Ағылшын парламенті 1265 ж.құрылды. Парламенттің бақылау нысаны – депутаттардың министрлерге сұрақтары, ұсыныстар мен арнайы комитеттер. Бұл тетікте қаржылық бақылау айрықша орын алады. Парламенттің жанында әкімшілік істер жөніндегі парламенттік уәкілдік жұмыс істейді (омбудсмен).
Ағылшын Үкіметтінің парламенттік жауапкершілігі – бақылаудың барлық жүйесінің өзегі. Ұлыбританияда парламентарлық басқару (жауапты) жүйесі бар. Бұл үкіметтің парламент мүшелерінің арасынан қалыптасатынын, парламент алдында оның жауапты болатынын (бұл жағдайда қауымдастықтар палатасы ғана парламент деп түсініледі) және сенімсіздік білдірілген жағдайда отставкаға кетуі тиіс екенін білдіреді. Үкімет парламент алдында ұжымдық жауапты болады. Министрдің біріне сенімсіздік білдіру, әдетте тұтастай үкіметке сенім білдіруден бас тартуды білдіреді. Бұл жауапкершілік жүктейтін акт палаталардың не үкіметтің жалпы саясатын не оның қандай да бір шарасын мақұлдамауына қатысты болады. Үкімет ұсынған қандай да бір шараларды дауысқа салу кезінде жеңілуі не керісінше үкімет қарсы болған шараның мақұлдануы жауапкершілікке әкелудің негізі болуы мүмкін.
Министрліктер қызметінің негізгі бағыттарын бақылау тапсырылған арнайы комитеттерден тұрақты комитеттердің айырмасы олар тұрақты негізде жұмыс істейді. Оларды ұйымдастыру мен олардың қызметін қауымдастықтар палаталарының тұрақты ережелерімен реттеледі және қазіргі кезде олар арнайы комитеттер жүйесінің өзегін құрайды. Үш комитетке (сыртқы істер, ішкі істер, қаржы бойынша) кіші комитеттер тағайындау құқығы берілген [1, 123 б.].
1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқаи жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық. Ал ауылда королъ өзінің заңдарымен жер жеке меншігін шектеген болатын.
Курстық жұмыстың мақсаты. Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы мен Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуын зерттеу арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.
Міндеттері:
- Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуын нақтау;
- Абсолюттік
монархия кезіндегі
- Англиядағы Конституциялық монархия;
- Ағылшын парламентінің тарихы мен құрылымын;
- Англия парламентінің пайда болуы мен құрылымын т.б. зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы
- Англияда ерте-феодалдық монархияның мемлекеттік құрылысы
Ағылшын-сакстердің Британияны жаулап алуы көптеген өзгерістерге алып келді. Олардағы тайпалардың демократиялық органдары мемлекеттік органдарға айналды. Бірақ Англияның саяси ұйымында ежелгі кезеңнің көп элементтері сакталып қалды.
Король. Корольді феодалдар сайлайтын және ол бірінші әскери басшы болып саналатын.
Король бейбітшілікті қорғаудың кепілдігін беретін адам. Ол әскери және діни функңияларды атқаратын еді. Король жоғарғы сот қызметін де өз қолына ұстайтын болды. Содан кейін ол ақша соғу құқығын иеленіп, жүрттан салық жинайтын. Қауымдардың арасындағы қайшылықтарды шешіп, феодалдардың арасындағы жанжалдарды қарайтын болды.
Корольдің сарайы мемлекетті басқаратын орталыққа, ал корольдің сарбаздары мемлекеттің қызметкерлеріне айналды. Жоғарғы қызметкерлердің арасында ең жоғарғы лауазым - корольдің қазына ұстау шы адамы мен капеллан. Капеллан кеңсеге жауапты кісі.
Король билігінің қаржы негізі де нығайды. Өзінің жеке жерлерінен алған өнімнен басқа оған "фирма" деген салықты бәрі төлейтін, содан басқа дат ақшасы, тауарларды мемлекетке кіргізгені үшін салық, ІХ-ғасырдың ортасынан нарық, қалалар, таразы сияқты салықтар төленетін. Осы салықтардың көбі натуралдық салыққа жататын. Одан басқа шаруалар әскерде қызмет істеп, олар жол, көпір және бекініс салуға тиісті болды.
XI ғасырдың ортасында
корольдің билігі күшейді.
Ағылшын-сакстың корольдері магнаттардың кеңесін жинайтын еді. Бұл кеңес уитнгемот-ақылдылардың кеңесі деп аталды. Оның анық функциялары болған жоқ. Уитнгемотқа король жұбайымен, ер балалары мен епископтер, ірі феодалдар кіретін. Ол бейбітшілік пен соғыс мәселелерін қарап, жоғарғы қызмет орындарға тағайындайтын, салық белгілейтін және заңдарды талқылайтын. Корольдің ең тұрақты қызметі - сот үрдісіне қатысып сот істерін шешу. Осы кеңес корольдерді сайлайтын болды. IX ғасырда уитнгемот сақталды, бірақ оған король тэндерді шақыратын. Кеңес корольдің құқығын шектеді, тақ мұрагерлігіне кірісті [2].
Ерте-феодалдық
Англияның еркшеліктерінің бірі
корольдің күшті билігімен
Король. Корольді феодалдар сайлайтын және ол бірінші әскери басшы болып саналатын.
Король бейбітшілікті қорғаудың кепілдігін беретін адам. Ол әскери және діни функцияларды атқаратын еді. Король жоғарғы сот қызметін де өз қолына ұстайтын болды. Содан кейін ол ақша соғу құқығын иеленіп, жұрттан салық жинайтын. Кауымдардың арасындағы қайшылықтарды шешіп, феодалдардың арасындағы жанжалдарды қарайтын болды.
Корольдің сарайы мемлекетті басқаратын орталыққа, ал корольдің сарбаздары мемлекеттің қызметкерлеріне айналды. Жоғарғы қызметкерлердің арасында ең жоғарғы лауазым - корольдің қазына ұстаушы адамы мен капеллан. Капеллан кеңсеге жауапты кісі.
Король билігінің қаржы негізі де нығайды. Өзінің жеке жерлерінен алған өнімнен басқа оған "фирма" деген салықты бәрі төлейтін, содан басқа дат ақшасы, тауарларды мемлекетке кіргізгені үшін салық, ІХ-ғасырдың ортасынан нарық, қалалар, таразы сияқты салықтар төленетін. Осы салықтардың көбі натуралдық салыққа жататын. Одан басқа шаруалар әскерде қызмет істеп, олар жол, көпір және бекініс салуға тиісті болды.
XI ғасырдың ортасында
корольдің билігі күшейді.
Ағылшын-сакстық корольдері магнаттардың кеңесін жинайтын еді. Бұл кеңес уитнгемот-ақылдылардың кеңесі деп аталды. Оның анық функциялары болған жоқ. Уитнгемотқа король жұбайымен, ер балалары мен епископтер, ірі феодалдар кіретін. Ол бейбітшілік пен соғыс мәселелерін қарап, жоғарғы қызмет орындарға тағайындайтын, салық белгілейтін және заңдарды талқылайтын. Корольдің ең тұрақты қызметі - сот үрдісіне қатысып сот істерін шешу. Осы кеіес корольдерді сайлайтын болды. IX ғасырда уитнгемот сақталды, бірақ оған король тэндерді шақыратын. Кеңес корольдің құқығын шектеді, тақ мұрагерлігіне кірісті.
Ерте-феодалдық Англияның еркшеліктерінің бірі корольдің күшті билігімен қатар бір орталыққа бағынған жергілікті басқару мен қауымның өзін өзі басқаруының сақталуы еді. Сонымен қатар король тағайындайтын қызметкерлер болды. Елді мекендерде жалпы жиындар (сход) сақталды. Оларды староста басқаратын. Енді сол жиындар да мемлекеттің қаржы жинайтын ең төменгі бөліміне айналды. Әрібір жүздіктің жиналысында ең маңызды қызметтер жергілікті ірі жер иеленушілерге 12 аға "тэндерге" берілді. Графтіктерде жиналыстары жүздіктердің өкілдерінің жиналыстарына айналды. Графтіктерде сот және әкімшілік функцияларын корольдің өзі тағайындаған шериф баскарды.
Жергілікті басқару. Англия графтіктерге бөлінді, ал олар өз кезегінде жүздікке бөлінетін еді. Графтіктерде король уитандардың келісімімен элдормендерді жіберді, ол сол жерден жиналған әскерді басқарды. Одан басқа қорольдің өкілі-шериф, минестериал, ол округті және қалаларды басқаратын.
Элдормен өздерінің міндеттерін графтіктердің жүздіктер жиналыста- рымен қатар атқаратын. Бұл жиналыстарға ерікті ер адамдар қатысушы еді. Жиналыс шаруашылық мәселелерін, ұсақ қылмыс және азаматтық істерін қарайтын. Сонымен, оларды сот және әкімшілік органдарға жатады деп айтуға болады.
Халық әскерініһ де рөлі жоғары болды. Бірақ Гастингстегі соғыс әскер саласына реформа керек екендігін көрсетті. Король әскерінің негізі - өзінің сарбаздары. Олар әскердің басшылық ететін таңдаулы тобын қарайтын. Халық әскерін көру үшін қару қолдану қолынан келетін ер адамдардың бәрін әскерге жазды. Әрбір графтікке солардың жартысын әскерге жіберетін. Ал екінші жартысы үйде қалып шаруашылықпенен айналысты. Бұдан басқа әрбір фафтік бір кеме жабдықтауға тиісті болды.
1.2 Англиядағы сот. Мемлекеттің жоғарғы соты-корольдің соты
Ол мемлекетке қарсы істелген қылмыстарды және жермен байланысты таластардың бәрін қарайтын. Жергілікті соттарды элдормен басқаратын, бұл графтік соттары, ол корольдің юрисдикциясынан басқа бүкіл қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын. Жүздіктің соттары шығарған шешімдерге шағым арыздарды тексерді.
Англияда феодализм үрдісінің нығаюына христиан шіркеуі әсерін тигізді. Христиан дінімен бірінші танысу III ғасырда басталған, ал 664 жылы Уитби соборында христиан діні рим-католиктер түрінде бүкіл елдің ресми діні болып жарияланды. Содан бастап король, феодалдар, шаруалар шіркеуге жер сыйлап, көмегін берді, шіркеу өзінің ұйымдастыру жұмыстарын бастады. Шіркеу приходтарын, епископтардың диоһездерін қарастырды. Сонымен қатар шіркеу салығын кіргізді, шіркеу құқығы дами бастады [3].
Сонымен, Англияда нормандар шабуылынан барын феодалдық қарым- қатынастар құрыла бастады, бірақ феодализм үстемдігін әлі толық жеңіп алған жоқ еді. Көп шаруалардың жеке бостандығы сақталды, мемлекет әлі әлсіз болатын.
Англияның соңғы ағылшын-сакс королі Эдуард Исповедник 1066 жылы қайтыс болғаннан кейін таққа бірнеше адам дәмеленді. Солардың арасында Нормандияның герцогі Вильгельм де болды. 1066 жылы қыркүйек айында ол өзінің бүкіл Франциядан жиналған 5000 әскерімен (соның ішінде 2000 ауыр қаруланған әскерлер Ла-Манштың жағасында жиналды. Олар 700 кемемен Англияның жеріне келіп, Гастингс деген порттың қасында ағылшын-сакстердің шаруалардан құрылған әскерін жеңді де, 1066 жылдың соңында Вильгельм Вестминстер қаласында Англияның Бірінші Вильгельм деген королі болып жарияланды. Астана қақпаны Вильгельмге ашқаннан кейін уитангемот оны король деп жариялады. Вильгельм Эдуард корольдің жақсы заңдарын толық сақтаймын және қолданамын деп ант берді және өзін соның ұрпағымын деп дәлелдеді.
Сеньориалдық монархия
Феодалдық Англия тарихының басқа Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда ерекшеліктері көп болатын. Вильгельм Жаулап алушы Англияны басып алғаннан кейін, өзіне бағынбаған феодалдардың жерлерін тартып алды да, қарсылық көрсеткендерін жойып отырды. Олардың жерлері Вильгельмге және оның барондарына күшті. Вильгельмнен жер алған адам оның вассалына айналды. Ал ол жерді тікелей корольден алатын. Вильгельм жер саясатын өте ақылды жүргізді: феодалдарға берген әрбір жер үлесі бір алқапты құрмайтын, берген жері бірнеше ауданда болды. Сондықтан норман феодалдары жергілікті ағылшын-сакстерге қарама- қарсы тұрғаннан кейін король билігінің күшті болғанын қалады. Ағыл-шын-сакстардың шаруалары нормандарға көп уақыт қарсылық көрсетгі, сондықтан олар бірігіп жүруге тиісті еді. Вильгельм бүкіл елді бағындырғаннан кейін, ағылшын-сакстің ақсүйектері нормандардың барондарына бағынуға мәжбүр болды, ал ағылшын-сакстердің епископтерінің орнына Францияның нормандарын қойды.
Вассалдар корольдің әскеріне қызмет көрсетумен бірге ақшалай да салық төлейтін. Осындай жағдайлар корольдің билігін күшейтті. Мұнан бөлек король тәркіленген жерлерді жетіден бір бөлігін өзіне қалдырды. Вассалдар байлығын онымен салыстыруға болмайтын еді.
Жаулап алған уақыттан жиырма жыл өткеннен кейін Вильгельм бүкіл халықты, жер үлестерін, мал санын және қаруды санақтан өткізді. Бұл халық санағы "Қауіпті сот кітабы" деп аталды. Осы кітап бойынша жаңа салық енгізілді. Жеке бостандығы бар шаруалардың көбі тәуелді шаруаға айналды. Ерікті шаруалар халықтың 12% ғана құрайтын еді.
1066 жылғы шабуыл Англияның ұсақ аудандарға ыдырауын тоқтатып, шек қойды. Тек корольдің өзі қойған шерифтер, элдормендер, полиция қызметкерлері жергілікті істерді шешетін болды, олар барондарға билік берген жоқ.
Жоғары қаржы ведомствосы "Шахмат тақтайы палатасы" деп аталатын. Ол салық жинап, мемлекеттің қаржысын тарататын. Бұл органның бұлай аталуының өзіндік себебі бар. Мемлекет жинаған темір ақшаны тор сызықты дастарқан жайылған столға қоятын еді, келген ақшаны ақторға, жұмсалатын ақшаны қара торға бөлетін. Сондықтан қаржы жинайтын және бөлетін орган "шахмат тақтайы палатасы" деп аталды.
Король өзінің сот билігін де күшейтгі. Бұл өзгерістер Генрих екінші істеген реформалармен тікелей байланысты (1154-1189). Ол әскери, сот және қаржы реформаларын жасады. Жалпы алғанда, бұл реформалар ірі феодалдардыі және шіркеудің жағдайларын өлсіретті [4].
Сот реформасы. Жер таластарын қарау үшін жаңа сот үрдісін енгізді. Енді ерікті азамат ақысын төлеп, мүлік жөніндегі таластарды корольдің жоғары сотына беруге құқық алды. Корольдің сотында ордалия деген сынау қолданылған жоқ. Істі тергеу куәгерлердің айтқан сөздерімен өтті, олар ант беретін. Қылмыстық істерді жаңа тәртіппен қарайтын болды. Бұл тәртіп ант беруші соттың негізін құрды деп айтуға болады. Бұл сот былай өтті: жеті жылда бір рет әрбір графтікке астанадан көшпелі сот келетін. Олар 12 адамды (рыцарьлар немесе бай шаруалар) өздеріне шақыртып, осы округте кім қандай қылмыс істегенін сұрастыратын еді, қылмысқа кінәлі адамдарды атауға тиісті екендігі ескертілетін. Ант берген адамдарды кейбір кезде айтқан шындығы үшін өлтірген жағдайлар да кездесетін. Олардан көк алу да болатын. Көшпелі сот келеді деген хабарды естіген халық орманға тығылып, олардың кеткенін күтіп отыратын жағдайлар да кездесетін еді.
Ант бергендердің айтқанымен сот өзінің үкімін шығарады. Қылмыс туралы жұрттан сұрастырып, олар берін өздері анықтауға міндетті болатын. Сонымен, ант берушілер куегерлерден сот қызметкерлеріне айналды. Бірақ істелген қылмысты дәлелдей алмай жатса, олар антпен сынауды қолданатын. Сотқа тартылған адам ант берген сотты немесе жекпе- жекті өзі таңдап алады. Осындай кешпелі соттар "Король отырғышының соты" деп аталды. Бұл сот "Әділетгі соттың бірден бір қайнар көзі бар- бұл корольдің өзі" деген принциппен жүргізіледі. Жаңа енгізілген тәртіп істі әділетті қарауға жағдай туғызды және ол жергілікті соттарды бақылау үшін тиімді әдіс болып табылды. Уақ және орта жер иеленушілер өздерінің істерін осы соттарда қаратқанды тәуір көретін.
1116 жылы Кларендон ассиз бойынша соттың және шерифтердің құқықтары бекітілді. Бүкіл мемлекет 6 округке бөлінді, әрі округке 3 сот қызметкері тағайындалды. Олар сот қызметін атқара отырып, жергілікті қызметкеркерлердің ісін және салық жинауын тексерді. Адам өлтіру, тонау, жалған ақша басу, ертеу және осы қылмыстарды орындауға көмек беру істерін көшпелі сот қарайтын. Бұл сот сонымен бірге уақ феодалдардың корольге берген шағым қағаздарын қабылдайтын.
XII ғасырда канцлердің ведомствосынан сот органдары да бөлінді, олардың арасында ең маңыздысы-Корольдің Жоғары соты. Оны жоғарғы юстициарий басқарды [5].
Астанада бұл сотпен қатар жалпы істер соты құрылды. Ол жалпы айтыс-тартыс соты деп аталатын, бұл тұрақты сотқа жататын. Ол Лондон қаласында ғана мәжілісін өткізді, мәжілісіне король қатыспаса да өткізуге құқығы болды.
Сот реформаларының бәрі жинақтала келіп, жалпы жүйесін құруға жағдай туғызды.
Генрих әскери реформаларды да жүргізді. Ол феодалдарға бағынбайтын жаһа әскер құрды. Король жаңа салық енгізді, ол "қалқан ақшасы" деп аталды. XII ғасырға дейін әскердіһ үлкен тобын халық әскері құрайтын. Қару қолдану қолынан келетін ерікті ер адамдардың барлығы да әскерге қатысуға міндетгі болды. Ол әскерді барондар басқарғандықтан, белсенді бұл солардың қолында болатын. Екінші Генрих барондардың рөлін төмендету үшін, әскерді тікелей өзіне бағындыру үшін, феодалдардың бәріне "қалқан ақша" төлетті. Сол жиналған қаржыға король жалдаған әскерді ұстады, бұл әскер рыцарлерден тұратын. Бұдан басқа рыцарлардан ағылшын-сакстердің халық әскерін ол өзіне қаратқысы келді. Сол үшін ол мемлекеттің ерікті адамдарының бәріне әскери міндет енгізді. Феодал, шаруа, қала тұрғындары өзінің қоғамдық жағдайына сәйкес қарулануға тиіс, бірақ жалпы әскердің барлығы мемлекеттің қазына ақшасы мен ұсталды. Екінші Генрих жүргізген әскери реформалар корольдің өзіне бағынған әскердің санын көбейтіп, ірі феодалдарды әскер басқарудан ығыстырды.
Осы шақтағы
саяси дамудың белгілі нышаны-
Сонымен жоғарғы атқару, сот, қаржы органдары болды. Бұл курияға әскерді басқаратын адам-маршал, король мүлігін басқарушы және басқа да қызметкерлер кіретін. Ең маңызды, қүрделі мәселелерді қарағанда ғана король курияға ірі шіркеулердің қызметкерлерін шақыратын болды. Сот палатасы - Корольдің отырғыш соты, қаржы палатасы-Шахмат тақтасының палатасы, ол қаржы жағын басқаратын. Оның төрағасы қазынашы болды.
Король жергілікті басқаруды нығайтып, шерифтер мен бэйлифтерді тағайындайтын болды. Бұл қызметкерлер корольдің алдында барлық басқа- РУ функциялары үшін жауапты еді. Көшпелі соттар да корольдің билігін күшейту үшін бірталай қызмет атқарып отырды. Ол тек сот істерін қарау-мен шектеліп қалмай, жергілікті органдарды да бақылайтын. Мемлекет графтіктерге, жүздіктерге және қауымдарға бөлінді. Корольдің әкімшілігін графтіктерде шерифтер басқаратын. Олардың қолында сот, әскери, қаржы және полиция билігі болатын. Шерифтер өздерінің қызметтерін жүздіктердің және графтіктердің жиналыстарымен бірігіп жүргізетін.
1.3 Англиядағы сословиелік-өкілдік монархия
Жоғарыда әңгімеленген саяси жүйеге XIII ғасырда сословиелік-өкілдік жиналыстар қосылды. Бұл жиналыстардың арқасында дворяндар, шіркеу қызметкерлері жене қала тұрғындарына бөлінетін сословиенің мемлекетті басқаруына жол ашылды. Ірі феодалдар жергілікті күшті билігін жоғалтса да, енді өкіметке осы жиналыстар арқылы әсерін тигізуге мүмкіншілік алды. Шаруалар және қала тұрғындары бұл жиналыстарға көбіне қатыспайтын еді.
XIII ғасырда тауар-ақша қарым-қатынастарының дамуына орай ішкі нарық пайда болғаннан кейін, қоғамдық күштердің арақатынасы корольдің күшеюіне және мемлекетті бір орталыққа бағындыруға алып келді.
Ірі феодалдардың және жер иеленушілердің арасында әлсірегендері көбейе берді. Графтар мен барондар ерікті шаруалардың көбін өздеріне бағындырып жатты. Феодалдық рентаны көбейтіп, қауым жерлерін шаруалардан өздеріне тартып алуға тырысты. Шаруалардың салық төлеу сияқты жеке міндеттері де болатын. Міндеттерін орындамаған жағдайларда, король олардың жерлерін тартып алушы еді.
Натуралдық шаруашылықты тауарлық шаруашылық ығыстыра бастады. Қала мен ауылдың арасындағы қарым-қатынастар өзгеріп, феодалдар натуралдық салықты ақша салығына көшірді. Жерсіз қалған шаруалар өздеріне басқа жерден жұмыс іздеп, тентіреп кетті. Қоғамдық құрылыста да өзгерістер аз емес еді. Нормандық және ағылшын-сакстық феодалдардың арасындағы айырмашылық бұрынғыдай емес, біртіндеп жойыла бастады. Феодалдардың бәрі жалпы мүддесін қорғау үшін бірігіп жатты. Үстем таптың өз арасында топтық саралау басталды. Олар ірі феодалдарға, рыцарларға, ұсақ феодалдарға бөлінді. Рыцарлар графтіктердегі ықпалды күшке айналды. Енді жер иеленушілер жалдамалы еңбекті қолданатын болды. Бұл үрдіс шаруалар қауымын ыдыратты. Кедей және үйсіз жерген адамның саны көбейді де, қанау үрдісі күшейе түсті.
1349 жылы Англияда оба ауруынан бүкіл халықтың үштен бірі қырылып қалды. Жұмысшылар жетіспеді. Сондықтан олардың қызметіне төленетін ақша көбейді. Шаруалардың жағдайларын ақсүйектердің арасындағы жүз жылдық соғыс нашарлатып жіберген еді. Олардың мойынына түсетін салық көбейді. 1380 жылы Парламент жеке адам төлейтін салықтардың түрін бекітті. Ал 1381 жылы Уот Тайлер басқарған шаруалардың көтерілісі басталды. Олардың талаптарының мазмұны мынандай еді: бүкіл міндеттерді және салықты ақшалай төлеу, жалақыны шектейтін заңдарды жою, шаруаларға шіркеудің қорынан жер беру, қауымдық жерлерді бұрынғыдай бос пайдалану, барлық сословиелік айырмашылықтарды жою. Феодалдар бұл көтерілісті күшпен басты. Бірақ, шаруалардың жаңа көтерілістерінен қорқып, шаруалардың төлейтін салықтарын көбейткен жоқ. XV ғасырда шаруалар ақшалай салыққа көшіп, өздеріне бостандық сатып алды.
Сословиелік-өкілдік монархияның мемлекеттік құрылысы. Корольдің қуатты билігі және бүкіл баскару органдарын бір орталыққа бағындыру үрдісі деспотизмге жол ашты. XIII ғасырда Ұлыбританияда король билігін шектеу үшін өте күшті қозғалыс пайда болды. Мұны баскарған барондар мен рыцарлер, оларды жақтаған қала тұрғындары, шіркеу және шаруалардың бір бөлігі еді.
Король билігін шектеу үшін Екінші Генрихтен кейін мемлекет билеген патшалардың саясаты ақылды бола қойған жок. Бұл патшалар екіжүзді ішкі және сыртқы саясатын жүргізгенде көп қателер жіберді[6].
Тікелей сословиелік-өкілдік монархияға алып келген екі оқиға болды: олар-1215 жылғы Ұлы Еркіндік Хартиясының қабылдануы және 1258-1267 жылдағы Симон де Монфор басқарған ірі әлеуметтік қозғалыс.
ХІІІ-ғасырдың басында Британияның королі Жерсіз Иоанн өзінің оралымсыз қаржы саясатымен оппозицияның наразылығын туындатты. 1215 жылы олар бірігіп Ұлы Еркіндік Хартиясын жазды да, корольге қол қойдыртты. Бұл оппозицияға барондар, рыцарлар, шіркеу, ерікті шаруалар және қала тұрғындары енген болатын. Бірақ жазылған Хартияда көбіне феодалдық-олигархиялық нышандар анық көрінді. Сондықтан бұл қозғалысқа қатысқан күштердің арасында қайшылықтар тез пайда болды. Король оны пайдаланып, өзі қолын қойған құжатты жойып жіберді.
Әдебиетте Ұлы Еркіндік Хартиясына әр түрлі баға беріледі. Бұл құжат Англияның ең бірінші Конституциясы болып саналады. Оның маңызы өте жоғары бағаланып, құқықтық мемлекеттің негізін қалады деуге болады. Екінші бір тарихшылар тобы бұл құжат феодалдық реакцияны туғызды, мемлекетті ыдырату үшін тікелей жол ашып берді деген де пікір айтады.
Аталған Хартияда белгіленген ең маңызды мәселе салық төлеу еді. Феодалдар бұрынғы заманнан келе жатқан үш салықты бұрынғыдай төлейміз деп келісті. Бұған жататын үш жағдай: Король тұтқынға түскенде оны ақша төлеп босату олардың бірінші міндетіне жататын, екіншіден, король үлкен қызын тұрмысқа бергенде олар тойын көтеруі керек, үшіншіден, үлкен баласын рыцарь дәрежесіне көтерген тойын өткізуге бәрі бірге үлес қосуға тиісті. Бұдан басқа салықты король өз бетімен енгізе алмайтын болды. Салық саларда король феодалдарды шақырып, олардың келісімін алу керек деген құқықтық норма қабылданды. Ол үшін король алдымен феодалдарды, шіркеу қызметкерлерін және қала тұрғындарын өзі хат жіберіп шақыруға тиісті. Үш сословие қатысатын орган мемлекеттің жалпы Кеңесі деп аталады. Бұлар осы Кеңеске жиналып, жаңа салық енгізуге келісімін беретін болса, оны жинауға корольдің құқығы бар.

- Англияда өкілдік – сословиелік монархияның құрылуы. Англияда парламенттің пайда болуы мен дамуы
- Англия – колыбель мировой промышленности
- Англия – колыбель мировой промышленности
- Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
- Англия: промышленный переворот в XVIII веке
- Англійский живопис
- Англійська буржуазна революція XVII ст.
- Англия во второй половине XIX — начале XX в.
- Англия во второй половине XIX-начале XX века
- Англия в период Первой мировой войны
- Англия в период правления консерваторов. Эволюция политических программ, социально-экономическая политика
- Англия в средние века
- Англия в средние века
- Англия в эпоху реставрации