Ирина Эланс
Ақпараттық білім беру ортасының тәуекелдері
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:Ақпараттық білім беру ортасының тәуекелдері
Қабылдаған:___________________ _______
Орындаған:____________________ _______
Түркістан 2014
Жоспары:
1. Ақпараттық технологиялар білім беру
2. Ақпараттық білім
беру ортасы жағдайында педагогтардың
кәсіби құзіреттілігінің дамуының
негізгі мәселелері мен жай- күйі
3. Ақпараттық-білім
беру ортасының тәуекелдері
Ақпараттық технологиялар білім беру
Бүгінде мемлекеттің
ақпараттық-технологиялық дамуына және
даму темпіне экономика жағдайы ғана емес,
халықтың өмір сүру деңгейі, ұлт қауіпсіздігі,
мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдындағы
ролі ғана тәуелді емес. 2020 жылға дейінгі
қазақстандық білім берудің жаңаруы білім
беру саясатының жүзеге асырылуын көздейді,
ол өз кезегінде үздіксіз кәсіби білім
берудің қазіргі жүйесінің дамуын, білім
беру сапасын арттыруды, жалпы білім берудің
қол жетімділігін қамтамасыз етуді, білім
беру саласының инвестициялық тартымдылығын
арттыруды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге
асыру еліміздің ақпараттық қоғамға толық
енуін қамтамасыз етеді, Қазақстанның
әлемдік кеңістіктегі беталысын бекіте
түседі.
Білім беру диверсификациясы, ұлтаралылығы, даралануы, алдын
ала және үздіксіз білім берудің дамуы,
оның қарқындануы мен компьютерлендірілуі ҚР
білім берудің дамуының оң тенденцияларына
жатады.
Ақпараттық технологиялар
білім беру жүйесіне шынайы перспективалар
ашады, нақтылы: ақпараттық технология
құралдарын кеңінен енгізу оқу ақпараттарын
көрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді,
дыбыс пен ақпараттық ресурстарға жойылған
қол жету; білім берудің барлық деңгейлерінде
– мектепке дейінгі деңгейден жоғары
оқудан кейінгі деңгейлерде компютерлік
оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы
– оқу үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік
қолдау есебінен; оқушылардың шығармашылық
жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту
үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын
таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа
ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми
және әдістемелік негізделген базалық
білім беру жүйесін құру.
Білім берудің ақпараттануы объективті түрде: оқу-әдістемелік жұмысты қайта ұйымдастыруды; оқытушыға талаптың күшеюі және оның рөлінің өзгеруін; оқушылардың тұлғасының ролі мен оның жеке ерекшеліктерінің; оқу мекемесінің ролі мен оның орналасқан жерінің оқушылар құрамына әсерін; қол жетімді ақпараттық ресурстардың көлемінің күрт ұлғаюын тудырады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар өз кезегінде мүмкіндік береді: білімді дамыту, білім алу мен тарату сипатының жаңаруы; оқыту мазмұны мен әдістерінің жаңаруына мүмкіндіктер ашу; жалпы және кәсіптік білімге қол жетімділігін кеңейту; оқытушыларға қажеттілікті аямастан олардың оқу үдерісіндегі ролін өзгерту (ақпараттың білім мен ұғынуға айналуын басқару).
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде қазақстандық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ортақ ақпараттық білім беру ортасын құру, азаматтардың барлық сатылар мен барлық деңгейлерде білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіндегі ақпараттық кеңістігін интеграциялау.
Ақпараттық кеңістік – бұл тек ақпараттың өмір сүріп және таратылатын ортасы ғана емес, сондай-ақ коммуникацияларды жүзеге асыру және көзқарастар алмасу құралдары. Ақпараттық білім беру ортасын құру қалыптасқан инновациялық оқыту әдістемелері мен оларды біліктілікті арттыру жүйесінде жаппай таратудың ондай ортаның болмауына байланысты мүмкін еместігі арасындағы алшақтықты, сондай-ақ білім беру қызметкерлері арасында озық технологияларды тез әрі кең таратуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық білім
беру ортасы бүгінде ақпараттық, техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз
ету, білім беру үдерісінің субъектісі
ретінде адаммен тығыз байланысты;
антропософиялық релевантты ақпараттық антураж, оқытушылар
мен оқушылардың шығармашылық потенциалы
мен дарынын ашуға арналған жүйелі ұйымдастрылған
жиынтық (Ж.Н.Зайцева); ақпараттың дәстүрлі
және электрондық тасымалдаушылардың
интеграциясы негізінде құрылған, виртуалды
кітапхана, мәліметтер базасын бөлу, оқу-әдістемелік
кешендер мен кеңейтілген дидактика аппаратын
жинақтаған өзара әрекеттердің ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын қосқан ортақ ақпараттық
білім беру кеңістігі.
Ақпараттық технологияларға
негізделген білім берудің дамуы кадрларды
кәсіби даярлау жүйесіне жаңа көзқарастарды
шығаруды, оның мақсаты мен мәнін әлеуметтік
институт ретінде қайта ой елегінен өткізуді
талап етеді.
Ақпараттық
білім беру ортасы жағдайында
педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің
дамуының негізгі мәселелері
мен жай-күйі
Жалпы әлемдік масштабта
білім беру жүйесінің ақпараттық коммуникациялық
инфраструктурасын құруға және қолдауға,
аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз
етуге, цифрлық білім беру ресурстарын
құруға және техникалық педагогикалық
қолдауға кететін шығындарды ұлғайтуға
деген тенденция қалыптасты. Мысалы, Жапонияда
АКТ шығыны $9 млрд. құраса, АҚШта – $6 млрд.,
Ұлыбританияда – $3,5 млрд; Ресейде «Ортақ
білім беру ақпараттық ортасын дамыту»
мақсатты бағдарламасының құны $2 млрд.
жуық болды. Қазақстанда 2007 жылы АКТға
$83 млн. (10 млрд. теңге) бөлінді. Қарағанды
облысында жергілікті бюджеттен ақпараттық
жүйені құруға 2007 жылы 590 мың теңге бөлінген;
2008 жылы – 4631 мың теңге; 2009 жылы 2379 мың
теңге; ақпараттандыруға 2006 жылы – 2657
мың теңге; 2007де – 3318 мың теңге; 2008де –
2980 мың теңге; 2009да – 2549 мың теңге; ақпараттық
технологияларды енгізуге 2007де – 82983 мың
теңге; 2008де – 590425 мың теңге; 2009 жылы - 46488
мың теңге, аймақтың ақпараттық білім
беру ортасын дамытуға қаржы бөлінуіне
оң тенденция қалыптасқандығын айғақтайды.
Бүкіләлемдік экономикалық
форум құрастырған желілік әлемге дайындық
Индексіне (ДИ) сәйкес 2007 жылы Қазақстан
122 елдің ішінде 73-орынға ие болған (2005
жылы 60-орында болған). Сондай-ақ жоғары
көрсеткіштерге ие болған елдер Эстония
(20-шы), Литва (39-шы), Латвия (42-ші), Ресей
(70-ші).
ДИ 67 параметр бойынша
анықталған. Оның ішінде Қазақстан келесі
позицияларда тұрды:73-ші - АКТ-инфраструктурасы
бойынша;
87-ші – интернет
пайдаланушылар саны бойынша;
65-ші - адам капиталы
бойынша (тұрғындардың білімділік деңгейі,
АКТ саласындағы мамандар, АКТ пайдалану
дағдылары, ақпараттылық және мотивация)
62-ші – бағдарламалық
аппараттық қамтамасыз ету (компьютерлендіру);
75-ші – білім беруде
АКТ пайдалану бойынша (оқу мекемелерінің
АКТға қол жетімділігі, оқу үрдсінде АКТ
пайдалану).
Осы халықаралық фонда қазақстандық мектептердің жай-күйі қанағаттанарлықсыз болып бағаланады, өйткені білім беруді ақпараттандыру жүйесі өз дамуының бастапқы сатысында болып табылады, бұл бағдарламаны жүзеге асыру үрдісінде ақпараттандыру емес негізінен, мектептерді компьютерлендіру жүзеге асырылды.
Тәжірибе көрсеткендей,
оқу үрдісінде пайдалануға арналған көптеген
ақпараттық ресурстар төмен педагогикалық
деңгейде. Орын алған жағдайдың басты
себептерінің бірі болып негізінен, компьютерлік
оқу бағдарламаларын құрастыру саласында
психология, дидактика, нақтылы пәнді
оқыту мазмұны мен әдістемесін білетін
мамандардың қатысуынсыз құрастырылатындығы
болып табылады. Оқыту жұмысында үлкен
еңбек өтілі бар педагогтар көбінесе АКТны
меңгермеген, ойлау консервативтілігіне
байланысты оның оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық
құзіреттілігін дамытуда, сондай-ақ өзінің
кәсіби құзіреттілігінің дамуында да
маңыздылығын түсінбейді.
Көптеген мұғалімдер
компьютерлік техниканы меңгеруде және
оқытудағы ақпараттық ресурстарды пайдалану
алдында едәуір психологиялық кедергі
сезінеді, ол әдетте аталған құралдар
мен технологияларға қатысты педагогикалық
мүмкіндіктеріне күдіктенумен жасырылады.
Кейде өз мүмкіндіктерін бағалай алмау
бұндай білім беруді ақпараттандыру үрдісімен
жалаң танысумен түсіндіріледі.
Талдау көрсеткендей,
көбінесе АКТны оқу үрдісіне енгізу мұғалімге
белгілі мазмұн мен түсініктерді компьютерлік
құралдар көмегімен оқушыларға жай ғана
алмастыру ретінде қабылданады (мысалы,
интерактивті тақта кәдімгі, бірақ жаңартылған
тақта ретінде пайдаланылады). Айтары
жоқ, бұндай тұрғыдан қарау оқушылардың
көрнекі-бейнелік және теориялық, бейнелік
ойлау мүмкіндіктерінің белсендірілмеген
көптеген бөлігін пайдаланылмаған күйде
қалдырады. Бұндай жағдайларда көп деңгейлі,
ауқымында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын меңгере алатындай мұғалімдердің
біліктілігін арттыру жүйесін құру қажет.
«Ақпараттық білім
беру ортасы» (АБО) термині білім беру
және ақпараттық орта интеграциясының
жаңа мәнін білдіреді, олай болса бұл идеяны
жүзеге асыру бірқатар маңызды мәселелерді
шешуді талап етеді. Жұмыстың жаңа формалары
оқытушы мен оқушының жеке қарым-қатынастарының
түрін өзгерту мен азайтылуын көздейді.
Бұл мәселеге топтық оқыту механизмдерін
ақпараттық құралдармен құру қажеттілігі
жанасады. Сапалы электронды білім беру
ресурстарын құру міндеттері, сондай-ақ
оларды пайдалану технологиялары мен
әдістемелері өзекті.
Білім беру сипатындағы мәселелерге ақпараттық-технологиялық мәселелер қосылады. Олар бірінші кезекте жаңа ақпараттық деңгейде виртуалды білім беру кеңістігін ұйымдастыруға байланысты. Бұл деңгейдегі басты міндет білім беру ақпараттық ортаның тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру ортасының ортақтығын аймақта бүгінде жоқ реттейтін нормалар, стандарттар мен корпоративтік келісімдер жиынын қамтамасыз етуді талап етеді.
Басты психологиялық қиындық ақпараттық білім беру кеңістігінің тұтастығына жекеленуден бас тарту, жалпы ойын ережелерін қабылдаусыз қол жеткізу мүмкін емес. Тағы бір мәселе процестердің табиғи инерциялылығымен байланысты ақпараттардың үлкен массивімен байланысты, білім беруді ақпараттандыру саласында бір кезде қабылданған шешімді ары қарайғы уақытта түзету өте қиын. Қате шешімдердің бағасы әсіресе жолдың ең басында өсе түседі.
Қойылған мәселенің глобалдылығы білім беру жүйесіне жаңа технологиялық кеңістікке біртіндеп және өте мұқият кіруді талап етеді. Табыс білім беру және ақпараттық технологиялар саласының жоғары сыныпты мамандарының тығыз кооперациясы есебінен аймақтық ерекшеліктерді шартсыз есепке алу жағдайында қамтамасыз етіледі.
Білім беру қызметкерлерін
ақпараттық білім беру кеңістігін құруға
жаппай тартуда да қиындықтар бар. Тәжірибе
көрсеткендей, білім беру мекемелерінің
оқытушыларын өз ақпараттық ресурстарын
құруға бағыттау қандай күш талап етілетінін
көрсетеді. Көптеген педагогтар өте консервативті
(қандай да бір мөлшерде сол арқылы жүйенің
тұрақтылығы қамтамасыз етіледі). Алайда,
бұл сапа жаңа жұмыс әдістерін енгізуге
байланысты қиындықтар туғызады. Педагогтардың
АКТ құралдарын пайдалануға даярлығын
қалыптастыру оқушыларды оқыту үрдісінде
педагогтардың консерватизмінен де үлкен
тежегіш оқу мекемелерінің ұйымдастырушылық
құрылымының инерттілігі болып табылады.
Бұл тұжырымға дәлел ретінде - оқытушылардың
оқу үрдісін ақпараттандыру бойынша жұмыстарға
уақытының жеткіліксіздігіне, оқу-көмекші
сәйкес персоналдардың жетіспеуіне, мұғалімдердің
жаңашылдық конструктивті іс-әрекетін
мадақтаудың жеткіліксіздігіне әкелген
мектеп әкімшілігінің іс-әрекетіндегі
қуыстарға сілтеме жасау жеткілікті.
Жағдайлар аз емес
білім беруді басқарумен айналысатын
білікті мамандар АКТ құралдарын пайдаланған
оқытуға саясаты мен қатынасы бойынша
стандарттар қалыптастырудың қажеттілігін
көрмейді және араласпауға кері қатынас
ұстанады. Жағдай мұғалімдер мен басқа
да білім беру үрдісінің қатысушыларының
белгілі бір психологиялық кедергілердің
болуымен, ақпараттық технологиялар саласындағы
біртексіз даярлығымен ушыға түседі.
Ортаны оқуға арналған
ақпараттық ресурстармен толтыру міндеті
бүгінде өте маңызды әрі мәселелі болып
табылады.
Электрондық білім
беру ресурстарын құру – бұл арнайы дидактикалық
тәсілдер мен ақпараттық технологиялармен
үйренетін пән аумағын сипаттайтын интеграциялық
күрделі үрдісі. Бұл үш құраушылар да бір
бірлерімен тығыз байланысты. Компьютердің
бай презентациялық мүмкіндіктері білім
беру ресурсында дамыған дидактикалық
ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді,
бірақ оларды педагогтар пайдалануға
әлі дайын емес.
Ақпараттық білім беру ортасының мәні
Ашық білім берудегі
ақпараттық білім беру ортасы көптеген
өзара әрекет етуші компоненттерден тұрады.
Бұл оқу үрдісінің автоматтану жүйесі
де, қашықтан оқыту жүйесі де, ақпараттық-анықтамалық
жүйесі де. Білім беру ортасының мазмұндық
негізі ретінде әртүрлі білім беру мекемелері
ұсынатын электрондық білім беру ресурстары
мен қызметтері болады. «Ақпараттық білім
беру ортасы» феноменіне әртүрлі теориялық
және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу
көрсеткендей, білім беру ортасының әртүрлі
концепциялары бар (Г.Ю. Беляев, А.И. Бондаревская,
О.В. Гукаленко, С.Д. Дерябо, Э.Ф. Зеер, Г.А. Ковалев,
И.В. Крупина, С.Л. Новоселова, В.И. Панов,
И.Г. Пчелинцева, В.В. Рубцов, В.И. Слободчиков,
В.А. Ясвин және т.б.), сондай-ақ ақпараттық
білім беру ортасы және оны педагогикалық
үрдісте қолдану концепциялары (А.Г. Абросимов,
В.В. Гриншкун, Е.В. Лобанова, С.Л. Лобачев,
Е.М. Разинкина, И.В. Сергиенко, А.Г. Шабанов
және т.б.).
Ақпараттық білім беру
ортасының мәнін тереңірек түсіну үшін
оған қосымша «ақпараттық орта» және «білім
беру ортасы» терминдерін де қарастыру
керек.
СИ.Ожегов сөздігінде
орта дегеніміз қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық
жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардың
ортақтығы байланыстырған адамдар жиыны.
Философиялық сөздікте
әлеуметтік орта дегеніміз адамды қоршаған,
оның өмір сүруіне, қалыптасуына және
іс-әрекетіне қажетті қоғамдық, материалдық
және рухани жағдайлар. Олай болса,
кең мағынасында орта дегеніміз (макроорта)
қоғамдық-экономикалық жүйені толығымен
қамтиды - өндірістік күштер, қоғамдық
қатынастар және институттар, қоғамдық
сана және мәдениет, қалай болғанда да
тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер
ететін. Орта өзінің тар мағынасында (микроорта)
адамның тікелей қоршаған ортасы – отбасы,
еңбек, оқу және т.б. ұжымдар мен топтар.
Білім беру ортасы
– неғұрлым тар түсінік. Білім беру ортасы
деп көбінесе нақтылы білім беру мекемесінің
қызмет етуін түсінеміз (В.А.Козырев, И.К.Шалаев,
А.А.Веряев және т.б.). Білім беру ортасы
туралы әртүрлі көзқарастарды талдау
көрсеткендей, зерттеушілер нақтылы білім
беру мекемесінің материалдық факторларының,
кеңістіктік-заттық факторларының, тұлғааралық
қатынастарының жиынтығын құрайды. Барлық
аталған факторлар бір бірлерімен тығыз
байланысты, олар бір жағынан бір бірін
толықтырып, байытып, біріне бірі – білім
беру ортасы субъектісіне әсер етіп тұрса,
екінші жағынан субъектілер білім беру
ортасын ұйымдастырып, құрып, оған белгілі
бір ықпал етіп тұрады. Білім беру ортасын
оның басты типтерін моделдеу негізінде
жобалауға ерекше көзқарасты В.А.Ясвин
ұсынады.
Білім беру ортасын
В.А.Ясвин берілген үлгі бойынша тұлғаның
қалыптасуының әсерлері мен жағдайлары
ретінде анықтайды, сондай-ақ қоршаған
ортасында оның дамуына әлеуметтік және
кеңістіктік-заттық мүмкіндіктер, сонымен
бірге ол білім беру ортасының Я.Корчак
«Баланы қалай жақсы көру керек» деген
кітабында шығарған типологиясын пайдаланады.
Поляк педагогі «тәрбиелеуші ортаның»
төрт типін бөліп көрсеткен: «догмалық»,
«идеялық», «алаңсыз тұтыну», «сыртқы
жылтырлық және мансап».
Догмалық орта дәстүрмен, беделмен, тәртіппен, арлылықпен, байсалдылықпен, рухани тепе-теңдікпен, тұрақтылық сезімімен, өзінің дұрыстығына сенімділігімен, өзін өзі шектеуімен, өзін өзі анықтауымен, жоғары адамгершілігімен, енжарлыққа дейін жеткізетін дұрыс ойлауымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект тәуелді (басшыға, педагогқа, ата-анасына) әрі енжар.
Идеялық орта еркін ұшумен, шабытпен, рух еркіндігімен, шығармашылықпен, энтузиазммен, мәселелілікпен; мейірімді ерікпен, моральдік эстетизммен, шыдамдылықпен, болашаққа көзқарасымен, нәзіктігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген субъект белсенді және өз әрекеттері мен қылықтарын таңдауда еркін, оларына өзі жауапкершілік танытады.
Алаңсыз тұтыну ортасы рух тыныштығымен, уайымсыздықпен, сезімталдықпен; ашықтықпен, бейірімділікпен, ішкі игілікпен, жалқаулықпен, әдеттерінің консервативтілігімен сипатталады. Бұндай ортада тәрбиеленген және дамыған субъект өзінде барына риза, ширығу мен күреске қабілетсіз, еркін, бірақ енжар.
Сыртқы жылтырлық және мансап ортасы суық есепке тартылу, өзгелердің құндылықтарын жасанды эксплуатациялау, догмалық ұрандармен, епті өзін өзі жарнамалаумен, тойымсыз даңққұмарлықпен, тәкаппарлықпен, наразылықпен, көре алмаушылықпен, зұлымдықпен, этикетпен, сипатталады. Субъект бұндай ортада өтірік айта бастайды, екі жүзділенеді және қуланады, алайда белсенді, бірақ тәуелді.
Қазіргі кезеңде білім беру түсінігі кәсіби-басқарушылық позициясымен анықталады, өйткені білім беру ортасының өзіндік ерекшелігі білім беру ресурстарымен толықтығы (материалдық-техникалық, ақпараттық, кадрлық және т.б.) және оларды білім беру нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатын басқару болып табылады.
Дамытушы білім беру
ортасы сапасының интегративтік өлшемі бұл ортаның білім
беру үрдісінің барлық субъектілеріне
қамтамасыз ету қабілеттілігі тиімді тұлғалық
және кәсіби өзін өзі дамыту, яғни орта
субъектіге не ұсынады немен қамтамасыз
етеді және оған не ұсынады, сондай мүмкіндіктерінің
жүйесіболып табылады.
Субъектінің білім
беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану
белсенділігі бұл мүмкіндіктер оның қажеттіліктерін
қанағаттандыруға сәйкес болған жағдайда
өзектенеді.
Ақпараттық
орта концепциясын алғаш рет ұсынған
Ю.А. Шрейдер болды, ол ақпараттық ортаны
тек ақпарат өткізгіш ретінде ғана қарастырған
жоқ, сондай-ақ оның қатысушыларына әсер
ететін белсенді бастама ретінде қарастырды.
Ақпараттық орта «бағдарламалық аппараттық
құралдар жиынтығы, ақпараттық байланыс
желілері, әртүрлі пайдаланушылармен түсінілетін
және қолданылатын, әртүрлі мағынадағы
және әртүрлі мақсаттағы» жоғары мектеп пен
заттық саладан қолданбалы ақпарат жүйелерінің
ұйымдастырушылық-әдістемелік элементтері ретінде
түсінеді.
Ақпараттық
кеңістік ақпараттық ортамен бір мағынада емес:
бір ақпараттық кеңістікте өмір сүре отырып,
индивид бір ақпараттық ортадан екінші
ақпараттық ортаға көше алады, мысалы,
мамандығын, жұмысын, қызығуларын өзгерткенде,
оқудың жаңа сатысына көшкенде. Бұл көшулердің
барлығы да бір ақпараттық кеңістіктің
ауқымында жүзеге асырылады. Адам бір
мезгілде әртүрлі ақпараттық орталарда
бола алады, мысалы, оқу мекемесінің ақпараттық
ортасында немесе виртуалды шындықтың
ақпараттық ортасы. Егер ақпараттық кеңістік
бүкіл адамзаттың өмір іс-әрекетінің нәтижесінде
пайда болса,онда ақпараттық орта
белгілі бір адамдар тобының бастамасымен
құрылады, және, Я.Корчак пен М.Монтессори
идеялары бойынша, субъектілердің еркін
белсенділігі шығармашылық ақпараттық
орта үлгісін береді.
Білім берудің
ақпараттануы – бұлақпараттық қоғамдағы
өмірде білім беру үрдісінің субъектілерін
талапқа сай даярлауда білім беру іс-әрекетінің
мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формаларының
өзгеруі.
Ақпараттандыру міндеттері:
Оқу мекемелерін және білім беруді басқаруды компютерлік техникамен, телекоммуникациялық құрылғылармен және оқу және басқарушылық бағдарламалармен қаматмасыз ету, ортақ ақпараттық орта құруды қамтамасыз ететін аймақтың әр оқу мекемесінде локалді есептегіш желілер құру.
Оқу мекемесі мен білім беруді басқаруды ақпараттық компьютерлік білім беру жүйесінің желісімен, ғаламдық Интернет желісімен қосу.
Құрылған аймақтық ақпараттық білім беру порталы мен тиімді ақпарат алмасу ортақ Web-сайттарын ұйымдастыру.
Қазіргі ақпараттық технологияларды басқару іс-әрекетіне, педагогикалық үрдіске, әлеуметтік-тәрбиелеу жұмыстарына енгізу.
Педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру (АКТ-құзіреттіліктер).
Білім беру құрылымдарында ақпараттық технология құралдарын кешенді енгізу, қолдау және қызмет көрсету жүйесін құру.
Білім беру ортасының
сапасы нақтылы ортаның кеңістіктік-заттық
мазмұнының сапасымен, ондағы әлеуметтік
қатынастардың сапасымен және сапасымен
кеңістіктік-заттық және ортаның әлеуметтік
компоненттері арасындағы интегративтік
байланыстар сапасымен анықталады.
Ақпараттық білім беру
ортасы қазіргі ақпараттық
білім беру технологияларына негізделген
және интернет-ортада білім беру (оқу)
үрдісін жүргізудің ортақ технологиялық
құралдарымен қамтамасыз етілген адамдар
өздері құрған басқарылатын психологиялық-педагогикалық
жүйе ретінде анықталады.
Ақпараттық- білім беру ортасының қағидалары
Ақпараттану, ақпараттық
және телекоммуникациялық технологияларды
дамыту амалының нәтижесі ретінде ақпараттық
ортаны құру (В.Н. Ефименко) қазіргі жаңа
деңгейдегі оқытушыларды даярлау және
қайта даярлауды, даму әдісін және түрін,
мазмұнын, мақсатын толықтай ой елегінен
өткізуге әкеледі. Зерттеушілер (А.И. Бондаревская,
О.В. Гукаленко, С.Д. Дерябо, В.Н. Ефименко,
И.В. Крупина, С.Л. Новоселова, В.И. Панов,
В.В. Рубцов и др.) педагогтар қызметінің
ақпараттық- білім беру ортасы ақпараттық-коммуникативті
дайындық деңгейіне әсер ететін дамудың
негізгі қағидаларын және ақпараттық
ортаны өзіндік дамытуды анықтаған.
Білім беру
ұйымдарындағы ақпараттық білім беру
ортасының негізгі қағидалары
1. Орналасу
орнына және мамандығына тәуелсіз білім
беру ұйымдарының барлық қатысушыларына
бірдей. Білім беру ұйымдарының
ақпараттық білім беру ортасының қатысушылары
жоғарғы оқу мекемелері және ауыл мектептері
болуы мүмкін. Қандай да болмасын оқу мекемесі
әртүрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік талдауды
өткізу сұрақтарын өз бетінше шешеді.
Ақпараттық білім беру ортасы қызметінің
негізгі міндеттері- әрбір білім беру
ұйымдарының білім беру желісінің қолайлы
жұмыс жағдайын қамтамасыз ету.
2. Білім
беру үдірісінің материалдық қызығушылығы ақпараттық білім беру
ортасының өзіндік дамуын қамтамасыз
етеді. Өзін-өзі ақтауының виртуальды
өкілі- білім беру ортасының тиімді жүзеге
асуының негізі.
3. Білім беру деңгейлері және білім беру профилдерін тиімді дамытуға ықпал етуші білім беру жүйесінде жүретін жаңарту және бейімделу инвариантты орта және технологиялар қағидасы.
4. Кері байланыс қағидасы. Білім беру ортасына қатысушылармен біріккен әрекет, маркетингтік жұмыс, мониторинг механизмі, сыртқы әлемде болып жатқан үдірісті қадағалау, жүйе тиімділігін өзіндік талдау, сонымен қатар, ақпаратты ақпараттық-білім беру ортасы қамтамасыз етеді, дамыту үшін қажетті, жаңа жағдайға бейімделу, сол сияқты қажетті түзетулер енгізу.
5. Технологиялық
үдірістердің әмбебап қағидаларын құру, сақтау және ақпараттық
білім беру ресурстары үшін пайдалану,
оның жүйесі ақпараттық технологияның
дамуына қарай жаңарту, білім беру ресурстарының
жүйесі автоматты түрде талдау, ақпараттық
жаңалықтарды іздеу мүмкіндіктерін жеткілікті
түрде қамтамасыз етуі керек.
6. АБО
ақпараттық бірлік кеңістігінің
қағидасы. Ақпараттық білім беру
ортасының бірлік қағидасы ақпарат аламасу
деңгейінің жалпы жұмыс ережесісіз бола
алмайды. АБО компоненттері бір-бірмен
біріккен әрекет етуі үшін, олар бір хаттамамен
жүруі тиіс, яғни бір ақпараттық тілде
«сөйлеуі» қажет.
Ақпараттық-білім беру ортасының тәуекелдері:
Виртуалды білім беру ортасында педагогтар ісәрекетінің психологиялық-педагогикалық проблемалары айтарлықтай көрініп тұрады.
Интернеттің адам психикасына жағымсыз әсер ететін жақтарының анықталуы. Интернетте жағымсыз әсер салдарына әлеуметтік оқшаулануды жатқызып отыр (басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден біртіндеп немесе толығымен бас тартуы, шынайы достан гөрі виртуалды дос болу, эмоционалды реакцияның әлсіреуі, қызығушылық аймағының азаюы және т.б.)
Интернет арқылы оқытуда педагогте тәрбие функциясы төмендеуі мүмкін.
Виртуалды оқытуда
педагог:
- физикалық жағынан
да, психологиялық жағынан да дәстүрлі
жүйе педагогіне
қарағанда үлкен жүктемені
көтереді;
- Нормативті-құқықтық
вакуумде қалады.
- оның жұмысының өндірістік
нормасы және еңбек төлемі жоқ, статусы
анықталмаған және т.с.с.
Оқыту үрдісіне АКТ
енгізу, педагогты ақпараттық білім беру
ортасын жобалау шеберлігімен қаруландыру,
мұғалім тұлғасына жоғары талап қояды,
ол біліктілікті көтеруді ұйымдаструда
есепке алынбайды.
Ақпараттық білім беру
ортасының дамуында тұлға дамуы мен оқыту
жағдайының өзгергенін анықтайтын өлшеуіштердің
жасалмауы.
Күтілетін нәтижелер
Білім беру ортасынының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
Түрлі әлеуметтік топтар мен түрлі аймақ өкілдеріне білім алу мүмкіндігінің тең дәрежеде болуы;
Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;
Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы.
Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;
Ақпарат ресуртарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын және жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі
әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу
орта қатысушылары арасында мәліметтермен ауысудың стандартталған механизмдері
халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз етілуі
педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі
оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет мотивациясының, қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.

- Ақпараттық жүйе (АЖ)
- Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері. Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі
- Ақпараттық жүйелер
- Ақпараттық жүйелердегі есептеу процестерін және пәндік аймақтарды үлгілеу
- Ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау технологиясының негізгі түсініктері
- Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
- Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
- Ақпарат теориясы
- Ақпарат технологиясы
- Ақпаратты кодтау
- Ақпаратты кодтау
- Ақпаратты кодтау
- Ақпаратты кодтау
- Ақпаратты коммутациялау әдістері