Ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау технологиясының негізгі түсініктері
Ақпараттық жүйелерді (АЖ) жобалау
технологиясының негізгі түсініктері
АЖ классификациясы. Бір қолданбалы және көп қолданбалы, кіші және корпоративті АЖ, жергілікті және бөлінетін АЖ, құрамы және кіші жүйенің тағайындалу құрылымы. АЖ жобалауының қазіргі уақыттағы негізгі ерекшеліктері. АЖ кезеңдерінің құрылуы: талаптардың пайда болуы, концептуалды жобалау, қосымшаның ерекшеленуі, модельдің өңделуі, ақпараттық жүйенің интеграциялануы және тестіленуі. АЖ жобалаудағы инженерлік бағдарлама әдісі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) барлық қызмет саласында қажетті құрал болып танылады.
АЖ көмегімен шешілетін міндеттердің әр түрлілігі, құрастырылу қағидасымен және оларға енгізілген ақпаратты өңдеу ережесімен айрықшаланатын көптеген әр түрлі жүйелердің пайда болуына алып келді.
Ақпараттық жүйелерді бірқатар белгілері бойынша саралауға болады. Қарастырылып отырған саралаудың негізгісіне қызметтің мүмкіншілігін анықтайтын және қазіргі жүйенің құрылу ерекшеліктерінің ең маңызды белгілері енгізілген. Шешімін табатын міндеттердің көлеміне қарай қолданылатын техникалық құрал, қызмет етуді ұйымдастыру, ақпараттық жүйелер бірқатар топтарға (сыныптарға) бөлінеді (сурет. 1.1).
Сақталатын деректердің түрлері бойынша АЖ фактографиялық және құжаттамалық болып бөлінеді. Фактографиялық жүйе сандар мен жазулар түріндегі құрылымдық деректерді сақтау мен өңдеу үшін пайдаланылады. Осы деректермен әр түрлі операцияларды орындауға болады. Құжаттамалық жүйеде ақпарат атаудан, суреттемелерден, рефераттардан және жазудан тұратын құжат түрінде ұсынылады. Құрылымсыз деректер бойынша іздестіру семантикалық белгілерді қолдану арқылы жүргізіледі. Таңдап алынған құжаттар қолданушыға ұсынылады, ал осындай жүйеде деректерді өңдеу тәжірибеде жүргізілмейді.
Ақпараттық процесті автоматизациялау дәрежесі негізінде фирмаларды басқару жүйесінде қолды ақпараттық жүйе, автоматты және автоматтандырылған болып бөлінеді.
Сурет-1.1. Ақпараттық жүйені саралау
Қолды АЖ ақпараттарды өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының жоқтығымен және барлық операциялардың адамның қол еңбегімен жүргізілетіндігімен мінезделеді.
Автоматты АЖ ақпараттарды өңдеу бойынша барлық операциялар адамдардың қатысуынсыз орындалады.
Автоматтандырылған АЖ ақпараттарды өңдеу кезінде негізінен деректерді өңдеудегі операцияларды орындауда басты рөл компьютерге жүктеледі. Бастысы осы жүйе сыныбы «ақпараттық жүйе» түсінігінің қазіргі бейнесімен сәйкес.
Өңделудің мінездемесіне байланысты АЖ деректері ақпараттық іздеу және ақпараттық шешуші болып бөлінеді.
Ақпараттық іздеу жүйесі енгізу, жүйелендіру, сақтау, қолданушының сұранысы бойынша қиынсыз қайта бейнелеу деректер ақпараттардың берілуі жүргізіледі.
Ақпараттық шешуші жүйе белгіленген бір алгоритм бойынша ақпараттарды өңдеу операцияларын жүзеге асырады. Шығыс ақпараттарды қолдану мінездемесі бойынша осындай жүйені басқару және кеңес беруші деп бөлу қалыптасқан.
Нәтижелі ақпарат АЖ басқарушылар адаммен қабылданатын шешімдерді тікелей тасымалдайды. Осы жүйе үшін есептеу мінездемесінің міндеттері мен көп көлемдегі өңделу деректерімен мінезделеді.
Кеңес беруші АЖ адаммен қабылданатын ақпараттарды өңдейді. Бұл жүйе деректерді емес, керісінше білімді өңдеуде интеллектуалды кезеңді имитациялайды.
Пайдалану көлеміне байланысты
АЖ келесідей сыныптармен
Ұйымдасқан басқару ақпараттық жүйесі - басқару өндіру мекемелері, сонымен қатар өндірмейтін объектілер сияқты басқарылатын персоналдар қызметін автоматтандыру үшін қолданылады.
Осындай жүйенің негізгі қызметі болып жедел бақылау және реттестіру, жедел есеп және шолу, алдағы және жедел жоспарлау, бухгалтерлік есеп, өткізуді басқару, қамтамасыз ету және басқа да экономикалық және ұйымдастырушылық міндеттер танылады.
АЖ технологиялық процесті (ТП) басқару-өндіру операцияларын бақылау және басқару бойынша өндіріс персоналының қызметін автоматтандыру үшін қызмет атқарады
Автоматтардырылған жобалау (АВЖ) АЖ-инженер жобалаушылардың, құрастырушылардың, архитекторлардың, дизайнерлердің жаңа техниканы немесе технологияны жасау барысында қызметін автоматтандыру үшін қолданылады.
Интегрирлендірілген (корпоративті) АЖ-фирма қызметінің барлығын дерлік және қызмет жасаудың жобалауынан өнімді өткізуге дейінгі барлық қызметті қамтитын автоматтандыру үшін қолданылады. Корпоративті жүйе модулімен шешілетін түрлі міндеттер 1.1 кестесінде қарастырылған.
- Кесте. Корпоративті АЖ модулінің қызметтік міндеті
Кесте 1.1. Корпоративті АЖ функционалды модулін тағайындау. | ||||
Маркетингті жүйе |
Өндіруші жүйе |
Қаржы және есеп жүйесі |
Кадр жүйесі (адамға байланысты ресурстар) |
Басқа да жүйе түрлері (мысалы, АЖ өндіруші) |
Сатылымдарды алдын-ала болжау және сауда орнын зерттеу |
Күнтізбелік жоспарды өңдеу және атқарылған жұмыс көлемін болжау |
Портфель ұсыныстарын басқару |
Еңбек русурстарына қажет талдаулар мен болжамдар |
Фирманы бақылау |
Сатылымдарды басқару |
Оперативті бақылау және өнімдерді бақылау |
Кредит политикасын басқару |
Архивке жазба тізімдерін жүргізу |
Оперативті проблемаларды көрсету |
Жаңа өнімдерді өндіру туралы |
Құрылғы жұмыстарын талдау |
Қаржы жоспарын өңдеу |
Кадр жұмыстарын талдау және жоспарлауды дайындау |
Басқарушы және стратегиялық жағдайларды талдау |
Тұрақталған бағалар және талдаулар |
Ұсыныстарды тұтынушыға орнықтыру |
Қаржы мәселесі және оны болжау
|
Стратегиялық шешімдерді өңдеп қамтамасыз ету | |
Есеп ұсыныстары |
Жазбаларды басқару |
Бюджетті қадағалау, бухгалтерлік және жалақы есептеулері |
||
1.2 кестесінде АЖ ұйымдасқан басқарудың әр түрлі сыныптарын іске асыру үшін қазіргі уақыттағы өнім бағдарламасының кең тараған тізімдері қарастырылған.
1.2-кесте. Ақпараттар жүйесінің саудасын саралу
Кесте 1.2. АЖ классификациясы | |||
Жергілікті жүйелер |
Интегралды жүйелер (аз) |
Интегралды жүйелер (орташа) |
Интегралды жүйелер (IC) |
|
|
|
|
Ақпараттық жүйенің жеделдік деңгейі – келісімдер және жайттар туралы деректерді өңдей отырып, орындаушыларды қолдайды (есеп-қисап, айлық, табыс, кредиттер, өнімдер мен материалдардың жүріс-тұрысы). Ақпараттық жүйенің жеделдік деңгейі фирманың басқа ортамен арасын байланыстырушысы болып табылады.
Ақпараттардың міндеттері, мақсаты, қайнар көздері және жедел деңгейдегі өңдеу алгоритмі алдын-ала анықталған және жоғарғы дәрежеде құрастырылған.
Мамандардың ақпараттық жүйесі – деректермен және біліммен жұмысты байланыстырады, инженерлер мен жобалаушылардың жұмысының өнімділігі мен өндірілуін жоғарылатады. Аталған ақпараттық жүйенің міндеттері – қағаз, құжаттарды өңдеуде көмектесу және ұйымдастырылуда жаңа ақпараттарды интеграциялайды.
Менеджмент деңгейіндегі ақпараттық жүйе – мониторинг, бақылау, шешім қабылдау және әкімшілік басқару үшін орта деңгейдегі басқару қызметкерлерімен қолданылады. Осы ақпараттық жүйенің негізгі қызметтері:
- Қазіргі көрсеткіштерді өткендермен салыстыру;
- Жеделдік деңгейдегідей ағымдағы есептерді беру емес, белгілі бір уақыт аралығындағы есептерді құрастыру;
- Мұрағаттық ақпараттарға енуді қамтамасыз ету және т.б.
Стратегиялық ақпараттар жүйесі – стратегиялық өсіп өркендеу мақсатындағы ұйымның өсуі бойынша шешім қабылдауға қолдау көрсететін компьютерлік ақпараттар жүйесі.
Стратегиялық деңгейдегі ақпараттық жүйе жоғарғы деңгейдегі басқарушыларға құрылымдандырылған міндеттерді шешуде көмек көрсетеді, ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асырады. Негізгі міндеттері – фирманың өмір сүріп отырған қызметкерлерінің сыртқы ортада болып жатқандармен салыстыру.
Бағдарламалық, аппараттық жүзеге асырудың пікірінше бірнеше АЖ архитектурасын бөлуге болады.
Традициялық архитектуралық шешімдер бөлініп алынған файл-серверлерде немесе деректер базасының серверлерінде қолдануға негізделген. Сонымен қатар интернет технологиясында қалыптасқан корпоративтік ақпараттар жүйесі архитектурасының нұсқаларында жүзеге асады. Ақпараттық жүйенің архитектурасының келесі түрлері «мәліметтер қоры» концепциясына – әр түрлі ақпараттық ресурстарды қосатын интегрирлендірілген ақпараттық ортаға негізделген.
Автоматтандырылған басқару
Статистикалық деректерге сүйенер болсақ Standish Group (АҚШ), 1994 жылы АҚШ-та зерттелген 8380 жобадан 80 миллиард доллардан астам бағаланатын жарамсыз болған жобалар 30 пайыз. Осыған қатысты өз мерзімінде орындалғандары жалпы жобалар санының 16 пайызын құрайды, ал белгіленген қаражаттан артық шығын жұмсалғандары 189 пайызды құрайды.
Корпоративті АЖ жобалау әдістемесінің мүмкіндік беретін шешім келесілер болып танылады:
- ұйымның мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін, сонымен қатар тапсырыс берушінің іскерлікті жүргізу бойынша ұсынып отырған талаптарын корпоративтік АЖ құруда қамтамасыз ету;
- тапсырысты орындау мерзімінде, тапсырыс берілген сапада және жоспарда көрсетілген қаражат көлемінде жүйені құру;
- жүйені шығарып салу, модификациялау және өсуі кезеңінде ыңғайлы тәртіпті қолдау;
- өңдеудің пайдалалығын қамтамасыз ету, яғни, инфрақұрылымдық ақпараттардың ұйымда бар өңдеудегі АЖ қолдану (ақпараттық технология саласына әсер етеді).
АЖ жобалау негізгі үш саланы қамтиды:
- мәліметтер қорындағы іске асатын деректер объектілерін жоспарлау;
- мәліметтерге сұраныстығы орындауды қамтамасыз ететін бағдарламалар, экрандық форма есептерді жоспарлау;
- белгілі бір ортаны және технологияны, оның ішінде: желі топологиясы, аппараттық құрал конфигурациясы, қолоданылатын архитектуралар (файл-сервер немесе клиент-сервер), параллельді өңдеу, бөлінген өңделген деректерді есепке алу және т.б.
Ақпараттық жүйенің жобалануы барлық уақытта жобаның мақсатын анықтаумен басталады. Жалпы түрде айтқанда жүйені іске қосу кезінде және оны қолданатын барлық уақытында қамтамасыз етуды өзіне қосатын өзара байланысқан бірқатар міндеттерді шешу тәрізді жобаның мақсатын анықтауға болады:
- жүйенің талап етілу қызметі және оның қызмет жасаудың шарттарының өзгеруіне үйренісу деңгейі;
- жүйенің талап етілгенді жіберу мүмкіншілігі;
- жүйенің сұранысқа әсер ету уақытының талабы;
- жүйенің келеңсіз жұмыс жасауы;
- қауіпсіздік деңгейінің қажеттілігі;
- жүйені қолдауда және қолдануда оңтайлылығы.
Әдетте АЖ құру кезеңі келесідей болып бөлінеді: жүйеге, жоспарлауға, іске асыруға, іске енгізуге, пайдалануға және шығарып салуға талап ететін құрылым
АЖ құру процесінің бастапқы кезеңі болып оның мақсаты мен міндеттерін ұймдастырушы және іске асырушылығынан туындайтын бизнес процесті модельдендіру. Бизнес-процес және бизнес-қызмет терминдерінің көрсетуіндегідей модель ұйымдастырушы АЖ негізгі талаптардың құрастырылуына көмектеседі.
Ұйымның қызметіне
шолу кезеңінде бастапқы АЖ
құру кезеңінің мақсаты
АЖ талаптарының құрылу міндеттері ең жауапты, қиын құрастырылушы және ең қымбат және қателескен жағдайда түзеу қиын болатын болып саналады.
Жобалау кезеңінде бастысы деректер моделі құрастырылады, жобалаушы бастапқы ақпарат ретінде шолудың қортындыларын алады. Логикалық және физикалық деректер моделі құрастыру деректер базасын жобалаудың негізгі бөлігі болып саналады. Ақпараттық моделді алу, шолу, жасау кезінде бірінші кезекте лоикалыққа, сосын физикалық деректер моделіне айналады.
АЖ барлық моделдерінің ерекшелігін алу үшін, мәліметтер қорының құрылымын жобалаумен қатар жобалау процесі орындалу қажет. Осы екі жобалаудың процестері бір-бірімен тығыз байланысты, себебі бизнес-логика бөліктері әдетте мәліметтер қорында жүзеге асады. Процесті жобалаудың негізгі мақсаты шолу жасау барысында алынатын қызмет көрсету ақпараттық жүйе моделінде көрсету болып саналады. Моделдерді жобалау барысында бағдарламаның интерфейстері: мәзір тақтасы, терезе көрінісі, ыстық пернелері және олармен байланысты шақырулар анықталады.
Жобалау кезеңінің соңғы өнімі болып саналатындар:
- мәліметтер қорының сызбасы;
- жүйенің ерекшеленген моделдерінің жинағы.
Осыдан бөлек жобалау кезеңінде өзіне платформаны және операциялық жүйені таңдауды қосатын АЖ архитектурасын өңдеу жүргізіледі. Біртектес емес АЖ бірнеше компьютерде әр түрлі аппараттық платформада және әр түрлі операциялық жүйені басқаруда жұмыс істей алады. Осыдан басқа платформаны таңдау жобалау кезеңінде келесідей архитектура мінездемелерімен анықталады:
- осы архитектура «файл-сервер» немесе «клиент-сервер» болады ма?
- осы 3-деңгейлі архитектура келесі қабаттар болады ма: сервер, БҚ аралық қабат, клиентердің БҚ?
- мәліметтер қорының орталықтандырылады немесе бөлектендіріледі ма? Егер мәліметтер қоры бөлектендіретін болса, онда қандай келісілген қолдау көрсету маханизмі және деректер өзектілігі қолданылуы мүмкін;
- мәліметтер қоры бір текті болуы мүмкін бе, яғни мәліметтер қорының өнімдерінің барлық сервері бір өндірушіден болуы мүмкін бе? Егер деректер базасы бір тектес болмаса, онда қандай БҚ әр түрлі өнім өндірушілердің МҚБЖ арасындағы деректер алмасуы үшін қолданылады.
- Қажетті өнімділікті жетілдіруде деректер базасының паралельді сервері қолданылады ма?
Осы жобалау АЖ техникалық жобасын өңдеуде аяқталады.
Өткізу кезеңінде жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, техникалық құралдарды орналастыру, эксплуатациялық құжаттарды өңдеу жүзеге асырылады.
Тестілеу кезеңі негізінен уақытына байланысты бөлектеуші бола алады.
Жүйенің бөлек моделді өңдеу аяқталғаннан кейін екі мақсатты көздейтін автономды тестіні орындайды:
- Модельден бас тартуды анықтау;
- Ерекшеленген моделмен сәйкестендіру.
Осыдан барып, автономды тест жайлы өтеді, модель жүйенің өңделген бөлігінің құрамына енеді және генерацияланған модель топтары олардың өз-ара әсер етуін тексеретін байланыс тестерінен өтеді.
Бақылау сұрақтары:
- Сақталатын деректердің түрлері
- АЖ классификациясы
- АЖ жоспарлануы
- Ақпараттық процесті автоматизациялау түсінігі
- АЖ жоспарлаудың негізгі салалары
- АЖ жеделдік деңгейі
- Пайдалану көлеміне байланысты АЖ сыныптары
АЖ бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклі.
АЖ БҚ өмірлік циклінің түсінігі. Өмірлік циклдің процесі: негізгі, орындаушылық, ұйымдастырушылық. АЖ БҚ өмірлік цикліні процесінің мазмұны және өз-ара байланысы. Өмірлік циклдің моделі: каскадты, аралық бақылау моделі,сприральды. АЖ БҚ өмірлік циклінің кезеңдері. Жауапты және халықаралық талаптарда жобалау процесінде регламентация.
Өмірлік циклдің моделі аталған АЖ қажеттілігі туындаған кезден бастап және оның қолданыстан толығымен шыққанға дейінгі жүйенің әр түрлі жағдайын суреттейді. Өмірлік циклдің моделі – өңдеу, қызмет көрсету және бағдарламалық өнімді жүйенің барлық талапты анықтаудан оны қолдануды аяқтағанға дейінгі кезеңінде шығарып салу, құрылым, процестікті иеленеу, іс әрекет және міндеттер жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда келесі өмірлік циклдің моделі белгілі және қолданылады:
- Каскадты модель (сурет 2.1) жобаның барлық кезеңін қатаң белгіленген тәртіпте орындалуын қарастырады. Келесі кезеңге өту алдыңғы кезеңдегі жұмыстың толық аяқталғандығымен белгіленеді.
- Аралық бақылаумен кезеңді модель (сурет 2.2) АЖ өңдеу кезеңдер арасындағы байланысты өңдеу циклімен итерация жүргізіледі. Кезең аралық түзетулер анық әр түрлі кезеңде өңдеудің тұжырымдамасын өз-ара ықпалдастық орын алуын есептеуге мүмкіндік береді: әрбір кезеңнің өмір сүру уақыты өңдеу кезеңіне созылады.
- Спиральді модель (сурет 2.3) Спиральдің әрбір тармағында өнімнің кезекті жорамалының құрылуы орындалады, жобаның талаптары нақтыланады, оның сапасы анықталады және келесі тармақтың жұмысы жоспарланады.
2.1-сурет. АЖ ӨЦ Каскадты моделі
2.2-сурет. Аралық бақылаумен бірге Кезеңдік моделі
2.3-сурет. АЖ ӨЦ Спиральді моделі
Іс тәжірибеде өмірлік цикл моделінің кең тараған екі түрі бар:
- Каскадты модель (1970-1985 жылдарға қатысты);
- Спиральді модель (1986 жылдан кейінге қатысты).
Каскадты әсердің келесі жағымды жақтарын бөлуге болады:
- Әрбір кезеңде сындарға толық және келісілген жауап беретін аяқталған жобалық құжаттардың жиынтығымен құрастырылады;
- Логикалық кезекпен орындалатын жұмыс кезеңі барлық жұмыстың аяқталу мерзімін және қажетті шығынды жобалауға мүмкіндік береді.
Интерактивтік өңдеу объективті өмір сүріп отырған спиральді циклдің қиын жүйесінің құрылуына әсер етеді. Ол ағымдағы жұмыстың толық аяқталғандығын күтпестен келесі кезеңге өтуге мүмкіндік береді және жұмысқа жарамды өнім жүйесін қолданушыларға тез арада көрсетуге болатындығын негізгі тапсырманы шешеді, осыменен талаптардың нақтылануы мен қосымшалануын жетілдіреді.
Спиральді циклдың негізгі өзектілігі – келесі кезеңге өтуді анықтау кезі. Каскадты модель өзінің танымалдығын танытатындығы келесі негізгі (3) себептерде :
- Әдетте көптеген IT-мамандар каскадты модель оқытылған уақытта білім алған, осыған байланысты олар осы күнге дейін оны қолданады.
- Жобалауға қатысушылардың қаупін төмендету иллюзиясы (тапсырыс беруші және орындаушы). Каскадты модель барлық кезеңде аяқталған өнімді өңдеуді ұсынады: техникалық тапсырыс, техникалық жоба, бағдарламалдық өнімді және құжаттарды қолданушылық. Спиралды модель көбінесе мекеменің IT бөлімінің өз күшімен ақпараттық жүйені өңдеуде қолданылады.
- Интеграциялық модельді қолдану барысында енгізу өзектілігі.
Спиралды модель кейбір салада қолданылмайды, себебі толық қызмет жүргізуді иелене алмауына орай өнімді тестілеу мен қолдану мүмкін емес. Ақпараттық жүйені кезеңді итерациялық енгізу бизнес үшін мүмкін, бірақ ұйымдастыру қиындығы орын алады.
Таңдаулы қалыптардың ішіндегілердің ішінен келесілерді бөліп қарастыруға болады:
- ГОСТ 34.601-90- автоматтандырылған жүйеге тарайды және кезең белгіленеді және оларды құрылу кезеңдері. Бұдан басқа, қалыпта әрбір кезеңде жұмыс мазмұнын бейнелеуі бар. Жұмыстың кезеңі мен дәуірі қалыпта бекітілген, жоғарғы дәрежеде өмірлік циклдің каскадтық моделіне сай (4).
- ISO/IEC 12207:1995 – өмірлік циклдің процесі мен ұйымдастырылуына қалып. ПО тапсырысының барлық түрлеріне қатысты. Қалып фазасының, кезеңінің және дәуірінің суреттеуін ұстамайды (5).
- Custom Development Method қосалқы ақпараттық жүйені өңдеу бойынша – технологиялық материал, жобада Oracle қолдануда пайдалануға есептелген жобалық құжаттарды дайындауға дейінгі бөлектеу. CDM ӨЦ классикалық моделі үшін қолданылады, сонымен қатар «тездетіп өңдеу» немесе аз жобалар кезінде ұсынылатын «жеңілдетілген ену» технологиясы үшін де қолданылады.
- Rational Unified Process (RUP) төрт фазаны қосатын өңдеудің итеративтік моделі: басы, зерттелуі, құрылысы және енгізілуі ұсынылады. Әрбір фаза кезеңге бөлектенуі мүмкін, нәтижесінде ішкі және сыртқы қолданылу үшін жорамалдар шығарылады. Осыдан кейін жобамен жұмыс тоқтатылмайды, ал алынған өнім өсуін жалғастырады және тағы да сол фазаны жанамалайды. RUP қабындағы жұмыс мазмұны – бұл UML базасында модельдерді құру мен шығару(6).
- Microsoft Solution Framework (MSF) RUP ұқсас, ол да төрт фазадан тұрады: шолу, жобалау, өңдеу, қалыптану, итерациялық болып саналады, объектілі-бағыттаушы модельдерді қолдануды ұсынады. MSF RUP қарағанда бизнес ұсынымдар өңдеуіне көп дәрежеде бағытталған.
- Extreme Programming (XP) Экстремалды бағдарлама 1996 жылы құрастырылған. Әдістемелік негізінде командалық жұмыс, тапсырыс берушілер арасындағы жетістікті коммуникация және АЖ өңдеу бойынша жоспарлаудың барлығында қолдану, ал өңдеу прототиптердің қайта өңделу кезегінде қолданумен жүргізіледі.
ISO/IEC 12207 халықаралық стандарттар базасына сай барлық ӨЦ БҚ үш топқа бөлінеді:
- Негізгі процестер:
- Алу;
- Қою,
- Өңдеу,
- Эксплуатациялау,
- Шығарып салу.
- Көмектесуші процес:
- Құжаттандыру;
- Конфигурацияны басқару;
- Сапасын қамтамасыз ету;
- Мәселені шешу;
- Аудит;
- Аттестация;
- Біріккен баға;
- Верификация.
- Ұйымдастырушылық процесс:
- Инфрақұрылымын құру;
- Басқару;
- Оқыту;
- Жетілдіру.
2-кетесінде ӨЦ негізгі процестерінің жобалау бейнесі көрсетілген.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бақылау сұрақтары:
- АЖ БҚ өмірлік цикл түсінігі
- Іс-тәжірибеде АЖ БҚ өмірлік цикл моделінің кең тараған түрлері
- Каскадты модель түсінігі
- Спиральды модель түсінігі
- Каскадтық модельдің спиральдық модельден айырмашылығы
АЖ Каноникалық жобалау.
АЖ жобалаудың каноникалық ұйымы АЖ өмірлік циклдың каскадтық моделінің негізгі бейнесінде қолданылуға арналған. Жұмыс кезеңі мен реті ГОСТ 34.601-90 қалыпта қарастырылған.
Ұйымдастырушы қатысушылармен
орындалатын АЖ құрудың кезеңі
мен реті келісімде және
1 кезең. АЖ талаптың құрыстырылуы.
Жобалаудың бастапқы кезеңінде жұмыстың келесі кезеңдері бөлінеді:
- Объектіні тексеру және АЖ құрудың қажеттілік негізі;
- АЖ қолданушылар талабының құрастырылуы;
- Орындалған жұмыс туралы есепті дайындау және өңдеудің тактикалық техникалық тапсырмасын орындау;
2 кезең. АЖ концепциясын өңдеу.
- Автоматтандырылған объектімен танысу;
- қажетті ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- қолданушылардың талаптарын қанағаттандыруда АЖ концепциясының нұсқаларын өңдеу;
- Есепті дайындау және концепциясын бекіту.
3 кезең. Техникалық тапсырма.
- АЖ құруда техникалық тапсырманы өңдеу және бекіту.
4 кезең. Эскизді жоба.
- Жүйе және оның бөліктері бойынша жобалар шешімін алдын ала өңдеу;
- АЖ және оның бөліктерін эскиздік құжаттарды өңдеу.
5 кезең. Техникалық жоба.
- Жүйе және оның бөліктері бойынша жобалық шешімдерді өңдеу;
- АЖ және оның бөліктерінің құжаттарын өңдеу;
- Қосымша заттарды жеткізудің құжаттарын даярлау және өңдеу;
- Жобаның аралас бөліктерін жобалауда тапсырмаларды өңдеу.
6 кезең. Жұмыс құжаттары.
- АЖ және оның бөлшектерінде жұмыс құжаттарын өңдеу;
- Бағдарламаны өңдеу және қалыптасу.

- Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
- Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы
- Ақпараттық жүйелерді қорғау
- Ақпараттық жүйелерді қорғау
- Ақпараттық жүйелерді қорғау
- Ақпараттық жүйелерді модельдеудің бірыңғайланған тілдерінің мүмкіндіктері
- Ақпараттық жүйелердің декомпозициясы
- Ақпаратты кодтау
- Ақпаратты коммутациялау әдістері
- Ақпараттық білім беру ортасының тәуекелдері
- Ақпараттық жүйе (АЖ)
- Ақпараттық жүйе (АЖ) негіздері. Қазіргі заманғы АЖ жобалау әдістемелігі
- Ақпараттық жүйелер
- Ақпараттық жүйелердегі есептеу процестерін және пәндік аймақтарды үлгілеу