Араб философиясы
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін
қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс
халықтары ойшылдарының философиялық
ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы
мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен
байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі
жаратылыстану және филос. ілімдеріне
қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды.
Басты назарда Аристотель филос-сы болды.
А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб
тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі,
бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі
т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары
да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы
Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина
— оқулықтарда “араб философтары” болып
аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын
қосып айтқанда “араб философиясы” деуден
гөрі “араб тіліндегі философия” деген
шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ,
10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай
бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі;
2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық
ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі
Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау
жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди
(9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн
Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза
ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап
жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте
жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін
жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған.
Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған
ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері:
Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының
аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби,
ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы
бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім
мен мұсылман философиясының ұқсастықтары
көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда
“фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе,
Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы
әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады.
Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол
Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық
негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған
ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған.
Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе
оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи
типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи
маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға
(1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа
заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді
шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін
танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне
қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы
арасындағы сабақтастық схоластар (қ.
Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер
Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А.
ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары
өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта
болса, саяси себептерге байланысты 10-11
ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара,
Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей,
Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым,
білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық
Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі
қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық
сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста
тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406)
есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия
түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан
сопылық ілім орталығына айналды. Иасауи
ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей
стран Ближнего и Среднего Востока 9-14
вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая
философия народов Ближнего и Среднего
Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая
философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории
философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің
дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы –
ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік
дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен
оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып,
дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі
халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен
атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа
анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде
“араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”,
“араб философиясы”, “исламдық шығыс
философиясы” деген тәрізді атаулар жиі
қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік
сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам
дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті
кітабы – Құранда тұжырымдалаты
- Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);
- кейінгі (15 – 19 ғасырлар)
- қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Кеңестік кезең тұсындағы
Дәстүрлі Ислам философиясы-нда
Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен
маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы
көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы
ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің
де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек
қана гректер мұрасын жеткізуінде деп
қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің
мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен
бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан
жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам
өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан
іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге
асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның,
Аристотельдің және олардың ізбасарларының
ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер
жүйесін түсіндіру еді. Қазақстанда Ислам
философиясының қалыптасуы мен дамуына
түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет
Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етті.
Ислам философиясының айрықша “мәртебесі”
мен дүниетанымының ерекшелігін айқындаған
филос. және қоғамдық ойдың дамуына Иасауидің
қосқан үлесі сопылық – исламдық Алла
тұжырымдамасын қазақ халқының дәстүрлі
дүниетанымына енгізу болып табылады.
Исламның дүниетанымдық, әсіресе, имандылық
пен адамгершілік аясындағы сипаттары
қазақ ойшылдарының филос. ізденістерінен
де көрініс тапты. Мысалы, Абай философиясының
дүниетанымдық мәселелерін Ислам философиясы.
арқылы қарастыруға болады. Абайдың “Отыз сегізінші қара сөзінде”
Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы
принципін сатылап көрсететін оның діни-филос.
тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абай тұжырымдамас
- дүниедегі нәрсенің себепті негіздері – танымның өлшеусіздігінде, Жаратушының құдіреттілігі мен шеберлігінде;
- жан мәңгі және бастапқы кезден-ақ өмір сүреді және айналымның әрбір кезекті процесінде ол жаңа сапалы биіктікке көтеріледі;
- жанның ажырамас қасиеті – ар-ождан. Осының бәрін жинақтағанда, бұл үш ережені қадағалау – адамның жоғары дәрежеге көтерілуінің шынайы ақиқат жолы
Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.
Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.
Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль-Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль-Киндиге қарама-қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.
Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті.
Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980-1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Бухарада, Иранда өмір сүрген. «Білім кітабы» («Даниш намаз»), «Емдеу кітабы», «Медицина каноны» және т.б. еңбектердің авторы. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тура, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, Еуропа елдеріне таратуда игі ықпал жасайды. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады. Аристотельдің логикасын, физикасын және метафизикасын жетілдірді. Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты. Әл-Фараби мен Ибн Синаның перипатетизмінен қатарласа суфизм ілімі де көрініс тапты. Суфизм – (араб. суф-жүн, суфи-жүннен тоқылған шекпен) – Исламда 8-9 ғ.ғ. пайда болған және Араб халифаты елдерінде кең таралған діни-мистикалық ілім. Ертеректегі Суфизмге жекелеген материалистік элементтері бар пантеизм тән болды. Құдайдың хақтығына шек келтірмей, ал айналадағы заттар мен құбылыстар оның эманациясы дей отырып, Суфизмнің ізбасарлары өмірдің ең жоғарғы мақсаты адам жанының Құдаймен бірігуі деп жариялап, жер бетіндегінің бәрімен (пендешіліктен) қол үзуді талап етті. «Құдаймен бірігу», Суфизм ілімі бойынша, діндарлардың өзін-өзі ерекше шабыттану жағдайына жеткізген кезінде ғана іске асады. Суфизмнің көрнекті өкілдері Әл-Ғазали (1059-1111), Суфи Алаяр (1720 жылдарда өмір сүрді), Ахмет Яссауи.
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
Ахмед Яссауи (шамамен 1093-1166-67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.
Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан–ұпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұятап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзентерінің бірі Әбу-Насыр Әл-Фараби.
Әбу-Насыр Әл-Фараби – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша “Муаллими ас-сани”) атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиеті, ақын.
Әл-Фараби Отырарда туды, осында “кірін жуып, кіндігін кесті”. Қаратаудың тасына секірді, Сырдың суын ішті, Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.
Осы еңбегімізде біз сіздерді Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми қызметі, оқыған жазған ғылыми еңбектерімен және орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлерімен таныстырмақшымыз. Енді сөзімізді Әл-Фарабидің өмірбаянынан бастасақ жөн болады. Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. (Оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған). Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен қыпшақ, қаңылы, қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы – егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол атау бойынша, ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен.
Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оны әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан, туған жері Фараб (Отырар), осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараб, яғни Фарабтан шыққан Әбу-Насыр атанған. Кейбір көптеген еңбектерде оны “Тархани” деп те атайды. Осы күнге дейін бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол түста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы –қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарды қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдад, Қарасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында, ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Әл-Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайтқан. Ол бұрынырақ өз отаны – Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша «екінші тәлім» (Ат-тавлім ас-сани) атты еңбек жазған, «Екінші ұстаз» осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылға желтоқсан айының аяғы немесе 950 жылғы қаңтардың басы). Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халликанның айтуынша Данискінің «Биб ас-сағир» (Кіші дарбиза) зиратына қойылған көрінеді.
Ғұлама-ғалым ретінде Әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білім, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал Совет ғылымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі ақ Әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.
Әрине Әбу-Насыр әл–Фараби
ең алдымен кезінде «Шығыстың
Аристотелі» атанған есімі
Фарабидің “Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, “Риторика”, “Категориялар”, “Метафизика”, “Герменевтика”, бірінші және екінші “Аналитика”) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель талаптты да, жан-жақты білім иесі, данышпан адам.
Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары т.б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат деп біледі.
Әл-Фараби өзінің “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы” атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы “қала” деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы менсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моралдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді.
Сонымен Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден – бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Үлкен ғұлама, ойшыл ретінде қайырымды мемлекет барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал, енді Фараби ұлы гуманит феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқын қорғауға әрекет жасады.
Фараби Аристотель еңбектерін барлық қорынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ғылымының салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оқу және оқыту ретін белгіледі. Әр қайсысының пәнін анықтап, мазмұнын ажыратып беруге тырысты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізілді, математикада үлкен жаңалықтар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология тәріздес жаратылыстану ғылымының маңызды салалары бойынша еңбектер жазды, ертедегі дүние оқымыстыларының пікірлеріндегі озық және тозық қағидаларды талдады.
Фарабитану. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгінгі мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байланыстары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі – Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу насыр Әл – Фараби (870-950) болды. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келді. Олардың ішінде араб-парсы тілдерінде жазған Ибн әл-Надим (995ж), әл-Байхаки (1169), Ибн әл-Кифти (1248), Хаджи Халифа (1657), латын тілінде жазған Венике (1484ж), Камерариус (1638), Француз тілінде жазған Генрих Зутер (1902), ағылшын тілінде жазған Георг Сартон (1927), түрік тілінде жазған А. Сайылы мен Һ.Үлкен (1950), орыс тілінде жазған С.Н. Григорин (1958), өзбек тілінде жазған М. Хайруллаев (1963)1 т.б. бар. Фарабитану ғылымына қазақ ғылымдары да көп көңіл бөліп, көптеген зерттеу мақалалар, кітаптар жазып шығарды. Фараби жайында қазақ тілінде басылып шыққан кітап, мақалалардың қысқаша тізімін атап өткеніміз. Ш. Есенов “Қазақстан ғылымы және ғалымдары” Алматы 1969; Ә.Х. Марғұлан ҮІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті. Қазақ ССР тарихы, 1-том, Алматы 1957; А. Машанов Әл-Фарабидің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактаты”. “Білім және еңбек” №1, 1962.
Фараби мұраларын зерттеуде тек қана Шығыс, Орыс ғалымдары ғана емес, Батыс ғалымдары да зерттеп, еңбектерін жариялауда. Бұл тұрғыда Америкалық ғалым Николас Решердікі айтуға тұрарлық еңбек. Николос Решер – АҚШ-тың Питсбург университетінің профессоры. Ол Фараби және оның шәкіртерінің ғылыми мұраларын көп зерттеген ғалым. Николас Рештер ұзақ ізденудің нәтижесінде 1962 жылы ағылшын тілінде “Фарабидің аннотацияланған библиографиясы” деп аталатын, Фарабиді зерттеушілер үшін құнды еңбегін жариялады. Мұнда 1000 жыл бойында Фараби жөнінде кім не жазды, Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды, оның мұрасының аса құнды екенін дәлелдейді. Ғылыми мұрасын зерттеуді алғаш қолға алған совет ғалымдарының бірі академик В.В. Бортольд болды. Қазақстанда әл-Фарабидің еңбектерін зерттеу ісі негізінен 1966 жылдардан кең өріс алды деуге болады. 1985-1995 жылдары ұлы ғалымның философия, тарих, әдебиет, тіл білімі, жаратылыстану ғылымдары саласындағы еңбектері орыс, қазақ, өзбек, т.б. тілдерге көптеп аударыла бастады. Әл-Фарабидің сан салалы ғылыми-шығармашылығын жан-жақты зерттеп, оны ғылыми баспалар арқылы жариялау ісіне Н. Машанов, А. Қасымжанов, А. Көбесов сияқты қазақ ғылымдары да көп үлес қосты.
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден бар. Мұндай әрекеттер бір жағынан, ғылымдағы бар жоқты айқын сезіп, оны кемелдендіруге, дамытып, толықтыруға итермелесе, екінші жағынан, ғылымның өзін түсінуді, түсіндіруді, пайдалануды жеңілдетіп отырған, міне осылай білімдердің белгілі бір жүйемен баяндалған жиынтығы- энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған. Мұның ертеректегі мысалы ретінде Аристотельдің осы саладағы еңбектерін атауға болады. Орта ғасырлар заманында да әр түрлі үлгіде жазылған көптен энциклопедиялар дүниеге келген.
Ұлы данышпан бабамыз әл-Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі “Ғылымдар энциклопедиясы” деп аталатын трактатын жазған. Фарабидің бұл еңбегінің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Бүл трактат “Ғылымдар классификациясы”, т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мәлім болып, одан көп ғұламалар мәлім алды.
Европа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фарабидің “Энциклопедиясы” сонау ХІІ ғасырдың өзінде-ақ арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, испан, түрік және басқа тілдерге аударылып, ғылыми қауынға кеңінен мәлім болды.
Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли ибн Сина (980-1037) және басқалар Фарабидің “Энциклопедиясының” тікелей әсерімен өздерінің атышулы энциклопедиялық еңбектерін жазған.
Жоспар:
- Араб философиясы
- Шығыс ғылымы және мәдениеті
- Шығыс – араб өкілдері
- Әл Фараби
Пайдаланған әдебиет:
- Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М.Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Jump up↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Қазақ энциклопедиясы VII-том;
АҚ «Астана Медицина университеті»
Кафедра ______________________________
СӨЖ
Орта ғасырдағы Шығыс - Арабтың философиясы
Орындаған: Дюсенбина Д.М
ТОП : ЖМ
Астана 2013ж

- Араб халифаты дипломатиясы
- Араб халифаты және Исламның таралуы
- Араб халифатының дипломатиясы
- Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы
- Арабы
- Арабы и Арабский халифат в раннем средневековье
- Аравия в раннее Средневековье. Внутренняя ситуация
- Арабский Халифат: государство и право
- Арабский этикет
- Арабский язык. Культура
- Арабское завоевание Пиренейского полуострова
- Арабско – исламская культура
- Арабське мовознавство
- Арабський халіфат